Функционалды киімнің элементтері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті

«Дизайн» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

«КазСПО-N» ЖШС кәсіпорнына «Азияда-2011» ұраны аясында спорт комплекттерінің коллекциясын жобалау

Орындаушы:

5 курс 050421 «Дизайн» мамандығының студенті

Аққасова М. Ж. «» 2010 ж. (қолы)

Жетекші:

аға оқытушы

Свечникова Е. А. «» 2010ж. (қолы)

Қорғауға жіберілді:

«Дизайн» кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. к.

Нәрібаева Э. К. «» 2010 ж.

(қолы)

ЖӨжДФ деканы, т. ғ. д.

Жилисбаева Р. О. «» 2010 ж.

(қолы)

Алматы, 2010

Мазмұны

Кіріспе . . . 1

1 Жобалық композициялық бөлім

  1. Шығармашылық көзді зерттеу . . . 3
  2. Сән бағытын талдау . . . 12
  3. Коллекцияның шығармашылық бейнесін дайындау . . . 15
  4. Компьюторлық графиканы қолданумен модель эскизін дайындау . . . 17
  5. Модельдің техникалық эскизі . . . 18
  6. Модельдің сыртқы көрінісін сипаттау . . . 19
  7. Материалды кнфекционерлеу . . . 19

2 Конструкторлық бөлім

2. 1 Құрастыру тәсілін таңдау және негіздеу . . . 21

2. 2Сыба тұрғызу үшін керекті бастапқы мәліметтерді таңдау және

негіздеу . . . 23

2. 3 Кеңдікке берілген қосымшаларды таңдау және негіздеу . . . 24

2. 4 Бұйым конструкциясының негізгі сызбасын жетілдіру . . . 25

2. 5 Негізгі, астарлық, аралық және көмекші лекал сызбаларын

тұрғызу . . . 263. Технологиялық бөлім

3. 1 Маталар шығынын мөлшерлеу . . . 38

3. 2 Өңдеу әдісін және құрал жабдықтарды таңдау . . . 40 3. 3 Бұйымды өңдеудің технологиялық тізбектілігі . . . 40

5. Экономикалық бөлім . . . 43

5 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережесі . . . 46

Қортынды . . . 48

Колданылған әдебиеттер тізімі . . . 49

Алматы технологиялық университеті

Факультет

Мамандық

Кафедра

Дипломдық жобаны орындауға берілетін

ТАПСЫРМА

Студент

(аты-жөні)

Жоба тақырыбы

№ «» АТУ бұйрығымен бекітілген

Аяқталған жобаның тапсыру мерзімі

Жобаның алғашқы мәліметтері

Дипломдық жобада қаралатын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жобаның қысқаша мазмұны:

а)

б)

в)

Сызба материалдар тізімі (негізгі сызбаларды көрсету арқылы)

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

Жоба бөлімдеріне қатысты жобаға берілетін кеңестер

Бөлім
Кеңесші, кафедра
Бөлім:
Кеңесші, кафедра:
Бөлім:
Кеңесші, кафедра:
Бөлім:
Кеңесші, кафедра:
Бөлім:
Кеңесші, кафедра:
Бөлім:
Кеңесші, кафедра:
Бөлім:
Кеңесші, кафедра:
Бөлім:
Кеңесші, кафедра:
Бөлім:
Кеңесші, кафедра:

Тапсырма берілген күн

Кафедра меңгерушісі / /

(аты-жөні) (қолы)

Жоба жетекшісі / /

(аты-жөні) (қолы)

Тапсырманы алған студент / /

(аты-жөні) (қолы)

Күні

Факультет Қорғау күні

Кафедра МАК хаттамасының №

МАК бағасы

Дипломдық жобаға кеңес беру

Дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыбы

Есептік-түсіндірмелік жазба бет

Сызба бөлім парақ

Студент

(күні) (қолы) (аты-жөні)

Жетекші

(күні) (қолы) (аты-жөні)

Кеңесшілер:

Зертханалық бөлім

(күні, қолы) (аты-жөні)

Композициалық бөлім

(күні, қолы) (аты-жөні)

Конструкторлық бөлім

(күні, қолы) (аты-жөні)

Технологиялық бөлім

(күні, қолы) (аты-жөні)

Экономикалық бөлім

(күні, қолы) (аты-жөні)

Еңбек күзеті және құрал-аспап қауіпсіздік бөлім

(күні, қолы) (аты-жөні)

Нормо-тексерушісі

(күні, қолы) (аты-жөні)

Қорғауға жіберілді

«Дизайн» кафедрасының меңгерушісі Нәрібаева Э. К. «» 2010 ж.

Алматы технологиялық университеті

«Дизайн» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА (ЖҰМЫС) ЖЕТЕКШІСІНІҢ ПІКІРІ

Студент (аты-жөні)

мамандық 050421 «Дизайн»

тақырыбы:

Студент жобасының (жұмысының) қысқаша сипаттамасы:

Жалпы тұжырым:

Жетекші

(аты-жөні)

Лауазымы, ғылыми дәрежесі (атағы)

«» 2010 ж.

(қолы)

Алматы технологиялық университеті

студентінің дипломдық жобасына (жұмысына)

СЫН-ПІКІР

(аты-жөні)

мамандық 050421 «Дизайн»

Дипломдық жобаның (жұмыстың) тақырыбы:

Дипломдық жобаның (жұмыстың) құрамы:

а) түсіндірмелік жазба бет

б) сызба бөлім парақ

Сын - пікір мазмұны:

Сын - пікірдің қортындысы және бағасы

Сыншы

(аты-жөні)

Жұмыс орыны және лауазымы

«» 2010 ж.

(қолы)

Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті Қорғау күні

«Дизайн» кафедрасы МАК хаттамасының №

МАК бағасы

Кіріспе

Қазақстан Республикасында тігін өнеркәсібі кәзіргі уақытта өте тез екпінмен даму үстінде. Тігін немесе жеңіл өнеркәсіптің көбінесе шоғырланған жері Алматы және Алматы облысында болып табылады. Сонау Кеңес Өкіметі заманында ірі өндірістік цехтар жеңіл өнеркәсіппен айналысатын кәсіпорындар уақыт өте келе дамып өрлеген болатын. Ал кәзіргі кезде сондай кәсіпорындардан екеуі ғана қалды: «Талғар тоқыма комбинаты»(ТТК) және «Первомайка». Бұл комбинаттар бәсекеге шыдамды, барлық жаңа технологиялық заттармен жабдықталған, сауда рыногында беделді болып таблады.

Осы он тоғыз жылдық тәуелсіздік алған уақыт ішінде ашылған кәсіпорындар кәзіргі уақытта Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінде алда келе жатыр. Ондай кәспорындарға: «КазСПО», «Сим-Сим», «Текстилайн» және «Ерке Нұр» Қазақстан рыногында 15 жылдай қызмет етіп келеді. Бұл компаниялардың әрқайсысы әр жастағы адамдарға арнап киім шығарады.

Кәсіпорындардың қайсысы болмасын ірі және индивидуалды тапсырыс алумен өздерінің өндірістік қасиетін жоғарылатады. Кәзіргі кезде көптеген кәсіпорындар елдегі болып жатқан жағдайларға байланысты тапсырыстарды алады. Мысал келтіретін болсақ: жеке би, оркесторлы ансамбльдер, сахналық костюмдер, арнайы ортаға арналған киімдер, жұмыс киімдері, спорттық киімдер және де индивидуалды, эксклюзивті, авторлық киімдер.

Тапсырыстар көбінесе мерекелік шараларда, фирма, компаниялардың ашылуларында болады. Кейінгі кезде спорттық жарыстарда олимпиядаларда өкімет тарапынан бөлінген қаражатқа жергілікті компанияларға Қазақстан командалары үшін ұлттық нақышпен әрленген еліміздің символикалары қолданылған ерекше дизайны бар формалар тапсырысқа берілуде. Қазақстан құрамасы тек қана Республика деңгейінде ғана емес шет елдердегі көптеген жарыстарға қатысады, сондықтан спортшылардың үстіндегі формалары арқылы қай елден келгенін, сол елдің жан жақты статусын білдіріп отырады.

2008 жылғы Қытайда өткен жаздық олимпиядада еліміздің Аида Каумеова, Құралай Нұрқаділова сынды жергілікті дизайнерлері мемлекетіміздің командасына арнап киім жобалаған болатын.

Елімізде 2011 жылы жетінші қыстық олимпияда ойындары отпекші. Басқаша айтқанда, Азияда 2011 іс шарасы Қазақстанда өтуі өте жауапты іс. Бұндай парасатты сәтте еліміздің спортшылары Республикамыздың дәрежесін жоғары ұстап тұру үшін, сапалы дизайны жақсы ойластырылған киімнің болуын тек спортшылар ғана емес, мемлекетіміздің спорт ойындар басшылығыда қалаған еді. Себебін былай түсіндірерлік: әр спорт ойынының жарыстары болсын, құрделі әлемдік чемпионаттар болсын әсіресе олимпиадаларда шеру кезінде әр ел өзінің киімімен ерекшеленіп қай елден келгенін көрсетіп тұрады. Соған орай Қазақстан құрамасына арнап тігілетін киімді кезекті дапломдық жұмыстың мақсаты ретінде алдық. Ол үшін зерттеулер мен анықтамалар жүргізілді. Соның бірі: Сонау Канада елінің Ванкувер қаласында 2010 жылы өткен әлемдік қыстық олимпиада. Біздің қазақстандық спортшылармен қатар әлемнің түпкір түпкірінен келген ойыншылар қатысты. Солардың шеруге киіп шыққан костюмдеріне шолу жасалды:

Германия Ресей Индия

Италия Ұлыбритания АҚШ

Қазақстан Сан-Марино

Сурет 1 Әлем елдерінің қыстық олимпияда кезіндегі шеруі

1 Жобалық композициялық бөлім

  1. Шығармашылық көзді зерттеу

Азиадалық Ойындар Олимпиядасы тарихы, сол сияқты аймақтағы кыстық спорт ойындарының көзге көрінерлік екпіндері мен дамулары мемлекет арасында спорттық мағынасымен биіктерден көрініп, жоғарғы әлеуметтік саяси резонансқа ие болды.

Дәл кәзіргі кезде, 7-ші Қыстық Азиадалық Ойындар сынды іс-шараны ұйымдастырып өткізуі үшін, Қазақстанның қайыспай дамуының арқасында ең ірі аймақтық державалармен қатар тұруына барлық жағдай бар.

2011 жылдың 30 қаңтарында 7-ші Қыстық Азиада Ойындарыа толығымен біздің елімізде өтпек. Еліміздің бас қаласы Астанада олимпияданың ашылу салтанаты болады.

Бұндай ірі масштабты іс-шараны өткізу үшін Алматы қаласында қызу құрылыс жұмыстары, сонымен қатар мамандарды даярлау, волонтерлық дайындықтар жүріп жатыр. Алматы қаласында қыстық спорт түрлерінің ішінен көбінесе шаңғы тебу спорты бойынша жарыстар өтеді.

Қазақстанның атын елге танытатын, беделді щаңғышыларымыз қажетті абырой елге алып, жоғарғы орындарға ие болып жатса, мемлекетіміз үшін нұр үстіне нұр болар еді. Спортшы үшін биік мәртебеге ие болу қалайда болмасын керекті. Бұндай жоғарғы нәтижеге алу үшін, спортшы максималды түрде барлық кедергілерге дайын болу керек. Бұндай кезде шаңғышының киінген киімі өте көп рөл ойнайды. Оның тек жай ғана киім емес, арнайы қойылған талаптарға сай етіп тігілгені бірден- бір маңызды. Берілген дпломдық жобаның да тақырыбы мен зерттелу объектісі ретінде осы жәйт болып отыр. Шаңғышыға арналған функционалды арнайы киімнің жалпы дизайыны, технологиялық талаптарымен құрастыру ережелері, сондай-ақ қолданылатын маталар мен материалдар, түйіндердің өңделу ерекшеліктері жайлы анықталып төменде жазылған.

Бұндай арнайы тапсырыспен тігілетін киімдерді біздің еліміздегі біраз өндіріс орындары тігеді. Соның ішінде ЖШС «КазСПО-N» өндіріс орны, бұл тігін фабрикасы арнайы жұмыс киімдерін, сыртқы қыстық киімдер, баларға арналған куртешелер және де спорттық киімдер: тау шаңғысына арналған, сноуборт костюмдарын өмірге алып келеді. Өндіріс орны дайын болған киімдерін Қазақстан рыногымен шектелмей, шет елдерге де экспорттайды, бұл өндірістің сапалы әрі бәсекеге төтеп бере алатын тауар шығаратынының дәлелі болып көрінеді.

Дипломдық жобаның тақырыбы мен талаптарын зерттей келе, бұндай құрылысы күрделі, технологиясы ерекше өңделетін киімді арнайы цехтарда бас лаборант-технологтың басшылығымен тігілу керектігін ескеріп, «КазСПО-N» өніріс орнымен, яғни кәсіпорын басшысы Свечникова Елена Александровнамен жобаны іске асыруды ұйғардық. Бұның себебі: арнайы функционалды киімдер жоғарыда айтқандай өте құрделі бірнеше операциялардан тұрады, ал аталған тігін фабрикасы шаңғы тебу спорттық киімін осымен 5 жылдай уақытта өндіріп жоғарғы бағаға ие болып жүр. Кәсіпорында дизайнер, құрастырушы, технолог сынды жоғарғы білімді, тәжірбиелері мол мамандар қызмет етеді. Сол мамандардың қатысуымен жоба алға басты.

Дипломдық жұмыстың мақсты болып функционалды киімді жобалап тігіп шығару болғандықтан, қолданылатын матадан бастап жалпы дизайны, құрылысы, қолданылатып фурнитурасы, ерекше технологисы, түйіндердің қалай өңделетіні жайлы көптеген зерттеулер жүргізілд

Функционалды киімнің элементтері . Желден қорғағыш бөлшек - арнайы бөлшек, ол капьюшонның астарына қосылып тігіледі. Бетке капьюшон киген кезде қынамалы түрде киіліп жылы ауаны ұстап, желден қорғайды. Экспериментальды жағдайға арналған киімдерге қолданады.

Желден қорғағыш белдемше - киімнің жағымсыз ауа райында сақтайтын ерекше бөлшектер. Астардың астыңғы жағына бел жаққа тігіледі кнопкамен бекітіледі. Астыңғы жағы резинамен өңделіпе белді кынап тұрады. Желді, ылғалды кіргізбейді.

Желден қорғағыш муфта - жилеттің алдыңғы бойына қосыла тігілетін

ерекше бөлшегі. Ол иықты мықтап айналады, қыймылды қыйындатпайды.

Қардан қорғайтын муфта - шалбардың етек жағында орналасқан етегі резинкамен өңделген тобық тұсын қынап тұратын қардан қорғайтын ерекше бөлшек.

Жабық тігістер - тігістің арнайы технологиясы, экпериментиментті жағдайға арналған киімдерде қолданылады. Тігіс жіптері киімнің ішінде орналасқан, сыртқы үйкелістермен жазық емес жерлерде жыртылудан сақтайды.

Жылы тігістер - қауырсынды киімдерде қолданылатын өндірістегі қыйын технологиялардың бірі. Оның ерекшелігі маталар тігілмейді, арнайы ленталармен ішкі және сыртқы жағы желімденеді. Осы технология бойынша жасалған киімдер жәй киімдерге қарағанда жылырақ болады.

Желімденген тігістер - бұл технология мембранды маталарда қолданылады. Тігістер маталардың ішкі жағынан жоғарғы температурада қыздырылып лентамен жабыстырылады. Бұндай киімдер суланбайды.

«Бекітпелер»- киімнің ең қыймыл көп түсетін жеріне арнайы қыйғаш тігетін машинамен бекітпе тігеді. Бұл технлогия киімнің көпке дейін шыдауына кепілдік береді. Кейбір киімдерде елуге жуық бекітпелер болады.

Екі замокты сыдырма - бұл күртешені астынан және үстінен ашылуына мүмкіндік береді, себебі адамға ішкі киімдеріне қол жеткізуіне ыңғайлылық болу керек.

Ылғалдан қорғағыш сыдырма - сыртқы ылғалдан қорғайтын сыдырманың арнайы түрі. Сыдырма сыртынан қосымша қорғаныс үшін клапанмен өңделген.

Жарықта шағылыстыратын элемент- бұндай технология қараңғы кезде қосымша қауіпсіздік үшін қажет.

Қауырсынмен толтыру - қауырсынмен толтыру үшін жоғарғы технологиялы жабдық керек, ол қауырсынды біркелкі етіп 5 граммнан 300 граммға дейін толтырады.

Жоғарыда элементтердің бәрі түгенделіп біткеннен кейін қойылған талаптарды сақтай отырып қалған барлық үлгілер өндіріс орнына жіберіледі.

Технолог өндіріс орнында үлгімен және іс қағаздарымен танысады, технологтың қадағалауымен қалған үлгілер тігіледі.

Фабрикада тігіншілер алдымен кішкене бөлшектерден бастайды(қалта, мажет) содан кейін бір бүтіндікке келтіреді. Ең негізгі этап- тігістерді жапсыру. Ол арнайы машинамен 370 0 градуста жасалады. Тізе мен шынтақ тұсының маталары біршама мықтырақ созылғыш болуы керек. Альпинистер мен спортшылар киімінде бұл аймақтар анатомиялы болып келеді, себебі біріншіден қыймыл қозғалысқа ыңғайлылық туғызады, екіншіден үйкеліс кезінде жыртылудан сақтайды.

Шаңғы тебу спортына арналған костюмнің ерекшеліктері.

Шаңғышының киімі үш қабаттан тұрады. Бірінші қабаты теріге жабысынқырап тұрады. Оның қызметі- денеден шыққан теріні сыртқы қабатқа жіберу. Екінші қабат- ол жылытқыш. Үшіншісі- қорғағыш. Оның қасиеті- сырттан ылғалды, жаңбырды, қарды жібермей, желден қорғап, денеден шыкққан буды сыртқа жіберу.

Бірінші қабат- ол іш киімдер (трусы, майка, футболкалар), және де киімнің денеге жақын астары. Бұл қабат синтетикалық маталардан тігіледі. Бұндай маталар ауа өткізбейді деуге болмайды, керісінше-демалғыштық қасиеті бар, жағымсыз иістің пайда болатынына жол бермейді. Сонымен қатар гипоаллергенді, яғни мата теріге тигенде аллергия пайда болмайды. Бұл ішкі қабатпен қоса сыртқы қабатта да болуы керек. Мақтаматадан жасалған іш киім киіп қажеті жоқ, себебі ол мата тез ылғалданып, кебуі ұзаққа созылады.

Сол сияқты шұлықтар(носки) . Көптеген фирмалар шұлықтарды ұзын етіп жасайды, оған мынадай маталар қолданылады: синтетикалық талшықтардан (полиамид, полиакрил, полипропилен т. с. с), табиғи талшықтардан (жүн, мақта) эластан немесе лайкра. Жақсы шұлықтар терді сыртқа шығарып, суланбауы тиіс. Себебі шұлық қанша жылы болғанымен, суланса аяқ мұздайды

Екінші қабаты - жылытқыш. Жылытқыш ретінде тек күртешенің немесе шалбардың ішіндегі жылытқышты айтпаймыз, сол сияқты жилеттер, жемпірлерді айтамыз. Бұл қабат қауырсыннан жасалады және де тоқылмаған 3M Thisulate, Polartek 200 немесе Polartek 300 деген жылытқыштардан тұрады. Синтепонды кәзіргі кезде қолданбайды, себебі ол нашар ауа өткізеді, сонымен қатар бірінші жуғаннан кейін 28% жылыту қасиетін жояды. Қауырсынның негізгі мінездемесін оның құрамындағы мықтылық құрайды. Бірақ қауырсынның кемшілігі болып оның орнынан жылжып кетуінде, содан кейін жылу ұстай алмай қалады. Осындай жағдай болмау үшін жылытқышқа арнайы зат қосып, оның сулануына жол бермейді. Ендігі кезекте тоқылмаған

3M Thisulate жылытқышы жайлы айтатын болсақ- бұл экологиялық таза, гипоаллергенді қауырсын орнына қолданатын синтетикалық зат. Оның құрамы полиэфир және полиофин талшықтары, құрылысы жағынан қауырсынға ұқсас келеді. Thisulate табиғи жылытқышқы қарағанда жылуды ұстап тұрады, артық ылғалды ұстамайды (1% ылғалды сорады) . Тағы бір артықшылығы: Thisulate 15 жуғаннан кейін 10% жылытқыш қасиетін жоғалтады.

Сыртқы үшінші қабат- жалпы айтқанда ылғал жұқтырмайтын болуы тиіс (ол бір тәулікте матаның аудан бірлігінде сулы буды өткізуі г/кв. м*24с болып есептеліді) және де суды өткізбейтін (сулы талшықтың қысым кедергісін есептегенге тен) қасиеті. Келтірілген мысалдар түсінікті болуы үшін сандармен мысал келтіреміз. Gore-Tex мембранды матасында ылғал жұқтырмайтын қасиеті 12, 000г/кв. м*24с, ал суды өткізбейтін қасиеті 30, 000мм су талшығы. Ал мысалы, Microfibre мембранасында 8, 000 г/кв. м*24с және 3, 000мм су столбы. Адам спортпен щұғылданып жатқанда 1л дейін судың булануы байқалады. Көптеген арзан маталарда су сіңдірмейтін қасиет қосымша арнайы қоспалардан болады немесе суланбайтын жіптермен қоса тоқылған процесс арқылы жүзеге асады. Бірақ бұндай маталарда ауаны жақсы өткізбейді немесе керісінше ауа жақсы өткенмен тез дымқылданады. Кәзіргі кезде мембранды маталар ойластырылған, олар суды итергенмен оны қайта ішке сіңіргіш болып келеді. Сол сияқты мембрана матаның астында(екі қабатты мата) немесе екі матаның ортасында(үш қабатты мата) орналасады. Бүгінгі күнгі ең жақсы мембранды мата болып Gore-Tex және Sympa Tex табылады. Мембрана бөлшектерімен жұмыс механизмі әр өндірісте әр қалай. Негізі мембрананың жұмысы бір тамшы судан буланған судың молекуласы әлде қайда аз сол үшін жеңілденген. Сол үшін буланып тұрған тер сыртқа тез шығады, ал сол кезде сырттан да ылғал кірмейді. Және де бұл спорт түрінің киімі жел өткізбейтін болу керек. Негізінен осындай қасиеті бар жемпірлер кездеседі. Жемпірлер күртешеге қарағанда жеңіл әрі ыңғайлы болады, бірақ суланып қалмау үшін ылғалсыз аязды ауа-райында қолдану керек. Жағаның ішкі жағы флистан болу тігіледі (плюшке ұқсас мата), ол бет терісінің қажалмауын қамтамасыз етеді. Жағаның жоғарғы жағында, сыдырманың астында иекке арналған планка орналасады.

Тағы бір есте сақтайтын кез бұл матаның иіс сіңіргіштігі сатушыдан тексеріп біліп алған жөн.

Жалпы күртешенің ішінен бастағаннан кейін тағы бір шолу жүргізсек. Күртешенің астары денеден шыққан жылуды сыртқа шығармай, керісінше ылғалды сыртқы маталардың қабатына жіберіп отыруы тиіс. Кей кездерде астарды жұқа торлы маталардан тігеді. Бұның себебі әрі жеңіл, әрі мата сырғанақ болады, сыртқы киімнің тез шешілуіне мүмкіндік береді.

Тігістерге көп көңіл бөлген дұрыс. Олар кәдімгі киімдегіндей емес арнайы лентамен бекітіліп, желімденуі керек, себебі жоғарыда айтқандай ине тескен жерлерден ылғал кіріп кетуі мүмкін.

Күртешенің капьюшоны - бастың еркін қозғалуына кедергі жасамайтын, сонымен қатар желден қорғауы тиіс. Капьюшонның мойын тұсты жауып тұруы өте қажет кезең болып саналады. Кейде оны жағаның астыңғы жағына жинап салып қоюға болады, немесе күртешенің салмағын азайту үшін алып тасталынады. Кәзіргі кезде көптеген костюмдарда жағаның асттыңғы жағында орналасқан қалтада арнайы бетперде (маска) орналасқан, оны спортшы қатты аяз күндері бетін қорғау үшін қолданады.

Жеңнің анатомиялық пішімі жайлы айтсақ, тау шаңғышысының қолы әрқашанда жартылай бүгілген: ойын барысында, автомобиль рулінде, стол үстінде сондықтан бұндай пішім еш кедергі болуы мүмкін емес. Керісінше күртешенің жеңдері тік болғанда спортшыға ыңғайсыз болуы мүмкін.

Жеңнің бөлек алынуы: өте ыңғайлы бөлшек, жеңді бөлек алу арқылы күртеше кеудешеге айналады, ауа-райының әрқайлылығына қарай күртешені оңай трансформациалау мүмкіндігі береді. Бөлек шешілген жеңді артқы бойда орналасқан қалтаға білдіртпей салып қоюға болады.

Манжеталар: жеңнің тағы бір бөлшегі, көптеген күртешелерде манжет ішінде қосымша ылғалдан қорғану үшін лайкрадан тігілген манжет болады, барлық манжеттің сыртында өлшемін ауыстыру үшін қосымша жапсырғыштпен немесе кнопкамен өңделген бөлшегі болады, олар әр адамның білегінің өлшеміне сай өзгереді.

Эластик баулар - икемді баулар, олар киімнің етегінде, бел тұсында орналасады. Адамның әркелкі пішініне қарай өзгереді. Бұндай баулар арнайы өзгерткіш пластиктармен өңделеді.

Жең астында орналасқан сыдырма - барлық кәзіргі заманғы күртешелерде қолданылатын элемент, ол қосымша желдеткіш ретінде қолданылады. Бұл бөлшекті арнайы ылғал қорғағыш сыдырмадан жасайды, сондықтан жел немесе су кіріп кетуіне жол бермейді. Бұндай мүмкіндіктер болған жағдайға спортшы күртешенің алдын ашпай-ақ салқындалса болады.

Қалталар . Спортшы немесе шаңғы тебуші адам өзін аса ыңғайлы сезіну үшін бұл бөлшек тер өте қажет. Қалтаның өте көп болуы да кедергі кетіреді, сондықтан адам өзіне керекті үлгіні таңдап алған жөн. Кейбір қалталар міндетті болып табылады, мысалы ски-пасс үшін (жоғарыға көтерілуге арналған рұқсатқағаз) . Сол сияқты колдарға арналған қалталар, олар сыдырма мен немесе клапанмен өңделеді. Құжаттар мен ақшалар қалта ішінде әрдайым құрғақ болып тұрады. Кейбір үлгілерде тіпті ұялы телефондарға арналған қалташалар бар. Сондықтан спортшы демалып жүрседе хабарсыз қалмайды. Біз көбінесе шаңғышыларды улкен көзілдіріктермен көреміз, оны арнай торлы немесе созылмалы маталардан тігілген қалталарға жинап қойса болады. Аязды кундері мұндай мүмкіндік көзілдірікті құртылуынан сақтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
Костюмнің халықтық сәндік өнерде алатын орны
Костюм композициясының элементтері
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАНАУИ КИІМДЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кэжуал стильдің ерекшеліктері
Құрастыру сызбасын тұрғызу
Костюм нақты уақыттағы адамның рухани және моральді сапасын көрсету құралы
Африка мәдениетіне тән дәстүрлі түстер мен маталарды қарастыру
Анатомиялық элементтер мен белгілер
Аяқ киімге арналған аяқ киімнің сапа көрсеткіштерін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz