Киім үлгілерін модельдеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 3

Анықтамалар . . . 4

Белгілеулер мен қысқартулар . . . 5

Кіріспе . . . 6

1 Оқушылардың көйлек үлгісін әзірлеуді үйретудің теориялық негіздері

  1. 10-сынып оқушыларына әйел көйлегінің жиынтығын үйрету мазмұны . . . 9

1. 2 10-сынып оқушыларына көйлек үлгісін әзірлеуді үйретуде эстететикалық талғамын қалыптастырудың мүмкіндіктері . . . 15

1. 3. Киім үлгісін жобалауда композициялық негіздердің алатын орны . . . 19

2 Оқушыларға көйлек үлгісін әзірлеуді үйретудің әдіс-тәсілдері

2. 1Оқушыларға көйлек үлгісін әзірлеу барысында қолданатын . . . 25

2. 2 Әйел киімін жобалау әдістері арқылы үйретудің әдіс-тәсілдері . . . 31

2. 3 Көйлек үлгісін әзірлеу үшін жұмыс орнын ұйымдастыруы . . . 33

3 Авангард стилінде әйел киімінің тігу технологиясы және экономикалық есеп

3. 1 Авангард стиліндегі “Дала қыраны” атты киім үлгісін сипаттау . . . 37

3. 2. Авангард стилінде әйел көйлегінің сызбасын сызу және модельдеу . . . 39

3. 3 Авангард стилінде әйел көйлегінің экономикалық есептері . . . 58

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 63

Қосымша (киім үлгісі)

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

Университеттің ішкі нормативтік ережемі:

  • УЕ-ХҚТУ-015-2014 Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар;
  • УЕ-ХҚТУ-027-2014 Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесі.

АНЫҚТАМАЛАР

Дипломдық жұмыс (жоба) - тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы;

Технология - деген ұғым грек тілінен аударғанда - іскерлік, шеберлік, білгірлік деген мағына береді;

Педагогикалық технология - мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелердің тиімділігі;

Техникалық конструкциялау - мұнда дене өлшемдерін қағаз бетіне түсіріп, үлгі сызылады;

Жобалау - технологиялық процестерді (бөлшектерді өңдеу, құрастыру, т. б. ) құрастыру ойластырылған (болжанған) тапсырмалар;

Декатирлеу -тігер алдында мата отырмас үшін ширату, (мақта мата, зығыр, штапель) матаны суға салып, сығып, бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды.

Іскерлік - бұл адамның алған тәжірибесі негізінде қандай да бір іс-әрекетті (қызметті) орындай білуге деген қабілеттілігі. Ептілік дағдылармен тығыз байланысты;

Фронтальды - бұл сынып оқушыларының бәрін қамтып, барлығына бірдей тапсырма беру.

Дағды -меңгерудің ең жоғары өлшемімен сипатталатын әре-кет. Белгілі бір дағдыны меңгерген адам жедеғабыл істейтін сияқты көрінеді және іс-әрекеттің орындалу барысында оның сана-сезімін бақылап байқау да аса қиынға түседі. Сондықтан дағды мен ептіліктің адам өмірінде зор маңызы бар;

Сән - адам тіршілігінің өнердегі, тілдегі, киімдегі мезгілдік өзгерістері;

Темп -элементтер қозғалысы жылдамдығының үдеуі.

Стиль - сәннің негізін құрайды, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін білдіреді. Стиль - грек тілінен аударғанда stylus-балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша деген мағынаны береді.

Жобалау - бейнелеп жазу. Бейнелеу немесе әртүрлі қасиеттерге ие жансыз /қозғалмайтын/ объектілердің жүйелі көзқарас концепциясы.

Жобалау пікірі - эскиздерде, макеттерде, модельдерде жүзеге асады. Жобалаудың бастапқы негізгі этапы оның эскизін салу болып саналады.

Әсемдік - материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты.

Киім композициясы - киім бөліктерінің бейнелі, көркем-идеялық мағынасын аша отырып, тұтастығын біріктіру.

Модельдеу әдістемесі -көйлектің негізгі сызбасын әртүрлі модельдерге айналдыру тәсілдері, жеңіл киімдердің, модельдерінің конструкциясын өзгерту арқылы түрлендіруге болады.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ХҚТУ - Халықаралық қазақ-түрік университеті

ТОПБ - технология оқу пәні бағдарламасы;

ЫЖӨ - ылғалды-жылумен өңдеу;

Б (В) - биіктіктер

Т (Г) - тереңдіктер

Ұ (Д) - ұзындықтар, арақашықтықтар, доғалар

О (О) - орам

Бойы (Р) - бой

Жо (С) - жартылай орам

ОРТкб (Ц) - орталық нүкте

Е (Ш) - ені

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының жалпы және кәсіптік білім беретін мектептерге арналған тұжырымдамасында: “Мектептің мақсаты жас ұрпақты, жастарды ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға санап, оның ой - өрісінің жан - жақты дамуына жағдай жасау қажет”, - деп атап көрсетілген[1, 2] .

Қоғамда болып жатқан өзгерістердің жоғары білім беретін оқу орындарына әсері оның үрдісіне ізгілік және демократиялық бағыттарды енгізуді қажет етуінен айқын көрінеді. Оқушы тұлғасының өзіндік дамуына, танымына, өзін-өзі жетілдіруге бағытталған оқыту талабы мұғалімнің тек пәндік білімдік тұрғыдағы біліктілігіне ғана емес, ерекше тұлғасына, шығармашылық даралығына деген сұраныстарды алға қойып отыр. Ертеңгі болашақ мұғалім ойлау іскерлігі дамыған, жан дүниесі терең, өмірге көзқарасы жоғары болуы тиіс, өйткені өзіндік рухани өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық келеді. Ондай маман педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр, сондықтан өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатынымен, ізденістік жұмыстар жүргізуге бейімделгенімен, әр оқушының рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту үшін жағдай туғыза алатындығымен құнды.

Белгілі дәрежедегі оқу сапасы білім берудің әдістемелік жүйесіне, мектеп оқушысының өз еркімен атқаратын жұмысына, ойлау қабілетін белсенді етуге жетелейтін шығармашалық тепе-тендігіне, жеке тұлғаны қалыптастырудағы таным саласын дамытуға әсері мол.

Педагогтардің шеберлігін жетілдіру қажеттілігі ақпарат ағымының тез қарқынмен дамуына, алған білімдерін жаңартуына әсерін тигізеді. Бір жағы-нан білім беруді жаңарту үрдісі жүріп жатса, екіншіден, педагогтардың жаңа ақпаратпен қарулану мүмкіндігін тежеп отырады. Мұның өзі педагогтардың кәсіби шеберлік деңгейіне теріс ықпал етері сөзсіз.

Мәселен, технология пәніне бөлінген сағат саны экономикалық білім беруді есептемегенде, осы пәннен терең білім, білік қалыптастырудың өзіне аздық етеді. Мұның орнын үйірме жұмыстары толтырады және технология пәнін үйірмемен тығыз байланыста өткізу мақсат тұтылады. Мұндай үйірменің мақсаты - алынған білімді кеңейту, тігін жайында сауаттылықты көтеру; экономикаға қатысты мәселелерге оқушыларды тарту, қызығуын тудыру.

Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы" атты Қазақстан халқына жолдауында "XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлауда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Сондықтанда біз болашақта жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өңдірістері үшін кадр қорын жақсартуымыз қажет деп атап өтіп, барлық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт" деп айтты [3] .

Бүгінде заман талабына сай жастарды киім тігуге, модельдеуге, пішуге үйретіп, әрі эстетикалық талғамын, көркемдік білім деңгейін көтеру, халық қолөнерінің мұрасын қайта жаңғыртып тұрмыста сән құра білуге үйрету маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының республика азаматтары үндеуінде жастарды ертеңгі күннің өлшемдеріне сай өмір сүруге дағдыландырып, халықтың мәдениетін меңгерген, жаны да, тәні де сұлу адам тәрбиелеуге, жалпы ұлттық сана-сезімі мен ұлтаралық қатынас мәдениетінің биік деңгейіне жете алатындай білім беретін жүйесін қайта құруға бағытталған.

Қазіргі уақытта халықтың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым жоғарылады. Себебі, қоғамның даму барысында мәдени, экономикалық, саяси-жағдайлардың бәрі де үлттық психология мен көзқарастар адамның сана-сезімінің, талғамының дамуына әсер етеді. Ал, тұтынушылардың арта түсуіне байланысты, мода ағымы да үнемі жаңарып отырады.

"Еңбекке оқыту және тәрбиелеу" тұжырымдамасында "Еңбек негіздерін мектеп жасында қалыптастырмай олардан іскер мамандар шықпайды" - деп оқушыларды мектеп қабырғасында тігуге, тоқуға, бастырмалауға т. б., үйрету жұмыстары бағдарламаларда қамтылған [4] .

Е. А. Глинская мен А. К. Наймушин, Ермилова В. В және Д. Ю. Ермилова, т. б. өз еңбектерінде тігін тігудің технологиясы, оның ішінде ең негізгі түрлері, түрлі қарапайым бұйымды тігу, адамның өлшемдерін алу, пішу технологиясын модельдеу жолдарын көрсеткен [5, 6] .

Сонымен қатар өз отанымыздан Жолдасбекова С. А., Жолдасбеков А. А., Жолдасбекова С. А., Қалабаева, Л. Н. Шершнева, Жәнібеков Ө., Асанова А. Е., Ж. Айдынбекова, С. Б. Нұрпейiсова, Сымбат т. б. еңбектерінде киімді модельдеу, жобалау, конструкциялау, тігін бұйымдарын дайындаудағы өңдеу технологиясы мен ерекшелігі, жұмыс түрлері мен технологиялық операциялардың орындалу бірізділігі, құрал-жабдықтарды таңдау мен түйіндерді өңдеу әдістері және эскиздер берілген [7, 8, 9, 10, 11, 12] .

Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Осы тұрғыдан алып қарасақ оқушыларға білім, білік, дағдыны қалыптастырудың маңызы зор.

Сондықтан технология сабақтарында көйлек үлгісін әзірлеуді үйрету арқылы жоғары сынып оқушыларына киімді жобалау және модельдеуді үйрету барысында біз оқушылардың бойындағы әсемдікті түсіну және сезіну, эстетикалық көзқарасқа, ұқыптылыққа, сұлулыққа, іскерлікке, еңбек сүйгіштікке т. б. баулимыз. Сонымен қатар жан-жақты түрлі технологиялық әдістер арқылы оқушылардың жобалау және модельдеу тұрғысынан танымын кеңейтіп, дағдысын қалыптастырамыз.

Осыған орай біз дипломдық жұмыстың тақырыбын «10-сынып оқушыларына технология сабақтарында көйлек үлгісін әзірлеуді үйрету әдістемесі» деп таңдадық.

Зерттеудің мақсаты: жобалау әдістер арқылы оқушыларға технология сабақтарында көйлек үлгісін әзірлеуді үйретуде олардың қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.

Зерттеудің нысаны:

Технология сабағында жобалау әдістер арқылы жоғары сынып оқушыларына көйлек үлгісін әзірлеуді үйрету әдістемесі.

Зерттеудің пәні: Жобалау әдістер арқылы технология сабағында көйлек үлгісін әзірлеу тәсілдері барысында оқушылардың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру жолдары.

Зерттеудің міндеттері:

  • көйлек үлгісін әзірлеу әдістерін анықтау;
  • жоғары сынып оқушыларына жобалау әдістер арқылы әйел көйлегі үлгісін әзірлеуді үйретудің ерекшеліктерін айқындау;
  • 10-сынып оқушыларының көйлек үлгісін әзірлеудегі мазмұнын анықтау;

Зерттеудің әдістері:

- теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), т. б.

-эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірбиелер) ;

- әлеуметтанулық (сауалнама) ;

- қосымша білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірбиесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірбиелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.

  1. Оқушылардың көйлек үлгісін әзірлеуді үйретудің теорилық негіздері

1. 1 10-сынып оқушыларына әйел көйлегінің жиынтығын үйрету мазмұны

Технология - деген ұғым грек тілінен аударғанда: «техне»-өнер, іскерлік, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағына береді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» деп аударуға болады. Сондықтан, бұдан әрі қарай «білім беру технологиясы» ұғымын-мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатнас процесі технологиясы ретінде қолданамыз[13] .

«Технология» білім саласының басты мақсаты - оқушыларды еңбек тіршілігіне өз бетінше әзірлеуге даярлау, кәсіпкерліктің мол түрін үйрету. Ол мына негізде:

  • қоғамның жаңа технологиялық жолмен дамудың перспективалары мен энергиялық даму, информация, экономикалық, экологиялық, кәсіпкерлік білімді үйрету, коғам дамуына керекті еңбек дағдыларын меңгерту;
  • оқушылардың өз бетінше іздемпаздылық, эстетикалық және шығармашылық жағынан дамуын қалыптастыру;
  • оқушыларды мұғалімнің берген білімі мен және жаңа технологиялық ғылым жетістіктерін өз бетнше оқып білімін жетілдіруге дүние жүзіндегі ғылым және білім саласына енген жаңа техникамен технологияларды оқып кәсіпкерлікті игеруде кәсіпкерліктің сарамандық негіздерін үйрету;
  • үй шаруасындағы және жанұядағы экономиканың алғашқы қарапайым түрлерін игеріп, жүргізе білуді уйрету;
  • қазіргі өндіріс пен өнім түрлерін игеру, оны күнделікті тұрмыста пайдалана білу жолдарын игеру;
  • оқушыларды өзі қалаған кәсіптің теориялық жане сарамандық білімм алу жолдарын өз бетінше шығармашылық негізде бағдарлама талабына сай меңгеру, үйрену жолдарын зерттеу, кәсіптің өзі қалаған түрін өз бетінше дамыту жолдарын жоспарлау оны әрі қарай дамыту, жетілдіру;
  • оқушылардың бағдарлама талабы негізінде кәсіптік білімін дамытуға, дүние жүзіндегі кәсіп түрлерін оқып үйренуге, кәсіпкерлікті таңдай білуге, сол кәсіп түрлерін өз республикамыз Қазақстанда ұлттық негізде дамыту, оларды аймақтық негізде жүргізе берудің жаңа әдістерін меңгерту;
  • қоғам дамуындағы сауда экономикасы менеджменті, маркетингі жөнінде терең түсінік беру, оны игерудегі түрлі әдістерді, оның жеке өндірістік және шаруашылық негіздерін ұйымдастыру жолдары мен қызмет түрлерін үйрету.

Білім стандарты бойынша техноло­гия пәнін оқыту төмендегі міндеттерге негізделуі керек:

  • тігін материалдарын өңдеу жайында кәсіби білімді және ақыл-ой, сезімдік әрекеттер жүйесін қалыптастыру;
  • үй шаруашылығы мен отбасы экономикасын жүргізуге қажетті білім мен біліктіліктерін қалыптастыру;
  • материалды өңдеуде қазіргі өндіріс негіздеріжәне қызмет көрсету аясымен таныстыру;
  • тігін материалдарын өңдеуде жобалау мен конструкциялау мәселелерін шешу бойынша жас жеткіншектердің ізденімпаздығы мен қабілеттілігін дамыту;
  • еліміздің ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби өзіндік айқындалуы мақсатында кәсіптік бағдарын анықтай алуын қалыптастыру;
  • оқушыларға нарықтық экономикалық, менеджмент, маркетинг туралы негізгі түсініктерді білуіне және қызмет көрсету мен аз өнімдерді өндіру және іске жарата алу біліктілігіне үйрету;
  • тігін материалдарын еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және оларды дизайн мен сәндік қолданбалы өнердің талаптарына сай әсемдей алуға үйрету;
  • компьютерлік технологияны меңгеру арқылы графикалық сызуды орындай алуы, жоба құжаттарын құра білуге ықпал ету.

Осындай міндеттерді орындауда нақты білім беру үшін оқу бағдарламасы ауыл және қала мектептерінде ұлдар мен қыздарға арналған бірнеше бөлімге адам-табиғат, адам-белгілер жүйесі, адам-адам, адам-көркем бейне, адам-белгілер жүйесі типі бойынша бағыттап оқытады.

Білім мазмұнын анықтайтын басты құжаттар стандарт пен типтік бағдарламадағы сипатталған оқу материалдары мен іс-әрекеттердің ғылыми негізінің ашылуы мен түсіндірулер, орындалу тәртібі оқулықтар мен оқу кұралдарында беріледі.

Мемлекеттік құжат - оқу жоспарларында

1) оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімі белгіленеді;

2) әр оқу жылдары (сыныптар) бойынша осы оқу пәндерінің өту тәртібі және реті анықталады;

3) әр жетіде әр пәнге бөлінетін сағаттардың өлшері көрсетіледі.

Қазіргі білім беруде қолданыстағы "Технология" білім саласынын міндеттері;

  • оқушыларды өзіндік практикалық іс-әрекетпен жаңаны жасау, өзіндік жүзеге асыру ұмтылысын қаруландыру;
  • қазіргі заман өндірісінің технология, экономика, ұйымдастыру және экология саласындағы технологиялық мәдениетті және жалпыенбектік білім мен ептілікті игеруін, оның даму перспективалары жөнінде түсінікті қалыптастыруды қамтамасыз ету;
  • адамгершілік-еңбектік сапаны, кәсіпті тандау және еңбек сүйгіштік қоғамдық-құнды мотивтерді тәрбиелеу.

Бұл міндеттерді шешу, жүзеге асыру оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың технологиялық дайындығын ұйымдастыруда оқытудың казіргі заманғы педагогикалық технологиясын және дамыта оқыту әдістерін тиімді пайдалануда болып табылады. Оның ішінде білім мазмұны бағдарламадағы оку материалдарының толық мәнді көрсетілуіне байланысты болады.

«Технология» оқу пәні бағдарлама мазмұны төмендегідей оқу материалдарынан тұрады және олар теориялық мағлұматтар құрамын көрсетеді:

  • графикалық және бейнелеу сауаттылығы;
  • еңбекті ұйымдастыру мен жоспарлау;
  • техника (құрал-жабдықтар және т. б. ) ;
  • технологиялық үдерістер;
  • технологиялық үдерістер мен іс-әрекет барысында болатын экологиялық қасиет мағлұматтары (жұмысты орындаудағы әдістер мен тәсілдер; көркем өңдеу түрлері - әшекейлеу, әрлеу) ;
  • материалдар-жөніндегі негізгі мағлұматтар;
  • экономикалық білім элементтері;
  • бақылау және өзіндік бақылау.

Мұндай оқу материалдарының құрамы бағдарламаның базалық бөлігін кұрайды.

Бағдарламаға сәйкес практикалық іс-әрекеттерді төмендегідей етіп елестетуге болады:

  • графикалық, бейнелеу жұмыстарын орындау;
  • өлшемдерді анықтау;
  • еңбек объектісін таңдау мен іс-әрекетті жоспарлау;
  • технологиялық үдерістерді еңбекті қорғау талаптарына және үнемділік қағидасына сәйкес орындау;
  • өзіндік және бұйым сапасын бақылау.

«Технология» пәні бағдарламасы мазмұнындағы теориялық мағлұматтар мен практикалық іс-әрекеттер бағдарлама мазмұнында ғана қамтылып коймай, сондай-ақ, оқу үдерісінде оқыту технологиясына, әдістемесіне байланысты ашады.

«Технология» пәнінің мазмұны адамның кәсіби іс-әрекет түрлерін оқытатын болғандықтан міндетті түрде кәсіп саласы, мамандық түрі жөнінде мағлүматтарды қамтиды.

Сондай-ақ аталған пән жоғарыда айтылған міндетіне сәйкес материалдық өндіріске тән технологиялық мәдениетті қалыптастыруды қарастырады. Адамның технологиялық мәдениеті-бұл мәдениет материалдық және рухани құндылықтарды әзірлеу бойынша түрлендіруші, шығармашылығы, экологиялық расталған, табиғи сәйкестіктегі іс-әрекеттер.

«Технология» оқу пәнінің бағдарламалары мына төмендегі жағдайлар барысында жүзеге асырылады. Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінің оқу жоспарының инвариантты бөлімінде «Технология» білім саласын оқытуға барлық сыныптарға 1 сағаттан бөлінген. Жоғары сыныпта оқушыларға белгілі бір кәсіп саласы бойынша оқытуды терең қолға алуға сәйкес қолөнер бұйымдарындағы атқарылатын жұмыстарды іріктеудің нәтижесінде көпшілік орында жұмыс жасауға қажетті іс - әрекеттерге баулу қарастырылады.

Қазіргі кезде жабылған зауыттар орнына іскер адамдар жеке акционерлік қоғам құрып кішігірім цехтар ашып, жұмыссыз қалған адамдардың жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызуда. Оны жүзеге асырудың негізгі жолы сол мамандықты жете меңгеру.

Бүгінгі таңдағы дамыған ірі капита­лист және жаңадан дамып келе жатқан елдерде кез келген кәсіп иесі өзіне тапсырылған міндеттерді жақсы орындап қана қоймай, оған қосымша жобалай білуі, шешім қабылдауы және шығармашылық жұмыстарды да орындай білуі талап етіледі. Осы қабілеттер мен білікті баланың жас кезінен қалыптастырып, оқу мен тәрбие әрекеттерін орындау кезінде әрі қарай дамыту керек.

Соған байланысты арнайы пән сабағын жүргізу барысында өткізілетін сабақтарда басты мақсаттарды негізге ала отырып үнемі оқу шеберханасында мүмкіндікке қарай практика жүзінде іске асырып отыру керек. Оқушылардың табиғи бейімділіктеріне қарай оқыта тәрбиелеу келешекте мамандығын таңдай білуіне бағыт-бағдар беру Білім Министрлігінің 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасында көрсетілген кәсіптік бағдар беруінің негізі болып табылады[14] .

Бағдарламада «материалдарды сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде көркем өңдеу технологиясы» тарауында 8 сыныпта - 18 сағат, 9 сыныпта - 26 сағат, 10 сыныпта - 28, 11 сыныпта 18 сағат берілген. Мұнда қолөнердің даму кезеңдері, және қолөнер бұйымдарының әзірлену барысы қарастырылады. Осы талдауларға сүйене отырып, жасаған тақырыптық жоспарды ұсынады.

Жоғары сынып оқушыларын тігін бұйымдарын әзірлеуге үйретудің тақырыптық жоспары 2-кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - Жоғарғы сынып оқушыларын тігін бұйымдарын әзірлеуге үретудің тақырыптық жоспары.

Тараулар мен тақырыптар мазмұны

Сағат

Саны

№: 1
Тараулар мен тақырыптар мазмұны: Кіріспе
СағатСаны: 1
№: 2
Тараулар мен тақырыптар мазмұны: Классикалық киім стилі мен шығу тарихына жалпы сипаттама
СағатСаны: 5
№: 3
Тараулар мен тақырыптар мазмұны: Костюм композициясы бойынша мәліметтер
СағатСаны: 5
№: 4
Тараулар мен тақырыптар мазмұны: Әйел киімдерін конструкциялау
СағатСаны: 6
№: 5
Тараулар мен тақырыптар мазмұны: Киім үлгілерін модельдеу
СағатСаны: 5
№: 6
Тараулар мен тақырыптар мазмұны: Бұйымды өңдеу технологиясы
СағатСаны: 10
№: 7
Тараулар мен тақырыптар мазмұны: Экскурсия
СағатСаны: 2
№:
Тараулар мен тақырыптар мазмұны: Барлығы:
СағатСаны: 34

Бағдарлама мазмұны

Кіріспе сабақ (1 сағат) . Сабақтың мақсаты. Жұмыс жоспары. Киім туралы жалпы түсінік . Сабақ барысында дайындалған бұйымдармен таныстыру. Кабинеттің құрал жабдықтарын түгелдеу, жұмыс орнын ұйымдастыру.

  1. Классикалық киім стилі мен шығу тарихына жалпы сипаттама(5 сағат) Киімнің шығу тарихы жайлы жалпы мәлімет беру. Классикалық костюмдері туралы мәлімет беру. Бүгінгі заманымызға дейінгі киімдерге шолу жасау.
  2. Костюм композициясыбойынша мәліметтер (5 сағат) киімнің формасы, силуэті, стилі жайлы айтып беру. Стиль, форма, силуэт сөздеріне толық түсінік беру. Киім композициясы жайында мағлұматтар беру.

Практикалық жұмыс А4 форматтарына классикалық костюм эскиздер салу, түрлі киімдер фасондарын салу, түрлі стильдегі киімді модельдеу. Киімді композициялау стиліндегі костюмнің формасы, силуэті, стилінің шешімін табу. Костюм композициясындағы киімдердің ерешеліктерін айтып өту.

  1. Әйел киімдерін конструкциялау(6 сағат) . Киімдер туралы толық мәлімет беру. Киім үлгілерінің ерекшелігімен таныстыру, конструкциялық сызбасын тұрғызудың ерекшелінін атап өту.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық форма маталарының сипаттамасы
Жеңі тұтас пішілген киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу жолдарын ашып көрсету
Спортқа арналған киім үлгілерін конструкциялау
Киімнің негізгі қызметтері
Оқыту әдістер тобы әдістер
Балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу
Әйел шалбарларының үлгілерін конструкциялау
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Технология сабақтарында жеткіншек қызбала киімін тігуде белсенді әдістерді қолдануы
Оқушыларды еңбекке баулу арқылы технология сабағында оқушыға ұлттық киімде ою-өрнектердің орналасу тәсілдерін үйрету жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz