Мектеп оқушыларының ептіліктері мен іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Анықтамалар

Берілген дипломдық жобада анықтамалары бар элементтер бар:

Праксиология - деген ұғым оқушының практикалық іс-әрекетке деген қабілеті мен икемділігін айқындайды

Тангентальды - бағыт

Белгілер мен қысқартулар

Берілген дипломдық жобада кейбір белгілер мен қысқартулар бар:

ЖОО - Жоғары оқу орны

ОҚМУ - Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

% - пайыз

мм - миллиметр

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығы

мн/м - миллиньютон метр

м 2 - метр квадрат

б. э. д. - біздің эрамызға дейін

лк - люкс өлшем бірлігі

СО2 - көміртегі тотығы

Дб - дауысты

ДВП - древесно-волокнистые плиты

°С - градус цельский

м/с - метр секунд

Гц - гига герц

ОТҚ - Оқытудың техникалық құралдары

м 3 /сағат - метр куб сағат

СТД-120 - ағаш өндеу станогі

ЭТ-62 - электроқайрақ

И-2УА - электросүргілер

И-93 - маркілі электролобзик

НС-12 типтегі бұрғылау станогы

Квт - киловатт

И-78 - марклі дискалы ара

УСВ - М - сегіз қырлы ұста үстелі

ОВП-5 - өрт сөндіргіш баллоны

Болашақ кәсіби мамандарды ыдыс-аяқ жасауға үйрету әдістемесі (ожау, тостаған жасау мысалында)

Мазмұны

Кіріспе . . .

1 КӘСІПТІК ОҚЫТУ МАМАНДАРЫН ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРГЕ БАУЛУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Мектеп оқушыларының ептіліктері мен іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың ерекшеліктері . . .
  2. Болашақ жастарымызды еңбекке тәрбиелеудің негіздері . . .
  1. . Ұлттық қолөнердің оқу тәрбие үдерісіндегі тәрбиелік мәні . . .
  2. . Қолөнер бұйымдарын дайындауға қажетті конструкциялық ағаш материалдары . . .

2 ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ АҒАШТЫ КӨРКЕМ ӨҢДЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

  1. Ағашты көркем өңдеуде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту
  1. Ағашты көркем өңдеудің техникасы . . .
  2. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу процестері
  3. Ағаштан көркем бұйымдар дайындаудың экономикалық аспектісі . . .
  4. Үлгіретінде сабақ жоспарлары

3. БҰЙЫМ ОРЫНДАУ ТЕХНИКАСЫ

3. 1 Өндірістік оқу мақсатында оқу шеберханасын әзірлеудің талаптары . . .

3. 2 Мектептің ағаш өңдеу шеберханасына қойылатын талаптар

3. 3 Ағаш өндеу шеберханасы

3. 4 Ағаштан ожау, қасық, тостаған жасау техникасы. Ұлттық ыдыс-аяқтар

3. 5 Бұйымның экономикалық есебі

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі . Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде егемендік алған жылдардан бастап әлемдік білім беру стандарттарына сай білім берудің талаптары күшейтілуде. Осындай талаптардың қойылу арқасында Елбасының жыл сайынғы кезекті жолдауында бүгінгі жастарға білім беру мәселесі бірінші кезекте қойылып үкімет тарапынан қадағалануда. Жауапты міндеттерді атқару жоғары оқу орындары құрлымында «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша білім беріп жатқан оқытушы-профессорлар құрамымен мектеп мектеп мұғалімдеріне жүктеленетіні белгілі. Жалпы білім алушылармен мектеп оқушыларының білім деңгейлерін жан-жақты дамыта түсуде күнделікті сабақтардың ролімен бірге мектеп оқушыларын ұлттық қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырудың маңызы зор болып саналады.

Сондықтан, еңбірінші кезекте ұлттық мәдениетімізді меңгермей, мәдениетті адамзат тәрбиелеу және ұлттық сананы қалыптастыру мүмкін емес. Қай кезеңде болсын адамзат алдында тұратын мұрат-міндеттердің ең бастысы, өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.

Білімді, жан-жақты тәрбиелі жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан бүгінгі жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсірудегі халық қолөнерінің тәлім-тәрбиелік, танымдық ролі орасан зор. Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулық пен әсемдікті талғай да, таңдай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетін де, қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Әрбір өнердегі шеберліктің сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырғаны белгілі.

Елбасының кезекті «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды құру жеке адамдардың, қоғамның және еңбек нарығының талаптарын қанағаттандыра алатын бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруды талап етіп отыр. Осыған орай, бүгінгі таңдағы білім жүйесінің ерекшелігінде ұстаз тек қана жалпыға міндетті стандартты орындаушы ғана емес, ол шығармашыл ұстаз ретінде қызмет көрсете алатын мүмкіндікке ие болуы керек деп атап көрсетеді [1] .

Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы тың өзгерістерді жаңаша дамытуда Елбасының өзі тікелей үкімет алдына қоя білгендігін, еліміздің әрбір өңірінде орналасқан білім беру мекемелерінде атқарылып келе жатқан жұмыстарды атап кетуге болады. Оның айғағы ретінде елімізде соңғы жылдары қабылданып жатқан ҚР Президенті Жолдауында атап өтілген кәсіптік техникалық білім беруді дамытудың негізгі талаптарына аса зор көңіл бөлініп отырғанын білеміз.

Осындай жауапты жұмыстарды атқаруда кәсіптік білім беретін оқу орындарымен мектептің барша ұстаздар қауымы жемісті еңбек ете білуі керек. Әрбір пәннің мақсат міндеттері де біз атап отырған өзекті мәселелерді шеше білуі керек. Негізгі мектептегі технология сабағьнда 5-11 - сынып оқушыларының технологиялық дайындығын арттыру мақсатымен оқушыларда технологиялық білім мен ептілікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін дидактикалық кұралдардың, тәсілдердің, әдістердің жиынтығының тиімділігі көп жылғы тәжірибе барысында қалыптастыратыны белгілі.

Жалпы білім беретін орта мектептердегі өтілетін технология пәні сабақтарының тақырыбын жоспарлауда оқу материалын қайталамауға, зерделенетін фактілер мен кұбылыстардың мәнін түсіндірудегі тәсілдерді анықтау мен жекелеген ұғымдарды қалыптастырудағы дәйексіздікті түзетуге ұмтылу қажет. Технологиялық принципті жүзеге асыру мақсатында оқыту әдістерінің, тәсілдерінің және дидактикалық құралдардың ең тиімдісін қолдану мектеп оқушыларын практикалық оқытуға дайындаудағы мұғалімнің іс - әрекетінің кажетті буыны болып табылады.

Қазіргі кезде оқушыларға меңгертілетін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер түрлерін жүйеге келтіруде және оны оқытушылар тарапынан басқаруға байланысты бірқатар талпыныстар жасалуда. Бұл мектептің «Технология» пәні бағдарламалары бөлімдеріне қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер бағыттарын ендіруге байланысты туындап отыр [2] .

Технология пәні сабақтарының негізгі мақсаттарының бірі - алғаш білімдерін практикада қолдануға үйрету, дағдыландыру, теориялық білімнің негізінде практикалық дағдыны, ептіліктерін қалыптастыру жолын қарастыру, яғни:

- оқушы өзінің болашақ мамандығын таңдауына бағыт алады;

- еңбек етуге машықтандыру арқылы икемділігін, ептілктерін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастырады;

  • мектеп оқушылары қолөнер сабақтарында өздерінің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға жол ашады.

Жоғарыда атап өтілген негізгі міндеттерді атқаруда ЖОО-дың құрамында арнайы мамандар даярлап шығаратын «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне сәндік қолданбалы өнер негізінде көптеген бұйымдарды дайындап үйренуге оқу жоспарларындағы кәсіптік бағыттағы негізгі пәндердің бірі болып енгізілген. Сондықтан болашақ мамандар қазақ халқының ұлттық өнері туралы теориялық білімдермен бірге практикалық жағынанда жан-жақты білім алып шығады.

Дегенмен, студент жастарымызбен мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру бірінші кезекте ұстаздар қауымымен мектеп мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, оқушылардың оқу іс-әрекеттерін педагогикалық сауатты ұйымдастыра білуіне байланысты болса, екіншіден мектеп оқушыларының сабақтарда ұлттық қолөнерге деген қызығушылықтарына да байланысты болып келеді.

Бүгінгі таңда мектеп оқушыларын еңбекке дайындауда оқыту әдістемесіне ресейлік педагог ғалымдар П. Р. Атутов, В. А. Поляков, Д. Тхоржевский, қазақстандық педагог ғалымдар О. Сыздықов, К. Өстеміров, С. Жолдасбекова, Ж. Күнпейіс, Б. Ортаев және т. б. ғалымдардың еңбегін атап өтуге болады [3] .

Республика көлемінде егемендік алған күндерден бастап қазақ халқының ұлттық қолөнерін мектеп оқушыларына оқытып үйретуде жалпы білім беретін орта мектептер мен бастауыш білім беру жүйесінде ұлттық бағдарламалар, әдістемелік құралдардың жарық көруі ұлттық қолөнердің мектеп өмірінің жандануына себепші болды деп айтуға болады. Мәселен, еліміздің барлық ұлттық тілдегі мектептерге арналған ОҚМУ ғалымдарының басшылығымен С. Жолдасбекованың «Ұлттық сәндік - қолданбалы өнерге үйрету» бағдарламасы осы мақсаттарды жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосуда деп толық айта аламыз [4] .

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің рұқсатымен Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясынын республикалық баспа кабинеті ұсынған Ә. Құтпанбаев пен Е. Райымжановтың «Еңбекке баулу және ұлттық тәрбие» атты еңбегін, Ш. Әбдуәлиеваның «Халық қолөнері» атты әдістемелік құралы еңбекке баулу пәні мұғалімдеріне арналады. Мұнда сәндік-қолданбалы өнері сабақтарын өткізу әдістемесі мен ұйымдастыру мәселелері жайлы кеңінен жазылған [5] .

Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбына байланысты бірқатар педагог ғалымдар мен этнограф ғалымдардың еңбектеріне талдау жасап, мектеп бағдарламасында енгізілген технология сабағының сәндІк қолданбалы өнер жұмыстары (ағаштан бұйымдар жасау) арқылы мектеп оқушыларының қызығушылықтарын арттырудың маңызын басшылыққа ала отырып, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Болашақ кәсіби мамандарды ыдыс-аяқ жасауға үйрету әдістемесі (ожау, тостаған жасау мысалында) » - деп алдық.

Зерттеу жұмысының нысаны : Жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: Технология пәні арқылы жоғары сынып оқушыларын ұлттық қолөнерге баулу.

Зерттеу мақсаты: «Технология» пәнінде сәндік қолданбалы өнер жұмыстары арқылы жоғары сынып оқушыларының ептіліктерін қалыптастырудың мүмкіндіктерін, мазмұнын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

- технология сабақтарында сәндік қолданбалы өнер жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің мәнін анықтау;

  • дәстүрлік қолөнер түрлерін үйретудің, ұйымдастырудың әдістемесін айқындау;
  • оқушылардың ептілігі мен дағдыларын қалыптастыруда қолөнер жұмыстарына оқушылардың қызығушылықтарын айқындау;

Зерттеу әдістері:

- психологиялық, педагогикалық, этнографиялық көркем әдебиеттермен бірге әдістемелік және арнайы оқу құралдарына шолу жасау;

- тақырыпқа байланысты қажетті материалдарды жинақтау, талдау, сараптау;

- мектептің пәндік жоспарына сәйкес технология сабақтарында ұйымдастырылатын сәндік-қолданбалы өнері негізінде практикалық сабақтарын оқыту үдерісін бақылау;

Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1. КӘСІПТІК ОҚЫТУ МАМАНДАРЫН ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРГЕ БАУЛУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектеп оқушыларының ептілік және іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері

Мектеп оқушыларының ептілік қабілеттері мен іскерлік қабілеттерін қалыптастырудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері туралы шетелдік ғалымдармен ресейлік ғалымдар көптеген зерттеулер жүргізгені белгілі. Ол ғалымдардың зерттеу жұмыстарын басшылыққа ала отырып әрбір мектеп мұғалімдері өздерінің күнделікті сабақтарында оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыруда, оқушы белсенділіктерін арттырудың жолдарын қарастыруда.

Халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлері К. Д, Ушинский «Ана тілін оқытуға басшылық еңбегінде, В. А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы еңбегінде, В. Ф. Шаталов, Н. А. Менчинская, П. П. Блонский, Я. А. Пономарев т. б. өздерінің еңбектерінде атап көрсетілсе, Қазақстанда ағартушылық идеяны көтерген Ы. Алтынсарин „Таңдамалы педагогикалық мұралары“, М. Жұмабаев „Педагогика“, Қ. Бержанов, Т. Сабыров „Оқыту теориясының негіздерін“, Ж. Әбиев „Еңбек тәрбиесінің педагогикалық негіздерін“ т. б. еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында мектеп оқушыларының ептілік қабілеттерін дамытудың маңыздылығына көп тоқталады [6] .

Адам бойындағы ептілік-адам бойындағы қабілетті дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі танытуына көмектеседі. Адамның ойлау үдерісі қандай да бір сұраққа жауап беру, белгілі бір тапсырманы орындау, іс-әрекеттің қандай да бір түрін табу және тағы басқа да қажеттіліктер туғанда активті қызмет жасауға көшеді. Мұның барлығы танымға объектілер мен шынайылық құбылыстарын бейнелеуден, ұғынудан көрініс табады. Кез-келген тарихи кезеңде өмір сүріп отырған мемлекеттің өзіне тән білім беру жүйесі болады. Білім беру тұжырымдамасында ұсынылып отырған жүйенің қазіргі және белгіленген мерзімде жүзеге асатын, мүмкін болатын құрамалары айқын белгіленген.

Бүгінгі Егеменді Қазақстан, қуатты өркениетті дамушы 50 елдің қатарына қосылу үшін әлемдік деңгейдегі білім кеңістігінен орын алуға ұмтылыс жасауда. Кезінде ұлы ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынұлы „Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай, әм күшті болуымыз керек. Білімді болуға ұмтылу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек“ деп сара жол сілтеді. Өсіп келе жатқан ұрпаққа шығармашылық тәрбие берудің тиімді нұсқаларын әр түрлі жас мөлшеріндегі балаларға мақсаттың қолайлы құрылысын анықтаудан бастау керек. Мұнсыз оқушылардың білімін жетілдіру жемісті бола бермейді.

Ы. Алтынсариннің пікірінше, педагогикалық жұмыстағы ең шешуші нәрсе: мұғалімнің ең жақсы оқыту әдістерін таба білуінде, балалармен дұрыс тіл табыса білуінде. «Үлгілі жолға қойылған, дұрыс тәртібі бар жаңа типті мектеп, оқушыларды қызықтырып, оларды мәдениетке, жұмысқа және айналасын, өз ортасын тануға, ой еңбегін үйретуге тиіссің, - деп атап көрсетті [7] .

Бала бойындағы еңбек ету қабілетін, шығармашылық қабілетті дамытудың психологиялық, педагогикалық ережелерін басшылыққа ала отырып қызмет атқара білу керек.

Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір балалардың жас кезеңінде шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, ептілік, бейімділік болуы керек. Сондықтан қабілет, ептілік, бейімділік туралы түсініктерге тоқталуға тура келеді.

Қабілеттілік - оқушының жеке психологиялық ерекшелігі. Ол жалаң білім мен дағды емес, соны тез игеру жолындағы табандылығы. Ол адам бойындағы жақсы қасиеттер, яғни олардың жиынтығы. Өзбек ғұламасы Әлішер Науаи өзінің «Ғажайып мәжілістерң атты еңбегінде адам тек рухани қабілеттіліктен туады. Оның негізі еңбек деп тұжырымдады.

Баланың қабілетін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. „Қабілет“ ұғымын ғылымға алғашқы рет енгізген Платонның да, оның ізбасарларыныңда бұл ұғым жайлы түсініктері таптық көзқарастарға негізделген болатын. Олар адам туғаннан бастап, бірі басқарушылар, бірі жауынгер, бірі жер иеленушілер болып туады дегенді уағыздады. Қабілеттерге байланысты адамдар арасындағы теңсіздік осы кездерден басаталса керек. Ал Платонның шәкірті Аристотель қабілеттерді адамның ішкі ашылмаған мүмкіндіктері деп қарастырған [8] .

Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ бала бойында болатын қабілеттерге ерекше мән берген. Ол өз оқушыларының қабілеттерінің дамуына үнемі қамқорлық жасап отырғандығын оларға ешқандай дайын ұсыныстар бермей, “ақиқатқа жетуді“ өздеріне тапсырғанын байқауға болады. Бұл әдіс „Сократтық„ әдісі деп аталған.

Іскерлік -бұл адамның бұрындағы алған тәжірибесі негізінде қандай да бір іс-әрекетті орындай білуге деген қабілеттілігі. Іскерлік - ептілік дағдымен тығыз байланысты. Дағды меңгерудің ең жоғары өлшемінің сипатталатын әрекет. Дағдылар мен іскерлік, ептілікті қалыптастыру жаттығу арқылы жүзеге асырылып отырылады. Ептілікті қалыптастырудағы негізгі жол- бұл адамның қабілетін дамыту. Ішкі және сыртқы (айналадағы) байланыстарды қалыптастыру.

Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын жүйке жүйесінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті, құнды қасиеттерінің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре келе, бала қабілетінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді, тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді.

Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктің келешектегі олардың қабілетінің көрсеткіші екенін ескеріп, оқушының бейімділігін дер кезінде көре біліп, соған сәйкес келетін қабілеттерді дамыту біздің міндетті борышымыз екенін ұмытпауымыз керек.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамыту жөнінде И. П. Волковтың айтқан пікірі өте құнды. Оқушының шығармашылық қабілеттері олардың өз бетімен меңгерген білімдерін, ептіліктерін, іскерліктерін, дағдыларын пайдалана отырып өзіне бұрыннан белгілі жаңадан бір нәтиже алуы. Баланың жаңа нәтижеге қол жеткізуі жалпы білімдерімен қатар олардың осы нәтиже алу жолында пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің тиімдісін таңдай алуына, тапқырлықтарына және жеке психологиялық қабілеттеріне байланысты.

Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы өздігінен тұйыққа тірелген процесс емес. Ол тек әлеуметтік орта қоршауымен, адамның өзіндік қызмет сипатымен ғана емес, жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеті, танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие процесі, сондай-ақ өзінің жеке басының белсенділігімен үндесе жүргізілетін күрделі процес.

Бұл мәселе белгілі бір танымдық іс-әрекетке оларды бағыттайтын, тәрбиелейтін, жұмылдыратын, ынталандыратын адамдардың әсеріне де тікелей байланысты. Сонымен қатар шәкірттің танымдық іс-әрекетте ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш - түрлі қайшылықтар. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әртүрлі қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оқу міндеттері жүзеге асады. Оқу үрдісіндегі ең негізгі қайшылықтармен оқушының мүмкіндіктерінің (білімі, дағдысы, дамуының қазіргі деңгейі) арасындағы қайшылық. Бұдан тағы да оқушының білімі мен біліктілігі арасындағы және шығармашылық ойлауы мен репродуктивті ойлау арасындағы т. б. қайшылықтар жатады. Осындай қайшылықтарды шешу оқушының саналы түрде көп күш-жігер жұмсауын керек етеді.

Оқытушы шәкірттің білім, білік деңгейлерін анықтап, олармен жеке дара жұмыстар жүйесін пайдалануы керек. Жүйелі, дұрыс ұйымдастырылған шығармашылық әрекет түрлері нәтижесінде шәкірттің білімі, біліктілігі кеңейіп, шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасады.

Оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауы, оны ұйымдастыра білуі, танымдық іс-әрекет түрлерін таңдап, оны жоспарлай білуі, ізденімпаздығын арттыру маңызды жұмыс. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерді жоспарлау және іске асыру біліктерінің, ептіліктерінің қалыптасуына оқу-танымдақ тапсырмаларды шығармашылық тұрғыда шешудің маңызы зор.

И. Д. Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, ептілік қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады.

Оқушылардың жалпы шығармашылық тұрғыдан мектеп оқушыларының ептілік қабілетінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И. Л. Лернердің, А. Н. Луктың, В. И. Андреевтің, А. Л. Яковлевтің, Д. Б. Богоявленскаяның еңбектері атап кетуге болады.

А. Н. Лук шығармашылық қабілеттің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді үш негізгі топқа бөліп қарастырады [9]

1) ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылық және икемділік)

2) темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй)

3) ақыл-ой қабілеттері.

А. Н. Луктың оқушылылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатысты айтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіруге болады:

1. Оқушы кез-келген іс-әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі бір қабілет түрін дамыту үшін алдымен осы іс-әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса, оның нәтижесі де төмен болатыны сөзсіз. Көңіл-күй бұл кез-келген істі орындауға негізгі, қажетті көрсеткіш деуге болады.

2. Кез-келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен оны ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.

Я. А. Пономарев «Знание, мышление, умственное развитие атты еңбегінде кез-келген шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің негізгісі-шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериі ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе «ойшаң әрекеттену қабілеттерін алады.

Автор пікіріне қосылуға болады, себебі ешбір іс-әрекеттің, соның ішінде шығармашылық бағыттағы іс-әрекеттің «ойшаң әрекеттенуінсіз іске аспайтыны анық. Сондай-ақ балалардың «ойшаң әрекеттенуі, яғни ойша санауы, талқылауы, жоспарлауы және т. б. - бұл адам интеллектісінің айрықша көрсеткіші болып табылады.

Біріншіден, адам ойша әрекеттене отырып нәтижесінде не алатындығын, яғни болашақта алатын нәтижесінің бейнесін көз алдына елестете алады.

Екіншіден , қойылған мақсатқа жету жолын жоспарлап, алынбақшы нәтижеге жету тәсілін ойша құрастыра алатындығын көреміз.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойшаң әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп одан әрі жоғары сынып оқушыларының, яғни негізгі оқу іс-әрекетті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай-ақ олардың шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым. Бұл оның жеке тұлғасының анықтауына өз қабілетін жүзеге асыруға және оның қанағаттандырылуы оқушыға әрқашан қуаныш сезімін тудырады деп есептейді [10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Оқу үрдісінің ерекшеліктері
Өзін-өзі тану сабағында проблемалы оқыту
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру
Шығармашылықты дамыту мақсатында бағдарламада
Бастауыш сынып математика сабағында оқушыларды уақытты орынды пайдалануға үйрету
Бастауыш сыныпта математика сабағында уақытты тиімді пайдалануды оқушыларға үйрету
Бастауыш мектеп оқушыларында бейнелеу өнерін пәнін оқытуда түсінік біліктерін қалыптастыру теориясы
Орта мектепте көркем еңбекке оқытуда оқушыларды түстану ептіліктеріне үйретудің өзіндік ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz