Протококк балдырлардың биохимиялық ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
А. ЯСАУИ АТЫНДАЃЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Микробалдырлардың қояндардың қанындағы эритроциттер мен лейкоциттерге әсері»
" Бекітемін"
Кафедра мењгерушісі Ѓылыми жетекшісі
_б. ғ. к. Ажибаева З. С. __
(ќолы, аты жµні, ѓылыми атаѓы ) (ќолы, аты жµні, ѓылыми атаѓы)
""200__ ж. Орындаѓан студент
Хаттама № Керімбекова Ақнүр
""200 ж. (ќолы, аты-жөні, )
ЖБИ-515___
(тобы, шифры, мамандыѓы)
Түркістан 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І. Әдебиеттік шолу . . . 6
1. 1. Микробалдырлардың биохимиялық ерекшеліктері . . . 6
1. 2. Протококк балдырлар биомассасының ауыл
шаруашылығында маңызы . . . 9
1. 3. Қан құрамындағы формалық элементтердің жалпы сипаттамасы . . . 19
ІІ. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛЫ МЕН ҚОЛДАНУ ӘДІСІ . . . 30
ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
3. 1. Микробалдырлардың қоян салмағына әсері . . . 37
3. 2. Микробалдырлардың қоян қанындағы
лейкоциттерге әсері . . . 41
3. 3. Микробалдырлардың қоян қанындағы
эритроциттерге әсері . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 47
КІРІСПЕ.
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы кезде зертеушілерді балдырлар-ақуыз, майлар, көмірсулар, витаминдер т. б. физологиялық белсенді заттар көзі ретінде қызықтырып жүр, әсіресе кейбір протококкты (хлорелла, сценедесмус) және көк-жасыл балдырлар (спирулина, носток, анебена) үлкен қызығушылық тудыруда. Арнайы қоректік орталарда өсірілген хлорелла т. б. балдырлардың биомассасында 7-10%-май, 30-35%-көмірсу, 40-60% ақуыз барлығы анықталған. Бұл балдырларды өндіру шарттарына тәуелді клетка құрамындағы органикалық қосылыстардың сандық және сапалық құрамын өзгертетін қасиетке ие. Қоректік ортаның құрамын өзгерту арқылы микробалдырлар құрамындағы ақуыз мөлшерін 8 % дан - 60 % дейін, көмірсуларды 6 % дан-37% дейін, майларды 5% дан - 37% дейін арттыруға болады. Балдырлардың ақуыз құрамында барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар.
Кейбір көрсеткіштер бойынша протококкты балдырлар клеткасында 15 витамин табылған. (Шаркань, 1975)
Әлемнің кейбір елдерінде балдырлардың биомассасының бағалы қор затын алу үшін үлкен көлемде өндіру жолдарын іздестіруі кездейсоқ емес.
Жапонияда (хлорелла, спирулина) микробалдырлардың жылдық өнімділігі 300 000 т. болатын өндірістік өсіру (культивирлеу) басталды. АҚШ- та жылына 30 000 т. балдырлардың құрғақ био массасын өндіретін орталық құрылған. (Шаркань, 1975)
Балдырлардың биомассасының өндірісі Мексикада, Индия, Францияда, Германияда, әлемнің т. б. елдерінде (құрылған) ұйымдастырылған. Кеңес Одағында хлорелла, сцендесмус т. б. микробалдырларды өсірудің тәжірибелік қондырғылары 1976 - 1985 жылдары Совет одағының Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Латвия, Украйна Республикаларында орнатылған болатын.
Көптеген зерттеулер нәтижелеріне негізделген түрде протококк балдырларды фармацевтикада дәрі-дәрмектер ретінде, тамақ өнеркәсібінде, ауылшаруашылығында, балық өндірісінде, медицинада дәрмектік қоспа ретінде, порфюмерия өндірісінде қолдануда өз орнын тапқан деп айтуға да болады. Бұл проблема бүгінгі күнде үлкен теориялық және практикалық маңызға ие болып отыр.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Жұмыстың негізгі мақсаты бұл ауыл шаруашылығының мал шаруашылық секторында микробалдырларды малдардың қорегіне биологиялық белсенді қоспа және биостимулятор ретінде қолданудың практикалық маңызын үйрену және микробалдырлардың қоян ағзасындағы кей бір көрсеткіштерге, атап айтқанда дене салмағына, қанның формалық элементтерінің санына әсерін зерттеуге арналған.
Жұмыстың мақсатына байланысты қойылған міндеттер:
- Қояндардың дене салмағына микробалдырлардың әсерін анықтау;
- Микробалдырлардың қоян қанындағы эритроцит санына әсерін анықтау;
- Аталған биологи ялық активті қоспаның қоян қанындағы лейкоцит мөлшеріне әсерін анықтау.
Жұмыстың жаңалығы:
Алғашқы рет микробалдырларды биологиялық активті қоспа ретінде қояндар рационына қосымша беру арқылы қоян ағзасындағы бір қатар физиологиялық өзгерістер анықталды.
Микробалдырлар Сhlorella және Scenedesmus культураларын биологиялық стимулятор ретінде рационға қосып беру арқылы қояндардың дене салмағының едәуір артуы және қан клеткаларының мөлшеріне кері әсері болмауы келешекте микробалдырлардың өндірісін жоғарылату арқылы болашақта мал шаруашылық өнімділігін арттыруда маңызы зор.
І. Әдебиеттік шолу
- Протококк балдырлардың биохимиялық ерекшеліктері
Балдырлар культурасының биохимиялық ерекшеліктері көптеген факторға тәуелді, әсіресе қоректік ортаның құрамы және өсіру әдістеріне байланысты. Афтотрофты әдісте балдырлар таза минералды орталарға егіледі, миксотрофты немесе гетеротрофты балдырлар үшін қоректік заттардың органикалық көздері пайдаланылады. ФРГ - да, Болгарияда және Чехославакияда негізінен балдырлардың автотрофты әдіспен культивирлеу таралған. Ал Японияда -миксотрофты және гететрофты әдістер. Гететрофты әдіс кезінде балдырлар қараңғыда, глюкоза (көмірсу) сірке қышқылы немесе этилспиртпен қолдана отырып культивирленеді (Таmiya, 1971) . Кейде орталарға етті немесе ашытқылы экстракт немесе казеин гидролизаты қосылады.
Органикалық ортада жиі май, крахмал және көмірсулардың басқа түрлерінің (Рахимов, Якубов, 1971) мөлшері артады, ал минериалды ортада - керісінше, олардың мөлшері азаяды, ал ақуыздық заттар біршама жоғарылайды.
Хлорелла биомассасын (Сһl. геgиlагіs) гетеротрофты әдіспен культивирлеу жасағанда ақуыздың мөлшері 45-65% ға жетті (Endo еt аl . . . 1972) .
Бірнеше зерттеушілердің пікірінше (Weber, 1959, 1961, Soeder еt аl, 1970), хлорелла және сценедесмустың ақуыз құрамы хлоропласттардың ақуыз кұрылымының құрамымен бірдей. Балдырлар биомассасын өңдеу жасағаннан соң олар 75-85% ды, ал биологиялық құндылығы 60-78% - ды, құрады (Мituya, 1959, Кгеuss et аl, 1966, Еndo, 1972) .
124 г Балдыр (Scenedesmus sp. ) ақуызының биологиялық құндылығы 100 г жұмыртқа ақуызына сәйкес келеді. Балдырлар ақуызына метионин қосылған кезде қоректік құндылығы тірі жәндіктердің ақуызның қоректік құндылығына жақындады. (Шаркань, 1975)
Scenedesmus acuminatus культурасының құрамында ақуыз 62, 04 %, ал СҺ1оге11а ellipsoidea құрамында 37, 5 - 46, 7% ақыуз барлығын Wamura т. б. анықтаған.
Азот концентрациясы жоғарылаған кезде (0, 01 - 0, 001М) протококк балдырлар биомассасында ақуыз құрамы 60 - 40% - ға, кейде 75% ға көтерілген.
Хромотографикалық анализ кезінде ch. eltipsoidea клеткасында а 1 а-диаминопимелинді қышқыл, ch vulgaris - аргиноянтарды қышқыл бар екендігі Welker, 1952 анықталды. Scenedesmus acuminatus - та нуклеин қышқылдарының мөлшері 6%- ға жетеді.
1-кесте. Хлорелла және басқа жемдердің аминқышқылдық құрамы
(1 кг/г) . (Х. Х Ахунов, 1973)
Аминоқышқыл бөліктері (аспорагиндік, глутаминдік, алонин, пролин, гирозин, глицин, лейцин және изолейцин) тек бос күйінде емес байланысқан күйде де болады.
В. П Костинаның (1966) анықтауы бойынша chlorella pyrenoidosa да 33 - 40 және одан да көп % ақуыз, 16, 7 % ға дейін май, 8-10% күл бар.
Х. Х Ахунов (1973) Сhlorella - ның нуклейндік құрамын зерттеген. Ол мынандай мәліметтерді анықтады; гуанин - 28, 6%, аденин - 23, 0, цитозин - 27, 3, гиамин - 21, 1, гц - 59, 9, А+Т -0, 78.
Сhlorella және Scenedesmus культураларының құрамындағы ақуыздың мөлшері соя, бидай және басқа өсімдіктерге қарағанда өте жоғары. Олардың ақуыз қурамында аминқышқылдары толық жинақталған (муин треонин, валин, фенилолонин лейцин, изолейциы, метионин, триптофан) .
Хлорелла каротинге өте бай. Оның мөлшері шөп ұнына қарағанда 3 есе, сүттен 500 есе көп. Хлорелладағы С витаминінің мөлшері лимондағы витаминнің мөлшерімен бірдей, ал сүттен 100 есе көп.
Moyse (1954) - ның мәліметі бойынша протокок балдырлар биомассасы құрамында 3000 мкг \ г каротин бар. Пиридоксиннің мөлшері 9 және 26 мкг \ г ға сәйкес келеді. Витамин мөлшері мұндай түрліше болуын зерттеу түрлі орталарда, түрлі жағдайларда жүргізілуне байланысты.
Ch. vulgaris -157 штамын шілде - тамыз айында үздіксіз әдіспен культивирлеу кезінде каротин алғашқы 15 күнде 580 нен 767 ге дейін өзгеріп тұрады, сосын ол жайлап тәжірибе соңында (29 - ші күн) 200 мкг\г ды құрайды.
Баторейно - накопишельком тәсілмен культивирлеу кезінде каротиннің мөлшері үздіксіз әдіспен жүргізілгеннен гөрі тұрақты болды.
2-кесте. Хлорелла және басқа жемдердің витаминдік құрамы (1 г/мкг) . (Moyse, 1954)
- Протококк балдырлар биомассасының ауыл шаруашылығындағы маңызы.
Әдеби оқулықтарда хлорелла мен басқа да протококк балдырларының маңызы түбегейлі қамтылған. 1924 ж неміс ғалымдары Гардер мен Уити балдырларды өнеркәсіптік жолмен өңдеудің қажеттілігін мал азығын өндіру және тамақ өнімі үшін атап өтті. Н. Таmіуа (1959) лон Н. Nakamura (1961) хлорелла биомассасын әртүрлі кулинарлық өнімдерге қосудың рецеппін жасап шығарады.
Н. Nakamura (1961) ойынша хлорелланы ішкі күйінде пайдаланған дұрыс, себебі хлорелланың ішкі массасы ағзада тез қорытылады. Автор (тәулігіне әр бас үшін ) келесідей коректердің тәртібін ұсынады. Құстарға (тауықтарға) 2г паста; шошқаларға - 1, 5кг; ірі қараға (сиырға) - 2 - 3кг. Құрғақ күйінде 5% мөлшерде қосуға болады.
М. Nint - тің мәліметі бойынша шошқалар хлорелланы жақсы қорытып сіңіреді. 3 кестеде хлорелланың құрамы көрсетілген
3- кесте. Хлорелланың құрамы
Кампоненттер
%
Қорыту
коэффициенті
М. Я Сальникова (1965 - 1966) хлорелланы қояндардың, қойлар мен шошқалардың жақсы қорытатынын зерттеген. Қояндардың жеміне күнделікті 6г кептірілген хлорелланы қосқанда протеиннің ағзада қорытылуы 76 - 78% құрады. 34 күндік тәжірибеде орташа тәуліктік салмақ қосу қойларда 100 г, қалыпты жағдайда 181 г құрады.
Шошқалардың күнделікті тамақтану қорына химиялық тәсілмен консервіленген хлорелланың 167 г қосқанда протеиннің қорытылуы 35, 4% болса, термиялық кептіруден өткен 300г хлорелланы қосқанда протеиннің қорытылуы 38, 8% болды. Термиялық жолмен кептірілген хлорелланың прогеннің сіңірілуінің төмендігін автор протеиннің термиялық жолмен кептірілуінен деп түсіндіреді.
Автор жануарларды сұйық протеинмен, яғни суспензиямен немесе паста түріндегі хлорелла биомассасы мен коректендіру керек деп ұсынады.
У. Аспаров (1972) хлорелланың паста түріндегі биомассасының, сонымен қатар ағзада жақсы сіңірілетінін атап өтті. Автор тамақтану көзінде хлорелланың пастасы неғұрлым көп болса, зат алмасу және қорытылу көрсеткіші соғұрлым жоғары деп есептейді. Құстардың өнімділігіне хлорелланың сұйық өнімі мен кептірілген өнімнің тигізер әсерін зерттеу мақсатында тәжірибелер жүргізіледі. 1л сұйық өнімдегі тығыздықтың 0, 25 - 50 г мөлшері қолданылады.
Құстардың жұмыртқалауы хлорелланың құрғақ өнімін қолданғанда 24 % ға артса, паста массасын қолданғанда 30% ға артты, қоюланған сұйық өнімі 15% - ға жетті (1 л сұйықтағы тығыздық 0, 25 - 1, 5г \ л) . Көптеген зерттеушілердің анықтағанында Мошков пен Музафаров құстардың әр басын құрғақ хлорелла 5 - 7 г, паста 7 - 10 г, қойытылған сұйықтық 7 - 15 мл, қалыпты сұйықтық 50 мл - ге дейін жетті. Хлорелланың сұйық түрін қолданғанда 11% салмақ қосса, пастаны қолданғанда 13 - 16%, қалыпты сұйықтықты қолданғанда - 12 - 14% болады. Н. Nakamura ның (1963) дәлелі бойынша хлорелланың пастасы мен тауықтарды коректендіргенде (10%) жұмыртқа салуы 20 - 30% - ға артқан.
Музафаров, Таубаев және т. б - 1967 хлорелланың құрғақ массасын қолданғанда (тамақтану құрамында 10%) құстардың жұмыртқалауын 20 - 30 % - ға арттыруға қол жеткізілді. Балапандардың салмақтарын арттыруда 26 - 30, 3 % - ға жеткізуде хлорелла пастасын қолданған болатын. Бауырдағы дәрумендердің құрамы 2 - 3 есеге артты. Бақылаудағы құстарға қарағанда әр бас тауыққа 20 г жоңышқа мен дәрумендердің (А, Д, Е) орнына 30 грамнан хлорелла пастасымен коректендіргенде тәжірибедегі құстардың салмағы 13 % - ға жұмыртқалауы 9 % - ға артты.
Тәжірибедегі құстар жемінің 3 - 4% - ын қалдырып отырды. Өзбекстанның мал шаруашылық FЗО да (Селяметов, 1972) паста тектес хлорелланың құстарға әсері жөнінде тәжірибе жүргізді. Құстардың күнделікті коректенуіне А дәрумені мен жоңышқа ұнының орнына хлорелла пастасын енгізді. Тәжірибе бостандық құс фабрикасында жүргізілді. (20. 06 - 20. 09) . Ташкент облысы. Тәжірибедегі құстар күнделікті қалыпты қоректің орнына әр 100 г тағамға 10 г пастасы қосылған қорек алып отырды.
Тәжірибе нәтижесінде құстардың хлорелла пастасын қабылдағанда салмағы - 3 - 10% - ға артатыны анықталды. Хлорелла қанның биохимиялық көрсеткішіне оң нәтижесін тигізді.
Р. А Селяметовтың (1972) мәліметі бойынша хлорелла пастасы түйетауық балапандарын өсіруде өте жақсы ақуыз дәрумендік қоспасы болып есептелді. Бақылаудағы және тәжірибедегі құстар бірдей қоректендіріліп құнарлылығы жағынан бірдей қоректік заттар беріліп отырған. Одан басқа тәжірибедегі құстарға жоңышқа ұнының орнына хлорелла пастасының 2% құрғақ өнімі күнделік рационына қосылыған. Хлорелла қосылған аралас жемінің қоректік затының коэффициенті жоңышқа ұнына қарағанда жоғары екенін көрсетті. Тәжірибедегі түйетауық балапандарының қанының құрамындағы ақуыздың 5, 1 % - артса, ал бақылаудағы түйетауық балапандарда 4, 35 мг % болады. Бақылаудағы құстарға қарағанда тәжірибедегі құстардың салмағы 10, 7 % - ға көтерілді.
Тәжірибе барысында бақылаудағы бала қораздарға қарағанда тәжірибедегі бала қораздардың қорегіне 200 мл хлорелла сұйықтығын қосқанда салмағы 23 - 25% - ға артқан. Сонымен қатар тәжірибе тобындағы құстардың қорегі 15, 9 - 18, 5% - ға үнемделген.
М. Я Самененконың бақылаудағы тауықтарға қарағанда тәжірибе жасаған тауықтарға 4 ай мерзімнің ішінде әр бір метрге 5г тығыздығы бойынша 6 мл хлорелланың ішкі концентратын қосу барысында жұмыртқа 22, 7 - 23, 9% - ға көп өндірілді. Жұмыртқалардың салмағы мен сапасы артты. Бақылаудағы құстардың жұмыртқасындағы сарыуызындағы каротиннің мөлшері 18, 4 - 22, 8 мкг қатынасы болады. Бақылаудағы жұмыртқалардың инкубациялық кезеңі 41% болса тәжірибедегі жұмыртқалардың инкубациялық кезеңі 32, 9% болды. Автордың түсіндірмесі бойынша бақылаудағы жұмыртқалардың кезеңінің төмендігі бақылаудағы құстардың жұмыртқасындағы амин қышқылдарымен каротиндердің деңгейінің төмендігі болып есептелінеді. Хлорелланың құстарға әсерін зерттеу үшін Абакумова 1967 ж тәжірибе жүргізді. Авторлар жас өсуге қойған балапандардың тағамына хлорелланың биомассасын енгізді. Тәжірибе барысында 14 - 27 % қоректік масса 25 - 50 % хлорелланың кептірілген биомассасымен алмастырылды. 70 күндік тәжірибенің соңында І - топтағы балапандардың массасы 10 - 14% - ға жоғары болады. Ал 2 - ші, 3 - ші топтағы 26 - 27 % - дық мөлшерде коректендірілген балапандар І - топтағы хлорелланың құрғақ массасымен коректендірілген бақылаудағы балапанға қарағанда 7 - 15% жоғары болды. Хлорелла биомассасын қорекке қосуды арттырғанда тәжірибедегі құстардың бауырындағы каротиндердің құрамы жоғары болады.
C. R. Gtar, N Klein (1957) он күндік балапандардың тағамына 10 - 80% жүгері мен соя ұнының қоспасының орнына хлорелла мен сценедесмус қоспасын енгізді. Балдырлардың биомассасының құрамы І - тәжірибеде 3, 75 - 11, 2% болса, ІІ - тәжірибеде 14, 1% болды. Нәтижесінде жүгері мен сұлы ұндарын микробалдырлармен алмастыру мүмкіндігі анықталды. Тәжірибе алдында балдырлар аммоний ашытқысымен және центрифуга тәсілімен тұнбаға отырғызылды. Жүгері дәмін хлорелламен, сценедесмуспен алмастыру және балдырлармен балапандарды қоректендіріп өсірудің әртүрлі тәсілдерін қолдану көрсеткішін келтіреміз.
Чехословакияда (Станкл, 1960) сценедесмус культурасының тауық балапандарына соя ұнын ауыстыру нәтижесінде 10 апталық балапандардың орташа салмағы бақылаудағыдан 53 г көп болды.
Н. А Мошков және Бернштейннің мәліметтерінде тәулігіне 300 мл хлорелла суспензиясын алған тауықтың тұқым тууы 14 % - ға, тұқымның орташа салмағы 14, 5 % - ға артты. Тәулігіне тауықтардың рационына 5 г паста түріндегі хлорелла қосқанда, тауықтардың жұмыртқалауы 21, 5 % ға артады, оның сарысуының құрамындағы каротин 5 % болды.
Балдырларды пайдалану өндірістік жағдайларда да оң нәтижелер беруде. М. Я Сальникованың мәліметіне қарағанда Саратов облысы, Қызылпартизан ауданында колхозаралық құс фабрикасында балдыр суспензиясын пайдаланған тауықтың жұмыртқалауы 12 - 15% ға артқан. Волгоград облысының ауылшаруашылық станциясында балдырды қолданғаннан балапандардың салмағы 12, 8 % ға артқан, ал Кавказ колхозында 30 - 40% артқан. «Коммунизмге жол атты» Астрахан облысының колхозында балдырлар суспензиясын қолдану жұмыртқалауды ғана емес, құстардың да салмағын арттырып, жұтты 7% - ға қысқартты. Черваный маян колхозында балдырлар суспензиясын қолдану құс шаруашылығында жұтты 20 - 30% кемітуге әсерін тигізді.
Жапон зерттеушілерінің мәліметтеріне қарағанда (Nakamura) торайларды паста түрінде балдырлармен коректендіргенде олардың салмағы 2 есе артқан.
Осыған ұқсас мәліметтер Байко, 1966; Семеметов, Ильинский, 1972; Сальникова, 1977 және басқаларының тәжірибелерінен алынған.
Балдырлар жиынтығы қоректену бойынша жануар тектестердің көмегімен тең келеді. Онымен шошқа рационындағы 12% протеинді ауыстыруға болады. Балдырлар шошқалардың салмағын 10 - 25%, торайлардың салмағын 12 - 30% емізулі торайлардың салмағын 2 есе арттырды. Қоректендіру шығыны 7% төмендейді. Өзбекстанда әр бас шошқа рационына балдыр суспензиясының 2 литрін қосқанда, олардың салмағы 33% жоғары болды.
Балдыр суспензиясының шошқалардың өсуіне және зат алмасуына ықпалын зерттеуді Р. А Асанов (1969, 1970, 1971) тәжірибеден өткізді. Тәжірибелік топтағы шошқалар жасуша тығыздығы 20 млн \ мл болатын 1 - 2 - 3 л балдыр суспензиясын алып отырған. 80 күннен кейін жай бақылаудағы топ шошқалары 722 г болатын орта тәуліктік салмақты қосса, екінші, үшінші, төртінші тәжірибелік топтағы шошқалар сәйкесінше 742, 762, 778 г қосқан. Басқа тәжірибелерде тәжірибелік топ шошқаларына күніне 3л балдыр суспензиясын беріп отырған. 81 күннен кейін тәжірибелік топтың бақылаудағыға қарағанда 22, 5% - ға көбейген. Тәжірибелер көрсеткендей қаракөл қойдың рационына балдыр суспензиясын қосқан мақтадан шығатын азықтың қорытылуы жоғарылайды. Қосымша (0, 5 - 2л) балдыр суспензиясын алған жануарлардың салмағы бақылаудағыдан 8, 5 - 43, 7% жоғарылған. Қойлардың рационына балдыр суспензиясын қосу басқа азықтардың да қорытылуын жақсартады.
Қаракөл қойлардың тәуліктік рационын құрамына 0, 5л балдыр суспензиясы, 1, 2кг арпаның сабаны, 0, 3кг мақта күнжарасы бар азыққа қосқанда рациондағы коректік заттардың қорытылуы жақсарып, оның жалпы коректік құндылығы 10, 1% артты (Амарянц, 1969) .
Өзбекстанның Әндіжан облысының Ленин семірту шаруашылығында балдырды 70 мың бас ірі мүйізді малға, 12 мың бас шошқаларға және 70 мың қойға семірту үшін қолданған.
Р. А Сальникованың мәліметіне қарағанда, балдыр суспензиясын қолданудың арқасында қойлар мен қошқарлардың санын 30, 2% арттыруға мүмкіндік берді және күзгі жүннің салмағы да артты.
Музафаров және басқалар (1965) балдыр суспензиясын малды семірту үшін қолданған. Бақылаудағы малдың рационына мақтаның қалдықтарын, ал тәжірибедегі малдарға қосымша күні 3 - 4 л балдыр суспензиясын қолданған 42 күндік тәжірибеде бақылаудағы топтағы малдардың орташа тәуліктік салмағы 760 г құраса, тәжірибедегі малдар - 960 г құрады. Басқа тәжірибеде өгіздердің рационына мал басына 3 л балдыр суспензиясын қосқан. 60 күн ішінде бақылаудағы өгіздер 623 г, тәжірибедегілер 877 г орта тәуліктік салмақ қосқан.
Паста түріндегі балдырлар жиынтығын малды семіртуге пайдаланғаны туралы қызықты мәліметтер алынған, (Асраров 1971, 1972) 2 түрлі тәжірибе жүргізілген. Біріншіден тәжірибедегі малдардың рационына 100 г және 200 г пастадан қосқан, ал басқасына 150 г нан. Тәжірибедегі малдардың салмағының артқанын 4- кестеден көруге болады.
4- кесте. Хлорелла және сценедесмус культураларының ірі малдардың оніміне әсері. (Асраров 1971, 1972)
Зерттеушілер (Макотра, Шалорьян, Нескубо 1972) малды 210 күн бойы мақта азықтарына балдыр суспензиясын қосып беріп семірткен. Нәтижесінде әр өгіздің салмағы 160 кг, яғни орта тәуліктік салмақ қосу 760 кг құраған.
Ташкенттің орталық мал базасына балдырмен коректендіруді алдымен әлсіз және ауру малдарға қолданып көреді. Олардың рационына күнара 10 - 12 л балдыр суспензиясын қосса, 10 - 15 күннен кейін олардың ауру белгілері жоғалады. 1 кг мақтаның күнжарасы мен қауызының құрамында 0, 79 - 1 азықтық бірлік және 200 - 319 г қорыту ақуызы бар.
Т. Т Таубаев пен П. М Нескубо (1971) тәжірибелерінде әр өгіздің балдыр суспензиясымен коректендіру арқылы 70 күн ішінде 21, 8 кг қосымша салмақ алған.
Балдырлар сиырлардың сүтті болуына оң ықпалын тигізеді. Н. Г Парировский мен А. Нурназарованың мәліметіне қарағанда балдырлар суспензиясын сиырларға берудің арқасында олардың, яғни сиырлардың сүтін қосымша 170% қосылған. Сонымен қатар тәжірибедегі малдардың салмағының да бақылаудағыға қарағанда 29, 3% ға артқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz