АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Туризм кафедрасы

Диплом (Бітіру) жұмысы

Ақтөбе облысындағы туризмнің дамуы

Алматы - 2011

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ

АЛҒЫШАРТТАРЫ . . .

1. 1 Физикалық-географиялық сипаттамасы . . .

1. 2 Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы . . .

1. 3 Туристік-рекреациялық ресурстары . . .

2. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ҚАЗІРГІ

ЖАҒДАЙЫ . . .

2. 1 Туристік бизнестің жалпы сипаттамасы . . .

2. 2 Туристік инфрақұрылымның жағдайы . . .

2. 3 Аудандар бойынша туристік-рекреациялық мүмкіншіліктер . . .

3. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ

МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ . . .

3. 1 Қазақстан туризмнің дамуында Ақтөбе облысының орны . . .

3. 2 Туризмді дамыту мәселелері . . .

3. 3 Туризмді дамытуға арналған үкімет шаралары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . . . . .

ҚОСЫМШАЛАР

ГЛОССАРИЙ

  1. АХАЖ - азаматтардың хал актілерін жазу.
  2. Туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, немесе жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытшы болған елде ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты.
  3. Рекреация - бұл халықтың тұрақты жерден тыс жердегі арнайы мамандандырылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір цикліндегі адамдардың бос уақытын пайдалану кезіндегі іске асатын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени, көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы.
  4. Экскурсия - жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объекттерді аралап көру.
  5. Рекреациялық потенциал - белгіленген территорияда рекреациялық іс-әрекет ұйымдастыруға және дамытуға арналған табиғи, тарихи мәдени, әлеуметтік-экономикалық және т. б. жағдайлар жиынтығы.
  6. Туристерді орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй жайлар мен ғимараттар.
  7. Тур - белгіленген мерзім шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені.
  8. Туристік ұйымдар - қызметінің негізгі түрі туристік қызмет болып табылатын заңды тұлғалар.
  9. Туристік ресурстар - туристік көрсету нысандарын қамтитын табиғи климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де нысандар.
  10. Туристік өнім - саяхат барысында туристің қажетін қанағаттандыру үшін жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы.
  11. Туристік аудан - туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи мәдени және әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бар экономикалық салалы аудан.
  12. Туристік нарық - туристік қызмет саласында тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) және ақша айналысы.
  13. Уәкілетті орган - туристік қызмет саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін орталық атқарушы орган.

РЕФЕРАТ

Жұмыстың бірінші тарауында Ақтөбе облысының туризм дамуының алғышарттарына талдау жасалынған. Бірінші кезекте, облыстың физикалық географиялық ерекшеліктері көрсетіліп, облыстың әр аумағының туристік рекреациялық мүмкіншіліктеріне нақты талдау жасалынған.

Жұмыстың екінші тарауында Ақтөбе облысының әлеуметтік- экономикалық жағдайы көрсетілген. Сонымен қатар, туризм дамуының басты факторы болып табылатын, облыстың туристік инфрақұрылымы қарастырылған.

Үшінші тарауда облыста дамытуға мүмкін болатын туризм түрлері мен туризмнің болашақ мүмкіншіліктері көрсетілген. Тарауда облыстағы туризмнің қазіргі басты мәселелері мен оларды шешудің нақты жолдары берілген.

Диплом жұмысында сандық көрсеткіштері және жасалынған анализді бейнелеу үшін 7 кесте мен 15 сурет қолданылды.

Кездесетін қысқартулар:

АХАЖ - азаматтық хал актілерін жазу.

ҚТА - Қазақстандық туристік ассоциациясы

ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам

ІЖӨ - ішкі жалпы өнім.

Осы диплом жұмысында Ақтөбе облысының туризм дамуының алғышарттары, яғни облыстың географиялық орналасуы, табиғи, әлеуметтік- экономикалық ресурстары талданды.

Мақсаты Ақтобе облысындағы туризмнің дамуына талдау жасау. Дамытуға мүмкін болатын туризм түрлерін бағалап, оларға нақты сипаттама беру. Облыстың туристтік рекреациялық ресурстарын анализдеу, мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралар жүйесін анықтау.

Міндеттері:

1. Ақтөбе облысының туризм дамуының негізгі алғышарттарына талдау жасау.

2. Туристік шаруашылықтың қазіргі даму деңгейін көрсету.

3. Аудандар бойынша туристік-рекреациялық мүмкіншіліктерін зерттеу.

4. Ақтөбе облысы бойынша туризм дамуына байланысты нақты ұсыныстар беру.

КІРІСПЕ

Туризм - экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады. Туризмді дұрыс жолға қоя білу қыруар пайда әкелуге жол ашады. Қазақстанның туризмін экономиканың басымдылыққа ие саласы ретінде қарастыруға болады. Республикада туризм мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қабылдануда. Шетел тәжірибесінен белгілі болғандай егер мемлекет тарапынан дұрыс және тиімді саясат жүргізілетін болса, туризм өзін өзі қамтамасыз ететін және де бұл нарықтың белгілі бір дәрежеде әкелетін жүйеге айналады. ДТҰ-ның маркетингтік қызметтері зерттеулерінің мәліметтері бойынша Ақтөбе облысында туризмді дамытудың мүмкіндіктері мол. Облыстың туризмі әкімшілік тарапынан қолдау табуда. Облыста табиғи рекреациялық ресурстар, тарихи ескерткіштер көп. Бүгінгі күні туризмнің инфрақұрылымы, сервис деңгейі нашар дамыған, екінші буындағы білікті туристік кадрлар жетіспейді, автомобиль жолдарының, көптеген мәдениет және тарих ескерткіштерінің қанағатсыз жағдайы, батыстық туристің біздің өлке туралы хабарының аздығы, туризмнің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесінің жетілмегендігі, облыстың кейбір аудандарындағы экологиялық жағдайдың қолайсыздығы - міне, бұның бәрі туризмнің дамуына бөгет болады.

Шыны керек, туризм индустриясын дамыту сан салалы жұмыстарды жолға қоюдан басталады. Ең бірінші біз өз өңірімізді шетелдіктерге барлық жағынан таныстыруымыз керек. Олардың қызығушылығын тудырып, туризмді дамыту туралы жаңа бағыттар ашу қажет. Сондықтан біз облыстағы инфрақұрылымды дамытуға және туристік обьектілерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануымызға тиіс.

Ақтөбе облысының туристік рекреациялық ресурстар мүмкіншіліктерін дұрыс пайдалану арқылы облыс туризм саласында үлкен жетістіктерге жете алады.

Жасалынған жұмыстың өзектілігі бүгінгі күнгі әлемдік, соның ішінде мемлекеттік экономиканың дамуыедағы рөлінде негізделген. Ақтөбе облысы жан-жақты зерттелінді, оның біріктірілген туристік потенциалы анықталды. Осыған сүйене отырып, диплом жұмысында жаңа туристік маршруттар, бағыттар, жобалар ұсынылды.

Осы диплом жұмысында Ақтөбе облысының туризм дамуының алғышарттары, яғни облыстың географиялық орналасуы, табиғи, әлеуметтік- экономикалық ресурстары, туризмнің облыс экономиксының саласы ретіндегі қазіргі жағдайы мен Республикалық туризм нарығындағы алатын орны қарастырылды.

Ақтобе облысындағы туризмнің дамуына талдау жасау, дамытуға мүмкін болатын туризм түрлерін бағалап, оларға нақты сипаттама беру, облыстың туристтік рекреациялық ресурстарын анализдеу, мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралар жүйесін анықтау, сонымен қатар облыстың туристік саласына, бүгінгі күнгі ұсынылатын қызметтерге жаңалықтарды еңгізу - мінекей, осының барлығы ұсынылып жатқан диплом жұмысының мақсаты болып саналады.

Міндеттері:

  1. Ақтөбе облысының туризм дамуының негізгі алғышарттарына талдау жасау, туристік рекреациялық ресурстарын сипаттау.
  2. Ақтөбе облысының шаруашылықтың қазіргі даму деңгейін, Қазақстан Республиксы бойынша алатын үлесін анықтау.
  3. Облыс әкімшілік аудандары бойынша туристік рекреациялық мүмкіншіліктерін зерттеу.
  4. Ақтөбе облысының туризм саласына қатысты қолданылатын үкімет шаралары, бағдарламалар, стратегияларға талдау жасау.
  5. Ақтөбе облысы бойынша туризм дамуына байланысты өзіндік ұсыныстар беру, жаңалықтар еңгізу.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

- Ақтөбе облысындағы туризмнің қазіргі таңдағы даму деңгейінде нақты жоспарланған шараларын ашып көрсету.

- Ақтөбе облысы аймағында рекреациялық ресурстардың мүмкіншіліктерін жетілдіру жолдарын қарастыру.

- Ақтөбе облысында туризмді дамыту перспективаларының негізгі бағыттарын анықтау.

- Ақтөбе облысы туризмінің даму қарқынын, туристік бизнесті қалыптастыратын жағдайларын көрсету.

1. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1. 1. Географиялық орны, тарихы

Ақтөбе облысы материктің тереңінде орналасқан, Қазақстанның батысында 300 мың шаршы шақырым бар үлкен аймақты алып жатыр. Солтүстігінен оңтүстігіне қарай 700 шақырым алып жатыр, шығысынан батысына қарай 800 шақырымға созылып жатыр, Орал көлінен бастап Арал теңізінедейін созылған. Оның батыс шекарасы жер шарындағы Каспий тұрақтылығының ең соңында жатыр, ал шығысы торғай даласы арқылы өтеді. Облыс алып жатқан территориясы бойынша Қазақстанның тоғыздан бір бөлігін құрайды және үлкен Еуропа мемлекеттерімен бәсекелесе алады. Жер бедеріне қарай облыс территориясын 5 геоморфологиялық аудандарға бөледі: Мұғалжар таулары, Орал-Ембі алқабы, Торғай жазықтығы, Үстірт алқабы, Каспий тұрақтылығы. Мұғалжар таулары бұл кішкене жоталар мен аласа беткейлер тобының меридионалдық тізбесі болып табылады. Ал солтүстігінде Ор өзеніне дейін, оңтүстігінде 48 о еңдікке дейін созылады. Ең үлкені болып Мұғалжар тауларының оңтүстік бөлігі табылады. Бұл жер ең биік нүктесі болып табылады. Батыс Қазақстанның ең үлкен нүктесі теңіз деңгейінен 657 м биіктікте орналасқан. Мұғалжар таулары Еуропа мен Азияны бөліп тұрған, белгі ретінде көрінеді. Батысында теңдік созылған. Бұнда Елек пен Ембі, Хобда, Ойыл, Сағыз, Темір өзендері өтеді. Оны Орал - Ембі алқабы деп атайды. Өзендердің аңғарлары кең. Орал-Ембі алқабы оңтүстік батысқа қарай, Каспий теңізіне қарай ақырындап төмендейді және Каспий тұрақтылығына өтеді. Онда Ақтөбе облысының оңтүстік батыс шеті жатыр. Ембі өзеннің аңғарында оның ең төменгі жері орналасқан. Егер Мұғалжар тауларынан шығысқа қарай бағыт алынса, үлкен Торғай теңдігінде тәрелеміз. Үстірт пен Торғай арасында орналасқан жерді кейде солтүстік Арал деп атайды. Ол Арал теңізінің жағасына дейін созылады. Бұл теңдікте Ақтөбе облысындағы үлкен құмдар жатыр. Солтүстік Арал ауданы Торғай теңдігінен шартты түрде Ырғыз өзенінің төменгі ағысындағы кең жермен бөлінген. [1]

Ақтөбе облысының әр түрлі табиғи жағдайларынан әр түрлі өсімдіктерінен және жануарлар әлемінен, климатынан ерекшеліктерін көруге болады. Республиканың солтүстік-батыс өңірінде орналасқан Ақтөбе облысы терістігінде - Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде - Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен батысында - Атырау және Батыс Қазақстан, шығысында - Қостанай, оңтүстік-шығысында - Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 қала типті қалашық бар. Әкімшілік орталығы - Ақтөбе қаласы. [2]

Шамамен 50 "градустық солтүстік ендікте аяқталатын Солтүстік Мұғалжар Елек пен Ырғыз өзенде арасындағы ені 200 шақырым кеңістікті алып жатқан өркеш төбелі биіктіктер. Солтүстік Мұғалжар Op өзені арқылы батыс және шығыс тармақтарға бөлінген. Солтүстік Мұғалжардың батыс тармағы (Ор-Елек cy айрығы) Орал тауының орталық және cy айрығы бөліктеріндегі, теңіз деңгейінен биіктігі 440-460 м. жалғасы болып жатқан үстірті секілді. Үстірт cy айырығынан батысқа қарай ағынды сулармен тілімденіп, ұсақ шоқыларға айналғаң ал шығысқа қарай Op өзенінің сол жақ салаларымен тарамдалып, төбешікті жазыққа ұласады, оның бастауындағы биіктігі 509 м. Солтүстік Мұғалжардың шығыс қанаты (Op және Ырғыз өзендерінің арасы) теңіз деңгейінен биіктігі 340 м жететін біркелкі жазық болып келеді де, Op өзеніне таман төмендей түседі. Өзен аңғарының етегінде мүжіліп, бөлшектенген жерлер кездеседі.

Оңтүстік Мұғалжар жоталы таулардан тұрады және ол облыстағы ең биік аймақ болып табылады. Оның басты тізбегі - сол Мұғалжар жотасы оған иек артып жатқан Орал-Жем үстіртінен 200-300 м. биікке көтерілген. Оның кейбір неғұрлым сүйрік тұстары теңіз деңгейінен 450-650 м биіктікте. /Бақтыбай тауы 657 м/. Оңтүстік Мұғалжардың шығысы жатықтанып, аласа келеді, оларда биіктігі 20-30 м шамасында сирек төбешіктер тізбектері кездеседі. Теңіз деңгейінен 280-300 м биікте жатқан бұл жайпақ үстірттер Ырғыз өзенінің оң жақ салаларымен енсіз, терең алқаптарға тарамдалған. Орал-Жем үстірті облыстың батыс өңірінің үлкен бөлігін алып, көптеген өзендермен және Ойыл, Сағыз, Жем бассейндерінің yaқытша ағын суларымен жыраланып, бөктерлі-төбешікті жазықтыққа айналған. Олар өзеннің cy айрықтарында теңіз деңгейінен 400-500 м биіктікке жетіп /солтүстік-шығыста/, өте біркелкі болмаса да батыс пен оңтүстік-батысында әркелкі келіп, 100 м дейін төмендейді. Үстірттің бедеріне тән жағдай - биіктігі 100-150 м болатын /Сағыз бен Жем өзендері арасында/ останцо-эрозиялық бөктерлер, сол сияқты денудация-эрозиялық процестердің үзіліссіз өтіп жатқандығын білдіретін түрлі биіктегі денудациалық-эрозиялық төбешіктер, адырлар, шоқылар. Адырлар арасындағы кең ойпаттарда шағылды және адыр-бұдырлы құмдар, ойыл, сағыз және Жем өзендері алқаптарындағы құмдар немесе сортаңдар жатыр. Сонымен бірге үстірттің осы бөлігінің жоғары жағында бос сулар /көктемде қар суларыментолатын сорлар/ кездеседі. Торғай-Арал маңы төрткүл жазықтығы /Торғай үстірті/ облыстың шығыс бөлігін алып жатыр. Оның биіктіктері батысы мен солтүстік-батысында теңіз деңгейінен /Мұғалжар тауының баурайында/ 320-280 м., оңтүстік-шығыс бөлігінде /Торғай, Ырғыз өзендерінің аяғында және Шалқар-Теңіз еңістігінде/ небәрі 70-50 м. Үстірттің рельефіне ондаған метр биіктігі бар тік жарлар, кейбір жерлері cy арналарымен тілімденген төрткүл биікгіктер болып келеді. Үстірттің бетінде, әсіресе, Торғай, Ырғыз, Өлкейек өзендерінің аяқтарында және Арал маңының терістігінде бос сулы көл ойпаттар, сортақты құйылыстар мен тақырлар көп. Жазықтың оңтүстік бөлігі - Арал маңы ойпатындағы биіктіктер 80-150 м. аралығында құбылады. Мұндағы алқаптарды көлем, құмдар алып жатыр. Солардың ішінде ең ірілері Ұлықұм, Kіші құм. Өсімдіктер өскен төбе құмдардың елеулі бөлігі Үстірттің шыңшоқысы, Шағрайжоны және Ырғыз өзенінің төменгі маңы. [3]

Климаты. Облыс құрлықтан шалғай, мұхиттар мен биік таулы жүйелерден алыста жатыр. Қыста аумақ Сібір антициклонының ықпалында болса, жазда жылы, шөл даланың құрғақ субтропикалық ауасы кедергісіз, еркін жетеді. Облыстың климатына құрғақ континенталдық сипат тән.

Aуаның температурасы. Облыстың аумағында ауаның орташа жылдық температурасы солтүстікте /Родников кенті/ 2, 8 градустан оңтүстікте /Ақтұмсық/ 7, 8 градусқа дейін құбылады. Жыл ішіндегі aya температурасының барысы қыста тұрақты аязды күндермең көктемгі қысқы күндерден кейін жеделдеп, ыстық жазға жалғасуымен сипатталады. Ауаның айлық неғұрлым төменгі орта температурасы /-12°, -18°/ қаңтар және ақпан айларында. Температураның ең төменгі абсолюттік шамасы кейбір жылдары - 48 градусқа дейін түсіп кетеді /Ақтөбе қ. 12. 1. 1940/. Жылдың, ең жылы айы шілде, бұл айда ауаның орташа температурасы 20, 7 градустан /Родников/ 26, 4 градусқа /Ақтұмсық/ дейін өзгереді. Ең жоғары абсолюттік температура 44 градус /Ақтұм-сықта, 5. 8. 1955 ж. / тіркелді. Ауаның орташа тәуліктік температурасының 0 градустан ауысуы көктемде әдетте 25-31 наурызда оңтүстікте және солтүстікте 6-10 сәуірге келеді; күзде тиісінше 1-10 қараша мен 29-31 қазанда. Орта тәуліктік температурасы 0 градустан артық болатын күндер саны 200-ге жуық. Аязсыз кезең облыстың солтүстігінде 130-140 күнге, оңтүстігінде 150-160 күнге созылады.

Атмосфералық жауын-шашын. Облыс аумағында орташа жылдық ылғал мөлшері 160 мм-ден 360 мм-ге дейін құбылып, ең аз ылғал Үстірт жазығына түседі. Кейбір жылдары жауын-шашын жылдық орташа мөлшерден елеулі түрде ауытқып тұрады. Жауын ерекше жиілеп, қар қалың түскен жылдары облыстың солтүстік аудандарында ылғал тереңдігі 576 мм /Мәртөк, 1956/, оңтүстікте 371 мм /Аяққұм, 1958/ дейін жеткен болатын. Қуаңшылық жылдарда жауын-шашың 70 мм-ге дейін /69 мм - Ырғыз метеорологиялық ст. 1929/ азаяды. Жыл бойы ылғал тегіс түспейді. Оның негізгі мөлшері жылы мерзімге келіп, салқын кезде жауын шашынның жылдық мөлшерінің шамамен 30 - 40% ғана түседі. Ылғалдың айлық мөлшерінің ең молы маусым немесе шілде айларына келеді: жауынның айтарлықтай тағы бір көп мөлшері-қазан айында. Ылғалдың ең азы - ақпан айы. Жауын-шашын көп те, көлемді де емес, тек ара-тұра ғана біршама ұзақ жаңбыр, күшті нөсер кездеседі. Жаздағы ылғалдар күннің ыстықтығынаң шөлді жерлердің көптігінен тез буға айналып кетеді. Жауын-шашынның тәу-ліктік ең көп мөлшері 50-70 мм. болып, кейде 110 мм /Темір, қыркүйек, 1911/дейін жетеді.

Өсімдігі. Түр-тұқымына қарағанда облыста өсімдік ѳте-мөте әртүрлі. Мұнда тамырлы өсімдіктің 417 тегіне, 92 тұқымдасына жататын 1057 шамасында түрі шығады. Шөп бітіктігі негізінен екі түрмен сипатталды: далалықта - дақылдық, қуаң далада - жусанды өсімдіктер. Облыстың солтүстік құрға далалығында болғандықтан, негізінен дақылды әртүрлі /бетеге-ақселеулі/ шөп өседі. Оның сортаң жерлері-кәдімгі бетеге, ақ және қара жусанды. Мұғалжардың тастақты беткейлерінде сирек кездесетін бұталар мол. Таудың өзенді аңғарлары мен қойнауларында көктерек, қайың өскен. Op, Жем және Елек өзендерінің cy айырық жерлерінде қайың шоғырлары бұлақ суларымен қоректенетін батпақты жерлерді жиектеген. Шөлейт өңірде жусанды-дақылды шөптер өседі.

Аң-құстары. Географиялык орналасуы мен ландшафты-климат жағдайының әртүрліліг себепті облыста аң-құстар түрі де сан-алуан. Өңірде сүт қоректерінің 62, құстардың 214 және балықтың 24 түрі кездесіп, сүт қоректілердің 10 және қүстың 35 түрі ҚР "Қызыл Кітабына" енгізілген. Сүт қоректілерден кездесетіні - Елек, Қарғалы, Қобда өзендері мен олардың салалары бойындағы, сол сияқты Қарғалы, Мәртөк, Қобда аудандарындағы орманды жерлерде мекендейтін бұлан. Оның саны көп емес. Бұлан мекендеген аймақта еліктер де тіршілік етеді, бірақ олардың саны көп емес, 252 шамасында. Бұл өңірлер белгілі бір шамада лицензия бойынша ғана әуесқойлық аңшылық: құратын объекті болып eceптеледі. [4]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шардара ауданының туристік әлеуетін анықтау және туризмнің жағдайы мен даму мүмкіншіліктерін талдау
Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы
Қазақстандағы туризм жағдайы
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту туралы
Қазақстан Республикасында туристік бизнесті ұйымдастыру
Қостанай облысының туризмі
Weekend турлары
Оңтүстік Қазақстан облысының халқы мен оның әлеуметтік жағдайы
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz