Жануарларды фасциолезден сақтандыру шаралары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Эпизоотология,
паразитология және ВСС

кафедрасы

Паразитология және инвазиялық аурулар пәнінен Курстық жұмыс
Тақырыбы: Күйістілер фасциолезы кезінде ветеринарлық-санитарлық шараларды
ұйымдастыру

Орындаған: ВМ-53 топ
студенті

Сатыбалдиева Ж.М
Тексерген: в.ғ.д.,
профессор

Шалменов М.Ш.

Орал, 2012
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Тақырыптың
өзектілігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 4
Зерттеудің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...4
Зерттеудің
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..4
I.Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...5

1.1.Орналасуы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2.
Таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 7
1.3.
Қоздырғышы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...8
1.4. Өсіп -
өнуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .9
1.5. Эпизоотиялық
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.9
Үнемдік
зияны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .10
1.6. Аурудың өрбуі мен сырт
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...10
1.7. Өлекседегі
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .12
1.8.
Балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...12
Салыстырмалы
балау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 13
1.9.
Сауықтыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .13
1.10. Сақтандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...15
II.Өзіндік
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 17
1. Материалдар мен зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1. Мал мен адамды тірі кезінде зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Сойып – жару
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 18
2.3. Шаруашылыққа
мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
9
III.Өзіндік зерттеудің
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1
2. Күйістілер фасциолезінің БҚОда таралуы және
ветеринарлық – санитарлық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.1. Бақдаулет шаруашылықтарындағы жануарлардың бауыр құрттарымен
залалдануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..22
3.2. Батыс Қазақстан облысында адамдардың фасциолезбен

залалдануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..22
3.3. Жануарларды бауыр құрттарынан және адамдарды
фасциолезден сақтандыру
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3.4. Фасциолезге шалдыққан жануарларға антигельминттік дәрілерді
жегізгендегі үнемді
тиімділік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

IV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .24

V.Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..25
VI.Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 26

VII.Қосымшалар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Трематодалар (грек сөзі trematodes – сорғышты, еміздік) – жалпақ
құрттар қатарына жатады, бұлар қоздыратын ауруларды трематодоздар деп
атайды. Сорғыш құрттар үй жануарларының барлығында кездеседі, олар мал мен
адамның бауыры мен ұйқы безінде, қан тамырларында, құстың ащы ішегінде,
аналық ұрық түтігінде, т.б. мүшелерінде мекендеп, өмір сүреді. Бұлардың көп
тараған 3 мыңдай түрі бар.
Трематодалардың денесі жалпақ келеді, түрлеріне қарай пішіні жапырақ
сияқты, тіл тәрізді болады, ұзындығы әр қилы: 0,1 мл-ден 10-15 см-ге дейін
жетеді. Ауыз сорғышы денесінің алдыңғы ұшына орналасқан, ал көбісінің
құрсақ сорғышы денесінің орта шеніне жайғасқан, бірақ кейбіреулерінің
(парамфистоматолар) құрсақ емізігі құрттың ең артқы шетінен орын тепкен.
Сорғыштары арқылы олар иесінің ұлпасына жабысып тұрады. Бекіну органдарынан
басқа трематодалардың асқорыту, зәр шығару,жүйке (нерв) және жыныстық
жүйелері бар. Қан айналу, тыныс алу ағзалары жоқ.
Сорғыш құрттар, аралық иелері болып саналатын, суда немесе құрлықта
тіршілік ететін ұлулардың (бауыр аяқтылардың) тікелей қатысуымен өсіп-
өнеді. Кейбіреулерінің даму кезеңі ұлулармен шектелмейді, олардан басқа
сорғыштардың келесі сатысы даму үшін, қосымша иелері болып табылатын алты
аяқты жәндіктер, өрмекші тәрізділер, балықтар, қосмекенділер т.б. қажет.
Ақтық иелері ішқұрт жұмыртқаларын нәжіс арқылы сыртқа бөліп шығарады.
Жұмыртқа ішіндегі ең алғашқы балаң құртты мирацидий деп атайды. Балаң
құрттың ары қарай дамуы аралық иесі – ұлумен байланысты. Ұлу денесінде
мирацидий – спороцистаға, ал ол редияға айналып жетіледі (құрлық бауыр
аяқтыларда трематодалардың редиялық сатысы жоқ). Редиялар сорғыштың келесі
даму сатысы церкарийлерге айналады. Ұлу денесінен құйрықты церкарийлер
бөлініп шығады, олар судағы немесе жағадағы өсімдіктерге жабысып,
құйрықтарын тастап, қабыршақтанып, дөңгеленіп, соңғы адолескарий деп
аталатын жұқпалы сатысына жетіледі. Егер құрттың дамуы үшін қосымша ие
қажет болса, онда церкарийлер бұлардың ішіне еніп инвазиялық сатысы
метацеркарийлерге айналады.
Трематодалар табының (класс) негізгі тек тармақтары (подотрядтары)
бесеу: фасциолята, парамфистомата, гетерофиата, эхиностоматата және
шистосоматата.
Fasciolata тек тармағы – үш тұқымдастықтан тұрады: Fascioladae,
Dicrocoelidae және Prostogonomidae. Бұл құрттардың құрсақ сорғышы ауыз
емізігіне жақын орналасқан, уыздықтары денесінің екі бүйірінен орын тепкен,
ал трематодалар бір немесе екі аралық иелерінің қатысуымен дамиды.
Тақырыптың өзектілігі. Фасциолез - жіті және созылмалы түрде өтетін,
көптеген мал түрі зақымданатын, бауыр құрт ауруы. Сүт қоректілердің 40-тан
астам түрі бауыр құрттарға сезімтал келеді. Көбінесе фасциолезбен қой,
ешкі, ірі қара мал, түйе жиі ауырады, ал жылқы, шошқа, қоян тәрізділер
сирек шалдығады, сонымен қатар, бүл гельминтоз адамға да қауіпті.
Трематодалар малдың бауырын, анығырақ айтқанда өт жолдарын мекендейді.
Фасциолдар – биогельминттер, өсіп-өнуіне екі ие керек. Диксендік
трематода болып саналады. Фасциолез қоздырушысының иелері:
Ақтық иелері – қой, ірі қара, ешкі. Олармен қоса әр түрлі үй және
жабайы тұяқтылар. Қоздырушы олардың бауырында, яғни өт жолдарында
мекендейді. Ақтық иелердің саны жалпы алғанда шамамен 40 жетеді.
Аралық иелері – ұлулар, тұщы суда өмір сүретіндер. Limneidae
тұқымдасына жататындар:
- кәдімгі фасциоланың аралық иесі – Limnae truncatula (кіші таспа ұлу,
тұщы судағы кіші ұлу).
- алып фасциоланың аралық иесі – L.auricularia (құлақша таспа ұлу,
тоғандарда өмір сүретін жәндіктер).
Фасциолалар – диксендік биогельминттер, яғни даму айналымында екі ие
қатысады: ақтық және аралық ие. Жалпы дамуы 8-9 айда бітеді. Ақтық иеде,
яғни тақ тұяқтыларда фасциолалар 5-6 жылға дейін өмір сүреді.
Имаго (қос жынысты сатысы) өзара немесе айқас ұрықтанудан кейін
жұмыртқа бөледі, 2 аптадан кейін жұмыртқаның ішінде мирацидий пайда болады,
ол аралық иесіне енеді, аралық иесінің денесінде жыныссыз дамиды және
спороциста, редия, церкарий сатылары өтіп (2,5-3 ай көлемінде), сосын
церкарий сыртқы ортаға түсіп, қабықтанып адолескарий сатысына айналады, жем-
шөппен, сумен ақтық иесінің асқорыту жүйесіне түседі, ішектен лимфа қан
тамырларыменен бауырға жетіп, 2-3 айда ересек сатысына (имаго) айналады.
Зерттеудің мақсаты. Күйістілер фасциолезінің таралуын, балауын,
сауықтыру және сақтандыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- Күйістілер фасциолезінің таралу деңгейін анықтау;
- Күйістілер фасциолезін балау;
- Жануарларды фасциолезден сауықтыру шаралары;
- Жануарларды фасциолезден сақтандыру шаралары.

I.Әдебиетке шолу
Скрябин К.И. [1] мәліметтері бойынша фасциолез (fasciolosis) –
трематодалар табының гельминтозы, бауыр мен өт бөлу жүйесінің зақымдануымен
сипатталатын жануарлар мен адамның ауруы.
Адамның зақымдануы азыққа паразит личинкалары қоректенетін
өсімдіктерді қолданғанда, сондай-ақ суды ішкенде жұқтырады.
Паразиттер жұмыртқаларын бауырдың өт қуысы мен өт қабына салады.
Жұмыртқа сыртқы ортаға нәжіспен бөлінеді.
Демидов Н.В. [2] зерттеулеріне сүйенсек фасциолезбен үй және жабайы
ірі қара, түйе, жылқы, қоян және т.б. зақымданады. Көбіне жануарлар
паразитті жайлымда жұқтырады.
Жануарлар үшін маңызды профилактикалық шаралар – жайлымды ауыстыру,
паразиттің аралық иесімен (моллюскалар) күрес және ветеринарлық-санитарлық
шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Анаев М.С. [3] деректері бойынша фасциолез жер шарына кең танымал жиі
жануарларда, сирек адамдарда кездесетін ауру екендігі айтылған. Адамдар
арасында бұл аурудың кездесуі 1956-1957 ж.ж. Францияда анықталса, ал соңғы
жылдары бұл елдің бір департаментінде 10 жылда 1089 адам фасциолезі
анықталғанын Гоке және Фовр көрсеткен.
Серегин И.Г., Боровков М.Ф., Никитченко В.Е. [4] мәліметтеріне
сүйенсек кейбір елдердегі зерттеу көрсеткештері бойынша ірі қара малының
дене салмағын жоғалтуы – 3-10% құраған. Қойда орташа деңгейде ол бір
жануарда 7 кг-ға жетуі мүмкін, яғни тірілей салмағының – 20-25% құрайды.
Сауын сүті 6-20% төмендейді, сонымен қатар сүт құрамындағы май мен ақуыз
мөлшері төмендейді.
Ауру қойдың жүні 20-29% төмендейді. Әсіресе, қойда жүн өнімділігінің
төмендеуі зақымданған соң 5-6 аптада байқалады.
Веселовская Светлананың [5] мақаласы бойынша ірі қара малының
фасциолезі – бұл жануардың барлық организмінің ауруы. Ересек фасциола түрі
миграция кезеңінде бауыр паренхимасының қанталауымен жүргізілетін, қарын
асты безін, лимфа түйіндерін және басқа мүшелерді зақымдайды. Мүшелердің
зақымдануы жіті қабынумен жүргізіледі. Кейде прогресстік қан аздық, жіті
гепатит кезінде ауру жануарлар өліп кетеді. Ересек фасциололар өт жолдарына
жиналып, оларды бітеп тастайды және өттің тоқырауын туғызады. Өт іріп-
шіріп, бауырдың қызыметі тез нашарлайды. Организмде Ажәне В12
витаминдерінің тез төмендеуі байқалады. Өт жолдарының кеңеюі кезінде
олардың қабырғалары жуандап, қалыңдайды. Бұл кезде миграциялық фасциолалар
патогенді микроорганизмдердің енуін қамтамасыз етеді және нәтижесінде бауыр
циррозы дамиды.
Инкубациялық кезеңі зақымданған соң 5-6 аптаға созылады. Ірі қара
малында фасциолез созылмалы өтеді. Белгілері әлсіз көрінеді. Ауру
жануарлардың тәбеті төмендеп, солғындық, әлсіздік және кілегей қабықтардың
сарғаюы байқалады, басып көрген кезде бауырдың ауырсынуы, кейде алдыңғы
қарындар атониясы, сауым сүтінің төмендеуі, сүт сапасының нашарлауы болады.
Буаз сиырларда іш тастау байқалады, сондай-ақ туу алдында және туғаннан
кейін үйлеп қалуы болады.
Р.И. Швайбовичтің [6] мақаласына сүйенсек фасциолезді екі тәсілмен
емдеуге болады: паразиттерді организмнен жоятын препараттарды қолдану; және
екінші – иммунитетті және организмнің қарсы тұру қабілетін жоғарлату болып
табылады.
Бірінші тәсіл қымбатқа түседі, ол дәрілік заттарды (политрем,
фазинекс, клозантел, төрт хлорлы көмірсутек, битинол және т.б.) қолданудағы
шығынға және олардың квалицирлік қолданылуына байланысты. Екінші әдіс
көбіне қолайлы және ауру жануарлардың азық құрамындағы барлық қажетті
компоненттерді, соның ішінде витаминдер, микроэлементтер, аминоқышқылдың
болуын қадағалайды. Қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау
маңызды.
Землянухин А.А. [7] деректері бойынша белгілі территориядағы фасциола
түрінің, яғни фасциола популяциясының (Fasciola hepatica), қоршаған ортада
дефинитивтік және аралық иесі бар. Сондықтан жануарларды фасциолезден
сауықтыру үш бағытта жүргізіледі.
1.Фасциола имагопопуляциясымен эффективті күрес жануар мен иесіне
антигельминтик (дегельминтизация) беру жолымен жүреді. Фасциолез кезінде
жануарды емдеу тек иесінің ауру қоздырушысынан босатып қана қоймай, сондай-
ақ алдыңғы уақытта фасциола жұмыртқасының қоршаған ортада таралмауын
қадағалайды. Фасциола популяциясы бар жерде профилактикалық
дегельминтизация жылына 2 рет (көктемде – жануарды жайлымға шығарудан 3-4
апта бұрын, және күзде – жануарды қораға ұстау мерзімі басталған соң 2,5-3
айдан кейін жүргізіледі.
2.Кондрахин И.П. [8] зерттеулеріне сүйенсек фасциола
ларвоэндопопуляциясымен күрес осы трематодтың аралық иесін – азырақ бөгеу
тәсілмен жүргізеді. Моллюскаларға экологиялық тәсілмен - оған қолайсыз
жағдай туғызумен әсер етеді; биологиялық – моллюскалармен қоректенетін
жануарларды (құс, балық) өсіру; физикалық – моллюскаларды физикалық
тәсілмен жою; химиялық – моллюскаларды химиялық заттармен (моллюскацидтер)
жою.
3.Лакин Г.Ф. [9] мәліметтері бойынша фасциоланың экзопопуляциясымен
күрес (жұмыртқа және адолескари) моллюскасы бар дефинитивтік иесі –
адолескари, яғни гельминт жұмыртқасы түскен суды ішуден сақтануға
бағытталады. Бұл үшін мынадай жолдар қолданылады: жануарлардың көңін
биотермиялық заттармен дезинвазиялау; жануарлардың жайылымда азықтану
гигиенасын ұйымдастыру; жайылымды маусымына 2-3 рет ауыстыру.
Абуладзе К.И. [10] деректері бойынша ірі қара малының фасциолезі
созылмалы түрде өтеді және 2 жас мөлшеріндегі бұзауларда жиі кездеседі.
Ауру белгілері қойларға қарағанда әлсіз білінеді және өлім шығыны сирек
болады, ісіктер байқалмайды. Тез арада салмағы және сүт беруі төмендейді.
Жануар өлексесі арықтаған, құрсақ қуысы мөлдір сұйықтыққа толы. Лимфа
түйіндері мен бауыры үлкейген. Өт қабы кеңейген, өт қоймалжың, қою қоңыр
түсті массамен толтырылған. Бұдан көп мөлшерде фасциолдарды көруге болады.
Шабдарбаева Г. [11] зерттеулеріне сүйенсек фасциола жұмыртқасы
жетілмеген, яғни іші домаланған шарларға толы, оны басқа сорғыштардың
жұмыртқаларымен салыстырғанда, ірілеу (ұзындығы 0,13-0,14 мм, ені 0,07-0,09
мм) сопақша, сарғыш түсті келеді. Оның барлық трематодалардағыдай бір
ұшында қақпақшасы бар. Ал қарсы шетінде денешесі болады.
Сабаншиев М.С. [12] мәліметтері бойынша малдың фасциолезіне қарсы
көптеген дәрілер пайдаланылады. Әрбір дәріні жаппай қолданбастан бұрын оны
алдымен 10-30 басқа алдын-ала беріп, оның жануар денесіне тигізетін әсерін
байқайды. Содан кейін ғана малды жаппай дегельминтизациялауға кірісуге
болады. Дегельминтизацияны сапалы өткізу үшін оны таңғы азаннан бастау
керек.

1.1.Орналасуы
Күйістілер фасциолезы жіті немесе созылмалы өтетін, бауырдың
зақымдануымен, дененің сарғыш тартуымен, асқорыту жүйесінің бұзылуымен
сипатталатын үй және жабайы жануарлардың трематодоз ауруы. Кей кездері
трематодоз адамға да қауіпті. Сорғыш құрттар өт жолдарында мекен етеді.

1.2. Таралуы
Фасциолез жер шарының барлық елдерінде кең тараған.
Қазақстанда қой және ірі қара фасциолезі жиі тіркеледі. Фасциолез
көлшікті, сазды, ылғалды алқаптарда және жаңбырлы жылдары көп кездеседі.
Әсіресе шалшық сулары мол, саз-батпақты өрістерде, мал көптеп зақымданады.
Себебі, сулы мекендерде фасциола жұмыртқалары, адолескарийлері және аралық
иелері ұзақ мерзім өлмейді және тез көбейеді. Мысалы, кіші тоспа ұлуы тайыз
шалшық су түбінде 20 см терендікте еніп, тіршілігін сақтайды. Оларды
бөгетті тұщы көлдің, кішігірім өзендердің жағасынан және осы суларға жақын
жатқан жайылымдардың ылғалды топырақтарынан көптеп кездестіруге болады. Ал,
адолескарий болса, қоршаған орта әсеріне өте төзімді келеді: суда бір жылға
дейін тіршілігін сақтайды, шөпте 1,5-6 ай, сүрлемде 0,5-1 айға дейін өмір
сүреді.
Малдың фасциолезі біздің елімізде кең тараған ішқұрт ауруы. Ғаsciola
gigantіса тудыратын фасциолез Атырау, Қызылорда және Оңтустік Қазакстан
облыстарында байқалады. Ал, Ғаsсіоlа һераtіса деп аталатын түрінің таралу
аймағы өте кең. Олар Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазакстан, Алматы
және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Оңтүстік Батыс және Оңтүстік
облыстарда трематодтардың екі түрі де жиі кездеседі.

1.3. Қоздырғышы
Жіктелуі:
Топтама: Plathelminthes (жалпақ құрттар)
Тап: Trematoda (сорғыш құрттар)
Тегі: Digenea (дигенеалдық)
Тек тармағы: Fasciolata
Тұқымдасы: Fasciolidae
Туысы: Fasciola
Түрлері: F.hepatica (бауыр фасциола, жәй, кәдімгі
фасциола)
F.gigantica (алып фасциола)
Қоздырғышы екі түрлі қан сорғыштар: Fasciola hepatica және Fasciola
gigantica . Біріншісін кәдімгі, екіншісін алып фасциола деп атайды.
Кәдімгі фасциола жапырақ тәрізді, ұзындығы 2-3 см, тұмсық жағы сәл
шығыңқы, денесінде көптеген тікенекшелері бар құрт. Ауыз бен құрсақ
сорғыштарының арасы тым жақын. Қос жыныс ағзалары ағаштың бұтағындай
көптеген тармақтардан тұрады. Денесінің тұтастай ортасын екі ені алып
жатыр, ал сыртқы екі шетін уыздық жайлаған. Жатыры және баска аналық жыныс
мүшелері сорғыштың алдыңғы жағына таман орын тепкен.
Алып фасциола сүлік сияқты ұзынша келеді, тұрқы 3,5-7,5 см, ішкі
мүшелерінің орналасуы кәдімгі фасциоланыкіндей, айырмашылығы шамалы.

1.4. Өсіп – өнуі
Фасциола қосжынысты өте өсімтал құрттар. Олар өт жолдарына орналаса
отырып, көптеген жұмыртқалар бөліп шығарады. Олар нәжіспен араласып,
сыртқы ортаға таралады. Қоршаған ортада, яғни тұщы суда жұмыртқа ішінен
алғашқы балаң құрт сатысы-мирацидий 7-15 күн аралығында қалыптасады. Олар
жұмыртқа қабыршағынан шығып, аралық иесі - тұщы су ұлуларының денесіне
енеді. Кіші таспа ұлу денесінде олар 2-3 ай көбейіп, мирацидийден
спороциста, редий және церкарий сатыларына дамиды. Одан әрі церкарий сатысы
құйрықтанып, ұлулар денесінен шығып, біраз уақыт суда жүзіп жүреді. Сонан
кейін шөптің тамырына немесе сабағына немесе басқа қатты заттарға жабысып,
құйрығын тастап, қабықшамен қапталады, яғни, жұқпалы сатысы
адолескарийларға айналады.
Мал жануарлар адолескарийлер мен залалданған шөп немесе су арқылы
ауруды жұқтырады. Адам да, онымен ластанған су аркылы фасциолезға шалдығуы
ықтимал. Денеге енісімен адолескарийлер ішек қуысында сыртқы қабыршағынан
айырылады. Қабыршағынан босаған адолескарийлер ішекті тесіп, құрсақ қуысына
түседі, ондағы бауырдың сыртқы қабығын, қантамырларын жыртып, ішкі ұлпасына
енеді, одан әрі жылжып, өт жолдарына барып тұрақтайды. Бұл жолдан басқа,
адолескарийлер бауырға қан айналымы аркылы жетуі де мүмкін. Мал бауырына
жеткен фасциолалар 2-5 айда өсіп-жетіліп, ересек құртқа айналады. Мал -
жануар денесінде бұл трематодалар 5-10 жылға дейін тіршілік ете алады. Бір
құрттың өзінде 45000-дай жүмыртқа болады.

1.5. Эпизоотиялық мәліметтер
Малдың фасциолезі Қазақстанның оңтүстік – шығысында, оңтүстігі мен
батысында жиі кездеседі. Республиканың оңтүстік – шығысында көбінесе
кәдімгі фасциола тіркелсе, оңтүстік – батысымен, батысында алып фасциола
табылған. Фасциолез үй тұяқтыларының барлығына жұғады, бірақ бұл ауруға
көбіне қой мен ірі қара шалдығады да, осы түліктер өлім-жітімге жиі
ұшырайды.
Бауыр құртпен барлық жастағы мал жайлымға шығысымен залалданады, бұл
сорғыштарға қозы, бұзау жиі шалдығады да, көптеген жағдайда ол өлім-жітімге
ұшырайды. Сонымен қатар 1-2 жасқа дейінгі төлдер арасында бұл ауру жиі
кездеседі. Ал, кейбір жағдайда сақа малдың да өлімі болады. Қазақстанда
фасциолез әсіресе, жаздың соңғы айларында білінеді де, түлік шығыны күзде,
қыста және ерте көктемде орын алдады. Біз айтып отырған мал ауруы,
Республиканың оңтүстік жылы аймақтарында жылдың барлық маусымында
тіркеледі. Бұл гельминтоз, әсіресе көлшікті, сазды, ылғалды алқаптарда және
жаңбырлы жылдары көп кездеседі. Аталған сулы мекендерде фасциоланың
жұмыртқасымен адолескарий ұзақ уақыт мерзім өлмейді де, сондай-ақ, мұндай
биотоптарда сорғыштардың аралық иелері ұлулар жаз айларында тез көбейеді.

Үнемдік зияны
1. Ауырған малдың шығыны 15-20% дейін болады.
2. Сауылатын сиырлар 25-40% дейін сүтін азайтады.
3. Ауырып шыққан мал көпке дейін қоң жинамайды, семірмейді.
4. Қатты зақымдалған бауырды тастауға мәжбүр болады.
5.Диагнозды қоюға, емге, алдын-алу шараларына жұмсалатын қаражат.

1.6. Аурудың өрбуі мен сырт белгілері
Аурудың өрбуі. Фасциола өте қауіпті кұрт, жануарларға келтіретін
зардабы да тым зор. Денеге түскен адолескарийлер біртіндеп өсе бастайды,
жынысы жетілмеген жас трематодалар тұмсығымен, денесінің сыртындағы
тікеншелерімен ащы ішекті тесіп жаралайды, қанын ағызады. Олар жылжып
бауырға жетісімен, оның сыртқы қабығын, үлпершегін (паренхимасын), көптеген
қан тамырларын жарақаттап, өздерінің тұракты мекеніне - өт жолдарына өтеді.
Осының салдарынан құрсақ қуысына қан жиналады, бауыр қабынады (жіті
гепатит, перитонит). Жануар денесінде фасциолездің жедел өршуі жас
құрттардың сандық көрсеткішіне байланысты, олар неғұрлым көп болса, ауру
солғұрлым асқынып, мал көп ұзамай өлімге ұшырайды. Егер денедегі құрттың
саны аз болса, онда дерт созылмалы түрге ауысады.
Ересек фасциола қанмен қоректенеді. Ғалымдардың болжауы бойынша 200
құрт щамамен 40 мл қан сорады. Сонымен бірге трематода өзінің уытын
шығарып, мал денесін уландырады (интоксикация), қан мөлшерін азайтады
(анемия), құрамын өзгертеді. Қан сарысуындагы белок құрамында глобулин
көбейіп, альбумин кемиді. Қанның қызыл түйіршігі азайғанмен, керісінше
эозинофилдер молаяды. Кальций, фосфор, кейбір витаминдердің (А, В2)
көрсеткіштері төмендейді.
Бауырқұрттар бауырдың ішкі ұлпаларын закымдап, өт жолдарын
(холангит), өт қалтасын (холицистит) қабындырады. Өсіп-жетілген гельминттер
өт арнасын түгелімен бітеп тастауы мүмкін. Өттің ішекке түспеуі салдарынан,
асқорыту ағзаларының атқарар қызметі тежеледі, күрт бұзылады. Бауыр ісініп
қабынады, бауыр ұлғайып, өзінің жұмысын нашар атқара бастайды. Ал, дәнекер
тоқымалы торшалар молайған сайын, бауыр қан тамырлары сығылады. Нәтижесінде
қан тамырларының қабығынан қан сұйығы (транссудат) өтіп, құрсақ қуысына
жиналады, шемен (асцит) пайда болады. Қан айналымының нашарлауынан,
транссудат тері астына да сіңе бастайды. Бауыр құрылымы да өзгеріп,
циррозға айналады, қан құрамына ұлпаларық заттар жинақталып, аллергиялық
реакция туындатады.
Адолескарийлердің ішекті және бауырды тесіп жылжуы, патогенді
микробтардың мал денесіне енуіне жол ашып, кейбір жұқпалы дертке душар
етеді. Іріндеткіш микрофлора енген жағдайда бауырда абцесс пайда болуы
мүмкін.
Сырт белгілері. Фасциолез мал арасында жіті және созылмалы түрде
өтеді.
Жіті түрі жас құрттардың денеге енген сәтінен ересек сатыға жетуіне
дейінгі мерзімді қамтиды, ол 2 -2,5 айға созылады, көбінесе күзде
тіркеледі. Әсіресе, бұл гельминтозға ұсақ тұяқтылардың төлдері - қозы мен
лақтар өте сезімтал. Дертке шалдыққан малдың дене қызуы көтеріледі, жем -
шөпке зауқы шаппайды, оттай алмайды, іші кебеді, ауыз, танау, көз кілегей
қабықтары қансызданып, бозарады, жүрек соғуы жиілейді, тынысы тарылып,
демігеді. Бауырдың жалпы көлемі ұлғаяды, оң жақ қабырғалардың ернеулерін
бармақпен басқан кезде, мал ауырсынады. Ас қорыту жүйесі бұзылады: кейде
іші қатып, кейде тышқақтайды, нәжісіне қан араласады. Фасциолездің бұл
түріне душар болған мал тез арықтап, шығынға ұшырайды, кейде сыртқы
клиникалық белгілері айқындалмай-ақ, мал өлімге душар болады. Ірі қарада
аурудың жіті түрі өте сирек кездеседі. Ал, бұзау фасциолезі қозы мен
лақтардікіне ұқсас болады, дерттің жіті түрінен кейде жаппай шығынға
ұшырайды.
Созылмалы түрі. Фасциолезге шалдыққан мал емделмесе немесе оны
тиянақты жүргізбесе, ауру созылмалы түрге айналады. Ауру көбінесе қыста,
кейде жазғытұрым байқалады. Ауырған қойдың клиникалык белгілері көмескі
білінеді, азыққа тәбеті кемиді, ас қорыту жүйесінің қызметі нашарлайды, іші
біресе өтіп, біресе қатады. Ауыз, танау, көздің кілегей кабықтары бозарып,
артынан сарғая бастайды. Мал жүдейді, көбінесе жатып алады, қабақ маңайы,
алқымы, кейде омырауы, қарын түсы ісінеді. Жүні үрпиіп, сынғыш және
жұлынғыш келеді. Буаз саулықтар іш тастауы мүмкін. Мал әбден әлсіреп азып,
3-4 ай аралығында (егер оны емдемесе) өлімге ұшырауы мүмкін. Ірі қара
фасциолезінің созылмалы түрі қойдыкіне ұқсас болады, жануар арықтап, қоңы
төмендейді, ас қорыту жүйесі бұзылады. Сонымен қатар сауын сиыр сүті күрт
азаяды, егер ол буаз болса іш тастауы ықтимал.
1.7. Өлекседегі өзгерістер
Өлексе терісін сыпырып ала бастаған кезде-ақ тері астынан әсіресе
көкірек, кеуде т.б. тұстарынан кілкілдеген жалқаяқтар кездесуі мүмкін.
Фасциолездің жіті түрінен өлген малға диагноз қою қиындау. Малдың
құрсақ қуысына қанды су жиналуы, оның ішінде жынысы жетілмеген
трематодалардың болуы ықтимал. Бауыр ұлғайған, іші қанға толған, түсі қып-
қызыл, тіліп жібергенде қан шапшып ағуы мүмкін. Паразит тескен ұлпасына қан
құйылған. Ұлпаны саусақтармен мыжығанда, сығындымен бірге балаң құрттар
шыға бастайды. Фасциолездің созылмалы түрінде құрсақ қуысы қанның сарқылма
суына толып кетеді, бауыр қатайып, үлкейіп (цирроз), түсі өзгеріп бозарады,
қабығының астынан өт жолдары бұлтиып, сұрғылт ақшыл жолақ болып көрінеді.
Ағзаны кесіп зерттегенде холангит, холецистит, паренхималық және
интерстициалды гепатит белгілерін байқауға болады. Өт жолдары қалыңдаған,
кедір-бұдырлы, кескенде шықырлайды, ішінен сұйық заттармен бірге көптеген
фасциола құрттары табылады.

1.8. Балау
Фасциолезге диагноз қою үшін эпизоотологиялық мәліметтерді
сараптайды, клиникалық сыртқы белгілерін анықтайды және
гельминтокопрологиялық зерттеулер жүргізеді. Өлекседен немесе лажсыз
сойылған малдан ауруға тән бауырдағы патологоанатомиялық өзгерістерді
айқындап, өт жолдарынан құрттарды іздестіреді.
Эпизоотлогиялық деректер жинағанда шаруашылықтағы фасциолездің бұрын
соңғы жағдайын, ауырған мал түрін, жасын, гельминтоздың қай маусымда
шыққанын, жайылым және басқаларын толық есепке алады.
Клиникалық белгілері арқылы фасциолезге диагноз қою қиын. Сол
себептенде, ауруды зертханалық зерттеулер жүргізу арқылы анықтайды. Ол үшін
гельминтокапрологиялық зерттеулер жүргізеді. Мал нәжісінен
гельминтоовоскопиялық әдістердің бірімен құрт жұмыртқасы іздестіріледі.
Гельминтоовоскопия тәсілдері ішінен ең бастысы шөгеру немесе нәжісті
біртіндеп сумен шаю, Котельников пен Хренов әдісі, Демидовтың қалқыту-
шөгеруі, Вишняускастың шөгеріп-қалқытуы т.б. пайдалануға болады.
Фасциоланың жұмыртқасы басқа сорғыш құрттармен салыстырғанда (оның
ұзындығы 130-150 мкм ені 70-90 мкм), сопақша, сарғыш түсті келеді, бір
ұшында қақпақшасы, ал қарсы шетінде дөңесшесі болады.

Салыстырмалы балау
Фасциолездан өлген немесе ауырған малды сойып қарағанда бауырдан және
өттен көптеген ішқұрттарды көруге болады. Сонымен қатар ағзалардағы
патморфологиялык өзгерістер назардан тыс қалмауы керек. Аурудың жіті
түрінен өлген малға диагноз қою оңайға түспейді, себебі жынысы жетілмеген
сорғыштарды бауырдан іздеп табу тым қиын. Сондықтан, мал бауырын зерттеуді
мұқият жүргізген жөн. Бауырды қара ыдысқа салып, қолмен мыжғылап, ыдыраған
ұлпаларын сумен бірнеше рет шайып, су бетіне қалқып шыққандарын алып
тастап, тұнбасынан ағарған жас құрттарды табуға болады. Фасциолездің жіті
түрін сібір жарасынан, энтеротоксемиядан, брадзоттан, топалаңнан және
уланудан ажырату кажет.

1.9. Сауықтыру
Мал фасциолезына қарсы көптеген дәрілер пайдаланылады. Әрбір дәріні
жаппай қолданбастан бұрын оны алдымен 10-30 басқа алдын-ала беріп, оның
жануар денесіне тигізетін әсерін байқайды. Содан кейін ғана малды жаппай
дегельминтизациялауға кірісуге болады. Дегельминтизацияны сапалы өткізу
үшін оны таңғы азаннан бастау керек.
Төрт хлорлы көміртегі (тетрахлор метан, трематоцидтер) -СС14 тез
ұшатын түссіз сұйық, иісі хлороформға ұксас. Оны ауызы берік, қоңыр ыдыска
салып, қараңғы жерде сактайды. Бұл дәрі қолдануға даярланған, 1-2 мл.
мөлшерде желатин қапшығымен (капсуламен) шығарылады.
Төрт хлорлы көміртегі ұсақ тұяқтыларға бірнеше жолмен беріледі.
Малдың ауызына резина түтік (шланга) арқылы құяды немесе желатиннен
жасалған капсуланы тілінің үстіне салып, тұмсығын дәріні жұтып қойғанша
қолмен қысып тұрады. Дозасы: қозы мен тоқтыға 1 мл, сақа қойға 2-3 мл. Бұл
дәріні осы мөлшерде мес қарынға шприц көмегімен құйуға да болады. Тіпті,
қойдың әрбір 10 кг салмағына 2 мл мөлшерде қолтық терісі астына егуге де
болады. Жасы 6 айға жетпеген қозы - лақтарға бұл дәрі қолданылмайды.
Ірі қараға бұл дәріні таза вазелин майымен араластырып, 50% -дық
қоспа ретінде сауырына (сан, жанбас еттеріне) әр 100 кг тірі салмаққа 10
мл. көлемде егеді.
Төрт хлорлы көміртегі көбінесе жынысы жетілген ересек фасциолаларға
жақсы әсер етеді, яғни аурудың созылмалы түріне қарсы пайдаланады. Бұл дәрі
балаңкұрттарды өлтіре алмайды, сондықтан гельминтоздың жіті түріне
тиімділігі шамалы. Осыған байланысты, дегельминтизациядан өткен мал, екінші
рет 30-40 күннен кейін қайта дәріленеді.
Жылдың қай мезгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал шаруашылығы
Ірі қара фасциолезіне қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Күйістілер фасциолезі мен дикроцелиозын балау
Паразитизмнің экологиялық тұжырымдамасы
Инвазиялық аурулардан сақтандыру негіздері
Жануарлардың стронгилятозын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі
Инвазиялық аурулардың зияны
Емдік шаралар
Бруцеллез ауруы, сақтандыру шаралары
Жұқпалы ауру кезіндегі ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және олардың экономикалық тиімділігі
Пәндер