Оқушылардың шығармашылық жұмыстары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы
Солтүстік Қазақстан педагог кадрлардың біліктілігін арттыру
және қайта даярлау институты

Жүректерге нәр берген – Өзін-өзі тану

Петропавл
2009
ББК 74.200
Ж 89

Құрастырушылар: Мұқышева Ш. Ж., Хамзина Г. Қ.
Казбекова З. Қ., Кусаинова А.Е.
Мұхамеджанова А. Қ.,
№20 орта мектебінің мұғалімдері

Ж 89 Жүректерге нәр берген – Өзін-өзі тану. Өзін-өзі тану пәні бойынша
эксперимент нәтижесі.

Өзін-өзі тану пәні – оқушы бойына тек адамгершілік қасиеттерді
дарытатын ерекше пән. Сонымен қатар бұл пән арқылы оқушы өзін-өзі, қоршаған
ортаны тануға үйренеді.
Бұл жинаққа мектептегі эксперимент барысында қолданылып жүрген әдіс-
тәсілдер мен сабақ үлгілері жазылған.

Пікір жазғандар: Күпібаева А. Ж. - №20 орта мектебі оқу ісінің меңгерушісі
Сабиева К. Ү. х.ғ.к. СҚПКБА ҚДИ
директорының
орынбасары

Солтүстік Қазақстан ПКБАҚДИ редакциялық-баспагерлік кеңесінің шешімімен
баспаға ұсынылды. Хаттама №35 2009 ж. 29 қазан

Мазмұны

1. Алғы
сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда жасалған баяндамалар
мен өзін-өзі тану бойынша қорғаған
жоба ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
3. Дайындық тобы мен 1-4 сыныптарға арналған сабақ
үлгілері ... ... ... ... ... ... 23
4. Өзін-өзі тану пәні кіріктірілген қазақ тілі және ағылшын тілі
сабақтарының
үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
5. Өзін-өзі тану пәні бойынша өткізілген ата-аналар жиналысының
үлгісі...39
6. Оқушылардың шығармашылық
жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 41
7. Оқушылар мен ата-аналардың Өзін-өзі тану пәні бойынша
пікірлері ... ... 63
Алғы сөз
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласындағы № 20 орта мектебі
2003 жылдан бастап Өзін-өзі тану пәні бойынша экспериментке енді. Бұл
пәнді жүргізу үшін ең алдымен мектепте жеке кабинет жабдықталып, кабинетке
жауапты етіп пән бойынша арнайы курстан өткен мұғалім тағайындалды.
2003-2004 оқу жылының 1 қыркүйегінен эксперименттік бағдарламамен
1-сынып оқытыла бастады. Осы алғашқы жылдары бұл эксперимент оң нәтиже
көрсете бастаған соң әрі қарай жалғасын тапты. Қазіргі уақытта бұл пән 1-8
сыныптар аралығында жүргізілуде. Мектепте бұл эксперимент жұмысына
4 мұғалім қатысады. Олар Мұқышева Шарғия Жұманғалиқызы, Қазбекова Зәуреш
Қабенқызы, Кусаинова Айсұлу Елікбайқызы, Мұхамеджанова Айжан Қанатқызы.
Аталған мұғалімдер тобы Бөбек ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және
сауықтыру орталығында және Солтүстік Қазақстан облыстық мұғалімдердің
білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында арнайы курстан өтіп,
білімдерін жетілдіріп отырады.
Эксперименттің алғашқы жылдарында Өзін-өзі тану курсын
оқушыларға толық меңгерту үшін пайдаланып жүрген оқулықтар мен арнайы
әдістемелік құралдарға қосымша ретінде мектебіміздегі бастауыш буынның
шығармашыл мұғалімдер тобы бірлесіп жұмыс жасай отыра, облыстық Есіл
қорының көмегімен Ән-көңілдің ажары, Көңілді балалар әні, Әңгімелер,
Мақал-мәтелдер атты жинақтар бастырып шығарды.
Өзін-өзі тану бағдарламасының мақсаты: оқушылар бойында
махаббат, достық, отбасы, табиғат, Отан құндылықтары туралы түсініктер беру
мен әрбір баланың бойындағы шығармашылық әлеуетін тани білу, өзінің көңіл-
күйін, өз мінез-құлқын, тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне
мүмкіндік туғызу болып табылады.
Ата-ана мен мектептің ортақ мақсаты – жас ұрпақтың бойында
адамгершіліктің алау сезімін маздатып, жан-жақты дамыған, мейірбан, қамқор,
белсенді азамат тәрбиелеу болса, ата-ана мен мұғалім баланы оқыту мен
тәрбиелеуде отбасының ерекше рөл атқаратынына баса назар аударып, бірлесе,
ынтымақтаса әрекет етуде. Отбасы, ата-ана туралы мәліметтер жинақтау
барысында ата-аналармен сауалнама, әңгіме, психологиялық жағдайларын
анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар мектепте өтетін әртүрлі
іс-шараларға, сабақтарға ата-аналарды қатыстырып, мектеп өміріне олардың
да араласуы қадағаланады. Отбасындағы ата-ананың рөлі, Өмір деген
не? Отбасындағы рухани тәрбие деген тақырыптардағы ата-аналар
жиналысында, Ана көрген тон пішер, Наурыз-жыл басы тақырыбындағы
мектепішілік мерекелерде, Әкем, шешем және мен, Кім бірінші? атты
спорттық сайыстарда ата-аналар өте белсене қатысты.
Эксперимент жүргізу барысында оқушылардың адамгершілік құндылықтары,
адами асыл қасиеттері анықталып, зерттеу жүргізіліп, сараптамалар
жасалынып отырады. Осыдан байқағанымыз экспериментке енгеннен бастап
оқушыларымыздың бойында :
- қадірлей білу мен бағалай алу қасиеті;
- өз қабілеттері мен мүмкіншіліктерін жүзеге асыра білу;
- өз ойын, пікірін ашық айта білу;
- адамгершілік қасиеттермен сусындаған;
- ішкі жан дүниесі таза;
- жүректері мейірімділік пен қайырымдылыққа толы;
- сезімін, көңіл-күйін жеткізе алу;
- қоршаған ортаны аялай білетін;
- өзіндік менін қалыптастыру;
- ең бастысы өзін-өзі , қоршаған ортаны тани білетін қасиеттері мен
қабілеттері ашыла түсті. Мектеп оқушылары адам санасына зиянын
тигізетін психотропты заттарды қолданудан, құқықбұзушылықтан,
тәртіпбұзушылықтан аулақ болып, өздерін тек жақсы жақтарынан ғана көрсете
бастады.
Мектеп Алматы қаласындағы Бөбек ұлттық ғылыми-практикалық
білім беру және сауықтыру орталығымен тығыз байланыс жасайды.
Қарағанды қаласында өткен республикалық семинарда Мұқышева Шарғия
Жұманғалиқызының Өзіңді өзің танысаң – істің басы атты еңбегі
Бөбек ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы
Адамның үйлесімді даму институтының қорына енді. Мектебіміздің 3-4 сынып
оқушылары жыл сайын осы орталықта 22 күндік сапарда болып, демалып, жақсы
әсермен қайтады.
Мұғалімдер Бөбек ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және
сауықтыру орталығы ұйымдастырған республикалық семинарлар мен
конференцияларға жиі қатынасады. Мұқышева Шарғия Жұманғалиқызы
2008 жылы желтоқсан айында Солтүстік Қазақстан облыстық Балалар құқығын
қорғау департаменті ұйымдастырған Менің оқулығым-менің досым атты
әдістемелік құралдар байқауында жүлделі орынға ие болса, Қызылорда
қаласында өткен республикалық семинарда Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік
білім беру эксперимент бағдарламасының шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы
тақырыбындағы жұмысы көпшіліктің назарына ұсынылды. Мектеп басшысы
Өзін-өзі тану - адамгершілік-рухани білім жобасының моделі атты
еңбегінде Өзін-өзі тану пәнін экология, валеология, әдеп және отбасы
психологиясы пәндерімен кіріктіріп өткізу сапалы әрі тиімді болатындығын
айтып, Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми-практикалық
конференцияда өз жобасын қорғады. Сонымен қатар көрші Омбы облысында
өткен семинарда облысымыздағы эксперимент жұмысы туралы пікір
алысып, тәжірибе алмасып қайтты. 2007 жылдың қыркүйек айында мектеп
басшысы Мұқышева Шарғия Жұманғалиқызы мен Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Қазбекова Зәуреш Қабенқызы Бөбек қорының құрылғанына 10 жыл толуына
байланысты өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып,
Алғыс хаттармен марапатталды.
Эксперимент алаңындағы жұмыстарды көрсетіп, тәжірибе алмасу
мақсатында оқу қазақ тілінде жүргізілетін қала және облыс мектептерінің
ұстаздар қауымы арасында дөңгелек столдар, семинарлар, пікір алмасулар жиі
ұйымдастырылуда. Мұғалімдер жаңа педагогикалық технологияларды қолдана
отырып, бүгінгі заман талабына сай интерактивті тақтаның, компьютердің
көмегімен Менің достарым, Менің Отаным, Табиғатты аяла, Тілім
–менің тірегім, Қазақстан – ортақ өлкем тақырыбында ашық сабақтар
өткізді. Мұғалімдердің шығармашылықпен жасаған бұл сабақтары жергілікті
жердің телеарналарында көрсетіліп , СҚО Балалардың құқығын қорғау
департаментінің арнайы сайтында жарияланып тұрады.

Аға мұғалім облыстық халыққа білім беру басқармасының куәлігі – 1991 ж.

Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
БЕРУ ІСІНІҢ ҮЗДІГІ белгісімен наградталғандығы туралы куәлік – 1992 ж.

Білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі үшін ҚББ құрмет грамотасы-2008 ж.,

Ұзақ жылғы және адал еңбегі, облысты әлеуметтік – экономикалық және мәдени
дамытуға қосқан зор үлесі үшін СҚО әкімінің Т. Мансұровтың құрмет
грамотасы – 2005 ж.,

Кәсіби шеберлігі мен еңбегі үшін ұлттық ғылыми практикалық, білім беру
және сауықтыру орталығының алғыс хаты – 2007 ж.,

І облыстық инновациялық жобаларды қорғау фестивалінің ІІ дәрежелі дипломы
- 2005 ж.,

V облыстық педагогикалық марафонға қатысқаны үшін Омбы облыстық білім
жетілдіру институтының алғыс хаты – 2008 ж.,

Өзін - өзі тану курсынан экспериментке шығармашылықпен қатысқаны үшін
Есіл қорының мақтау қағазы .

Өзін - өзі тану рухани – адамгершілік білімі негізінде оқу – тәрбие
жұмысын ізгілендіру атты Қызылорда қаласында өткен республикалық ғылыми -
әдістемелік семинар.

І облыстық инновациялық жобаларды қорғау фестивалі.

СҚО мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында
курстан өтті (2009 жыл).
Мектеп өміріне белсене араласқаны үшін алғыс хат;
Мектепішілік ғылыми конференция; Ең үздік сынып жетекші мектепішілік
сайысында 3-орын;
Қала, облыс мұғалімдеріне тәжірибе бөлісу мақсатымен Қазақстан-ортақ
өлкем, Мен жауапты баламын, Табиғат - байлығым атты ашық сабақтар
берді.

СҚО мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау институтында
курстан өтті (2009 жыл).

Бөбек ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында
2009 жыл;

Мектеп өміріне белсене араласқаны үшін алғыс хат;
Сынып жетекшілері бірлестігінің басшысы алғыс хат;

Қала, облыс мұғалімдеріне тәжірибе бөлісу мақсатымен Жауапкершілік, Мен
ұқыпты баламын, Отбасым- бақыт мекені атты ашық сабақтар берді.

Бөбек ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында
курстан өтті (2005 жыл).
Оқушыларға білім мен тәрбие берудегі ерен еңбегі үшін мақтау қағазы,
Сынып жетекшілер сайысы алғыс хат;
Өзін - өзі тану рухани – адамгершілік білімі негізінде оқу – тәрбие
жұмысын ізгілендіру атты Қызылорда қаласында өткен республикалық ғылыми -
әдістемелік семинар ,
Бөбек ұлттық қорының құрылғанына 10 жыл толуына байланысты ғылыми-
практикалық конференция, мектепішілік ғылыми конференция;
Қала, облыс мұғалімдеріне тәжірибе бөлісу мақсатымен Тілім-менің тірегім,
Бірлігі жарасқан халықпыз, Менің сыныптастарым атты ашық сабақтар
беріп, Өзін-өзі тану- адамгершілік құндылықтардың негізі атты баяндама
оқыды.

Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру
эксперимент бағдарламасының шығармашылық
тұрғыдан іске асырылуы

Қазіргі жаңа кезеңде ұлттық білім беру жүйесінің алдыңғы қатарлы даму
бағыты адамның жеке тұлғалық әлеуетін максималды түрде ашуға бағытталған,
адамгершілік – рухани білім қалыптасуда, яғни білім берудің шынайы мақсаты
– адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай –ақ рухани-
адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамытуда.
Жеке тұлғаның адамгершілік рухани білімі оның физикалық, психикалық,
рухани, әлеуметтік және шығармашылық деңгейі дамуының үйлесімділігіне
жетуі нақты білім беру мен тәрбиелеу процесінде әртүрлі жолдармен, ал
негізінде Өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асырылады.
Өзін-өзі тану пәнінің ең басты ерекшелігі - баланың санасына өзінің
жеке тұлға және қоршаған ортаның бір бөлігі екендігін қалыптастыру. Өзін
және қоршаған ортаны тану арқылы жан дүниесін байыту. Осы негізгі мақсатқа
жету барысында ұстаз қауымы әр өткізетін сабағында баланың рухани –
адамгершілік қасиеттерін ішкі дүниесімен сезіне білуге тәрбиелеу. Біреудің
қуанышы мен ренішін өзінікіндей қабылдауға, түсінуге, сезінуге жетелеу.
Сонда ғана өмір жолында адаспай, өз жолын табу, төзімді болу, қандай да
қиыншылыққа кез болған сәттерін жеңе білу. Ал биік шыңға жетер болса,
адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауы сөзсіз. [слайд №1]
2003 оқу жылынан бастап мектебімізде Өзін-өзі тану пәні эксперимент
ретінде жүргізіліп келеді. Оқу қазақ тілінде жүргізілетін облыс және қала
мектептері үшін эксперимент алаңындағы жұмыстар жүйесінің базалық білім
ошағының бірі болып саналатындықтан, ұстаздар қауымының арасында үнемі
семинарлар, дөңгелек үстел т.б. іс-шаралар өткізіліп, өзара пікір
алмасудамыз. [слайд №2]
Педагогикалық инновациялық технологияларды қолданып өткізген
ашық сабақтары Есіл, ТВ, МТРК телеарналарынан көрсетіледі.
Өзін-өзі тану пәніне арнайы оқулықтар, жұмыс дәптері, әдістемелік
нұсқаулықтар баршылық, бірақ сонымен шектелмей, эксперимент барысында
мектепте біршама оң тәжірибе жинақталды.
Барлық өмір қуанышы – шығармашылықта деген Р.Роланның дана сөзін
басшылыққа ала отыра, шығармашылық тобы өз сабақтарында қосымша
пайдаланылатын өлең, әңгімелер, жұмбақтар жинақтары облыстық Есіл қорының
көмегімен баспадан шығарылды және қазіргі кезде оқу- әдістемелік құралдар
шығару жоспарлануда.
Назарларыңызға сабақ құрамындағы шығармашылық жұмыс бөлімінде
компьютер, интерактивтік тақта қолдану арқылы өткізілген оқушылардың
кейбір шығармашылық жұмыстарын ұсынғалы отырмын. [№3 слайд]
Өзіңді-өзің таны тарауы бойынша оқушыларға келесідей шығармашылық
жұмыс ұсынылады.

- төмендегі сөздер арқылы өз ойыңша адамның ішкі және сыртқы әлеміне
анықтама беріп көр. [слайд №4]

Виктор Гюго. Сыртқы сұлулық толық болу үшін ішкі сұлулықпен
жандану керек сөзіне талдау жасау.

- адамның ішкі және сыртқы сұлулығын, сезім әлемін ұғындыру
мақсатында берілген тапсырма

- берілген сөздерден адамның сұлулығын көрсететін құндылықтарды күннің
көзінің айналасына орналасқан орбиталарға жазып, түсіндір. [слайд №5]

- егер сен Жеті күлте сәуле гүл ертегісіндегі қыздың орнында болсаң
өзіңе, достарыңа және туыстарыңа қандай тілектер тілер едің?

- өзіңе, достарыңа, туыстарыңа қанша және қандай тілек білдірдің?
Өз жұмысыңа сараптама жасап, өзіңді өзің бағала [слайд № 6,7]

Өзіңді -өзің танысаң істің басы деген екен Шәкәрім бабамыз.
Табиғаттың жылуын, өмірдің жақсылығын сезіне білу ересектерге қарағанда
балаларға басым болады. Табиғат құбылыстары мен адамның мінез-құлықтарының
ұқсастығын, табиғат адаммен бір тұтас екенін сезіндіру мақсатында ұсынылған
жұмыс түрлері.

- берілген табиғат көріністері бойынша Менің көңіл-
күйім ... ... ... ... . сезімі. [слайд № 8,9]

- табиғат көрінісіндегі жапырақтар мен жаңбыр, бұлақтың сазын өлең
жолдарымен суретте. [слайд № 10]

- жыл мезгілдеріне тән табиғат сұлулығын суреттеп, әңгімеле
[слайд № 11]

Өзін-өзі тану бағдарламасын бірлесе іске асыру мақсатында ата-
аналармен жұмыс өткізіледі. Осы тұрғыда оқушылар ата-аналарымен біріге
келесідей коллаж жасап, өз жұмыстарын қорғайды.

- ата-ананың көмегімен өз отбасының шежіре ағашын салып, ата тегі
туралы әңгімелеп бер. [слайд № 12,13]

Синквейн – 5 жолды өлең [слайд №,14,15,16]
1 – жолда бір сөзден тұратын зат есім.
2- жолда сол зат есімді суреттеу – 2 сын есімнен
3 – жолда сол зат есімге байланысты етістік – 3 етістік сөзден.
4 – жолда сол зат есімге байланысты 4-5 сөзден тұратын сөйлем не нақыл
сөз.
5 – жолда 1-жолдағы зат есімнің синонимі 1 сөзден.

Өзін-өзі тану курсы бойынша бастауыш сыныпта алған білімдерін
анықтау барысында оқушыларға келесідей топтық жұмыс берілді.

- Өзін - өзі тану пәні бойынша эмблема жобасын жасау, қорғау.

Назарларыңызға ең үздік қорғаған топтың жұмысын ұсынамыз.
[слайд №17]

Оқушы: Біз Өзін-өзі тану пәнін гүлге теңедік. Гүлдің өзегіне
рухани -адамгершілік тәрбиені, ал күлте жапырақтарына адамның өмірде
ұстанатын құнды қасиеттерін белгіледік. Бойында құнды қасиеттері бар
адамдар гүлдей құлпырып, әлемге тек жақсылық шапағатын дарытсын -деген
тілек білдірді.
Өзін-өзі тану сабақтары арқылы балалардың өмірде кездесетін түрлі
жағдаяттарды шеше білуге, өз ойын ашық айтып пікірін, сезімін, көңіл-күйін
жеткізе алуға, өз қабілеттерін мен мүмкіншіліктерін жүзеге асыра білуге,
адами қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелей отыра, келесідей қорытындыға келдік-
оқу-тәрбие үрдісіне еніп отырған Өзін-өзі тану пәнінің әлеуметтік-рухани
өмірде алатын орны ерекше, болашағы сарқылмас өзен.
Білім саласындағы жаңа кезеңнің міндеті өзін-өзі тану пәні арқылы
алдымыздағы әр бір оқушыны саналы да білімдар, ішкі жан дүниесі таза,
рухани, адамгершілік құндылық қасиеттерімен сусындаған, интеллектуалдық,
шығармашылық қабілеттері жоғары, ертеңгі күні ғылым мен техниканы
дамытатын, жаңалық ашатын азамат етіп тәрбиелеу.

Осы адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын еліміздің тұңғыш Бөбек
қорының президенті Сара Алпысқызының сөзімен аяқтауға рұқсат етіңіздер.
[слайд № 18]

Өзін-өзі тану- адамгершілік құндылықтардың негізі

Сара Алпысқызы

Қолданылған слайдтар электронды түрде қосымша беріледі.

Мұқышева Ш.Ж.
Петропавл қаласы
№20 орта мектебі

Өзін-өзі тану - адамгершілік-рухани білім
жобасының моделі

Қазіргі жаңа кезеңде ұлттық білім беру жүйесінің алдыңғы қатарлы даму
бағыты адамның жеке тұлғалық әлеуетін максималды түрде ашуға бағытталған
адамгершілік-рухани білім қалыптасуда, яғни білім берудің шынайы мақсаты –
адамға белгілі бір білімді жеткізу ғана емес, сондай-ақ рухани,
адамгершілік тұрғыдағы мәнін дамытуда.
Жеке тұлғаның адамгершілік-рухани білімі оның физикалық, психикалық,
рухани, әлеуметтік және шығармашылық деңгейі дамуының үйлесімділігіне жетуі
нақты білім беру мен тәрбиелеу процесінде әртүрлі жолдармен, ал негізінде
Өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асырылады.
Өзін-өзі тану пәні алғаш бесжылдық эксперименттен өтіп жағымды
нәтижелер көрсеткендіктен, барлық мектептерге міндетті пән ретінде
енгізілгелі отыр. Өзін-өзі тану пәні эксперименттен өту кезеңінде
экология, валеология, азаматтану, әдеп және отбасы психологиясы пәндерінің
міндеттері мен мақсаттарын қамтитыны анықталды. Осы уақыт аралығында
аңғарғанымыз, бұл пәндерді байланыстыру қажеттілігі арта түсуде. Сондықтан
осы пәндерді сапалы әрі тиімді жүргізу үшін Өзін-өзі тану пәнімен
байланыстыру арқылы жүзеге асыру жобасын ұсынамын.
Модель

Модель құрудың өзектілігі рухани-адамгершілік білім берудегі жүйелі
жұмыстың, оның ішінде оқушының жеке пәндерден алған білімдерінің
біріктірілуінің қажеттілігіне негізделген.
Мектептің үш жыл мерзім ішінде М.М Жанпейісованың модульдік оқыту
технологиясы [1] бойынша жұмыс істеуін ескере отыра, модель құрудың
негізіне аталмыш технологияның ұсыныстары пайдаланылды, әсіресе, осы
модельде Өзін-өзі тану пәнін жоғарыда аталған оқушының рухани-
адамгершілік білімін қамтамасыз ететін экология, валеология, азаматтану,
әдеп және отбасы психологиясы пәндерімен байланыстырып, тұтас аяқталған
жүйе ретінде қарастыруға болады.

IV ТАРАУ
ӘСЕМДІК ӘЛЕМІНДЕ
Модуль №1
Берілгені - 11 сағат бөлімі
Кіріспе - 1 сағат
Сұхбат бөлімі - 8 сағат
Қорыту бөлімі -2 сағат

Мақсаты:
1. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту;
2. Оқудың қажеттілігін түсінуі ;
3. Есте сақтау қабілетін дамыту;
4. Оқуға қызығушылығын арттыру әдістерін табу.

Бөлім Өткізетін Сабақтың өткізілу түрі мен мазмұны Уақыты
аттары сағат саны
1– сабақ Өмір мектебі
Кіріспе 1. Шаттық шеңбері 1 мин
2. Модульдің құрамымен таныстыру 3 мин
3. Адам өмірі табиғатпен тығыз байланыста 8 мин
(Әңгімелесу)
4.Оқу ақпараты Ең тәтті сөз К.Табеев 6 мин
5. Өзін-өзі қоғамдық орында ұстау мәдениеті; 7 мин
(сахналау)
6. Шығармашылық жұмыс Жақсы сөзге құлақ сал 7 мин
7. Дәйексөз. Тыйым сөздер
8. Түйіндеме 6 мин
9. Жүректен жүрекке 5 мин
2 мин
Сұхбат
бөлімі 2 – сабақ Салауаттылық – менің қалауым

Шаттық шеңбері 2 мин
Денсаулық тақырыбына ой шақыру 10 мин
Жағдаятты талдау Менің атым Қожа 10 мин
Өз ағзаңның жұмыс қабілетін арттыра білу 9 мин
(шығармашылық жұмыс)
Дәйексөз 7 мин
Түйіндеме 5 мин
Жүректен жүрекке 2 мин

3 – сабақ Табиғат ғажаптары 1 сабақ

Шаттық шеңбері 1 мин
Шағалалар қайда ұйықтайды? Ш.Мұртаза 12 мин
(пікір алмасу)
Мәтінмен жұмыс Аққулы мекен үзінді 10 мин
Еліміздің болашағы – біздің қолымызда 8 мин
(шығармашылық жұмыс)
Оқу ақпараты (экономикалық жұмбақтар) 7 мин
Түйіндеме 5 мин
Жүректен жүрекке 2 мин

4 – сабақ Табиғат тылсымы

Шаттық шеңбері 2 мин
Пікір алмасу Табиғаттың адам өміріндегі маңызы10 мин
(бейнетаспа)
Ролдік сахналау (149-150 бет ) 8 мин
Жағдаят Арал теңізінің экологиялық проблемасы 9 мин
(жұптық жұмыс)
Шығармашылық жұмыс (№8, 9, 10 слайд) 9 мин
Дәйексөз 5 мин
Жүректен жүрекке 2 мин

5- сабақ Адам мінезімен танылады 1 сабақ

Шаттық шеңбері 2 мин
Жағдаяттарды талдау Кім Қыз Жібек болады? 8 мин
(21-22 бет)
Тыныштық сәті 5 мин
Мәтінмен жұмыс (23-24 бет) 10 мин
Жақсылық шапағаты шығармашылық жұмыс 8 мин
Дәйексөз 5 мин
Түйіндеме 5 мин
Жүректен жүрекке 2 мин

6 - сабақ Адам мінезімен танылады 2 сабақ

Шаттық шеңбері 2 мин
Азаматтық құқықты барлық адам пайдалана ала ма? 8 мин
(Әңгімелесу)
Дәйексөз 5 мин
Мәтінмен жұмыс (15-19 бет) 9 мин
Ролдік сахналау 8 мин
Оқу ақпараты (Сендердің құқықтарың 6 мин
оқулығынан)
Түйіндеме 5 мин
Жүректен жүрекке 2 мин

7 - сабақ Мен және қоршаған орта

Шаттық шнңбері 2 мин
Сүйкімі дүниенің сұлулықта (Пікір алмасу) 7 мин
Қағидалар ойыны (Сендердің құқықтарың 6 мин
оқулығынан)
Суретші туралы әңгіме (Мәтінмен жұмыс) 8 мин
Тыныштық сәті 3 мин
Шығармашылық жұмыс 7 мин
Оқу ақпараты 5 мин
Түйіндеме 5 мин
Жүректен жүрекке 2 мин

8 – сабақ Адамның жан сұлулығы

Шаттық шеңбері 2 мин
Шығармашылық жұмыс (слайд № 4,5) 9 мин
Мәтінмен жұмыс (27 бет) 12 мин
Сахналау Жан сұлулығы 10 мин
Тыныштық сәті 5 мин
Дәйексөз 5 мин
Жүректен жүрекке 2 мин

9 - сабақ Табиғат тылсымы

Шаттық шеңбері 2 мин
Пікір алмасу Биші қайыңдар туралы аңыз 7 мин
Ролдік сахналау (158-159 бет ) 10 мин
Тыныштық сәті 5 мин
Жағдаят Судың да сұрауы бар 7 мин
Шығармашылық жұмыс (№11 слайд) 7 мин
Дәйексөз 5 мин
Жүректен жүрекке 2 мин
10 – 11
сабақ Реферат, әңгіме, кездесу, сынақ, конференция,
қорытынды тест, дебат.

Модуль.

Модельдің іске асырылуы Өзін-өзі танудың стандартындағы анықталған
біліктіліктің қалыптасуын қамтамасыз етуі керек:
- өзіндік өмірлік ұстанымын анықтау;
- әртүрлі сұрақтарды адамгершілік нормаға сәйкес шешу;
- өзіңе, өзгеге және қоршаған ортаға деген жағымды қарым-
қатынас қалыптастыру;
- туған-туысқандарына, т.б. адамдарға қамқорлық көрсету;
- қарқынды белсенділік, азаматтылық, елжандылық көрсету;
- рухани таңдаумен өз ойың, сөзің, ісіңе жауап беруге әрқашан
дайын болу;
- қоғамға қызмет ету дағдыларын практикада дамыту.
Қорыта айтқанда, егер осы ұсынылған жоба жүзеге асырылатын болса,
мектептің базистік оқыту жоспарына тиімді өзгерістер енгізіледі және Өзін-
өзі танудың стандарттарында анықталған біліктіліктердің оқушы бойында
қалыптасуы қамтамасыз етіледі.

Қолданылған әдебиеттер:

1. М.М. Жанпейісова Модульдік оқыту технологиясы – оқушыны дамыту құралы
ретінде-Алматы, 2002
2. Познай Истину...: Книга VI. Самопознание.
Мысли на каждый день.-Алматы, 2005
3. Өзін-өзі тану терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Бөбек-

ҰҒПББСО, 2006
4. Ата-аналарға арналған хрестоматия. Алматы: Бөбек-ҰҒПББСО,
2006
5. Сара Алпысқызы. Өмір әдебі Әдеби эссе, толғаныстар.-Алматы,
2003
6. Алихан Байменов Абыройлы өмір үшін- Алматы, 2005
7. А. Лопатина, М. Скребцова Счастье семьи- М: ООО Книжный дом Локус,
2002
8. Мектептегі психология 21,37,38,39 беттер, Алматы, 2008 ж №1
9. Бала құқығы туралы конвенция. -Нью-Йорк, 1989.
10. А. Лопатина, М. Скребцова Секреты мастерства: 62 урока о профессиях и
мастерах- М: ООО Книжный дом Локус, 2002
11. Л.З.Тель., Е.Д. Даленов Валеология- Астана, 2003.
12. Сөз атасы: Мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер-Алматы:Жазушы, 1987
13. М.Жұмабаев. Педагогика -Алматы: Ана тілі, 1992
14. Абай. Қара сөздер Алматы: Жалын 1983.
15 Ақиқатты тани біл...Ғибрат толғамдарыҚұраст. Айболат Сейтақов.-Алматы,
2003
16. Әділбек Нұрмағамбетұлы. Жер-судың аты-тарихтың хаты Алматы: Балауса,
1994.
17. Өзін - өзі тану пәні бойынша 5-6 сыныптарға арналған хрестоматия.
Қолданылған слайдтар электронды түрде қосымша беріледі.

Ш.Ж. Мұқышева
СҚО, Петропавл қаласы
№20 орта мектеп
Республикалық семинарда Менің оқулығым-менің досым акциясы бойынша
жасалған баяндама

Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім берудің маңызды басымдылығын
күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара
Алпысқызының Өзін-өзі тану авторлық жобасы тек Қазақстанда ғана емес,
сонымен қатар халықаралық қоғамдастықта қолдау тапты.
Өзін-өзі тану пәні алғашқы бес жылдық эксперименттен өтіп,
12-жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне енгізу бағдарламасы жасалып,
барлық мектептерге міндетті пән ретінде енгізілгелі отыр. Білім саласындағы
жаңа кезеңнің міндеті өзін-өзі тану пәні арқылы жас ұрпақтың әлеуетінің
дамуына, жеке тұлғаның шығармашылық және танымдық белсенділігін
ынталандыруға, балалар мен жасөспірімдердің бойында ізгі сенім мен
адамгершілік мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал етері сөзсіз.
Өзін-өзі тану пәні эксперименттен өту кезеңінде Бөбек ұлттық
ғылыми – практикалық білім беру және сауықтыру орталығының басшылығымен
жарық көрген Өзін-өзі тану курсының оқу әдістемелік кешені де байқаудан
өтіп, оң баға алды. Бұған дәлел, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
Өзін-өзі тану пәнінің ОӘК оқыту, дамыту және шығармашылық шамасын
зерттеу мен ашу мақсатында өткізілген Менің оқулығым-менің досым
атты аймақтық акция.
01.02.-10.03.09 ж.ж. аралығында ұйымдастырылған бұл акцияға тоғыз
эксперименттік алаң белсене қатысты. Аймақтық акция дөңгелек үстел,
семинар, ашық сабақтар және ата-аналар, оқушылар арасында әртүрлі сайыстар
мен іс-шаралар түрінде өткізілді.
СҚО Балалардың Құқықтарын Қорғау департаменті ұстаздар арасында Өзін-
өзі тану оқулығы бойынша әдістемелік-құралдар байқауын ұйымдастырды.
Эксперимент алаңыңа қатысушы ұстаздар өздерін шығармашылық жағынан жоғары
деңгейде көрсете білді. Өткізілген аймақтық акциясының қорытындысы бойынша,
ең үздік аталған жұмыстар І-ІІ-ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталып,
обл.ПКБА ҚДИ қызметкерлері үздік және қызықты жұмыстарды баспадан
шығаруды ұсынды.

Құрметті әріптестер! Менің оқулығым-менің досым атты аймақтық акция
қорытындысын, бейнетаспа-слайд тұсаукесерін назарларыңызға ұсынуға рұқсат
етіңіздер.

Уважаемые коллеги! Разрешите предложить вашему вниманию видео-слайд
презентацию по итогам проведенной региональной акции Мой учебник-мой
друг.
Сценарий
презентации акции Мой учебник – мой друг

І. Вступительное слово о включении в республиканскую акцию по Самопознанию
Мой учебник – мой друг (2 мин.)

ІІ. Видео-слайдовая презентация о проведенной акции на экспериментальных
площадках Северо-Казахстанской области г.Петропавловска.

Мукушева Ш.Ж. директор СШ №20

Бутенко М.П. методист ГорОО
Краткое содержание. Видео-слайд презентации будет представлено на двух
языках

Под фон музыки Детство Асылбека Енсепова
видеосюжет ночного неба, закат, полёт птиц,
слова Аялауды табиғаттан үйрен халық даналығы
величайшее чудо природы – появление жизни на земле – гнездо аиста появление
птенца, рождение ребенка. Звучат слова сопровождения сюжета:

Не привыкайте к чудесам – дивитесь им, дивитесь!
Не привыкайте к небесам – глазами к ним тянитесь!
Присматривайтесь к облакам,
Прислушивайтесь к птицам,
Прикладывайтесь к родникам,
Ничто не повторится!
За часом час, за мигом миг –
Впадайте в изумленье!
Все будет так и все не так –
Через одно мгновенье!

Слайд. Дети идущие в первый класс, аннимационная картина школа
Самопознания (слова и музыка Учат в школе В.Шаинского)
Идут сюжеты кирпичиков школы, показ слайдовых материалов о проведенной
акции на экспериментальных площадках,
Слайд. Өз-өзіңді тану үшін кітап керек.
Өзгеніде тану үшін кітап керек

Р.Гамзатов
Аннимация. Перелистывая страницы книги, раскрывается структура учебного
пособия, через показ видеосюжетов, фрагменты занятий, интервью детей,
родителей, педагогов по оценке учебника, УМК по курсу предмета
Самопознания.

ІІІ. Заключительная часть.
Под фоновую музыку появляются аннимационная картина, и слова:
Өзін-өзі тану - адамгершілік құндылықтардың негізі

Сара Алпысқызы
Не привыкайте к чудесам – дивитесь им, дивитесь!
Не привыкайте к небесам – глазами к ним тянитесь!
Присматривайтесь к облакам,
Прислушивайтесь к птицам,
Прикладывайтесь к родникам,
Ничто не повторится!
За часом час, за мигом миг –
Впадайте в изумленье!
Все будет так и все не так –
Через одно мгновенье!

Ата-анамның саясында ер жетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілем.
Әжемдей ақ ниетті адал жанды,
Таппаспын айналсам да жер бетінен.

Мен жастарға сенемін!
Мен сенемін жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда
Мен жастарға сенемін.

По другому жизнь течет
Теперь у нашей детворы –
Ценят отдых, ценят труд,
Стали краше их дворы

Больше радости и счастья,
Видим мы в глазах детей!
Тепло на сердце, радостно –
От добрых их затей!

Бәрінің бастауы – Махаббат!
Жанына нұр сепкен шапағат.
Еңбектің рақатын сездірген,
Гүлдерге құлпыртып түр берген
Сәбидің шырағын жандырған,
Бұлағы-мейірін қандырған.
Шуағы жылытқан жүректі
Жаңғыртып айтамын қайталап,
Бәрінің бастауы – Махаббат!

УМК у нас в чести –
Знает он откуда вести!
Он идеи приумножит
И к успеху путь проложит!

Самопознание теперь
И мир Разума и Света дверь,
Источник мудрой вести
И кодекс детской чести!
Он детям знание несет
И по жизни их ведет.
Учебнику Самопознание -
Огромное признание
От всех детей, родителей
И нашего учителя

Қолданылған слайдтар электронды түрде қосымша беріледі.

Мұқышева Ш.Ж.
Петропавл қаласы
№20
орта мектебінің басшысы

Мен әдепті баламын

Мақсаты: Әдептілік ұғымының мәнін ашу.
Көрнекілік: Үлкен жүрек , жүрекшелер, музыка

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері
Балаларды жартылай дөңгелек қылып тұрғызу, келген қонақтармен амандасу.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Әңгімелесу
- Балалар, біз сендермен адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі
әдептілік туралы әңгімелесеміз.
-- Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
(Балалардың жауаптарын тындау)
- Дұрыс балалар. Әдептілік дегеніміз үлкен- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың өздік орындайтын жұмыстарына жалпы сипаттама
Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары
Оқушылар бойында шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру қажеттігі туралы
САБАҚТА ЖӘНЕ ТӘРБИЕДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен танымдық қабілеттерін дамыту
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінде жүргізілетін жазба жұмыстары
Пәндер