Ценуроздың ауруының өрбуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Қорғауға жіберілсін

Ветеринария және агробиотехнология факультетінің

деканы, в.ғ.д., профессор ---------------- К.Ж. Кушалиев

----- ----------------- 2009

Алдын-ала қорғаудан өтті

Эпизоотология, паразитология және ВСС кафедрасының

меңгерушісі, в.ғ.к., доцент---------------- Г.Г. Абсатиров

----- ----------------- 2009

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қой шаруашылығындағы Қозы
ценурозы және ветеринарлық санитарлық шаралар тақырыбына

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің

5 курс студенті ------------------------
Сандыбеков А.Б.

Ғылыми жетекші: в.ғ.к., профессор ------------------------- Кереев Я.М.

Сын-пікір беруші: Батыс Қазақстан

Облыстық ветеринарлық зертхана

Директоры, в.ғ.к., доцент -------------------------
Аманжолов Б.А.

Орал, 2009

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Тақырыптың өзекітілігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...

Зерттеудің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Зертеудің міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Әдебиетке шолу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1. Ценуроздың пайда болуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .

1.2. Ценуроздың
морфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..

1.3. Ценуроздың қоздырғышысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...

1.4. Ценуроздың жіктелуі-систематика
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .

1.5. Ценуроздың өсіп-өнуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

1.6. Ценуроздың эпизоотологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..

1.7. Ценуроздың ауруының өрбуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...

Сырт белгілері-клиникасы (бірінші, екінші, үшінші және төртінші
сатысы)

1.8. Диагностика
–балау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.9. Салыстырмалы балау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .

1.10.Өлекседегі өзгерістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

1.11.Сауықтыру шаралары
(емі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .

1.12.Сақтандыру шаралары
(профилактика) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..

Өзіндік зерттеулер

2. Зерттеу әдістері мен материалдар

2.1.Малды тірі кезінде ценурозға зерттеу әдістері

2.2. Сойып-жару тәсілдері

2.3. Ақсай қой шаруашылығына мінездеме

Өзіндік зерттеулер нәтижесі

3. Ақсай қой шаруашылығында ит мультициптозымен қозы ценурозының таралуы
және

ветеринарлық –санитарлық
жағадайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...

3.1. Ақсай қой шаруашылығында иттердің мультициптозымен залалдануы
... ... ... ... ... ...

3.2. Ақсай қой шаруашылығында қозылардың ценурозға шалдығу деңгейі
... ... ... ... ... ... .

3.3. Итті ішек құрттан, ал қозыларды ценуроздан сауықтыру және
сақтандыру

шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.4. Мультицептозға қарсы иттерді, ал ценурозға қарсы қозыларды

антигельминтектермен емдеудің үнемдік тиімділігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды

Ұсыныстар

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

Кіріспе

Мал, әсіресе, қой шаруашылығын өрендетуде елеулі зиян келтіретін бір
жастағы қозы (28% дейін) дан екі жасқа дейінгі тоқтылар шалдығады. Ауру
малдың өлімінен тынады. Сол себептері бұл ауруды дипломдық жұмысқа әдейі
алып отырмыз.

Тақырыптың өзектілігі. Шаруашылықта қой басын көбейтуге кері әсерін тигізіп
тұрған бұл қозы ценурозы. Материалдық саның салдарынан үнемдік зиян
шеқіріп тұрғандықтан қозы ценурозы бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Зерттеудің мақсаты. Қозы ценурозының таралу деңгейін анықтау, балау,
сауықтыру және сақтандыру шараларын ұйымдастыру.

Зерттеудің міндеттері:

• Бөрлі ауданы, Ақсай қой шаруашылығында иттерде мультипцептоздың, ал
қозыларда ценуроздың таралу деңгейін айқындау;
• Иттерде мультицепстерді, ал қозыларда ценурозды балау;
• Иттерде мультицептерден, ал қозыларды ценуроздан сауықтыру және
сақтандыру ветеринарлық-санитарлық шаралар;
• Мультицептозға қарсы иттерді, ал ценурозға қарсы қозыларды
антигельминтектермен емдеудің үнемдік тиімділігі.

1. Әдебиетке шолу

Қой шаруашылығы республикада байырғы мал шаруашылығының бір саласы. Малды
амалсыздан сою және өлуінің нәтижесінде ценуроздан қой шаруашылықтары жыл
сайын жүздеген миллион теңге шығынға ұшырайды.

Көптеген зерттеулердің хабарлауынша (Никитин В.М., 1958; Абуладзе К.И.,
1964; Бессонов А.С., 1988; Шамхалов В.М., 1988) ТМД елдерінің әр түрлі
табиғаттық –климаттық жағдайларына және соның ішінде Қазақстан
Республикасында да (Шульц Р.С., 1959; Бондарева В.И., 1963; Рамазанов В.Т.,
1975,1979; Шантаев С.У№, 1988 және басқалары) ценуроз кеңінен тараған.

Ценуроз (теңтек) бір жасқа дейінгі жас қозыларда жиі кездеседі, оның құрты
миды зақымдайды. Теңтектен көбінесе күйіс қайратын түлектер, оның ішінде
қой көп ауырады. Мида тауықтың жұмыртқасының көлеміндей көпіршік өседі. Ол
көпіршіктің ішінде 200-ден 400-ге жуық иненің көзіндей ұсақ бастары болады.
Онымен бірге көпіршіктің іші суға толы.

Бұл ауру барлық қой шаруашылықтарында кездеседі. Республикамызда жыл сайын
алынған қозылардың 28% астамы ценурозға щалдығады. Осының салдарынан
соңғы жылдары теңтек ауруы адам арасында да шыға бастады.

Ценуроз ең алдымен малға, адамға теңтек қойдың басын мүжеген, иттермен,
мысықтардан жұғады.Иттің ішегінде ұзындығы бір метрден астам мультипцепс
дейін таспа құрт болады. П.П. Вибеннің есебі бойынша теңтекпен ауырған
қойлар аурудың бас кезінде 2,6 кг (17%) етін, 0,2 кг (18%) майын
жоғалтады.

Теңтектен дендеген кезінде қой 3,7 кг (25%) етін және 1,05 кг (95,5 %)
майын жоғалтады. Өлуге жақындаған қойды сойғанда еті тіпті тамаққа
жарамсыз болады. Бұл аурудың соңғы сатысы. Міне, әр қойдың шығыны келіген
салмағы мен еті, майынан тұрады.

1. Ценуроздың пайда болуы
Ценурозды (теңтек, айналма, миқұрт) тудыратын құрттың жыныстық жетілген
сатысы иттің, кейде қасқырдың, қорқау қасқырдың және түлкінің ащы ішегін,
ал балаңқұрт (лавроциста) сатысы қойдың, сирегірек ешкінің, бұзаудың,
кейбір тағы тұяқтылардың орталық жүйке жүйесі ұлпаларын (миында және
жұлынында) мекендейді.

2. Қоздырғышы. Имаго –ұзындығы 40-60 см-дей 1-1,5 м-ге дейін болады, денесі
200-250 бунақтардан құралған. Көпіршігі - -іші түссіз сұйыққа толы, ішкі
жағынан бүртік секілді нүктедей жүзден артық протосколекстері байқалады.
Мида 2-3 ценур кездеседі, олардың үлкендігі кейде тауық
жұмыртқасындай.

1.3. Өсіп-өнуі. Ценуроз –қой шаруашылығына елеулі зиян келтіретін, өте кең
тараған ауру.

Айналманы тудыратын құрттың жыныстық жетілген сатысы иттің, кейде қасқырдың
және түлкінің ащы ішегін, ал көпіршік лавроциста кезі қойдың, сирегірек
ешкінің, бұзаудың, кейбір тағы тұяқтылардың орталық жүйке жүйесі ұлпаларын
(миында және жұлында) мекендейді.

Қоздырғышы. Имаго –Multiceps multiceps –ұзындығы 40-60 см-ден 1-1,5 м-ге
дейін барады, денесі 200-250 бунақтардың құралған. Көпіршігі –Coenurus
cerebralis –іші түссіз сұйыққа толы, ішкі жағынан бүртік секілді нүктедей
жүзден артық сколекстері байқалады. Мида 2-3 ценур кездеседі, олардың
үлкендігі кейде тауық жұмырқасындай.

Өсіп-өнуі. Ит ішегін мкендейтін жүздеген мультицепстің әрбір пісіп-жетілген
буылтығында мыңдаған жұмырқалар болады. Күн сайын ондаған буанқтар құрт
денесінен үзіліп, нәжіспен бірге сыртқы ортаға шығып жтатады. Бунақтар
жауын-шашаны, жел-су ықпалымен ыдырайды да, ал олардан ажыраған жұмыртқалар
өсімдікке, суға түсіп, мал өрісіне тарайды. Малға айналма дерті гельминт
жұмыртқасымен былғанған, шөппен, сумен жұғады. Құрт жұмыртқасы мал
асқазанына түсісімен сыртқы қабықтарынан айырылады, одан босап шыққан
онкосфера ішекті тесіп өтіп, қан тамырларына енеді, қан арқылы миға не
жұлынға орналасып, 3 ай ішінде ценурға, яғни тентек көпіршігіне айналады.
Ит өлген немесе сойылған ценуроз қойдың басын кеміріп жеу арқылы
зақымданады. Ит ішегіне түскен баланқұрт орта есеппен 1,5-2 айда жыныстық
сатысына жетіліп, 6-8 ай, тіпті 1,5-2 жыл сонда тірішілік етеді.

1.4.

1.5.

1.6.Эпизоотологиясы. ценуроз Қазақстанның қой өсіретін барлық
шаруашылықтарында кездеседі. Айналмамен көбінесе бір жасқа дейінгі қозылар
ауырады. Ал екі жастан асқан қой бұл жасқа дертке сирек шалдығады. Мал
шығыны жылдың барлық айларында тіркеледі. Гельминтоздың малға жұғу мезгілі
оларды жайылымға шығарумен тікелей байланысты. Республикамыздың солтүстік
аудандарында мал өлімі жазғытұрым басталып, күздің аяғына дейін барады.
Өңтүстікте жас төлдердің тентекке ұшырауы сәуір-мамыр айларына басталады,
ал шілде-тамызда көбейе түседі. Ценуроздың клиникалық белгілері қойға оның
қоздырғышы жұққанан кейін 3-6 ай өткен соң ғана біліне бастайды. Бұл
аурудың ең асқынатын кезі-ерте көктем.

Ценуроздың эпизоотологиясында иттер маңызды міндет атқарады, өйеткені олар
сыртқы ортаға таспа құрттың жүзмындаған, миллиондаған жұмырқаларын шашады.
Цестодалардың жұмыртқасы күн сәулесі тікелей түсетін жерлерге тез жойылады,
ол керісінше көлеңкелі, ылғалды жерлерде тірлігін ұзақ уақыт (бір жылға
дейін) сақтай алады.

1.7. Аурудың өрбуі. Ценуроз қоздырғышының мал денесіне тигізер ықпалы
баланқұрт ащы ішек қабаттарын тесіп өткенінен-ақ байқалады.
Патоморфологиялық өзгерістер ащы ішек пен тоқ ішекте, бүйенде айқындала
түседі, бұлардың кілегей қабатынан көптеген нүкте тәріздес қанталауларды
көруге болады. Одан кейін онкосфера қан, сөл (лимфа) жолдары арқылы барлық
дене мүшелеріне таралады. Бас миында алғашқы өзгеріс ауру жұқтырғаннан
кейін 2 тәулік өтісімен анықталған. Ценур орналасқан жер зақымдалып
қабынады. Біртіндеп өсіп жетліген көпіршік түзіліп, ол орталық жүйке
жүйесінің қызметін бұза бастайды. Бұл гельминтоз өте зардапты дерт, одан
мал өлмей тірі қалуы екіталай.

Сырт белгілері ценуроз қоздырғышы балаң құрттарының жайғасқан санына және
оның мый бөлшегінен орын тепкеніне байланысты. Сондықтанда кейбір
клиникалық көріністеріне қарап-ақ құрт мидың не жұлынның қайсы тұстарына
орналасқанын ажыратуға мүмкіншілік туады. Ауру сырт белгілеріне қарай төрт
сатыға бөлінеді.

Бірінші сатысы немесе алғашқы жасырын кезеңі. Ценуроз жұққан қойда ешқандай
клиникалық белгі байқалмайды, бірақ қоздырғышты организмде бар екенін
иммунологиялық реакцияны пайдалану арқылы табуға болады. Екінші сатысы
немесе сырт белгілері білінген кезеңі шамамен алғанда жануар зазалданғаннан
кейін 17-29 күн өткен соң басталады. Мал аз жүсап, күйісті шала қайтарады,
денесі дірілдей, тісін қайрады, елеңдеп, жоқтан өзгеден үркіп, дүрлігіп,
кейде жатқан орнынан атып тұрып, құлақтарын қайшылап, шошынған қалып
танытады. Бұл кезең 2-7 күнге созылады. Қозылар арасында шығын болуы
ықтимал. Үшінші сатысы немесе екінші жасырын кезеңінде малдың күйі
кәдімгідей жақсарады, аталған клиникалық белгілер өзінен-өзі жойылып,
білінбей кетеді. Миқұрттың бұл сатысы 2-8 айға созылады. Төртінші сатысы
(8-9 айды қамтиды) немесе соңғы кезеңінде ценуроздың ерекше айқын
белгілері анықтала түседі. Ауру асқанған кезде жүріп келе жатып мелшие
қалу, бағытсыз жүріп кетк, қоралы малдан бөліне қашу, кілт тоқтап артқа
шегіну, оқтын-оқтын басын бір жағына қисайтып алып, бағдарсыз жүріп барын
сүріну, жығылу, басын кекжитіп алып тұра жөнелу, көбіне бағытын жоғалтып,
бір орнында айнала беру сияқты белгілер байқалады. Міне осындай белгілеріне
қарай халық бұл дертті айналма, тентек деп атайды. Егер ценур жұлында өссе,
түліктің жүрісі өзгеріп тәлтіректейді, ақырында артқы екі аяғын баса
алмай, шойырылып жатып қалады, өте арықтып, қатты күйзеледі. Негізінде
ценурозға шалдыққан малдың бәрі де өлімге ұшырайды немесе қолдна амалсыз
сойлады.

1.8. Малдың тірі кезінде ценурозды клиникалық белгілеріне қарап,
офтальмоскопия және аллергиялық тәсілдер арқылы анықтауға болады. Қойдың
бас сүйегін тексереді, себебі ол көпіршіктің қысымымен жұқарады. Ми қорабын
осы тұстан саусақпен сипап, басып не арнайы перкуссиялық балғамен сүйектің
үстінен тықылдату керек; балғаны дыбысы күнгірт естіледі, жануар қатты
ауырсынады.

Ми құрттың өсуіне байланысты жүйке жүйесі қатты зақымданады, соның
салдарынан қойдың көзі көрмей қалу мүмкін. Зақымдалған орынды анықтау үшін
офтальмоскопия қолданады яғни кәдімгі күн жарығын тартатын дөңгелек айна
рефлектор көмегімен көздің түбін тексеру. Бұл үшін көз қарашығын ұлғайту
мақсатымен көзге 0,5 %-тік атропин ерітіндісінің 2-3 тамшысын тамызады.
Осының арқасында көздің көру жүйкесінің ұшы (үрпісі) айнамен жақсы
көрінеді. Сау малдың көру жүйкесінің ұшы анық, бұршақ сияқты, көз торы
ақшыл не жасыл келеді (ақ қойларда), қаракөк немесе сарғыш түсті болады
(қара қойларда). Тентек қозының көз жүйкесінің үрпісі қабынады, жиегі көз
торымен қосылып көрінбей кетеді, қанталайды. Көздің торы сарғаяды. Дерт
үдеген сайын екінші көзі де зақымданады. Офтальмоскопияның ерекшелігі: бұл
әдіспен сырт белгілері шықпастан 2 ай бұрын айналмаға диагноз қоюға болады.

Аллергиялық реакция арқылы ценурозды аурудың алғашқы сатысынан-ақ анықтауға
болады. Аллерген миқұртының басы (сколексі) мен қабығынан не көпіршіктің
сұйығынан жасалады. Ас тұзынан 1%-ті ерітінді жасап, мұның 20 бөлшегін алып
оған сколекс не оның қабығының бір бөлшегін қосып, эмульсия жасайды (20:1)
немесе көпіршіктің сұйығын алып 0,5 %-ті фенол ерітіндісіне араластырады
(1:10). Осылай дайындалған аллергеннің 0,2 мл мал құйрығының жүні жоқ тері
қыртысына не болмаса көздің үстінгі қабақ терісінің арасына егеді. Егер мал
ауруға шалдыққан болса егілген жер 2-3 сағаттан соң домбығып қызарады.
Ісіктің көлемі 1,75-тен 4,2 см-ге жетеді. Сонымен қатар, Р.Г. Исмагилованың
да (1995) ұсынған аллергенін қолдануға болады. Бұл ми құртының сколексі мен
сұйығын арнаулы аппаратта кептірген ақ ұнтағы. Аллергенді физиологиялық
ерітінділермен араластырып (1:750), қосындыны 0,2 мл көлемде көздің жоғарғы
қабағының терісіне егеді. Ісіктің үлкендігі 2,6 см-ден асып тұрса –оң
немесе айқын реакция (+) яғни қозының ауруға ұрынғаны.

Ценуроздың өлген қойдың бас сүйегін жарып, миын тексеріп дәл ажыратуға
болады. Ми ішінен құрт көпіршігі табылады.

Қозыларды ценуроздан сақтандыру үшін М.А. Бердикулов (2005) ценурозға
қарсы 2-3 айлық қозыны иммунизациялау үшін онкосфералық метаболиттік
вакцина, мөлшері 1,0 мл бұлшық етке егізіп ұсынады. Ол қозы денесінде бір
жыл бойы иммундық жауапты қоздырады.

1.10. Өлекеседегі өзгерістер. Аурудың алғашқы кезеңінде өлген қозының бас
сүйегін

жарып миын тексергенде, ми қабығы қызарынқырап тұрады. Мидың әр тұсынан
айналма балаңқұрттарының іздерін көруге болады. Дерттің созылмалы түрінде
мида 1 немесе 2-3, көлемі көгершін не тауық жұмыртқасындай көпіршіктер
табылады. Бас сүйек жұқарып, саусақпен басқанда былқылдап тұрады.

1.11.Сауықтыру шаралары (емі). Айналманы оташылдық (хирургиялық) тәсілмен,
яғни малдың басына операция жасау арқылы ғана емдейді. Бұл әдіс аурудың
сырт белгілерінің төртінші сатысы кезінде, яғни миқұртының мейлінше
үлкейген шағында қолданылады. Ценуроз анықталысымен бас сүйекті жұқарған
тұсынан тесіп шприцпен әуелі көпіршіктің сұйығын сорып алады, артынан оның
қабығын қысқашымен суырып тастайды. Бірақ көбінесе қабық сұйығымен бірге
ілесіп шығады. Сүйекті тесуге бұрғылау аспабын (трепан) немесе ірі малдан
қан алатын ине қолданылады.

Сақтандыру. Адаммен үй және жұп тұяқтыларға лавральды цестодоздарды яғни
цистицеркоздарды (жылауық, етқұрт), ценуроздарды (айналма, бұлшық ет
ценурозы), эхинококкозды (көпіршік) таратушылар негізінен ит, ішінара
түлкі, қасқыр, шиебөрі т.б. Ал альвеококкозды таратушы жабайы ет коректілер
болып саналады. Қоздырғыштарының биологиясына байланысты аталған
гельминтоздардан сауықтыру дауалары екі үлкен күрделі бағытта жүргізіледі:
а) малды және оны күтетін адамдарды иттердің нәжісімен таралатын таспа құрт
жұмырқаларынан сақтандыру; б) иттерге лавроциста көпіршіктерімен
залалданған жануар мүшелерін бермеу.

Малды жылауық, айналма, бершімек т.б. цестодоз ауруларынан сақтандыру
жолдары. Қой және сиыр шаруашылықтар тек қажетті иттерді ғана ұстап, оларды
есепке алу, арнаулы журналға тіркеу, санын азайту, сондай-ақ күтімін
бірынғай тәртіпке келтіру, әрқайсысына төл құжат беру. Иесіз қаңғыбас
бұралқы иттердің барлығын құрту шарт.Иттерді құртардан арылту мақсатымен
дегельминтизациялар өткізілуі тиіс.

Ареколин –ареко зәйтүн ағашының (пальманың) дәнінен алынатын алколоид.
Ареколиннің бромды сутегісі қолданылады. Ол иіссіз, өте майда, қиыршықты
ұнтақ, суда жақсы ериді.

Дронцит (празиквантел) –жаңа антгельминтик таблетка түрінде өндіріледі.
Түссіз өте уақ қиыршықты ұнтақ, суда аз ериді. Дәріні әр итке 0,005 гкг (5
мг) мөлшерде азыққа қосып береді немесе таблетканы күштеп жұтқызады.

Дәріленген иттер үш мәрте нәжіс шығарғанша байлаулы тұрады, ал бақылау
жүргізуге шамасы келмесе, оларды 12-14 сағат бойы босатпайды. Иттерден
шыққан құртарды нәжісімен қоса бір орынға жинап өртеп, жердің сыртқы
қабатын да қырып өтейлейді.

Иттер емделген алаңды каустикалық соданның (аОН) 3 % -ті ыстық
ерітіндісімен зарарсыздандырады. Дегельминтизацияның сапалы не сапасыз
өткенін анықтау үшін 2-3 жұмадан кейін ішінара тексеру мақсатымен кейбір
иттерді қайта дәрілейді.

Ғалымдардың көпшілігі бұл шараны жылына 4 рет, яғни әрбір тоқсан сайын
жүргізілуін белгіленген. Таспа құрттарды жою үшін кейбір ғалымдар иттерді
әрбір 1,5 ай сайын үзбей дәрілеу қажеттігін ұсынады. Ал ауыл-селодағы жеке
меншіктегі иттер жылына екі рет (көктем, күз) дегельминтизациядан өткізілуі
тиіс.

Иттердің тениидоздардан сақтандыру жолдары. Ең алдымен шаруашылықтағы қой
мен ірі қараны, т.б. лавральды цестоздарға (айналмаға, бершімекке,
жылауққа) шалдыққандарын сау малдан бөліп алу қажет. Малдың зақымданғанын
анықтау үшін аллергиялық реакциялар тексеруден өткізіп, миқұртының
клиникалық белгілері байқалған малдар сойылады. Сойылған не өлген малдың
басын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қой ценурозы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Қойлардың ценурозының таралуын, балауын, сауықтыру және сақтандыру жолдарын анықтау
Аурудың клиникалық белгілерін талдау
Гельминтоздардың диагностикасы
Нематодироз
Мал эхинококкозы ауруының өрбуі
Мониезиоздар - таспа қүрттар аурулары
Иттің токсокароз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Шешек кезіндегі індетке қарсы шаралар
Сібір жарасы. Туберкулез аурулары
Пәндер