Ақпараттық коммуникациялық технологиялар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым

министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Калдыкулова Карлыгаш Жанабаевна

Биологтар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды

қолдана отырып адам анатомиясын оқыту әдістемесі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011300 -«Биология» мамандығы бойынша

Түркістан- 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Биология кафедрасының

меңгерушісі, б. ғ. к., доцент

З. С. Ажибаева

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Биологтар үшін ақпараттық-коммуникациялық

технологияларды қолдана отырып

адам анатомиясын оқыту әдістемесі

5В011300-«Биология» мамандығы бойынша

Орындаған: ЖБЛ-113 тобының студенті

Калдыкулова К. Ж.

Ғылыми жетекшісі

б. ғ. к., аға оқытушы: Бостанова А. М.

Түркістан 2015

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4
: 1.
Кіріспе . . . 4: Әдебиетке шолу . . . 7
:
: 1. 1.
Кіріспе . . . 4: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы жалпы түсінік, зерттеулер . . . 7
:
: 1. 2.
Кіріспе . . . 4: Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану және оның маңызы . . . 10
:
: 1. 3.
Кіріспе . . . 4: Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары . . . 19
:
: 2.
Кіріспе . . . 4: Негізгі бөлім . . . 34
:
: 2. 1
Кіріспе . . . 4: Зерттеу нысаны, әдістемесі және зерттеу нәтижелері . . . 34
:
: 2. 2.
Кіріспе . . . 4: Ispring Suite, QuizMaker7 программасында Адам анатомиясынан тест құрастыру технологиясы . . . 35
:
: 2. 3
Кіріспе . . . 4: Зерттеу нәтижелері . . . 46
:
:
Кіріспе . . . 4: Қорытынды . . . 103
:
:
Кіріспе . . . 4: Пайдаланылған әдебиеттер . . . 104
:

КІРІСПЕ

Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасыҚазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. [2]

XIX ғасыр-бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәденметтілігіне мұқият қарайтын дәуір. [2]

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр -ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасыда ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі-қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық -коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. [3]

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі -білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»-деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі -бағдарламалық-техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады. [1]

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы-оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамудықалыптастырудың бір жолы.

Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық -техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.

Қазіргі уақытта жаратылыстану -ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру «Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз . . . Ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» (Н. Ә. Назарбаев) . [2]
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп-үйрететін орта, оның жүрегі-мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі -ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. [4]

Зерттеудің мақсаты: Адам анатомиясын Ispring Suite, QuizMaker7 программасында тест құрастырудың технологиялық схемасын жасау және Биологтар үшін қолданып оның әсерін бақылап зерттеу. Зертеудіңміндеттері:

  • Ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың пайда болу себептері және оның биологтар үшін маңызына сипаттама беру;
  • Ispring Suite, QuizMaker7 программасын пайдалану;
  • Биологтар үшін Ispring Suite, QuizMaker7 программасының тиімділігін анықтау;
  • QuizMaker7 программасында 11түрінен Адам анатомиясынан тест құрастыру және технологиялық схемасын жасау.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Адам анатомиясын ispring QuizMaker7 программасының әсерінен биологтардың білімге ұшқырлығы, білім сапасы, оқу үдерісінің деңгейі белсенді түрде жоғарылады және студенттер үшін ыңғайлы әрі тиімді болғаны анықталды.

Практикалық маңызы. Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану студенттердің оқуға қабілеттілігін және білім сапасына жоғарлауын қамтамасыз ететіні белгілі. Сондықтан да оқу үдерісінің мәселелерін кешенді зерттеу барлық уақытта маңызды.

1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар туралы жалпы

түсінік, зерттеулер

Ақпараттық - коммуникациялық технология - электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы-биологтар үшін ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. [4]

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. [5]

Биология сабақтарында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды

пайдаланудың тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды

түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту

мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі

тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта, қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Білім берудің кез-келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптасыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Осы орайда биология пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдарымен электрондық оқу құралдарын жатқызуға болады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрынғы алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс, және музыка тыңдауға болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын рөлі зор. Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер өздеріне қажетті әдістемелік материалдарды, көмекші құралдарды молынан ала алады. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Биология пәніне арналған электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы пән курсы бойынша оқушы толық ақпарат алып өз білімін тексере алады. [9]

Компьютер оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Оқытушыға оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге болады. Сабақтан тыс уақытта оқытушы компьютер жадына сақталған оқушылардың жұмыстарын саралап, талдау жасау арқылы олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтауға, сол арқылы бағалай алады.

АКТ-ны сабақ процесінде қолдану кезінде мұғалімге келесі мәселелерді

шешуге тура келеді:

· дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау) ;

· әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою) ;

· ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру) ;

· оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту) .

АКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық

белсенділігін арттыру үшін қандай әдістерді қолданған тиімді? Ол үшін

мұғалім не істеуі керек?

· ақпаратттық сауаттылығын арттыру үшін көбірек оқу;

· ұғымдарды есте сақтау қабілетін дамыту;

· сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға

үйрету;

· ақпаратты өз бетінше табу, талдау, іріктеу, сақтау, түсіндіру және

ақпараттарды тасымалдау, оның ішінде қазіргі заманғы АКТ-дың

көмегімен жүзеге асыруды қалыптастыру;

· оқушылардың ғылыми- ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік ету;

өз бетінше мақсат және оны негіздеу, жоспарлау және осы мақсаттарға

жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыру.

АКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін:

· сабақты түрлендіріп өткізу;

· сабақта ақпарат құралдарын пайдалану;

· оқушының өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге үйрету-

интернетке шығу.

Өзімнің іс-тәжірибемнен мысал келтірсем, биология сабағында АКТ-ның

келесі түрлерін қолдануға болады:

· Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану;

· Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының

бірнеше фрагменттерін қолдануға;

· Зертханалық жұмыстарда;

· Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда.

Соның ішінде сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын, танымдық қабілетінің артуын, өзіне деген сенімділігін, яғни олардың білім, білік, дағдыларының арттыру мәселесін айтқым келіп отыр. [13]

Презентацияны биология сабақтарында жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Ол мотивацияның, коммуникативті қабілеттерінің дамуына мүмкіндік береді, дағды қалыптастыруға, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. Биология сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, түрлі мысалдар құрастыруға, биологиялық сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы қарым-қатынас жақсарады. Тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырысады.

Биология сабағында мультимедиалық презентацияларды сабақтың барлық кезеңдерінде:

· пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу,

· өзін-өзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту

қабілетін құру,

· оқу материалындағы өзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік көмек

көрсету кезінде қолдануға болады.

Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу оқытушыдан шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді.

1. 2 . Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды

пайдалану және оның маңызы

Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Орта мектепті ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде. Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады. Жаңа технология - мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. [6]

Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.

1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;

2. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;

3. Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;

4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;

5. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;

6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғышарттарын меңгеру қажет. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуды, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электрондық пошта құралдарын пайдалануға болатындығы дәлелденді. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернет желісінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Интернет желісінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік жаңалықтардан хабардар болып, білімін тереңдетуіне септігін тигізеді.
Орта білім берудің мақсаты - жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өз бағытын анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын және өз еркімен дұрыс шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. [12] Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық әдістердің және ақпараттық - коммуникациялық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу пәнін толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Ақпараттық-коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасауға болады.

Сонымен қатар, білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу Интернет, электрондық пошта, телеконференция, бейнеконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымыздың әлемдік білім мен ғылым жетістіктерінен хабардар болып, оларды игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Заман ағымына қарай күнделікті сабақта бейне, аудио қондырғылары мен интерактивті тақтаны, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. [15]

Ақпараттық технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

- компьютерде еркін жұмыс жасайды;

- компьютерлік желілермен байланыс жасайды;

- ақпараттарды алады, сақтайды;

- интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;

- электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;

- өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;

- басқа пәндерді оқығанда компьютер мүмкіндігін тиімді қолдана алады.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру-бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. [13]

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет. Н. Ә. Назарбаев. [2]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар пәнінің мазмұны
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдары
Болашақ педагог маман тұлғасын заманауи ақпараттық құралдар көмегімен дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
Студенттердің кәсіптік бейімделудің психологиялық ерекшеліктері
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz