Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЖӘҢГІР ХАН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Жұқпалы емес аурулар кафедрасы

АУРУ ТАРИХЫ
Малдың түрі Мүйізді ірі қара

Диагноз Геморрагиялық
желінсау

Орындаған: ВМ-45
топ студенті

Тексерген: оқытушы

Дарменова А.Г.

ОРАЛ, 2011

АУРУ ТАРИХЫ № __1___

1. Мал дәрігерлік клиника (емхана) Жәңгір хан атындағы БҚАТУ – нің
ветеринарлық клиникасы

2. Малдың түрі Мүйізді ірі қара жынысы ұрғашы жасы 4 жаста
жалған аты (бирка№) Алабай

түсі мен белгілері _қара_

тұқымы_қазақтың ақбас тұқымы_тірілей салмағы (кг) _500_

3. Малдың иесі және оның мекен-жайы Батыров М, Ерсары батыр көшесі 10.

4. Клиникаға түскен күні 10.05.2011ж.

5. Диагноз: алғашқы катаральды мастит
Нақты геморрагиялық мастит

Емдеу нәтижесі сиыр жазылды

Клиникадан шығарылған күні 20.05.2011ж.

Ветеринарлық дәрігері (куратор) Сатыбалдиева Жарқынай Мұратқызы

(қолы)
(фамилиясы, аты-жөні)

Мал жөніндегі мәліметтер (анамнез)

а) өмірінің анамнезі – anamnesіs vіtae (малдың шыққан тегі; ұсталуы,
азықтандырылуы мен күтімі жағдайлары, су ішуі, пайдаланылу бағыты,
өнімділік деңгейі, буаздығы және т.б.) Малдың шыққан тегі қазақтың ақбас
тұқымы, жануардың ұсталуы, азықтандырылуы мен күтімі ветеринарлық –
санитарлық талапқа сай емес, су ішуі қалыпты, пайдалану бағыты сүтті
бағытта. Өнімділік деңгейі 3 рет бұзаулаған.

б) аурудың анамнезі-anamnesіs morbі (қашан ауырды; аурудың белгілері мен
пайда болу жағдайлары; шаруашылықтағы өзге малдарда осыған ұқсас ауру
белгілері байқалама; ем қолданылдыма, қайда, қашан, кіммен және қанша рет;
бұған дейін мал қандай мал дәрігерлік өңдеулерден және қашан өткізілген
сиыр 09.05.2011ж ауырды, ал клиникаға 10.05.2011ж әкелінді, бұрын соңды
ұқсас ауру белгілері байқалмаған. Бұған дейін мал барлық мал дәрігерлік
өңдеулерден уақытылы өткізіліп отырған. Сиырда мазасыздану байқалады: дене
температурасы көтеріледі,тәбеті нашарлап немесе мүлде жоғалады. Сиырды
зерттеген кезде зақымдалған аймақта ісіну белгілері байқалады, желін
терісінде қызыл немесе күрең қызыл түсті дақтар пайда болады. Жергілікті
температураның көтерілуі мен ауырсыну белгілері байқалады.

Мал клиникаға түскен кездегі нақты зерттеу көрсеткіштері:

дене қызуы 41ºС тамыр соғу жиілігі 110

тыныс алу жиілігі16 мес қарын жиырылуы жиілігі 2 минутта 3 рет

Жалпы зерттеу

Малдың сыртқы түрі:

қоңдылығы (ортадан жоғары, орташа, ортадан төмен, арықтаған), денесін
ұстауы (табиғи, жасанды) сиырдың қоңдылығы орташа, денесін ұстауында ауытқу
белгілері байқалмайды

дене бітімі (дұрыс, дұрыс емес; ақауларын көрсету керек) сиырдың дене
бітімі дұрыс

темпераменті (жай, епті, флегматикалық) сиырдың темпераменті жай

конституциясы (жеңіл, ауыр, бұлшық етті типті) сиырдың конституциясы жеңіл

мінезі (жуас, асау, агрессивтік) сиырдың мінезі жуас

Тері мен оның туындылары:

тері (бүтіндігі, сезімталдығы, серпімділігі, қызуы, түсі, иісі, ылғал-
дылығы, зақымдану түрі, тері паразиттері) сиырдың терісі мен оның
туындыларын зерттеген кезде зақымданулары байқалмайды, сезімталдылығы
қалыпты, тері – серпімді, түсі – қара, паразиттері – жоқ

жүн жамылғысы (талшық, қабық, мамық; қоюлығы, біркелкілігі, теріге
жатуы, ластануы, жылтырлығы, мықтылығы, түсуі; кекілінің, жалының,
құйрығының күйі)сиырдың жүн жамылғысы біркелкі, жүн жамылғысының түсуі
байқалмайды. Қоюлығы қалыпты. Жүн жамылғысы мықты орташа, жылтырлығы бар.

тері асты клетчаткасы (өзгерістер болуы: қабынулық инфильтрация, ісік,
лимфа немесе қан жиналуы) тері асты клечаткасын зерттеген кезде
патологиялық өзгерістер байқалмайды: қабынулық инфильтрация болмайды.
Жергілікті ісіну мен лимфатикалық түйіндердің ұлғаюы байқалады. Қан
жиналулар болмайды.

мүйізі, тұяғы, тұмсығы (деформациялануы, зақымдануы, мүйізгектің
жылтырлығы) мүйізі, тұяғы деформацияланған, зақымдану байқалмайды.Мүйіз
жылтырлығы қалыпты.

Лимфа түйіндері:

жақ асты лимфа түйіндері (жұп түйіндердің бірдей болуы немесе
айырмашылықтары, көлемі, пішіні, бетінің күйі, консистенциясы,
сезімталдығы, түйін мен оның бетіндегі терінің қозғалғыштығы, лимфа түйіні
аймағының қызуы) жақ асты лимфа түйіндері жұп түйіндері бірдей, көлемі –
созылған дөңгелек пішінді, консистенциясы – тығыз. Сезімталдылығы нормада,
қозғалғыштығы байқалмайды.

жақ асты Жұп түйіндері бірдей дөңгелек пішінді, сезімталдылығы – қалыпты,
ұозғалғыштығы қалыпты.

жауырын алды жұп түйіндерінің айырмашылығы байқалмайды, созылған дөңгелек
пішінді.Қозғалғыштығы байқалады.

тізе үсті және шап консистенциясы – тығыз, Қозғалғыштығы байқалады, жұп
түйіндерінің айырмашылығы бар.

желін үсті пішіні – сопақща, Консистенциясы – тығыз, қызуы – қалыптағыдай
жылы.

Көрінетін кілегей қабықтары:

конъюнктива (тамырлардың қанға толуы, түсі, ылғалдылығы, бетінің күйі,
бөгде денелер, ақаулары)канъюктиваны зерттеген кезде түсі – жұмсақ қызыл,
склера – ақшыл-қызғылт, ылғалдылығы – қалыпты, зерттеген кезде тамырлардың
қанға толуы, бетінің күйі, бөгде денелер, ақаулары байқалмайды.

мұрын қуысының зерттеген кезде кілегей қабығының түсі қалыпты,

ауыз қуысының кілегей қабығының түсі – ақшыл-қызғыл, зақымдануы
байқалмайды.

сыртқы жыныс мүшелерінің кілегей қабықтарын зерттегенде ауытқулары
байқалмайды, қалыпты жағдайда.

Жалпы зерттеу кезінде анықталған симптомдар келесілер: сиырдың
қоңдылығы орташа, денесін ұстауында ауытқу белгілері байқалмайды.

Симптомдарды талдау сиырды зерттеген кезде зақымдалған аймақта ісіну
белгілері байқалады, желін терісінде қызыл немесе күрең қызыл түсті дақтар
пайда болады. Жергілікті температураның көтерілуі мен ауырсыну белгілері
байқалады.

Қорытынды осы зерттеу әдістерін анализдей отырып, алғашқы қойылған
диагнозға сай келмейтінін байқадық.

Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу

Жүрек аумағы (сезімталдығы, қызуы, сезілетін шулар, бүтіндігі)жүрек
соғысы байқалады.

Жүрек соғуы (сол жақтан және оң жақтан: естілуі, күші, шоғырлануы) 4-
ші қабырға аралығында сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары жерде жүрек соғуының
естілуі, диффузды болып келеді.

Жүректің шекаралары(оң жақтан және сол жақтан, жоғарғы, артқы; жүрек
аумағындағы перкуссиялық дыбыстың түрі) сол жақтан 4-ші қабырға
аралығындағы шынтақтан 2-3 см жоғары дөңес, оң жақтан өзгеріс өзгеріс
байқалады.

Жүрек үндері (тондары) (естілуі, қаттылығы, тербелісі (ритм), үндердің
бір-бірінен ажыратылуы, үзілістің бүтіндігі мен тазалығы, неғұрлым анық
естілетін нүктелердегі үннің шығу түрі мен күші) малды зерттеген кезе
жүректің 1-ші және 2-ші үні қатты және 2-ші үні 1-шісіне қарағанда өзгеше
ритмді, үзілістің бүтіндігі мен тазалығы байқалады, 4-ші және 6-шы қабырға
аралығында жүрек үндері естіледі. Жүрек үндерінің күші нақты, таза, ритмді
естіледі.

Қан тамырларын зерттеу:

Артериялық тамыр соғуы (жиілігі, толуы: шамалы, толық, бос; керілуі:
эластикалық, серпімді, қатты, салалы, жұмсақ; көлемі: үлкен, орташа, шағын;
күші: шамалы, күшті, әлсіз; тербелісі: ритмикалық, ритмикалық емес, ретсіз,
біркелкі емес; пульстің түрі: дұрыс, өзгермелі, жай) тамыр соғуы минутына
90 рет, ритмді, серпімділігі – жұмсақ, керілуі - эластикалық, пульстың
түрі – дұрыс, жай, көлемі – орташа.

Жүрек аумағындағы шулар (түрі, күші, неғұрлым анық естілу орны) 4-ші
қабырға аралығында сол жақтан шынтақтан 2-3 см жоғары жерде жүрек соғуының
естілуі – жай, диффузды болып келген. 1-ші және 2-ші үні қатты және 2-ші
үні 1-шісіне қарағанда өзгеше, ритмді.

Вена тамырлары (толуы; оң, немесе теріс венаның соғуы) вена тамырларының
соғуы – теріс, ундуляция – тез үрілу және жай түсуі нормада. Вена
тамырларының толуы – қалыпты.

Қан қысымы: а) артериялық max 110-140мм mіn 30-50 мм

б) веноздық қан қысымы 80-130 мм. сынап бағанасымен.

Жүректі, қан тамырларын графикалық зерттеу (электрокардиография және
рентгендік зерттеу) Жүректі графикалық электрокардиография және рентгендік
зерттеу көрсеткіші қалыпты, қан тамырларының көрсеткіші – нормада.

Функциональдық зерттеу нормада, ешқандай функциональдық өзгерістер
байқалмайды.

Жүрек-қан тамыр жүйесін зерттеу кезінде анықталған симптомдар: : малды
зерттеген кезде жүректің 1- ші және 2-ші үні қатты және 2-ші үні 1-шісіне
қарағанда өзгеше, ритімді, үзілістің бүтіндігі мен тазалығы байқалады, 4-ші
және 6-шы қабырға аралығында жүрек үндері естіледі. Жүрек үндерінің күші
нақты, таза, ритмді естіледі

Симптомдарды талдау Тамыр соғуы минутына 90 рет, толуы – қалыпты,ритмді,
серпімділігі – жұмсақ, керілуі – эластикалық, пульстің түрі – дұрыс, жай,
көлемі – орташа.

Қорытынды малды зерттеген кезде жүректің 1- ші және 2-ші үні қатты және 2-
ші үні 1-шісіне қарағанда өзгеше, ритімді, үзілістің бүтіндігі мен тазалығы
байқалады, жеңіл жүрек соғысы байқалады.

Тыныс алу жүйесі мүшелерін зерттеу

Жоғарғы тыныс жолдарын зерттеу:

Тыныспен шығарылған ауа (біркелкілігі, симметриялығы, иісі, температурасы)
Сиырдың жоғарғы тыныс жолдарын зерттеген кезде тыныспен шығарылған
ауа біркелкі, симметриялы, иіссіз, ритмді.тыныс алу жиілігі 13 рет
минутына.

Тұмсық ақпалары (байқалуы, мөлшері, симметриялығы, кезеңділігі, ағу
массасының қасиеттері: түсі, иісі, консистенциясы, сыртқы түрі) мұрынның
кілегей қабығы аз мөлшерді кілегейлі сұйықтықпен қапталған, ағу
байқалмайды. Түсі – түссіз, мөлдір, консистенциясы – су тәрізді, иісі –
иіссіз.

Мұрын қуысы (танауы: қозғалғыш, қозғалмайтын, кеңейген, тарылған; мұрын
жолдары: ауа еркін өтетін, тарылған; мұрынның кілегей қабығы; түсі,
ылғалдылығы, бетінің күйі, сезімталдығы,ақаулары) мұрын қуысының кілегейлі
қабығының түсі – ақшыл-қызғылт, мұрын жолдары: ауа еркін өтеді,танауы –
кеңейген, мұрынның кілегей қабығы - ылғалды, бетінің күйі- бүтін, ақаулары
байқалмайды.

Қосалқы мұрын қуыстары (маңдай, жоғарғы жақ, тақ тұяқтылардың ауа
қапшықтары; пішіні, сезімталдығы, жергілікті температурасы, перкуссиялық
дыбыстың түрі) Қосалқы мұрын қуыстары зерттегенде - маңдай, жоғарғы жақ,
тақ тұяқтылардың ауа қапшықтары; пішінді, перкуссиялық дыбыстың түрі –
қораптық, сезімталдығы –қалыпты.

Көмекей мен кеңірдек (басы мен мойнының күйі: еркін немесе жасанды қалыпта
ұстауы, көмекей мен кеңірдек аймағының пішіні мен жергілікті температурасы,
сезімталдығы, симметриялылығы, бүтіндігі; тыныс шулары: түрі, күші,
кезеңділігі) басы мен мойнының күйі: еркін ұстайды, көмекей мен кеңірдек
аймағының жергілікті қызуы –жоғары, сезімталдығы, симметриялылығы,
бүтіндігі –қалыпта. Тыныс шулары: күші, кезеңділігі – бір қалыпты.

Жөтелу рефлексі (күші, ауырсынуы, дымқылдығы, жөтелудің ұзақтығы мен
жиілігі Жөтелу рефлексі күші, ауырсынуы, дымқылдығы – бұзауды зерттеген
кезде байқалмайды.

Дауысы (тән, өзгерген) Бұзаудың даусын зерттеген кезде өзіне тән даусы
бар,ешқандай өзгеріс байқалмайды.

Қалқанша безінің күйі (без орналасқан аймақтың пішіні, сезімталдығы,
көлемі, консистенциясы, қозғалғыштығы) Қалқанша безінің күйі без орналасқан
аймақтың пішіні – қалыпты,консистенциясы – тығыз, көлемі- ұлғаймаған.

Көкірек клеткасы мен өкпені зерттеу:

Көкірек клеткасы (пішіні: овальды, дөңгелек, жалпақ; ауыруы, қабырғалардың
бүтіндігі, ақаулардың болуы) Көкірек клеткасы мен өкпені зерттеген кезде
көкірек клеткасы пішіні- овальды, ауырсынуы – байқалмайды, қабырғалардың
бүтін, ақаулардың болуы- байқалмайды.

Тыныс қозғалыстары (жиілігі, типі, тербелісі (ырғақ), күші,
симметриялылығы) Тыныс қозғалыстарын зерттеген кезде жиілігі 27 рет
минутына, тербелісі ритмді, симметриялы.

Өкпенің күйі (перкуссиялау: өкпенің артқы шекарасы, салыстырмалы перкуссия
нәтижелері; тыныс шулары: физиологиялық, патологиялық: түрі, күші,
кезеңділігі, шоғырлануы) Өкпенің күйі перкуссиялау: өкпенің артқы шекарасы
оң жақтағы өкпе жамбастың қалың басы мен шонданайдың сыртқы қабатының
түйіскен жерінен 10-шы немесе 11-ші қабырға аралығында. Тыныс шулары –
қатты,күшті естіледі.

Қосымша зерттеулер

Трахеальдық перкуссия (дыбыстарды өткізу дәрежесі) Трахеальдық перкуссия
дыбыстары жай алыстан естіледі.

Рентгендік және басқа зерттеулер Рентгендік және басқа зерттеулер кезінде
көкірек клеткасы өзгеріссіз,қалыпты жағдайда екендігін анықтадық.

Тыныс алу мүшелерін зерттеу кезінде анықталған симптомдар Тыныс
қозғалыстарын зерттеген кезде жиілігі 13 рет минутына, тербелісі ритмді,
симметриялы, мұрын қуысының кілегейлі қабығының түсі – ақшыл-қызғылт,
ешқандай өзгеріс байқалмайды.

Симптомдарды талдау Тыныс шулары – қатты,күшті естіледі, тыныс шулары:
күші, кезеңділігі – бір қалыпты. Сиырдың даусын зерттеген кезде өзіне тән
даусы бар,ешқандай өзгеріс байқалмайды.

Қорытынды Сиырдың мұрын қуысының кілегейлі қабығының түсі – ақшыл-қызғылт,
мұрын жолдары: ауа еркін өтеді,танауы – кеңейген, мұрынның кілегей қабығы
- ылғалды, бетінің күйі- бүтін, ақаулары байқалмайды, ешқандай өзгеріс
байқалмайды.

Ас қорыту жүйесі мүшелерін зерттеу

Азық пен суды қабылдауы:

Тәбеті (жақсы, шамалы, тәбеті жоқ, шамадан тыс жоғарылаған) Азық пен
суды қабылдауы - тәбеті шамалы, суды қабылдауы – төмен.

Азықты қабылдауы мен су ішуі тәртібі (дұрыс, дұрыс емес: қалай білінеді)
Азықты қабылдауы мен су ішуі тәртібі –шамалы.

Азықты шайнауы (епті, асығыс, сақтықпен, ауырсынуы) Азықты шайнауы жоқ.

Азықты жұтуы (еркін, қиындаған, ауырсынады, жұтына алмауы) Азықты жұтуы
–еркін.

Кекіру (жиі, сирек, жай, қатты; байқалмайды, кекірік газының иісі
байқалмайды.

Мес қарын заттарын кекіруі (еркін, қиындаған, ауырсынады, байқалмайды)
Күйіс қайыруы (ерте, кеш, белсенді, баяу, ұзақ, қысқа, жиі, сирек ауыр) Мес
қарын заттарын кекіруі -қиындаған, ауырсынуы- байқалмайды.

Құсу (байқалмайды, байқалады: пайда болу уақыты, жиілігі, мөлшері) Құсу
–байқалмайды.

Ауыз қуысы

Сілекей ағуы (байқалмайды, байқалады: үздіксіз, үнемі, кезеңділігі;
сілекейдің түрі мен қасиеттері) Сілекей ағуы –байқалмайды.

Ауыз саңылауы (жабық, жартылай ашық, ашық) Ауыз саңылауы –жабық екендігі
байқалады.

Еріндер (бүтін, деформацияланған, зақымданған, қозғалғыш) Еріндер –бүтін,
деформацияланбаған, зақымданбаған.

Еріндердің, ұрттың, таңдайдың, тілдің кілегей қабықтары (түсі, ылғалдылығы,
бүтіндігі, ісік байқалуы, сезімталдығы, ісінуі) Еріндердің, ұрттың,
таңдайдың, тілдің кілегей қабықтары түсі –ағарған, сарғыш түсті, бүтін,
ісінуі - байқалмайды.

Тіл (көлемі, консистенциясы, қозғалғыштығы, ақаулар) Тіл көлемі – нормада,
қозғалмалы,консистенциясы – тығыз, ақаулары – байқалмайды.

Тістер (сүт тістері, тұрақты тістер, ауруы, альвеолаларға беку мықтылығы,
қандай тістер жоқ, ақаулар, тістеу түрі, тістердің мұқалу аномалиялары) сүт
тістері, тұрақты тістері – байқалады. альвеолаларға беку - мықты,ауруы
жоқ.

Жұтқыншақ (басы мен мойнының қалпы, пішіні, ұлпалар консистенциясы, ауыруы,
жұтқыншақ аймағының жергілікті қызуы) басы мен мойнының қалпы, пішіні,
ұлпалар консистенциясы –қалыпты.

Өңеш (сол жақтағы күре тамыр науасы аймағының пішіні, өткізгіштігі, ауыруы,
жергілікті температурасы,) Өңеш сол жақтағы күре тамыр науасы аймағының
пішіні- толқын тәрізді, өткізгіштігі- жақсы. Ауыруы, жергілікті қызуы –
байқалмайды.

Құстардың жемсауыты (көлемі, сезімталдығы, жемсауыт заттарының түрі мен
консистенциясы, перкуссиялық дыбыстың түрі) ---

Іш аумағы (көлемі, пішіні, симметриялылығы, аш бүйір шұңқырының білінуі,
іштің қабырғасының керілуі мен сезімталдығы) Іш аумағы көлемі – шамадан тыс
кішілеу, аш бүйір шұңқырының білінуі, іштің қабырғасының керілуі мен
сезімталдығы – нормада,симметриялы.

Күйіс қайыратын малдардың қарыншалары:

Мес қарын (сол жақ аш бүйір шұңқырының күйі, ауыруы, мес қарын
қабырғаларының керілуі, толу дәрежесі, мес қарын заттарының түрі мен
консистенциясы; мес қарын жиырылуының түрі, жиілігі, күші, ұзақтығы,
тербелісі, перкуссиялық дыбыстың түрі мен мес қарындағы шулар) Күйіс
қайыратын малдардың қарыншалары мес қарын сол жақ аш бүйір шұңқырының күйі
қалыпты,ауруы – байқалмайды.

Жұмыршақ (жарақаттық ретикулитке аурулық сынама нәтижелері)
жүргізілген жоқ.

Жалбыршақ (ауыруы, жалбыршақ қарын аймағында шулар байқалуы мен оның түрі)
Жалбыршақ ауыруы – байқалмайды.

Ұлтабар (пішіні мен ауырсыну белгілері, ұлтабар заттарының мөлшері мен
түрі, перкуссиялық дыбыстар мен шулар) алмұрт пішінді, перкуссиялық
дыбыстар байқалады, аускультация кезінде жұмсақ шулар естіледі.

Асқазан біркамералы (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация, зонд
салу)______________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________

Аш ішек (сезімталдығы; бөгде нәрселердің болуы; толу дәрежесі мен ішек
заттарының түрі; перкуссиялық дыбыстың түрі; жиырылу шулары: жиілігі,
кезеңділігі, күші, сипаты) бөгде нәрселердің болуы - байқалмайды. жиырылу
шулары: жиілігі, кезеңділігі, күші, сипаты - қалыпта. перкуссиялық дыбыстың
түрі – тимпаникалық.

Тоқ ішек (толуы, перистальтикалық шулар, перкуссиялық дыбыс) Тоқ ішек
толуы – қалыпты,бөгде нәрселердің болуы байқалмайды.

Бауыр (ауруы, консистенциясы, бетінің күйі, перкуссиялаған және
пальпациялаған кездегі көлемі мен контурлары) Бауыр ауруы – байқалмайды,
консистенциясы- тығыз, бауырдың шекарасы – оң жақтағы 10,11 және 12
қабырғалар аралығында, перкуссиялаған және пальпациялаған кездегі көлемі-
өзгеріссіз.

Талақ (сезімталдығы, консистенциясы, көлемі) Талақ сезімталдығы- қалыпта,
консистенциясы – жұмсақ, көлемі – қабырғаның тереңдігінде,сол жағында
орналасқан, 40-50 см.

Нәжіс бөлуі (қалпы, жиілігі, ауырсынуы, жалған қалпы, нәжістің еріксіз
бөлінуі, газдар бөлінуі) Нәжіс бөлуі - ауырсынусыз. Нәжістің еріксіз
бөлінуі, газдар бөлінуі- байқалмайды.

Тік ішек арқылы зерттеу (анустың күйі, тік ішектің толуы, кілегей
қабығының күйі; ішектердің орналасуы, күйі және сезімталдығы) анус куйі
қалыпты, кілегей қабығы өзгеріссіз, ішектердің орналасуында ауытқу
белгілері байқалмайды.

Ас қорыту мүшелерін зерттеу кезінде анықталған симптомдар Азық пен суды
қабылдауы - тәбеті шамалы, суды қабылдауы – төмен. Нәжіс бөлуі -
ауырсынбайды. Нәжістің еріксіз бөлінуі, газдар бөлінуі- байқалмайды

Қорытынды Сиырдың ас қорыту жүйесі мүшелерін зерттегенде нәжіс бөлуі -
ауырсынбайды. Нәжістің еріксіз бөлінуі, газдар бөлінуі- байқалмайды

Несеп бөлу жүйесі мүшелерін зерттеу

Бүйректер (бел аймағының сезімталдығы, бүйректердің орналасу орны, пішіні,
көлемі, консистенциясы, беткі күйі, бүйректердің қозғалғыштығы) Несеп бөлу
жүйесі мүшелерін зерттегенде бүйректер оң жақ бүйрек – аш бүйірде
орналасқан. Сезімталдығы – орташа, қозғалмайды.

Несепағарлар (сезімталдығы, іштей пальпация жасау кезіндегі белгілер)
Несепағарлар сезімталдығы- қалыпты, іштей пальпация жасау кезінде ешқандай
өзгеріс байқалмайды.

Қуық (сезімталдығы, орналасуы, толуы шамасы, қабырғаларының тонусы, сырттай
және іштей пальпация жасау кезіндегі бөгде денелердің болуы) іштей
пальпация жасау кезіндегі бөгде денелердің болуы- байқалмайды.

Несеп-жыныс каналы (өткізгіштігі, сезімталдығы, бөгде денелер болуы) Несеп-
жыныс каналы өткізгіш,сезімталдығы сақталған, бөгде денелер жоқ.

Несеп бөлу актісі (жиілігі, малдың қалпы (поза), ауырсынуы, ағынының түрі
мен несептің мөлшері) жиі, малдың қалпы ерікті, ауырсынуы жоқ, несептің
мөлшері ұлғаймаған.

Қосымша зерттеулер (тік ішек арқылы, катетерлеу, цистоскопия, рентгендік
зерттеулер қосымша зерттеулер жүргізілмеді, қажеттілігі туындамады.

Несеп бөлу мүшелерін зерттеу кезінде анықталған симптомдар симптомдар
байқалмады

Симптомдарды талдау ауытқулар байқалмады
Қорытынды Несеп бөлу жүйесі мүшелерін зерттегенде ешқандай
патологиялық өзгеріс байқалмайды. Несеп бөлу жүйесі мүшелерін зерттегенде
бүйрек, несепағарлар, несеп-жыныс каналы – қалыпты физиологиялық күйде
екендігі анықталды.

Жыныс мүшелері мен сүт бездерін зерттеу

Аналықтардың жыныс аппаратын зерттеу:

Сауыр (конфигурациясы; қалыпты, өзгеріске ұшыраған; сегізкөз-шонданай
байламының беріктік дәрежесі) конфигурациясы қалыпты, өзгеріске
ұшырамаған, сегізкөз-шонданай байламының беріктік дәрежесі орташа.

Аралық және вульва (терісінің күйі, қыртыс түзілуі, ісінуі, түсі, қызуы,
сезімталдығы, жыныс еріндерінің толық беттесіп жабылуы; кілегей бөлінуі:
мөлшері, консистенциясы, түсі, иісі, қоспалар) Аралық және вульва терісінің
күйі- ісінуі байқалмайды,

Қосымша зерттеулер

Қынапты зерттеу:

Қынап кіре берісі мен қынаптың кілегей қабығы (түсі, ылғалдылығы,
сезімталдығы, бүтіндігі, ластануы немесе бөгде денелер) --

Жатыр мойнының қынап бөлімі (күйі, каналының ашылу дәрежесі, саңылаудан
бөлінген кілегейдің түрі мен мөлшері)

Тік ішек арқылы зерттеу:

Жатыр мойны (орналасуы, көлемі, мүйіздерінің пішіні, консистен-циясы,
флюктуация байқалуы, пальпацияға реакция беруі)

Жұмыртқалықтар (орналасуы, көлемі, пішіні, консистенциясы, сезімталдығы,
қозғалғыштығы)

Жұмыртқалық өзегі (орналасуы, пішіні, сезімталдығы)

Жыныс аппараты секреттерін зерттеу (физико-химиялық, цитологиялық,
бактериологиялық)

Сүт безін зерттеу:

қарау кезінде (түсі, терісінің бүтіндігі, ширектерінің пішіні мен
симметриялылығы, желіннің беткі лимфа және қан тамырларының күйі) желін
терісінің бүтіндігі бұзылмаған, ширектерінің пішіні мен симметриялығы
өзгерген, желіннің беткі лимфа түйіндері ұлғайған.

пальпация кезінде (бөлектерінің консистенциясы, сезімталдығы, желін
бөлектерінің қызуы, желін үсті лимфа түйіндерінің күйі) бөлектерінің
консистенциясы тығыз, сезімталдығы жоғалмаған, желін үсті лимфа түйіндері
ұлғайған.

Қосымша зерттеулер:

Желіннің ширектерінен сауып алынған сүтті органолептикалық бағалау
(түсі, консистенциясы, біркелкілігі, ұйындылар мен мақташықтар
болуы______________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
___________________________________ ___________________________________ ______
____________________

Сүтті физико-химиялық
зерттеу____________________________ ______________________

Сүтті бактериологиялық
зерттеу____________________________ ______________________

Аталықтардың жыныс аппаратын зерттеу:

Ұма (түсі, эластикалылығы, көлемі, күйі, симметриялылығы,
консистенциясы) -----------------------

Күпек (бүтіндігі, терісінің эластикалылығы, күпек саңылауының пішіні
мен көлемі, күпек айналасындағы жүн жамылғысының күйі, күпектен ағу
белгілері)----

Жыныс мүшесі (өткізгіштік анестезия арқылы жыныс мүшесін шығарғаннан
кейін түсін, ылғалдылығын, бүтіндігін, кілегейлі қабығының беті мен тері
жамылғысының күйін анықтайды) ---------------------

Қосымша зерттеулер:

Простоскопия жүргізілген жоқ

Рефлекстік зерттеу жүргізілген жоқ

Шәуетті зерттеу жүргізілген жоқ

Несеп-жыныс жүйесін зерттеу кезінде анықталған симптомдар Несеп бөлу жүйесі
мүшелерін зерттегенде ешқандай ауытқулар анықталған жоқ, барлығы қалыпты
жағдайда.

Симптомдарды талдау ешқандай өзгеріс байқалмайды.

Қорытынды Жыныс мүшелерін зерттеу кезінде ешқандай ауытқулар байқалған жоқ.
Сүт бездерін зерттеу кезінде желін көлемінің ұлғаюы, аурсыну белгілері
байқалды.

Нерв жүйесі мен сезім мүшелерін зерттеу

Жалпы күйі (күйзелген, қозу рефлекстері; күйзелу немесе қозу белгілерінің
байқалу дәрежесі) нерв жүйесі мен сезім мүшелерін зерттегенде жалпы
күйі – қалыпты, күйзелу

немесе қозу белгілері байқалмайды.

Бас қаңқасы (пішіні, зақымдануы, ауырсыну белгілері, сүйек негізінің күйі,
жергілікті қызуы) Бас қаңқасы зақымдануы, ауырсыну белгілері –
байқалмайды. сүйек негізінің күйі, жергілікті қызуы – қалыпты. Бас
қақапасының пішіні физиологиялық тілімге тән.

Омыртқа жотасы (пішіні, қисаюы, кенет бұрылу кезіндегі қозғалғыш-тығы
Омыртқа жотасы қисаюы– байқалмайды, кенет бұрылу кезіндегі қозғалғыштығы–
қалыпты.Омыртқа жотасы пішінінде айтарлықтай өзгерістер байқалмайды.

Беттік сезімталдық (тактильдік, аурулық: біліну дәрежесі; тері рефлекс-
тері) ) Беттік сезімталдық - тактильді,ауырлық байқалмайды, біліну
дәрежесі, түрі, рефлекстері– қалыпты жағдайда.

Сезім мүшелері:

Көруі (көз алмасының күйі, қарашық рефлексінің білінуі, мал оң және сол
көзімен, бірге және бөлек қалай көреді) Сезім мүшелері

көруі көз алмасының күйі, қарашық рефлексінің білінуі – қалыпты жағдайда.
Мал оң және сол көзімен, бірге көреді.

Естуі (малға таныс дыбыстарға елеңдеу реакциясы бойынша бағаланады) малға
таныс дыбыстарға елеңдеу реакциясы бойынша бағалануы- жақсы, шақырғанда
реакциясы – оң.

Иіс сезуі (таныс иіске елеңдеу реакциясы бойынша бағала-нады) Иіс сезуі
таныс иіске елеңдеу реакциясы бойынша бағалануы – жақсы.

Дәм сезуі (сақталған, күшейген, жойылған) Дәм сезуі сақталған, – қалыпты
физиологиялық күйде екендігі анықталды.

Қозғалу аппараты:

Белсенді қозғалысқа қабілеттілігі (белсенді, еркін, қиындаған, мүмкін емес)
Қозғалу аппараты: белсенді қозғалады қабілеттілігі қиындаған.

Жүрісі қалыпты емес

Қозғалыс тепе-теңділігі (сақталған; егер бұзылған болса қалай білінеді)
Қозғалыс тепе-теңдігі бұзылған.

Бұлшық еттер тонусы (әлсіз, босаңсыған, күшейген, аяқтарын пассивті
қозғауы, еркін, қиындаған Бұлшық еттер тонусы –өзгермеген, байқалмайды.

Еріксіз қозғалысы (түрі, сипаты, зақымдану аймағы) Еріксіз қозғалысы
байқалмайды.

Вегетативтік нерв жүйесі (қызмет күйі: вегетативтік нерв жүйесі
бөлімдерінің, висцеросенсорлық рефлекстер нәтижелері бойынша, тонусы
дәрежесі) Вегетативтік нерв жүйесі қызмет күйі: вегетативтік нерв жүйесі
бөлімдерінің, висцеросенсорлық рефлекстер нәтижелері бойынша, тонусы
дәрежесі –қалыпты, нормада.

Тері сезімталдығының жоғарылаған аймақтары (мұндай аймақтың шоғырлануын дәл
көрсету қажет) Тері сезімталдығының жоғарылаған аймақтары– қалыпты
жағдайда.

Нерв жүйесі мен сезім мүшелерін зерттеу кезінде анықталған симптомдар
қозғалу аппараты: белсенді қозғалады қабілеттілігі қиындаған, жүрісі -
қалыпты емес, қозғалыс тепе-теңдігі бұзылған.

Симптомдарды талдау белсенді қозғалу қабілеттілігі қиындаған, жүрісі -
қалыпты емес, қозғалыс тепе-теңдігі бұзылған

Қорытынды белсенді қозғалу қабілеттілігі қиындаған, жүрісі - қалыпты емес,
қозғалыс тепе-теңдігі бұзылған

Патологиялық ошақ аймағын зерттеу

Морфологиялық өзгерістер (шоғырлануы, көлемі, шекаралары, біліну түрі мен
дәрежесі, регионарлық аймақтардағы лимфа түйіндерінің күйі) Тек солғындық,
тәбетінің төмендеуі, бұзылуы байқалады. Дене қызуы көтеріледі.

Патологиялық ошақ аймағындағы функциональдық бұзылулар (тыныштықтағы күйі,
қозғалғыштығы, сезімталдық күйі, рефлекстер, секреторлық қызмет күйі)
Желіннің ісініп, жергілікті температураның көтерілуі байқалады. Секреторлық
қызметі ауытқыған.

Арнайы және қосымша зерттеулер нәтижелері (жараға зонд салу, жарадан
бөлінген экссудатты, пунктатты, диагностикалық анестезия, офтальмологиялық
сынама, рентгендік және басқа да зерттеулер) жүргізілген жоқ

Қорытынды Патологиялық ошақ аймағын зерттеу кезінде тек солғындық,
тәбетінің төмендеуі, бұзылуы байқалады. Дене қызуы көтеріледі.

Лабораториялық зерттеу нәтижелері

Қанды зерттеу

Физико – химиялық зерттеу

Қалыпты Күні және көрсеткіштер
жағдайда
15.05.11 16.05.11 17.05.11 18.05.11
Гематокрит 0,34-0,40 9,9 5,40 0,37 0,15
ЭТЖ 0,5-0,15 0,7 0,8 0,12 0,14
Гемоглобин (гл 10 9,0 9,5 10,5 11,0
Сали)
Кальций(мг%) 7,5 6,7 9,0 8,1 7,7
Органикалықемес 8,0 6,7 8,0 8,1 8,0
фосфор (мг%)
Сілтілік қор (мг%) 55,0 50,0 55,5 55,0 53,3
Каротин (мг%) 500,0 512,0 550,5 500,0 500,0
Жалпы белок (г%) 7,5 6,7 7,0 7,5 7,5
Билирубин (мг%) 0,15 0,17 0,10 0,15 0,15

Морфологиялық зерттеу

Қалыпты Күні және көрсеткіштер
жағдайда
15.05.11 16.05.11 17.05.11 18.05.11
Эритроциттер (мкл) 5,5-7,5 5,6 6,5 6,0 7,5
Лейкоциттер (мкл) 7,0 5,0 5,6 4,9 10,0
Тромбоциттер (мкл) 450 390 400 380,0 660,0

Лейкограмма

Күні
1-ші зерттеу 2-ші зерттеу
Физикалық қасиеттері
Мөлшері 15 л 15 л
Түсі сары ақшыл- сары
Мөлдірлігі мөлдір мөлдір
Консистенциясы сұйық сұйық
Иісі өзіне тән спецификалық
Үлес салмағы 1,015 1,015
Химиялық талдау
Реакциясы 7,7-7 7,9
Ақуыз 0,9 0,4
Қант - -
Қан 0,51 гр
гр
Өт пигменттері - -
Өт қышқылдары 7,7 -
Уробилин - 7,9мг
Ацетон - -

Микроскопиялық зерттеу

Бірікпейтін тұнбалар Анықталған жоқ
Эритроциттер 1%
Ұйыған тұңбалар Анықталған жоқ
Несеп қышқылы 1%

Қосымша зерттеулер Қосымша зерттеулер жүргізілген жоқ.

Несепті зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды Несепті зерттеу нәтижелері
бойынша химиялық талдау реакциясы - 7,7-7. Сонымен қатар жануар несебін
зерттей келе, оның несебінде ешқандай ауытқулардың жоқ екендігі анықталды.

Асқазан, месқарын заттарын зерттеу
(қажетінің астын сызыңыз)
Шөп
Сынама тітіркендіргіш

Құрамы сұйық шөп ; Мөлшері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан тамырлар жүйесінің аурулары
Жүректі жалпы зерттеу әдістері. Жүрек аймағын зерттеу және пальпациялау, перкуссиялау және аускультациялау
Малдарды зерттеген кездегі әртүрлі әдістер
Жүрек - қан тамыр жүйесінің дене жүктемесіне бейімделуі
Студент-спортшылардың кардиореспираторлық жүйесі көрсеткіштерінің дене жүктемесіне бейімделу өзгерістерін зерттеу
Организмнің дене жүктемесіне бейімделуі
ІШКІ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА РЕНГИНОЛОГИЯСЫМЕН пәніне арналған оқу-әдістемелік құралы
Жүрек қан тамырлардың ақаулары және оны емдеу профилактикасы
Жүректің ишемиялық ауруы, тұрақсыз стенокардия ауру тарихы
Жүрек - тамыр жүйесі ауруларының жіктелуі
Пәндер