Құрманғазы күйлерінің ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

І ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙІ - ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ . . . 6

1. 1 Қазақ музыка мәдениетінің қалыптасуы мен өркендеуі . . . 6

1. 2 Ахмет Жұбанов - Құрманғазы күйлерін зерттеуші . . . 10

1. 3 Төкпе күй мен шертпе күйдің негізін салушылар - Құрманғазы мен Тәттімбет . . . 13

ІІ ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ МЕН ӨМІР ЖОЛЫ . . . 19

2. 1 Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақтың ұлы күйші - композиторы . . . 19

2. 2 Құрманғазы - күй өнерін әлемге паш еткен дарынды тұлға . . . 23

2. 3 Құрманғазы күйлерінің ерекшелігі . . . 26

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі: Құрманғазы Сағырбайұлы - қазақтың ұлы күйші-композиторы, қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап еліміздің төл музыкасы бірге дамыды. Ән-күй арқылы әдет-ғұрып, дәстүрлі салт-сана ұрпақтан -ұрпаққа жетіп, көшпелі халқымыздың рухани мәдениетіне айналды. Әлдилеген сәбиден бастап қарттарымызға дейін қуаныш пен мұңын музыка арқылы жеткізді. Бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, сүндет той, т. б ойын-сауық, ән-күймен әсерленіп отырды. Әсіресе, лирикалық- әлеуметтік тақырыпқа арналған оқиғалы желіде туған, формасы күрделі музыкалар орындаушылығы жағынан мықты шеберлікті қажет етті. Күйшінің туған жылының (1923 ж. ) өзі де ұзақ талас-тартыстан кейін, Атырау облысы өлкетану мұражайының директоры қызметін атқарған, белгілі əнші, зерттеуші Қ. Жұмалиевтың Қазақстан ғылым академиясы ғалымдар мəжілісі сарабына салып, дəлелдеуімен соңғы кезде тұрақтады.

Қазақ даласын асқақ та жігерлі күйлерімен тербеген ұлы күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жылы Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде дүниеге келген.

Шыққан тегі - Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты - Беріш руы.

Құрманғазының әкесі Сағырбай өнерден алыс, қақ-соқпен ісі жоқ, қарапайым шаруа адамы болатын. Шешесі Алқа адуынды, бірбеткей, ер мінезді кісі болған, той-домалақта күресетін палуан әйел атаныпты. Бала кезден еркекшора болып өскен Алқа келін болып түскенге дейін ойын-тойдың көркін кіргізетін.

Құрманғазы жастайынан жұрт назарына ілікті. Оны күй өнеріне баулыған әрі алғашқы ұстазы Ұзақ күйші болатын. Бала Құрманғазы ұстазымен ел аралап, қара домбырасымен талай сайыстарға қатысты. Сол кездегі Бөкей ордасының атақты күйшілері Байжұма, Баламайсаң, Байбақты, Соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп, шеберлігін шыңдай түседі. Әңгімешіл, өте зерек, өтірік пен жаланы жек көретін адам болған.

Зерттеу обьектісі: Құрманғазы Сағырбайұлы - күйші, сазгер, асқан дүлділ домбырашы, қазақтың аспаптық музыкасының (күйдің) классигі.

Зерттеу мақсаты: Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығы мен өмір жолын анықтау. Құрманғазы Сағырбайұлы негізін қалаған төкпе күй өнерін насихаттаушыларды анықтау. Құрманғазы Сағырбайұлының өмір жолын зерттеуші А. Жұбановтың шығармашылығымен байланысын анықтау.

Зерттеу болжамы: Оқушылардың рухани қасиеттерін дамытудағы тарихи әндер мен күйлердің рөлі маңызды, сол жағдайда егерде: Құрманғазы салған төкпе күй өнерін жалғастырушыларды анықтап, төкпе күй өнерін дамытуға болады.

. ХІХ ғасырда өмір сүріп, қос ішекті домбырадан ғажайып туындылар тудырған Құрманғазы - әлемге құдіретті күй өнерін паш еткен дарынды тұлға. Дәулескер күйшінің есімін ұлықтау мақсатында республиканың барлық өңірлерінде көшелерге, мәдениет үйлеріне, театрларға аты берілді. Бүгінде Құрманғазы атымен Қазақ ұлттық консерваториясы, Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі, музыка колледж-мектептері, көше атаулары аталады. Атақты күйшіге ескерткіш Ресейдің Астрахан қаласында, Атырау мен Алматыда орнатылған.

Ұрпаққа үні естілетін күйші ескерткішінің өзі оның өткен өмірін көз алдымызға келтіріп, халыққа зор тағылым мен үлкен тәлім береді.

Құрманғазы Сағырбайұлы күйлерінің тарихи-танымдық табиғаты аса елеулі. Олар ғылыми тұрғыдан зерттеліп, танымдық деңгейде зерделеуді қажет етеді. Хандық дәуір тұсында туған күйлердің ырғақтық, мақамдық, екпіндік құрылымы қазақ күй өнеріне тән үн-әуендердің түп-тегін анықтау үшін аса маңызды. Бұл күйлер - қазақ күйшілік өнерінің лексикасын анықтайтын туындылар.

Қазақ жерінде болған оқиғаларлардың көбісі XIX-XX-ғасырларға сәйкес келеді, сондықтан тарихи әндер мен күйлердің көбісі осы кезде дүниеге келген. Солардың ішінде: 1836 жылы Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне арналған Құрманғазы мен Махамбеттің күйлері мен толғаулары. Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.

Зерттеудің міндеттері:

- Ахмет Жұбанов - Құрманғазы күйлерін зерттеуші ;

- Төкпе күй мен шертпе күйдің негізін салушы - Құрманғазы мен Тәттімбет;

- Құрманғазының шығармашылығы мен өмір жолын анықтау;

- Құрманғазы күйлерінің шығу тарихын сипаттау.

Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу нәтижелерін мектептегі музыка пәнін оқытуда, сыныптан, мектептен тыс эстетикалық музыкалық-эстетикалық тәрбиелік іс-шараларға пайдалануға болады.

Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспеден және екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

І ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙІ - ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ

1. 1 Қазақ музыка мәдениетінің қалыптасуы мен өркендеуі

Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап еліміздің төл музыкасы бірге дамыды. Ән-күй арқылы әдет-ғұрып, дәстүрлі салт-сана ұрпақтан -ұрпаққа жетіп, көшпелі халқымыздың рухани мәдениетіне айналды. Әлдилеген сәбиден бастап қарттарымызға дейін қуаныш пен мұңын музыка арқылы жеткізді. Бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, сүндет той, т. б ойын-сауық, ән-күймен әсерленіп отырды. Әсіресе, лирикалық- әлеуметтік тақырыпқа арналған оқиғалы желіде туған, формасы күрделі музыкалар орындаушылығы жағынан мықты шеберлікті қажет етті. Қазақ халқының ақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады.

Сондықтан да болар, шеттен келген адамдар ХVІІІ-ХІХ ғасырлар бойы қазақ халқының өмірі мен салтын бақылап, халықтың өнерге деген қабілетін, суырып-салма ақындығын, еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін ән-күйге деген әуестігіне таңдана қараған.

Ерте заманнан бүгінгі күндерге дейін әуен және ән өнерінің шыққаны туралы қазақ халқының аңызы бар. Бұл аңыз бойынша, әуеде қалықтаған құдыретті ән көшпенді қазақтың ұлы даласынан ұшып бара жатып төмендеген, сондықтан оны естіген халықтың табиғатынан бойына музыкалық қабілеті дарыған.

Тағы да бір халықтың айтуында «Жаратқан Тәңір әр қазақтың жанына туылғанынан күйдің бөлшегін салған», - дейді [1] .

Қазақ халқы әр қоғам мүшелерінің жас ерекшеліктеріне қарай, әуен аспаптары, оның түрлері, құрамы және орындау ерекшеліктерін қалыптастыра білген. Жас балалар шеберлердің қолымен жасалған, сыртын жылтыр бояулармен бояп, әр түрлі өрнектермен әшекейлеген, әр түрлі аңдардың, құстардың, балықтардың, үй жануарларының бейнесіндегі саз балшықтан жасалған үрмелі аспаптармен ойнап, үйренген. Олар осындай әуен құшағында, анасының бесік жырымен, үлкендердің өсиет- өлеңдерін тыңдап, өмірге деген көзқарастары қалыптасып, үлкен өмірге аяқ басқан. Содан соң жастардың әуезге, әнге деген білімдері мен шеберліктері әртүрлі отырыстарда қайым-айтыс, тартыс, қара өлең айту арқылы шыңдалып отырған. Есейе келе ән қорына махаббат әуендері, тойларда айтылатын жар-жар, қалыңдықтың қоштасу әні және де аңшылардың аңға шығарда, сарбаз әскерлердің жорыққа аттанарда қолданған - дабыл, дауылпаз, шыңдауыл секілді аспаптардың үндері мен толықтырылып отырған. Ал, үлкендер өз ән-күйлерінде елдің бірлігі, халықтың мұң-мұқтажы, салт-дәстүрі мен айтыстарды өз руларының жеңіс, жетістіктерін жырға қосып жырлаған. Ақсақал, қариялар әуен арқылы жастарға өнеге-өсиет, өмірдің өткінші, бақыттың баянсыз, жалындаған жастықтың да жастығы қисайып, қарттықтың кіретінін терең ойланып, түсінуге шақырған.

Міне, ғасырлар бойы көшпенді қазақ халқының жылдан-жылға, ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып келе жатқан ән-әуен өнері осындай болса керек. Сондықтан да бұл халқымыздың тарихында ерекше орын алмақ.

ХХ ғасырдың басына дейін, қазақ халқының рухани байлығы әкеден балаға, ұстаздан шәкіртке, өткеннен болашаққа тек ауызба- ауыз беріліп отырған. Көшпенді, жартылай көшпенді өмір де халықтың музыкалық дәстүр мен саз аспаптарын, сондай-ақ көркем өнердің бір тамаша үлгісі ретінде ауызша және ақындық өнердің дамып қалыптасуына өз әсерін тигізді.

Бастапқы даму кезеңінде халық музыкасы діни және тұрмыс-салт, дәстүр сабақтастығын жырлауға арналған құрал ретінде қаралды. Қазақ халқының ұлттық этнос ретінде қалыптасу кезеңінде жыраулардың жыр толғаулары көбінесе ата-баба дәстүрімен батырлық- ерлікті дәріптеуге көп арналған. Қыл қобыз бен домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын мыңнан аса жыр жолдары төгілген, жүзден аса маржан жырлар халық есінде жатталып қалған. Қазақ халқының бұрынғы және қазіргі тарихында ойып орын алатын «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер -Тарғын», «Қамбар батыр», «Қыз Жібек», «Қозы-Көрпеш-Баян-Сұлу», «Еңлік-Кебек» және ерліктің белгісі, ұлттың алтын қазынасы ретінде жеткен [2] .

Кейінірек пайда болған күй өнері де өзінің тылсым табиғатымен тәнтті еткен. Дәстүрлі жыр өнері мен құдіретті күй өнерінің бастауында әрине қыл қобызын арқалаған Қорқыт бабамыздың тұрғаны айдан анық.

Кейбір күйлерден тірі табиғаттың тылсым үнімен қоса өмір мен өлімді, тіршіліктің мағынасына үңілген ұлылықты сезінгендей боласың. Бірақ барлық дерлік күйлерден қайталана естілетін әуен- бұл тәңірге жалбарыну, ұрпаққа өсиет, ата-бабалар дәстүрі, табиғат тылсым күштері мен аруақтарға арнаулар.

Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихы ғасырлар қойнауына терең кетеді. Көне қала Хорезмге жасаған археологиялық қазбалар кезінде табылған екі ішекті музыкалық аспаптарда ойнап отырған мүсіндер, домбыраның шығу тарихының көнеден басталатындығының куәсі. Ғалымдардың пайымдауынша, 2000 жыл бұрын пайда болған Хорезм екі ішекті аспаптарының қазақ домбырасымен төркіндес екендігі және бұл аспаптардың Қазақстан территориясында пайда болған ежелгі көшпенділердің алғашқы аспаптары екені анықталып отыр.

Домбыра мен сыбызғы саздарының ежелгі үлгілері ретінде жеткен күй дастандары өте көп. Мысалы, «Аққу», «Қаз», «Нар», «Ақсақ құлан», «Ақсақ қыз», «Жорға аю», және қайғы-мұңға толы «Зарлау», «Жетім қыз». Бұл күйлерде ежелгі көшпенділердің діні, салт-дәстүрі, қуаныш-қайғысы мыңдаған ғасырлар бойы сақталып, бізге жеткен.

Тек ХІХ ғасырда қазақ музыкасы діни әуендерден арылып, толық қанды көркемөнер саласы болып дами бастады. Осы кезеңде аспаптар ақындар айтысы, өлең өнері халық арасында кеңінен тарап, рухани қолдау тауып, қарқынды алға басты. Әртүрлі жанрлар қалыптаса бастады.

Кең байтақ Қазақстан өңірінде әр түрлі сазгерлер мен орындаушылар мектебі ашылып, әр өлкелердің әуендері жарық көрді [3] .

Мәселен, Батыс Қазақстан төкпе күйдің отаны саналса, Сарыарқа өңірі дәстүрлі ән орталығы, оңтүстік өңір жыраулық, шешендік сөз өнері, ал Жетісу ақындар айтысын дамытты. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаев аттары тек қазақтың емес, әлем музыка мәдениетінде ойып орын алған.

Олардың шығармашылығы өзіндік жарқын стилімен және музыкалық қайталанбас таңбаларымен қазақ классикалық музыка мәдениетінің мақтанышына айналды.

Қара халықты құдыретті музыка үнімен сусындата отырып, олардың өздері де халық арасында үлкен құрмет пен ілтипатқа ие болған. Олардың ең талантты, үздіктеріне халық сал, сері атағын берген.

ХІХ-шы ғасырдың қазақ кәсіби музыканттары өздерінің музыкалық шығармаларын орындауымен қатар, сөз өнері, импровизация, өте жоғары дәрежедегі вокалдық техника, музыкалық аспаптарда виртуоздық орындауымен, театр және цирк өнерінің элементтерін араластырғаны орта ғасырдағы Батыс Европа музыканттар арасында дамыған жанглер, трубадур, трувер, мейстер, миннизингерлер өнерімен бір дәрежеде қарастыруға болады.

ХХ-шы ғасырда қазақ музыка мәдениеті музыкалық жаңа формалар және жанрлармен байытылды. Азғантай уақыт аралығында бүкіл классикалық Европа музыка өнерін-операны, симфонияны, балетті, контатаны, ораторияны, ансамбльді, оркестрді, хор орындаушылық формасын меңгеріп қана қоймай, жазбаша типтегі музыка өнерінің жаңа кәсіби сазгерлік мектептерін ашты.

ХХ-шы ғасырдың 30-40 жылдары қазақ ұлттық мәтінді музыкамен және европалық классикалық музыканы-органикалық синтез жасау арқылы қазақ опера өнерінде Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абайы», М. Төлебаевтың «Біржан мен Сара» классикалық туындылар дүниеге келді. Бұл туындылардың драматургиялық және музыкалық негізі қазақ фольклоры мен ауызша кәсіби музыканың бай қорынан алынған болатын [4] .

60-70-ші жылдары республикада европалық аспаптық музыканың қиын жанры- симфонияның дамыған уақыты. Формасы жағынан классикалық симфонияға келетін Ғ. Жұбанова мен К. Кужамьяровтың симфониялық күй синтезі өмірге келді.

Әсіресе ғалым - фольклорист Б. Сарыбаев жаңғыртқан қазақ халқының ежелгі ұмыт болған музыка аспаптарын құрамына енгізген «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі халық арасында үлкен беделге ие болды. Бұл жерде оркестрдің басшысы- дирижері, сазгер, домбырашы Н. Тілендиевтың сіңірген еңбегі өте зор [5] .

1. 2 Ахмет Жұбанов - Құрманғазы күйлерін зерттеуші

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) - қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.

Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.

Ахмет Қуанұлы қазақтың музыкалық мәдениетін зерттеп тануда, жорып түсіндіруде және жүйелеп насихаттауда жаңа сапалы биіктен көрініп, кезеңдік мәні бар қажыр-қайрат көрсеткен тұлға. Өз кезіндегі музыкалық білім сатыларының бәрінен өткен кемел білім иесі, оған қоса Тәңірі тал бойына ғажайып қабілет пен ұлтжандылық сезімін дарытқан А. Қ. Жұбанов 1933 жылы Алматы музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке келеді. Осы кезден бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін ол қазақтың музыкалық мәдениеті деген жалпылама ұғымды ұлт болмысындағы нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдыру үшін тыным таппастан еңбек етті.

Бұл ретте, Ахмет Қуанұлы адам қабілетінің қандай құдіретті болатынын нақтылы да нәтижелі істерімен көрсете алды [6] .

Алғашқы музыкалық әліппе, қазақ музыкасын зерттейтін ғылыми кабинет, музыкалық сынақ шеберханасы, Ғылым академиясындағы өнертану секторы, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет жөне өнер институтының музыка бөлімі, Қазақтың халық аспаптары оркестрі, Қазақтың мемлекеттік филар-мониясы, Қазақ консерваториясы, ондағы халық аспаптары кафедрасы, Қазақтың музыкалық театры, қазақ музыкасы туралы оқу құралдары, міне, осының бәрінің ұйтқысы А. Қ. Жұбанов болды. Мұның сыртында дирижерлік, ұстаздық, ғылыми-зерттеушілік, қоғамдық, әсіресе шығармашылық жұмыстарының өзі сала-сала болып, құнарлы арналарға ұласады.

А. Қ. Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 мыңдай ән-күй нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң көнігі әнші-күйшілерге үйрету арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдессіз еңбекқорлық пен іскерліктің үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды. Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспатарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.

Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми - зерттеу еңбектері - қазақ музы- касының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды [7] .

А. К. Жұбанов - қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокалдық сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар. А. Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.

Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы.

А. Қ. Жұбановтың ғалым, педагог, композитор, орындаушы және ұйымдастырушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне сіңірген еңбегі ұлттың мәдени рухани шежіресіндегі ең көрнекті белестердің бірі болып қалады [8] .

А. К. Жұбанов қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болған. Ленин орденімен, және тағы басқа ордендермен, медальдармен марапатталған.

Алматы қаласының көшелерінің біріне, Республикалық музыкалық мектеп-интернатқа Жұбанов есімі берілген. Ақтөбедегі музыка колледжі, көшелер А. К. Жұбанов есімінде. Өзі ұзақ жыл тұрған үйдің қабырғасында ескерткіш тақта орнатылған.

2006 жылы Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына орай Ғ. Жұбанова атындағы облыстық Филармония ғимаратының алдында композиторға арнап үлкен ескерткіш орнатылмақ. Ескерткіш авторлары - Ескен Аманжолұлы Сіргебаев пен Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев, архитектор - Женсен Айнабеков. Қоладан жасалған ескерткішті гранит плиткасымен қапталған тұғырға орнатады [9] .

1. 3 Төкпе күй мен шертпе күйдің негізін салушылар - Құрманғазы мен Тәттімбет

Дәстүрлі аспаптық музыка және күйшілік өнер қазақтың халықтық музыка мәдениетінің қос қанаты іспеттес. Қаншама ғасырлар бойы атадан балаға жалғасып келе жатқан күйшілік өнер, әсіресе бүгінгі күнге дейін шашау шықпай бізге жеткен домбыра мен қобызда орындалатын күйлер - дүние жүзінде теңдесі жоқ асыл қазына, ерекше құбылыс. Әр дәуірде ғұмыр кешкен күйшілік өнердің тарлан жүйріктері мен жансыз дүниеге жан бітіріп, тілін бұлбұлша сайратқан дүлдүлдері қаншама, орындаушылық өнердің сан тарау мектептері қаншама!

Домбыра мен қобызға арнап шығармалар жазған халық композиторларын, ұлттык дәстүрді әрі қарай дамытып, аспаптық музыка саласында айтулы еңбектерімен танылған Қазақстан композиторлары. Осыдан соң дәстүрлі күйшілік өнер мектептерін саралай келе Құрманғазы, Дәу-леткерей, Тәттімбет, Абыл, Ықылас, Қазанғап, Дина күйлері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы музыкалық тәрбие
Жалпы білім беретін мектептегі бастауыш сынып оқушыларының ән-күй бағдарламаларында домбыра күйлерін пайдалану процесі әдістері
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Құрманғазы Сағырбайұлы
ҚАРШЫҒА АХМЕДИЯРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Ішек қылған, қобызым
Ән — халық мұрасы
Құрманғазы дәуірінде
Қазақтың күй өнері және күйшілік мектептері
Күй атасы құрманғазы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz