Кілем тоқу әдіс - тәсілдері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
I. Қазақ кілемдері
1.1. Кілем түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2. Тақыр кілем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Түкті кілем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2. Гобелен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.2. Гобиленнің даму
үрдісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..24
3. Технология пәнін оқыту әдістемесі
3.1. Оқушыларды қолөнерге
баулу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6
3.2. Технология пәнінде кілемше тоқу
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
3.4. Кілем тоқу әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...58

Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткендей Халықтың
дәстүрлі рухани байлығының түпнұсқасын ұрпаққа үйрету бүгінгі заманның
міндеті дегендей. Қазіргі мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас
ұрпаққа ұлтымыздың ғасырлар бойы ой елегінен өткен салт-дәстүрін, ұлттық
руханият мұрасы, қолөнерін халықтық педагогика негіздеріне сүйене отырып
еңбек - ерік пен мінезді тәрбиелеудің тамаша құралы. Еңбек - қуаныш пен
шаттықтың көзі дегендей - бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес, бүкіл
қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс екені бәрімізге мәлім.
Сондыктан қазіргі күрделі заманда арқа сүйер жалғыз ғана құдірет, жастарды
тәрбиелеудің пәрменді кұралы халық педагогикасы болмақ. Қолөнер
туындыларының жасалу жолдарының әдіс - тәсілдерін меңгертіп, рухани
дәстүрімізді одан әрмен жалғастыру бүгінгі таңдағы халқымыздың алдындағы
тұрған бірден-бір міндеті болмақ.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Жастар тәрбиесіне арқау болып отырған
ұлттық қолөнер -бұл күнде бүкіл қоғамымызға ортақ, кешегі ата-бабамыздан
мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы ретінде қарастырып, оқушыларды
қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық
тәлімнің сыры мен ерекшелігінің неде екендігін және де салт-дәстүрін ұлттық
қолданбалы қолөнерге үйрету аркылы тәрбиелеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Халқымыздың ежелден дәріптеп, қастерлеп келген
ұлттық қолөнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани
көш-керуеніне ілестіру. Ата-бабамыздың еңбек жолын көз алдымызға келтіру
арқылы, кейінгі ұрпақты салт-дәстүріміздін мәңгілік жалғастығының алтын
қазығын үйретуге бағыттау.
Зерттеу жұмысының міндеті: Қолданбалы қолөнерінің материалдық мазмұны мен
эстетикалық талғамының қалыптасуын тілдік табиғаты мен халықтың
танымын, оның

рухани өмірін салт-дәстүрін сипаттай отырып жас ұрпақты тәрбиелеуге
негіздеу.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Қазіргі өмір талабынан туындап отырған жаңашыл
заманында бүгінгі мектеп оқушысының ой-қиялы ғылыми-техникалық прогреспен
бірге күн санап өсуде. Сондықтан еңбек пәнінің ғылыми дәрежесінің неғұрлым
жоғары болуын қамтамасыз етуіміз керек.
Іс-тәжірибелік талабы: Қазіргі кезде мектеп, жоғары оқу орындары халық
педагогикасын кеңінен қолға алуда. Қазақ халқының қолөнері қазақ, орыс
тілдерінде әдістемелік құрал ретінде жарық көрді. Жұмыс барысында жасалған
бұйымға халықтың бедер түсіру үшін ою-өрнектің бөлшегін пайдаланған.
Дипломдык жұмыстың мазмұны мынадай тараулардан тұрады:
Шығыс кілемдері оның ішінде қазақ колөнерінің бір түрі түкті, тақыр
кілемдер туралы кілемге түсетін ою-өрнектер жайлы мәліметтер берілген.
Гобеленнің шығу тарихы мен даму үрдісі сипатталған.
III. Оқушыларды еңбекке технология пәнінде баулу
әдістері қарастырылған.

I. Қазақ кілемдері
1.1. Кілем түрлері
Кілем өнімдері өткен замандарда қазақтардың тұрмысында үлкен маңызға ие
болған. А.А. Богалюбов ел туралы былай жазған: "Көшпенділер үшін кілем
қажет зат, онсыз бай да, кедей де тұра алмайды. Кілем мен қомша (киіз) ең
алдымен киіз үй құрылысына қажет заттар". Қазіргі кезде де ата-баба дәстүрі
кең жайылып, ауыл тұрғындары арасында тараған. Кілем пайдаға асыру мен
әсемдеу заттардың бірден бірі. Тоқылған кілемдер түкті және тақыр болып
бөлінеді. Ең көп еңбекті қажет (талап) ететіні түкті кілемдер. Тақыр
кілемдер өрнегі арқаудың түсті жіптері мен негіздің бір түсті жібімен
өрілуі арқылы жасалатын бірқабат мата болып табылады.
Көп жылдық этнографиялық зерттеулер түкті және тақыр кілемдердің түрмыста
қолданылған анықтауға мүмкіндік береді.
Түкті кілемдер оңтүстік Қазақстанда, Сырдария өзенінің бассейіні бойынша
жерлерде (Қызылорда, Шымкент, Тараз) жасалады.
Қаратаудың солтүстік жағында тақыр кілемдер өндірісі орын алған (Орал,
Ақтөбе, Қостанай, Торғай, Қарағанды, Жезқазған).
Кілем тоқудың шектеулі аудандардың тұрмысы қазақтардың экономикалық
тұрмысымен түсіндіріледі. Түкті кілемдерді тоқу көп уақытты қажет
етпегендіктен, отырықшы аудандарда кең тараған. Тәжірибелі тоқымашы бір ай
ішінде (күн сайын 7 сағат бойы) шағын 1,5x2 м түкті кілем тоқи алады.
Әдетте кілемдер 2,5-Зх4-5м көлемінде жасалған. Әрине, мұндай қиын жұмыс
тұрақты бос еңбек үшін және біраз отырықшылдықты талап ететін. Мұндай
жағдайлар отырықшы оңтүстік елдерде (мекендерде) болған. Ерлер егін салумен
айналысқанда, әйелдер бос уақыттарын үй шаруасымен өткізген.
Басым жерлердегі көшпелі өмір сүру салты бос уақытпен қамтамасыз етілмеген.
Түкті кілем тоқуға жағдай болмаған. Бар уақыт кезінде әйелдер бау, басқұр
т.б. ұсақ заттар тоқитын.
Өткендегі кілем тоқу дәстүрлері, өндірістік ерекшеліктері бүгінгі күндегі
ұрпаққа жеткізіліп, қолданылып келеді.
1.2. Тақыр кілем.
Қолдан кілем тоқу — халықтың көне көркем кәсібі — адамзат баласы
талшықтан иірілген жіп пен мата өндіруді игергеннен бастап өмір сүріп
келеді. Кілем тоқу мәдениеттің көнелілігі туралы мұражайларды, көркем
қорларда сақталған кілемдер, сонымен қатар тарихшылар мен этнографтардың
жазбалары мәлімет бере алады. Бізге жеткен әдеби деректер бойынша түкті
кілемдер жасау Орта Азия мен Қытайда кең дамыған. Ең көне түкті кілем
(б.з.д. V ғ.) 1949 ж. Алтайдағы бесінші Пазырық қорғанындағы қазба
жүмыстары кезінде профессор Руденкомен табылған кілем 2500 жылға жуық мұз
астында жатқанына қарамастан ешқандай бүлінбеген; қазіргі кезде ол "Санк-
Петербург" Мемлекеттік эрмитажында сақталуда. Бұл кілем өлшемдері 183x200
см, тығыздығы 1дм2, 36000 түйін. Кілем өрнегі жаяу адамдар мен аттыларды
бейнелеген көмкершелерден тұрады. Соңғысы өз кезегінде әшекейлер қатарымен
өрнектелген, қимамен жиектелген. Вавилондықтар мен ассириялықтар кілем
шеберлері ретінде танымал болған. Ассирия (Ниневия қаласы) бізге мәрмар
плитадағы барельефтер жеткен; олар бойынша лотос гүлдері, әшекейлер басқа
да ұсақ уәжді өрнегі бар кілем суреттерінің сипаты туралы түсінік алуға
болады. Парфян мемлекетінде кілем тоқу өнері Ашхабад қаласынан батыс жақта
жүргізіліп жатқан археологиялық қазбаларды дәлелдейді. Көне әдебиеттерде
Ахеменидтер династиясының негізін қалаушысы (б.з.д. У-УІ ғ.ғ.) Кирдің
бейітін қазған кезде "Пазаргадта" Александр Македонскийдің бейіт ішінен
жұқа кілемдер тапқаны туралы айтылады. Кинофонның айтуынша Сардис қаласында
парсы патша сарайына арнайы кілем шығаратын фабрика болған. Гомердің
"Иллиадасында" келесі сөздер кездеседі. "Солай деп, ол оларды түрлі-түсті
кілемдермен төселген төсекке әкеліп жатқызады". Б.з.д. ІІ-ІІІ ғ.ғ.
Александрияда, Грецияда, кейіннен Римде де бағаланған түкті кілемдер
жасалған. Сақталған әдеби деректердің айтуынша түкті және түксіз кілемдерді
тоқу Орта Азия және Кіші Азия, Қытай, Кавказ елдерінде кең дамыған, бұны V,
VІ, XII, XIII, XV ғ.ғ жататын кілем өнімдері фрагмент түріндегі түрлі
археологиялық заттар дәлелдейді. Бұл көне заттар бізге әлі де беймәлім
заттардан кейін жасалғанына күмән жоқ. Алайда кілемдердің осы үзінділерінің
өзі біршама қызығушылықтар тудырады, себебі олардың өрнектелуі мен жасалу
техникасы түрлі халықтардың өзара мәдени байланысы мен қол өнерінің аталған
түрінің дамуына түрлі әлеуметтік-экономикалық формациялар тигізген ықпалы
туралы бізге бірқатар мәлімет алуға мүмкіндік береді. Көне Қытайда
көркемдігі мен жасалу техникасы бойынша ерекшеленген түксіз мата өнімдері
—кэсалар, яғни кесілген жібек жасалатын. Оның атауы өрнектің жеке
деталдарын жасауда сурет пен негізгі жіптер арасында пышақпен кесілгендей
тесіктердің қалып қоюымен түсіндіріледі. Хғ. Кейінгі ғасырларда да кэсалар
Чэнду (Сычуань мекені) қаласында өндірілген болатын. Кэсалардың өрнегі
негіз жіптеріне салынған түрлі түсті жіптер көмегімен жасалады, сонымен
қатар өрнекте алтын және күміс жіптер пайдаланған. Олар императордың
салтанатты киімдерін жоғарғы лауазымды тұлғалардың киімдерін, қабылдау
бөлімдеріндегі керегелерді әшекейлеу, асыл тастарды суреттерді орауға
арналған. Араб тарихшылары мен этногрофтарының мәлімдеуінше, кілем тоқу
өнері көптеген елдерде дамыған болатын. Мысалы, араб тарихшысы Табари (Хғ.)
18x18 м. көлемді "Хұсырау көктемі" аталатын Ирандық кілемді сипаттайды.
Кілемде гүлденген бақ, ағаштағы құстар мен шағын су қоймаларын біріктіретін
ұсақ бұлақтар бейнеленген. Кілемді жасауда жібек, алтын, күміс жіптер мен
асыл тастар қолданылған. Бұл кілем Сасанид патшасы Хұсырау I Ануширванға
арналып жасалған.
Араб мәліметтерінің айтуынша Арменияның көне астанасы — Двин Х-ХІІ ғ.ғ.
әсіресе қызыл түсті кермес деп аталатын кілемдермен әйгілі болған.
Түкті кілемдер Арменияның Бағдад Хамифтеріне әкелінген сыйларының ішіне
кірген. Хғ. Армениядан Бағдатқа 400 жылқы, 30 000 динар және жеті армян
кілемі жіберілгені мәлім. Сол кілемдердің біреуі 18x18 м. жуық көлемге ие
болған, бұл кілемді Армян қол өнерлері 10 жыл тоқыған. ХІІІғ. Араб
этногрофының еңбектерінде бүкіл әлем елдеріне тартылатын Түркімен кілемдері
Ақ-сарайда жасалған деген мәлімет бар.
Парсы елінде, артынша Орта Азияда (Анатолы) болған Венецияндық саяхатшы
Марко Поло 1271 жылы жазған: сел жүктер мекенінде әлемдегі ең жүқа кілемдер
тоқылады. Одан кейінгі араб географы (ХІУғ) Анатолыда аралап, өзі көрген
кілемдерді мақтайды да, оларды Мысыр, Сирия, Ирак, Иран, Үндістан, Қытайға
апаратынын айтады. ХУІ-ХУП ғ.ғ. қолдан кілем тоқу Кушандағы Таммаш шах
сарайында (Иранда) және сол кездегі Парсы елінің астанасы Исфахандағы Аббас
шах сарайында кең дамыған.
Кілемдер Тебриз, Кирман және Герат шеберханаларында жасалып жатты. Бұл
қалалар Шығыстың көркем күштерін жинаған ірі өнер орталықтары ретінде
танылған. Сол кездегі Ирандық түкті кілемдер суреттерінде қолөнер минатюра
живописінің көрнекті тәсілдері қолданылады. Сарайда мақсаттарына сәйкес,
шетел елшілеріне арналған сыйларына арнайы жібек және алтын кілемдер
жасалады. Сол кездегі кілем өндіру Үндістандағы Ұлы Моғалдар сарайында да
кең дамыған. Европа елдерінің Шығыс елдерімен жасаған сауда қатынастары XIV-
XV ғ.ғ. Европалық қолөнерінің сипатына өз ықпалын тигізді. Іскер
саудагерлер Шығыстан Францияға, Италияға, Испанияға, Англияға, Ресейге
түрлі заттар, солардың ішінде кілемдер де бар, апарып тұрған. Олармен
әкелінген ертеректе жарықтардан олжа ретінде тиген Шығыстың өнер туындылары
сол кезде Европада тез дами бастаған өнер мен қолөнердің көркем бағыттарын
анықтаған болатын. Шығыс елдерінде жасалған кілем бұйымдары мен кілемдердің
өрнектері мен композициялық (Фломандық, Венецияндық, Нидерландық, Испандық)
амал-тәсілдері ХІV -ХVІ ғ.ғ. ең шебер суретшілермен пайдаланылған. Бізге
Рафаэль, Тициан, Рубинс, Якоб Иорданс және т.б. суреттері бойынша
орындалған күрделі сюжеттік композицияны қамтитын, керегелерді
әшекейлендіруге арналған фламандық шпалелар жеткен. XV ғ. ортасы мен XVI ғ.
Гент, Куртрэ және Брюге өнімдері, сонымен бірге маталар мен гобелендер
үлкен сұранысқа ие болған. Бельгиялық тоқу өнеркәсібі кесілмеген ілгекті
қолдан тоқылған брюссельдік кілемдермен танымал болған. Бұл кілемнің
атаулары күні бүгінге дейін сақталуда.
Оденарда қаласында жамандық шпалералар және гобелендер деп аталатын
жапырақты суреті бар кілемдер мен шпалералар жасалады. Голландияда қолдан
кілем тоқу ертеден-ақ дамыған. Девентер және Поттердам қалаларындағы кілем
шеберханалары шығыс кілемдері колористикасы мен суреттері бойынша түкті
кілемдер тоқыған. Сонымен қатар кілемдер Гаога қаласындағы фабрикада да
тоқылған, кейіннен ол Девентер және Поттердам көсіпорындарымен бірігіп,
қазіргі кезде де сол атпен өмір сүріп келе жатқан. "Біріккен корольдік
кілем фабрикалары" фирмасын құрайды. Францияда XV ғ, Парижде кілем және
шпалер шеберлерінің қатары түзіледі. 1640 жылы Луврда гүлді өрнектері бар
түкті кілемдер өндірісі басталады. Бұл кілемдер керегелерге ілінуге
тағайындалған. Франциялық кілемдер мен кілем бұйымдары жасалу техникасы мен
құрылымы бойынша түрлі болып келгенімен суретінде өрнектерінде ХVІІ-ХVШ
ғ.ғ. Францияның көркем стилі мен талғамын береді, жеткізеді. Англияда
кілемдерді тоқу өнері XVI ғ. теңізші саудагерлермен енгізілген болатын.
Олар алыс саяхаттарынан Отанына оралғанда Кавказдық және Ирандық кілемдер
ала келетін. Ағылшын өндірісіндегі жұқа кілемдерде иральдикалық, яғни
елтаңба (герб) бейнесіне негізделген, гүлді өрнектерді қамтитын стиль басым
болған. Кейіннен сипаты жағынан Шығыс елдерінің кілем өнімдеріне жақынырақ
келетін жаңа стиль пайда болуы XVIII ғ. жатады. Алғашқы кілем фабрикалары
1151 жылы Англиядағы Киддер министр қаласында 1755 жылы Аксминстерде, ал
кейіннен Уилтонда құрылды. Бұл қалаларда өндірілген кілемдер
Киддерминистерлік Аксминстерлік және Уилтондык кілем тарихы бойынша біздің
қарамағымызда мәліметтер аз, көне кілем үлгілері де аз сақталған. Олар
Геральдикалық кілемдер тектес болғанымен, арабтардан қабылданған Шығыс
өрнектерінің ықпалының болғаны күмәнсіз. Андалузия мен Гренада мекендері
шығыс уәжі мен өзіндік ерекшеліктерін қамтитын Испандық ұлттық суреттері
тіркескен кілемдермен әйгілі болды. Алтын және күміс жіптері қосылып қолдан
тоқылған. Польшалық кілемдерде біршама танымал болған. Сонымен бірге
олардың құрылымында қызыл қоңырқай, алтын түстері басым болған кілемдер де
белгілі. Ресейде 1607 жылдан бастап Мәскеуде шпалерлар жасайтын
шеберханалар болған. 1716 жылы I Петр бұйрығы бойынша Яков Лефорт сарай
жанынан шеберханалар ұйымдастырған, кейіннен императорлық шпалералық
мануфактура құрған болатын сюжеттік тақырыптық шпалера үлгілері
Ленинградтық Мемлекеттік эрмитажда сақтаулы. Орыстың шпалералары сарай
бөлмелерінің ішін жиһаздандыру қызметін атқарушы тоқылған суреттер
шпалераның ең алдыңғысы (1722) атты I Петр бейнелейді. Ол кереге кілемдері
шебері атанған I Петр ұйғарымы бойынша Бове қаласынан шақырылған француз
шебері Бехильмен жазылған болатын. Басқа шпалералардың мазмұны грек және
рим мифологиясы мен тарихынан алынған: олар Апполон мен Диананың тууын,
Александр Македонский өмірінен көрініс т.б. сюжеттерді бейнелейді. Жасалуы
бойынша ең жұқа болып I Петрдің түкті жібек кілемі табылды, ол саятшылық
көріністерін бейнелейді, көлемі 293x323 см., тығыздығы 1дм2 , 12700 түйін.
Сонымен қатар алтын және күміс жіпті жібек кілемдер Үлкен Кремль сарайының
Мәскеулік Гранатовая Оружейная палаталарының қабылдау бөлмелерін
безендірген. Ресейдің Кавказ және Орта Азия елдерімен байланысының даму
үрдісіне қарай (ХУІІ-ХІХ) сол кезде әлемге танымал бұл халықтың көркем
бұйымдарын әсіресе кілемдерін Ресейге әкелу мен тысқа экспорттау маңызы
ұлғая берді. Кілемдерді қолдан тоқу және жартылай қолдан тоқу әдісі —
Ресейде XIX ғасырда-ақ орын алған. Завидов, Курск, Воронеж, Шадринск,
Дубовка т.б. қалалар мен ауылдардағы кілем фабрикалары белгілі болған.
Дәстүрлі суреттерді толықтырып, жаңартып, шеберлер ұлттық кілем өрнектерін
жетілдіріп, қолданбалы көркем өнерінің классикалық туындыларын жасап
отырған. Қазіргі кезде кілем тоқу өнері ерекше композициясымен, өрнекті
уәждің шебер стильденуімен және үйлесімділігімен көзге түсетін суреттермен
сипатталады. ТМД елдері мен басқалары да кілем бұйымдарын жасай отырып,
тиімді ерекшеліктерін: пішім және ритм (ырғақ) әсемділігі, бояулардың
тазалығы мен үйлесімділігі, маталардың асылдығы шебер біріктіреді. Кілем
тоқу шеберлері кілем және кілем бұйымдарын көркем бейнелеудің түрлі
композициялық, өндірістік амалдарын, тәсілдерін жетілдіреді. Қолдан кілем
тоқумен қатар механикалық кілем тоқу да даму үстінде. Соңғысы еңбек
өнімділігіне, жоғарылығына қатысты тиімдірек. Қолдан кілем тоқитын кілем
шебері орта есеппен алғанда 7 м 25 күн (мата тығыздығы мен суреттің
композициялық күрделілігіне байланысты) тоқиды. Ал машина көмегімен
тоқылған еңбек көлемі бір жұмыс кезінде-ақ 23-30 м2 түрлі түсті өнім,
өрілмеген әдіспен 400 м2 біртүсті өнім шығаруға болады. Алайда тоқу сапасы
мен сурет күнделігі бойынша қолдан тоқылған кілемдер жоғарырақ, сондықтан
олардың былғары да 2-3 есе жоғары.
Жоғарыда түйілі айтылған мәліметтерге сүйене келе ойымызды түйіндесек,
әлемдегі ең көне кілемдер Алтай тауындағы Пазырық, Бес шатыр қорғандарында
және Гобби шөл даласында табылған. Б.э.д. VІ-IX ғ. жататын түкті және тақыр
кілем үлгілері болып табылады.

1.3. Түкті кілем
Қолдан тоқылған түкті кілемдер өзінің құрылымы бойынша көп қабатты
өрілген мата тектес. Соңғысы жіптердің үш жүйесінен тұрады: желі жібі,
кілем желісін құрушы жіп, түрлі түсті түкті теретін жіптер, арқау
жіптерінен желі жіптеріне бір-біріне тығыз орналасқан иірілген жіптің жеке
түкті түйіндері тігінен бекітілген. Белгілі биіктікке дейін оң жағынан
қырқылған түйіндердің ұшы матаның кілем желісі тасалайтын түкті жамылғы
жасайды. Өрнек түрлі түсті түкті иірілген жіптердің белгілі тәртіппен
кезектесуінің негізінде пайда болған. Қолдан тоқылған түкті кілемдер мен
кілем бұйымдары оларға салмақты қалындық, мамықтық және қолданыстағы
жоғарғы тозбаушылық беретін қалың түкті иеленеді.Түк биіктігі бойынша
қолдан тоқылған кілемдер төмен түкті (3-5мм.) және биік түкті (7-11мм.) деп
бөлінеді. 15-18мм. бикітігі бар түкті кілемдер кездеседі. Төмен түкті
кілемдер мен кілем бұйымдары жоғарғы тығыздықты (1дм2 ішінде 2500 ден 10
000 дейін түйін) матадан жасалады. Олар әдетте кереге, жиһаз жабуға
арналады: төсек жаны кілемдер, дастархан, кереге кілемдері және т.б. Мұндай
кілемдердің жалпы ауданы 0,5-2,5 м2, орта көлемдері 100x60,
135x70,100x90Д80х100см. Биік түкті кілемдер жерге төсеуге арналған. Олар
тығыздығы 1дм2, 800-2400 түйін құрайтын матадан жасалады. Мұндай
кілемдердің жалпы ауданы 3-20м2, сонымен қатар ені мен ұзындығы арасындағы
айырмашылық 1м-ден аспайды. Мысалы: 350x250, 370x270, 400x300, 500х400см.
Қолдан тоқылған түкті кілем немесе кілем бұйымдарының 1м2та салмағы 2000-
4000г. Л.М. Леваннің баяндауынша түкті кілемдер мен кілем бұйымдары қолдан
тоқылғандықтан сапалы, өнімімен болады, олар ескермейді, уақыт өте баяу
беріктілігі пайда болады. Түкті және түксіз қолдан тоқылған кілемдер мен
кілем бұйымдары тігінен және көлденеңінен орналасқан кілем тоқу
станоктарында тоқылады. Соңғылары екі бүйір тіреуден, оларды
байланыстырушылардан және екі біліктен немесе негіздің жіптерін тарту үшін
екі біруыстан тұрады. Анағұрлым төменгі және жоғарғы құрылғылары бар
жетілген станоктар да кездеседі. Мақта-маталы негізді дайындау кілем тоқу
станогында негіздің жіптерін төменгі және жоғарғы көлденеңнен орналасқан
төсеу ағашқа үздіксіз орау арқылы немесе тәсілдерімен жүреді. Түкті
кілемдер мен кілем бұйымдарын жасау кезде түкті жіптерді желі жібіне тіркеу
үшін түйін байланады. Түйіннің екі шалысы бар: қос — гиордес және алды-
солды шалыс әдісі - қолдан түйін байлау процессі түкті жіпті әперу, түйінді
байлау, тарту және үштарын кесуден түрады. Түйін саусақпен ілгіш пышақ
көмегімен байланады. Түйіндердің әр қатарынан кейін арқау жібі жіберіледі.
(бір немесе екі үшы) Зев негізді қолымен басу және адырғы ағаш планканы
жылжыту немесе арнайы механизм арқылы пайда болады. Арқауды салғаннан
кейін, оның үстіне темір тісті тоқпақпен түктерді қағудан пайда болған
үзіктен арқауды сақтау үшін мақта-мата жібі салынады. Содан кейін арқау
жіпті алып түкті түйіннің шығып түрған үштарын көмкерлеуді бастайды.
Савонари типтес кесілген түкті Француз кілемдері тоқу техникасы бойынша
шығыс елдерінің кілемдеріне ұқсас келеді. Айырмашылығы мынада ғана желі
жібі кілем шалысына (теру жіптері) ұштары бар шыбық тартылады. Түкті
түйіндер қатары аяқталған кезде ұшталған шыбықты суырып алады, сол кезде ол
түкті кесіп өтеді. Мұндай кілемдерді өндіру өндірістік маңызға ие емес,
бірақ бір қызығы, бүл кілемдерді тоқуда қолданылатын шыбықтың көмегімен
түкті кесу әдісі кілем тоқушы шыбықты машиналар жасап шығарумен тоқуға
негіз болады. Түксіз кілемдер мен кілем бүйымдары суреттері арқау мен желі
жібі қосу түрлі түсті жіптерінің өрілуі арқылы пайда болатын бір қабатты
маталардан жасалады. Оларға палас килим (кілем) шпалералар, сумахи жатады;
ал екі кілем бұйымдарынан ямани, думи, варни шадда, зили т.б. кездеседі.
Паластарда арқаудың түрлі түсті жіптері өзара байланыспаған, сол себепті
сурет бойынша саңылаулар пайда болады. Түксіз бір жақты француз кілемдері
(шпалералар немесе гобелендер) қызықты ерекшелікке ие: олар төменнен
жоғарыға емес, солдан оңға қарай, желі жібі жіптерінің орналасу бағытына
қарай тоқылады. Тоқудың мұндай әдісі негізінде суретте тура сызықтар
аз болып, олар кезіккен жерде, кілем матасында желі жібі
жіптері бағытына қарай сызықтар қалып қалды. Оларды кейіннен дайын кілемде
қолымен тігу қажеттілігі туындайды.
Сумахи типтес бір жақты маталарда өрнек жасаушы иірілген жіп өріммен
жасалады. Нәтижесінде желі жібі өрілмеген жіп бөліктері пайда болады, ол
ұзындығы 5-10 см. түрлі түсті жіптердің жеке ұштары матаның теріс жағына
өздігінен түсіп отырады. Сумахи килим мен паласқа қарағанда әлде қалай ауыр
болып келеді.
Осы көзқарасты ұсынып отырған Л.М. Левин, В.И. Свердлиннің пікіріне қосыла
келе Жұмахан Орымхан "Қазақ ханымы жоғары оқу орны компаненті" атты
инновациялық оқу бағдарламасының "Қолданбалы қолөнер": кілем тоқу әдіс-
тәсілдері бөлімінде төмендегідей анықтама береді: Желі жібін өрмек ағашқа
тарту арқылы еніне байланысты пайда болады, кеңістікті кілем желісі деп
атайды. Жілі жіптерін адырғы ағашына теру арқылы желі жіптері екі қатарға
үстіңгі, астыңғы деп екіге бөлінеді. Қазақ қолданбалы қолөнерінде астыңғы
қатардағы жіптерді ұрғашы жіп деп, үстіңгі қатардағы жіптерді еркек жіп деп
атаған. Осыған орай басқа халықтарда да мысалы: Грузия халқының кілем тоқу
өнерінде. Осы атаулар Санка — Самец деп аталады. Осы анықтамаға сүйене келе
кілем тоқу өнері көне заманда бір халыққа тән дүние болып танылған. Яғни ең
көне кілем түрлері Алтай тауынан таралады деген тұжырымдама жасалынған.

2. Гобелен.

1601 жылы Фламандық Француа де ла Планш Париждің түбінде орналасқан
Гобель деген отбасыларының жүн бояитын шеберханасын сатып алды. Осының
орнынан кілем (тақыр) тоқитын шпалера мануфактура Франция корольдігінің
кілем шығаратын мануфактурасына айналды. Осы жерде шыққан кілемдер әлемнің
жан-жағында үлкен сұранысқа ие болды. Мануфактураның аты сол Гобельдер
отбасының атымен аталып кетті. Осы кездерден бастап тақыр кілемнің бір
түрлері Гобелен деп аталып келеді.
2.1.Көне заман гобелендері
Шпалера — Италян жеріндегі ағаштан жасалған кереге-тор (решетка). Есіктің
алдындағы гүл өсіруге арналған шарбақ. Заман өзгере келе кілемге түсетін ою-
өрнектер гүлді болуына байланысты, сол кереге-тор көздің аты шпалера болып
кілемге ауысып түскен.
Мильфлер — Францияның Турени қаласында ХV-ХVІ ғасырлары аралығында тоқылған
кілемнің түрі "de mille fleures" — мағынасы мың гүл. Көкшіл жасыл және
қызыл кілем кеңістігінде шашыла орналасқан гүлдер бейнесі. Ж9махан
Орымханның анықтамасы бойынша Турени сөз түбірі тұру деген түркі сөзі көне
түркі халықтарының Еуропаға қонысталғанымен байланыстырады. "Мille" — деген
сөз түркілердің мың деген сөзі, " fleures " — "fleu" — гүл осылай болады
деп дәлелдейді. Біздің заманға жеткен осы кілемдер түрлері Париж қаласының
Клюни деген мұражайындағы жалғыз мүйізді тұлпарменен "бикеш" деп аталатын
XV ғасырда тоқылған. "Ақсүйектілердің" өмірінен атты кілем. "Ақсүйекті
бикештің шомылуы" атты кілем.
Аррасы — Фландриядағы Аррас атты қаладағы қілем тоқу орталығымен
байланысты. Ағылшындармен, француздардың арасындағы соғысқа байланысты.
Париждің кілем тоқығыш шеберлерінің қоныс аударуына байланысты, Аррас
қаласындағы шеберлеріне қосылып осы кілемнің сарындық қасиеттеріне үлесін
қосты. Әлемнің кез-келген жерлерінде Польша, Италия жерлерінде осы уақытқа
дейін осы кілем үлгілері осылай аталады. Жігіттің бикешке өз жүрегін ұсынып
тұрған сюжетті кілем біздің заманымызға дейін жетті (1410ж.).
"Раушан гүлін ұсыну" атты кілем — 1422-1461 жылдар аралығында Франция
короліне тарту ретінде тоқылған. 1477 жылы Людовик XI Аррас қаласын жаулап
алып шпалера шеберханасын жаптырған.
Вердюры—XV ғасыр аяғында Еуропадағы жаңа дәуірлеу замаманына байланысты
табиғаттың көріністерінде кілем түрлерінен орын ала бастайды. Кілемнің
аталуы "Verdure" Француз тілінде жасыл өсімдік.
XVI ғасырда Фламанд жерінде Ауденарда қаласында тоқыла бастайды, ал XVI-
XVII ғасырлар аралығында Брюссел шеберханаларында да тоқылады. XVII- XVIII
ғасырларда Франциядағы Бове қаласындағы мануфактурасында осы кілемнің
түрлерінде шығара бастайды. Кілем көшенінде көлшіктер, ағаш көріністері,
аққу көкқүтан сияқты қүстар, аң-жануарлар бейнеленген.
Гротеск— француз тіліндегі "grotesque" — таңғажайып. Рим қаласында XV
ғасырда қазба арқылы табылған үңгірлердің қабырғасында салынған бейнелерден
таңғажайып атты деген сөз шыққан. Сюжеттері адам бейнесінің аяқ
жағы сәулет өнерінің діңгегіне айналуын не болмаса жылан құйрықты құс
қанатты, әйел-ер адамдардың бейнелері. Осы сияқты тағы басқа ғажайып
көріністерді бейнелеген. Бұл кілемдердің түрлері 1680-1700 жылдар
аралығында шығарылып түрған. XVIII ғасырда осы кілемнің түрлерінің жиек ою-
өрнегіне қытайлықтық бейнелері орын ала бастаған. Осы сарынды француздар
"шинуазри" деп атаған, осыған орай француз түрінде "шин" деген сөз пайда
болған.
Вандтапейты— XVI ғасыр шпалера шығару орталығы болып Фландрия табылады. Осы
жердің шеберлердің қолынан тоқылып шыққан кілем үлгілері Еуропаның кез-
келген жерінде үлкен қүрметпен қасиетке ие болған. Кілемнің сюжеттері
салтанатты көріністерді бейнелеген. Дауыт патшаның өмір көріністерін
бейнелеген.
Тепистри—1619 жыл. Ағылшын королі Яков I ізгі ісіменен Мортлейне қаласында
Лондон түбінде Фламанд жерінен қоныс аударылған тоқымашылар бастап шпалера
тоқитын мануфактура ашылады. Келе-келе оларға да жергілікті тоқымашылар да
қосыла келе королдік мануфакртураға айналдырылады. "Теңіз толқыны",
"махаббат толқыны" атты кілем және "Геро және Леандр" атты көп кілем
түрлерінің үлгісі тоқылған (1630-1632ж.ж.).
Француз гобелендері— 1667 жылдан бастап Планш сатып алған мануфактура
көптеген тағы да басқа шпалера тоқитын кішігірім үжымдарды біріктіріп
королдің гобелен тоқитын мануфактурасына айналдырылды. Бүл мануфактураны
Шарль Лебрент атты (1619-1690) кісі атқарды. Ол сол уақытта кесіндеме
академиясының президенті және королдің жеке басының суретшісі атағы бар
болатын. Гобеленнің тоқылуына, дамуына, шығуына осы кісінің
атқарған міндеті орасан зор. Осы мануфактурада муза төрт шумақ өлең жыл
мезгілі тағы басқа көптеген гобелен түрлері шыққан.

2.2. Гобиленнің даму үрдісі
Немістің сюжеттік кілемдері көне тегіс сюжеттік кілемдерге анықтама
ретінде, жалпы алғанда "шпалера" ұғымы алынады. Ол гүлдерге арналған тордың
итальян тіліндегі мағынасынан жасалады. Одан кейінгі атаулар кілемдердің
шығу жерлерін, сюжеттерін, басқа да себептерін белгілеуші ретінде пайда
болған.
Сақталып қалған Еуропалық шпалералардың ең көнелері неміс шпалералары.
Олардың біразы ғана сақталған. Олардың ішіндегі айтарлықтай қызығушылық
тудыра алатындары — Хальберштадтық шіркеудегі XII ғасыр ортасындағы
"Періштелер" мен "Апостолдар" және 1200 жылғы "Карл".
Германияда көбінесе манастрь мен шағын шеберханаларда тоқитын. Сол себепті
тоқымашылар суретшілердің қызметін қажет етпейтін.
Станоктар біз жұмыс істей бастаған (шегесіз) жетілдірілген рама ретінде
беріледі. Тігіннен келген станоктар "готлис", ал күрделірек келген көлденең
станоктар "баслис" деп аталады.
Орта ғасырларда Еуропаның оңтүстігінде керегелер фрескалық
кескіндемелерімен (живопись) әшекейленген, ал солтүстік жақта оларды
шпалералар ауыстырған. Алғашында кілемдер сюжеті керегелік суреттерден
алынған.
Орта ғасырлық қорғандарда шпалералар бір керегеден екінші керегеге
өтетіндей бүл ретінде ілінген. Оларды жатын бөлмедегі далда (балдахин),
үлкен залдардағы шымылдық ретінде қолданған.
Сондықтан ерте кездегі шпалералар үлкен көне шиыршықтарға ұқсас келген.
Шпалераларда библия сюжеттері жиі қолданылады. Алайда, жалпы алғанда, олар
живописьтегідей маңызды рөл атқармайды.
Эрмитаждағы "Аластол Фома және Матвей" неміс шпалерасының мағын үзіндісін
XV ғасыр соңына жатқызады. Бұл ұзын енсіз кілемнің сол жақ бөлігі мұндай
шпалералар әдетте шіркеудегі орындықтардың арқасын әшекейлеген.
"Апостолдар" — ертедегі шпалералық шығармашылықтың сипатты үлгісі.
Фигуралар (түлғалар) орта ғасырлық иерархияны сақтау арқылы берілген.
Апостолдардың есімдері нимбтерде жазылған. Шиыршықта манахиняны айнала
былай жазылған: "қасиетті Фома, мен үшін дұға қыл". Бұл шпалераны тапсырыс
ету үшін әйелдің суреті (бейнесі) болар деген болжам бар. Матадағы түрлі
жазулар XV- XVI ғасырдағы неміс шпалераларына тән қарапайым суретпен
қасиетті әулиелердің көмегіне деген сенімді көруге болады. Олар жалаң аяқ,
олардың үстінде алба-жұлба киім, аса таяқтары жай қисық таяқтардан
жасалған. Автор қарт Фоманың жылы жүзін және жас Матвейдің ашық көзқарасын
ерекшелейді.
Сызба тектес тұлғалар, қарапайым сурет тоқымашылардың шеберлік
деңгейлерінің төмендегі екенін нұсқап қана қоймайды, сонымен бірге олар
таза декаративтік ойлауға нұсқау жасайды.
Италяндық бұлдан алынған шығыс өрнектері мен геральдикалық матиф,
апостолдардың аяғының астындағы жұлдыздар мен гүлдер шығыс кілемінің
өрнегіне ұқсас фонды толықтырады.
Көк пен қызыл орта ғасырдың ең негізгі екі түсі болатын, себебі бөлу
ретінде көбіне индиго мен морена тамыры немесе кошениль қолданылатын. Әдемі
жасыл түсті сары жіпті индигомен бөлу арқылы жасайтын.
Неміс шеберлері тоқыма өнерінің барлық негізгі тәсілдерін қолданған:
"тікелей" жөне "қисық" тесіктер, утоктарды бірліктіру тағы басқа. Әсіресе
оларға барлық бөлшектерді айнала қоршаған қара және түрлі түсті контур тән
болып келеді. Киім бүктемелері, тондық өтулер штрихтеудің ең қарапайым
жолымен (жіңішке сызық) берілген.

3. Технология пәнін оқыту әдістемесі
3.1. Оқушыларды қолөнерге баулу
Халықтық педагогика - кешегі қариялардан, ойшылдар мен сал-серілерден,
шешен билерден, ақын жыраулардан қалған ұлы тәрбие құралы.
Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен
мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде еңбекке баулу сабақтарында қолөнеріне
үйрету арқылы білім-тәрбиені оқу-тәрбие процесіне арқау ету негізгі
міндетіміз.
Қол өнеріне баулу саласының негізгі міндеттеріне мына жағдайларды
жатқызамыз:
ұлттық педагогиканьщ негізінде шәкірттерге білім және
өнеге
берудің тиімділігі; қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен
пайдасын ұқтырып, ұлттық тәлімнің сыры мен ерекшелігі; оқушының ой-
өрісін дамытып, ынта-ықыласын нығайту және
мамандықты саналы түрде таңдап алуға даярлау;
қоғам өміріндегі еңбектің, өнерді ролін түсіну, өнер адамдарына деген
құрмет;
өнерге деген сүйіспеншілік, еңбек етуге қабілеггілік пен шеберлік,
қоғам пайдасына шын ниетпен, шығармашылықпен жұмыс істеу
тілегі, қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке даярлық;
-еңбек мәдениеті мен оны ғылыми ұйымдастыру негіздеріне үйрету;
Халық өнерін игеру - оқушыны еңбексүйгіштікке,
әсемдікке
талаптандырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін
жалғастыра білуге баулиды.
Сабақты жан-жақты ойластыра отырып үйымдастырғанда және сабакка
бөлінген әрбір минутты тиімді пайдаланғанда ғана дидактикалық талап
орындалады. Тәрбиелік және білім беру мақсаты анық ашылуы керек.
Қолөнерге оқыту - жоспарлы оқыту процесі. Мүғалім оқушыларға техника-
технологиялық білім береді және іскерлікке үйретеді, технологияның
болашағымен таныстырады.
1999 жылы Қазақстан Білім академиясы еңбекке баулудың "Технологияны"
оқытудың жаңа бағдарламасын қабылдады.
Қыз балаларға арналған еңбекке баулу бағдарламасында "көркемдік қолданбалы
қолөнер" немесе сәндік қолданбалы қолөнер технологиясы бөлімдеріне баса
назар аударған.
Осыған орай мүғалімнің өзінің шығармашылық жағын көрсетуіне, сабақта
қызықты ерекше қүруына мүмкіндігі мол.
Қолөнерге үйрену сабақтарында окушылар жинақтылыққа, сәндікке, әсемдікке,
іскерлікке үйренеді.
Педагогтің сабақтағы шеберлігі оқу әдістері мен тәрбиелеу әдістерін жақсы
білгеніне, ғылымның жетістіктерін білгеніне педагогикалық іс-тәжірибелерді
қолдана білуі мен еңбекке деген іскерлігін аша білуіне байланысты.
Окушылардың өздігінен нақты тапсырма беру арқылы қол жеткізуге болады.
"Оқыту әдістері" - педагогиканың түрақты бөлімдерінің бірі. Жеке пәндерді
оқыту барысында педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік оқулықтардын оқу
қүралдарынан әртүрлі түсініктемелер кезіктіруге болады.
Оқыту әдістері - балалардың іс-әрекеттерін танымдылық түрғыда үйымдастыру
тәсілдерінің жиынтығы, оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, оқушылар мен
оқытушылардың қарым-қатынасындағы байланыс, оқушылардың бір-бірімен және
коршаған ортамен өзара іс-әрекеті. Оқыту әдістері оқушылар мен
оқытушылардың танымдылық іс-әрекеттерін бір мақсатқа бағыттағанда жүзеге
асады.
Педагогикада әдістемелік әрекеттер оқушылардың оқу материалдарын қабылдау
белсенділігін арттыру үшін қолданады.
Оқыту процесі бір-бірімен байланысты екі белгілі процестерден тұрады: оқыту
(оқушылар кызметі) және дәріс беру (мұғалімдердің қызметі). Қызмет
тәсілдері бір-бірімен байланысты, себебі оқу мен оқыту бір-бірінен
ажырамайтын процесс. Яғни, әр түрлі оқыту әдістерін пайдалана отырып,
еңбекке оқыту барысында алға қойылған негізгі мақсатқа жетуге болады.
Қолөнерге баулу оқушыларды тәрбиелеумен және білімін жетілдірумен тығыз
байланысты болып келеді. Сондықтан оқыту әдістерін оқушылардың
танымдылықтарын арттыру үшін оқыту әдістерінің жаңа түрлерін қолданып, өз
бетінше және үжым болып жүмыс істеуге үйрету, оқыту болып келеді.
Тәрбиелеу мен оқыту әдістері бір-бірінен ешқашанда ажырамайтын функция. Ол
оқыту әдістерінің бәріне де қажет. Мұғалімнің міндеті — оны қандай
мәселелермен пайдалану керектігін анықтау. Мұнда ең басты тәсіл оқушылардың
көңілін тәрбиенің негізіне аудара білу, адамгершілікке, эстетикаға,
ерекшеліктерге баса назар аудару. Осыған қоса оқыту әдістері оқушылар мен
оқытушының және оқушылардың өз ара қарым-қатынастарын қал ыптастырад ы.
Мұғалімнің оқушыларға деген дұрыс көзқарасы, қамқорлығы, оқыту әдістерін
дұрыс қолдануы оқушылардың тәлім-тәрбиесіне, мінез-құлқына және еркіне
жағымды әсерін тигізеді. Жұмысты жеке немесе топ болып істеуге ұйымдастыру,
үнемі бақылап және бағалап отыру оқушылардың берілген тапсырманы дұрыс
орындауын, жауапкершіліктерін арттырады, жұмыстарының нәтижелігін
көрсетеді.
Оқыту әдістері оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыратындай және
әрбір сабақ сайын қабылдаған жаңа білімдерін жүйелі түрде бекітетіндей,
үнемі есте сақтайтындай болып құрылуы керек. Бұған жету үшін оқыту
әдістерінің әр түрлі құрылымдарын және түрлерін пайдаланған дұрыс. Мысалы,
әртүрлі көрнекіліктер пайдалана отырып, оқушыларға қиындықтар тудырып,
соның шешуін іздестіріп, оқытқан дұрыс.
Сабақта білім беру, тәрбиелеу және дамыту функциялары қатар жүргенде ғана
оқыту әдісінің жаңа бір құрылымына қол жеткізуге болады. Мысалы, жаңа
тақырыпты ауызша немесе лекция түрінде өткізгенде оны практикалық
жұмыстармен бекіту қажет.
Оқыту әдістерін пайдалану құрылымы сабақта өтілетін тақырыпқа байланысты
болып келеді. Мұнда мұғалімнің білімділігі, дидактикалық материалдырдың
жеткілікті болуы, оқушылардың жас мөлшерінің оқыту материалына сай келуі,
мектептің оқу материалдық базасының жағдайына байланысты және дұрыс
пайдалануына байланысты болады.
Еңбекке оқыту сабағындағы ең бір пайдалы тәсіл ол оқушыларды қиыншылық
туғыза отыра оқыту болып табылады.
Оқушыларды осы тәсілмен оқытудың басты психо-педагогикалық мақсаттары:
оқушылардың ойлау кабілеттерін жетілдіру және дамыту;
оқушылардың қабылдау қабілетін және білімін арттыру;
оқушылардың бойында шығармашылықты арттырып, әртүрлі
проблемелердың шешуін табуға дағдыландыру;
- мамандыққа байланысты проблемалық ойлау қабілетін жетілдіру.
Оқыту әдістерінің бірнеше топтастырылған түрлері бар.
Мұғалім технологиядан сабақ беру әдістемесінің сындарлы элементтерін
мақсатты түрде үйлестіргені жөн. Әрбір элементтің дидактикалық мәні мен
технологиялық негізділігін ойластырып отырған жөн. Сабақ барысында мұғалім
мен оқушылардың қызметі алуан түрлі. Бұның мәнісі мынады: әрбір нақты
жағдайда оқытудың білім беру, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жету
үшін әр түрлі жұмыс әдістері қолданылады.
Технология мұғалімдерінің жұмыс сараманында оқытудың түсіндіру және
репродукциялау (суреттерді көшіру) әдістері өте жиі кездеседі. Түсіндіру -
безендіру әдістеріне тоқталсақ. Мұғалім түсіндіру - безендіру әдістерін
дайын ақпараттарды хабарлағанда қолданады. Оқушылар сол ақпараттарды
қабылдайды, ой елегінен өткізеді де есінде сақтап қалады.
Түсіндіру - безіндіру әдістеріне әңгіме, түсініктеме, оқулықтар, лекция,
оқыту дискуссиясы, анықтамалармен жұмыс істеу, кітап және басқа көрнекі
дүниелерді көрсету, нұсқау карталарымен жұмыс жатады. Ауызша жеткізу тәсілі
- мұғалім мен оқушылардың ауызша сөйлесуі және кітапта жазылған сөздер.
Көрнекіліктер пайдалану тәсілі — белгілі бір заттарды көрсету, бақылау
немесе солардың суреттерін пайдалану (кестелер, модельдер және тағы басқа
көрнекілік құралдар).
Бұл әдісті жүзеге асыру үшін мұғалімнің жанды сөзіне, оқу кітаптары мен
көрнекі құралдарға ақпараттарды шоғырландырып беру мүмкіндігі қосылды,
сондай-ақ тігін және тоқыма кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласындағы
жұмысшылар атқаратын еңбек тәсілдерінің орындалу барысын кино арқылы
көрсетуге болады. Компьютерлерде конструкциялардың есептеулерін жүргізуге,
әр түрлі бұйымдардың үлгілерін жасауға, модельдерді, жұмыстың әр түрлі озық
жолдары мен тәсілдерін көрсетуге мүмкіндік туады.
Репродукциялау әдістеріне келсек, бұл әдістер негізінен оқушылардың
дағдылануы мен шеберлікке үйреніп, меңгеруінде қолданылады. Мұндай
әдістерге жаттығу жұмыстар, ойындар, сарамандық жұмыстар жатады.
Іздестіру - зерттеу әдістеріне келсек, бұл әдіске технология пәнінің жаңа
тарауы - шығармашылык жоба жатады. Ол оқушыларға дербес, шығармашылықпен
жұмыс істеуге, өзінің күш-жігерін байқауға, алдына міндеттер
қойып оны шешуге мүмкіндік береді. Тақырыптарды өздерінің қалауына карай
таңдайды.
Технология сабақтарында оқушылар теориялық материалдарды зерттеп қана
қоймай. Сонымен бірге практикалык жұмыстарды да орындайды. Ал бұл қосымша
уақытты қажет етеді. Сондықтан 90 минут ішінде қосарланған сабақтар
өткізіледі.
Технологияның білім саласына төмендегідей талаптар қойылады.
Сабақ мақсатының айқындылығы оның ұйымдастырылуына, мазмұн көлеміне,
оқушыларды оқуты мен тәрбиелеудің әдістеріне және құралдарын таңдауына да
байланысты. Сабақ барысында бірнеше дидактикалық мәліметтердің біреуі басым
келіп, ол бүкіл сабақтың барысына ықпал етуі де мүмкін.
Мысалы, тігін бұйымдарын модельдеуге арналған сабақтардың немесе ши тоқуға
арналған сабактардың басты міндеті — оқушылардың шығармашылық қабілетін
дамытуға, өз бетінше шешім қабылдауға қолайлы жағдай жасау.
Оқытушы сабақ өткізгенде. Басты және қосалқы мақсаттарды айқынайды және
сабақ барысында оған жету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
Тәрбие берудің мақсаты еңбекке сүйіспеншілікпен қарау, еңбек адамдарын
құрметтеу, адамдардың еңбек нәтижелеріне сыйластықпен қарау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолданбалы қолөнер
Қазақ халқының кілем тоқу тарихы
ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕРІ БҰЙЫМДАРЫМЕН ИНТЕРЬЕРДІ БЕЗЕНІРУ
Қазақ халқының қолданбалы ұлттық қол өнері
Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында алатын орыны
Ши тоқуда «гүлдер әлемі» композициясын түстік үйлесімділікте орындау тәсілдері
Гобелен технологиясында абстарктілі интерьерлік панно тоқу
Қазақ халқының киіз басу өнері
Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны
Қазақ қолөнері
Пәндер