Шошқа цистицеркозын анықтау
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
тақырыбы:
“ Шошқа цистицеркозы және оны дауылау шаралары”
Орындаға ветеринарлық медицина
мамандығының ВМ-53 топ студенті
Хасанова Б.Х.
Орал, 2010
Мазмұны
Беті
КІРІСПЕ 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
Тақырыптың өзектілігі 5

... ...
Зерттеудің мақсаты 6

... ... ... ..
Зерттеудің міндеттері 6

... ... .
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 7

1.1 Қоздырғышы және морфологиясы 11
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.2 Биологиясы және дамуының нобайы 13
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1.3 Жіктелуі 13

1.4 Індеттанулық деректер 14

1.5 Өсіп - өнуі 17

... ... ... ... ... ... ...
1.6 Аурудың өтуі және белгілері 18
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
1.7 Патогенез 18
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
1.8 Ауруды балау 19

... ... ... ... ... ...
1.9 Өлекседегі өзгерістер 19

1.10 Емі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 20
1.11 Сақтандыру 20
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
1.12 Қой цистицеркозының шаруашылыққа тигізетін үнемдік зияндығы 23

... ... ... ... ... ... ... ..
1.13 Таспа құртының ит ағзасында пісіп – жетілуі және өмір сүру 21
мерзімі

... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
1.14 ... ... 21
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2 Зерттеу зәру заттары мен әдістері 22

2.1 Шошқа цистицеркозын анықтау 22
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
Шошқа цистицеркозын аллергиялық сынамамен анықтау ... ... 26
2.2 Шаруашылыққа сипаттама 26

.
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ 20
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
3 БҚО, Тасқала ауданы Мерей ауылдық округіндегі шаруашылықта 21
шошқа цистицеркозының және ит ішқұрттарының таралу деңгейі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
3.1 Иттердің ішқұрттармен залалдану деңгейі 23
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
3.2 Шошқа цистицеркозын аллергиялық әдіспен анықтау нәтижесі... 25
Шошқа цистицеркозының табиғи жағдайда заладануының тигізетін 27
үнемдік шығыны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3 Шоқа ағзалардағы цистицерктердің орналасуы 27
... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды 20

... ... ... ... ... ... ..
Ұсыныстар 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі 32
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
Қосымшалар 34

... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Паразит ұғымы көне грек тілінде арамтамақтықты білдіреді. Осыған
байланымты паразитология ғылыми жалғыз паразиттерді зерттеп қана қоймай,
олар қоздыратын ауруларды жан-жақты қарастырады. Паразтиттердің жануарлар
дүниесіне, яғни зоопаразиттерге жататынына байланысты, олар қоздыратын
ауруларды инвазиялық індеттер қатарына жатқызады.
Паразитизмді және оған байланысты құбылыстарды зерттеудің ғылымда да
және шаруашылық жағдайында да маңызы өте зор.
Осыдан жүз жыл бұрын (1892) И. И. Мечников зоологияның бір саласы
жәндіктердің басқа жануар организміне еніп, сонда өмір сүруін зерттеуге
арналуы тиіс екендігін болжаған болатын.
Паразитология биологияның көптеген жалпы мәселелерін де қозғайды.
Мысалы, ол морфологиялық және физиологиялық бейімделу мәселелерін зерттеуге
негіз болып, ауру тудыратын түрлерді анықтайды, Паразит пен оның иесінің
қарым-қатынасын да жалпы биологиялық тұғыдан өте қызықты. Паразитологияның
адам, ауыл шаруашылық жануарлары, бағалы аңдар мен басқа жануарлардың
көптеген ауруларының шығуына себеп болады. Сондай – ақ, паразтиттер ауыл
шаруашылық мәдени және т. б. өсімдіктерге орасан көп зиян келтіреді.
Жануар тектес паразиттерді зоопаразиттер деп, олар тудыратын ауруларды
инвазиялық немесе паразитарлық аурулар деп, оларды өсімдік тектес
фитопаразиттерден, індет ауруларының қоздырғыштарынан ажырату қажет.
Мысалы, топалаң ауруы індет аурулары қтарына жатады, себебі оның қоздырғышы-
топалаң таяқшасы өсімдіктер дүниесіне, ал эймериоз – инвазиялық ауру,
себебі оның қоздырғышы эймериялар-қарапайым жануарлар дүниесіне жатады.
Сайып келгенде, ауруларды індет және инвазиялық дертке жіктеу олардың
қоздырғыштарының жануарлар немесе өімдіктер дүниесіне жатуына негізделеді.
Кейбір ауру қоздырғыштарын өсімдік немесе жануарлар қатарына қосу өте
қиынға соғуы даусыз. Әсіресе мұндай шекараны жүргізу кейбір бір торшалы
организмдерде өте қиын. Мысалы, өте нәзік құрылысына және биологиялық
ерекшеліктеріне сүйене отырып, ірі қара мен қойдың анаплазмоз қоздырғышы
(Anaplasma) қарапайымдылар топтамасына жатпай (Protophiata) өсімдіктер
топтамасына жататыны анықталды.
“Иелерінің” жануарлар немесе өсімдіктер дүниесіне жатуына байланысты
зоопразитология екіге бөлінеді: өсімдіктер зоопаразитологиясы және
жануарлар зоопротозологиясы.
Барлық тірі организмдер екі дүниеге: жануарлар және өсімдіктер
дүниесіне бөлінуіне байланысты (ал қазіргі кезде өсімдіктер дүниесінен
ерікті вирустар -Vira дүниесі бөлініп шықты) академик К. И. Скрябин жануар
тектес паразиттерді зерттейтін ғылымды зоопаразитология деп атауға ұсыныс
жасады.
Зоопаразитология немесе кейіннен аталып жүргендей паразитологияның өзі
төмендегідей жіктелді. Паразит қарапайымдыларды және олар қоздыратын
ауруларды зерттейтін ғылым – протозоология, ішқұрттар мен олар қоздыратын
аурулар туралы ғылым – гельминтология, ал өрмекші тәрізділер мен жәндіктер,
сондай-ақ олар қоздыратын және тасымалдайтын ауруларды зерттейтін ғылымдар
арахнология мен энтомология болып жіктеледі.
Паразит - қоздырғыштардың иелеріне байланысты паразитологияны
медициналық, малдәрігерлік және агрономиялық түрлеріне бөлінеді.
Малдәрігерлік паразитология зоопаразитология қаратына жатады, биологиялық
пән ретінде ол зоологияментығыз байланысты. Паразиттердің құрылысы мен
жіктелуін білу инвазиялық ауруларды анықтауда қажет болся, ал биология мен
экологиялық зерттеулер дауа шраларын жүгізудің негізі болып табылады.
Сондай-ақ паразитология эпизоотология мен, физиологиямен, биохимиямен,
фармакологиямен, иммунологиямен, патологиялық анатомиямен және жұқпайтын
аурулардың жеке патологиясымен, малдәрігерлік – санитапиялық сараппен,
малдәрігерлік ұйымдастыру және экономикасымен, т. б. клиникалық,
зоотехникалық агрономиялық пәндермен тығыз байланысты.
Өнім алынбайтан ұй жануарларының ішінде, әсірісе ит пен мысықтар, күн
сайынғы адам өмірінде, әр уақытта, үлкен маңызды орын алады, дей тұрған мен
оларға өз дәрежесінде адамдар арасында көңіл бөлінбей кледі. Себебі, осы
бағытта халықтың білімі нашар, үгіт насихат жұмыстары нашар жүргізілуде.
Осы жануарлардың адамға пайдасы мен зиянын ел арасында кеңінен түсіндіретін
үгіт насихат жұмысы жандандырылса, көптеген аурулардың таралуы бір шама
азаяр еді.
Тақырыптың өзектілігі. Мал шаруашылығының қарқынды өсуіне кейбір
кеңінен тараған гельминтоздар кедергі келтіруде, солардың бірі үй
жануарларының финозды цистицеркозы. Финоздық цистицеркоздан мал өлімі сирек
кездеседі. Бірақ, субклиникалық және созылмалы түрде өтеді, сөйтіп
шошқалардың барлық өнімділігін төмендетеді.
Целллюлозды цистицерктер бұлшықет арасындағы байланыстырушы
ұлпалардың арасына орналасады, шошқаларда цистицерктер жүрек
бұлшықетінде,тілінде, қабылға аралық және кеуде бұлшықеттерінде кездеседі.
Бұл инвазия жер жүзінің көптеген елдерінде белгіленген. Австралияда,
Жаңа Зеландияда және басқада елдерде шошқалар өте жоғары дәрежеде
залалданған. Бұл инвазиямен Россияда (Шевченко А. А., 1978), Украинада
(Косолапов В. М., 1931, Шевцов А. А., Кисляк А. Т., 1978), Башкирияда
(Аюпов Н. В., 1954), Грузияда (Бурджанадзе А. П., 1943), Туркменияда
(Каюков С. Г., 1965) шұғылданған шошқа шаруашылығында кездеседі.
Қазақстанда бұл ауруды Попов Н. Н., 1937; Ахмедилин М. А., 1956; Вибе
П. П., 1959; Қадыров Н. Т., 1961; Осипов И. П., 1962; зерттеген. Оларды
жұмыстары финозды цистицеркоздың таралуына қатысты көптеген қаламгерлердің
мағлұматтары бойынша, шошқаладың цистицеркозбен зақымдануы 0,29-6,4 % дейін
құрайды. Бұл ауру туралы мағлұматтар Батыс Қазақстан облысында қол жеткен
әдебиеттерден біздер таба алмадық.
Финозды цистицеркоз аз зерттелген ларвальды тениидоздарға жатады.
Зерттеу мақсаты. Шошқа цистицеркозының Батыс Қазақстан облысында
таралуын, инвазиялық элементтерінің, патогенезінің кейбір сұрақтарын
анықтау, үнемдік шығынды көрсету және сақтандыру шараларын ұйымдастыру.
Зерттеу міндеттері:
• Батыс Қазақстанда шошқа цистицеркозының таралуын, залалдану деңгейінің
оның жасына, тұқымына байланыстылығын анықтау;
• Паразиттің өсіп – дамуын және өмір сүру мерзімін тексеру;
• Шошқа цистицеркозы инвазиялық элементтерінің зертханалық жағдайда және
сыртқы қоршаған ортада өмір сүру мерзімін анықтау;
• Шошқа цистицеркозының патогенезін динамикада зерттеу;
• Экспериментте және табиғат жағдайында шошқа цистицеркозының залалданған
қойларға тигізетін үнемдік зияндығын анықтау;
• Шошқа цистицеркозынан сақтандыру үшін тиімді антигельминтектерді ұсыну;
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Мал шаруашылығының қарқынды өсуіне кейбір кеңінен тараған
гельминтоздар кедергі келтіруде, солардың бірі үй жануарларының финозды
цистицеркозы. Финоздық цистицеркоздан мал өлімі сирек кездеседі. Бірақ,
субклиникалық және созылмалы түрде өтеді, сөйтіп шошқалардың барлық
өнімділігін төмендетеді.

Табылған орындар: Европада (Англия, Франция, Германя, Голландия,
Португалия), США, Индия, Африка (Алжир, Мадагаскар, Сомали),
Австралия и СССР.
СССР территориясында бұл балаңқұрт сатысында – шошқа, түйе, ит,
мысық және адамда да тіркелген.Ленталық сатысы адамның тек ішегінде
тоғышарлық етюді.
Бірінші рет балаңқұрт сатысында T.solium СССР да А. М. Петров және
Л. Ф. Потехина 1953 жылы екі жас дананы жабайы қабаннан
Таджикистанда (Тигровая балка), ал одан кейін сол қожасынан
бұл цестодтарды И. Х. Иргашев (1956)
Узбекистанда (Самаркад облысы).
Р. Ш. Делянова (1957) Узбекистанда 105 шошқаларды жарып - сойғанда
екуінен және 170 шошқалады дегельминтизациялағанда үшеуінен T.solium 1- 43
дана тапты. А. Е. Каденации (1957) Қырымның дала аймағында үш жарып
–сойылған иттердің 1 нен осы цестодтың 5 данасын табылды.
П. П. Вибе (1959) Семипалаты облысында 112 жарып- сойылған
шошқаладан біреуінде T.solium . бар екенін хабарлады.
СССР да бірінші болып 1928 жылы, Эстонияда М.Гобмайер қойда
Cysticercus ovis-ті анықтады.
В. М. Косолапов (1931) Киевтің қасабында 42 шошқа жүрегінде
цистицеркті кездестірді, ал басқа жағдайларда паразттер тасқа айналған
екен.
Н. П. Папов (1937) Орталық Қазақстанда 7595 зерттелген шошқаладың
2%.T. solium-нің барлығын анықтады. Цистицерктер жүректің, қабырға аралық,
іштің пресс етінде орналасқан.
С. Г. Каюков (1940) Чарджоу еткомбинатында (Туркмения) шошқа дене
бұлшық етінде, жүрегінде, дифрагмасы мен өкпесінде цистицерктің
генерализовандық формасымен зақымданғанын суретттеп жазған.
П. Л. Бурджанадзе (1943) көрсеткен, 1939 жылы Тбилиси ет
комбанатында шошқа цистицеркозын тіркеген. Одан басқа 1933 жылы Грузияның
Ахалцих ауданында шошқа цистицеркозын екі рет кездестірген
Н. В. Баданин (1949) Узбек ССР-да T.solium-ді шошқаның жүрегінде
кездестірген (мал дәрігері Закшевскидің материалдарынан).
Х. В. Аюпов (1954) Башкир АССР Татышлин ауданында шошқа цистицеозының
екі жағдайын тіркеген. Цистицерктер жүрек және дене еттерінде орналасқанын
анықтады.
М. А. Ахмедшин (1956) 1954 жылы Троицк ет комбинатында Челябі облысы
және Солтүстік Қазақстаннан келген шошқалардың 3,5 % шошқа цистицеркозын
жүрек етінен, көпшілігіне эпикард пен миокардтан кездестірген. Екі жағдайда
қанқа етінде, диафрагмада және жүрегінде генерализованды формасы кездескен.
А. Н. Каденации (1937) және Н. Ф. Голубев (1960) Қырымда бұл
гельминтозды шошқадан басқа иттерден де кездестірген
Н. Т. Кадыров (1961) Қазақстанның Целиноград облысында толық емес
гельминтологиялық жарып- сою тәсілімен қарағанда 426 шошқаладың 16 (3,7 %)
T.solium тапқан.Шошқа цистицеркозының таралуын зерттеуде П. П. Вибе (1959)
Қазақстанның Семей және Алматы еткомбинаттарында көп жұмыс жасаған. СССР-да
шошқа цистицеркозын ешкіде бірінші рет П. П. Вибе тіркеген. Семей
еткомбинатында зерттелген 25470 әр түрлі жастағы шошқалардың 159 (0,62 %)
шошқа цистицеркозы жүректе табылған. Санитарлық бойнаға тапырылған,
емделуге келмейтін, бір жасқа дейінгі 87 торайлардың 19 (21,8) цистицеркпен
заладанған болып шықты.Алматы ет комбинатында зерттелген 312 торайлардың 24
(7,7 %) цистицеркпен заладанған.
П. П Вибенің ескертуі бойынша өміршең цистицерктер тек бір жарым жасқа
дейінгі торайларда кездескен, ал одан жоғары жастардағы малдарда
цистицерктер өлген, тасқа айналған.
Қазақстанның Ақтөбе облысында П.П. Осипов (1962) бұл гельминтозды
дала және жартылай дала өңірінде зерттелген малдың 1,5 % тіркелген, жиілігі
төмен болған.
Зерттеушілердің көрсетулеріне қарағанда Москва ет бақылау
станциясында цистицерктер ұша еттерінде және жүрегінде кездескен, көпшілік
жағдайда тасқа айналған.
Сонымен қатар, Г. А. Карманова және А. Муртазаев 1953 жылы
Узбекстанда ең бірінші болып цистецирктерді 7 шошқаның 3 тапқан және де
көлденен-жолақ бұлшық етінде генерализовандық зақымданғанын тіркеген.
Сонымен, СССР-да шошқа цистицеркозы РСФСР (Челябі және Москва
облыстарында, Башкир АССР-да), Украинада, Қазақстанда, Түркменияда,
Узбекстанда, Грузияда және Эстонияда тіркелген.
Узбекстанда шошқа цистицеркозын шошқаның жүрегінде бірінше болып Н. В.
Баданин кездестірген. Д. А. Азимов (1965) республиканың оң -түстігінде
2503 шошқаның ішінен бір (0,04 %) бес айлық торай жүрегінде кездестірген.
Н. А. Губайдулин (1968) Шығыс Қазақстанда Қытай мен Монголиядан
әкелінген малдардан шошқа цистицеркозын тапқан.
1959 жылы Узбекстанның 18 ет комбинатының ОПВК –ның мал ауруларын
тіркеген журналдарын анализ жасағанда 14 жылда (1958-1971) шошқа финнозы
тек 4 ет комбинатында: Ташкент, Самарканд, Чирчик, Ангрен да тіркелгендігі
анықталды.
Әрі қарай зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, Узбекстанда ОПВК –ың
материалдары шошқа финнозын толық көрсетпейді, тек өте көп залалданған
жағдыйда тіркеледі. Соңғы 9 жылда (1959-1967) 88314 шошқаның ішкі
мүшелерін ларвальды цестодозарға зерттеген.
Ю.Н. Голощапова (1964) мәліметінде дамыған цистицерк- бұл жартылай
мөлдір келген элипс тәрізді көпіршік.Көлемі дәннің үлкендігінен бастап,
бұршақ тұқымының үлкендігімен бірдей.Ұзындығы 6-20 мм, ені 5-10 мм
келген.Цистицирк қабырғасы екі қабатты тканьнен, ал ішкі жағы
опалесцирленген сұйыққа толы.Оның ішінде ішкі қабатқа бітіскен сколекстері
бар.Ол цистицерк қабырғасынан ақ дақ ретінде көрініп тұрады,
Н.В.Димидов (1980) баяндауынша, дамыған цистицеркте ілмешітермен
қамтылған сколекстері болады.Шошқаларда цистицерктер негізінен жүрек бұлшық
еттерінде,тілде, қабырға аралығында жіне кеудеде кездеседі.Бірақ финктері
басқа да органдарында көзде, мида сонымен қатар сүйек бұлшықеттерінде
тіршілік етуі мүмкін.Цестицерктер шошқалардан басқа жабайы
қабандарда,иттерде, мысықтарда және адамдарда кездеседі.
В.А.Потемкин (1980) айтуынша, шошқалар және басқа да жануарлар
цистицеркозбен адамдардан жұқтырып алады.Инвазияланған адам дамыған цестод
бунақтарын сыртқы ортаға бөліп отырады.Сыртқы ортада бунақтар белсенді
қозғалып отырады.Аралық иелері T.solium жұмыртқаларымен зақымдалған азық
пен сумен жұқтырып алады.Шошқаның ішегінде онкосфералар жұмыртқадан шығып,
қан мен лимфа өзектеріне өтіп, бұлшы ет тканьдеріне, миға, көзге және т.б.
органдарды зақымдайды.20 күннен кейін онкосферада сколекстері пайда болады,
ал 40-50 күнене кейін онкосфераның сколекстерінің сорғыштары ,хоботоктары
пайда болады да, 2-4 айдан кейін оның дамуы тоқталады.Шошқалада
цистицерктердің өміршеңдгі 3 жылдан 6 жылға дейін, кейін олар жұмырланып
тасқа айналып өледі.
Шошқа цистицеркозы жасырын түрде өтетін, бұлшық етінің зақымдануымен
сипатталатын гельминтоз.
Цистицерктердің орналасуы: жүрек, диафрагма, ұша бұлшық еттері, өңеш,
тіл, өкпе, бауыр, асқазан клегей қабығы және омыртқа жұлыны.
Зияны: зақымданған малдың еті тағамға пайдалануға жарамсыз болып
қалады.
1.1 Қоздырғышы және морфологиясы. Жынысы жетілгенін – Teaniahys solium деп
атайды.
Taenia ovis –тің басы және бунақтары
Мұның ұзындығы 6-20 м, басы домалақ, аумағы 1-2 мл, сколексі қарусыз,
мойны жіңішке, дене стробиласы 2000 – ға жуық буылтықтардан тұрады. Мойнына
жақын орналасқан бунақтары кішірек, құйрық жағына қарай көлемі ұлғая
түседі. Қосжынысты бунақтарындағы тұқымдық ағзалары тең, дөңгеленген екі
бөліктерден құрылған. Жетілген проглотидада ұзынынан орналасқан жатыр
тармақтарының саны 18-32, кейде 15-35. Лавроцистасы – майда көпіршік,
ауқымы тары немесе күріштің дәніндей болады. Түсі ақ немес сарғыштау
келеді. Екі қабығы бар, ішінде сұйық бар, бір қарулы сколекс орналасқан.
Шошоқада тілде, жүректе, көк етінде, қаңқа еттерінде орналасады.
1. Имаго, ересек сатысы Teania solium – ұзындығы 1 м-дей, сколексі
қарулы, пісіп – жетілген бунақтар ұзынша келген, ішінде ұзыннан
орналасқан жатыр бар. Жатырдың тармақтарының саны 20-25 дейін. Ол
иттің ащы ішегінде кездеседі.
Taenia solium бунақтары
2. Жұмыртқа – майда, сопақтау, сыртқы қабытының көлденең сызықтары бар,
ішінде ұрығы – онкосфера бар.
Тении шошқаладың онкосферасы
1.2 Биологиясы және дамуының нобайы. Бұл құрт – биогельминт,
дамуына міндетті түрде екі ие қажет. Ақтық иесі – иттер және тағы басқа
етқоректілер. Аралық иесі – қой, ешкі.
Имаго – итте, ақтық иеде
↓
Пісіп – жетілген бунақтар – сыртқы ортағы түседі
↓
Жұмыртқалар, бунақтардан шығып, малдың ішегіне түседі
↓
Ларвоциста – қойда, аралық веде 4-5 айда бұлшық еттерінде өрбиді
↓
Имаго – иттің ішегінде қалыптасады (1,5-3 айда).
1.3 Жіктелуі (Қадыров Н. Т., 2000)
Топтама үсті – Надтип – Scolecida (төменгі, амерлық құрттар)
Топтама – Тип – Plathelminthes (жалпақ құрттар)
Тек тармағы – Класс – Cestoda (таспа құрттар)
Тобы – Отряд – Cyclophyllidea
Топ тармағы – Подотряд – Taeniata
Тұқымдасы – Семейство – Taeniidae
Туысы – Род – Taenia
Түрі – Вид – Taenia
solium
Taenia solium – нің морфологиясы
1 - а – қармақшалардың коронасы; б – сколестер қармақшаларымен;
2 – гермафродитті бунақ; 3 – ересек бунақ; 4 – қозы жүрегіндегі тірі
цистицерктер.
1.4 Індеттанулық деректер – бұл ауру Қазақстанда, Орта Азияда,
Украинада, Ресейде тіркелген. Бұл ауру адамдардың кесірінен дамып,
жануарларға жұғады. Жас малда ауру жиірек кездеседі де олар өлім – жітімге
көп ұшырайды. Ауру жылдың барлық мерзімінде тіркеледі.
1.5 Өсіп - өнуі. Құрт бунақтары адам нәжісімен бірге сыртқа шыққан соң,
ондағы жұмыртқалар өсімдікке, жемге, суға енеді, жайылымдар ластанады. Ал
ірі қара оларды шөп, немесе су арқылы жұтып зақымданады. Денегі енген
жұмыртқалар онкосферасы мал ішегінің ішкі қабығын тесіп өтіп, қан
тамырларына түседі, қан арқылы бұлшық еттер талшығының аралығына түседі,
қан арқылы бұлшық еттер талшығының аралығына барып жайғасады. Онда олар 3-6
айда жұқпалы цистицерк бүршігіне айналып, кәупті шала пісірілген,
қуырылыған етте тіршілігін сақтайды. Адамға гельминтоз осындай еттер
арқылы жұғады. Адам организімінде көпіршіктің ішіндегі балаңқұрт өзінің
сколексімен ішектің кілегей қабатына бекініп, 2,5-3 ай аралығында ересек
таспасына айналады, яғни құрттың ақтық иесін тениаринхоз дерті не душар
етюді.
1.6 Аурудың өтуі және белгілері. Олар қоздырғыштың түріне, инвазияның
деңгейіне, малдың түріне, қоңына, жәнеде тамақтандыруы мен бағып күтуіне
байланысты. Бірақта жалпы белгісі асқазан - ішек жолдарының қызыметінің
бұзылуы, асқазан айналасының он сипап ұстағанда қатты ауруы, ішек
жолдарының катаральдық қабынуы. Диарея (іш өтуі) оның қатуы мен алмасып
тұрады. Тәбеті төмендейді немесе толығымен жоғалады. Ауру жеңіл болса
тәбеті күшейеді. Құсуға икем келеді. Ауру мал арықтайды және дене салмағы
жоғалтады. Әсіресе жас малдарда ауру өте ауыр өтеді. Сырттан көрінетін
кілегей қабықтары сарғайған, кұрық айналасы дуылдап қышығандықтан малдар
сол орындарын кезкелген заттарға немесе еденге үйкейді. Ара – тұра денесі
құрысады. Осы аурулардың ішінен эхинококкоз өте ауыр өтеді, өлім – жітімде
аз болмайды. Инвазиясы аз болса, сонымен қатар қоздыргышының түріне
байланысты ауру көрініссіз өтуі мүмкін.
1.7 Патогенез. Жоғарда көрсетілген аурулардың қоздырғыштары өте мықты
хитинды ырғақты хоботогітері бар. Олар мен немесе сорғыштарымен ішектің
қабырғасына беркінеді, клегей қабығын жарақаттайды және сонымен асқорытылу
функциясын бұзады. Паразиттер денесінен шыққанған үлы заттар жануар денесін
уландырады және көптеген мүшелердің және системаның функциясы бұзылады
жүйке жүйесі, қанжолының және де басқасы. Инвазияның жиілгі жоғары болса
ішек бітеліп нәжіс жүрмей қалуы мүмкін. Бұл асқазан маңының қатты
ауруымен (шаншуымен), нәжіс бөлінінің, құсуымен, іш өтуімен немесе ішінің
тоқтап қалуымен жалғасып жатады. Бұ кезде тәбеті жоғалады немесе
төмендейді. Жануар арықтайды және өлуіде сирек емес.
1.8 Ауруды балау. Балауды жүргізу кешенді түрде жүргізіледі,
анамнестикалық белгілердің, клиникалық көріністердің және нәжісті
зертханалық зерттеулердің оң нәтижелерігің қортындысымен қойылады. Балауса
нәжісті бір тәуліктен кешіктірмей немесе тікелей тік шектен алып
зерттейді.Оларды ішінде суы немесе 40 % спирт езіндісі (водка) бар банкаға
салады. Тек жұмыртқаларды зерттеп қоздырғыштардың түрін анқтау қиын, себебі
әр-түрлі цестодтарда олардың көлемдері бірдей және морфолргиясы жағынан
ұқсас.
Нағыз бағалысы бақылаулық – балау және салыстырмалы – балау
дегельминтизациясының көмегімен дәл анықтауға болады. Оны 1% бром қышқылды
ареколинның су ертідісімен жүргізеді.
Нәжісті зарттеуге даярлағанда ескеретін жағдай сол, эхинококк және
басқада құрттардың онкосфералары адамға өте қауіпты ауырудың көзі болуы
мүмкін.
1.9 Өлекседегі өзгерістер. Цистицеркоздан өлген мал. Денесінің
көптеген жерінен нүкте тәрізді қанталауы байқалады, Мұндай өзгеріс, әсіресе
жүректе басым болады. Құрсақ қуысына қан араласқан сарысу жиналады. Бұлшық
ет аралығынан, жүрек пен тіл ден цистицерктер тыбылады.
Жүректегі құрттар
Эхинококк
1.10 Емі. Қазіргі кезде ит, мысық,шошқа т. б. асқазан-ішек құрттарына
қарсы өте тиімді, универсалды, бірнеше антгельминтиктер өндіріске
енгізіліп, олар дәріханаларда елге таратылуда. Бұлардың көпшіліге
Германияда немесе Россияда шығарылады. Бұл деген осы елдердің білімінің,
ғылымының, техникасының өте жоғары дәрежеде дамығандығын көрсетеді.
Мысал: Альбен С, Биовермин таблетки, Верпанил таблетки, Гипповерм,
Дирофен, Дихлорофен, Дронтал-джуниор, Дронтал плюс для собак, Ивермектин
1%, Каниквантел плюс, Кукурбин, Левамизол-В, Мизофен, Панакур, Поливеркан,
Празиквантел (азинокс), Празител, празител плюс, Празицид, Прател, Тенавер,
Тимбендазол, Триантелм, Тронцил, Тронцил К, Фебамел, Фенбесан, Мониезия,
Цестал плюс, Цестал КЭТ.
1.11 Сақтандыру. Шошқаларды системалы түрде іш және сырт құрттарына
зертханаларда зерттетіп тұрған жөн, ал егер оң жәтиже берген жағдайда
емдетіп, дегельминтизациялау қажет. Оның сапалылығын бағалау 2-3 аптадан
кейін, ішінара, немесе барлық тіркелген малды қайтадан
дегельминтизациялайды
Ит пен мысыққа сойған малдың сойыс өнімдерінің қалдықтарын, эхинококк,
ценур, тенуикольды цистицерк көпіршіктерін, описторх метацеркарилары
табылған балықтарды, суға салып қайнатпай жегізіге болмайды. Егер олай
жасамаса ҚР заңы алдында қатаң жаза тартады. Ешқандай адвокат қорғай
алмайды. Себебі, адам өміріне қауып төндіріп, адам өлтіргенмен бірдей
қылмыс жасады.
Ит пен мысық эхинококкоз, альвеококкоз, ценуроз, описторхоз және
т.б. аурулардың қайнар көзі болуы мүмкін, егер осы құрттардың
онкосфералары амдам асқазанына түссе. Соған байланысты, жеке бастың
медициналық – ветеринарлық – санитарлық, ережелерін қатаң сақтау өте
маңызды
Өзінен өзі өлген және сойылған шошқалардың жүрегінен, бауырынан,
өкпесінен, талағынан, бүйрегінен, бас миынан, сынама кесінділерін алып
оларды формалиннің 10 % ертіндісінде беркітілді. Гисто кесінділері
дайындалды, олар гемтоксилин-эозинмен және Ван-Гизонмен боялды; ми
сынамасын гематоксилин-эозинмен және Цилл - Нилцсон тәсілімен боялды.
Торайлардың шошқа цистицеркозының экспериментік тәжрибеде өтуін
қараймыз.
Жедел тәжрибеде тении феноз жұмыртқасымен залалданған торайдың бір
тәуліктен кейін дене қызуы 40,3 0 , ал бақылау тобында 39,8 0 С.
Залалданғаннан 3, 5, 10 шы күннен кейін торайлардың жалпы жағдайы
нашарлады. Күн сайын дене қызу көтеріле бастады, дем алысы жиіледі,
гемоглобин мен эритроциттер саны азйды, лейкоциттер саны көбейді, СОЭ
көтерілді, қанда сілтілі ертінді және қант саны төмендеді, қанның
лейкоцитарлық және ақуыздық формаларында өте бір ерекше өзгерістер
айқындалынбады.
Гельминттердің инвазиялық элементтерінің өмір сүру мерзімдерін анықтау
шошқа цистицеркозына қарсы сақтандыру шараларын жоспарлауға және
ұйымдастыруға бағытталған.
Қол жеткен әдебиеттерде біздер осы сұраққа қатысты материалдарды
кездестірмедік және сол себепті басқа ларвальды тениидиоздардың зерттеу
нәтижесіне сүйендік. Қой басында ценур көпіршіктері сыртқы ортада 1-14 ºC
температурада 6 тәулік бойы өміршеңдігін сақтайы, ал 15-20 ºC 3 тәуліктен
кейін итке жегізгенде оларда паразит табылмады. Жазда + 22-25 ºC
температурада 3 тәулік ішінде ценурлар өміршеңдігін жоғалтты. Осы
зертттеушінің мәліметтері бойынша ми цеплясының жұмыртқасы, 160 тәулік бойы
қар астында қыстап шықсада, жазғы тұры малды залалдауы мүмкін.
Ценур, эхинококк, теникольді цистицерктердің просколекстері – 3-29 ºC
3 тәуліктен кейін өміршеңдігін жоғалтады, жазда күн астында 35-42 ºC 3
тәулік ішінде және жазда жерде болғанда 5 тәуліктен кейін өледі.
Эхинококк просколекстері тоңазытқыштың камерасында температурасы – 5
ºC 3 тәулікте өледі, ал + 4 ºC 12 тәулікте.
Эхинококк просколекстері қыста – 5 ºC температурада өміршеңдігін 1-4
тәулікке дейін, жазда + 27 ºC температурада 4-7 тәулікке дейін жазда + 27
ºC температурада 4-7 тәулік бойы, жазғытұры және күзде + 12,9 ºC
температурада 12-18 тәулік бойы сақтайды. Эхинококк жұмыртқасы инвазиондық
қасиетін қыспен жазғытұры (желтоқсан – наурыз) мезгілінде 75 тәулік,
жазғытұры (наурыз – мамыр) – 78, жазда (тамыз) – 30, күзде (қыркүйек –
қараша) – 83 тәулік.
Біздің міндетіміз қой цистицеркозының залалды элементтерінің
зертханалық және сыртқы ортада өмір сұру мерзімін айқындау.
Қазақстанның қой шаруашылығына көптен – көп зиян келтіретін ларвальды
цестодоздардың бірі қой цистицеркозы, ол әлеуметтік және үнемдік күрделі
мәселе. Дей тұрғанмен бұл инвазия Цивирко И. А. ғалымдардың зерттеу
жоспарларына ілікпеді.
Қой цистицеркозының қой денесіне тигізетін патологиялық әсері нашар
зерттелген.
Кейбір зерттеушілер көрсеткендеріндей қой цистицеркозында
эритроциттер, гемоглобин төмендейді, лейкоциттердің, эозинофилдердің саны
көбейеді. Қозылардың денесінде таспа ovis-тің жұмыртқасымен әртүрлі
мөлшерде экспериментальды кейбір геморрагиялық және биохимиялық
көрсеткіштерінің өзгеретіндіктері байқалған.
Қозылардың тенуикольды цистицеркозында көптеген зерттеушілердің
байқағанындай қан көрсеткіштері (лейкоцитоз, эозинофил, эритроцит,
олигохромемия) және бұзаулардың ірі қара цистицеркозында өзгереді.
Көптеген гельминттердің патогенезін зерттегенде
аспартатаминотрансфераз (АСТ) және аланинаминотарнсфераз (АЛТ)
белсенділігін анықтау үлкен маңызды.
Көптеген қаламгерлер бұл ферменттердің белсенділігін тенуикольді
цистицеркозбен және эхинококкозбен залалданған қойдың қан сарысуында
зерттеген.
Қой мен шошқаның эхинококкозының басында АСТ блсенділігі, ал АЛТ
залалданғаннан тек 3-4 айдан кейін байқалған. Тенуикольды цистицеркозда
ферменттердің екеуініңде белсенділігі паралельді.
Кейбір зерттеушілер патоморфологиялық өзгерістерді шошқа
цистицеркозында байқағаннан 40 күнннен кейін цистицерктер
петрификацияланған.
1.12 Шошқа цистицеркозының шаруашылыққа тигізетін үнемдік зияндығы.
519 шошқаның 19 қой цистицеркозымен залалданған, ал 500 сау болды. Шошқа
цистицеркозымен жоғары дәрежеде залалданған шошқалардан сойғанда 11,2 кг
ет, 1,65 кг май, 2600 тенгеге. Н. М. Матчанов,
В. М: Салыков, Р. Э. Бекиров, Р. Т. Дустова, З. Джумаев ценурозбен,
тенуиколды цистицеркозбен, альвеококкозбен, шошқа цистицеркозымен,
эхиноккозымен зақымдалған етінің химиялық (ақуызын, майын, күлін, калий,
кльций, магний, фосрор) және еттің амин қышқылды құрамы.
Зерттеуге 98 шошқаның ет сынамасын арқасынан, (18 –
альвеококкозбен,12 –қой цистицекозымен, 15- эхинококкозбен, 16
гельминттермен зақымдалмаған). Алынған цифрлар биометрлік тексеруден
өткізілді. Бұл паразиттің ит ағзасында жынысы жетілген сатысына жеті
мерізімі 7 апта, бірақта бұл мерізім әлдеде ұзаруы мүмкін.
E. M.Pullar (1949) қорытындыға келеді, Ресейде шошқалардың шошқа
цистицеркозымен залалдануына қосымша роль атқаратын түлкі немесе басқа
жыртқыштар болуы мүмкін деген.
Узбекстан зерттеушілерінің жұмыстары ауру қоздырғышы тения феноздың
даму айналымына арналған.
1964 ж 7 қазанда 4 итке шошқа жүрегінен алынға жегізген. Айдан
кейін иттерді жарып – сойғанда тек біреуінің ащ ішегінен 4 цестодты тапқан.
Авторы екі күшікке ешкіден алынған үш финнды жегізген, бірақта 1 ай 10
күнде күшіктердің ащы ішегінде паразиттер болмағанын айтады.
Келесіде ешкінің 6 цистицерктін жегізіп 9 айдан кейін сойғанда
ішегінен парзиттер табылмаған. Шошқаның орналасқан 15 цистицеркті 3 күшіке
бөліп жегезгенде, бір ит 63 күннен кейін паразит бунақтарын шығара
бастады, ал екіншісі 84 тәулікте, жарып –сойғанда ол екі иттің ащ ішегіне
5 дана тения солиумды кездестірдік, ал үшінші итте паразит болмады. Келесі
бір тәжрибеде шошқадан алынған көпіршіктерді жегізгенде паразиттер иттің
ащ ішегінде 266 күн өмір сүрді. Содан кейін осы паразитердің жұмыртқаларын
торайға жегізгенде олардың жүрегінен финндер табылды.
Шошқа цистицеркозымен зақымдалған шошқаның етінде, бақылау тобымен
салыстырғанда, дымқылы жоғары, ақуызы, майы, темірі, аз болды.
Ондай шошқалардың етінде, өкпесінде, бауырында, талағында, және бүйрегінде
триптопанның саны көбейген.
Таспа құрт сатысының көрінісі (Рансом бойынша, 1913; Петров және
Потехина, 1953 бойынша). Стробила ұзындығы 45 тен 110 см дейін, ең жоғарғы
ені 4-8,5 мм. Сколекстың ені 0,800-1,250 мм. Вибе (1959) белгілегеніндей
стробиланың ұзындығы 120 см дейін жеткен және 200-300 кеспелтектен
құралған; сколекстің түрі алмұрттай,сорғышы күшті жетілген. Хоботог
диаметрі 0,375-0,430 мм, 24-36 кармақтармен қаруланған, екі қатар
орналасқан. Бірінші қатардағы қармақшаларының ұзындығы 0,156-0,188,
жүзіорташа иілген, тұтқасы салыстырмалы жіңішке, дорзальды және вентральды
қырлары параллельді, бірақ дорзальды жағасында екі шұнқыры бартұтқаның
бұтағының түбіне жақын ораналасқан. Түпкі бұтағы конусты формалы, жүзінен
шамамен тік бұрышпен шығады, бірақта тұиқысынан доғал бұрышпен шығады.
Екінші қатардағы қармақтарының ұзындығы 0,096-0,128 мм өткір жүзі күште
иілген; тұтқасы ұзын, жіңішке, және ұшына қарай жіңішкерген. Түпкі бұтағы
тұтқасына жерінде, доғалы бұрыш құрайды, оның төбесі доғалы конустық түрі
бар және медианды бороздамен қаруланған. Сорғыштарының диаметрі 0,270-
0,320 мм. Мойны сколекстен едәуір жіңішке, жалпақтығы 0,650-0,900 мм және
ұзындығы (присосканың артқы ішетімен алдыңғы бірінші кеспелтекке дейін).
Барлық кеспелтектер бірінші кеспелтектің алдынғы жагасына дейін.Пісіп
жетілмеген және гермафродиттік кеспелтектердің ұындығы 15 мм жетеді, ені 3-
3,5 мм. Жыныс мүшелері күшті жетілген және кеспелтектің шамамен ортасына
орналасқан. Семенниктері 300 жақын, олардың экскреттік тамырлары бар.
Яичник екі қанатты, және екеуінің де түрлері көлденең- овалды.. Жеточник,
көлденен бағытта созылған, яичниктің арт жағында орналасқан, және оның жан-
жағы ішеттері яичниктің жанындағы деңгейіне жетпейді. Мелис тельцасы
желточник пен яичниктің арасында медианно жатыр. Қынабы бурса мен
семяпровдтың артында жатыр. Маткасы жетілген кеспелтекте әр жағынан 20-25
жанынан бұтақтар өтеді. Жұмыртқасы овельды формада, ұзындығы 0,030-0,034
мм және ені 0,024-0,028 мм. Белгілі ит тениилерінің ішінде Т. solium
қармақшаларының формасы бойынша Т. hydatigenaға жақын тұрады, ал
стобиласының сипаттамасы бойынша T. pisiforis ке жақын. Бірақта екінші
қатардағы түпкі бұтағы T. hydatgena да терең тармақтар бар, ал ондй T.
ovis те жоқ. Сонымен қатар, T. hydatigena да стробила жуан, жыныстық
емшектері шамалы жетілген, семенниктері желточник жатқан жерден шығыңқы
және, ең соңында, жетілген кеспелтектердегі маткасы жанындағы бұтақтарынан
үлкен. Жоғарыда жүргізілген тәжрибелердің нәтижесінде төменгідеі қорытынды
шықты. Шошқалардың шошқа цистицеркозымен экспериментальды залалдандырғанда
нәтижесі мынандай болады:
а) паразиттің денені шарлауымен және инфекцияны денеге еңгізуімен малды
өлімге душарлатады;
б) қашан иммунобилогические және морфобиологические реакциясы төмендемесе,
паразиттер өсіп-өну сатысында өліп қалса, онда мал аурудан жазылады;
в) дененің иммунобиологических және морфобиологических реакциялары
нашарласа паразит өсіп жетеледі.
Көптеген тәжрибелердің нәтижесінде адам шошқа цистицеркозының аралық
иесі деген болжам беркітілді.
Вибе (1959) көрсеткендей осы түрдің өте жақын, морфологиялық
ұқсастығы Multctps skriavini бірақта біздің ойымызша бірінші қатардағы
ілгешектердің М. skriavini тұтқасындағы төмпешік сондай ерекше, сондықтан
оны салыстырмалы балауда қиыншылық тудырмайды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz