Мозаикалық мата бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

ДЕКОРАТИВТІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ЖӘНЕ ДИЗАЙН ФАКУЛЬТЕТІ
ТЕАТРЛЫҚ КОСТЮМ ЖӘНЕ КИІМ ДИЗАЙНЫ КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді
ТК және КД кафедрасының
меңгерушісі доцент Аубакирова М.Е.

Дипломдық жұмыс

ҚҰРАҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН СӘНДІК
ӘЙЕЛ КИІМ КОЛЛЕКЦИЯСЫ

Орындаған: V курс Киім дизайны мамандығының
студенті Таубаева Асылзат Ағзамханқызы
_________

Жоба жетекшісі: аға оқытушы Кенжетаева А.К.
_____________________

Консультанттар:

Ғылыми-зерттеу бөлімі:
доцент Ибраева А.Б.___________________

Конструкторлық-технологиялық бөлімі:
аға оқытушы Бекебаева Г.Ж.

Алматы 2010 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1. Мозаикалық мата бұйымдарының қазақ мәдениетіндегі орны және ішкі
мазмұндық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Дәстүрлі қазақ мәдениетінде мозаикалық мата бұйымдарының
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Мозаикалық мата бұйымдарының көркемдік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... 9 1.3 Қазақ
құрақ қолөнерінің ішкі мазмұндық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2.Коллекцияның көркемдік
жобасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
19
3.Коллекция үлгілерінің конструкторлық технологиялық шешімі ... ... ... ..20

Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 7
Қолданылған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 29

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған кезден бастап
этникалық мәдениетіміздің бастаулары мен көне жәдігерлерімізді терең
зерттеу процесі қарқынды қозғалысқа түсті. Себебі, этностың рухани әлемін
айқындайтын мәдени мұралар ұлттық идеологияның негізін құрайтын ортаңғы
басымдық ретінде қаралады. Осы тұста қазақтың құрақ қолөнері де ерте
кезеңдерден сыр шертетін қойма іспеттес екендігін ескерсек, бүгінгі таңда
сол көнерген мәдениетімізді заманауи технология әдісімен жаңартып, жаңғырта
пайдаланысқа енгізсек еліміздің мәдени мұрасына қосқан зор үлес болмақ.
Жалпы құрақ өнерінің белгілі бір халыққа ғана және тума ерекшелігі сол
халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен,
ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатыр. Ғалымдардың пайымдауынша, ою-
өрнектің пайда болуының бірнеше себебі бар. Адамзат ғасырлар бойы
әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған, сондықтан ол халықтың бейнелеу, сұлулықты
қабылдау мәдениетінің жоғарылығымен, ұлттық қолтаңбамен сабақтасып жатады.
Қай халықтың мәдениетіне байыптап көз салсақ та, сол халықтың әсемдік
талғамы мен танымына, эстетикалық ұстанымына сәйкес мезгілі бір өнер
түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ
халқының тұрмыс тіршілігінде құрақ қолөнері едәуір орын алады.
Қазіргі таңда құрақты өнердің бір бөлігі ретінде қарастыру ғылыми
өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Осы арқылы көшпелі халықтың тұрмыс
тіршілігі мен этникалық қалыптасу кезеңдерін айқындауға мүмкіндік аламыз.
Бүгінгі күні құрақ қолөнері тек қана Қазақстанда ғана емес сонымен қатар
көрші елдер мен басқа да аймақтарда кеңінен сұранысқа ие болып отырғаны
даусыз. Құрақ өнеріне қазіргі суретшілер мен декоротивті-қолданбалы өнер
иелері де қатты қызығушылық танытып отыр. Осы дәстүрлі құрақ өнерін ғылыми
тұрғыда зерттеп, дипломдық жобаның тақырыбы ретінде алынды.
Зерттеу объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу нысаны қазақтың
құрақ мозаикалық мата бұйымдары болып табылады. Сондай-ақ, құрақтың
композициялық-көркемдік ерекшеліктері, символикалық мәнін айқындау болмақ.

Зерттеудің мақсаты. Қазақтың мозаикалық мата бұйымдарының, яғни құрақ
қол өнерінің көркемдік, мағыналық ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде құрақ
элементтерімен безендірілген әйел – сәндік киім үлгілерін жасау дипломдық
жобаның басты мақсаты болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі теориялық және практикалық
сипаттағы міндеттемелер қойылды:
-аталған қолөнер мен өнерді, оның қазақтардың тұрмысындағы ролін,
генезисін анықтау;
- матадан құрап дайындалған мозаикалық бұйымды жасау техникасы мен
қолданылған материалдарды зерттеу; қаралып отырған бұйымның жіктелу
түрін талдау;
- қарастырылған бұйымның локальдық көркемдік ерекшеліктерін талдау;
- басынан бастап құрақ өрнектерінің мотивтік семантикасын зерттеу,
сонымен қоса оның өрнектерінің маңыздық негізін ашу;
- Мозаикалық мата элементтері пайдаланылған коллекция үлгілерінің
эскиздік шешімін әзірлеу.
- Коллекция үлгілерінің конструкторлық-технологиялық шешімін әзірлеу.
- Коллекция үлгілерін материалда орындау.
Зерттеу көздері қазақтың ғұрыптық тәжірибелері мен дәстүрлі
мәдениетіне арналған тарихи жарияланымдар, мәдени, этнографиялық бағыттағы
танымал еңбектер.
Зерттеу тәсілдері алға қойылған мақсаттарды бағындыру үшін практикалық
жобалаулар мен ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелі тәсілдері басшылыққа
алынды. Атап айтқанда, тарихи-салыстырма және өнертанушылық сараптамалық
тәсіл, теоретикалық және тәжірибелік тәсіл, стильдеу методикалары.
Практикалық өзектілігі Мозаикалық мата бұйымдарының киім дизайны
саласына шығармашылық көз ретінде негізге алуға мүмкіндік тудыру; ғылыми
бөлімнің басты теориялық жағдайын жас мамандарды дайындау барысында, оның
қоршаған ортаның мән-мағынасына терең бойлап, эстетикалық қабылдау
қабілетін киім дизайнері ретінде жоғары кәсіптік біліктілігін
қалыптастыруда пайдалануға мүмкіндік тудырады .
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс графикалық бөлімдерден құралған
көйлектің бес моделінен және түсіндірме мәтіннен тұрады. Түсіндірме
мәтіннің құрылымы жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес етіп орындалған.

1. Мозаикалық мата бұйымдарының қазақ мәдениетіндегі орны және ішкі
мазмұндық мәні
Матадан құралған мозаикалық бұйым құрақ қазақтардың қолданбалы өнерінің
ерекше түріне жатады, ол көркемдік формасымен нанымдық көзқарасының көне
тілін сақтаған. Мозаикалық бұйымдардың генезисы біздің э.д. бірінші
мыңжылдықтан да ары көшпенділермен ертедегі аңшылық мәдениетімен байланысты
(таулы Алтай мен Жетісу қорғандарынан табылған қазбалар).
Құрақ бұйымдары түрлерінің кең таралған түрлері олардың тұрмыстағы және
рәсімдік тәжірибедегі маңызын дәлелдейді. Мозаикалық бұйымдар тігудің
амбебап техналогиялық әдістері және көркемдік ерекшеліктері көптеген
өңдіріс орталықтарына ортақ болып табылды. Сонымен бірге локальді
ерекшеліктері де болған. Матадан құралған мозаикалық бұйым өз кезінде тек
утилитарлық функция атқарып қоймаған, үйдің жихазы ретінде интерьерін
қалыптастырған, дегенмен белгілі, тәжірибелік рәсімдерде де маңызды роль
атқарған. Олар өзіне күрделі архаистикалық наным-сенімдік көзқарас
қалыптастырды.
Қазақша құрақ Еуразия халықтарының дәстүрімен алыс шетелдегі
этногенетикалық және мәдени байланысты анықтайтын көлемді материал.
Матадан дайындалған мозаикалық бұйымның эстетикасы заманауи көркемдік
үрдісте кескіндемеде, қолданбалы өнердегі суретшілерге, дизайнерлерге
шығармашылық шабыт берудің көзі ретінде маңызды роль атқарады.
Жұмыстың құрылымы терминдердің тізімінен, кіріспеден, төрт бөлімнен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиет тізімінен және қосымшадан тұрады.
Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі матадан жасалған мозаикалық бұйым атты
бірінші бөлімде бұл қолөнер түрінің генезисі айқындалады, оның өркендеп
даму эволюциясы, спецификалық түрі, әртүрлі бұйым түрлеріне сипаттама
берілген, материал мен жасау технологиясы, заттың кеңістік ортадағы орны
анықталады.
Мозаикалық мата бұйымның көркем шығармашылық ерекшеліктері атты екінші
бөлімде қазақтың мозаикалық бұйымы құраққа тән стиль қатаңдығы мен көркем
өнер тілімен айтқанда үйлесімділік, тек геометриялық мотивтерді қолдану,
элементтерді құруда таза ырғақ пен динамика (қозғалыс), контрасты локальды
түс алмасулары берілген. Құрақ мотивтерінің тұрақтылығы, ұзақ уақытқа дейін
өзекті болып қалған өнердің архаизм тұсына жатады.
Қазақтардың матадан жасалған мозаикалық бұйымның белгілік ролі атты
үшінші бөлімде құрақ бұйымдары тек тұрмыста әшекей ғана емес, маңызды
маркілеу функциясын атқарды, өз қолданысында әлеуметтік жағдайын, жас
шамасының және бақуаттық статусын көрсетіп, олардың қорғағышы және
медиаторы – адамға өмірге қажетті денсаулық, жетістік, молшылықтың жақсы
қасиеттерін беруші ретінде қарастырылады.
Қазақтардың және басқа халықтардың мозаикалық бұйымның жалпылық
тұрмыстағы көркем шығармашылық дәстүрлері атты төртінші бөлімінде
Қазақстанның, Ресейдің, Орталық Азияда, Туркия мен Америкада құрақ
бұйымдарына салыстырмалы теңестіру жүргізілген, нәтижесінде әртүрлі мәдени
ареалды қолданбалы-көркем өнер шығармашылығымен айналысатын шеберлердің
жұмысындағы терең байланысты және ұқсастық параллельді байқауға болады.
Атқарылған зерттеулер ұлттық шығармашылық мұра жүйесінде өзінің лайықты
орнын алуға мүмкін етеді.

1.1 Дәстүрлі қазақ мәдениетінде мозаикалық мата бұйымдарының
қолданылуы. Бұл қолөнердің пайда болу тарихы ерте кезеңдерден бастау алады.
Дәлел ретінде қазба жұмыстары кезінде табылған ежелгі көшпенділер
мәдениетіне жататын құрақ тоқымалары арқылы өңделген киімдерін алып қарасақ
болады (VI – V ғ.ғ. жататын Алтай тауы өңірі мен Жетісу бойындағы
қорғандардан табылған бұйымдар) [2, с. 45].
Сонымен қатар, мозаикалық құрақтар өзгеде халықтар арасында танымал
болған. Сондықтан мозаикалық бұйымдардың генезисін зерттеу кешендерін
жүргізгенде түрлі мәдениеттерге кеңінен шолу жасау қажет. Біздің болжамымыз
бойынша бұл кәсіптің түрі пайда болған аймақтың бірі Алтай өңірі болып
табылады. Себебі көшпелі халықтың жаппай миграция кезінде құрақ
технологиясы жолшыбай орналасқан тайпаларға да таралып отырған.
Бұдан ары құрақ құрау технологиясы қалыптасқан тарихи және
географиялық жағдайларға байланысты жаңаша түрге еніп, үлкен өзгерістерге
ұшырады. Осыдан келіп құрақ құрау технологиясының шығу тарихы алуан түрлі
екенін білдірсе керек. Еуропа елдері құрақ тігу тәсілін орта ғасырлардан
алады, себебі орта ғасыр крес жорықшыларының Палестина жерінен олжалаған
палас, жалаулар, түрлі маталар сықылды аталмыш тәсіл бойынша орындалған
бұйымдарды Еуропаға алып келген[2, с. 3].
Европаға келгеннен кейін, құрақ қолөнері жергілікті дәстүрмен астасып,
мануфактуралық тігін өнеркәсібімен серпінді даму жолына бет алады. Біраз
жылдардан кейін, европалық саяхатшылардың арқасында құрақ технологиясы
тіпті Америкада да танымал және үлкен сұранысқа ие болып, көркем
шығармашылықтың ұлттық сипатына айналады [8,с.12]. Осылайша, құрақ
қолөнерінің түрлі халықтарда өздігінен пайда болған жоқ, керісінше әр
уақытта белгілі бір шығу тарихы болған деген пікірді құптай аламыз. Алайда,
түрлі жағдайларда тұрмыстық қолөнерге сан алуан мәдени факторлардың мол
әсер еткендігін жоққа шығара алмаймыз.
Құрақ сөзі қазақ тілінде түрлі түстегі қиындыны жинақтау, тігу
дегенді білдіреді [5, с. 36]. Мозаикалық бұйымдар мен айшықтарының және
соған қатысты тұрмыстық көріністі әйгілейтін қолөнер түріне қатысты
қолданылатын түркілік терминологиясындағы сөздер, белгілі бір ортада
қалыптасқандығын көрсететін жанама дәйектеме.
Мозаикалық тоқыма бұйымдарын негізгі екі топқа бөлуге болады:
тұрмыстық заттар және киім. Киімге: түрлі-түсті қиындылардан жасалған
мозаикалық шапан, бақсыға арналған қарапайым қиындылардан жасалған
мозаикалық шапан, тақия. Қазіргі кезде заманауи түрлі құрақ киімдері пайда
болды, оның қатарына: киіз бен мата үйлесім тапқан бөріктер мен тақия,
құрақ кеудеше, балалар шапаны, пальто, мозаикалық аяқ киім, салтанатты
киімдер, күртешелер т.б.
Осы атаудың кеңінен танымалдығын басшылыққа ала отырып және де
этникалық атауларын тәртіппен топтастыра келіп келесідей атағанды жөн деп
санадық: қабырғаға арналған мата алашаны – түскиіз, жерге төсейтін барлық
бұйымдарды – төсеніш, ұйықтайтын матрасты – құрақ матрас. Кереуетке,
сандыққа және т.б. жапқыштарды – жамылғыш [7, с. 88]. Көп жағдайда осы
аталған атауларға арналған заттың аты қосылып айтылады. Мысалы, сандыққа
арналған жамылғы – құрақ сандық жамылғыш. Құрақ түскиіз өзге құрақ
бұйымдардан орындалуының ерекше шеберлігіменен және әсемдеу ұқыптылығыменен
көзге түседі. Оларды әрлеу үшін кестелеу жиі пайдаланылған [9, с. 46].
Құрақ жамылғыш: құрақ төсек жамылғыш, сандық жамылғыш, жүк жамылғыш
болып бөлінеді.
Көрпелер балаларға және ересектерге арналып екіге бөлінеді. Бесікке
арналған - бесік көрпе мен баланы орайтын - ораулы немесе орауыш көрпелер
таза табиғи, ауа өткізгіш және жұмсақ мақпал маталардан құралатын болған,
ересектер көрпесінде де табиғи маталар пайдаланылды. Осының барлығы баланың
қолайлы жатып тұрып, физиологиялық жақсы дамуына жағдай жасайды.
Жастық қаптардың да бірнеше түрі болады: қонақ құрақ жастық қап,
ұйықтайтын бір адамдық жастық қап сондай-ақ, екі адамдығы – ұзын құрақ
жастық қап деп аталады. Ұйықтауға арналған жастық қаптың жоғарғы бөлігі
ғана құрақпен безендірілсе, қонақ жастық қаптың тек бір беті ғана
безендіріледі.
Асханалық заттардың қатарына: үй-іші әбзелдеріне арналған – құрақ аяқ
қап, құрақ қоржын, үйдің майда-шүйде заттарына арналған – құрақ дорба болып
бөлінеді.
Жануарларға арналып, құрақ ат жабу және құрақ түйе жабу тігілген.
Анықталған үлгілердің ең көне деп саналатындары мақта матадан, ши
барқыт, пұлыш және жібек маталарынан жасалған. Жергілікті табиғи маталармен
қатар шетелдік маталар да пайдаланылды, олардың қатарына: қытайлық барқыт,
бұқар атласы, марғыландық жібек (Оңтүстік Қазақстанда) [3, с.53]. ХХ ғ.
бірінші бөлігінің бұйымдары жиі Ресейден алып келінген маталардан тігілді
(шыт, сәтен, жүн, барқыт). Құрақтың беткі бөлігі үшін дәстүр бойынша тек
біртекті, әшекейленбеген маталарды пайдаланған. Өйткені, этникалық түстерді
үйлестіру түсінігі бойынша, бір текті түстердің үндесуі жоғары үлгілі болып
саналды.
Ресей фабрикаларында өңделетін маталар кейінірек қолданысқа ене
бастады. Бұл деректі алғашқы ережелерден ауытқу немесе қалыптасқан
дәстүрлердің эволюциялық дамуы деп қарастыруға болады. ХХ ғ. бойына құрақ
құрауға пайдаланылған маталар құрамы нарық ұсынысына байланысты, үнемі
өзгеріп отырды. Ең көп пайдаланылатын маталар қатарына: мақта, шыт, сәтен,
мауыт, бөз, зығыр, ши барқыт, барқыт, пұлыш кірсе атлас, жібек маталары
сирек пайдаланылып отырды [4, с. 26].
Мозаикалық мата бұйымдарды орындау барысында: жіп, қол ине, қайшы және
оймақ құралдары қолданылды.
Құрақ мата мозаикалық бұйымдары орындалу қарапайымдылығыменен
ерекшеленді. Оның ерекшелігі сол, еш бір қалып, үлгінің пайдаланылмауында.
Қиындыларды пішу кезінде өлшеуіш қосымша заттар емес, халықтық ертеде
қалыптасқан принциптер яғни, қол саусақтары, алақан және бүтін қол өлшеуіш
құрал ретінде пайдаланылды.
Қиынды маталарды бір-бірімен қосып жинақтаудың екі түрі бар:
мозаикалық және аппликациялық. Ауқымды, үлкен бұйымдарда алдымен
композициясы бойынша аяқталған блокты әзірлеп алады, кейін дайын болған
осындай бірнеше блоктарды бір-біріне қосып бүтін бұйымға айналдырады. Ал
кішігірім бұйымдардың орындалу тәсілінің мәні, жұмыстың композициялық
ортасынан бастап қиындыларды рет-ретімен қосып,
заттың жиегіне жылжып отыруында.

1.2 Мозаикалық мата бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері. Қазақтың
мозаикалық бұйымы құраққа тән стиль қатаңдығы мен көркем өнер тілімен
айтқанда үйлесімділік, тек геометриялық мотивтерді қолдану, элементтерді
құруда таза ырғақ пен динамика (қозғалыс), контрасты локальды түс
алмасулары берілген. Құрақ мотивтерінің тұрақтылығы, ұзақ уақытқа дейін
өзекті болып қалған өнердің архаизм тұсына жатады. Бұл көптеген жылдар бойы
қолданыстан шықпай, онымен байланысты түсініктердің әмбебаптығымен
байланысты.
Элементтердің қалып құрау жағынан шектеулігіне қарамастан, өнердің бұл
түрі, түсінің үйлесімділігімен және түрлі айшықтарға толы репертуарымен
басым көрінеді.
Үшбұрыш, төртбұрыш, қиық, айқастырма т.б. қарапайым элементтерді
пайдаланған кезде, бір қараған адамға көпе-көрнеу, қарабайыр көрінуі
мүмкін. Ал, іс жүзінде, қайталанбас бөлшектер мен сан аулан түрлі-түсті
жолақтар машақаты көп тыңғылықты машықтануды талап ететін еңбек екенін
ұғындырады [2, с. 4].
Бәрінен де, құрақ туралы сөз болғанда, оның жергілікті ерекшеліктерін
анықтау қиынға соғады. Ертеректе құрақты құрастыруда әр аймақ, құрақтың
құрылымдық және түстік мәселелерін шешуде өзінің тектік мәліметтерін
әйгілеп тұратын өзіндік тәсілдерді пайдаланатын болған. Алайда, қазіргі
кезде, бұл ерекшеліктерді айқындауға мүмкіндік жоқ, тек қана кейбір
бөліктерін ғана анықтауға жағдай туып отыр.
Десек те, Батыс Қазақстандық барқыт пен пұлыштан өңделген - жастық
қап, қабырғаға ілетін – түскиіз және төсеніш сияқты бұйымдардың әрлеуінде
көп сатылы айқасқан фигуралар, тіс шелі ромбтар, тырна мотиві, шаршы
ішіндегі шаршы, тіс шелі фигуралар, құйын тәріздес розетканың пайдаланылуы
басымырақ. Кейбір бұйымдарда қарапайым құрақ өрнегіне толықтыру ретінде
кестені пайдаланады. Жалпы Батыс Қазақстан бұйымдарының орындалуына ірі
элементтер, еркін импровизация тән [4, с. 55]. Дегенмен ритм, тепетеңдік,
композиция бүтіндігі сақталған. Түстер үйлесімділігіне келер болсақ, жалпы
гаммада түстердің түрі көп, дегенмен салқын түстердің басымдылығын байқауға
болады.
Қарағанды облысында түрлі түстегі қиықтан өрілген төсеніш бұйымы
басымырақ болып келеді. Аталған аймақта мағынасыз типтегі композициямен
өрілген құрақтың бағзы замандағы түрлері кездесіп қалып жатады. Сонымен
қатар, бұл аймақта оюмен өрнектелген киіз сырмақ тәрізді түскиіздер де бар.
Бұл кілемдердің негізгі ерекшелігі – астары мен оюларының біртектілігі және
де, ішіне кілт мүйіз сарынымен енгізілген классикалық қиықтың үстемдігі
болып табылады. Қарағандылық құрақ тігіндеріне тән негізгі ерекшеліктерінің
бірі – оюдың терең мазмұндылығы. Қазіргі кездегі құрақ бұйымдарының ХХ ғ.
бұйымдармен салыстырғандағы басты ерекшелігі – ірі элементтерді көп
пайдалануында. Алайда, бұл ұстаның жұмысын жеңілдеткенімен, бұйымды көркем
кемелділігінен айырады [6, с. 96].
Осы аймаққа тән композициялардың ішінде, бұйымның орталық бөлігінде
ерекше айшықталған диагонал бойынша орналасқан айқастырма өрнегін атап
айтуға болады. Ірі айқастырмадан өрілген төсеніш кілемдерде мейлінше
қарапайым және минимализм стиліндегі композиция пайдаланылған. Шымкенттік
құрақтардың орталық бөлігінде пайдаланатын ою мотивтерінің түрі өте аз
болса да, (төртбұрыш, үшбұрыш, жолақтар, шырша тәрізді сарындар, қиық),
ондағы формалардың түсі әралуан, қанық түске бай болып келеді. Шымкенттік
құрақтарға тән қасиеттердің бірі - өзбек шахарына жақындығына орай хан-
атлас маталарын көп пайдалануында [2, с. 22].
Ал, Семей өңіріне келер болсақ, мұнда төсеніш бұйымдары көптеп
табылады. Мысалы: еден төсеніші, диван төсеніші, орындық төсеніші, құрақ
матрас. Басқа аймақтарда кездесетін бұйымдарға ұқсас жергілікті
ерекшеліктерін айшықтап тұратын бұйымдар да табылған. Соның ішінде өзіне
тән басты айырмашылығы: қисық крес, тырна мотивінен құралған шаршы ішіндегі
қисық крес, жұлдызша (алты-, жеті-, көпбұрышты), кілт мүйіз, көп қатарлы
тар тік жолақтардан құралған қиық, көпбұрышты қиық.
Біз қарастырып отырған аймақтағы құрақ түрінің басты айырмашылығы
мылқау түске негізделген сүт гаммасында: көк – сарғыш – ақ; қызыл-қоңыр –
қара-жасыл – ақ, сұр – көк - көгілдір. Суық, қара түсті пайдалану Семей
облысына тән болып келеді [9, с. 156].
Ең көп дәстүрлі мозаикалық мата бұйымдары Сырдария және Жетісу
өңірінің еншісінде болып отыр. Соның арасында ең көне бұйымдар (ХХ ғ.
ортасы) Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі коллекциясындағы (құрақ
төсек жамылған М. Тостанова) мүйіз тәрізді шимайланған ірі сурет. Суреттің
көлемділігіне қарамастан әрбір элемент көптеген жіңішке ұзын матамен
тігілген.
Құрақ бұйымдарының кең тараған аймағы Тараз қаласы және Жамбыл облысы.
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музей коллекциясында 1950-жылдары құрақ
техникасымен жасаған құрақ түскиіз, құрақ көрпе, құрақ басқұр сынды ұсташы
Қ. Тобатаеваның керемет еңбегі сақталған. Бұл жамбыл өңіріндегі ұсталардың
ХХ ғасырдың ортасындағы құрақ шығармашылығы мен техникасын мықтап
меңгергендігін көрсетеді. Сондай-ақ бірқатар маңдайалды еңбектердің
қатарына 1950-1980 жж. Бибіхан Зауырбекованың елеулі жұмыстарын атауға
болады. Бұл жерде негізінен екі адамға арналған жастық қаптар көрсетілген.
Жастық қаптар классикалық дәстүрмен орындалса да, оюлары мен астарында үш
түстің (қызыл – ақ – қара) басымдылығы айқын көрінеді [7, с. 187]. Ашық
және қанық түстердің үйлесімділігі мен айрықша қарама-қарсы түстерді
пайдалана отырып өңдеу өнеріне қарап, ХХ ғасырдың ортасында пайда бола
бастаған құрақ қолөнеріндегі жаңа үрдіс деп атауға болады.
Дәстүрлі тоқыма кәсібінің соның ішінде құрақ бұйымдарын өндіру саласы
жоғары дамыған орталықтардың бірі Шымкент қаласы болып табылады. Шымкенттік
құрақ композициялары көбіне алматылық және жамбылдық басқаша жағынан
жергілікті ерекшеліктерімен ұқсастығы бар. Негізінен олар еденге отыруға
арналған құрақты төсеніш және жаңа авторлық бұйымдар түрі. Алматылық бір
типті композициялар қатарына шаршы ішіндегі шаршы немесе тіс шелі
қиықтар сарындарын жатқызуға болады.
Осы аймаққа тән композициялардың ішінде, бұйымның орталық бөлігінде
ерекше айшықталған диагонал бойынша орналасқан айқастырма өрнегін атап
айтуға болады. Ірі айқастырмадан өрілген төсеніш кілемдерде мейлінше
қарапайым және минимализм стиліндегі композиция пайдаланылған. Шымкенттік
құрақтардың орталық бөлігінде пайдаланатын ою мотивтерінің түрі өте аз
болса да, (төртбұрыш, үшбұрыш, жолақтар, шырша тәрізді сарындар, қиық),
ондағы формалардың түсі әралуан, қанық түске бай болып келеді. Шымкенттік
құрақтарға тән қасиеттердің бірі - өзбек шахарына жақындығына орай хан-
атлас маталарын көп пайдалануында [2, с. 22].
Ал, Сарыағаштық өнімдерде ежелгі ережелердің сақталғандығын байқаймыз.
Бұл классикалық бұйымдар қатарына – құрақ көрпе, жамылғыш, төсеніш, екі
адамға арналған жастық қап және ұзын құрақ жастық қап кіреді. Аталған
өнімдердің кереметтігі дәстүрлі принциптерге негізделген түр-түсінің
шешімдерінде көрініс тапқан.
Қазіргі кездегі нарықтағы құрақ бұйымдарын талдаған кезде үй-
шеберлері, жеке суретшілер, кәсіпқой қолданбалы суретшілер, кәсіпқой
дизайнерлердің өнімдері зерттелді.
Жеке суретшілердің мозаикалық жұмыстары этникалық дәстүр ережелерімен
байланысы аз. Олардың құрақ тоқымалары – негізінен батыстың дәстүрімен
байланысты басым және автордың өзіндік ізденісінен туған жаңа формалар,
стилдер, түстер мен бояулар үйлесімі байқалады. Бұл шеберлер легі қазақ
құрақ өнеріне бейжай қарайды және ешқандай принципиалды ережелерді
ұстанбайды. Алайда, жергілікті ұлттық нақышты көрсетуге деген құлшыныстары
– қиық тәрізді және шаршы торша, сегіз бұрышты жұлдызша сықылды ұлттық
классикалық құрақ элементтерін пайдалануға мәжбүр етеді [5, с. 93].
Ұлттық өнердегі дәстүрлер қай уақытта болмасын Қазақстан суретшілеріне
шығармашылық шабыттың қайнары екені рас. Осындай сұңғат суретшілер мен
шеберлердің шығармашылық назары шоғырланған өнердің түрі - құрақ болды.
Көбінесе құрақ тоқымаларының эстетикасы С.Айтбаев, Г.Исмаилова, С.Мәмбеев,
Т.Тоғысбаев, О.Рыстанұлы секілді айтулы өнер шеберлерінің еңбектерінде
көрініс тапты. Суретшілер құрақ техникасының шынайы мәнін бейнелей отырып,
бұйымның декоративтік сапасын, бай құрылымдық тұстары мен көзге ұрып
тұратын жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрақ өнері
Көркем еңбек сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу түрлері
Киіз үйді жіліктей білесің бе?
Бисер өнерінің шығу тарихы
Жүндерді іске әзірлеу
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бейнелеу өнері және батик
Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі
Модель аналогтардың техникалық шешімдерін талдау
Көркемдік өлшемінің бір бағыты - композициялық өлшем бірліктері
Пәндер