Консервлеудің ылғалды тұздау тәсілі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Жүн түгінің өзгермелілігі
2.2. Тон-үлбірге арналған аң және үй жануарларының терілерін бастапқы өңдеу
2.3 Шикізат ақаулары
2.4. Шикізатты сұрыптау, сапасын анықтау және сақтау
2.5. Шикізаттардың кейбір түрлерінің сипаттамалары
2.6 Тон-үлбір және тон өндірісінің қалдықтарын пайдалану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Тон-үлбір өндірісінде өңделетін тері шикізаты негізінен келесі топтарға бөлінеді: аса бағалы аң терілері, тон-үлбірлік шикізат, теңіз жануарларының терілері.
Аңтерілері шикізат немесе аң терілері ақаулар кезінде кезінде немесе арнайы өсірілген шаруашылықтарда дайындалатын аса бағалы аң терілері.
Тон-үлбірітк шикізат - тон-үлбір өндіруге жарамды үй жануарларының өңделмеген шикізаты.
Теңіз жануарлар терісі - өңделмеген теңіз мысығы, теңіз ит балығы және де басқа терісі өңдеуге жарамды теңіз жануаларының терілері.
Аң терілері де, (пушина) тон-үлбіртық шикізатқа қыстық және көктемдік бұрыш болып бөлінеді. Қыстық аң терілері - қыста ауланатын аң терілері. Бұларға тиын, қама, құндыз, аңкіс, қоян, сусар, күзен, түлкі, қара күзен,ондатра, көгілдір түлкі, бұлғын және тағы басқалар. Қыс айларында бұлардың түк жабындары жетілген, жоғары сапалы болады.көктемгі аң терілері қыста ұйқыға кететін немесе аулау қиынға түсетін, аң терілері сондықтан көктем, күз айларында ауланып дайындалатын аң терілерін айтады. Оларға суыр, сары шұнақ, көртышқан және т. б. Жатады.
Қыстық тон-үлбіртық шикізатқа жүні жақсы өсіп жетілетін үй жануарларының терісі жатады: үй қояны, ит, мысық.
Көктемгі тон-үлбіртық шикізат - негізінен үй жануарлар терілерінің жас төл терілері: лақ, қозы, қаракөл елтірісі, сеңсең бұғы, бұзау терілері, құлын, қой және теңіз мысығы терілері.

Негізгі бөлім
2.1. Жүн түгінің өзгермелілігі
Аңдар мен жануаралар терілерінің қасиеттерінің үлкен айырмашылықтары болады. Бұл жануарлардың тұқымдық табиғаттарына тән. Табиғи ерекшеліктерімен қатар, тұқымдық қасиеттеріне қоршаған ортаның тигізер әсері зор.
Қоршаған ортаның өзгеруі жануарлардың сыртқы қабатының организмді жағымсыз әсерлерден қорғауға қалыптастыратындай мүмкіндіктер болады. Бұның дәлелі ретінде жабай аң түрлерінің жүнінің солтүстік қысы суық аудандарда жылы жаққа қарағанда өсіп, қалың болуын келтіруге болады.
Бір аң терілерінңі өзінде қысқы жүн жабынның биік, қалың және жұмсақ болатыны байқалады. Жыл мезгілінің ауысына байланысты, климат жағдайы (ауа райы )өзгереді, соның әсерінен жүн түгінің бояуы, биіктігі, қалыңдығы және жұмсақтығыда өзгеріп тұрады. Реңінің өзгеруіне ақ түлкі, ақ тышқан, ақ қоян мысал бола алады. Олар жаздық жүннің қоңырқай реңін қысқа қарай ақ түске ауыстырады.
Қысқы ұйқыдан оянғанда аңдардың жүндері, құрғақ, бәсең, шелі - құрғақ, себебі қысқы ұйқы кезінде май бездері май бөлінуін тоқтады. Бұл аңдарда түлеу тек бір рет, жазда ғана болады. Ол кезде жүн түсіп орына күзде өсіп жетілетін жылтыраған, жұмсақ серпімді жаңасы өсіп шығады, шиелі - майланады.
Жануарлардың күтіміне байланысты жүн түгінің өзгеруі әртүрлі болады. ашық ауаду болатын қоян, мысық, ит жүндері жабық бөлмеде болатын аң жүндеріне қарағанда тез алмасады. Селекциялық (тұқым тазарту) нәтижесінде елеулі өзгерістер болады. Биязды жүнді қойда түлеу екі рет, қылшықты жүндіде көктемде ғана болса, жабайы қойлар жылына екі рет көктемде және күзде түлейді.Аң өсіретін шаруашылықтардағы бағалы аң терілерінің жүн түгін тор ішінде ұстап, жақсы күтіммен дұрыс тамақтандыру нәтижесінде таза тұқымды жүн түгінің реңін, биіктігін және қалыңдығын жақсартуға болады. бұны көптеген шаруашылықтар тәжірбиелері дәлелдеп көрсетті. Түлкі, күзен өсірілетін бөлмелерді жаз айларында қараңғылап қою нәтижесінде күзгі тиүлеуді тездетіп қысқы жүнннің дамуын үш аптаға қысқартуға, соның нәтижесінде шығынды азайтуға болады екен. Бұл аңдардың жүн түгінің аққа ауысуы қыста қарлы кезеңде қорғану қызметін атқарады.
Қысқы ұйқыға кетпейтін аңдарда жүн түгінің алмасуы жылына екі рет - көктемде және күзде болады, бұл түлеу деп аталады.
Көктемгі түлеу. Қыстың соңына қарай май бездерінің тіршілігінің тоқтауына байланысты, жүн түгі өңін жоғалтып, түбіт әлсірейді. Көктемнің кірісіне жүннің терімен байланысы әлсіреп, түсе бастайды, қысқы жүн жабыны сирейді. Теріде жүнсіз тақыр дақтар (бөліктер) пайда болады. тері қалыңдап қоңырқай тартады. Бірте - бірте жүннің қылшығы тазарып жаздық түк жабыны пайда болады. Әдетте, жүн түгінің алмасуы жануарлардың басынан құйрығына қарап жүреді.
Көктемгі түлеуде қыстық қалың өсік жабыны жаздың қысқа сирек жабынына алмасады. Күзгі түлеу кезінде астынғы қабатынан шыға береді де жаздық жүн жабыны толық түсіп бірте - бірте алмасады. Әдетте, күзгі түлеуде алмасу керісінше, құйрығынан басына қарай жүреді. Терінің қасиетері жануарлардың тұқымына, жасына және жынысына байланысты болады. Көбінесе аңдардың, үй жануарлардың еркектері ірілеу болып келеді.бұл терінің ауданына әсер етеді. Тек су құндызының ұрғашылары ірі болады.Еркек жануарлардың терілерінің жүндері, әдетте биік және ірі болып келеді,шелдері қалың. Кейбір жануарлардың (мысалы ит балықтың) еркектерінің реңдеріндерінде де өзгешелік болады. Теңіз мысығының еркектерінің жүнінің өсік жалы болады, ал ұрғашыларында ол болмайды.
Аңдар мен ауылшаруашылық жануарларының өсуіне байланысты тері құрылымында және жүн жабыны да өзгеріп отырады. Кейбір теңіз жануарларының балалары жүн сіз, ал кейбіреулерінің балалары жетілген жүнімен туады.
Сүтқоректілердің балаларының алғашқы жүн түп биязы түбіт секілді. Ол түк емген кезде ғана сақталады, ал одан соң қалыңырақ жабынмен алмасады.
Жабайы аңдардың алғашқы жүн түгі түсіп, орнына жаңасы шыққан соң да өмір бойы алмасып отырады.Жануарлар терілері денесі әбден толысқанға дейін өсе береді. Жүн түгі де қалыңдап реңі ашыла береді. Көптеген аңдардың жас балаларының алғашқы жүн жабынының құндылығы төмен болады. Ондай терілерді дайындауға тыйым салынады. Бірақ та жаңадан туған ит балық баласының жабыны өте бағалы шикізат болып есептеледі. Көптеген ауыл шаруашылық жануарларының (қой, ешкі, бұғы, сиыр және жылқы) тон-үлбіртық теріні тек жас төлдер ғана береді. Мысалы жаңа туған қаракөл қозысының елтірісі өте бағалы,ал бірінеше күн өткен соң қасиетін жоғалтып, құндылығы төмендейді. Үй жануарларының (қоян, мысық, ит) керісінше, жас төлдерінің ересектеріне қарағанда сапасы төмен болады.
Ересек ауыл шаруашылық жануарларының терілері биязы жүнді қойды есептемегенде былғары өндірісінде қолданылады.
Ауыл шаруашылық жануарлары сияқты үй жануарларында терілерінің құрылымнан да, жүн жабының сапасынан да өзгешелентін бірнеше тұқымдарға бөлінеді. Әсіресе қой тұқымдарының өзгешеліктері ерекше. Мысалы, биязы жібек жүнді қой терісінің теңіз мысығына, қоянға кәмшатқа ұқсас өнімдерге дейін алуға болады. ірі жүнді қой терілері тек тондық өнімдерге ғана жарайды. Қояндарға сол сияқты кейбіреулерінің жүнінің ұзындығы 15 - 20 см, ал кейбіреуінікі 3 см жетпейді.
Кейбір жануарлардың жынысының, жасының және өсу табиғатының бірдей болуына қарамастан, жүн жабынының, реңінің, ауданының елеулі айырмалары болады. Мысалы ретінде түлкі терісін келтіруге болады.

2.2. Тон-үлбірге арналған аң және үй жануарларының терілерін бастапқы өңдеу
Терісі тон-үлбір өнеркәсібіне пайдаланатын жануарларды сою терісінің тәсілінің терінің ауданына, тері ткані мен жүн түгінің беріктігіне тигізетін әсері мол. Союға қойылатын негізгі талап толық қансыздандыру, себебі тері құрамында қалған қан бактерияларының дамуына қолайлы ортта болып табылады. Жабайы аң терілерінің дайындауға кең тараған тәсіл - атып алу, одан басқа қақпан, тұзақ және с.с. тәсілдер қолданылады. Үй жануарларын бауыздау және маңдайынан немесе шүйдесінен соғып құлату арқылы жансыздандыру. Бауыздаған малдың терісін көпке созбай жаны шыққан бойда тез арада сыпырып алу керек. Терінің алғашқы өңдеу процестері теріні сыпыру, майсыздандыру және консервілеу.
Теріні сыпыру
Терінің жүн түгінің сапасына, илеу тәсіліне және оның пайдалануына байланысты сыпыру бірнеше тәсілмен жүргізіледі: жалпағынан (ақ жолакқ бойымен тілу, яғни төстің қарынның және шеткі мүшелерінің ортасын ала), екі бүйірден тілу, бас жағынан тұтастай төмен сыпыру және арт жағынан тұтастай басына қарай сыпыру.
Жалпағынан тілудже негізінен үй жануарларының терісін,қояннан басқа үлкен терілер (аю, жолбарыс) майы көп болатын (теңіз жануарланың ) және терілері жалпағынан қолданылатын кейбір аң терілері, көртышқан т.б. сыпыруда қролданылады.
Бас жағынан төмен қарай сыпыруды жүн түгі ашық түсті, түбіттес жұмсақ жүнді аңдар терісін (ақ тиын, бұлғын) терілеріне қолданылады. Ол үшін ауыздың айналасындағы ерінді ажыратып, мәрін шеміршектерін бөліп төмен қарай сыпырады.
Арт жағынан бас жағына қарай сыпыруды кәмшәт қара күзен, сусар, саз құндызы, түлкі, андатра, мысық, қоян және т.б. бағалы аң терілерінің алғанда қолданылады. Бұл терілердің алынатын өнімдердің түрі олардың ерекшеліктеріне байланысты.
Бұл тәсілде артқы аяқтың іш жағымен артқы тесіке дейін тіліп төмен қарай сыпырады. Көптеген аңдардың басын, аяқтарын, құйрығын, бүтіндей сақтап қалу тиімді.
Теріні майсыздандыру
Терінің тканінде сұрыптауға және жүн жабынына кері әсерін тигізетін майдың артық мөлшері болады. Майжүн жабынын ластап сарғайтады. Сонымен қатар сақтау кезінде тотығып, қызып тері тканін әлсіретеді. Майдың артық мөлшері терінің кебуіне де кері әсерін тигізіп, бактериялардың дамуына қолайлы жағдай жасауы мүмкін.
Майсыздандыруды (майдан арылтуды) негізінен тон-үлбіраникалық тәсілімен, өтпес пышақтарымен немесе сол сияқты активті туғыш заттармен өңдеу жолымен жүргізеді.

Консервілеу
Малдың жаңа ғана сыпырылған терісін булы тері деп атайды. Малды сойған сәттің өзінде - ақ теріде көптеген бактериялар болады. олар 20 - 370С температурада және қан қалдықтары бар дамуына қолайлы ортада өте тез көбейіп терінің бұзылуына жағдай жасайды. Мал жануарларының белгілі бір уақыт аралығында сойатын болғандықтан олардың өңдеу өнеркәсіптерінде жеткізгенше ұзақ уақыт сақтауға тура келеді. Терілер ұзақ булы тері күйінде сақтауға болмайды, сондықтан оларды негізгі қасиеттерін жоғалтпайтындай күйге келтіріп сақтау керек. Бұл үшін терілерді консервілейді. Теріні консервілеудің мақсаты бактериялардың дамуына қолайсыз жағдай жасау.
Тон-үлбір өндірісінде консервлеудің мынадай тәсілдері қолданылады: құрғату, ылғалды тұздау, тұздай құрғату, құрғату, қышқылды - тұздау және ашытқымен өңдеу.
Құрғатып консервлеу тәсілі. Ылғалсыз ортада бактерияның өсіп - жетілуі тежеледі. Жаңа сыпырылған теріде 65-75% ылғал болады. Құрғатып консервлеу тәсілінің мағынасы теріде ылғалды кептіру жолымен 14-16% - ке дейін төмендету. Бұндай ылғалдылықта бактериялардың көбісі дамуын тоқтатады. Құрғақ сақтау кезінде көлеңкедегі температура 20-35 , ауа алмастырылып кептіріледі. Одан жоғары температурада кептірілген терілер сынып кетуі мүмкін, ал төмен кебу уақыты созылып бүлінуі мүмкін. Кептірілетін терілер мұқият жазылған болуы керек.
Жалпағынан сыпыпылған ірі ерілер жон арқа сызығы бойынша екіге бүктеліп ілініп, немесе керіліп кептірілу керек, Орта және кіші терілер ағаш қалыптарға майда шгемен бекітіліп кептірілді. Тұтастай сыпырылған терілер арнаулы қалыптарда керіліп кептіріледі. Қалыптардың өлшемдері белгіленген мөлшерге сәйкес болуы керек.
Бағалы аң терілерін консервлеуде құрғақ кептіру тәсілін кеңінен қолданылады, себебі трі таза болғандықтан сұрыптау ыңғайлы, салмағы жеңіл тасымалдауға оңай. Консервлеудің ылғалды тұздау тәсілі. Бұл тәсіл мағынасы теріні ас тұзымен тұздайды. Ас тұзымен тұздау терінің құрамындағы ылғалдылықты кемітеді де, бактериялардың дамып өрбуіне жол бермейді. Ылғалды тұздау тәсілі тріні жайып ас тұзын себу немесе қаныққан тұз ерітіндісіне салу арқылы жүргізіледі. Жайып тұздауды арнайы тақталарда мұқият жайып тұзды теріге түгедей себеді, келесі теріні біріншінің үстіне жайып оғанда тұз себу арқылы жүргізіледі. Тері қабаттарының биіктігі 1,5 м болады. Тұздау үшін құрамы жағынан таза, ылғалдылығы 5% - тен аспайтын ас тұзы қолданылады. Тұзға парадихлорбензол, нафталин, натрийдің кремнефториді және т.б. антисептиктер қосылады. Тұздауға жұмсалатын тұздың мөлшері булы терінің массасынан 30,40%, парадихлорбензол 0,5 %, нафталин 0,8%. Антисептиктер теріні бактериалдық бүлінуден сақтайды.
Себілген тұз терініңиылғалына еріп бірте- бірте тері тканіне енеді. Әдетте консервленген тері ткані тығыз және серпімді болады. Ас тұзды ерітіндісінде (тұздық) консервлеуді алдынала350гдм.куб. болатындай етіп дайындалған ерітіндіде жүргізеді. Ерітіндіге алдын ала тазартылған терілер салынады. Консервлеу чандарда, баркастарда, барбандарда жүргізіледі. Ұзақтығы 10 - 15 сағат, ылғалды тұздауда +5 пен +15 температура жүргізген тиімді. Тұздықтау біткен соң терілерді ерітіндіден алып жүнін жоғары қаратып жайып қосымша тұз себеді. Ылғалды тұздауда жүн бірігіп қалатындықтан сұрыптау қиындау болады. Бірақта бұл тәсілдің орындалу оңайлығы, кептірілген ақауларың болмауы көптеген терілерді, дәлірек айтқанда қой, теңіз жануарлары, тиін және т.б. осы тәсілмен консервлеу тиімді. Жайып тұздағанға қарағанда тұздыққа салу кезінде ас тұзы тері құрылымына біркелкі енеді және терінің қаны мен кірі аз болады.
Консрвлеудің тұздай құрғату тәсілі. Бұл тәсіл негізінен қаракөл елтірілерін консервлеуде қолданылады. Теріге тұзды сеуіп қаттап жайып қояды да, 10 күннен соң кептіреді. Бұл тәсіл ылғалды тұздау мен құрғату тәсілдерінің қосындысы.
Оңтүстіктің ыстық ауасына байланысты ылғалда тұздалған терілер қызып кетсе құрғатылған терілердің жүніне күйе түседі, сондықтан да тұздай құрғату тәсілі өте тиімді.
Консервлеудің қышқылды - тұздау тәсілі. Бұл тәсіл өңдеудің кейбір түрлеріне жатады және аз қолданылады. Тәсілді орындауда ас тұзы (85%) аллюминий ашудасы (7,5%) және аммоний хлориді (7,5%) араластырыптеріге себеді. Қаттап жиып 7 күн сақтайды. Қышқылды - тұздау тәсілі қой терілерінің жүнін әрлеуді қиындатады.
Ашытқымен өңдеп консервлеу. Бұл тәсіл тек қаракөл елтірілерінде ғана қолданылады. Терінің құрамына арпа немесе сұлы ұны және ас тұзының қою ерітіндісін жағады. Ашытқымен консервлеуді жүргізу өте қиын процесс болғандықтан тек білікті мамандар ғана жүргізе алады жүргізілу ретінің сәл ғана бұзылуы жүннің босап, түсіп қалуына әкеліп соғады.

2.3 Шикізат ақаулары
Шикізат ақаулары деп оның сапасын төмендететін кемістіктерді айтады.шикізат ақаулары жануарлың немесе аңның тірі күнгі және өлгеннен кейінгі деп ажыратылады.
Тірі күнгі ақаулар .Мұндай ақаулар малдың ауруларынан ,жөнді күтім болмағандықтан ,ластанудан ,түлеуден сондай - ақ тон-үлбіраникалық жарақаттанудан болады.
Бұларға келесі ақауларды жатқызуға болады
Қылшықтың сынуы-қылшық жүндердің тон-үлбіраникалық әсерден сынуы.
Киіздену-жүннің ұйпаланып ,бірігіп,тұтасып қалуы.
Таздану-терінің жүннің сыпырылып түсіп қалуы.
Қылшықтың түбіт жүнінен төмен болуы.
Қотыр-терінің қышымадан кейін өң бітпей қалуы.
Тіс ізі-таласқаннан бітпей қалған тыртықтар.
Жүн сарғыштығы - ақ түсті (ақ тиін,ақ түлкі) жүндердің сарғыш тартуы.
Өлі жүн-күтімі болмаған мал жүннің дамымай қалуы.
Малды тірі кезіндегі терідегі ақаулары шаруашылықтарда күтімнің немесе бақылаудың болмауының нәтижесінде болады.
Жарақаттар уақытылы емделіп зоотехникалық ветеринарлық бақылау-ақауларды болдырмау жолы.Бұл өнім сапасын ғана арттырып қоймайды,сонымен қатар шаруашылық табысының кіріс көзі болып табылады.
Өлгеннен кейінгі ақаулар.Аң ауланғаннан кейінгі жүн немесе тері ақаулары аңдарды қолға түсіру,терісін сыпыру және консервілеу кезінде,сондай - ақ оларды сақтау ,тасымалдау кезінде пайда болады. Кеңінен таралғаны төменддегілер:
Оқ іздері-атылғандағы тесіктер.
Жүнге қанның қатып қалуы.
Жыртықтар-сыпырғанда немесе кергенде пайда болады.
Тері тканінің қаттылығы-жоғары температурада кептіргенде болатын сынғыштық.
Жүн майлылығы - майсыздандыру дұрыс жүргізілмегендігі.
Майлы күйік-май тотығуынан тері тканінің әлсіреуі.
Жүннің түсуі-жүн тамырының босап түсуі.
Дұрыс керілмеуі-қалыптардың талапқа сәйкес болмауы.
Көгеруі-жеткіліксіз кептірілгендіктен көгереді.
Жүн түсінің әртүрлілігі - күн сәулесінің әсерінен жүн түсінің өзгеруі.
Тері ткані мен жүннің күйеден бұзылуы.
Көрсетілген ақаулардың көпшілігі ұқыпсыздықтан пайда болады

2.4. Шикізатты сұрыптау, сапасын анықтау және сақтау
Стандарттар құрылымы. Шикізат сапасын анықтау қамтамасыз ету үшін негізінен мемлекеттік стандарттар МемСТ(ГОСТ) қолданылады. Мемлекеттік стандарттар шикізатты дайындаушылар үшін де, қабылдаушылар үшін де бағалауда, сұрыптауда және есептеуде сақталатын міндетті ереже. Стандарт индексі екі белгіден тұрады: реттік саны және сызықша арқылы бекітілу жылы. Мысалы, "өңделмеген тиін терісі"стандарты 6374 - 66 былай айтқанда, реттік саны 6374,1966 жылы бекітілген.
Стандарттар жиынтығы қолдануға тиімді.Олар "Аң терілерінің қысқы түрлері"немесе "Аң терілерінің жазғы түрлері"деп бөлінеді.Буып - түюдің және марклеудің де стандарттары бар.Стандарттарда төмендегідей бөлімдер болады: "Шикізаттың жеке түрлері", "Техникалық шарттар", "Стандартта емес терілер сипаттамасы".Сонымен бірге тері сапасын 1 сортқа шағып есептегендегі сапалық кестесі келтіріледі.
"Анықтау бөлімінде бұл стандартты шикізаттың қандай түрлеріне қолданылатыны және олардың сапалық сипаттамалары келтіріледі. "Топтастыру"бөлімінде сұрыптау белгілері келтіріледі.Сұрыптауды, әдетте, қай өлкеде өскеніне байланысты "кряж", сортына, ауданынажәне ақаулары бойынша жүргізеді. Мысалы, өскен жеріне байланысты (кряжге) тиін терісі 10(онға) бөлінеді.Сұрыптау негізін жүн мен тері тканінің сапасы алынады.
Сорт - жеке аң терілерінің тауарлық қасиеттерінің жиынтығы мен бағасы. Сортқа мезгілдік өзгерудің тигізер әсері мол.Аң терілерінің қысқы түрлерінің 1 сортына тері қыста алынғандары ғана жатады.Олардың жүн жабындары біркелкі дамыған, қылшығы биік, түбіті жетілген, тері ткані жұқа болып келеді.2 сортқа жүні аса жетілмеген терілер жатады. 3 сортқа жүні аласа қылшығы жетілмеген терілер жатады. Сорт бойынша сұрыптау аң терілерін бағалауды жоғары білімімен мо тәжірибесін қажет ететін қиын жұмыс.
Стандарттарда терілерді ауданы бойынша қай топқа жататыны келтіріледі.Аң терілерінің ауданын шаршы сантиметрмен анықтайды. Әдетте, терілерді үлкен, орташ және кіші деп бөледі. Тұтастай сыпырылған терілердің ауданы екі көзі аралығы мен құйрығының түбіне дейінгі ұзындықты ортасынан енінің екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Былғары және үлбір шикізаттарын консервілеу әдістері
Мех өңдеу технологиясы оқу құралы
Жүннің құрылымы
Жабайы жануарлар мен құстардың ет өнімдерін консервiлеу
Тері шикізатын өндіру туралы ақпарат
Тағамдарды консервілеу әдістері
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының Шардара аудандық ветеринарлық қызметі шаруа қожалығын жүргізу құқығындағы МКК мен танысу
Ірімшік сепараторлар
Балықты зертханалық зерттеу туралы ақпарат
Шошқа өнімдерін өндіру технологиясы, гигиенасы және санитариясы
Пәндер