Тістің қатты тіндерінің қажалуы


Қарағанды медицина университеті
Стоматология мектебі
Қатты тіс тіндерінің кариесологиясы және кариесті емес зақымдануы пәні
Реферат
Тақырыбы: «Тістің қатты тіндерінің тұқым қуалаған зақымданулары»
Орындаған:
Тексерген:
Қарағанды 2020ж.
Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім:
- Тістің қатты тіндердің тұқымқуалаушылық аурулары
- Тістің қатты тіндердің тұқымқуалаушылық аурулары түрлері
- Тістің қатты тіндердің тұқымқуалаушылық аурулары этиологиясы мен патогенезі
- Тістің қатты тіндердің тұқымқуалаушылық аурулары клиникалық көріністері.
III. Қорытынды
Кіріспе
Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақаулары- микробтық фактордың әсерімен байланысты емес аурулар тобы. Негізгі шағымдар эстетикалық ақаудың пайда болуына әкеледі. Кейде гиперестезия пайда болады. Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақаулары қатты тіндердің деструкциясымен жүреді. Диагностика шағымдары, ауру анамнезі, клиникалық тексеру деректері және қосымша зерттеу әдістерінің нәтижелері негізінде негізделеді. Тістің қатты тіндерінің тісжегі емес ақауларын емдеу қатты тіндердің минералды құрамын қалпына келтіруге, эстетикалық ақауларды жоюға, шайнау қызметін қалыпқа келтіруге бағытталған.
Тістің қатты тіндердің тұқымқуалаушылық аурулары
Жетілмеген амелогенез (тұқым қуалаушылықтан дамыған тістер гипоплазиясы) тістер кіреукесінің әртүрлі дәрежедегі құрылымдық бұзылыстарымен сипатталатын ауру. Патологиялық үрдістің негізі - эктодермальдық жасушалық құрылымдардың функциональдық қызметтерінің ауытқуларымен байланысты. Ерлер мен әйелдер арасында бірдей кездесе береді . Жетілмеген амелогенез кезінде адам организімінде белгілі бір патологиялық үрдіс анықталмайды.
Клиникалық көрінісі. Патологиялық үрдістің ауырлығына қарай аурудың үш дәрежесін ажыратады .
Жеңіл дәрежесі кезінде кіреукенің түсі ғана өзгереді : бірде - сары, кейде ашық -қоңыр немесе қоңыр болып келеді . Әртүрлі түстілік бір ғана тісте немесе бірнеше топтағы тістерде байқалуы мүмкін . Өзгерген кіреуке беті жылтырлығын жоймаған, сүңгілеп тексергенде беті жазық және ауыру сезімі анықталмайды .
Орта дәрежесі кезінде жарақат ошақтарының түсі қоюлау ( сары немесе қою- қоңыр) . Кіреукеде құрылымдық өзгерістер нәтижесінде пайда болған кедір - бұдырлы ошақтар және тік орналасқан жүлгелер анықталады ( әдетті гипоплазия кезінде сайлар-жүлгелер көлденең орналасады ) .
Тістерде кейде әртүрлі тітіркендіргіштерден жоғары сезімталдық байқалады.
Ауыр дәрежесі кезінде кіреукенің жылтырлығының жойылғаны, ақ бор түстес дақты ошақтардың орын алуы, беріктігінің төмендеуі нәтижесінде оңай сынғыштығы байқалады (7-cурет) . Механикалық әсерлерден кіреуке оңай шытынап, дентиннен ажырай бастайды. Беті ашылған дентин тез боялып, қоңыр немесе қара-қоңыр түстенеді және қажалуға ұшырайды. Жетілмеген амелогенез кезінде тістердің пішіні мен көлемі көп өзгермейді. Дегенмен кейбір жағдайларда тіс сауыттарының ені кішірейіп, тістер арасында кеңістіктер пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар сауыттары мойын бөлігінде кеңейіп, ұшы кесілген конусқа немесе цилиндрге ұқсаған тістер де кездеседі.
Патологиялық анатомия. Электрондық микроскоппен дентинэмаль шегінің тегіс еместігін, эмальдің органикалық затының көбеюін анықтауға болады. Эмальда эмаль призмаларының бағыттылығы бұзылған, кей жерлерде аморфты затпен толтырылған аймақтар анықталады. Дентин әдеттегі құрылымы бар.
Жетілмеген дентиногенез - бұл ауру тістің сауыт бөлігіндегі және көбінесе түбір бөлігіндегі дентиннің нашар дамуынан туындайды және тістердің жедел қажалуға ұщырап және қозғалмалы болып, ерте түсіп қалуына әкеп соғады.
Мұндай тістердің пішіні мен көлемі көп өзгеріске ұшырамайды, бірақ температуралық тітіркендіргіштерге жоғары сезімталдық байқалады.
Рентгендік суретте мұндай тістердің түбірлері қысқа, түбір ұштары қалыптаспаған және төңірегіндегі сүйек тінінде құрылымы бұзылған ошақтар (очаги деструкции) анықталады. Кіреуке-дентин шекарасы ойлы-қырлы, тіс қуысы екіншілік дентинмен жабылған.
Стейнтон-Капдепон дисплазиясы - бұл ауруды алғаш 1892 жылы Стейнтон, ал 1905 жылы Капдепон сипаттап жазған, себебі мен патогенезі әлі анықталмаған. Көпшілік зерттеушілердің ұйғаруынша, мезенхимальды құрылымдардың даму үрдісінің бұзылуы әсерінен дамитын және тұқым қуалайтын аурулар тобына жатады. Тұрақты тістермен қатар сүт тістері де жарақаттануы мүмкін. Тістер шыға салысымен кіреуке біртіндеп сынып, дентиннен ажырай бастайды, оның шағын қалдықтары тек тістердің мойын бөліктерінде және жанасу беттерінде сақталады. Жалаңаштанған дентин қоңыр түсті және мөлдір, тығыздығы төмен болғандықтан тез арада қажалуға ұшырап жойыла бастайды. Тістер уақытында және толық шығады. Тіс сауыттары мен түбірлерінің пішіндері аса өзгеріске ұшырамаған. Рентгендік тексеру кезінде кейбір тістердің қысқа және жіңішке, ал кейде керісінше жуан болып келуі, тіс қуыстары тарылып, бітеле бастаған.
Эктодермальды дисплазия. Бұл - тұқым қуалайтын, эктодермальдық құрылымдардың даму үрдісінің бұзылуы әсерінен дамитын ауру. Сондықтан ол эктодермальдық құрылымдардың - тырнақтардың, шаштың дамып жетілмеуімен, сілекей және жас бездерінің нашар дамуымен, кейде толық дамымай қалуымен сипатталады. Мұндай сырқаты бар науқастарға өзіндік клиникалық белгілер тән: маңдай сүйек шығыңқы, ерге ұқсас мұрын, екі ерні қалың, біраз тістері немесе барлық тістері шықпаған. Сүт тістері мен тұрақты тістердің кіреукесі дұрыс дамымаған, өте жұқа және нәзік, оңай сынғыш. Дентин жалаңаштанған, қара-қоңыр түсті және тез қажалуға ұшырайды.
Тістің қатты тіндерінің қажалуы. Тіс тіндерінің қажалуы әрбір адамда болады, бұл шайнаудың физиологиялық функциясының нәтижесі болып табылады.
Тіс қажалуы физиологиялық және патологиялық болады.
Физиологиялық қажалу уақытша және тұрақты тістемде де кездеседі.
Жас ұлғайған сайын тістердің физиологиялық қажалуы үдей береді. Егер 30 жасқа дейін физиологиялық қажалу кіреукемен шектелсе, 40 жасқа жақындағанда дентин де қажалуға ұшырай бастайды және беті ашылуы нәтижесінде сарғыш түстенеді. Дентиннің қажалуы 50 жасқа қарай күшейе түседі. Жас 60-қа келгенде алдыңғы тістер қажалу нәтижесінде біраз қысқарады, азу тістердің шайнау төмпешіктері жойыла бастайды. 70 жаста тістердің қажалуы сауыт қуыстарына жақындауы мүмкін. Бұл кезде жаңа құрылған орынбасушы дентинмен толған сауыт қуысының контуры жақсы көріне бастайды, бірақ өзі ашылмайды. Физиологиялық қажалу ешқандай емдеу шараларын қажет етпейді.
Тістердің қатты тіндерінің физиологиялық қажалуымен қатар, тіндердің жедел жойылуымен сипатталатын патологиялық қажалуы да кездесе береді және 11, 8% құрайды. Азу тістердің шайнау төмпешіктерінің толық қажалуы және алдыңғы тістердің тістеу қырларының жартылай қажалуы әйелдерге қарағанда ер адамдарда жиі кездеседі және әйелдерде 22, 7%, ал ерлерде 62, 5% құрайды. Патологиялық немесе жедел қажалудың негізгі себептері- жергілікті ықпалдар (патологиялық тістем, кейбір тістерге шайнау күшінің көп түсуі, биік қойылған пломбылар, сапасыз дайындалған протездер, кәсіби мамандық жағдайының зиянды әсерлері) және тістің қатты тіндерінің құрылымдық тұрғыдан толыққанды дамымауы.
Этиологиясы және патогенезі. Тістің патологиялық қажалу себептері мынадай факторлар болуы мүмкін: тістің жағдайы, тістің жоғалуы салдарынан артық жүктеме, протездердің дұрыс емес конструкциясы, тұрмыстық және кәсіби зиянды әсер ету.
Жіктелуі. Тістердің жедел қажалуының Грошиков М. И. ұсынған клинико-анатомиялық жүйесі дәрігерлік тәжірибеде тиімді болып саналады және төмендегідей сатыларға бөлінеді.
І сатысы - тіс сауыттарының шайнау төмпешіктері мен тістеу қырларында кіреукенің аздап қажалуы.
ІІ сатысы - сүйір тістердің тістеу төмпешіктері мен барлық азу тістердің шайнау төмпешіктерінде және күрек тістердің тістеу қырларында кіреукенің толық қажалып, дентиннің ашылуы.
ІІІ сатысы - кіреукенің толық, дентиннің тіс қуысына дейін қажалуы.
Клиникалық көрініс. Тіс сауыттары алғаш қажала бастағанда тісте температуралық әсерлерге, кейінірек механикалық және химиялық әсерлерге жоғары сезімталдық дами бастайды. Көпшілік жағдайда тістердің біраз қажалуына қарамай, олардың электрқозғыштығы аса көп өзгеріске ұщырамайды және 6-20 мка шамасында ғана ауытқиды.
Патологоанатомиялық сурет. Тіс тіндерінде байқалатын өзгерістер жедел қажалудың даму сатысына байланысты болады. Кіреуке тістеу қырлары мен шайнау төмпешіктерінде алғаш қажала бастағанда осы аймақтар астында орынбасушы дентиннің құрылуының қарқындылығы жоғарылағаны байқалады. Қажалудың екінші сатысында орынбасушы дентиннің қалың боп құрылуымен қатар дентин өзекшелерінің бітеліп қалуы орын алады (апатит кристалдарының шөгуі нәтижесінде) . Ұлпада да өзгерістер байқалады: одонтобластар саны азайып, олардың вакуолденуі, торлы атрофиялану үрдісі орын алады, ұлпаның орталық қабаттарында тұздардың шөгу әсерінен петрификаттардың құрылғаны байқалады.
Жедел қажалудың үшінші сатысында дентиннің толық склероздануы, екіншілік дентиннің қарқынды құрылуы нәтижесінде сауыт қуысының толығымен жабылуы, ұлпаның атрофиялануы байқалады. Одонтобластар саны ұлпаның қалған бөлігінде азайған, одонтобластар қабатында вакуалдену үрдісі анықталады. Екіншілік дентиннің көптеп құрылуы арқасында түбір өзектері тарылып кейбір бөліктерінде бітеніп, нашар өтетін болады.
Тістің қатты тіндерінің өліеттенуі (некроз твердых тканей зубов)
Тістердің қатты тіндерінің өліеттенуінің себептері анықталмаған. Көпшілік ұйғарымдарға жүгінсек, мұндай жарақаттар ішкі бездер (қалқанша без, жыныс бездері) қызметінің ауытқуы нәтижесінде дамиды.
Клиникалық көрінісі. Тістің қатты тіндерінің некроздануы белгілі бір аймақтарда кіреукенің жылтырлығы жойылып, алғашқыда бор түстенуімен д кейінірек қою-қоңыр түстенуімен сипатталады. Жарақат ошағының шекарасы өте анық және бірыңғай тегіс емес, иір-қиыр болып келеді. Ошақ ортасында тіндер жұмсарып, ақау пайда болады. Бұл кезде кіреуке өте нәзік және сынғыш келеді, аршығыштың көмегімен-ақ сындырып алуға болады және көптеген тістер жарақаттанады. Жарақаттанған тістер әртүрлі тітіркендіргіштерге өте сезімтал болғандықтан, науқас тістерінің ыстықтан, суықтан, механикалық және химиялық әсерлерден қақсап ауыратынына және тез басылатынына шағымданады.
Қатты тіндердің некроздану ошақтары көбінесе күрек, сүйір және кіші азу тістердің мойын аймақтарының ұрт жақ беттерінде пайда болады, үлкен азу тістер сирек жарақаттанады.
Патологиялық анатомиясы. Қатты тіндердің некроздануына беткейлік деминералдану ошақтарының пайда болуы тән. Поляризациялаушы микроскоппен шлифтерді тексерген кезде ақ дақ ошағында кіреукенің сыртқы қабаты сақталған, астыңғы қабатында өзгерістер байқалады. Ретциус жолақтары ашық көрінеді, орталық қараңғы белдеу жиектерінде байқалған жарық аймақтар бастапқы тісжегі кезіндегі өзгерістерге ұқсас болады. Сондықтан кіреукенің некроздануын өте қарқынды дамитын тісжегіге тән үрдіс деп те ұйғаруға болады.
Салыстырмалы диагностикасы. Тіс тіндерінің мойын аймағында некроздануының жақсы дамыған сатысын сынаға ұқсас ақаудан және кіреуке эрозиясынан ажырата білу керек. Бұл жарақаттар өздерінің сыртқы көріністерімен бір-бірінен ерекшелінеді. Некроздану ошағының беті тегіс емес кедір-бұдыр болып келеді.
Емдеу шаралары.
Негізгі емдеу шаралары қатты тіндердің жоғары сезімталдығын жоюға, тығыздығын жоғарылаутуға және қышқылда ерігіштігін төмендетуге арналған.
Ол үшін тіс тіндерін қайта минералдандырып емдеу тәсілдерінің бірін қолданады. Егер жарақат ошақтарында ақаулар пайда болса, тереңдігіне қарай арнаулы ламинаттармен жауып, немесе пломбылап, тістің анатомиялық пішінін қайта қалпына келтіреді.
Сына тәрізді ақау - тістің қатты тіндерінің біртіндеп жойылуынан пайда болады және тістердің мойын бөліктерінің ерін және ұрт жақ беттерінде орналасады. Сынаға ұқсас ақау орта жастағы және жасы ұлғайған және пародонт тіндері өзгеріске ұшыраған адамдарда жиірек кездеседі. Сондықтан оны пародонт ауруларының бір белгісі деп те қарастырады. Қазіргі кезде бұл жарақат 20-30 жастағы адамдар арасында да кездесе бастады.
Этиологиясы және потогенезі.
1. Сынаға ұқсас ақаудың себептері туралы әртүрлі көзқарастар бар. Біраз зерттеушілер оны тіс тазалау кезінде тіс щеткасының көрсететін механикалық әсерінен болады деп түсіндіреді. Оның дәлелі - ақаудың тіс қатарында шығыңқы орналасқан тістердің (сүйір тістер мен кіші азу тістер) мойын бөлігінде, солақай адамдардың (левша) оң жақ тістерінде, ал оңқай адамдардың (правша) сол жақ тістерінде жиірек кездесуі. Бірақ тіс мәсуегін пайдаланатын адамдардың бәрінде бұл ақау кездесе бермейді. Енді біраз зерттеушілер ақаудың пайда болуын ас қабылдау кезінде түзілетін қышқылдардың әсері деп тұжырымдайды. Бірақ ақаудың қышқылдардың ең көп құрылатын аймағы - тістердің жанасу беттері мен шайнау беттерінде пайда болмауы, бұл тұжырымның дәлелсіз екенін көрсетеді.
Сынаға ұқсас ақау көбінесе ересек және жасы ұлғая бастаған адамдарда тіс қуысында конкремент құрылған кезде, екіншілік дентин белсенді құрылып тіс қуыстары тарылған, кейде тіпті жабылған адамдарда жиі кездеседі. Мұның өзі тістің қатты тіндерінің трофикасының бұзылып, атрофиялық өзгерістерге ұшырауынан деген ой келтіреді. Ал тіс тазалайтын мәсуек көрсететін механикалық әсер - тек қосымша ықпал деп түйіндеуге болады
2. Ауыз қуысының нашар гигиеанасы
3. Қызылиектің рецессиясы және пародонтит
4. Психикалық аурулар соның ішінде невроз, күйзеліс, шизофрения және соматикалық аурулар
5. Қалқанша безінің аурулары және асқазан-ішек жолдары (және т. б. эзофагит, асқазан рефлюксті ауру, гастрит, Ойық жара, колит, )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz