Күздік көбелектердің құрылысы


Жоспар
I. Кіріспе:
II. Негізгі:
2. 1. Қабыршақ қанаттыларға жалпы сипаттама. Түн көбелектері.
2. 2. Күздік көбелекке биологиялық ерекшелігі, зияндылығы және еліміздің әртүрлі аймақтарында таралуы.
2. 3. Есептеу әдістемесі мен күресу шаралары.
III. Қорытынды:
IV. Пайдаланған әдебиеттер:
Кіріспе
Ауыл шаруашылығы зиянкестері-қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақым-дайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасыз жануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан - құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді.
Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады.
Кенелер ауыл шаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді. Кенелердің кейбір түрлері індет таратады. Жұмыр құрттар, негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Солардың ішінде бүлдірген, қызылша, картоп нематодасы көп зиян келтіреді. Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкөністер мен жеміс-жидектерді зақымдайды, қоймада сақталатын азық-түлік қорына шығын келтіреді, сондай-ақ жұқпалы аурулар таратады.
Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының 20%-ы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады. Ауыл шаруашылығы ззиянкестерімен күресу мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус т. б. ), микробиологиялық препараттарды, химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т. б. ) қолдану арқылы жүргізіледі.
Негізгі бөлім
2. 1. Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобы - LEPIDOTERA. Түн көбелектері.
Өте ұсақ күйе көбелектерден бастап едәуір ірі көбелекке дейін үлкендігі алуан түрлі. Қанат өрісі 3-8 мм шамасынан 200-300 мм шамасына дейін жетеді, үстін ұнтақ қабыршықтар басқан, біртекті 2 жұп қанаты бар бөжектер. Ауыз аппараты сорғыш спираль түрінде иілген ұзын тұмсықтан тұрады. Кейде тұмсығы шала дамыған немесе мүлде болмайды. Көбелектің дәрнәсілдерін жұлдызқұрт деп атайды. Олардың жақсы дамыған кеуде аяқта-рынан басқа құрсағында 2-5 жұп аяқтары болады. Қуыршақтары көбінесе жабық және жабылған(піллә) болып келеді.
Көбелектер отряды түрлерінің саны жағынан қоңыздардан кейінгі, екінші орында, жер бетінде -150 мыңнан аса түрлері бар, соның ішінде 3 мыңнан астамы біздің елде кездеседі. Көпшілік көбелектердің жұлдыз-құрттары фитофагтар(өсімдік қоректі), олардың ішінде көптеген түрлері ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аса қауіпті зиянкестері, кейбіреулері теріден және жүннен жасалған бұйымдарды жеп бүлдіреді, басқалары ара ұясына зақым келтіреді. Тамақ өнеркәсібіне де зиянын тигізеді. Бұлардан басқа көбелектердің бірнеше түрлерінің жұлдызқұрттары пайдалы - табиғи жібек береді. Қабыршақ қанаттылар мына төменгідей 3 отряд тармағына бөлінеді: жақты көбелектер, тең қанаттылар немесе жоғарғы сатылы сорғыш көбелектер, әр түрлі қанаттылар, немесе жоғары сатылы сорғыш көбелектер.
Көпқоректі қабыршақ қанаттылар отрядына жататын бунақденелілердің түр құрамын анықтау. Қауіпті полифагтарға әртүрлі қанаттылар Frenata-отряд тармағының Noctuidae-түнгі көбелектер немесе үкі көбелектер және Pyralidae-қан көбелектер тұқымдастарының түрлеріне жатады. Түн көбелектер. Көбелектер орташа мөлшерлі, жайылған қанаттары-20-45 мм, толық денелі. Көп түрлерінің түстері сұрғылт қоңыр. Алдыңғы қанаттарында өздеріне тән суреттері бар. Суреттердің пішіндеріне қарап үкі көбелектердің түрлерін анықтауға болады. Көбелектер негізінен ымырт түсе және түнде ұшады. Құрттары ұзынша жолақтары бар сұрғылт қоңыр немесе жасыл түсті болады. Үш жұп кеуде аяқтарынан басқа 3-5 жұп құрсақ аяқтары болады. Тіршілік етулеріне, қоректену жолдарына байланысты кеміргіш және жапырақ кеміргіш көбелектер болып бөлінеді. Кеміргіш көбелектер топырақтың жоғарғы қабатында жасырын өмір сүреді. Олар қоректеніп топырақ деңгейінде күздік, жаздық астық дақылдарын, жүгері, қызылша, картоп, мақта, темекі, көкөніс, бақша т. б дақылдарының мүшелерін кеміріп зақымдайды. Түн көбелектердің ең қауіпті түрлері: күздік-Agrotis segetum Schiff. және лепті-A. exclamations L (1-сурет) .
1-сурет. Күздік-Agriotis segetum Schiff Лепті-A. exclamations L
Түн көбелектердің жұлдызқұрттары соңғы жастары топырақ астында қыстайды. Жұлдызқұрттарының 6 жастық кезеңі болады. Көктемде олар қуыр- шақтанады. Ересек көбелектердің жұмыртқаларын сабақтың негізіне, төменгі жапырағына, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 1-3 ұрпақ береді, ол мекендеген жерінің ауа райы жағдайларына байланысты. Жұлдызқұрттар топырақ деңгейіндегі сабақтарды, тұқымын, жас өскінін кеміреді, тамыр жемістерде, түйнектерде кеміріп, қуыс жасайды.
Жер үстілік түнгі көбелектер өсімдіктердің жапырағы мен, сабақтары мен, генеративті мүрешелерімен қоректенеді. Көбінесе жоңышқаны, ноқатты, темекіні, қызанақты, жүгеріні және тағы басқа дақылдарды зақымдайды.
Бұл топқа мынадай түрлері жатады: мақта(Helicoverpa armigera Hbst. ) гамма (Autographa gamma L. ), беде (Discestra trifolii Hufn. ), кіші жер үстілік немесе карадрина (Spodoptera exiqua Hb. )
Мақта көбелегінің қуыршағы топырақта қыстайды. Көбелек жұмырт-қасын жапырақтарға, шанақтарға және гүлдерге салады. Жұлдызқұрттың бірінші ұрпағы арамшөптерде, жоңышқада, ноқатта, темекіде, қызанақта қоректенеді.
2. 2. Күздік көбелекке биологиялық ерекшелігі, зияндылығы және еліміздің әртүрлі аймақтарында таралуы
Күздік көбелек - Agrotis segetum Schift. Ресейдің европалық бөлігінің Қиыр Солтүстігінен басқа аймақтарының барлығында, Күнгей Кавказ бен Орта Азия, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында таралған (2-сурет) .
2-сурет. Күздік көбелек - Agrotis segetum Schift.
Көбелектің алдыңғы қанаттарының жалпы түсі ақшыл-қоңырдан қара - қоңырға дейін өзгеріп тұрады: бүйрек тәрізді, сына тәрізді және дөңгелек таңбалар жіңішке қара сызықпен жиектелген. Төрт ирек сызық қанаттың үс-тінде көлденең орналасқан. Олардың екеуі сына тәрізді таңбаны кесіп өтеді де, қалған екеуі бүйрек тәрізді таңбадан төмен жатады. Артқы қанаттары ақ-шыл. Ұрғашыларының мұртшалары жіңішке қылшық тәрізді, ал еркектерінікі жуанырақ келеді, және тарақ тәрізді. Қанаттарының өрісі 40-50 мм (3-сурет) .
3-сурет. Күздік көбелектердің құрылысы
Жұмыртқасы жарты шар тәрізді, диаметрі 0. 5 мм, үстіңгі жанындағы қырларының саны 16-20. Жаңа салынған жұмыртқаның түсі сүттей ақ, 2-3 күн өткен соң оның сыртқы қабығында қызғылт шеңбер пайда болады.
Жұлдызқұрт шығар кезде жұмыртқа қараяды. I-III жастағы жұлдызқұрттар күң-гірт топырақ түсті сұр, жоғарғы жастағыларының эпикутикуласы жылтыр, арқасында бойлай орналасқан жіңішке қара жолақ бар, құрсағында 5 жұп аяк-тары болады, маңдай тігістері желке шұкырында түйіседі, VI-жастағы жұл-дызқұрттың ұзындығы 52 мм жетеді. Қуыршақтың ұзындығы 20 мм ша-масында, түсі қызыл - қоңыр, анальды бунағы 2 тікенекті (4-сурет) .
4-сурет. Жұлдызқұрты
Күздік көбелектің бір жылда беретін ұрпақарының саны мекендеген жерінің ауа райы жағдайдаларына байланысты. Мысалы, Шымкент облысын-да 3, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облысында 2, ал Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 1 генерация беріп көбейеді.
Күздік көбелек дамуы аяқталған жұлдызқұрт фазасында топырақтың тығыздығы мен жұмсактығына қарай 5-25 см тереңдікте қыстайды. Көктемде орташа температура 5-6 см тереңдікте жер бесік жасап, сонда қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы ауа райы жағдайында байланысты 2-4 жетіге дейін созылады (5-сурет) .
5-сурет. Күздік көбелектің дамуы
Көктемде көбелектердің ұшуы, яғни қуыршақтан шығуы, орташа тәулік температурасы 15-17°С болғанда байқала бастайды. Олардың ұшуы ымырт жабылған кезде басталып, түн ортасында тоқталады. Ең қарқынды ұшу түнгі сағат 10-20 арасында. Көбелектер күндіз әр түрлі заттың астында немесе жер жарықтарын паналап жатады. Олар әр түрлі өсімдіктердің гүл нектарымен қоректенеді. Бұл олардың өсімталдығын арттырады. Әрбір ұрға-шы көбелек өз өмірінде 200-ден 2000-ға дейін жұмыртқа салады. Жұмырт-қаларын бір-бірлеп немесе 3-5 топтап, жапырақ бетіне, қурап қалған сабаққа немесе топырақ кесектерінің үстіне орналастырады. Әсіресе егін шырмауығы сияқты төселме сабақты өсімдіктердің жапырақтарына салуды ұнатады.
Жұлдызқұрттар алғашында сол жұмыртқадан шыққан жерде жапы-рақтың астыңғы бетінің жұмсақ тканнін кеулеп жеп қоректенуін бастайды. Екінші жастағы жұлдызқұрттар жапырақты кеміріп, тесіп жібереді, бірақ олар жапырақ жуйелеріне тимейді. Осының нәтижесінде жапырақта ірілі-ұсакты тесіктер пайда болады. Үшінші жастағы жұлдызқұрттар жапырақты шетінен бастап кеміріп жейді және көпшілік жағдайда оның сағағын да кемі-реді. IV-V және VI жастағы жұлдызқұрттар күндіз әр түрлі заттарды паналап, болмаса бос топыраққа еніп жатады да кешке қарай шығып, сабақтың жер үстіне таяу бөлімін кеміріп жеп, өсімдікті біржола қырқып тастайды. Жұл-дызқұрттар неғұрлым ересек болса, соғұрлым қоймағай келеді.
Қоршаған орта температурасына байланысты 25-35 күннен кейін жұлдызқұрттар топырақ арасына еніп, қуыршаққа айналады. Одан соң 15-18 күннен кейін II-генерацияның көбелектері ұшып шығады. Бұл ұрпақтың көбелектері мен жұлдызқұрттарының тіршілік әрекеті 1-генерацияға ұқсас. II-генерацияның көбелектерінің қарқынды түрде ұшуы Қазақстанның оңтүс-тік-шығысында шілденің II-онкүндігі мен тамыздың I-онкүндігінен басталып, қыркүйектің басына дейін созылады. Жұлдызқұрттардың дамуы өте созы-лыңқы болады да олар қыстауға тек қазанның аяғында ғана кетеді. Оңтүстік Қазақстанда II-генерация маусымның аяғынан тамыздың ортасына дейін, ал II-генерация қыркүйек - қазан айларында дамиды.
Қазақстанда күздік көбелек әсіресе көктем кезінде отамалы дақыл-дардың көктері мен көшеттері үшін өте қауіпті. Осы кезде көбелектің II-генерацияның өсіп - өніп дамуы мақта, қант қызылшасы, жүгері, темекі, көкөніс және басқа дақылдардың көктеп шығуына немесе олардың көшеттерін отыр-ғызу кезеңіне тура келеді. Күздік көбелектің екінші генерациясының жұлдыз-құрттары оңтүстік-шығыста жүгері, жоңышқа, көкөніс және басқа дақыл-дардың егінін зақымдайды. Қант қызылшасы мен сәбіздің және картоптың түйнектері және тамыржемістерімен қоректеніп, оларды бүлдіреді. Сонымен қатар парға себілген күздік бидайдың көгін зақымдайды.
Күздік көбелектің дамуы арам шөптермен тығыз байланысты. Көпші-лік жағдайда көбелектер жұмыртқаларын арам шөптерге салады және жұл-дызқұрттар алғашында солармен қоректеніп, соңынан дақылдарға көшеді. Өсімдіктер неғұрлым жас болса, жұлдызқұрттар оларды соғұрлым қатты за-қымдайды.
Күздік көбелектің сан мөлшерін реттеп тұратын факторлар-ауа райы-ның жағдайлары, агротехникалық шаралар және оның табиғи жаулары. Қа-лың түскен қар жұлдызқұрттарды қатты аяздан сақтап, жақсы күйде қыстап шығуларына мүмкіндік туғызады. Көктемде қуыршақтанар кезде ылғал ша-мадан артық болса, олардың қырылып қалуы мүмкін, керісінше, құрғақ-шылық болса оларға қолайлы жағдай туады.
Тұтас бір маусым бойындағы жылылық жинағы жұлдызқұрттардың қысқа даярлығын анықтауға мүмкіндік береді. Жылылық жеткіліксіз болған жағдайда жұлдызқұрттардың тек біраз бөлігі ғана ең соңғы, яғни VI-жастағы сатысына дейін дамып үлгере алады, ал қалғандары толық дамып үлгермейді де қысқы суықтарда қырылып қалады. Керісінше жылдық жеткілікті болса, олар тез дамып қысқа дейін толық жетіледі де қыстан күйлі шығады.
Күздік көбелектің жұлдызқұрттары саңырауқұлақ, бактериялық және вирус ауруларымен жиі ауырады. Қазақстанда олардың оқтын-октын жаппай қырылып қалуына себепші болатын гранулез вирусы едәуір тараған. Ал бұл түрдің табиғи жауларының ішінде өте кең таралғандары браконид тұқым-дасына жататын апантелес пен рогас, шаншарлардан амблителес деп атайтын паразит-насекомдар. Олар көбелектің жұлдызқұрттары мен қуыршақтарында паразиттік тіршілік етеді. Жыртқыш насекомдар мен құстар да күздік кө-белектердің жұлдызқұрттары мен қуыршақтарының тиімді жаулары болып есептеледі. Ал оның жұмыртқаларында трихограмма деп аталатын жарғақ қанатты насекомдар паразиттік тіршілік етеді.
2. 3. Есептеу әдістемесі мен күресу шаралары
Күздік көбелектерге есептеу жүргізу мақсатында оларды бақылау үш кезеңге бөлінеді: көктемдік, жаздық және күздік бақылау.
Көктемдік бақылау күз кезінде көбелектің саны ең көп балған егістік-терге жүргізіледі. Топырақ зерттеу әдістерінің қарапайым түрі қолданылады: 15-20 см. Нақты нәтижелерге жету үшін үшін 50-ден кем болмайтындай жұлдызқұрттарды арнайы ылғалдандырылған топырағы бар ыдысқа салып, олардың даму динамикасына бақылау жүргізіледі.
Жаздық бақылау жүргізу барысында дақылдар мен көкөніс алқапта-рының кем дегенде 10% қамтылу қажет. Топырақ сынамасының тереңдігі 5 см. 1м жерде 0, 2 жұлдызқұрт табылған жағдайда зақымдану мөлшері әлсіз 0, 4-0, 6 орташа, 0, 8- болған жағдайда жоғары болып саналады.
Күздік есептеу қыстап қалған жұлдызқұрттар санын білуге бағыт-талған. Олардың санын, жас мөлшерін және физиологиялық жағдайы анықта-лады. Топырақ зерттеу әдістемесінің қарапайым түрі қолданылады: 50х50 см, сынама тереңдігі 5-20см.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz