ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ басындағы тұлғалар


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

C:\Documents and Settings\Асемхан.58C21832C85A497\Рабочий стол\1011.png

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тұлғалар

Орныдаған:Кәкімішев Е. А, Берсүгіров Е. Н

Тексерген: Нұғыманов А. Қ.

Қостанай қ. 2012 жыл

Жоспар:

1) Кіріспе

2) Шоқан Уәлиханов

3) Абай Құнанбаев

4) Ыбырай Алтынсарин

ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы әдебет

Әрқашан Әдебиет өз кезіндегі тариха-әлеуметтік жағдайларға байланысты туады және әрі қарай сонымен байланысты дамиды. Сол сияқты ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың соңындағы әдебиет те сол заманның әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайларына байланысты туындап, дамыды.

ХІХ ғасырдың ортасындағы Ресейдің отарлау саясаты қазақ даласын түгелдей қамтып, орнығып кетті. 1861 жылы болған реформа да елге қатты әсерін тигізді. Біріншіден басыбайлықтан басы босаған орыс шаруалары қазақ жеріне оналастырыла бастады. Сол себепті қазақ халқы мал жайлайтын жерлерінен айырыла бастады. Және де отарлау саясатын іске асыратын шенеуніктер мен олармен байланысты әкімдердің зорлық-зомбылықтарын көрген.

Отарлай саясатына байланысты Қазақстан қалалары мен қалашықтарында орыс-қазақ мектептері ашыла бастады. Орынборда ашылған тұңғыш мектепте білім алғандардың бірі - белгілі ағартушы-демократ, тұңғыш ұстаз Ыбырай Алтынсарин. Осныдай мектептер қандай мақсатта болса да қазақ халқының арасына орыс білімін таратты. Онда оқыған шәкірттердің ішінен патша үкіметіне беріле қызмет істеген шенеуніктер де, өз халқының болашағы үшін қызмет етуге талпынған азаматтар да болды. Қалаларда ашылған орысша мектептер, училищелер, кітапханалар тәрізді оқу-ағарту және мәдениет ошақтары көптеп ашылды. Соның нәтижесінде оқыған азаматтар орыс тілін оқыған азаматтар орыс тілін меңгеру арқылы әдеби, мәдени білімін арттырады. Әдеби-мәдени байланыс шеңбері кеңейе түсті. Мұндай байланыс орнатудың арғы шебінде көрнеті ағартушы, тұңғыш педагог әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин, қазақтың тұңғыш ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлиханов, қазақтың жазба әдебиетінің төлбасы әрі классигі Абай Құнанбаев тұрды.

Абай құнанбаев арқылы Пушкин, Лермонтов, Крылов және т. б. жырлары қазақ тілінде сөйледі. Ыбырай Алтынсарин арқылы Паульсонның, Ушинскийдің балаларға арналған шығармалары қазақ балалары үшін қызмет етуге кірісті. Шоқан Уәлиханов сияқты қазақтың дарынды ұлы, тұңғыш ғылымы арқылы халқымыздың ақыл-ойы мен парасаты, ғылыми әсер-ықпалы алғаш рет орыс қоғамына, Еуропа әлеміне жол тартты.

Дәл осы кезеңде өнердің үш бірдей саласын бір жерге түйістірген, сазгерлік, әншілік, ақындық өнерді бір басында тоғыстырған өнерпаздар шоғыры дараланып шықты, ерекше дамып, шарықтап өсу биігіне көтерілді.

Шоқан Уәлиханов

"Сүйер ұлың болса,

Сен де сүй.

Сүйінерге жарар ол"

(Абай. )

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) - қазақтың ұлы ғалымы: ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Шын аты - Мұхаммед Қанафия. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ордасында туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының аға сұлтаны болған. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлық ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген. «Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады. Бұдан кейін 1847-1853 жылдары оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусында оқытады. Онда әскери сабақтарға қоса жалпы және Ресей жағрафиясы мен тарихы, батыс, орыс әдебиеттері, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері жүрген. Кадет корпусына алғаш оқуға түскен кезде Шоқан орыс тілін білмесе де өзінің зеректігімен тілді тез үйренді. Шоқанның корпуста бірге оқыған Г. Н. Потанин: «Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді… Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып ақ сурет сала білетін», дейді. Оған әсіресе орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы, шығыстанушы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гонсевский күшті ықпал етті.

Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушысы Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835-1865) жақсы суретші де болған. Ғалымның бай мұраларының бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы еңбектері құрайды. Ол негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Өз еңбектерін суретпен толықтырып отырған ол көбінесе акварель, майлы бояумен, ал кейде тушь, қалам, сиямен жұмыс істеген. Суретшілік өнерді ешқайдан арнайы үйренбесе де, оның суреттерінде кәсіби шеберлерге тән қолтаңба байқалады. Бұл Шоқанның табиғи дарынының ерекше бір қырын байқатады. Қазіргі уақытта Шоқаннан бізге мұра боп қалған 150-ге тарта сурет бар. Оның қолынан шыққан суреттердің біразы ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары «Всемирная иллюстрация», «Искра», «Русский художественный лист» секілді беделді басылымдарда жарияланған. Қазақтың ұлы ойшыл-ағартушылары Шоқан мен Абайдың дүниетанымы мен шығармашылық бағытында, тарих пен заман мәселелерін түсінуі мен талдауыңа, әсіресе, мәдени мұраны меңгеру, дамыту, оны елдің рухани қажетіне жарату әрекетінде мол үндестік байқалады. Бұл Абай мен Шоқанның ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін жас кезінен санаға сіңіріп, өшпес тағлым алуынан да, небір шешендер мен ақындардың тапқыр сөздерін естіп есуінен де, арғы түбі шығыс елдерінен таралған, араб, парсы, түркі тілдеріндегі қисса, дастан, аңыз, әпсана, ғазел мүлкін өздігінше ізденіп оқып, білімін байытуынан да, орыс және Европа кітаптары, соның ішінде олардағы фольклорлық нұсқалармен терең таныстығынан да көрінеді. Шоқан халық әдебиетін тарихты танудың аса бағалы ескерткіштері деп қараса, Абай көркемсөз байлығын жамағатты кәміл адамдық жолдарға баулып, тәрбиелеудің, жақсылықтарды өнеге етіп көрсетіп, зұлымдық, надандық атаулыны әшкерелеуің құралы санады. Абай осы мақсатты көздеп, езінің шығармаларында ауыз әдебиетінде қалыптасқан неше алуан нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді жаңғырта пайдаланды. Абайдың халық елеңдеріндегі дәстүрлі ұйқастар мен буындық өлшемдерді, арнау, толғау, жоқтау, жұбату секілді фольклорлық жанрларды қолдануы осыны көрсетеді. Шығыс фольклорындағы фабулаларға сүйеніп, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» тәрізді келемді туындылар жаратуы да ақынның жаһан халықтарының рухани қазынасын кең игергендігін дәлелдейді. Шоқан мен Абайдың қазақ тарихы туралы толғамдары өткеннің тәжірибесін қорыту, халықтың сенімді болашағы үшін жол іздеу талабынан туған. Шоқан секілді Абай да шығыс пен батыстың тарихи шежірелерімен жақсы таныс болған, тарихи құбылыстарды бірі ғалым сипатында, екіншісі суреткер кезімен бағалап отырғанымен, бұрынғы замандардың қалдырған сабақтарымен мүддесіне тарату мұраттары жақын, халықты ғасырлар бойында тұмшалап келген қараңғылық тұманынан арылтып, өркениеттің даңғыл жолына түсіру қажеттіктері мәселелерінде екеуінің ойлары өте орайлас шығады. Шоқан өзінің тарихи-этнографиялық, фольклорлық еңбектерінде қазақ халқын көркейтудің амалы оқу-білім жүйесін жақсартуда деп көрсетсе, бұл аң бар Абай шығармаларының өзекті жемісіне айналған. Түрік халықтарының генетикалық, мәдени бірлігін, тарихи тағдырластығын айтқанда ұлы ойшылдар үні бірдей шығады. Мұның бәрін Шоқан мен Абай өмір кешкен дәуірдің тарихи-әлеуметтік мұқтаждары мен сауаптарының сабақтастығынан туындаған құбылыстар деп те қарауға болады. Қазақ халқының тәуелсіздіктен айрылып, Ресейге бағынышты, кіріптар күн кешкен заманында қоғам көкжиегінде жарқырап шыққан қайраткерлердің қалдырған мұрасы өзінің тақырып кеңдігі, талдау тереңдігі, ойларының биіктігі жағынан 19 ғасырдағы әлемдік озық ескерткіштер қатарына қосылады

Шоқан тарихи маңызы бар шығармаларға айырықша назар аударды. Мәселен, ол қырғыз халқының "Манас", "Семетей" туралы дастандарының біраз тарауын тұңғыш орыс тіліне аударып, оған ғылыми тұрғыдан толық тарихи және әдеби талдаулар жасады. Бірінші рет баспаға ұсынды. Көлемі жағынан, оқиға құру, адам образдарын бейнелеу жағынан әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен теңдес, аса құнды туынды ретінде бағалаған. "Манас" - қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам Манастың төңірегінде топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол "Илиада" тәрізді. Бұл аса зор эпопеяда қырғыз халқының өмірі, діні дәрігерлік ұғымдары шетелдермен қарым-қатынасы түгел қамтылған. Екінші эпос - "Семетей" - "Манастың" жалғасы. Бұл қырғыздың "Одиссеясы", - деп көрсетеді Шоқан.

Шоқан әдебиет, оның теориясы мәселелері жөнінде сол кездің өзінде-ақ, көптеген тың пікірлер, тұжырымдар жасап, өз халқының тіршілігі мен мәдени дамуының жағдайларына лайық дамытады. Сондай-ақ, әр халықтың әдебиетін оның қоғамдық, әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста қарастырады.

Ш. Уәлиханов өз ғұмырының ең соңғы күніне дейін өз Отанын жан-тәнімен сүйген нағыз патриот болды. Оның еңбектерін бүкіл дүние жүзі жоғары бағалады. Бүгінгі ұрпақтары оған деген зор құрметтің белгісі ретінде Қазақстан қалаларының бірнеше көшесін Шоқанның есімімен атады. Оған арнайы ескерткіштер орнатылған. Ондай ескерткіш Омбы қаласында да бар. Көкшетау мемлекеттік университетіне Шоқанның есімі берілген. Онда «Уәлиханов оқулары» деп аталатын халықаралық ғылыми конференциялар үнемі өткізіліп түрады. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі егемен еліміздің жастары үшін тамаша үлгі-өнеге

Абай Құнанабаев

Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да, қуғанға

(Абай)

Ұлы ақын, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ыргызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ыргызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, "Ісің адал болса Өскенбайга бар, арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған. Өскенбайдың әйелі Зердеден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден - Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан - Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан - Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің " Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған "кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы’ тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы "Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.

Абайдың өмірбаяны.

Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас", -дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқо толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М. О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады . . . Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады . . . Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А. С. Пушкин, А. И. Герцен, М. Е. Салтыков-Щедрин, Н. А. Некрасов, М. Ю. Лермонтов, Л. Н. Толстой, И. А. Крылов, Ф. М. Достоевский, И. С. Тургенов, Н. Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен пара-қор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 - 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е. П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі. "

Саясаткер Абай.

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген. -губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен өйел мөселелер-не арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың беделін өсірген Қарамола съезінен кейін оның қарсыластары көбейіп кетеді. 1890ж. Байғұлақ, Күнту деген кісілер бас таған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға карсы дұшпандық әрекетке сөз байласады. 1891 ж. Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындағы жанжалға, Абай өміріне қастандық жасауға әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің ақ екендігін Сенатка жазған хатында айғақты деректермен дәлелдеп береді". (Абай. Эн-циклопедия. А., 1995, 49-бет) . Ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыр бойындағы ақындық мектеп және ақындық орта дәстүрі
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Нарманбет поэзиясындағы азаттық идеясы
ХІХ-гасырдың соңы -ХХ-гасырдың басындагы орыс философиясы
ОРЬІС ФИЛОСОФИЯСЫ
Әдебиет сабағындағы романтизм және реализм әдістері
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
«ҒАЗАУАТ СҰЛТАН» ҚИССАСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ, КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz