Банктердің басқару құрылымы
Қазақстан Республикасының Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі АҚ-ның
қызметін талдау
Мазмұны
КlРlСПЕ ... ... ... ... 3
ҚазаҚстан РеспубликасынЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІ, ОНЫҢ
ҚЫЗМЕТТЕРІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі және дамуының
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..6
1.2 Қазақстан Республикасы банктерінің қызметтері және
дамуы ... ... ... ... ... ...9
1.3 Қазақстанның банк жүйесiндегi банк өнiмiнiң және қызметiнiң
қажеттiлiгi және
мәнi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 16
1.4 Қазақстандық банктердiң сыртқы экономикалық қызметiнiң
негiзгi
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .24
“Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі” АҚ ІСІНІҢ ДАМУ
ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Экономиканың қазіргі жағдайындағы банк жүйесінің дамуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.2 “Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі” АҚ-ның қызметінің негізгі
көрсеткіштерін экономикалық

47
3 ЭКОНОМИКАНЫҢ қазіргі жағдайындағы “Тұрғын үй құрылыс-жинақ банкі ”
АҚ Қызметін одан ӘРІ ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Төлем картасының негізінде жалақы бойынша несие беру жүйесін енгізу
бойынша бизнес
жоспар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...61
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
КiРiСПЕ
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын
бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де
шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге
сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың
сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны
еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам
АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады.
Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына
дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға
қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика
өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6
наурыздағы Қазақстан халқына Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты
Жолдауында: Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша
өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың
экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың
салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін
ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының
жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге
көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге
қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін
сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге
көлемінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік
кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды деп айта
кетті.[1].
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының
банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда
елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық
экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер
тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел
экономикасы үшiн маңызды болып табылады.
Банк жүйесiн реформалау қажетiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының
сапалы, жаңа деңгейге жетуiнiң қажеттiгiнен туындап отыр. Нарықтық
экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi
реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң
банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп
айтуға болады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына
арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн
реформалау нәтижесi бойынша: ''Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы
өзгерiстерге ұшырады'' деп мақтанышпен атап өткен болатын.
Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi
құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО
аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк Қазақстан облысында
орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу
құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды.
Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi
айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын
жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. Қазақстан аумағында
1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы
Орталық кооперативтiк банкi жатады. Қазiргi кезде аталмыш банк
''БанкЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi
атқаруда.
1995 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы''
Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң
негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары,
оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне
бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.
Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты,
кәсiпкерлiк деңгейi жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының
қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге
асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей
себебiн тигiздi.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты
қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1999 жылдың наурыз айында ''Заң күшi
бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы''; 2000 жылдың 28 сәуiрiнде ''Қазақстан
Республикасында вексель айналысы туралы''; 1999 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк
қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң
актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары
қабылданды.
1995 ж. Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудың бағдарламасын жүзеге
асыру, осы жүйедегi орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның
мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен
бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында
жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық
экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу
мiндеттерiн жүктедi.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi
деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап
өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген
сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң
сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер
банкроттықа ұшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң,
олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi.
Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi
ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық
банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере
алмаған банктер жабылып қалып жатты. Сондықтан да бiз бүгiнгi таңдағы
әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк iсiнiң дамуындағы қызметтердiң
әдiстемелерiн оқып бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң
практикасында қолданғанымыз абзал.
Факторлық талдау негiзiнде банк қызметiне әсер ету үшiн бiз әлемдiк
тәжiрибеден үлкен көңiл аударып отырмыз және соның көмегi арқылы Қазақстан
Республикасында қолдануға тиiмдi де пайдалы банк iсiндегi қызметтердi
аныңтау, оны дамыту үшiн әдiстердi саралап отырмыз. Сонымен, коммерциялың
банктердiң iс-әрекетi саласы кебеюде. Бiрақ отандың банктер әлемдiк
тәжiрибеде белгiлi барлың қызмет түрлерiн енгiздi деуге болмайды. Бұл
проблема Қазақстанның банк жүйсi үшiн жаңа бағыт болып табылады, сондыңтан
да банк iсiнiң дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларында қандай да бiр
түпкiлiктi зерттеулер жүргiзiлген жоқ. Осы орайда әлемдiк банк iсiнiң
дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi Қазақстан тәжiрибесiнде енгiзу банк
жүйесiн реформалаудағы ең өзектi мәселе болып отыр. Барлы аталған себептер
осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның ақсатары мен негiзгi
мiндеттерiн белгiлеуге өз әсерiн тигiздi.
Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi: Жұмыстың мақсаты банк жүйесінің
дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларды анықтап, әлемдiк банк тәжiрибесiн
оқып бiлу және оның жергiлiктi жағдайда бейiмделуi, “Казкоммерцбанк” АҚ
қызметін талдау жәе орнын анықтау болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн аныңтайды:
1. Банк iсiнiң дамуынның қазiргi кездегi теориялық сұрақтарды оқып бiлу,
олардың құралын аныңтау, маңызын нақтылау және оларға аныңтама
беру;
2. Банк жүйесінің дамуындағы қазiргi кездегi тенденцияларды анықтау
әдiстерiне талдау жүргiзу және әртүрлi қызмет түрлерiнiң тиiмдiлiгiн
нақты практикалық мысалдармен дәлелдеу;
3. Талдау нәтижелерi бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандың
банк мекемелерiне банк iсiн жетiлдiру үшiн нақты ұсыныстарды
өңдеп шығару.
Жұмыстың пәнi мен объектiсi. Жұмыстың пәнi реттiнде банк iсiнiң
дамуындағы қазiргi кездегi қызметтердi анықтаудың құралдарымен және
әдiстерiмен байланысты теориялық және практикалық сұрақтар саналады.
Жұмыстың объектiсi Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң
қызметi болып табылады.
Диплом жұмысынын әдiстемелiк негiзiн: Қазақстан Республикасының заңдары,
ережелерi, шетелдiк және отандық экономистердiң ғылыми еңбектерi, оқулықтар
мерзiмдi басылымдардың, статистикалық анықтамалықтардың мәлiметтерi
құрайды.
Диплом жұмысынын құрылымы: жұмыс кiрiспеден, үш бөлiмнен қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

ҚЫЗМЕТТЕРІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі және дамуының ерекшелiктерi
Банк жүйесi – бұл салым қабылдау және несие беру қызметтерiн орындайтын
банктер мен банк институттарының әр алуан түрлерiнiң жиынтығы.
Кез келген мемлекеттiң банк жүйесi жалпы алып қарағанда экономиканың
үлгiсiне байланысты болады. Орталықтандырылған экономикадағы банк жүйесi
нарықтың экономикасы дамыған банк жүйесiнен ерекшеленедi. Экономикадағы
банк жүйесiнiң маңызын дәлелдеп жатудың өзi артық. Банк жүйесi арқылы
мемлекет экономиканың салалық және аумақтық даму саясатын жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында жүргiзiлген реформалар барысында елiмiзде
классикалық екi деңгейлi банктер жүйесiне өту кезеңi аяқталды. Қазақстан
Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. ұлттық банк мемлекеттiң
орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi)
деңгейiне жатады. Өзге банктердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi)
деңгейiне жатады. Қазақстан Республикасының орталық (ұлттық) банкi
мемлекеттiң негiзгi банкi болып табылады. Олардың қызметi өкiлеттi және
атқарушы өкiмет органдарынан тәуелсiз. Қазақстан Республикасының орталық
банкi – экономикалық дербес мекеме. Ол өзiнiң қызметiн меншiктi табыстары
есебiнен жүзеге асырады.
Орталық банк көптеген қызметтер атқарады. Оның iшiнде негiзгiлерi:
- ақша эмиссиясы (айналымға ақша шығару)
- мемлекеттiң алтын валюта қорын сақтау
- басқа несие беретiн мекемелердiң резервтiк қорларын сақтау
- экономиканы ақша-несие арқылы реттеу
- коммерциялық банктерге несие беру және мемлекеттiк мекемелерге
кассалық қызмет көрсету
- банктердiң, сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау
жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдастыру қызметiн реттеу
және қадағалау т.б.
Қазақстан Республикасы Орталық банкiнiң ақша-несие саясатын
жүргiзудегi негiзгi құралдары мен әдiстерiне: Қазақстан Ұлттық банкiнiң
сыйақы ставкалары, резервтiк талаптар, оның нарықтағы операциялары,
валюталық реттеу, тiкелей сандық шектеулер жатады.
Коммерциялық банктер банк жүйесiнiң аса маңызды буыны болып
есептеледi. Қазiргi коммерциялық банктер қаржы-несие мекемелерiнiң әмбебап
сипаттағы түрi.
Нарықтық экономикада банктермен қатар банк жүйесiне сақтандыру
компаниялары, инвестициялық банктер, қарыз сақтау ассоциациялары, зейнетақы
қорлары және т.б. осы сияқты арнаулы қаржы-несие институттары ерекше орын
алады. Көп көлемде ақша ресурстарын шоғырландыратын бұл институттар
капиталды тиiмдi орналастыру және қорлану процесiне белсендi қатысады.
Банк жүйесiн жоғарғы дәрежедегi макроэкономикалық мақсаттарды жүзеге
асыратын маңызды құрал ретiнде қарастыруға болады.

экономикасы үшiн маңызды болып табылады[1, 24 б].

реформалау нәтижесi бойынша: Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы
өзгерiстерге ұшырады деп мақтанышпен атап өткен болатын.
Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық
банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО

''ЦентрКредит'' ААҚ болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi
атқаруда.
1990 жылы ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi
туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық
банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу
құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң
қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.

Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты қызмет
етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1999 жылдың наурыз айында ''Заң күшi бар
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы''; 2000 жылдың 28 сәуiрiнде ''Қазақстан Республикасында
векселü айналысы туралы''; 1999 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң
мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары қабылданды.

әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан банк қызметiн тарату әдiстемелерiн оқып
бiлiп, осы алған бiлiмдi елiмiздiң банк жүйесiнiң практикасында
қолданғанымыз абзал.
''Коммерциялық банк'' терминi банк iсiнiң дамуындағы ерте кезеңдерiнде
пайда болды. Бастапқыда банктер сауда саласында (commerce), тауар
айырбастау мен төлем жасау саласында қызмет көрсеттi. Банк клиенттерiнiң
басым көпшiлiгi саудагерлер болғандықтан, коммерциялық банк ұғымы осыдан
пайда болған. Өзiнiң дамуындағы бұл кезеңдерде банктер тауар айырбасымен
тiкелей байланысты операцияларды несиелеп отырды.
Өнеркәсiптiң дамуы барысында банктердiң жаңа қызмет түрлерi дами
бастады. Бұл, ең алдымен, өндiрiстiк циклды қысқа мерзiмдi несиелеумен
байланысты банктердiң операциялары. Айналым капиталын толықтыруға, шикiзат
және материал қорын жасауға, дайын өнiм мен бҮйымдарға, еңбекақы төлеуге
ссуда беру кеңiнен қолданыла бастады. Бiрте-бiрте несиелеу мерзiмдерi
ұзара түстi, капиталды ұзақ мерзiмдерге салу үрдiсi байқала түстi.
Сондықтан банк ресурстарының бiр бөлiгi негiзгi капиталға, бағалы
қағаздарға және басқа да активтерге салым жасау үшiн қолданыла бастады. Бұл
жағдайлардың барлығы да ''коммерциялық банк'' терминiнiң бастапқы мәнiнiң
жоғалуына алып келдi. Бүгiнде, ''коммерциялық банк'' терминi мүлде басқа
мәнге ие болып, оның ''iскерлiк'' сипатын бiлдiредi, яғни қазiргi
коммерциялық банктер рынок субъектiлерiне қызмет жасау түрiне қарамастан
барлығына бiрдей қызмет көрсетедi. ''Банк'' ұғымына Қазақстан
Республикасының Заңында төмендегiдей анықтама берiледi.
1.2 Қазақстан Республикасы банктерінің қызметтері және дамуы
Банк - Қазақстан Республикасының ''Банктер және банк қызметi '' туралы
Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктiң ресми мәртебесi банктi ашуға ұлттық банктiң берген рұқсатымен,
заңды тұлғаны Әдiлет Министрлiгiнде банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және
банк операцияларын жүргiзуге ұлттық банкiнiң лицензиясы болуымен
белгiленедi[2, 44 б].
Коммерциялық банктер мемлекеттiң несие жүйесiнде үлкен рөль атқарады.
Олар ссуда капиталы рыногындағы әртүрлi секторларда қызмет ететiн ерекше
кәсiпорын болып табылады. Коммерциялық банктер несие ресурстарының басым
бөлiгiн шоғырландырып, өз клиенттерiне қызметтердiң бiрнеше түрлерiн (несие
беру, салымдарды қабылдау, есептiк қызметтер көрсету, бағалы қағаздар мен
валютаны сату және сатып алу және т.б.) көрсетедi. Бүгiнгi таңда
коммерциялық банктер клиенттерге екi жүзге жуық қызмет түрлерiн ұсына
алады. Клиенттерге коммерциялық банктердiң ақы негiзiнде көрсететiн
қызметтерiн жүзеге асыруына байланысты жүргiзетiн операциялардың дәстүрлi
және нарық талабына сай жаңадан пайда болған дәстүрлi емес формалары пайда
болуда. Осыған байланысты банк қызметтерiнiң ''коммерциялық'' сипаты
артуда.
Екiншi деңгейдегi банктердiң басқа да құрылымдардан ерекшелiгi,
олардың қызметiнiң басты мақсаты – пайда табу болып табылады (нарықтық
қатынастар жүйесiндегi олардың ''коммерциялық мүдделерi'' де осында).
Сондықтан, ''коммерциялық'' деген термин екiншi деңгейдегi банктердiң
қандай да болмасын меншiктiң формасына жататындығымен емес, олардың ақылы
негiзде, клиенттерiне көрсететiн қызметтерiнiң сан алуандығымен байланысты.
Сонымен, коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше
кәсiпорын болып табылады. Коммерциялық банктер келесi белгiлерi бойынша
жiктеледi:
Меншiк формасына байланысты:
- мемлекеттiк
- жеке
Банк капиталына иелiк етуiне байланысты:
- отандық
- шетелдiк
- аралас банктер
Құқықтық-ұйымдастырушылық формасына байланысты:
- жарна-пұл негiзiнде
- серiктестiк формасында
- акционерлiк қоғам формасында
Операцияларды жүргiзу дербестiгiне байланысты:
- еншiлес банктер
- өкiлеттi банктер
- дербес банктер
Қызмет көрсету ауқымына байланысты:
- әмбебап банктер
- мамандандырылған банктер
Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз
- көп филиалды
Аумақтың белгiсiне қарай:
- халықаралық
- ұлттық
- аймақтық
Салалық белгiсiне қарай:
- өнеркәсiптiк
- сауда банктерi
- құрылыс банктерi
- ауылшаруашылық банктерi т.б.
Барлық отандық банк типтес несие ұйымдары екi түрге бөлiнедi: банктер
және банктiк емес қаржы мекемелерi.
Банктiк емес қаржы мекемелерiне Ұлттық банктiң лицензиясының негiзiнде
жекелеген банк операцияларын жүргiзетiн, бiрақ банк болып табылмайтын заңды
тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасының аумағында, сол сияқты оның шегiнен тыс
жерлерде коммерциялық банктер өздерiнiң еншiлес банктерiн, филиалдары мен
өкiлеттiктерiн алуға құқығы бар.
Еншiлес банктер – жарғылық қордың елу пайызынан астамы еншi берушi
банкке тиесiлi болып табылатын екiншi деңгейдегi банктерге жатады. Олар өз
алдына дербес, заңды тұлғалар болып табылады. Бас банк мекемесiмен еншiлес
банктер арасындағы қарым-қатынас еншiлес банктiң жарғысы және құрылтайшы
құжаттармен реттеледi. Еншiлес банктердiң дербес бухгалтерлiк балансы,
ерекшеленген мүлкi, соның iшiнде меншiктi капиталы, өз мiндеттемелерi
бойынша жауапкершiлiгi және Орталық банкте корреспонденттiк шоты бар
болады[3, 34 б].
Қазақстан Республикасындағы банктер (мемлекеттiк банктерден басқалары)
''Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң
актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' 1999 жылдың 11
шiлдесiнде қабылданған Қазақстан Республикасының Заң күшi бар жарлығына
сәйкес жабық акционерлiк қоғам формасында құрылады.
Банктi ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам етiп қайта құруға ол ұлттық
банктен депозиттер қабылдауға және ақшалай нысанда несие беруге лицензия
алған кезден бастап бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде шығынсыз және үздiксiз
қызмет iстеген және осы жыл iшiнде ұлттық банк белгiлеген пруденциалдық
нормативтердi, өзге де нормалар мен лимиттердi сақтаған жағдайда жол
берiледi.
Мемлекеттiк меншiк негiзiнде құрылатын мемлекеттiк банктердi
қоспағанда, банктер кез келген меншiк нысаны негiзiнде құрылуы мүмкiн.
Банк филиалдары – заңды тұлға болып табылмайтын, олар банк тұрған
жерден тыс орналасқан және банк атынан операцияларды жүзеге асыратын, өзiне
берiлген банктiң өкiлеттiгi шегiнде әрекет ететiн банк бөлiмшесi болып
табылады.
Банк филиалының банкпен бiрыңғай жарғылық қоры, балансы, сондай-ақ
банк атауымен толық сәйкес келетiн атауы болады. Ол өзiнiң шаруашылық
қызметiн оны құрған коммерциялық банк атынан жүргiзедi. Қазақстан
Республикасының аумағында банк филиалын немесе өкiлдiлiгiн құруға
жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың келiсiмi талап етiлмейдi.
Банк өкiлеттiгi – заңды тұлға болып табылмайтын, банк тұрған жерден
тыс орналасқан, банк атынан және оның тапсыруы әрекет ететiн және банк
операцияларын жүзеге асырмайтын, дербес балансы болмайтын банк бөлiмшесi
болып табылады. Ол әдетте банктiң өкiлеттi функцияларын қамтамасыз етуге,
келiсiм шарт жасауға және басқа да iс-әрекеттер атқаруға құрылады. Өкiлдiк
клиенттерге есептiк- кассалық қызмет көрсетумен айналыспайды және
корреспонденттiк шоты болмайды. Шаруашылық шығындарды жүзеге асыру үшiн
өкiлдiктерге ағымдағы шот ашылады[4, 24 б].
Банктiң ұйымдық құрылымы екi негiзгi әдiстермен анықталады: банктi
басқару құрылымы және оның функционалдық бөлiмшелерi мен қызметтерiнiң
құрылымымен.
Басқару органдарының басты мақсаты – өзiнiң басты функцияларын жүзеге
асыру мақсатында банктiң коммерциялық қызметiнiң тиiмдi, оңтайлы және жеңiл
жүргiзiлуiн қамтамасыз ету. Банк қызметiн дұрыс ұйымдастыру, басшылар мен
қызметкерлерi арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру табысқа жетудiң
бiрден бiр жолы болып табылады.
Банктi басқару құрылымын анықтау оның басқару органдарын бөлiп
көрсетiп, банк операцияларын жүргiзудегi өкiлеттiктерiн, жауапкершiлiктерiн
белгiлеуде өте маңызды болып табылады. Банктi басқарудағы жалпы басқару
құрылымы банк заңдарымен анықталады, бiрақ көптеген басқару құрылымымен
байланысты сұрақтарды банктiң өз бетiмен шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктiң ұйымдастырушылық және басқару құрылымы банк
жарғысымен белгiленедi.
Акционерлiк коммерциялық банктiң ең жоғарғы басқару органы
акционерлердiң жалпы жиналысы болып табылады. Олар жыл сайын, келесi
сұрақтарды шешу үшiн шақырылады:
- жарғы мен жарғы капиталының көлемiн өзгерту;
- банк басқармасын (кеңесiн) сайлау;
- жылдық есеп берулердi бекiту;
- банк табысын бөлiп-тарату;
- банк фирмаларын құру немесе тарату және т.б.
Банк қызметiне жалпы басшылық жасау, сонымен бiрге атқарушы және
бақылаушы органдардың қызметiне бақылау жасау мен байқау үшiн акционерлер
жиналысы Банк Басқармасын 5 жылдық мерзiмге дейiн сайлайды.
Банктiң Басқармасы (кеңесi) банктiң мақсаттарын айқындап, несиелiк-
есеп айырысу, инвестициялық, валюталық және басқа да қызмет түрлерi бойынша
саясатын жүзеге асырады, iскерлiк әлемiнде байланыстар орнатып, басқа да
Үйымдармен қызметтерiн үйлестiредi.
Басқарма (кеңес) банктiң несиелiк және инвестициялық саясаты Қазақстан
Республикасының банктiк Заңдары мен басқа да нормативтiк актiлерiне сай
келуiне жауапты болады. Ол, сонымен бiрге кадрларды iрiктеу, дайындау және
пайдалану сұрақтарын да шешедi.
Акционерлер жиналысы Басқарма (кеңес) құрамынан Банк Басқармасының
төрағасын немесе банк президентiн таңдайды. Ол өзiнiң орынбасарлары арқылы
банк қызметiнiң нақты бөлiмдерiне, басқармаларына, департаменттерiне
жетекшiлiк жасайды. Олардың барлығы да Басқарма (кеңес) құрамына кiредi.
Ірi банктер, әдетте, функционалдық белгi бойынша құрылып, департамент,
басқарма және бөлiмдерден тұрады. Олардың басшылары бұл бөлiмдердiң
буындарының қалыпты жұмыстарын қамтамасыз етумен айналысады.
Департамент директорлары, басқарма басшылары және олардың
орынбасарлары бөлiмшелер мен қызметтердiң қызметiн үйлестiредi, олардың
нақты мақсаттарын анықтайды, кеңес бередi, бақылайды және жұмыстарына баға
бередi.
Банктiң бөлiмшелерi мен қызметтерi жоғары бiлiмдi мамандардан тұрады,
олар банк операцияларының белгiлi бiр түрiмен ғана айналысады. Әдетте,
несиелеу бөлiмi, инвестициялар мен бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу
бөлiмi, депозиттiк және кассалық операциялар жүргiзу бөлiмi, сыртқы
экономикалық байланыс бөлiмi, маркетинг бөлiмi деп қарастырылады.
Несие беру үшiн банкте нақты шешiм қабылдайтын және тексеру-бақылау
жұмыстарын жүргiзетiн несие комитетi мен тексеру комиссисы құрылады.
Төменде коммерциялық банктiң ықшамдалып алынған басқару құрылымы
келтiрiлген (1 сурет)
Банктегi бөлiмдер саны банк қызметiнiң көлемi мен сипатына, банк
операцияларының күрделiлiгiне, клиенттерге көрсететiн қызметтерiнiң жан-
жақтылығына байланысты болады.
Жоғары бiлiмi жоқ; заң тәртiбiмен өтелмеген немесе алынып тасталмаған
соттылығы бар; банк және шаурашылық заңдарынан жеткiлiктi бiлiмдерi жоқ;
бұрын банкрот болған заңды тұлғаның немесе заң талаптарын орындамағаны үшiн
банк ашуға берiлген рұқсаты қайтарылып алынған банктiң басшы қызметкерi
болған тұлға атқарып жүрген қызметiне сай келмейдi деп танылады. Сонымен
бiрге жұмыс түрiне сай келетiн жоғары немесе арнаулы орта бiлiмi бар
адамдар банк қызметiне тағайындалуы тиiс. Әдетте Басқарманың төрағасы мен
бас есепшiнiң еңбек стажы – үш жылдан, төрағаның орынбасары мен бас
есепшiнiң жұмыс стажы екi жылдан кем болмауы тиiс[5, 64 б].
Банктердің басқару құрылымы
Сурет 1
Банктiң құрылымын банктiң басқару аппаратының құрылымымен шатастыруға
болмайды. Банк құрылымын – оның ерекше кәсiпорын ретiнде қызмет етуiне
мүмкiндiк беретiн құрылғылары ретiнде қарастыруға болады. Бұл мағынада банк
құрылғылары төрт мiндеттi бөлiктердi қамтиды:
1. Банк капиталы, ол үнемi қозғалыста болады.
2. Банк қызметiнiң өзiн қамтиды, ол басқа кәсiпорындар қызметiнен
ерекшеленедi.
3. Банк iсi саласында арнайы бiлiмi бар мамандардың ерекше тобы.
4. Өндiрiстiк бөлiк деп атауға болады, бұл жерге банк техникасы,
құрылыстар мен ғимараттар, байланыс және коммуникация
құралдары, iшкi және сыртқы ақпарат көздерi жатады.
Өзiнiң клиенттерiне ссуда бере отырып, банктер қаржы делдалдарының
рөлiн атқарады, себебi бос ақша капиталдарын тiкелей ссудаға беру
шаруашылық өмiрде мүмкiн емес. Банктердiң мұндай қызметтерi салымшыларға,
банктерге және қарыз алушыларға тиiмдi болып табылады. Олардың арасында
несиелiк қатынастар пайда болады.
Бiзге несиенiң екi формасы белгiлi: тауарлы және ақшалай. Осыған
байланысты несиелеудiң екi түрiн ажыратады: тiкелей, банктiк және жанама
несиелеу.
Несиелiк функцияларын атқару барысында коммерциялық банктер айналымға
несие ақшаларын шығарады, яғни қарыз алушыларға ссуда беру кезiнде жалпы
ақша массасы артады, ал қарыз алушының ссуданы өтеуi нәтижесiнде ақша
массасы азаяды. Оның себебi, қарыз алушыға берiлетiн ссуда клиенттiң
банктегi шотына түседi, яғни банк депозит құрайды, есесiне банктiң қарыз
мiндеттемелерi ұлғаяды. Депозит иесi банктен қолма-қол ақша алуы арқылы
айналымдағы ақша санын көбейтедi. Сонымен, несиелеу функциясын орындай
отырып, коммерциялық банктер несие ақшалары эмиссиясын жүзеге асырады.
Депозиттiк-несиелiк эмиссияны жасауымен банктер басқа қаржы институттарынан
ерекшеленедi.
Коммерциялық банктердiң келесi маңызды функциясы – нақты ақшасыз есеп
айырысуды ұйымдастыру және жүргiзу болып есептеледi, яғни есеп айырысу мен
төлем жасау механизмiн қамтамасыз ету. Төлем жүргiзуде делдал қызметiн
атқаратын банктер өздерiнiң клиенттерiне есеп айырысумен байланысты
операцияларды жүзеге асырады. Банктiң бұл функциясы тiкелей бiрiншi
функциямен байланысты. Коммерциялық банктер клиенттердiң тапсырмасы бойынша
шоттардың бiрнеше түрлерiн ашады: есеп шот, ағымдағы шот, депозиттiк шот,
контокорренттiк шот, жеке шот.
Банк мекемесiнде барлық басқа кәсiпорындар сияқты белгiлi бiр басқару
аппараты болады. Оның құрамына ең алдымен банк қызметiнiң ерекше сипаты
әсер етедi. Банктi кәсiпорын деп есептесек, барлық басқа кәсiпорындарға тән
ортақ белгiлерi де бар, оның дирекциясы, атқарушы бөлiмшелерi, есеп-қисап
бөлiмi, кадрлар бөлiмi т.б.
Сонымен қатар, банк мекемесi ерекше кәсiпорын, ол ақша-несие институты
ретiнде қызмет атқарады, сондықтан оны басқару аппаратының құрылымы банктiң
ерекшелiгiне байланысты. Бұл ерекшелiктердi банк қызметiн ұйымдастырудағы
принциптерден байқауға болады, яғни принцип деп банк мекемесi өз
қызметтерiн жүргiзу үшiн және банк операциясын орындау үшiн бағыт-бағдар
беретiн бастапқы жағдайларды айтамыз[6, 56 б].
Банктер әдетте функционалдық қағидасы бойынша ұйымдастырылады. Ол келесi
жағдайларды бiлдiредi:
1. Банк iрi несие институты ретiнде қызмет атқаратын болғандықтан, оның
басқару аппаратында несиелiк кадрлық бөлiмшелерi болуы тиiс. Сонымен бiрге
банк есеп айрысу операцияларын жүргiзетiн болғандықтан, оның құрамында есеп
айрысу операциясын Үйымдастыратын құрылымдық бөлiмдер болуы тиiс. Банк
нақты ақшаны қабылдап және оны беретiн болғандықтан оның кассасы болуы
тиiс. Жалпы алғанда, банк атқаратын қызметтер мен операциялар оны басқару
құрылымына ерекшелiктер енгiзедi, оларды басқа кәсiпорын құрылымында
кездестiруге болмайды. Тек қана мекемелерiне тән болуы тиiс қағида;
2. Банктi ұйымдастыру принципiне, сонымен бiрге қойылған мақсатқа
сәйкестiлiк принципi де жатады. Бiзге белгiлi, банктың мақсаты – пайда алу
болып табылады. Ол, банк мекемесi құрылымында ақша табиғаты бөлiмдер болуы
қажет дегендi бiлдiредi (клиенттердi iздейдi т.б.), яғни банк мекемесiнiң
құрамында ақшаның түсiмiн қамтамасыз ететiн бөлiмдер бар: кiрiстер мен
шығыстарды жоспарлап, банк бюджетiн құрап, шығындар үнемiн қамтамасыз
етедi.;
3. Жеке бөлiмшелердiң билiк өкiлеттiлiгiнiң сатылылығы принципi. Билiктiң
екi буыны бар: басқарудың жоғарғы звеносы (буыны) және банктiң басқа да
бөлiмшелерi.
Жоғарғысына Банк кеңесi, Банк басқармасы, тексеру комиссиясы басқа да
банктiң маңызды мәселелесiн шешетiн персонал жатады. Төменгi буынына –
барлық басқа бөлiмшелерi жатады.
1. Бiрлескен және үйлескен iс-әрекеттердi қамтамасыз ету принципi.
Құрылым сөзi элементтердiң жай ғана жиынтығы емес, олардың
байланысын бiлдiредi. Егер де коммерциялық банк деген статусқа ие
болса, онда өзiнiң құрамында iшкi банк операцияларын атқаратын
бөлiмшелерi болуы қажет, екiншi жағынан қоршаған орта талаптарына
сай болуы керек.
2. Басқаруды тиiмдi, оңтайлы ету принципi. Осы принципке сәйкес, банк
өз қызметiн банктiң дамуына бағыттауы тиiс (мысалы, жаңа қызмет
түрлерiн енгiзу, шығындарды қысқарту, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру,
рынокты зерттеу, т.б.)
3. Бақылауды қамтамасыз ету принципi. Мұндағы қажеттi шарт: iшкi және
сыртқы аудит.
4. Персоналдың қызметiн зерттеу принципi. Бұл принциптi жүзеге асыру
үшiн белгiлi бiр ережелердi жасайды (жарғы, белгiлi бiр бөлiмдер
немесе қызметтердiң ережелерi, персоналдың сапалық бiлiктiлiк
дәрежесiн анықтайтын сипаттама). Банк мекемесiнiң әрбiр қызметкерi
өзiнiң мiндеттемесiн бiлуi тиiс немесе ережелерге сәйкес орындалуы
тиiс.
5. Банк мекемесiнiң ағымдағы және қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етiлу
принципi және ақпаратты өңдеудiң жаңа әдiстерiн бiлу.
Қазақстанның банк жүйесiндегi банк өнiмiнiң және
қызметiнiң қажеттiлiгi және мәнi
Банк операцияларын жүзеге асыру банктiң қызметi болып табылады. Банк
қызметiн клиент мүддесi үшiн белгiлi бiр iс-әрекеттердi орындау деп
сипаттауға болады. Кез келген банк өкiмiнiң негiзiнде клиенттiң қандай да
болмасын қажеттiгiн қанағаттандыруы жатады.
Негiзгi дәстүрлi қызмет түрлерiне қазiргi кезде бұрыннан келе жатқан
салымдарды тарту мен ссуда беру операциялары жатады. Осы қызмет түрлерiнен
сыйақы (мүдде) арасындағы айырмадан банктер табыс алып отырады.
Коммерциялық банктердiң осы операцияларын топтастыра отырып, олар
атқаратын негiзгi функцияларды анықтауға болады:
1) уақытша бос қаржыларды, жинақтарды шоғырландыру (депозиттiк
операциялар);
2) экономика мен тұрғын халықты несиелеу (активтi операциялар);
3) несие ақшаларын шығару;
4) нақты ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргiзу;
5) инвестициялық қызмет;
6) клиенттерге басқа да қаржы қызметтерiн көрсету.
Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру және
оларды капиталға айналдыру функциясын орындай отырып, банктер ақшалай
табыстар мен жинақтарды салымдар түрiнде шоғырландырады. Салымдарда
топталған жинақтарды ссуда капиталына айналдыру үшiн банктер қарыз
алушыларға несие бередi. Қарыз алушылар қаржыларды өндiрiстi ұлғайтуға,
тауар сатып алуға жұмсайды. Сонымен, коммерциялық банктердiң көмегiмен
салымдар капиталға айналады.
Ақшаларды тиiмдi орналастыру мақсатында салымдарға (депозиттерге)
тартудағы банктердiң қызметiн депозиттiк операциялар деп атайды. Депозиттiк
операциялар негiзiнде коммерциялық банктердiң несие ресурстрының басым
бөлiгi құралады.
Коммерциялық банктердiң екiншi негiзгi дәстүрлi функциясы – экономика
мен тұрғын халықты несиелеу болып табылады. Бұл функция банк қызметiнiң
маңызды бөлiгi болуымен бiрге активтi операцияларға жатады.
Банктiк қызметтердi ең алдымен спецификалық және спецификалық емес
қызметтер деп ажыратуға болады. Ерекше кәсiпорын ретiнде, банк iс-
әрекетiнiң спецификасынан шығатынның барлығы спецификалық қызметтерi болып
табылады. Спецификалық қызметтерге олармен жасалатын операциялардың үш тұрi
жатады: депозиттiк операциялар, несиелiк операциялар, есеп айырысу
операциялар.
Депозиттiк операциялар клиенттердiң банкке ақша қаражаттарын салым
ретiнде орналастырумен байланысты (депозиттер). Берiлген операцияның тарихи
тұрi сақтау операциясы болған, ол кезде адамдар өздерiнiң бағалылықтарын
банктерге сақтайтын, олар жинақтардың қауiпсiздiгiн және сенiмдiлiгiн
қамтамасыз ететiн. Соңынан ақша құралдарын сақтау, құнсызданудан сақтауға
өсе бастады. Адамдар өздерiнiң ақша ресурстарын банкке тек өте қолайлы,
қауiпсiз орынға орналыстыруға ғана емес, сонымен қатар табыс алу, оларды
құнсызданудан, инфляциядан сақтау мақсатымен де қоя бастады. Банк
клиенттерi депозитке ақша салғаны үшiн ссудалық процент алады.
Несиелiк операция банктiң негiзгi операциясы болып табылады. Кейде банктi
iрi несиелiк мекеме деп атауы бекерден емес қой. Және бұл шын мәнiнде
салай: банк активтерiнiң жалпы сомасынан негiзгi бөлiгiн несиелiк
операциялар құрайды. Көбiнесе клиенттердi несиелеу есебiнен банк табыстың
үлкен бөлiгiн де алады. Бiрақ қазiргi заманғы банктiк операциялар
құрылымында несиелiк операция негiзгi болып табылмайды. Инфляция,
экономикалық тоқырау және өте жоғары тәуекелге байланысты коммерциялық
банктер тек несиелеумен ғана емес, сонымен қатар басқа да табысты өте көп
әкелетiн және тәуекелi аз операциялармен жұмыс жасау ұйғарады (мысалы,
валюталық операциялармен).
Жiктелу белгiлерi Ұсынылатын қызметтер түрлерi
Банктiк қызмет ерекшелiгiнеБанктердiң өздерiне ғана тән ерекше
сәйкес болуына байланысты қызметтер
Дәстұрлi қызметтер
Қызметтердi алу Заңды тұлғалар
субъектiлерiне тәуелдi Жеке тұлғалар
Банк ресурстарын құру Активтi операциялар
және орналастыру әдiсiне байланысты Пассивтi операциялар
Ұсынғаны үшiн байланысты төлемiне Ақылы қызметтер Ақысыз қызметтер
Материалдың өнiмнiң байланысы Материалдың өнiм қозғалысымен
тәуелдi қозғалыс байланысты қызметтер
Таза қызметтер
Банк орындайтын есеп айырысу операциялары нақты және нақтысыз формада
жүзеге асырылады. Клиент тапсырысы бойынша банктер товарлы-материалдың
құндылықтарды сатумен немесе сатып алумен, жалақыны төлеумен салықтарды
аударумен, жинаумен және басқа да маңызды төлемдердi жасаумен байланысты әр
тұрлi шоттар ашуы мүмкiн. Есеп айырысу кезiнде банк сатушылар мен сатып
алушылар арасында кәсiпорындармен салық органдары, тұрғындар, бюджет
арасында делдал болып көрiнедi. Есеп айырысуды орындауда банктер тез арада
байланысуды және банкке түсетiн құжаттарды техникалық өңдеудi қамтамасыз
ететiн әр түрлi Қазiргi заманғы жабдыңтарды қолдалады.
Қарастырылған банктiк операциялардың үш түрін дәстүрлi банктiк
операциялар деп атайды. Дәстүрлiлiктiң белгiсi ұзақ уақыт мерзiмiнде
ұрпақтан ұрпаққа мұра ретiнде өте бередi. Бұл операцияларды ең ежелгi деп
айтуға да облады: оларды ескi банкiлiк үйлер орындаған, Қазiргi заманғы
үлкен және кiшi мұнда ғана емес. Берiлген операциялар дәстүрлiлiк белгiсiн
банк статусын сақтауға мүмкiндiк беру арқылы алады. Банктер болып салым
қабылдайтын, несие беретiн немесе әртұрлi жеке және заңды тұлғалар арасында
есеп айырысуды жүргiзетiн сол немесе басқа да кәсiпорындар немесе
ұйымдартабылады. Тәжiрибе жүзiнде салымдарды белгiлi мерзiмге және белгiлi
процентке алатын қорларды жиi кездестiруге болады, бiрақ бұдан олар банк
бола алмайды. Мысалы, несиелер сауда ұйымдармен бар берiле алады, жалпы бос
Қаржылары бар барлық субъектiлермен де берiле алатыны белгiлi, бiрақ сол
сияқты одан олар банкке айналмайды, ол өзiнiң негiзгi статусын (жағдайын)
сақтайды. Почта клиент тапсырысы бойынша төлемдер жүргiзедi, бiрақ ол
жүргiзетiн есеп айырысу операцияларына қарамастан, ол почта болып қала
бередi, банкке айналмайды.
Берiлген операциялар өзiнiң жиынтығымен банк деп аталатынды құрады. Заңды
банк-бұл қарастырылған барлық үш операцияларды бiр мезгiлде орындайтын
кәсiпорын. Егер үш таза банктiк операциялардың iшiнен бiреуiн, қандай да
бiр үйым орындамаса, онда ол заң бойынша банк болып есептелмейдi, басқа
Қаржылық институт қатарына өтедi. 1995 31 тамыздан олар басқа несиелiк
мекемең атағын алған Қазақстан Республикасының Банктер және банктiк қызмет
туралық заңында.
Банктiк операциялардың дәстүрлi қатарына кассалық операцияларды да
жатқызуға болады. Қазiргi заманғы заңдылықта олар банк құрылатын базалық
операциялар қатарына кiргiзiлмеген, бiрақ өзiндiк ерекшелiгi бойынша олар
банктiк қызметтiң мәнiн көрсетедi. Депозитпен айналысатын банк,
несиелендiрудi және есеп айырысуды жүргiзе отырып, кассалық операцияларды
жүргiзбейдi дегендi ұсыну қиын. Дәстүрлi және дәстүрлi емес операциялар
арасында аралық жағдайды қосымша операциялар алады. Олардың құрамына
валюталық операциялар, бағалы қағаздармен операциялар, алтынмен жасалатын
операциялар, қымбат металлдармен және құймалармен жасалатын операциялар
кiредi. Бұл операцияларды банктер орындалуын мүмкiн.
Қазақстандың коммерциялық банктердiң қызметтертiзiмiнде, тұрғындарға
ұсынылатын қызметтер, әлi маңызды орын алмайды, оларға әлi жеке тұлғалар
үшiн операция тұрлерiнiң соның көбейту қажет болып тур (соның iшiнде,
төлемдердi жасау бойынша, өндiрiстiк және тұтыну қажеттiлiктерiн несиелеу
бойынша, салымдарды қабылдау бойынша төлемдер жаса және т.б.).
Банктер бос Қаржыларды жинақтайтын болғандыңтан және оларды қайта
бөлiтiндiктен, қажет ететiн шарашылық ұйымдарға қайтару негiзiнде жiбередi,
банктiк қызметтер пассивтi және активтi операциялар түрінде жүзеге асырылуы
мүмкiн. Пассивтi операциялар көмегiмен банктер өзiнiң ресурстарын құрады
(мысалы депозит, сертификаттарды сату, басқа банктерден алған, несиелер
есебiнен және т.б.).
Активтi операцияларды орындай отырып банктер өздерiнiң және тартылган
ресурстарын әртұрлi шаруашылық ұйымдардың және тұрғындардың
қажеттiлiктерiне орналастырады.
Ұсынылғаны үшiн банктiк қызметтердiң төлемiне байланысы ақылы және ақысыз
қызметтер деп бөлiнедi. Бұл қандай да бiр анықталған қызметтер түрі
толығымен ақылы, не ақысыз дегендi бiлдiрмейдi. Банктiң қызметi, қандай
айырмашылыққа, мысалы, есеп айырысу операцияларға клишттерден төлем талап
ету қажет, қайсысына төлем сұрау қажет еместiгiн анықтауы керек. Есеп
айырысулық, несиелiк және депозиттiк операциялар қатары тегiн жүзеге
асырылуы мүмкiн.
Қызметтер үшiн төлем қатынасы бойынша, сонымен қатар банк табысы бойынша
басқа да маңызды белгiлер қолданылуы мүмкiн. Банктiк қызметтер кейде
банктiк табыс әкелетiн және әкелмейтiн қымбат және арзан қызметтер деп
бөлiнедi. Осылайша, көптеген активтi операциялар банкке табыс әкеледi,
алсолсалым тұрлерi бойынша проценттердi төлеудi ұсынады. Кейбiр банктiк
қызметтер еңбектiң шығынын көп қажет етедi, сондыңтан олардың бағасы қымбат
болады. Мысалы, клиенттiң төлем тапсырысы бойынша ақшаны аударуға
қарағанда, банкте аккредитивтi өңдеу қымбат турады.
Материалдың өнiмнiң қозгалысына байланысты банктiк қызметтер екi түрге
бөлiнедi: оның қозғалысымен байланысты қызметтер, таза қызметтер.
Негiзiнен банктер өзiнiң ақшалай операциялармен материалдың өнiмнiң
қозғалысына қызмет көрсететiн болғандыңтан, олардың негiзгi бөлiгi алғашқы
қызметтер түріне жатады. Берiлген банк қызметтерi тауарлардың қозғалысына
әсер ете отырып, жаңа қосымша құнды құрайды (мысалы, транспорт кәсiпорына,
байланыс, сауда кәсiпорындарына қызметтер).
Таза қызметтер материалдың өндiрiспен айналысатын ұйымдарға, сонымен
қатар жеке азаматтарға өздерiнiң қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн
ұсынылады.
Бұрын аталғандай, банк өнiмi болып, әртұрлi қызметтер табылады. Мысалы,
өнеркәсiптiк кәсiпорынның өнiмiне қарағанда, банктiк өнiм материалдың,
заттың болып көрiнбейдi. Несиелер және есеп айырысулар шаттар бойынша
жазулар тәртiбiнде, нақтысыз ақшалай формада жасалады. Сондыңтан, өнiм
нақты товарлық тұрде болатын, материалдың өндiрiс саласына қарағанда,
банктiк өнiмдi артығымен өндiруге, жинақтап қоюға болмайды.
Банктiк қызметтердiң маңызды белгiсi болып олардың өндiрiстiк сипаты
табылады. Тұрғындардан және кәсiпорындардан салымдар қабылдау сияқты,
қарапайым түрде, үлкен өндiрiстiк мағына жатыр. Банк тек ақша жинайды-ол
жұмыс iстемейтiнң, қолданылмайтын ақша ресурстарын жұмыс iстейтiн
активтерге айналдырады.
Тең дәрежеде бұл өзiнiң өндiрiстiк және Қаржылық қызметiнiң дамуына
берiлетiн кәсiпорындарға және ұйымдарға берiлетiн несиелерге қатысты.
Осылай бола тұра, банктiк операциялар өздерiнiң клиенттерiнiң шаруашылық
қызметiне қызмет көрсете отырып, өндiрiстiң тез дамуына әсер етедi.
Банктiк қызметтiң сипатты белгiлi болып мынау да табылады, олардың
объектiсi банктiк байланыс арналарының көмегiмен бiр шоттан екiншi шотқа,
бiр аймақтан екiншi аймаққа (кәсiпорыннан, экономика секторынан) үлкен
сомада орналастырылатын ақшалар ғана емес болын көрiнедi. Кәсiпорындардың
шоттары бойынша қозғалыс- бұл қосымша ақшалай түрдегi капиталдардың
қозғалысы.
Несиелеу сияқты, дәстүрлi банктiк операцияны мысалыға алып көрейiк. Қарыз
алушы-кәсiпорынға ұсынылған несие, банкке белгiлiбiр мерзiмде банкке
қайтарылуы керек және тек қайтарылып ғана қоймай, оны қолдағаны үшiн
процент төлеумен қайтарылуы керек екендiгi белгiлi.
Бұл несие алушы оны уақытында толық сомада қайтару үшiн және ссудалық
проценттi төлеуге минималды түрде жеткiлiктi болатын пайда алатындай түрде
қолдануы қажет екендiгiн бiлдiредi. Қарыз алушы несиелiк келiсiмнiң күшiне
сәйкес, банктен алған ақшалай қаражаттарды жеп қою үшiн емес (тұтыну
мақсаттарға) капитал ретiнде қолдануға мiндеттi. Егер несие базасында
ссудалық процент орын алса, онда бұл банкпен берiлетiн ақшалар капитал
ретiнде қолднылуы қажет, қарыз алушы қосымша табыс алуы қажет.
Банктiк операциялардың белгiсi мынадан тұрады, олар активтi және пассивтi
операцияларды жаулап алады. Салымдарды қабылдай отырып және осымен пассивтi
операцияларды жүзеге асыра отырып, банктер өздерiнiң клиенттерiне тек
ақшаларды қауiпсiз жерде сақтаумен ғана емес, сонымен қатар депозиттер
бойынша процент түрінде белгiлi табыс алуға мүмкiндiк бередi. Клиенттердiң
акцияларын орналастыра отырып, оларға ссуда бере отырып, валюталық және
басқа да активтi операцияларды орындай отырып, банктер шаруашылыққа
бiрталай қызметтер көрсетедi, тауарлық массанық қозғалысына, тауарды сату-
сатып алуға, қоғамдың шығындарды үнемдеуге әсер етедi.
Банктермен орындалатын операцияларды, басқа да кәсiпорындар мен ұйымдар
жүргiзе алады. Олар тек банктiң монополиясы ғана болып табылмайды. Бұл тек
банктiң дәстүрлi операцияларына ғана емес, сонымен қатар басқа да
қызметтерге қатысты. Мысалы, бухгалтерлiк көмектi, кеңестi, әр тұрлi
делдалдың қызметтердi, сейфтердiң арендасын және басқа да қызметтердi
арнайы кәсiпорындар және агенттiктер көрсете алатыны белгiлi. Сондыңтан
айта кететiн бiр жайт, банктер басқа шаруашылық субъектiлерi дәстүрлi
орындайтын операцияларды-банктiк емес операцияларды орындауы мүмкiн.
Мұндай жағдай нарықтық шаруашылық жағдайында, банктiк қызметтер нарығында
қатал бәсеке орнайтынымен байланысты. Нарықта банктiк қызметтердi жаңа
сатушылардың пайда болуы (сауда ұйымдары, қаржалақөнеркәсiптiк және т.б.),
көбiне көп пайда әкелетiн операциялардың кеңейюiнемүмкiндiктi қысқартады,
банктердi жаңа табыс көздерiн iздеуге итермелейдi.
Сондықтан, әсiресе соңғы жылдары таза банктiк операциялар емес, банкке
дәстүрлi емес қызметтер тез дами ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz