Информатика бағдарлы курсында компьютерлік графика курсын оқыту бағдарламасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Жалпы бөлім
1. 1. Бағдарлы оқыту тәжірибелеріне талдау . . . 6
1. 2. Мектептегі тереңдетіп оқытумен бағдарлы оқытудың ерекшелігі . . . 8
1. 3. Оқу жоспарының вариативті бөлігінде оқытылатын информатикалық
курстар . . . … . . . 10
2. Арнайы бөлім
2. 1. Информатиканың бағдарлы курсында компьютерлік графика курсын оқыту бағдарламасы . . . 12
2. 2. Компьютерлік графиканы (Аdobe Рhotoshop программасын) оқытуға
арналған лабораториялық жұмыстар . . .
2. 2. 1. Лабораториялық жұмыс №1 . . .
2. 2. 2. Лабораториялық жұмыс №2 . . . , 2. 2. 3. Лабораториялық жұмыс №3 . . . 2. 2. 4. Лабораториялық жұмыс №4 . . .
2. 2. 5. Лабораториялық жұмыс №5 . . .
2. 2. 6. Лабораториялық жұмыс №6 . . . 2. 2. 7. Лабораториялық жұмыс №7 . . .
3. Жобаны жүзеге асыру
3. 1 Пайдаланушыға арналған инструкция . . . 51
3. 2 Бағдарламма листинг . . . 51
3. 3 Бағдарлама мысалы . . .
4. Экономикалық бөлім
5. Еңбек қорғау
5. 1 Еңбек шарттары . . . 64
5. 2 Жұмыс орындарындагы микроклиматтың оптимальдi жэне шектi көрсеткiштерi . . . 65
5. 3 Есептеуiш техниканың қауiпсiздiк ережелерi . . . 66
5. 4 Электр тогымен зақымданган жагдайда алгашкы дәрiгерлiк
көмек көрсету . . . 67
5. 5 Жұмыс орнында шудiң шектi деңгейi . . . 68
5. 6 Өрт қауiпсiздiгi . . . 68
5. 7 Ақпараттық қызмет кәсmорындарындагы өрт қауiпсiздiгi . . . 69
Қорытынды . . . 70
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 71
Мұғалiм оқушыларды адамгершiлiкке, iзгiлiктiлiк қасиетке және компьютерлiк техникаға ұқыпты қарауға тәрбиелей отырып, ақпараттық қоғам идеяларын насихаттайды. Ал информатиканы мамандыққа баулу курсы бағытында оқытудың оқу бағдарламаларының мазмұнында ақпараттық заңдылықтардың маңызы ашып көрсетiлген мәлiметтер ене бермейдi.
Ақпараттық бiлiм мен тәрбие және оқушылардың кәсіби дайындықтарының арасында сәйкессiздiк бар.
Бiздiң пайымдауымызша, ақпараттық бiлiм беру төмендегiдей бiлiктiлiктерге сүйенедi: ақпараттық ұғымдар мен пайымдауларға сүйене алу; тұжырым жасай алу, дәлелдi пiкiр айта бiлу, мәлiмдей бiлу, ақпараттық категориялар мен көрсеткiштердi пайдалана бiлу; сондай-ақ оқуда және өз қызметтерiне компьютерлiк техниканы еркiн пайдалана бiлуге үйрету; ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн игеру; өзiндiк оқу мен өзiндiк iс-әрекеттiң қалыптасуына әсерiн бағалай бiлу; практикалық iс-әрекеттерге байланысты түрлi мәселелердi шешудiң тиiмдi тәсiлдерiн таба бiлу.
Сонымен бiрге, орта мектептің 10-11 сыныптарынан бастап орта және бастауыш кәсіптік білім беру мекемелерін бітіргенге дейiн әрбiр оқушының психологиялық және физиологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып, ақпараттық бiлiм, бiлiк және бiлiктiлiк дағдыларын меңгерудегi белсендiлiктерiн арттыру жұмыстарын жүргiзген орынды.
Ақпараттық бiлiмдi қалыптастыру төмендегi мәселелерге: тәрбиенiң мақсатына, болашақтағы және ақпараттық қоғамның саясаты мен мiндеттерiне; оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру жүйесiне; мектептiң, орта және бастауыш кәсіптік білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасына; оқушылардың жас ерекшелiктерiне; оқушылардың кәсіби деңгейін анықтай білу қабiлеттерiне; педагогтардың информатикадан бiлiм деңгейлерiне және шеберлiктерiне, тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелдi.
Аталған тәуелдiлiктердi ескере отырып, оқушыларды қазіргі мамандықтың түрлеріне дайындау барысында бiлiм мазмұнын талдап, беру бүгiнгi күннiң көкейкестi мәселелерiнiң бiрiне айналып отыр.
Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық түрін ақпараттандыру - бүгінгі күннің негізгі талабына айналып отыр. Ал бұл талапты қанағаттандыру үшін мамандарды осы бағытта дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан аталған қажеттілікті шешу барысында ақпараттық қоғамға қандай мамандар қажет екеніне талдау жасап, қажетті мамандарды дайындаудың тұжырымдамасын, стандартын, оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік кешендері мен қолданбалы программалық құралдарды жасақтау қажет.
Информатиканы кәсіптік бағдарлы курс бойынша оқыту қажеттілігімен, оның мазмұнының анықталмағандығы арасында қарама-қайшылық пайда болады. Бұдан, өнер бағытындағы 10-11 сыныптарда кәсіптік бағдар бойынша оқытылатын информатика курсының мазмұнын анықтау проблемасы пайда болады. Бұл мәселе дипломдық жұмыстың тақырыбын «Информатиканың жалпы курсында компьютерлік графиканы оқыту» деп таңдауымызға себеп болды.
Бұл мәселе бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web-дизайн, жүйелік программалаушы, администратор мамандардың қажеттілігімен және т. б. себептермен түсінідіріледі.
Зерттеудің объектісі: Жалпы білім беретін орта мектептің өнер бағытындағы сыныптарында информатика курсын оқыту процесі.
Зерттеу пәні: Информатиканың бағдарлы курсында компьютерлік графиканы оқытуға әдістемелік нұсқау даярлау.
Зерттеу мақсаты: өнер бағытындағы сынып оқушыларына компьютерлік графиканың теориялық негіздері туралы түсініктерді қалыптастыру; компьютерлік графиканың қазіргі графикалық құралдарының көмегімен графикалық бейнелерді құру, өңдеу әдістері мен құралдарын оқып-үйрету болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
- Жалпы білім беретін орта мектепте бағдарлы оқытуды ұйымдастыру мәселелері туралы әдебиеттерге, оның ішінде компьютерлік графиканы оқытуға арналған оқу әдістемелік материалдарға талдау жасау;
- Информатиканың бағдарлы курсында «Компьютерлік графика» курсын оқыту бағдарламасын жасау;
- «Компьютерлік графика» курсын оқытуды сүйемелдейтін электрондық оқу құралын даярлау.
Информатиканың бағдарлы курсында компьютерлік графиканы оқыту ерекше орын алады. Ұсынылып отырған диплом жұмысында информатиканың бағдарлы курсында компьютерлік графиканы қолданбалы курс ретінде оқыту, сондай-ақ, компьютерлік графика негіздерін Adobe PhotoShop программасының көмегімен меңгертуге арналған әдістемелік жұмыстар даярланды.
1. Жалпы бөлім
1. 1. Бағдарлы оқыту тәжірибелеріне талдау
Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі - өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал жасай алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мұндай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік, жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейдегі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы
Қазақстан Республикасының орта білім беретін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында орта мектептің жоғары буынында бағдарлы білім беруді ұйымдастыру мәселесі аталып көрсетілген.
Жоғарыдағы аталған құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында екі бағдар: жаратылыстану - математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім берілуде. Мектеп оқушыларының қажеттілігі мен ата-аналардың сұранысын ескере отырып, бір немесе екі бағытты бірдей таңдай алады. Оқушылар таңдаған бағыттары бойынша физика-техникалық, экономика-математикалық, химия-биологиялық, география-экологиялық, көркемдік, лингвистикалық, тарихи-құқықтық бағдарлар бойынша білім ала алады.
Қазіргі қоғамдық - сұранымға сай жоғары сыныпта саралап және даралап оқытудың ерекше түрі - бағдарлы оқыту, ол оқушылардың қызығушылығы, бейімділігі мен қабілеті ескеріле отырып, танымдық және кәсіби көзқарастарын дамытуды ұйымдастырудың түрі.
Қазіргі уақытта жаратылыстану-математика бағытында оқытылатын қолданбалы курстардың мазмұнын анықтау өзекті мәселелердің бірі. Жаратылыстану-математика бағыты бойынша қолданбалы курс ретінде Компьютерік графика қолданбалы курсын оқытуды ұсынамыз. Қолданбалы курс 68 сағатқа жоспарланған. Курста компьютерлік графиканың негізгі бағарламасы ретінде Adobe Photoshop программасымен жұмыс істеу қарастырылады.
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік - экономикалық жағдайдың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беру ұйымдарының түлектеріне елеулі жоғары талаптарды жүктейді. Бұл жағдайда жалпы білім беру мақсаты көп міндетті комперенциялармен (құзырлармен), шығармашылық іс - әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі бағытталады.
2006-2007 оқу жылының ерекшелігі 2002 жылғы ҚР орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 10-сыныпта бағдарлы оқытуға көшу болып табылады.
Бағдарлы оқыту - оқытуды даралау мен саралаудың құралы, бiлiм беру процесiнiң құрылымындағы, мазмұнындағы және ұйымдастырылуындағы өзгерiстер есебiнен жоғары сынып оқушыларының жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып табылады. Жоғарғы сыныптардағы бағдарлы саралау осы міндеттерді жүзеге асыруға бейiмдiлiктерi мен қабiлет- тiлiктерiн толығырақ ескеруге, олардың бiлiмдерiн әрі қарай жалғастыруы тұрғысынан олардың кәсiби мүдделерi мен ниеттерiне сәйкес оқуы үшiн жағдайлар туғызуға бағытталған. Бағдарлы оқыту жалпы білім берудің жоғары сатысындағы оқушылардың дара білім алу бағыттарын жүзеге асырудың негізгі тәсілі ретінде қарастырылады. Педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде білім мазмұнын бағдарлы саралаудың мәні « оқушылардың орнықты мүддесі, қабілеттілігі, бейімділігі аясында олардың осы қасиеттерін таңдап алған бағыттарында мүмкіндігінше дамыту мақсатымен мамандыққа бағыттау болып табылады» деп берілген. Бағдарлы оқытудың негізгі психологиялық идеясы тек академиялық жетістікке қана емес, жеке тұлғалық және әлеуметтік даму тұжырымдамасына негізделеді. Бағдарлы оқытудың мақсаты: жалпы білім беру бағдарламасының жеке пәндерін тереңірек зерделеуді қамтамасыз ету; жоғары сынып оқушыларының білім мазмұнын елеулі түрде саралауға жағдайлар туғызу; оқушылардың әр түрлі категориясына олардың қабілеттіліктеріне, дара бейімділіктеріне және қажеттілік-теріне сәйкес білім алуға себептесу, оқушылардың әлеуметтендіруге жағдай туғызу, жалпы және кәсіби білім берудің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлектерін жоғары кәсіби білім беру бағдарламасын тиімдірек игеруге дайындау. Бағдаралды дайындық нәтижесінде оқушы мектептің жоғары сатысында оқу бағдарының бағытын саналы да сенімді түрде таңдау жасай алуы тиіс. 5-10 сыныптарда мектептік білім берудің алдында тұрған міндеттер 2002 жылғы МЖМББС негізінде дайындалған оқу бағдарламалары мен оқу жоспары арқылы жүзеге асырылады:
- жалпы білім беретін оқу орындарының негізгі сатысы бойынша базистік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 24. 09. 02 ж. N693 бұйрығы) ;
- жалпы білім беретін оқу орындарының жоғары сатысы бойынша базистік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 24. 09. 02 ж. N 693 бұйрығы) ;
- 5-7 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11. 03. 2003 ж. N 148 бұйрығы) ;
- 8-9 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12. 05. 2004 ж. N405 бұйрығы) ;
- 10-11 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарына арналған бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 18. 10. 2005 ж. N672 бұйрығы) .
10 сыныптағы оқу процесіне Қазақстан Республикасы тірек мектептерінде сынақтан өткізілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 06. 01. 2006 ж N6, 16. 03. 2006 ж. N129, 25. 04. 2006 ж. N210 бұйрықтарымен пайдалануға рұқсат етілген жаңа буын оқулықтары енгізіледі. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында дайындалған әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
1. Қонақова К. Ө. және т. б. Қазақстан Республикасы мектептерінде бағдарлы оқыту ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. - Алматы, 2006. -32 б.
2. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің базистік оқу жоспары (ҚР білім және ғылым министрлігінің 13. 03. 1996 жылғы №69 бұйрығымен бекітілген) . - Алматы: РИК, 1996.
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелері (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 24 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген) . - Алматы: РОНД, 2003.
10-сыныпта МЖМББС-2002-ні енгізу ҚР БжҒМ-нің вариативтік компонент негізінде валеология, отбасылық өмірдің этикасы мен психологиясы, информатика, экономика, қазақ тілі және т. б. сияқты бірқатар оқу пәндерін міндетті түрде оқып-үйрену жөніндегі бұрынғы бұйрықтарының өз күшін жойғанын білдіреді. Бірақ, егер қажет болған жағдайда мектеп көрсетілген пәндерді бағдардың вариативті бөлігі ретінде оқытуға құқығы бар. Жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбында оқыту Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1994 жылғы 14-сәуірдегі «Жалпы білім беретін оқу орындарының оқу жоспарлары туралы» №156 бұйрығына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары бойынша іске асырылады.
Жас ерекшелігі мен іс - әрекеттік тұрғыдан қарауға сәйкес әрбір жас шамасында адамның дамуына сол жас кезеңіне сәйкес келетін жетекші іс - әрекет тәсілдеріне жұмылдыру елеулі үлес қосады. Сондықтан жалпы білім берудің жоғары сатысында мұндай іс - әрекет тәсілдеріне оқу - кәсіби, яғни болашақ кәсіби мамандығының жетістігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру елеулі мәнге ие болады.
1. 2. Мектептегі тереңдетіп оқытумен бағдарлы оқытудың ерекшелігі
Пәнді тереңдетіп оқытуға арналған арнайы мектептерге қарағанда бағдарлы оқыту барлық оқушылар үшін ұйымдастырылады және олардың мүдделері, бейімділіктері, өмірлік жоспарларына байланысты саралануы және оқу мүмкіндіктері өзін - өзі анықтауы ретінде көрініс табуы тиіс. Сондықтан оқу бағдарламасын құрастыру кезінде тек білім беру стандартына ғана емес, оқушылардың таяу даму аймағына да бағдарлануы қажет. Алайда, мектепте білім мазмұнын бағдарлы саралауды жүзеге асырудың тәжірибесі бұл жұмысты ұйымдастырудағы бірқатар кемшіліктерді айқындайды.
Ең алдымен, мұғалімдердің білім мазмұнын бағдарлы саралауды ұйымдастыру тәсілдері, оның мүмкіндіктері, оның міндеттері туралы түсініктерінің біртұтастық сипаты жоқ.
Кейбір мектептерде бағдарлы саралау қабілеттілік және қабілетсіздік бойынша жүргізіледі, оқушылар тестілеу, қабылдауға арналған бақылау жұмыстары, әңгіме жүргізу негізінде қандай да бір бағдарлы сыныпқа қабылданады. Дегенмен, қабілеттілік немесе оқудағы жетістіктер динамикалық, бірқалыпсыз түрде көрініс табуы мүмкін. Қабілеттіліктің ертерек байқалуы, содан кейін тез - ақ сөнуі немесен керісінше, кейбір оқушылардың есейе келе бұрын байқалмаған алғырлығы пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайда оқушылардың қандай да бір топқа жатуы күмән туғызады. Сонымен қатар оқушыларды бағдарламалық материалды игеруі бойынша « күшті», « орташа», « нашар» оқушы деп бөліп, үлгерімі негізінде бағдарлы сыныптарды ұйымдастыру әр топ үшін оқшауланған біртекті мектеп ортасын құруға әкелуі мүмкін.
Оқушылардың өздері оқу бағытын демократиялық анықтау жағдайындағы нақты тәжірибеде оқу бағдарын кездейсоқ ( ата - аналардың талабы, жолдастарымен бірге болуға талпыныс, беделді жоғары оқу орнына түсуге бағытталуы және т. б. ) таңдап алатын жағдайлар кездеседі.
Оқушылардың оқуға қызығуы орнықты емес. Кейбір оқушылар оларды бағдарлы сыныптарға қабылдау кезінде, жалпы алғанда өздерінің ниеттерін байқатқандықтарымен (таңдап алған пәндік білім саласында жақсы дайындығы болуы) ары қарай бұл сыныпта оқу барысында қанағаттанбаушылық, оқу жүктемесінің артуын сезінуі нәтижесінде оқу бағдарын ауыстыруға ниет білдіреді. Бұл оқушылардың оқу мүдделерінің орнықты еместігін және өзгермелі екендігін көрсетеді, тек уақыт пен педагогикалық жағдайлар ғана олардың орнықтылығын тексеруге мүмкіндік туғызады. Осы тұрғыда білім мазмұнын бағдарлы саралауды ұйымдастырудың неғұрлым оңтайлы жолдары мен түрлерін жүзеге асыру орынды болмақ. Мысалы, негізгі мектептің 7-9 сыныптарында базистік оқу жоспарында көрсетілген вариативті бөлік есебінен таңдау курстарын жүргізу орынды болады. Бағдар алды сатыда бағдар таңдау курстарын ұйымдастыруға ынталандыру мақсатында негізгі мектепті бітіретін оқушы жоғары сатыда бағдарлы деңгейде оқитын пәндері бойынша емтихан тапсыруы тиіс. Бағдар алды сатыдағы бағдар таңдау модульдік курстарының аяқталғандық сипаты болуы және 5-6 пән бойынша ұйымдастырылуы, олардың қысқа мерзімді және алмасып отыратын сипаты болуы мүмкін. Бұл курстар оқушыға таңдап алған бағдардағы сынып жұмысының мазмұны мен түр-пішінімен танысуға мүмкіндік береді және ол өзі үшін осы сыныпта оқу материалын өтудің берілген қарқынында оқи алатынын немесе оқи алмайтынын анықтай алады. Себебі, оқу бағытын кездейсоқ таңдап алған көптеген оқушылардың бұл сыныпта оқуы кезінде оқуға деген ынтасының төмендеуі, білім негізін меңгеруде қиналуы, өзінің танымдық мүмкіндіктеріне сенбеуі мүмкін. Жалпы алғанда бағдарлы сыныптарға қабылдау конкурстық негізде жүргізілуі мүмкін.
Бағдаралды сыныптарда элективті курсты жүргізудің де рөлі зор. Мұндай курстар, мысалы, информатикадан оқушылардың информатикаға қызығуын арттыруға, ары қарай білімін жалғастыруға білімдік база жасауға, оқушыларды іс - әрекеттік біліктіліктерге үйретуге, оқу және пәндік іс - әрекеттің әр түрлі формаларында өзін көрсете білуге мүмкіндік туғызады. Іс - әрекеттік негіз бұл курстардың ерекшелігі болып табылады. Бұл жағдайда оқушылардың бағдарламалық және қосымша білімдерді белсенді, саналы игеруі және қажетті компетенциялармен қалыптасуы жүзеге асады.
Қазіргі кездегі мектеп тәжірибесінде бағдарлы сыныптарда оқытылатын «бағдарлы» және «бағдарлы емес» пәндердің ара қатынасы туралы мәселе жеткілікті дәрежеде негізделмеген. «Бағдарлы» пәндерді тереңдетіп оқытудан « бағдарлы емес » пәндер жеңілдетілген бағдарламалар бойынша оқытылуда (тіпті кейде оқытылмайды да) . Бұл пәндерді оқытудың негізделген әдістемесі жоқ. «Бағдарлы» оқу пәндерін тереңдетіп оқытудан оқушылар « бағдарлы емес » пәндерге тіпті назар да аудармайды. Ал бұл жеке тұлғаның әр түрлі салада өзін көрсете білу мүмкіндігін төмендетуге, оқушы мүддесі аясының тар болуына әкеледі. Көптеген оқушылар өздері қызығатын пәндерге ғана мән беріп, негізгі білім салалары бойынша жүйелі әрі терең білім ала алмайды. Көп ретте оқу жүктемесі мәселесін шешу үшін кіріктірілген пәндер енгізіледі, алайда негізгі білім салалары бойынша біріктірілген курстарды құрудың теориялық негіздері жеткілікті түрде зерделенбеген. Мектеп тәжірибесінде ұсынылатын мұндай курстар, негізінен, әр түрлі пәндер материалдарын эклетикалық қосу арқылы оқытылады.
«Бағдарлы» пәндерді тереңдетіп оқытудан және оқушылардың жүктемесін арттырмау үшін «бағдарлы емес » пәндерді оқуға бөлінген уақыт тіпті азайтылған. Бұл пәндердің мазмұнының көлемін қалай қысқарту туралы айқын бағдар мен түсініктер жоқ.
Бағдарлы пәндерді жүргізетін мұғалімдердің тым артық талаптарынан оқушылар сабақтан бос кездерін осы пәндермен айналысуға арнайды (қосымша тапсырмалар жасау, конкурс, олимпмадаларға және т. б. қатысу), бұл олардың үйлесімді дамуын тежейді.
Бағдарлы саралау оқушылардың өздерінің танымдық қызығуларына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және тәсілдерінің басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым - қатынас стилі өзгереді және т. с. с.
Білім мазмұнын бағдарлы саралаудың негізгі критерийлерінің біріне мектепте білім берудің негізін құрайтын ғылым негіздері зерделенетін пәндерді саралауға пәндік тұрғыдан қарау жатады. Бұл жағдайда оқыту бағдарына қарай нақты оқу пәні түрлі міндеттерді атқара алады. :
- жалпы мәдениеттің негізін қалауы;
- оқушылардың арнайы дайындығындағы негізгі пән бола алуы;
- басқа білім салаларымен қарулану үшін қажетті құрал ретінде көрініс табуы.
1. 3. Оқу жоспарының вариативті бөлігінде оқытылатын информатикалық курстар
Бағдарлы оқыту - оқытуды даралау мен саралаудың құралы, бiлiм беру процесiнiң құрылымындағы, мазмұнындағы және ұйымдастырылуындағы өзгерiстер есебiнен жоғары сынып оқушыларының бейiмдiлiктерi мен қабiлеттiлiктерiн толығырақ ескеруге, олардың бiлiмдерiн әрі қарай жалғастыруы тұрғысынан олардың кәсiби мүдделерi мен ниеттерiне сәйкес оқуы үшiн жағдайлар туғызуға бағытталады.
Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты - өзінің және қоғамның мүддесіне сай өзін-өзі белсенді етуге дайын, үнемі дамып отыратын ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады.
Бағдарлы оқытудың негізгі міндеті - оқушылардың саналы кәсіби таңдау жасауларына ықпал ету. Бағдарлы оқыту оқушылардың дербес білім траекториясын қалыптастыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Қазақстан Республикасының базалық оқу жоспарында 10-11-сыныптарда білім беру процесін ұйымдастырудың төмендегідей нормативтері анықталған:
білім мазмұны: инвариантты (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыты) және вариативті компоненттер құрылымынан тұрады.
Вариативті компонент мектептік және оқушы компонентінен тұрады. Мектептік компонент бойынша: бағдарлы пәндер; қолданбалы курстар; оқушының компоненті бойынша: таңдау курстары оқытылады.
Қолданбалы курстар білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың ұйымдастырылған формасы ретінде қарастырылып, төмендегідей мәселелерді қамтамасыз етеді:
- біріншіден, бағдарлы пәндер бойынша білімін кеңейту;
- екіншіден, бағдарлы пәндер бойынша білімін тереңдету;
- үшіншіден, оқыту бағдарының шеңберінде оқушыларды қолданбалылыққа даярлау.
Типтік оқу жоспарында қолданбалы курстарға 10-11-сыныптар үшін үш сағаттан уақыт бөлінеді. Осыған сәйкес, жұмыс оқу жоспарында бір курстан (аптасына үш сағат) үш курсқа (аптасына бір сағат) дейін көрсетілуі мүмкін. Оқу орнының жұмыс оқу жоспарында көрсетілген қолданбалы курс оқу, әдістемелік және программалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі тиіс.
Қолданбалы курстың оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалау дихтомиялық жүйенің көмегімен жүзеге асырылады: «жетті» - «жеткен жоқ» («меңгерді» - «меңгерген жоқ») .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz