Проектілік әдістің түрлері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Тарау. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
1.1. Оқытудың жалпы дидактикалық әдістері 5
1.2. Проектілік әдістің түрлері. 9
1.3. Проектілік әдіске қойылатын талаптар. 16
1.4. Информатиканы оқыту процесінде қолдануға арналған проектілер 18

2 Тарау Информатика сабағында компьютерлік графиканы қолдану әдістері
2.1. Құжаттарда қолданылатын қарапайым графикалық редакторлар 21
2.1.1. WORD графикалық редактордың қоланылуы. Компьютерлік 21
графикалар
2.1.2. Excel-дің графикалық мүмкіндігі 28
2.1.3. Paint графикалық редактордың мүмкіндігі 33
2.2. Кәсіптік графикалық редакторларды информатика сабағында қолдану
әдістері
2.2.1. Corel DRAW векторлық графиканың мүмкіндіктері 40
2.2.2. Adobe Photoshop графикалық редакторын қолдану 50
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
1.
2.
3.
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66

КІРІСПЕ
Білім беруді жетілдірудің ең негізгі бағыттарының бірі- оқыту үрдісін жан-
жақты және жүйелі түрде компьютерлендіру.
Бұл білім беруді ізгілендіру, қазіргі оқу орындарындағы білім берудің
мақсаттылық бағдарларының өзгеруін, мұның ішінде басты орынға оқушылардың
шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше оқуға деген ынтасын қалыптастыру
мақсаттарын қояды. Оқыту үрдісінің нәтижелі болуы, оны объективті бақылап,
тиімді басқарусыз мүмкін болмайтынын күнделікті іс-тәжірибе көрсетіп отыр.
Өйткені объективті бақылаусыз, оқу бағдарламасынан ауытқуды, шәкірттер
біліміндегі ақ таңдақтар дәл уақытында анықтап, жөнге салу мүмкін емес.
Жоспарланған нәтижеге жету үшін, тиімді басқарудың маңызды роль атқаратынын
педагогика ғылымдары тарихынан белгілі.
Қазіргі заман талабы-білім беру жүйесін ақпараттандыру болып табылады.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық процесті технологияландыру
мәселесі маңызды болып саналады. Компьютерді оқыту жүйесіне енгізуде
оқылатын теориялық материалдардың қандай да бір бөлігін машиналық
бағдарламаға ауыстыру мүмкіндігі пайда болды.
Компьютермен жұмыс жасау мына бағыттардан тұрады:
1. Компьютерлік оқу бағдарламаларын игеру;
1. Бақылау жұмыстарын орындау;
1. Компьютерде өздігінен жұмыс жасауға бейімдеу.
Мектептегі информатика курсының оқытылу сипаты репродуктивті, яғни
оқушыларға дайын білім беріледі. Ал, ол оқушылардың логикалық ойлау
қабілетін дамытуды қамтамасыз етпейді. Қазіргі уақыт талаптарының бірі –
пәнді оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін барынша ашып,
қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын дамытатын
әдістерді пайдалану. Бұл жағдайда Проектілік әдіс үлкен мүмкіндіктер
ашады.
Проектілік әдіс жаңа әдіс емес. Ол шетел және отандық педагогикада 20-
30-жылдарда қолданылған болатын. Бірақ кең қолданыс таппады. Ал, қазірігі
уақытта компьютерлік телекоммуникациялардың дамуына байланысты, ол өзіне
қайта назар аудартты.
Проектілік әдіс педагогикада жүйелі пәндік оқытудың орнына емес, білім
беру жүйесінің компоненті ретінде қолданылып отыр.
Проектілік әдіс оқыту процесіндегі оқушылардың белсеңділігіне
негізделген. Ол оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше білім алуға
итермелейді.
Осы проектілік әдістің мәнін ашу, оның типтерін анықтау, информатиканы
оқытуда қолдану әдістемесін зерттеу дипломдық жұмысымның негізгі мәселесі
болып табылады. Жұмысты орындау барысында проектілер әдісі дегеніміз не,
оның қысқаша даму тарихы, типологиясы және информатика пәнінде қолдану
мүмкіндіктері, т.с.с. зерттеулер жүргізілді.
Геометриялық фигураны векторлық әдіспен кодтау кезінде ондағы суреттер
компьютер жадында математикалық формула түрінде сақталады. Шеңбер салған
уақытта бағдарлама оның радиусын, центріның координаттарын, сызықтың түсі
мен қалыңдығын сандық коэффициенттер түрінде сақтайды. Математикалық
формулалардың көмегімен көптеген фигураларды бейнелеуге болады. Векторлың
суреттің параметрлерін масштабтау коэффициентіне көбейту арқылы қарапайым
математикалық операциялар көмегімен алынған суретті масштабтауға болады.
Осының нәтижесінде сурет сапасы өзгермейді. Расторлық суреттерде объект
пиксельдерге бөлінеді, ол пиксельдердің әр-қайсысының өзінің түсі болады.
Ал компьютер расторлық суреттерді өңдеуі үшін ол пиксельдер сан түрінде
беріледі, яғни кодталған болып табылады. Бағдарлама сол пиксельдердің реті
мен түстерінің номерін біле отырып, кез келген расторлық суретті тани
алады. Расторлық кескіндер фотосуреттерде кеңінен қолданылады. Интернет
компьютер желісінде көптеген суреттер расторлық кескін арқылы бейнеленеді.
Векторлық жөне расторлық графиканы оқып меңгеру үшін Corel Graphics
графикалық дестесі (пакеті) қолданылады.
Дипломдық жоба кіріспеден және 3 тараудан тұрады. 1 тарау оқу
үрдісіндегі жаңа ақпараттық технология туралы мағлұмат, оның ішінде
проектілік әдіс қарастырылған. 2-ші тарауда Word, Exsel және Paint
графикалық редакторлары, 3-ші тарауда Corel Draw векторлық графикалық
редакторы туралы және PHOTOSHOP туралы мағлұмат берілген. Ал қосымшада
графиктер мен ашық сабақ келтірілген.

І Тарау ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

1. Оқытудың жалпы дидактикалық әдістері

Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру, білімді ақпараттандыру
деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға кеңінен еніп кетті. Қоғамды
индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған
сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді
ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына
ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында
көзқарасын қалыптастыра отырып, оны ізгілікті адамгершілікке даярлау.
Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін мектептегі
информатика курсынан басталады. Информатика және есептегіш техника
негіздері жалпы білім беретін мектептерге 1985-86 жылдардан бастап
міндетті пән ретінде енгізілген болатын. Алғашында ол тек компьютерлік
сауаттылықты қалыптастыру үшін ғана оқытылса, кейін оның мазмұны өзгерді.
Қазіргі кезде ол қоғамға лайық жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту үшін
қажетті негізгі пәндердің бірі болып есептеледі. Бұл пәннің мектептерге
енгізілуіне байланысты педагогика ғылымның жаңа саласы пайда болды, оның
зерттеу объектісі – информатиканы оқыту әдістемесі. Ол мектептегі
информатика курсының жалпы ғылыми оқу - әдістемелік, дидактикалық,
ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселерін жан–жақты
қарастыратын курс болып табылады.
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму
үстінде, оның көптеген мәселері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі жоғары. Информатикадан
білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы ақыл – ойын дамытуға, олардың
ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Информатика өз алдына жеке пән болғандықтан оның оқыту мақсаты, мазмұны,
әдіс – тәсілдері болады.
Мектеп алдына негізіннен үш мақсат қойылады: білім беру, тәрбиелік,
практикалық.
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға
информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальді білім беру,
оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдарды меңгеруге
қажетті дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Практикалық мақсаты – оқушыларды қызметке, еңбекке, басқа пәндерді
оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және ақпараттық қоғамда өмір
сүруге дайындауға бағытталған. Ал, тәрбиелік мақсаты – оқушыны азаматтыққа
және жоғары саналылыққа баулу.
Информатика және есептегіш техника курсының мазмұны қазіргі заман
ғылымының үш іргелі ұғымына негізделеді: информация, алгоритм, ЭЕМ.
Оқушылардың меңгеруіне міндетті болатын теориялық дайындықтың көлемі осы
ұғымдар жүйесі арқылы анықталады. Информатиканы оқыту әдістеріне келетін
болсақ, оның өзіндік оқыту әдістері жоқ, ол жалпы педагогикалық әдістердің
барлығын пайдаланады.
Оқыту әдісі дегеніміз – оқушының білімді, іскерлікті, дағдыны
меңгеруіне, дамуы мен тәрбиесіне бағытталған мұғалім мен оқушының біріккен
әрекетін айқындайтын тәсіл.
Дидактикада оқушының іс - әрекеті, мұғалімнің іс - әрекеті және
олардың бірлескен іс - әрекеті деп бөледі. Мысалы, оқушыларға арналған
инструкцияны жасау – мұғалімнің іс - әрекеті; инструкциямен ЭЕМ-дегі
программамен жұмыс істеу – оқушының іс - әрекеті; ЭЕМ-де орындалған оқушы
жұмысының нәтижесін қорғау – олардың бірлескен әрекеті.
Оқыту әдістері нақты: ынталандыру мен оқу себепкерлігін айқындау, іс
- әрекетін ұйымдастыру мен жүзеге асыру, бақылау мен өзін - өзі бақылау
тәсілдерінен тұрады. Әдістер белгілі бір оқу құралдарын пайдалануды талап
етеді, әрі оқу процесінің барлық компоненттерімен: мақсаты, міндеті,
түрлері, ұйымдастыру формасы, құралдарымен бірлікте, байланыста
қарастырылады.
Әдістерді басты – басты белгілеріне сүйеніп топтастыруға болады.
Топтастыру негізіне сай әдістердің бірнеше классификациясы бар.
Б. Всесвятский тұжырымдамасында әдістердің екі тобы:
- дайын білімдер беру әдістері;
- ізденіс әдістері ажыратылады.
К.П.Ягодский педагогикалық қызметіне, оқудағы ізденімпаздық
қатынастың артуына сәйкес төрт негізгі әдісті атайды:
- догмалық;
- иллюстративтік;
- эврикалық;
- зерттеушілік.
Е.И. Перовский және Е.Я.Голант білімді хабарлау көзіне қарай
топтастырады:
- сөз жүзіндегі;
- көрнекілік;
- іс – тәжірибелік.
Енді информатиканы оқытуға қатысты маңызды деп есептелетін нақты
әдістерді қарастырайық.
Алдымен білім алу көзіне байланысты әдістерге тоқталып өтелік.
Сөз жүзіндегі әдістерге әңгімелеу, дәріс, оқулықпен жұмыс жатады.
Классикалық педагогика өз уақытында сөзбен білім берудің жеткіліксіз екенін
мойындаған болатын. Сондай – ақ, Я.Коменский ақпаратты кітаптан, дәрістен
алудың жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы
ақпарат алудың маңызды екенін атап көрсеткен.
Іс – тәжірибелік әдістерге жаттығу, жазба жұмыстары, сызба, график
тұрғызу жұмыстары жатады. Қарастырылып отырған жағдайда практика оқушының
іс - әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен
салыстырылады. Информатика білімнің үш түрлі көзін үйлесімді түрде
біріктіреді: сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқаларды оқып,
мұғалімнің іс-әрекеті мен ЭЕМ-ң жұмысын бақылай отырып, оқушылар
компьютермен практикалық іс-әрекетті орындай бастайды. Мұнда әдістер бірін-
бірі толықтырады. Оқыту әдістерін оқушылардың ойлау әрекеті қызметінің
тәсілдері бойынша да топтастыруға болады. Олар түсіндірмелі–иллюстративтік,
репродуктивтік, проблемалық баяндау, ізденіс–эвристикалық, зерттеушілік.
Түсіндірмелі – иллюстративтік әдісте мұғалім материалды хабарлау
түрінде баяндап, кестелер мен суреттерді салып көрсетеді, есептерді
шығарудың үлгісі мен жолын көрсетеді. Ал, оқушы тыңдап, түсініп, еске
сақтап, жазып алады, бақылайды, қорытынды шығарады.
Репродуктивтік әдісте мұғалім баяндаған хабарламаны оқушы қайда
жаңғыртады, сурет, тапсырманы орындайды. Ал, оқытушы тыңдайды, нақтылайды,
түзетулер енгізеді.
Проблемалық баяндау әдісінде мұғалім проблема құрайды, ғылымда бұрын
орын алған болжамдарды ұсынады, жалпылап қорытынды жасауға жетелейді. Ал,
оқушы проблеманы қабылдап түсінеді, оны шешеді, дәлелдемелердің
сенімділігін бақылап, қорытынды жасайды.
Ізденіс-эвристикалық әдісте оқытушы күрделі тапсырмалар
құрастырады, ізденіс барысын жоспарлайды, проблеманы ұсақ проблемаларға
бөледі. Оқушы тапсырманы түсініп, зерттеу жоспарын құрады,белгілі білім,
іскерлік, дағдыны жаңа жағдайға қолдануға ұмтылады.
Зерттеушілік әдісте оқытушы оқушылар алдына өз беттерінше
зерттеуге арналған мәселе проблема қояды, ізденіс, зерттеу жолын бақылайды,
бағыт-бағдар береді, жұмыс нәтижесін тексереді. Оқушы тапсырмамен танысып,
бар білімі мен дағдысын өзектендіреді, болжамдар ұсынып, зерттеу жоспарын
құрады, болжамдардың ақиқаттылығын тексереді, қорытынды шығарып, зерттеу
нәтижелері бойынша есеп береді.
Осындай ізденіс, зерттеуді оқу процесінде пайдалану оқушыларды
болашақ өмірге даярлау үшін, білімдерін бекіту үшін тиімді екенін практика
көрсетіп отыр. Жоғарыда аталған әдістермен қатар сирек болса да,
пайдаланылып жүрген әдістердің бірі проектілік әдіс болып табылады. Ол
оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасайтын және қазіргі қоғамның
талабын қанғаттандыратын әдіс. Енді сол әдіске толығырақ тоқталып өтелік.

1.2. Проектілік әдіс түрлері.
Қоғамды ақпараттандыруға байланысты ашық қоғамда өмір сүре алатын,
қоршаған дүние және оның ақпараттық бірлігі туралы хабары бар балаларды
оқыту және тәрбиелеу қажеттілігі туындап отыр. Мұндай оқыту мен тәрбиелеу
тек нақты дүниеде нақты қызмет ету процесінің барысында мүмкін болады.
Экономика мен қоғамдағы өзгерістер мектептердегі педагогикалық
құралдарды қайта қарауға итермелеп отыр. Ендігі кезекте өз бетінше ойлай
білетін, білім ала алатын, құрамы жағынан әр түрлі топтарда қызмет жасай
білетін жеке тұлғаны тәрбиелеуге көңіл бөлінуде.
Бұрыннан қолданылып келген дәстүрлі оқыту әдістері онша тиімді емес
екенін практика көрсетіп отыр. Қазіргі уақыттың талабы пәнді оқытуда
оқушылардың өз бетінше жаңа білім алу іскерлігін қалыптастыратын әдістерді
пайдалану болып табылады. Бұл жағдайда проектілік әдіс үлкен мүмкіндіктер
ашады.
Проектілік әдіс дегеніміз не? Ол не мағына береді? Алдымен осы сөзге
анықтама беріп көрелік.
Проект сөзін латын тілінен тура мағынады аударғанда алға
ұмтылу дегенді білдіреді. Ал, түсіндірме сөздіктерде оған жоспар, ой
деген анықтама беріледі.
Сонымен, проект – бұл белгілі бір нәтиже алуға бағытталған, өзінің
жалпы мақсаты, тәсілдері бар оқушылардың ортақ оқу – танымдық, шығармашылық
әрекеті.

Сонымен, проект – бұл белгілі бір нәтиже алуға бағытталған, өзінің
жалпы мақсаты, тәсілдері бар оқушылардың ортақ оқу – танымдық, шығармашылық
әрекеті.
Ал, проектілік әдіс дегеніміз – бұл бірте-бірте қиындай түсетін
практикалық тапсырмалар – проектілерді жоспарлау және орындау прпоцесінде
оқушылардың білім алу жүйесі.
Бұл әдіс, әлі де толық зерттелмеген. Ол оқытудағы авторитарлықтан
арылуға мүмкіндік береді. Осы әдістің көмегімен оқушылар тек білім алып
қоймай, осы білімдерді өз бетінше алуға, оларды практикалық есептерді
шешуде пайдалануға үйренеді. Сонымен қатар, ол коммуникативтік дағды мен
іскерліктердің қалыптасуына жағдай жасайды.
Әсіресе, қазіргі уақытта адамның дамуы үшін қажетті ақпаратты
жинау іскерлігін қалыптастыру, болжамдар ұсыну, қорытынды жасай білу,
информациямен жұмыс жасау үшін ақпараттық технологияларды қолдана білу
маңызды мәселе болып отыр. Проектілік әдіс осындай іскерлікті проектпен
жұмыс жасау барысында қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Проектілік әдістің шығу тарихы. Проектілік әдіс әлем
педагогикасында жаңа әдістердің бірі болып саналмайды. Ол XX ғасырдың
басында АҚШ-та қалыптасқан. Оны сонымен қатар проблемалық әдіс деп атап,
американ педагогы Дж. Дьюи мен оның шәкірті В.Х. Килпатриктің философия мен
білім берудегі гуманистік бағыт идеяларымен байланыстырады. Дж. Дьюи
оқытуды оқушылардың белгілі бір білімге деген қызығушылығын ескеріп, оның
мақсатты бағытталған әрекеттерінің белсенділігі негізінде жүргізуді ұсынды.
Бұл жерде оқушыларға алып жатқан білімдері өмірде қажет болатындығын
көрсету өте маңызды. Ол үшін нақты өмірден алынған, балаға таныс және алған
білімдерін қолдана алатын проблема таңдалуы тиіс.
Оқытушы тек ақпарат көздерін көрсетіп, немесе оқушылардың ойын
қажетті салаға бағыттап отыруы мүмкін. Бірақ нәтижесінде оқушылар өз
бетінше және біріге отырып, әр түрлі облыстардан алған білімдерін қолдану
арқылы проблеманы шешіп, нақты бір нәтиже алулары керек.
Бірте-бірте проектілік әдістің идеясы өзгерістерге ұшырады. Еркін
тәрбиелеу идеясынан туындағанымен, қазіргі кезде ол білім беру жүйесінің
шоғырландырылған компонентіне айналып отыр. Оның жалпы мәні – бұрынғысынша
- оқушылардың қызығушылығын белгілі бір проблемаларды шешуге бағыттау.
Проектілік әдіс орыс педагогтарының назарын ХХ ғасырдың басында
аудартты. Проектілік оқыту идеялары россияда американ педагогтарының
идеяларымен қатар қалыптасты.
1905 жылы С.Т.Шацкийдің жетекшілігімен проектілік әдісті практикада
белсенді қолдануға тырысқан кішігірім ғалымдар тобы ұйымдастырылды.
Кейін кеңес үкіметі кезінде бұл идеялар мектептерге ене бастады,
бірақ олардың жеткілікті түрде ойластырылмауынан БКПб Ок-нің 1931 жылғы
шешімімен айыпталып, қолданылуына тыйым салынды. Осы уақытқа шейін оны
қайта жандандыруға талпыныс жасалған жоқ. Ал, шетел мектептерінде ол
белсенді түрде дамыды. АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Германия, Израйль және
т.б. елдерде Дж. Дьюи идеялары мен проектілік әдіс оқушылардың бірігіп
әрекет етуі арқылы нақты бір проблемаларды шешу үшін қолданылып келді. Мен
алып жатқан білімімнің барлығы маған не үшін қажет және оны қайда қолдана
алатынымды білемін - міне, қазіргі кездегі проектілік әдістің тезисі
осындай.
Енді, тағы да бір маңызды сұрақ – проектілер типологиясына
тоқталайық.
Алдымен типологиялық белгілерін анықтап алайық:
1. Проектте қолданылатын әдіс немесе әрекет түрі: зерттеушілік,
шығармашылық, рольді – ойындық, информациялық, практико – бағытталған;
2. Пәндік – мазмұндық облысы: монопроект (бір білім облысында) және
пәнаралық проект;
3. Проект бағытының сипаты: ашық және жасырын;
4. Контактілер (әрекет ету) сипаты (бір мектеп, бір класс, қала, аудан,
бір ел, әр түрлі елдер оқушыларының арасында): ішкі немесе аймақтық
және халықаралық;
5. Проектке қатысушылар саны бойынша ( жеке тұлғалық, жұптық, топтық);
6. Проект ұзақтығы бойынша (қысқа мерзімді, оратша ұзақтықты немесе ұзақ
мерзімді).
Осы белгілердің біріншісін ескере отырып келесідей проект типтерін
атауға болады: зерттеушілік, шығармашылық, рольді – ойындық, ақпараттық,
практико – бағытталған. Осылардың әрқайсысына тоқталып өтелік.
Зерттеушілік проектілер. Бұндай проекттер барлық қатысушылар үшін
проект құрылымы дұрыс ойластырылған, мақсаты белгіленген, зерттеу пәнінің
мәні ашылған, ақпарат пен әдістер көздері, нәтижелері белгіленген болуды
талап етеді. Олар шағын зерттеу логикасына толығымен тәуелді және ғылыми
зерттеу жұмысына жақын немесе онымен сәйкес келетін құрылымға ие (зерттеу
үшін алынған тақырып маңыздылығын дәлелдеу; зерттеу проблемасын, оның пәні
мен объектісін анықтау; зерттеу есептерін белгілеу; зерттеу әдістері мен
ақпарат көздерін анықтау; белгіленген проблема шешімінің болжамдарын ұсыну;
алынған нәтижелерді талдау; оларды безендіру; зерттеу процесінің әрі қарай
дамуы үшін маңызды жаңа проблемаларды белгілеу). Айтылғандардың барлығы
оқытудың нақты сатысындағы оқушылар біліміне сай келеді.
Шығармашылық проектілер нәтижелердің сәйкес безендірілуін
білдіреді. Олардың оқушылар әрекетінің детальді құрылған құрылымы жоқ. Ол
тек алдын ала белгіленіп, әрі қарай оқушылардың қызығушылығына байланысты
дамытылады. Белгілі бір жағдайда жоспарланған нәтижелер мен оларды бейнелеу
формасы (ортақ газета, альманах шығару, баяндама жасау т.б.) туралы келісіп
алу керек. Бұл қандай да бір шығарманың, фильмнің, өмірлік жағдайдың
мазмұнына байланысты проблема болуы мүмкін. Бұл фантастика да болуы мүмкін.
Проект нәтижесін безендіру бейнефильм сценариі, мейрам пшығарма
жоспары, газет, альбом, альманах дизайны сияқты айқын түрде ойластырылған
құрылымды талап етеді.
Рольді – ойындық проектілер. Бұндай проекттерде де проект
құрылымы белгіленіп, соңына дейін ашық қалады. Проектке қатысушылар проект
мазмұны жәнге сипатымен, шешілетін проблема ерекшелігімен айқындалған
белгілі бір рольдерді ойнайды.олар әдебиет кейіпкері немесе ойдан
шығарылған, әлеуметтік қатынастарды бейнелейтін кейіпкерлер болуы мүмкін.
Мұндағы шығармашылық дәрежесі өте жоғары, бірақ негізгі әрекет түрі рольді
ойындық болып табылады.
Ақпараттық проектілер типі басында қандай да бір құбылыс, объект
туралы ақпарат жинауға, қатысушыларды осы ақпаратпен таныстыруға, оған
анализ жасап, фактілерді жалпылауға бағытталады. Мұндай проектілер,
зерттеушілік проектілер сияқты, құрылымы жақсы ойластырылған болуы керек,
және де сол проектпен жұмыс жасау барысында жүйелі түрде өзгерту мүмкіндігі
қарастырылуы талап етіледі. Осындай проектілердің құрылымы келесідей түрде
белгіленуі мүмкін: проект мақсаты ақпараттық ізденушулік пәні, ақпарат
көздері (ЖАК құралдары, мәліметтер қоры, соның ішінде электрондық; интервью
т.с.с.); ақпаратты өңдеу тәсілдері (анализ, жалпылау, белгілі бір
фактілермен сәйкестендіру, аргументтелген қорытындылар жасау); ақпараттық
ізденушілік нәтижесі (статья, аннотация, мәнжазба, баяндама, бейнефильм
және т.с.с.); презентация (публикация, соның ішінде интернет жүйесінде де,
талқылау және т.с.с.).
Бұл проект басынан бастап проектке қатысушылардың анық белгіленген
әрекеті нәтижесімен ерекшеленеді. Бұнда проектке қатысушылардың көз
қарастары есепке алынады (экология, биология, география, тарих бойынша
алынған зерттеу нәтижелері негізінде құрылған құжат; жұмыс жасау
программасы; табиғат пен қоғамда айқындалған сәйкестенбеушіліктерді жоюға
бағытталған ұсыныстар; заң проектісі; анықтамалық материал; сөздік; үй,
пәтер немесе оқыту кабинетінің дизайны т.б.).
Мұндай проект жақсы ойластырылған құрылымды, проектке қатысушылардың
әрқайсысының функцияларын анықтайтын әрекеттер сценариін талап етеді. Бұнда
сатылы талқылау жоспарында координациялық жұмысты практикаға енгізу
мүмкіндіктерін қарастыруға көңіл бөлу керек.
Проектілер пәндік – мазмұндық облысының белгісі бойынша монопроект
және пәнаралық проект болып бөлінеді.
Монопроекттер бір оқыту пәнінің аумағында жүргізіледі. Және де
программаның қиын тараулары мен тақырыптары таңдалады. Бірақ, монопроектпен
жұмыс жасау барысында белгілі бір проблеманы шешу үшін оқытудың басқа да
білім облысынан алынған білімдер пайдаланылады. Осындай проектілер, сонымен
қатар проект мақсаты мен есебінің құрылымын жасауды ғана емес, оқушылардың
меңгеруге тиіс білімдері мен іскерліктерін жоспарлауды талап етеді. Топ
бойынша әрбір сабақтың жұмыс логикасы, проектке қатысушылар таңдайтын
презентация формасы алатын ала жоспарланады. Бұл проекттер сабақтан тыс
уақытта жеке немесе топтық проектілер түрінде жиі өз жалғасын табады.
Пәнаралық проектілер сабақтан тыс уақытта орындалады. Бұл екі – үш
пәнді қамтитын, көлемді, ұзақ мерзімді, жалпы мектептік қиын прблемаларды
шешуді жоспарлайтын проект болуы мүмкін. Мұндай проектілер мамандар жағынан
кәсіптік бағдарлануын, бірнеше топтың ұйымдасқан жұмысын талап етеді.
Проектке қатысушылар саны бойынша келесідей проект түрлерін атауға
болады: жеке тұлғалық (әр түрлі мектептерде, аудандарда, түрлі елдердегі
екі адам арасында) , жұптық (қатысушылар жұбы арасында) және топтық (топтар
арасында).
Топтық проектті қолданғанда әдістемелік көзқарас тұрғысынан осы топ
қатысушыларының әрекетін дұрыс ұйымдастыру қажет. Педагог –
координаторлардың ролі өседі.
Проектті жүргізу мерзімі бойынша проектілер қысқа мерзімді (шағын
проблеманы шешу үшін), орташа ұзақтықты (1- 2 ай) және ұзақ мерзімді (бір
жылға дейін) болып бөлінеді.
Қысқа мерзімді проектілер жеке пән сабақтарынан, кейде басқа да
оқу пәндерінен алынған білімді пайдалану арқылы жүргізіледі. Орташа
ұзақтықты және ұзақ мерзімді проекттер қарапайым немесе
телекоммуникациялық, ішкі және халықаралық, бір маңызды проблеманы немесе
өзара байланысты бірнеше проблемаларды қамтиды. Бұндай проекттер негізінен
сабақтан тыс уақытта қолданылады.
Координациялық (бағытталу) сипаты жағынан проектілер ашық, айқын
координациялы және жасырын координациялы (бұл негізінен телекоммуникациялық
проектілерге қатысты) болуы мүмкін.
Ашық немесе айқын координациялы проектілерде проект координаторы
бағыттаушысы проектке қатысушылардың жұмысын бағыттаушы, қажет болған
жағдайда проект сатыларын құрушы, ұйымдастырушы ретінде қатысады (мысалы,
егер қандай да бір мекемен кездесу, анкета жүргізу мамандардан интервью алу
керек болған жағдайда)
Жасырын координациялы проектілерде координатор проекттің тең құқылы
қатысушысы ретінде әрекет етеді. Бұл проектке мысал ретінде Ұлыбританияда
жүргізілген телекоммуникациялық проектілерді алуға болады. Онда бір балалар
жазушысы өз әріптестерін дұрыс және әдеби тілде ойларын жеткізе білуге
үйретуге бағытталған проектке қатысты. Ол проектте жасырын координатор
ролін атқарды. Осындай проектілердің тағы бір жасырын координаторы ролін
атқарған экономикалық проектке қатысып, топқа ең тиімді сауда келісімдерін
жасауды үйретуге ұмтылған британ бизнесмені болып табылады. Ол проектке
қатысушыларға досы ретінде кеңес беріп, іс - әрекеттерін бағыттап отырды.
Ал, телекоммуникациялық проекттермен кейінірек танысамыз.
Контактілер сипатына қарай проекттер ішкі немесе аймақтық және
халықаралық болуы мүмкін.
Ішкі немесе аймақтық проектілер бір мектеп ішінде, бір пән
сабағында, пәндер арасында немесе мектептер арасында, аудан ішіндегі
класстар, бір ел ішінде ұйымдастырылатын проекттер. (Бұл тек телекоммуника-
циялық проекттерге қатысты).
Халықаралық проектілер. Проектке қатысушылар әр түрлі елдерден
болады. Бұл проекттер өте қызық, олардың жүзеге асырылуы үшін ақпараттық
технология құралдары қажет.
Телекоммуникациялық проектілер. Телекоммуникациялар –
электрондық әдістермен қашықтықта ақпарат алмасу. Компьютерлік
телекоммуникациялар – жер шарының кез келген нүктесінен басқа бір
нүктесіндегі компьютермен ақпарат алмасу. Компьютерлік коммуникациялар
әлемнің әр түрлі елдерінің адамдары арасында бір-бірімен қарым-қатынас
жасауға мүмкіндік береді. 80–жылдары телекоммуникациялар ыңғайлы және
оперативті байланыс түрі ретінде қолданылды, өйткені бүкіл жүйелік жұмыс
хат алмасумен шектелді, қазіргі уақытта интернет глобальді ақпараттық
жүйесі on-line режимінде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Оқытушы телекоммуникациялық проект дегеніміз – бұл компьютерлік
телекоммуникация негізінде ұйымдастырылған жалпы мақсатқа ие – жалпы
нәтижеге жетуге бағытталған қандай да бір проблеманы зерттеу,
тындаушылардың шығармашылық және ойын қызметі. Телекоммуникациялық
проекттің ерекшелігі өз мәні бойынша пәнаралығында кез келген проекттегі
проблеманың шешілуі жүйелі білімді талап етеді. Бірақ телекоммуникациялық
проектте одан да тереңірек жүйелі білім қажет. Бұл проекттің тақырыптық
мазмұны проектті орындауда компьютерлік телекоммуникацияларды қолдануды
қажет ететіндей таңдалуы тиіс.
Телекоммуникациялардың көмегімен проектті тиімді орындау үшін
мыналарды ескеру қажет:
- нақты тенденцияны анықтау немесе шешім қабылдау және тб. үшін әр
түрлі аймақтарда орын алған құбылыстар, фактілер, жағдайларды
зерттеп, салыстырмалы түрде оқыту көзделеді;
- кез келген жағдай үшін тиімді шешімді анықтау үшін бір проблеманы,
бір есепті шешудің бір немесе әр түрлі тәсілдерін қолданудың
тиімділігн салыстырмалы түрде зерттеу;
- қандай да бір тақырыпты бірігіп құру ұсынылады (журнал, газет, кітап
шығару, халық мерекелерін, спорттық шаралар ұйымдастыру);
- ортақ қызық ойындар, жарыстар өткізу.
Телекоммуникациялық проекттерді пайдаланған кезде оқытушыдан мыналар
талап етіледі:
- қызық және практикалық мәні бар проект тақырыптарын таңдап алу
іскерлігі;
- зерттеушілік, ізденушілік әдістерді меңгеруі, оқушылардың
зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру іскерлігі;
- оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін оқу жұмысын әр түрлі өз
бетінше қызмет түрлеріне бағытта білу;
- аудиторияға өз көзқарасын міндеттемей, пікірталас ұйымдастыру мен
жүргізу іскерлігі;
- компьютерлік саймандарды (гипертекст редакторы, сканер, принтер)
меңгеру;
- таңдалған проект проблемасын шешу үшін әр түрлі аймақтардан
білімдерді жүйелей білу іскерлігі.
Ал, оқушылардан өз кезегінде мыналар талап етіледі:
- негізгі зерттеу әдістерін білу және меңгеруі(мәлімет көздерін іздеу,
жинау және өңдеу, алынған нәтижелерді ғылыми тілде түсіндіру,
болжамдар ұсыну);
- қолданушы деңгейінде компьютерді меңгеру;
- жарнама қағидаларын меңгеру.
Жоғарыда айтылғандардан ортақ проектке қатысушыларға қойылатын
талаптар туындайды. Олар мыналар:
- барлық тапсырманы келісілген мерзімде орындау;
- жұмыста өзара көмек көрсету;
- жұмысты орындаудағы ұқыптылық;
- өз ойын білдіруде толық еркінділік.

1.3. Проектілік әдіске қойылатын талаптар.
Проекттің сыртқы пәндік мазмұны және тақырыбы әр түрлі. Олардың
ортақ қасиеті болашақ маманның білім мәдениетіне қосатыны болып табылады.
Осы негізгі талаптарды қарастырайық.
Проект тақырыбындағы негізгісі – оның шындығы, яғни тақырыбының оның
мазмұнына сәйкестігі. Жеке дидактикалық конструкцияларды айқындай отырып
оқыту проектілерінің абстрактылы объектілерін де қолдануға болады. Кейбір
жағдайларда онсыз болмайды. Бірақ, өмірден тыс алынған проектілерден аулақ
болу керек. Бұл, әсіресе, дипломдық проектілеу жағдайында мүмкін емес.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеретін оптималды қиыншылық
деңгейі сақталуы тиіс.
Оқу проектісі оқытылатын материалға қатысты комплексті болуы керек:
- курстық проектілеу жағдайында – барлық курс мазмұнына қатысты;
- дипломдық проектілер үшін – барлық оқытылатын пәндерге қатысты,
әрине, бірінші арнайы және политехникалық пәндерге қатысты.
Қолданылуына қойылатын талаптар төмендегідей:
1. Шешуі үшін жүйеленген білім, зерттеушілік ізденісті талап ететін,
шығармашылық түрдегі мәнді есеп немесе проблеманың болуы (мысалы,
әлемнің әр түрлі аймақтарындағы демографиялық проблеманы зерттеу, бір
прблема бойынша репортаждар сериясын құру; демографиялық құлдыраудың
білім беру жүйесінің дамуына әсер ету прблемасы т.б.).
2. Күтілетін нәтижелердің практикалық, теориялық мәнділігі (мысалы,
нақты бір аймақтың ресурстары, оған әсер ететін факторлар туралы
баяндама, газета т.б.).
3. Оқушылардың өз бетінше (жеке, жұптық, топтық) жұмысы.
4. Проекттің мазмұндық бөлігін (әрбір сатыдағы нәтижелерді көрсете
отырып) құру.
5. Белгілі бір әрекеттер тізбегінен тұратын зерттеу әдістерін
пайдалану:
- проблеманы және одан туындайтын зерттеу есептерін анықтау (зерттеу
барысында дөңгелек стол әдісін пайдалану);
- оларды шешу болжамдарын ұсыну;
- зерттеу әдістерін талқылау (статистикалық әдістер, тәжірибелік
әдістер, бақылау т.б.);
- түпкі нәтижені безендіру тәсілдерін талқылау (презентациялар,
шығармашылық есеп беру т.б.);
- алынған мәліметтерді жинау, жүйелеу және талдау;
- қорытынды жасау, нәтижелерді безендіру және олардың презентациясы;
- зерттеудің жаңа проблемаларын ұсыну.
Бұдан мыналар анықталады:
1. Талқыланып жатқан тақырып бойынша бір немесе бірнеше проблеманы
анықтауға мүмкіндік беретін жағдайды ұсыну.
2. Қойылған прблеманы шешудің болжамдарын ұсыну, олардың әрқайсысын
талқылау және негіздеу.
3. Шағын топтарда қабылданған болжамдарды тексеру әдістерін, мүмкін
болатын ақпарат көздерін талқылау.
4. Топтарда болжамды дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын фактілерді,
аргументтерді іздеу жұмысын жүргізу.
5. Әрбір топтың өз проектілерін қорғауы.
6. Жаңа проблемаларды айқындау.

1.4 Информатиканы оқыту процесінде қолдануға арналған проектілер
Информатика пәнінде проектілік әдіс алдында айтылған барлық тәрбиелік
және дидактикалық мүмкіндіктерді қолдануға жағдай жасайды, бірақ оның
өзінің қолдану ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол проблемалық оқыту, яғни
танымды тереңдететін әдіс ретінде бейнеленеді, екіншіден өз бетінше ойлау
мен әрекет етуге үйрететін әдіс, ал үшіншіден, топта әрекет етуге үйрететін
әдіс болып табылады.
Проектілік әдіс белсенді оқыту әдістеріне жатады. Проектпен жұмыс жасау
процесінде оқушы мен оқытушы тең дәрежеде қарым – қатынас жасайды.
Проектілік әдістегі мақсат – оқушы үшін қызық нәтиже алу. Ал, бұл өте
күшті мотив болып табылады. Бұл жағдайда оқушы үшін баға маңызды фактор
емес болып қалады. Оқушы проект нәтижесін алуға тырысады. Практикалық
сабақтар қызық, мақсатты бағытталған жұмысқа айналады. Программалық
құралдарды меңгеру мағыналылыққа ие болады, оқушылардың жұмысы саналы
танымдық сипатқа ие болады.
Сонымен қатар, информатика пәніндегі проектілік әдіс топтық оқытуды
ұйымдастыру әдісі болады. Оқушылардың ақылдасып, бірігіп жұмыс жасауы
барысында жеке тұлғаның әлеуметтік қасиеттері қалыптасады.
Оқыту проектілерін информатика пәнінде пайдалану әдістемесі оқу –
тәрбиелік оқыту мақсаттарына тәуелді. Проектілік әдісті бір тақырыпты
немесе үлкен тарауды оқыту үшін пайдалануға болады. Бұл екі жағдайда
проектілік әдісті сабақта да, сабақтан тыс та қолдангуға болады.
Сабақтан тыс уақытта оқушылар проектпен өз бетінше де, мұғаліммен
бірге де жұмыс жасай алады. Ал, сабақта класты бірнеше топқа бөліп, топтық
проектілер пайдаланған ыңғайлы.
Оқыту проектісін құру барысында оқушылардың білім деңгейін,
оқушылардың проектке деген көзқарасын ескеру қажет. Проектпен жұмыс жасау
үшін оқушыларда проект құрылған тақырыптан жеткілікті білім қоры мен
іскерлігі болуы керек. Оқушылар проектті жүзеге асыру жолдарын елестете
алуы тиіс.
Таңдалған проекттің оқу процесіндегі ролін дұрыс анықтау мұғалімнің
жұмысы.
Проектті орындау этаптары:
1. Проектті таңдау - ең маңызды нәрсе. Одан проект мақсаты, проект
тапсырмасының қойылымы анықталады.
2. Жұмысты жоспарлау. Бұл этапта оқушыларды топтарға бөлу, топ мүшелері
арасында есептерді бөлу жүзеге асырылады. Проекттің нәтижесін алуға
бағытталған әрекеттер айқындалады.
3. Қойылымдық бөлігі - проектті орындаудың қадамдары анықталады.
4. Проектілік қадам. Бұнда қойылған есеппен жұмыс жасалады. Оқытушы
оқушылардың жұмысын бағыттап отырады.
5. Қорытынды этапта оқушылардың бірлескен жұмысының қорытындылары
жасалады, жасалған жұмысқа баға қойылады.
Жоғарыда аталған шарттар мен талаптарды ескере отырып
информатика сабағын тиімді ұйымдастыру мақсатында төмендегідей проектілер
ұсынылады:
Демонстрациялық проектілер - Сағат, Светофор, Айналу
денелері, Кроссворд, Фраза, Караоке, Жаранама, Ауа райы,
Музыкалық үзіліс.
Үйретуші проектілер - Рим цифрлары, Жазба кітапшасы, Тест,
Магиялық квадрат, Көбейту кестесі, Европа елдері.
Ойын пректілер - Тир, Саңырауқұлақшы, Санды тап.
Бұл проектілерді орындау көп уақытты қажет етеді. Ал, сабақ уақыты
шектеулі болғандықтан, оларды мектептердегі мамандыққа баулу курсындағы
Компьютерлік графика тақырыптық блогын оқытуға қолданған ыңғайлы.
Ал, сабақ барысында Microsoft Office пакетінің Microsoft Word және
PowerPoint қолданбалы программаларын оқытуға арналған және көп уақытты
талап етпейтін Кроссворд, Фраза, Караоке, Жаранама, Ауа райы,
Музыкалық үзіліс - демонстарциялық проектілерін қолдануға болады.
Енді осы аталған проектілерге толығырақ тоқталып өтелік.
Демонстрациялық проектілер нәтижесінде қандай да бір
демонстрациялаушы программа алуға бағытталған проектілер. Олар көп жағдайда
оқушылардың фантазиясына байланысты құрылады. Проектпен жұмыс жасау
барысында кесінді, төртбұрыш, шеңбер салу және оларды бояу функцияларын
білу керек. Балаларды қызығу үшін оларды CorelTRACE 11 программасында
мультфильм жасауға баулу керек.
Сағат. Проекттің мақсаты графиктік мүмкіндіктерін бекіту. Бұл
проект жеке тұлғалық болып табылады. Оны орындау нәтижесінде кез келген
сағат суреті салынуы мүмкін, өйткені оқушылардың сағат туралы түсінігі әр
түрлі.
Тапсырмасы: минимум төртбұрыш, ішіне шеңбер, 12-ге көрсетіп тұрған
сағат тілін салу. 3,6,9 және 12 цифрлары цифербалттың сәйкес жерлеріне
графиктік режимнің текстік терезесіның көмегімен салынуы тиіс.
Әрі қарай проект оқушының мүмкіндіктеріне қарай қиындатылуы мүмкін.
Яғни оған әр түрлі түстерді қосуға, екі сағат тілінің дизайынын
ұйымдастыруға болады.
Светофор проектісі де Сағат проектісіне ұқсас. Бірақ бұнда сағат
тілінің координаттарын есептейтін математикалық формуланың қажеті жоқ, және
проектті орындауға да көп уақыт кетпейді. Оны оқушылар жеке-жеке орындауы
мүмкін.
Тапсырмасы: экранда төртбұрыш, оның ішіне үш бірдей шеңбер салып,
оларды сәйкесінше қызыл, сары, жасыл түске бояйтын программа құру. Әрбір
светофор түсінің жанып - өшуі сәйкес тұр , күт, жүр жазулардың
шығуымен жүзеге асырылуы тиіс.
Айналу денелері проектісі біршама қиындау. Мұнда тек графиктік
мүмкіндіктерді ғана емес, функция тақырыбын білу керек. Бұл проектті
оқушылар үш-үштен бірігіп орындауы мүмкін.
Тапсырмасы: цилиндр, конус және шар фигураларының суретін салып,
көлемін есептейтін функциялар құру. Қолданушының енгізген фигура атына
байланысты сәйкес шақырылуы тиіс.

ІІ тарау ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ

2.1. Құжатта қолданылатын қарапайым графикалық редакторлар

2.1.1. WORD графикалық редактордың қолданылуы

Word графикалық редакторында графиктерді оналастыру үшін сырттан
алынған графикті мәтін элементі ретінде орналастырады, яғни оны басқа
шамадағы мәтіндік символ ретінде қарастырады. График бастапқы даярланған
кездегі мөлшерімен мәтінге кірістіріледі. Егер график мөлшері мәтін
жолағының мөлшерінен асып кетсе, онда кескін сол мәтін жолағына сай
масштабталады. Графикті кірістіру кезінде кескіндерді орналастыру үшін
мәтін жолдары автоматты түрде ығыстырылады. Қүрамында график бар мәтінді
жаңа жолға қосу кезінде сурет мәтінмен бірге төмен-жоғары және оңға-солға
орын ауыстыратын болады.
Графиктік элементті ерекшелеу үшін, оның кез келген нүктесінде тышқанды
шертсе жеткілікті, сонда график шекаралары бойымен кішкене квадраттар пайда
болады. Мәтін ішіндегі ерекшеленген графикке басқа элементтер сияқты түрлі-
түрлі өндеу істерін жүргізуге болады.
Графикті мәтін жолдарына ыңғайлы түрде орналастыру үшін, оны кадр ішіне
ауыстыру керек. Ол үшін алдымен графикті ерекшелейміз де Кірістіру=Кадр
(Вставка=Кадр) командасын орындаймыз. Нәтижесінде ішінде ерекшеленген
графигі бар кадр даярланады. Егер кадрда тек сурет қана болса, онда кадр
мөлшері сол сурет мөлшерімен анықталады: сурет масштабын өзгерту арқылы
кадр мөлшерін өзгерте аламыз. Кадрды ыңғайлы орналастыра отырып суретті
мәтін бетінің кез келген жеріне жайғастыруға болады. Алдын ала анықталған
келісім бойынша мәтін ішінде графиктің алғашқы көшірмесі түрады. Жұмыс
істеу процесінде алғашқы файл өзгергенмен, мәтін ішіне орналастырылған
кескін өзгеріссіз сақталады.
Құжатта орналастырылған графикті жаңарту мүмкіндігіне қол жеткізу үшін
кескінді мәтінге ендіру кезінде Байланыстар (Связи) опциясын тағайындау
қажет. Өкінішке орай, құжатқа бұрын орналастырылған суреттер үшін "бастапқы
файл -сурет" байланысын тағайындау қарастырылмаған.
Графикті түпнұсқасына байланысты жаңартып отыру үшін, алдымен оны
ерекшелеп, сосын Түзету=Байланыстар (Правка=Связи) командасын орындау
керек. Сол кезде пайда болатын терезеде түпнұсқамен байланысты анықтайтын
жол ерекшеленеді. Осы сәтте Қазір жаңарту (Обновить сейчас) командасын
орындау арқылы байланыс орнатылады. Осы терезеде бір суретті басқа суретпен
ауыстыруға болады, ол үшін алғашқы нұсқаны өзгерту операциясын орындау
қажет, сонда мәтінде бұрынғының орнына жаңа сурет қойылатын болады.
Әдетте баспаға шығару алдында құжаттың өзгерістері мен байланыстарын
автоматты түрде жаңарту ісі баспа опцияларында тағайындалады. Сондықтан
мәтін принтерге басылған сайын график те жаңарып отырады.
Кейде мәтін ішіне сурет көшірмесін орналастырмаса да болады (тек сыртқы
нұсқамен байланыс орнатылады), осының есебінен мәтіндік файлдың мөлшерін
кішірейтуге болады, бірақ бұл режим мәтінді оқу кезінде суретті сырттан
енгізу қажеттілігіне байланысты қарап шығу жылдамдығын өте баяулатып
жібереді. Сондай-ақ мәтіндер арасында мәлімет алмасу барысында сурет
түпнұсқасы файльш да мәтінмен бірге жеткізу керектігі жайлы ойланған жөн.
Графиктік элементтерді редактордың өз мүмкіндіктерімен де дайындауга
болады. Word -та сызықтарды, тұйық аймақтарды (толтырылған немесе іші бос),
ішіне мәтін орналасқан төртбұрыштарды (рамка) т. б. салуға болады (кейінгі
сабақтарда толық қарастырылған).
Word-та графикалық редактордың аспаптары келесідей:
Сызық — Word графикалық редакторының ең қарапайым геометриялық элементі
сызық. Сызу үшін экранның төменгі жағындағы Сурет салу аспаптар
тақтасындағы түзу сызық кескіні түрған батырманы шерту жеткілікті.
Дөңгелектер мен эллипстерді де осы аспаптар тақтасының көмегімен
даярлауға болады. Ол үшін эллипс бейнесі тұрған батырманы шертіп, сосын
курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы
күйде ұстап тұрып, эллипсті қажетті мөлшерге дейін үлкейту керек. Осы
әрекетті орындау кезінде эллипс центрі де ауысып отырады, оны бір нүктеге
орнықтыру үшін Ctrl пернесін басып ұстап тұрса болғаны. Шеңбер суретін салу
үшін, сурет салу барысыңца Shift пернесін жібермей ұстап тұру керек, оның
да центрін ауыстырмау үшін Ctrl және Shift пернелерінің екеуін де жібермей
ұстап тұруға болады.
Тіктөртбұрышты тұрғызу үшін алдымен оның бейнесі тұрған батырманы шертіп,
содан кейін курсорды тіктөртбұрыш төбелерінің біріне сәйкес келетін нүктеге
апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жібермей ұстап тұрып
тіктөртбұрышты толық етіп салу керек. Ctrl пернесін басып тұрып
тіктөртбұрыштың центрін белгілі бір орынға бекітуге болады. Ал квадрат
суретін салу үшін, оны салу барысында Shift пернесін басулы күйде ұстап
түру қажет. Алдыңғы жолдардағыдай Ctrl және Shift пернелерін де бірдей
пайдалануға болады.

Доға. Бұл батырманың көмегімен шеңберлер мен эллипстер доғаларының
суретін саламыз. Сурет салу барысында Shif пернесін жібермей ұстап тұрсақ,
45°-ті шеңбер секторын тұрғызуға болады.

Word- та геометриялық элементтің орнын ауыстыру үшін, алдымен оны
ерекшелеп, содан кейін оны тышқанмен іліп алып, керекті орынға ауыстыру
керек. Бірден бірнеше элементтерді де бірден ауыстыруға болады. Ол үшін
олардың бәрін де ерекшелеп, содан кейін біреуін тышқанмен ұстап тұрып орнын
ауыстыру керек, сонда онымен бірге қалғандары да орын ауыстырады. Сондай-ақ
бірнеше элементгің орнын ауыстыру үшін, олардың барлығын бір ірі топқа
біріктіру тәсілінде пайдалануға болады.

Егер де геометриялық элементгерді тік (вертикаль) немесе көлденең
(горизонталь) бағытта жылжытқыңыз келсе, онда оларды орын ауыстыру
барысыңда Shif пернесін жібермей ұстап тұру керек.
Геометриялық элементтерді масштабтау үшін, сегіз тіктөртбұрышы бар жақтау
қолданылады. Ол қажетті элементті немесе элементтер тобын таңдап алғанда
пайда болады. Бұл тіктөртбұрыштарды тышқанмен жылжыту арқылы кескіннің
масштабын үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.
Егер масштабтау кезінде Shif пернесін басып ұстап тұрсақ, өзгертулер
пропорционалды түрде екі бағытта (тік жөне көлденең) жүргізіледі. Бұл
мүмкіндік квадраттар мен шеңберлер масштабын өзгертуде олардың
пропорцияларын сақтап қалу үшін, яғни өзгерткеннен кейін шеңбер — шеңбер
болып, квадрат — квадрат болып қалуы үшін пайдаланамыз.

Егер де масштабтау кезінде Ctrl пернесін басып, оны жібермей ұстайтын
болсақ, масштабтау процесі геометриялық элементгің центріне байланысты
жүргізіледі.

Геометриялық элементтердің көшірмесін алу және жою үшін, мәтін
фрагменттерінің көшірмесін алуға және оларды жоюға арналған Түзету (Правка
— Еdit) менюі командаларын пайдалануға болады. Элементтер тобын алдын ала
ерекшеленген жөн.

Егер графиктік элементтер бір-бірін жауып тұратын болса (19.5-сурет), қай
элементгің алдыңғы шепке, ал қайсысының артқы шепке орналасу керектігін
анықтап көрсету мүмкіндігі бар. Бұл үшін қажетті элементті ерекшелеп,
Жоғарыға орналастыру (Поместитъ наверх) немесе Кейін орналастыру (Поместить
назад) батырмасын басу керек.

Графикалық форматтардың әр түрлі графикалық объектілерді Word ортасындағы
мәтінге кірістіру оның құрамындағы сыртқы форматты түрлендіре алатын
программалар арқылы немесе графикалық сүзгілер көмегімен орындалады.
Алдын ала орнатылған ішкі графикалық сүзгілер биттік карталар
форматындағы файлдарды (заты .ВМР болатын) немесе векторлық графика
форматындағы файлдарды (заты .WMF болатын) оқи алады. Ал басқа форматтағы
файлдар сырткы сүзгілер программалар көмегімен түрлендіріледі.
Жоғарыда аталған екі ішкі формат — графикалық информацияны файлда
сақтаудың әртүрлі принциптеріне негізделген. Енді сол ерекшелікгерді
толығырак, қарастырып көрелік.

Графикалық редактордың түрлері: растрлық және векторлық. Растрлық (немесе
биттік) графика файлдары бейненің әрбір нүктесін белгілі бір жиынның
қатарласа орналасқан тізбегі ретінде қарайды. Әр нүкте өзінің түсі туралы
информациямен жабдықталған. Раіnt программасы — осы биттік графика
бейнелерін өндеуге арналған Windows ортасынын қарапайым қалыптағы (типтегі)
программасы. Міне осындай .ВМР формаcындағы файлдармен бірге биттік графика
тобына жататын .РСХ немесе .ТІҒҒ форматындағы файлдар да болады, Осы биттік
графика тобына жататын файлдардың негізгі кемшілігіне, сурет масштабын
өзгерту барысында, олардың сапасының күрт төмендеуі жатады.

Растрлық графикада бейне көптеген нүктелердің жиынтығы түрінде
көрсетілетіндіктен, мысалы, салынған шеңбер суретін біртұтас объект ретінде
өңдей алмайсыз. Мұндайда бейне құрамындағы көрсетілген жеке нүктелерді өз
алдына бөлек өңдеп алу керек болады. Ал мұндай жұмыстың адамды барынша
жалықтыратын іс болып табылатыны түсінікті шыгар.

Векторлық графикада суреттің әрбір жеке элементі вектор түрінде немесе
параметрлер массиві түрінде, дәлірек айтсақ, осы фигура жайлы информация —
оның мөлшері, центрінін координаталары және түсі туралы информацияны
қүрайтын карапайым геометриялық фигуралардың (сызықтар, тіктөртбұрыштар,
дөңгелектер және т.с.с.) математикалық сипаттамасы түрінде жазылады және
сақталады. Мысалға, деңгелекті сақтау үшін оның центр координаталары (х=10,
у=5), радиусы (34), түсі (көк) туралы информация керек. Сондықтан бейне
масштабының өзгеруі (өсуі немесе кемуі) оның саласына әсерін тигізбейді.
.WМҒ форматы — бұл күрделі векторлық графика форматы, сондықтан ол Word-та
оның қүрамында бірге орнатылган графикалық сүзгі арқылы іске асырылады.
Кез келген графиктік редакторда сурет салып, оны . WМҒ форматында сақтай
алсақ, онда масштабты өзгерту барысында ешбір сапасын төмендетпей оны Word
-та пайдалана алуға болады.
Мәтінге сыртқы ортадан ендірілген объект оны өңдеуге қажетті барлық
мәліметтерді бойында сақтайды. Мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПРОЕКТІЛІК ӘДІСТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
Шет тілі және оны оқытудың әдістері
Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі
Әуежай ғимараттарын салудағы геодезиялық жұмыстар
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Оқушыларды еңбекке баулу арқылы технология сабағында оқушыға ұлттық киімде ою-өрнектердің орналасу тәсілдерін үйрету жолдары
Негізгі құралдардың есебі жайлы
Құжаттардағы ғылыми анықтамалық аппараттардың құрамы мен талаптары
Визуалды бағдарламалау ортасының электронды оқулық бағдарламасын құру технологиясы
Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
Пәндер