Ағашты көркем өңдеуде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту


Мазмұны
АННОТАЦИЯ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 4
АНЫҚТАМАЛАР . . . 5
Кіріспе . . . 6
1 БОЛАШАҚ КӘСІБИ МАМАНДАРЫН ЖИҺАЗ ДАЙЫНДАУ ШЕБЕРЛІГІНЕ БАУЛУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері . . . 8
- Ағашты көркем өңдеуде мектеп оқушыларының қызығушылықтарын дамыту . . . 16
- Кәсіптік мектеп оқушыларын ағаш өңдеу жұмыстарына баулу жолдары . . . 24
2 КӘСІПТІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН АҒАШ ӨҢДЕУ ШЕБЕРЛІГІНЕ БАУЛУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
- Ағаш өңдеу жұмыстарында мектеп оқушыларының оқу белсенділіктерін арттырудың жолдары . . . 31
- Болашақ мамандарды жиһаз жасау өнеріне үйретудің әдістері . . . 37
- Жиналмалы орындық және үстел үлгілерін дайындаудың әдіс-тәсілдері . . . 41
- Сабақ жоспарының үлгісі . . . 44
3 ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
3. 1 Жиналмалы орындықтар мен үстелдер . . . 48
3. 2 Орындық үлгілерін дайындау талаптары . . . 55
3. 3 Бұйымның экономикалық есебі . . . 59
Қорытынды . . . 60
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61
Қосымша . . . 63
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтеме жасалған:
- ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 14 жетоқсанында «Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Кәсіптік техникалық білім беру» саласына аса зор мән берілген болатындығын педагог өз еңбегінде атап кеткен;
- Университеттің ішкі нормативтік ережесі;
- УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
ЭТ-62 - (электроқайрақ) типтегі электр
НС-12 - бұрғылау станогы
СТД-120 - ағаш өңдеу станогі
И-2УА - электрорубаноктар
И-93 - электролобзик
И-78 - дискалы ара
АНЫҚТАМАЛАР
«Белсенділік» (акивность) - оқушының оқып-үйренуге болған қатынасы, оның құрлымдық элементтері 1) оқу тапсырмаларын орындауға әрдайым дайын болу; 2) дербес іс-әрекетке құлшыныс; 3) тапсырма орындауға саналық; 4) оқу жүйелілігі; 5) білім деңгейін көтеруге қызығу; - деп түсініктеме береді
Оқу белсенділік - оқушылардың оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құмарлығының ерекше көрінісі.
Оқыту әдістері - оқушылардың оқып-үйренушілерге көмектесу тәсілдері, осы тәсіл арқылы таным күштері дамиды.
Б р у с ш а - қарапайым деталь, оның өлшемі, тілінуі мен формасы әр түрлі болады. (Ол тұтас бір ағаштан тілінуі) және желімделген, яғни әр түрлі ағаштан тілініп, олар ені, қалыңдығы немесе ұзындығы бойынша құрастырылған болуы мүмкін.
Бөлік- бүл бір-бірімен желім, бұранда шеге, болат арқылы бірікетін құрамды бөлшектердің жеке бір элементі.
Бөлектер - рамка, қорап және басқа да осы тәрізді конструкциялар, оларда деталь дербес конструкциялық элемент болып табылады.
Топ - бұйымның құрамдас бөлшектерінің бірігуі. Топтың құрамына бөліктер мен детальдар енеді. Бұйым бірқатар топтардан, бөліктерден, детальдардан құралуы мүмкін.
Кіріспе
Зерттеу көкейкестілігі: Егеменді ел атанып отырған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында тұрған әлеуметтік экономикалық міндеттердің бірі ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде білім беру саласындағы тың өзгерістер қарқынды дамып отырған ғылыми техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі.
Бүгінгі үдемелі дамып отырған қоғам:дағы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселесінің бірі - болашақ кәсіби мамандарды даярлау ісінде бүгінгі қоғамның талаптарын орындай білуге бағыттау. Ол үшін бірінші кезекте мектеп оқушыларының еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жұмыстарын түбірімен жаңарту. Мектептен беріле бастайтын еңбек тәрбиесіне баса көңіл аудару, оларды еңбекпен байланыстыру арқылы кез келген мекеме орындарында жұмыс істей білетін жан-жақты да қабілетті мамандар даярлау бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Осы орайда әрбір жас буын ең алдымен өз білімін өз еңбегімен жеке басына ғана емес, қоғамға да пайда келтіретін азамат ретінде өзін саналы түрде түсіне білу керек.
Сондықтан да мектеп қабырғасынан балаға білім ғана беріп қоймай, олардың болашаққа өз ұстанымын дұрыс бағытта қалыптастыра алатын олардың оқу белсенділіктерін ары қарай дамыту. Болашақ кәсіби мамандарды даярлауда бірінші кезекте, мектеп оқушыларының мамандық туралы таным-түсінігін толыққанды қалыптастыру. Ол үшін, әуелі жалпы жоғары сынып оқушыларының оқу белсенділіктерін қалыптастыруда және оларды жан-жақты үйлесімді дамуында мектептегі еңбек тәрбиесінің маңызы зор болып саналады.
Бүгінгі қоғам талаптап отырған білім беру жүйесіндегі үдемелі өзгерістер, әсіресе кәсіпіптік білім беру мазмұнының түбегейлі өзгертілуі. Өйткені, бүгінгі қоғамның жұмысшылар тобын құрайтын кәсіптік техникалық колледждер мен кәсіптік техникалық лицейлер болып саналады.
ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 14 жетоқсанында «Қазақстан-2050 стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Кәсіптік техникалық білім беру» саласына аса зор мән берілген болатындығын педагог өз еңбегінде атап кеткен [1] .
Осы орайда бүгінгі таңда еліміз аумағында орналасқан барлық кәсіптік техникалық білім беру жүйесінде оң өң өзгерістер орын алуда. Жалпы білім беретін орта мектептердің түлектеріне жан-жақты талаптар қойылып, болашақ мамандық иесі болуға алдын ала кәсіби бағдар жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Мектеп оқушыларының еңбектік іс- әрекет белсенділіктерін дамытуда еңбекке баулу (Технология) пәнінің алатын орны ерекше. Технология пәнінде мектеп оқушылары еңбектің алғашқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой - өрісі, сана-сезімдері және олардың пәнге деген қызығушылықтары арта түсіп оқу белсенділіктері артып отырады.
Сондықтан технология сабақтарында оқушылардың белсенділігін дамытуда бүгінгі мектеп оқушыларына жан-жақты білім беруде бүгінге дейін өтіліп келе жатқан мектептегі технология сабағы дегенмен өз дәрежесінде өтіліп келе жатқан пәндердің бірі болғанымен оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұсынылған оқулықтарымыздың бүгінгі таңда олардың сабаққа деген оқу белсенділіктерін дамыта түсетін оқу-әдістемелік құралдардың жоқтың қасы. Біз айтып отырған талаптардың орындалмауынан бүгінгі күні біршама қарама-қайшылықтар туындайды. Біз жазып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы осы мәселелердің шешімін табу мақсатында ұсынылған оқу-әдістемелік құралдарға талдау жасап, өз ұсыныстарымызды жасауға «Кәсіби мектеп оқушыларын жиналмалы орындық және үстел үлгілерін дайындауға оқыту әдістемесі » деп таңдап алуға себепші болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты - болашақ кәсіби мамандарды даярлауда мектеп оқушыларының оқу белсенділіктерін дамытудың психологиялық ерекшеліктер мен педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері :
а) Жоғары оқу орындарында даярланатын болашақ кәсіби мамандарды даярлаудың психологиялық ерекшеліктеріне және осы мәселені зерттеген педагог-психологтардың еңбектеріне талдау жасау.
ә) Мектепте өтілетін технология пәнінде оқушылардың оқу белсенділіктерін дамыту үшін оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдеріне талдау жасау.
Зерттеу жұмысының әдістері - талдау, жинақтау, іздену, бақылау, оқушы жұмысын зерттеу, сауалнама жүргізу, тест т. б.
Зерттеу жұмысының нысанасы - кәсіби мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары мен мектептің оқу тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні - жоғары сынып оқушыларының оқу белсенділіктері мен іскерлік қабілеттерін техология пәнінде дамыту.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 БОЛАШАҚ КӘСІБИ МАМАНДАРЫН ЖИҺАЗ ДАЙЫНДАУ ШЕБЕРЛІГІНЕ БАУЛУДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіптік мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділігін дамытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері
Оқушылардың оқу белсенділігін дамытуда бірінші кезекте мотивациялық компанентерді жүзеге асыратын оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолдану және білім алуға өз бетінше ізденуін, оқушылардың бағдарлық іс-әрекеттерін қалыптастыруын Ресейдің педагог ғалымдары И. Я. Лернер, А. М. Матюшкина, М. И. Махмутов, В. Оконов өз еңбектерінде кеңінен қарастырған[2] .
Баланың бойында даму процесі өмір бойы жүріп отырады, сол даму процесінде баланың оқу белсенділігі артып отырады. Балалар бастауыш сынып кезінде-ақ өмір процесіндегі шындықты, болмыстағы құбылыстар мен заттарды анықтап білуге, адамзаттың тарихи тәжірибесін менгеруге талпынады. Ал, балалардың әр нәрсені білуге құмартуынан таным ынтасы оянатындығы мәлім. Осы жаста балалар қарым-қатынас шеберлігі кеңеюінің маңызы артады. Оқушылар бойындағы өзгерістер мұғалімдерден оқу тәрбие жұмысын нақты мақсатқа бағытталуды талап етеді. Оқу белсенділіктің негізгі жетекші түрі оқу болғандықтан, оқу арқылы олардың таным процесі яғни қабылдау, қиял, ес, зейін, ойлау қабілеттері дамиды.
Педагог ғалым Сабит Бабаевтың «Жалпы педагогика» атты оқу құралында «Белсенділік» (акивность) - оқушының оқып-үйренуге болған қатынасы, оның құрлымдық элементтері 1) оқу тапсырмаларын орындауға әрдайым дайын болу; 2) дербес іс-әрекетке құлшыныс; 3) тапсырма орындауға саналық; 4) оқу жүйелілігі; 5) білім деңгейін көтеруге қызығу; - деп түсініктеме береді [3] .
Балалардың оқуға деген қатынасын мұғалімдер әдетте олардың белсенділігі мен сипаттайды. Демек, белсенділік оқушылардың іс-әрекет аясына ену дәрежесімен анықталады.
Белсенділіқ құрлымы біз жоғары да атап өткен бірліктерден тұратынын анықтадық. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен дербестігі өзара байланысты: Белсенділігі күшті оқушылар, әдетте, дербес жұмыс істеуге қабілетті келеді. Белсенділік арттырудағы басты мақсат- оқушылардың оқуға деген құштарлығына нәр беріп, оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеру. Педагогикалық тәжірибелерде белсенділік арттырудың әртүрлі жолдары пайдаланылады. Олардың ішінде оқытудың әртүрлі формалары, әдістері, құрал-жабдықтары, оларды әрқилы жағдайлардың туындауына сәйкес бір-бірімен ұштастырылып, оқушылардың белсенділігімен дербестіне дем беру. Сабақ жағдайларында оқушылардың белсенділігін арттыруға келесі әрекеттер тиімді болып саналынады:
- өз ой-пікірін қорғай білуі;
- сыныптастары мен пікірсайыстарға қатысып өз пікірін айта білуі;
- жолдастарының жауаптарына сын пікір білдіре алуы;
- үлгерімі төмен оқушыларға көмек көрсете білуі;
Ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде білім беру ісіндегі өзгерістер елімізде өтіп жатқан реформалармен ғылыми техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Оның үстіне бүкіл әлемдік білім беру кеңістігінде ену мақсатында Қазақстан Республикасында білім берудің жаңаша жүйесі құрылып өз нәтижелерін беруде. Аталған өзгерістер оқу-тәрбие үрдісіндегі болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметін жаңаша қаруды, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың оқу белсенділіктерін дамытуды және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуда үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар, философтар, педогогтар ертеден-ақ өз үлестерін қоса білді. Мысалы, М. Данилов пен Б. Есимовтың «Дидактика» кітабында «Оқыту әдістері оқушылардың оқып-үйренушілерге көмектесу тәсілдері, осы тәсіл арқылы таным күштерін дамытады» деп жазған[] .
Авторлар әдістерді ғылыми және дидактикалық деп топтай келе, педагогикалық дидактикалық әдістер психологиялық басымдық көрсететін көзқарас деп тұжырымдайды. Кез-келген құбылыс элементі сияқты оқыту әдісінің субъективті және объективті бөлімі бар. Ресей халқының ағарту ісінің білгір қайраткері К. Д. Ушинский «Ана тілін» оқытуға басшылық еңбегінде, В. А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» еңбегінде, В. Ф. Шаталов, Н. А. Менчинская, П. П. Блонский, Я. А. Пономаров т. б өздерінің еңбектерінде атап көрсетеді.
Қазақ халқының тұнғыш ағартушысы Ы. Алтынсариннің «Таңдамалы педагогика мұралары» және М. Жұмабаев өзінің «Педагогика», Қ. Бержанов, Т. Сабыров «Оқыту теориясының негіздері» т. б еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында оқу белсенділігін дамытудың маңыздылығына көп тоқталады. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп оны терең білу, оның даралық ерекшеліктері мен үнемі санасып отыру мектеппен мұғалімдердің жауапты да құрметті міндеті деп түсіндіреді. Сондықтан бірінші кезекте, мектеп мұғалімдері алдын ала оқытудың әдістеме негіздерін жан-жақты менгерумен қатар мектеп жасындағы балалардың жасына сәйкес әрі жекелей физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ жас жеткіншектердің қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтарды терең білу міндеті қойылуда.
Әр адамның меңгерген білім деңгейімен мазмұнына байланысты жүзеге асырылады. Қоршаған дүниені білу танымдыққа байланысты. Таным-адам санасының дамуының негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруді де үйренеді.
Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары, философияның негізгі мәселесі - рухани материалдарға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім - таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориядан түрлі айырмашылығы бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, оның ақиқаттылығының жалпы шарттарын, объективті қатынастарды қалыптастыру. Сондықтан Аристотель: «Сыртқы дүние заттары алғашқы, көзқарастармен, танымдық белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады.
Таным-философиялық ұғым, «Айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуі». Қоршаған дүние, объективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқылы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып, танымды анықтай түседі. Адам баласы танымдық белсенділік арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты, құбылысты танығаннан кейін, енді таныс еместерін білуге ұмтылады, ізденеді. Сөйтіп толық емес, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап өзгертеді, екінші зат ендіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді. Демек, мектептегі оқу үдерісі оқушылардың оқу белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамуына жол ашады.
Оқу белсенділік - оқушылардың оқуға, білімге деген ынта-ықыласының, құмарлығының ерекше көрінісі. Оқу белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылардың өздігінен білім алуы өз еркімен жұмыс істеуді талап етеді. Оқушылардың оқу-таным белсенділігін арттырудың тиімді құралдарының бірі - оқушының өзіндік жұмысы мен өздігімен білім алу әрекеті.
Білімді игеру барысында оқушыда кездесетін қиындықтарды жеңу, табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекетінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білулері керек. Мұндай іс-әрекеттер өзіндік жұмыстар арқылы іске асырылып отырады.
Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандыра түседі, және оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады. Оқушының оқу үрдісінде танымдық белсенділігін, қабілетін дамыту, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру, ұзақ әрі жүйелі түрде жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптасады [5] .
Мектеп оқушыларының жан-дүниесінің біртұтас бейнесін қалыптастырудағы пән аралық байланыс арқылы оқу белсенділігін зерттеуде мына еңбектердің мәні зор: оның ішінде оқу әрекетінің тиімділігін арттыру мәселелерін қарастыруға Ю. К. Бабанский, Т. И. Шамова, М. М. Левина, И. Я. Лернер т. б. өз үлестерін қосты.
И. Я. Лернер оқу белсенділік пен танымдық, ізденімпаздылық ұғымдарының ара қатынасы жөнінде бұған қарама-қарсы пікірді ұсынады. Мәселен, Б. П. Есипов: «Белсенділік шәкірт ақыл-ойының ізденімпаздығының белгілі бір дәрежесін көрсетеді», - дейді [6] .
Б. П. Есиповтың пікірімен дауласа келіп, ол белсенді болмай, ізденімпаз бола алмайсың дейді, сөйтіп белсенділік, ізденімпаздылық шартына жатқызамыз. Бұл ұғымдарды ажыратудағы қиындық тек танымдық іздемпаздық ұғымын ғана емес, сонымен бірге танымдық белсенділік ұғымында түрліше түсіндірудің орын алып отырғанына байланысты. Бір қатар авторлар танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарастырады, бірақ жеке тұлғаның ерекше қасиеті ұғымының мазмұнын ашып көрсетпейді.
Аталған ғалымдардың еңбектерінде бұл көзқарастарға талдау жасай келе, Т. И Шамова оларды бір-бірінен бөліп-жарып қарауға болмайтынын атап көрсетті, сөйтіп, қомақты талдау материалында танымдық белсенділік ұғымының мәнін тек оларды диалектикалық бірлікте пайдаланғанда ғана түсінуге болатынын көрсетеді. «Біз танымдылық белсенділікті шәкірттің ақыл-ой және дене қуатын жәй ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оны жеке тұлға белсенділік сапасы ретінде қарастырамыз, бұл сапа оқушының белсенділік мазмұны мен процесіне көзқарасында, оның білімді және іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы қысқа мерзімде тиімді игеруге ұмтылуында, мінез-құлық, ерік-жігерін оқу-танымдылық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табады» - деп атап көрсетеді[7] .
Жоғарыда аттары аталып кеткен педагог ғалымдардың оқушылардың танымдық әрекеттері мен белсенділіктері туралы сөз еткенде, диплом жұмысымыздың негізгі тақырыбының өзектілігіде басты назардан тыс қалмаған. Өйткені, мектепте өтілетін технология сабағында оқушылардың іс-әректтері мен еңбек белсенділіктерін арттыруда еңбек тәрбиесінің маңызы зор деп айтуымызға болады.
Мектеп оқушыларының еңбекке қызығушылықтары жайдан - жай артып отырмайды. Бұл жерде, әрбір мұғалімнің жеке үлесімен бірге мектептің технология пәнінің мұғалімдерінің өзіндік ерекшеліктері бір басқа. Пән мұғалімдері, әрбір баланың еңбекке қатынасын, қызғушылықтарын, жеке даралығын тереңінен зерттеу арқылы анықтай алмаса, баланы сабаққа қызықтыру оңайға түспейді. Сондықтан, мектеп оқушыларының әрбір сабақ үстінде еңбек ету қарқынын еселей түсу үшін, баланың танымдық түсінігін жан-жақты қалыптастыра білу пән мұғалімнің педагикалық шеберлігіне байланысты болып келеді.
Жалпы оқу белсенділік, күрделі педагогикалық құбылыс болып табылады, оның мазмұнын тек кешенді түрде ашу арқылы ғана түсінуге болады. Оқу белсенділік ұғымының мазмұнына түрлі авторлардың түрліше мағына беретінін ескерсек, бұл параметрлердің жиынтығы тым әр текті болып шығады (мұнда ауқым да, кеңдік те, мүдде де, дайындық та, еске түсіру белсенділігі де, т. б. бар) . Бұл талаптың орындалуы оқушылардың оқу материалын түсінуге, өткен материалдарды жаңа сабақ материалымен байланыстыруға және алған білімдерін тәжірибеде пайдалануға, өз пікірлерінде оларға сүйену ұмтылысынан көрінеді.
Білімді саналы меңгеру өз бетімен жаңа білім алуға мүмкіндік беретін ақыл-ой еңбегінің өзіндік тәсілдерін игермейінше іске аспайды. Оқушылардың белсенділігі- танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды.
Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады. Осыдан келіп, оқыту барысында оқушының іс - әрекетінде оқу белсенділікті қалыптастыру талабы туындайды [8] .
Оқушылардың оқу белсенділігін дамыту мәселесінің сан қырлығын ескеріп және компьютерлік техниканың көмегімен оқу үрдісін жекелеуге мүмкіндік беретін, тұлға мен оқу іс-әрекет теориясының негізгі қағидаларына сүйене отырып, танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы қажет.
Өйткені, өтілген материалдарды үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет. Сабақ барысында оқушының бойында оқу белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б. Оқушылардың оқу белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған [ 9] .
Оқу белсенділік жеке адамның орнықты қажеттілігіне, мінезіне айналу үшін оның бойында өз күші және білім игеру қабілетімен қатар дербес танымдық іс-әрекетке оң көзқарас қалыптасу керек.
Оқу белсенділік немесе ізденімпаздылық, оқушының берілген тапсырманы басқаның көмегінсіз орындаумен ғана шектелмейді. Ол алдына саналы түрде мақсаттар қойып соған сәйкес өзіп біз оған мынадай анықтама береміз. Оқу белсенділік деп мотивацалық - тұлғалық, мазмұндық - амалдық және процессуалды - жігерлік бөліктерінен тұрағын тұлғаның интегралдық құралымен, сипаттамасын айтамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz