Киім дизайны. Дизайн өнерінің даму тарихы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Дизайн өнерінің даму тарихы

Өнердің көптеген түрлері бар. Казіргі заманда өнердің мынандай түрлері
бар: бейнелеу өнері, музыка, жасанды өнер, техникалық, қолданбалы өнер,
дизайн т.б.
Осылардың ішіндегі дизайн өнері маңызды болып табылады. Бұл өнер– ең
бір жас және тез өсіп келе жатқан өнер. Дизайн өнер, техника, ғылым және
басқа да адам әрекеттерімен ұштасып жатқандықтан, оның дамуына интеграция
мен дифференцияция процестері үлкен әсер береді.
Дизайнер деген сөз итальяның disegro деген сөзінен шыққан, онымен қайта
өркендеу дәуірінде сурет пен идеяны, жоба жұмыстарын атаған.
Ағылшын тілінен аударғанда дизайн – жоба, сурет, сызба.Дизайнер- сурет
салушы, жобалаушы, чертеж сызушы адам.
Дизайн – шығармашылық, жобалық іс. Ол адамның қоршаған ортадағы
материалдық және рухани қажеттілігін кеңінен қанағаттандырады.
Б.К. Сартбаевтың әмбебаптық сөздігінде дизайн сөзіне эстетикалық
және функциональдық қасиетті қалыптастыратын жобалық қызмет деп түсінік
берілген [5, 168 бет].
С.О. Хан-Магомедов, Л.Н. Безмоздин және басқалар өз жұмыстарында дизайн
өнерінің дамуы мен қалыптасуын ашып көрсеттіБүгінгі күні өндірістік дизайн
– ғылыми зерттеу саласы.
Дизайн пайда болу мезгілін әртүрлі жобалайды. Мысалы дизайн кәсіп
ретінде ХХ ғасырда қалыптасты [6, 7 бет], мамандық ретінде пәнді оқыта
бастап, әрі сәйкес диплом беру – дизайн маманын қоғамға керек басқа да
мамандықтың қатарына қойды [6, 8 бет].
Дизайнның пайда болуына мамандар әрқалай түсініктеме береді;
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Англияда У.Моррис әсерімен өнер мен
өндіріс байланысы пайда болып, дами бастайды. Ол заттық-кеңістік орта
мөселесін қарастырған; үйлесімді заттық – кеңістікті ортаның өзіне ғана тән
меншікті стилін тұжырымдаған [7, 125 бет].
Егер сіз күнделікті қажетті заттарға өнер тұрқысынан қарамасаңыз– олар
тіпті зақым келтіретін заттар болуы мүмкін, мысалы ауру адам қолданған
көрпе [8, 295 бет].
У.Моррис бір жағынан, кәсіптік өндірісті машиналыққа қарсы қойса,
екінші жағынан оның шеберханаларынан өнеркәсіптік өндірістің сапалы
құрылымды заттарындай шығарған. У.Моррис суретші ретінде әртүрлі саладағы
мамандарды мәтінді шешімге біріктірді.
Дизайн құрылымының басы деп суретшілер өндірісте орын алып, олардың
еңбегі жалпы өндіріске әдеуір әсер берер кезді айтуға болады.
1907 жылы белгілі архитектор әрі затты – жобалаушы П.Беренс жалпы
электр компаниясының (Allgemeine Eltktizitats Genallshaft) басшының
ұсынысымен, өндіріс заттарының архитектурасы, сызбасы жөнінде кеңесші
болуға келісті. Оның қызметінде жалпы сатылымға арналған жасалым кәсіпорын
бейнесін архитектура мен жарнама – мәлімет жасау жүктелген.
Беренс өзінің кредосы ретінде өнер мәдениеті мен техниканы біріктіруді
алған. Ол өзінің Өнер және индустрия (1909 ж) жұмысында бұқараға
арналған эстикалық ажарлы заттар шығару арқылы, уақыт өте келе халықты
сәнділікке үйрету деген [9, 49 бет]. Бұл сөздерде суретшінің дизайнның
тәрбиелік, мәдени-құрылымды идеясы айқын келтірілген.
Арнаулы оқу орындары ашылуымен ХХ ғасырдың 20-жылдары дизайн өркендеді.
1906 жылы ұлы герцог Веймарда өнер және кәсіп мектебін ашты. Оның жетекшісі
болып Ханри Ван де Вельде бельгиялық архитектор жетекшілік етті. Мәнерлеу
өнерінің жоғарғы мектебінің, қолданбалы өнер мектебінің және жаңадан
ұйымдастырылған сәулет бөлімдарінің негіздерін біріктеру арқасында 1919
жылы Веймер қаласында (Гармания) Мемлекеттік БАУХАУЗ (құрылысшы үйі)
құрылды. Бұл ұйым көркем шығармашылықтың барлық түрін байланыстырып,
материальдық–көркем негізін барлық пәндердің – мүсін өнерінің, бейнелеу
өнерінің, қолданбалы өнердің және қолөнердің, тағы жаңа пән сәулет
өнерінің бір бөлектенбейтін негізіне айналдырды. БАУХАУЗ-дың көп жылдарда
жұмыс істеген уақытында, басшылардың ауысқаны мен сабақ беру тәсілінің
өзгергеніне қарамастан өзіндік оқу саласы сақталды. Алдын ала оқушыларды
қарапайым формалар құрамын түсінуге, түсті ажыратуға, кеңістікте жұмыс
істеуге, тағы да нақты материалдармен арнайы шеберханаларда жұмыс істеуді
үйретті. Өзінің алған білімі мен әдетін осы шеберханаларда қолдана алды.
Осы БАУХАУЗ-дың қабырғасында оқылған курс әлемдегі көптеген дизайн
мектебінде дизайнер білімінің негізі болды.
Авангардист суретшілердің ізденістері мен композицияға, түсті
ажыратуға, графикаға аналитикалық таным заңдарын зерттеуге қолданған
ойларын дизайнер білімінің әдістемелік негізі болды. Қолөнер өнерін үйрену
арқылы студент өнеркәсіп өндірісінен мағлұмат алды. Нақты заңдарға
сүйенген тұлғаның құрылымы мен түрлерін қолдану арқылы шығармашылық
дайындау студентті форманың пластикалық тілін түсінуді үйретті.Студенттер
иілу, пропорция, симметрия заңдарын үйреніп, тәжірибеде қолданды. Өнердің
саласын оқып үйрену, жобалау арқылы жаңа оқу әдісі пайда болды. Оқушының
өткен үлгілер мен шебердің істегеніне еліктеген дәстүрлі оқу үлгісінен
өзгеше еді. БАУХАУЗ-дың әрі қарай дамуына Ганнес Майер (1889-1954)
директор болған кезде көп әсер етті.
Ең алғыр жаңалығы – ол студенттерге теоретикалық білімді терең беру
болды.
Бірінші және Екінші Еркін шығармашылық шеберхананың бірігуінен ВХУТЕМАС
(Жоғарғы шығармашылық- техникалық шеберхана) Мәскеуде 1920 жылы пайда
болды. В.И.Ленин қол қойған, Халық Комиссар Кеңесінің жарлығымен ВХУТЕМАС-
тың міндеті былай делінді: Өнеркәсіп үшін жоғары сапалы суретші
шеберлерді және кәсіптік – техникалық оқу орындарының жетекшілері мен
нұсқаушыларын дайындайтын арнайы шығармашылық жоғарғы техникалы-
өнеркәсіптік оқу орны.
А.В. Бабичева, А.В. Веснина, А.М. Лавринский, Н.А. Ладовский, Л.В.
Попова және т.б. алғыр мамандардың еңбектерін пайдаланылып, ВХУТЕМАС
қабырғасында зерттеліп жаңа курстар, жаңа әдістемелермен шығармашылық
–конструкторлық пәндер кіргізілді. Ресейде 1917 жылғы Қазаннан кейін
бірінші болып ВХУТЕМАС суретші–модельерді дайындай бастады. Шығармашылық –
композициялық маңызды түсінетін, өз бетімен ойлап, жаңа шығарма жасайтын
студенттерді дайындау барлық мамандыққа тән болды. Бірінші дизайнерлерді
дайындау кезеңі – жаңа істі қолдану салаларын іздеу, оны өркендету кезеңі
болды. ВХУТЕМАС-тың негізгі бөліміндегі курсы басқа да әлемдегі дизайн
мектептерінің іргетасы ретінде қолданылды. Бұл мектептерде дизайды оқытуда
жаңа өзіндік әдемі әдістемелер пайда болды. ХХ ғасырдың 30 жылдары
дизайнның өсу кезеңі болып, өнеркәсіптік дизайн нақты өмірде – өндірісте,
саудада пайдалана бастады. Н. Геддис, Г.Дрейфус, Р. Лоуи, У. Тига АҚШ-тың
бірінші өнеркәсіптік дизайнерлері болды. Американдық дизайнерлердің
тәжірибесіне еліктеп, дизайнер мамандығы көпшілік таңдаған мамандық болды.
Дизайнер– саудагер, дизайн – ақшаны сылдырлатқыш деген ұғым тарады.
У.Моррис тәжірибесі, Беренстың AEG-мен қарым қатынасы, бірінші дизайн
мектептерінің пайда болуы, американдық дизайнерлердің тәжірибесі осылардың
бәрі дизайнның тарихи өсуіне ықпалын тигізді.
1870 – 1930 жылдар аралығында дизайн мамандық ретінде пісіп жетілді.
Осы уақыттарда дизайнның теориялық , практикалық білім беру саласының
негізі қаланды да, оның мақсаты, міндеті, әдістемелері, формасы, мазмұны
анықталды.
Осы замандағы дизайнның түрлерін бөліп көрсетейік:
• өнеркәсіптік ( инеден ұшаққа дейін). Бұлар еңбек көп жұмсалатын,
техникалық қиын А бөлімі – машина жасау, транспорт, қару-жарақ
өнімі. В бөлімі – тұрмыстық құралдар, аппаратура, жиғаз,
интерьер бұйымдары, медицинаға қолданылатын құралдар:
• графикалық – кітап, жарнама әрлендіру, өндірістік графика мен
орауыш, фирманың белгілері мен стилі, теледидардағы жарнама;
• компьютерлік – (Интернеттегі website). Барлық Интернет
тармағындағы графикалық бейнелеу;
• сәулет ортасы (интерьер дизайны, сыртқы ғимарат сәулеті);
• ландшафтық (сая, саябақ өнері мен сәулеттік ландшаф);
• көрме экспозиясы (мерекелік әрлендіру);
• артдизайн ( өнер) – шығармашылық пен сәулет өнерінің философиялық
дизайн негізінде шағысуы, жаңа технология мен жаңа материалдарды
қолдану, жаңа сән үлгілерін пайдалану;
• киім мен оған қосымша заттар – кутюрден жаңа киім үлгілерін
көпшіліктің талабына сай жасау, пред-а-порте киімдерді көптеп
шығару, белгілі дизайнерлердің үлгісінде жоғары сапалы киім тігу.

Киім дизайны.

Киім мен оның бөліктері дизайнның объектісі болып табылады. Киім – ол
адамның денесін жауып тұрған жамылғы. Киім адамды қоршаған ортадағы
әртүрлі жағдайсыздықтан: суық пен ыстықтан, жаңбыр мен желден, жабайы
аңдардың азуы мен тырнағынан, қылыш пен найзаның соққысынан, оқтан және улы
заттардан қорғайды.
Киім дизайны – ол дизайн ісінің бірде бір бағыты. Оның мақсаты қоршаған
ортаға сай киімді жобалап, адамның материальдық және рухани қажеттілігін
қанағаттандыру.
Киім қолдану жолдарына қарай, тігілуі мен киілу тәсіліне қарай мынандай
түрлерге бөлінеді:
• перделеу, шаршарлау (тігілмеген, пішілмеген) – денені жауып немесе
перделеп тұратын, бөлінбеген кездемеден тұратын киім;
жамылғы – адам басынан киілетін киім. Ол тігілмеген болуы мүмкін –
кездеменің ортасынан бас сиятын тесігі бар киім (ертеректегі плащ немесе
пончо), немесе пішілген және тігілген (туника сияқты пішім);
• желбегей ашылатын – алдынан астынан үстінен дейін ілгегі бар пішіліп
тігілетін киім (халат, немесе кафтан);
• Еуропалық үлгімен пішіліп тігілетін – адамның тұрқын пішу арқылы
қайталайтын, аүқымдық формасы бар киім (қымтаулы,бедерлі).
Кәзіргі кездегі киім қай ортада қажеттілігі мен пайдалануына байланысты
әртүрлі топтарға бөлінеді: жас ерекшелігіне қарай, жасалу тәсілдеріне
қарай, маусымға қарай, қажеттілігіне қарай (тұрмыстық, өндірістік,
спорттық, көрермендік, қоғамдық т.б.).
Киім деген сөздің түсінігімен костюм деген түсінік бір бірінен
ажыраспайтын түсінік. Костюм (итальяндық сөз – әдет-ғұрып) – бұл киімнің
заттары мен бөлшектерінің жиынтығы, ол адамның қай қоғамдық, аумақтық
ортадан екенін, ұлтын, жасын, жынысын, мамандығын білдіреді.
Костюмнің қоғам мен уақыттың өзгеруіне байланысты өзгеруі стиль
түсінігін кіргізді. Ғасырлық стиль, тарихи костюм стилі, сәнді стиль,
модельер стилі, фирма стилі деп бөлуге болады.
Стиль – материальдық және шығармашылық мәдениеттің өркендеуіне
байланысты бір уақыт аралығындағы шығармашылық ойдың жетістігін, өнердің
шығармашылық және идеялық бейнелеу тәсілін, зат ортасының шығармашылық-
пластикалық біртектілігін көрсетеді.
Стиль – сол уақыттағы адамның шығармашылық сезімі арқылы берілген,
сол дәуірдің шығармашылық туындысы. Сол тарихи дәуірдің стиліне тән
сұлулықтың үлгісі туады.

Киім дизайнері мамандығының пайда болу тарихы,
дүниежүзілік дизайн мектептері.

Тігінші және тері өңдеуші – адамды киіндіру мәдениетімен байланысты ең
күрделі мамандықтардың бірі. Ертеден бұл кәсіпке бала жастан үйрене
бастаған. Орта ғасырдың басынан бастап Еуропада тігінші мамандығы әкеден
балаға мұрегерлік ретінде берілген. Оқыту “мен көрсетемін, сен қайтала”
принципімен жүрді. Барлық операциялар қолмен жасалынатын. Оқытудың бірінші
кезеңі ине мен жіпті басқаруды үйренуден басталатын. (Ең алғашқы қарапайым
тігін машинасы XVIII ғасырда ІІ жартысында ойлап табылған, тек қана 1845
жылы американдық Э. Хоу жетілдірді). Сонан соң ғана балалар күрделі пішу
өнеріне өтетін болған. Әсіресе XIV-XVII ғасырларда тоқу ауыр еңбек еді. Қыз
балаларды арнайы шеберзаналарда шілтер тоқуды, кестені жеңіл маталардың
үстінде тоқуға үйрететін. Сабақ ауыр және ұзақ жүретін. Үйренудің соңында
оқушыға толық бір костюмді өзі пішіп, тігіп шығарғаннан кейін ғана
шебер деген атағын беретін болған. Барлық кәсіби шеберханаларда ол
“дипломдық жұмыс”, “ең үздік” деген атақ алған. Сонан соң қожайынның қол
астында жұмыс істеп, жеке меншік ісін ашуға немесе бір қамалдан екінші бір
қамалға өтіп кезде тігінші атанып, танымал мырзаларға өзінің қызметін ұсына
алатын болған.
Келе-келе киім өңдірісінің жүйесі күрделеніп, XVIIІ ғасырда алғашқы сән
ательесі пайда болды. XIX жүз жылдықта Чарлз Ворт алғаш авторлық
коллекцияларды кіргізді. Болашақ мамандарды тиянақты оқыту қажеттігі туды.
Негізгі оқыту орталықтары Франция және Ұлыбритания болды. Бесаспап тігін
машиналары шыққан соң, оларда тігу өңай болғандықтан, ХІХ ғасырда тігінші
әйелдер көбейді. Бірақ дизайнер атағына бұрын белгілі шебердің қол астында
істеген қазір ательенің қожайыны болып отырған адам ғана лайықты болған.
Ресейде ХІХ ғасырдың 70 жылдарында Москва тігіншілер мектебін О.А. Суворова
басқарған. Кейінірек жаңа костюм шеберханасын ашқан Надежда Ламанова да сол
мектепті бітірген. 1936 Н.А. Косыгин атындағы Москва тоқыма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизайнның даму кезеңін сипаттау
Дизайн өнерінің даму тарихы
Фантастикалық стильдегі цирк костюмдерінің ерекшеліктері
ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ СТИЛЬДЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ
Интерьер дизайны
Мектепте Дизайн өнерін оқыту
Дизайн және этнодизайн
Батик техникасында жасалған аксессуарлар
Дизайн тарихы және теориясы
Киіз басу технологиясының жетістіктері
Пәндер