Коммерциялық банктің қаржылық экономикалық жағдайын талдау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ
"Банк ісі" пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Коммерциялық банктің
қаржылық экономикалық
жағдайын талдау
Орындаған: Фин-18-5 оқу тобының студенті
Алишев Мейіржан
Қабылдаған:
Қорғауға жіберілді:
Қорғалды:
Бағасы:
Қызылорда, 2020 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақстанда банктык жүйе экономикалық процессте қайта құрулуда маңызды рөл ойнайды. Коммерциялык банктердын қолында қаржылык, инвестициялык, өндірістік және басқада көптеген экономикалык салаларға әсер ететін тетіктер бар. Коммерциялык банктердын өз қызметінын жүзеге асыруы сәйкесінше қажеттіліктер мен және мемлекеттын экономикалық мақсатының тәуелдігі, оларды басқарумен байланысты. Банктын қызметінын арасындағы теориялык жане практикалык мәселелерынде - табысты, шығындар мен қаржылык нәтижелерды қалыптастыру және олармен басқару. Оның мазмұнынын құрылуы, коммерциялык банктердын тиімды жұмыс істеуі белгіленген шартында және жетіспеген мәліметтерды орналастыру барлық қол жеткізген инвестициялык қаражаттар құрылуы негізінде, максималды табысты қамтамасыз етеды. Коммерциялык банктердын оңтайлы өтімділыгы ішкі және сырткы шектеу есепке алынуы.
Банктын тұрақты және ырғақтылық табыстарынын өсуі банктын мамандандырылған басқару нәтижесі болып табылады және керісінше активтер операцияларының басқаруынын төмендеуі табыстар өсімімен көрсетіледі. Банктын барлық алынған табыстары талдануы және реттелуі керек.
Банк алдындағы осы жоспарда тұрған тапсырманы келесі екі негізгі орынға жатқызуға болады. Біріншыден, бірнеше жылдын динамикасында жиынтык табыстын құрылымы және деректер көлемін үнемі бағалау қажет, олардын түрлерінын әр түрлілігінын арасындағы арақатынасты анықтау, табыстын жалпы сомадағы әрбір табыстын салмағын, тұрақты көздердын есебінде табыстын негізгі массасын отандық қамтамасыз ететін және болашақта шолуда осы көздерді қолданылатын мүмкіндікті, операцияларды анықтау. Мұнда банктын жұмысынын қалыпты куәлігі болып ең бастысы олардың тұрақты (берілген емес және спекулиативты емес) көздерінын банктегі жалпы табыстын қарқыны және өлшемдердын айқын тәуелдігы және негізгы қызметтен табыстардың өсу қарқыны ырғақтылығын санауға болады.
Екіншіден-банк жетекшілері табыстылықтын максималды қамтамасыз ету турғысынан жобаланған кезеңде көбенесе маңызды болып саналатын онын қызметінын қандай бағыттары, сонымен қатар табыстарды табу механизмыне қандай өзгертулер қажет екенін үнемі анықтауға міндетті.
Курстык жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Курстык жұмыстын бірінші бөлімінде коммерциялык банктердын қызметінын мані және Қазақстан Республикасында банктер қызметінын ұйымдастыру негізі қарастырылған.
Екінші бөлімынде Қазақстан Республикасынын комерциялык банктерінын қаржылык жағдайын талдау және оны басқару қарастырылған.
Ал үшінші бөлімде коммерциялык банктердын қаржылык жағдайын табыстылығын жоғарлату қарастырылып жане мәселелері де баяндалған.
Тақырыптың өзектілігі - екінші деңгейлі банктердын қызметын қадағалау мен реттеу жолдары халықаралық стандарттарға сай болуы - бүгінгы күннын өзекті мәселесі болып табылады.
Курстык жұмысының мақсаты - екінші деңгейлі банктердын қаржылык қызметын талдау және банктердын қазіргі таңдағы қаржылык жағдайын басқару.
Бұл мақсаттарға жету жолында келесыдей мәселелер қарастырылды:
Банктердын қызметын реттеу қажеттілыгы
коммерциаялық банктерынын қаржылык шаруашылык тұрақтылығына қаржы дағдарысының әсері
Банктын қаржылык жағдайын жоғарлату жолдары. Мен бұл курстык жұмысты орындау барысында әдістемелік негіз ретінде келесі құжаттар: «Қаржы Қадағалау Агенттігі туралы», «ҚР Ұлттық Банкі туралы», «Бағалы қағаздар туралы» заңдар, екінші деңгейлі банктердын қызметын қадағалау мен реттеу мәселелеріне қатысты қазақстандык жане шетелдык авторлардын еңбектерын пайдаланылды.
Қазіргі кездегі Қазақстанның банктык жүйесі бір шама тұраксыз болып келеді де бұл әлемдік тоқырауға байланысты. Тәуелсыздык алғаннан бері Ұлттық Банк алдында тұрған негізгі мәселелер - қаржылык секторды тұрақтандыру, нормативтык құқықтык базаны жақсарту бухгалтерлык есептеу жүйесін жақсарту, тиімді төлем жүйесын қалыптастыру жане банктык қадағалауды күшейту.
Курстык жұмыстын зерттеу объектысы ҚР Қаржылық нарық, ҚР Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасының Қаржылык ұйымдар мен қаржылық нарықты реттеу және қадағалау жөнындегы Агенттыгы болып табылады.
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІНЫҢ МӘНІ
Қазақстан Республикасында банктерды ұйымдастыру негіздеры
ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банк» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР- ғы банктер және банктык қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер - банктык жүйеның екінші деңгейін білдіреды. Олар банктык ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды жане жеке тұлғаларға кең көлемде банктык операциялар мен қаржылық қызметтерды жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялык банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандык банктык жүйенын не бары он бес жылдық тарихы бар. Коммерциялык банктердын соңғы сегіз жылдағы сандық құрамы 1-кестеде берілген.
Кесте 1
ҚР-ғы коммерциялық банктердын сандық құрамы (кезеңнің соңына)
Еншілес
Банктер
90-шы жылдың басында банктердын саны 200-ден асты, арине бұл олардың экстенсивты жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдын орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктерымыздын саны біртындеп азаю да, арине бұл құбылысты, олардын интенситвтык өсуімен байланыстыруға болады.
Лицензиянын өзіндык стандартты формасы бар және онда коммерциялык банктердын айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетын лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
ҚР-ғы банк қызметінде мемлекеттык органдар банктердын мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялык, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және тб Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктык операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиадан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға Бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметын жүзеге асыруы үшін қажетты саналатын банктер қатарымен корреспонденттык қатынастар орнатуға, сондай ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттыгын ашуға құқык береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялык банктерге бағалы металдар мен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкы лицензия береді.
1995 жылдын 31 тамызында қабылданған «ҚР-ғы банктер және банктык қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкты ашу немесе оның қызметын ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуга Ұлттық банктен рұқсат aлy;
2) Әділет Министрлігынде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензиа алу.
Аталған заңға сәйкес банкты заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу өтінішын береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
- рұқсат алу үшін беретін өтінішы
- құрылтайшылық шарт (түп нұсқа)
- банктын жарғысы ( түп нұсқа)
- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама
- құрытайшылар туралы маліметтер (Ұлттык банктын берылген тызымы бойынша)
- құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін) ;
- құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
- егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;
- егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жузеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
- банктын кекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т. с. с;
- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;
- жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;
- жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс) ;
- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
- тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы құрылтайшылардың есебі;
- нотариальды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжаттың;
- басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мөліметтер.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күнен бастап, бір ай ішінде әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Ұлттық банктің банк ашуға рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктык операцияларын жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттык тіркеуден өткен күнен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, онин ішінде: Ұлттық банктің нормативтык талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілыгы бар қызметкерлерді қабылдау;
- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға өтіныш пен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты бсруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктык операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктык шоттарын ашу және жүргізу
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктык шоттарын ашу және жүргізу
- банктердын және банктык операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардин кореспонденттык шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдык шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушынын тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
- клирингтык операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтык операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтык операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассаға қабылдау (вексельден басқаларын)
- чек кітапшаларын шығару
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; аккредитивты ашу, растау және ол бойынша міндеттөмені орындау
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
- брокерлык - мемлекеттің бағалы кағаздарымен;
- дилерлык - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
- кастодиандык - клирингтык.
Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиалар беріледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңғейдегі банктер өз қызметын жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерын, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.
Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жузеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттарын тапсырады:
- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
- ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;
- аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;
- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мөліметтер.
Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) - ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын бантік аумақтық бөлімшесі.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтары алуы мүмкін:
- банк тарпынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі;
Қазақстандык төжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылык капиталдың төленген жарғылық төленген капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 %-дан кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды бағалылықтар мен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 %-ға жуығы жыл бойына салынуға тиіс.
Жарияланған -жарғылық қордың 50 %-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материялдық бағалықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысындағы акті бойынша қабылданады.
1. 2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі
Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттык банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттерінің бірі - сәйкес банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал, ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.
Сәйкес қашықтан (дистанционды) қадағалату әдісі және инспекциалық әдісі.
Қашыктан қадағалау әдісі - бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жургізілетін пруденциалдық қадағалау әдісі.
Қашықтан қадағалау механизмі 1-суреттегі тәртіпте жүзеге асырылады.
Сурет 1. Қашықтан қадағалау механизмі
Ақпараттык, есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың мақсаты - енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық түрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:
1) Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.
2) Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған үқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау.
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты төмендегідей маңызды сүрақтарды камтиды:
1) капитал;
2) активтердің сапасы;
3) пайдалылық пен рентабельділік;
4) өтімділік.
Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.
Капиталды талдау.
Капитал - банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып табылады.
Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтан бақыланып отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жанжақты талдау, кез келген банкті қашықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді.
Жалпы капитал жеткіліктілігі туралы өзінің ойын қальптастыратын талдаушы мынадай сүрақтарды ескеруі қажет:
- Банк капиталы стандарттарға жауап бере ме?
- Ең төменгі мөлшерде асқан жағдай бар ма?
- Капитал деңгейінің банктің өзіне алған тәуекелге қатынасы қандай?
- Ең төменгі стандарттармен жеткіліксіз ссептеуге алынған тәуекелдер бар ма?
- Банк капиталының деңгейінің өзгеру үрдісі қандай? Оның көбеюі мен азаюының себептері неде?
- Банк капиталының сапасы қандай?
Капиталдың кез келген бөлігін банк үшін түрақты қаражаттар көзі деп санамауға себептер бар ма?
Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын кайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың түрақсыздығы банк капиталын кебейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себсптердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкіндігі туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz