Тамақ өнімдерін қадағалауға қойылатын талаптар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2.2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
2.3. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
2.3.1. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
2.3.2. Байытылуға (фортификациялануға) тиісті тамақ өнімдеріне қойылатын талаптар
2.3.3. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
2.3.4. Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
2.3.5.Тамақ өнімдерін орау, буып-түю және таңбалау кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
2.3.7.Тамақ өнімдерін өткізу кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
2.3.8. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
2.3.9. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау) және айналымы процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарға, материалдар мен бұйымдарға және тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдарға қойылатын талаптар
2.3.10. Тамақ өнімдерін қадағалауға қойылатын талаптар
2.3.11. Ауыз судың қауіпсіздігіне қойылатын арнайы талаптар
2.4. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заңның қолданылатын саласы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдеріне, сондай-ақ тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қолданылады.
2. Осы Заңның күші жеке тұтынуға арналған, үйде дайындалатын тамақ өнімдеріне қолданылмайды.

Негізгі бөлім
2.1. Осы заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азық - адам үшін тамақ көзі болып табылатын жануарларды азықтандыру үшін пайдаланылатын, өсімдіктен, жануардан, минералдан, микробиологиялық қолданыстан алынатын азық-түлік;
2) азық қоспалары - адам үшін тамақ көзі болып табылатын, жануарлар рационында жетіспейтін қоректік және минералдық заттар мен витаминдер көздері ретінде пайдаланылатын органика, минерал және (немесе) синтетика текті заттар;
3) байытылған (фортификацияланған) тамақ өнімдері - ауруды профилактикалау мақсатында енгізілетін, тамақтың құнарын арттыру үшін бастапқыда болмаған не жеткіліксіз мөлшерде болған немесе өндіру (дайындау) процесінде (сатысында) жоғалтылған бір немесе одан да көп қажетті ингредиенттер (витаминдер, минералдар, белоктар, амин немесе май қышқылдары) және басқа да заттар қосылған тамақ өнімдері;
4) балалар тағамы азық-түлігі - балалар организмінің физиологиялық қажетіне сай келетін және үш жасқа дейінгі балалар тағамдарына арналған, арнайы мақсаттағы тамақ азық-түлігі;
5) ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдері - тамаққа тиісті өңдеусіз пайдаланылмайтын, жануардан алынатын тамақ азық-түлігі мен шикізат, сондай-ақ азық және азық қоспалары;
6) ветеринарлық сертификат - ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында және көлікте ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінің әрбір партиясына беретін, белгіленген нысандағы құжат;
7) генетикалық түрлендірілген объектілер - гендік инженерия әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер;
8) дайындалған күні - тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) процесінің (сатысының) аяқталған күні;
9) диеталық тағам азық-түлігі - ауруларды профилактикалау және (немесе) емдеу мақсатында адамдардың жекелеген санаттары үшін арналған арнайы дайындалған тамақ өнімдері;
10) емдік-профилактикалық тағам азық-түлігі - зиянды кәсіптік факторлардың созылмалы әсерімен байланысты адам организміндегі бұзылудың алдын алу мақсатында адамдардың жекелеген санаттарына арналған, арнаулы тағам рациондарында пайдаланылатын арнайы тамақ өнімдері;
11) есептік нөмірі - өндіру объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
12) жалған тамақ өнімдері - көрінеу және қасақана өзгертілген, қолдан жасалған және (немесе) ол туралы ақпарат көрінеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын, жасырын қасиеттері мен сапасы бар тамақ өнімдері;
13) жарамдылық мерзімі - тамақ өнімі өзіне қойылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына толық сәйкес болуға тиіс уақыт кезеңі;
14) жол берілмейтін қатер - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі деңгейінен асатын қатер;
14-1) қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері (бұдан әрі - ХАССП) - бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы бүкіл азық-түлік тізбегі бойынша өнім қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару;
15) қатер - тамақ өнімдерінің адам денсаулығына қолайсыз әсер ету ықтималдығы және бұл әсер етудің адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне әкелетін салдары;
16) қатерді бағалау - зиянкестің немесе аурудың енуі, тамыр жаюы немесе таралуы ықтималдылығын және осымен байланысты ықпалды әсері бар биологиялық және экономикалық салдарын сапалық және (немесе) мөлшерлік бағалау немесе тамақ өнімдерінде қоспалардың, ластағыш заттардың, уыттардың немесе ауру тудыратын организмдердің болуынан туындайтын адамның өмірі мен денсаулығына немесе жануарларға қолайсыз әсер ету мүмкіндігін бағалау;
17) қатерді басқару - қатерді айқындау, оны азайту үшін қолданылатын шараларды таңдау және жүзеге асыру, сондай-ақ олардың мониторингі мен тексерілуі;
18) қатерлерді талдау - өзара байланысты төрт құрамдастан: қауіп көзін айқындаудан, қатерді бағалаудан, қатерді басқарудан және қатер туралы ақпараттан тұратын қауіпті факторларды анықтау және қатерді бағалау үшін қолжетімді ақпаратты пайдалану рәсімі;
19) қатер туралы ақпарат - тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне жауапкершілік алған субъектілер мен уәкілетті органдар, сондай-ақ барлық басқа да мүдделі тараптар арасында қатер туралы өзара уақтылы мәліметтер алмасу;
20) қауіпті тамақ өнімдері - пайдаланылуы кезінде адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін жол берілмейтін қатер төндіруі мүмкін өнімдер;
21) қауіпті тамақ өнімдерін жою - тамақтық мақсатқа пайдаланылуын болдырмай және оған адам мен жануарлар жете алмастай етіп, тұтынуға және (немесе) одан әрі өңдеуге жарамсыз тамақ өнімдеріне ықпал жасау;
22) нормативтік-техникалық құжаттама - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерін (сатыларын) реттеу үшін қажетті құжаттар;
22-1) органикалық тамақ өнімі - өзінің құрамында органикалық өнім өндіру қағидаларына сәйкес алынған тамақ ингредиенттерінің кемінде тоқсан бес пайызын қамтитын, түпкілікті өнімде қалған ингредиенттердің барынша көп құрамы барлық ингредиенттер массасының (ас тұзы мен суды қоспағанда) бес пайызынан аспайтын қайта өңделген тамақ өнімі;
23) өнімдердің тамақ құндылығы - организмнің қоректік заттармен қанағаттандырылуы олардың энергетикалық құндылығымен, құрамымен және дәмдік қасиеттерімен айқындалатын дәрежесі;
24) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалануға тиісті тамақ өнімдері - ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиісті тамақ өнімдерінен басқа тамақ өнімдері;
25) тамаққа биологиялық активті қоспалар - байыту мақсатымен немесе парафармацевтиктерді қоспағанда, ауруларды профилактикалау үшін жеке қолдануға немесе тамақтық азық-түлік құрамына енгізуге арналған табиғи немесе табиғиға барабар заттардың құрамдастары;
26) тамақ қоспалары - тамақ азық-түлігінің биологиялық және энергетикалық құндылықтарына әсер етпейтін және тамақ азық-түлігі ретінде өздігінен пайдаланылмайтын, оларға діттелген сипаттар беру мақсатында арнайы қосылатын табиғи және жасанды заттар мен олардың қосындылары;
27) тамақ өнімдері - шикiзат, тамақ өнімдері, органикалық тамақ өнімі, арнайы мақсаттағы тамақ өнiмi, ауыз су, адам тұтынатын тамақ қоспалары және тамаққа биологиялық активті қоспалар, адам үшiн тамақ көздерi болып табылатын жануарлар пайдаланатын азық және азық қоспалары;
28) тамақ өнімдерімен байланысты материалдар мен бұйымдар (бұдан әрі - материалдар мен бұйымдар) - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінде (сатыларында) пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар, соның ішінде технологиялық жабдықтар, аспаптар мен қондырғылар, ыдыстар, буып-түю материалдары, ыдыс-аяқ, асханалық жарақтар;
29) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) - жаңа өндірісті ұйымдастыру және (немесе) жаңа тамақ өнімдері үшін қажетті үлгілерді және (немесе) нормативтік-техникалық құжаттаманы жасау процесі;
30) тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою субъектісі (бұдан әрі - субъект) - тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
31) тамақ өнімдерін кәдеге жарату - мақсаты бойынша басқа тамақ өнімдеріне пайдалануға жарамсыз тамақ өнімдерін технологиялық қайта өңдеу;
32) тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) - тамақ өнімдерінің технологиялық процесін және олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау процестерін, сондай-ақ ішкі өндірісте сақталуы мен
2.2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары:
1) мыналарды:
адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін;
тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауды;
экологиялық қауіпсіздікті;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
3) адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық нормалармен және ережелермен үйлестіру;
4) отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
5) халықаралық сауданың дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдері қауіпсіздігінің басымдығы;
2) адам денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын алу;
3) мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;
4) ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы;
5) қатерлерді бағалаудың ғылыми негізділігі;
6) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қадағалануы;
7) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі субъектілердің жауапкершілігі принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Мемлекет тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында, генетикалық түрлендірілген объектілердің сапалық және сандық құрамдарын және радиациялық сәуле алу деңгейін айқындауға арналған зертханаларды қоса алғанда, олардың материалдық-техникалық базасы мен персоналына қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу
1. Тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді өндіру (дайындау), әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасында азық қоспаларын, балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға) және өткізуге олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
Алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасы аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспалар, балалар тағамы азық-түлігі, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспалар, генетикалық түрлендірілген объектілер, бояғыштар, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдар, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттар, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлері мемлекеттік тіркелуге тиіс.
2. Мемлекеттік тіркеу:
1) субъект ұсынатын және тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға, берудің шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттардың сараптамасын;
2) жүргізілетін ғылыми және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің сараптамасын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), оған әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген азық қоспаларын, балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тізілімдерге енгізуді қамтиды.
3. Бір өндіруші дайындаған бір түрдегі, бір атаудағы тамақ өнімдерін бірнеше рет мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.
4. Мемлекеттік тіркелуге тиісті азық қоспаларының, балалар тағамы азық-түлігінің, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің, бояғыштардың, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдардың, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттардың, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерінің мемлекеттік тізілімдеріне енгізілген тамақ өнімдері уәкілетті органдар белгілеген мерзімдерде қолдануға рұқсат етіледі.

2.3. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын талаптар субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі:
1) субъектілердің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауы; P001783
2) субъектінің тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне өндірістік бақылау жүргізуі;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;
4) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;
5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
3. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестері (сатылары) уәкілетті органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады .
4. Мынадай көрсеткіштердің бірі бойынша:
1) сапасыздығының айқын белгілері бар (бүлінген, бұзылған, ластанған);
2) радиологиялық, уыттылық, химиялық және (немесе) микробиологиялық нормативтерден асқан;
3) қауіпсіздігі куәландырылған және шыққан тегі расталған құжаттары жоқ;
4) белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ немесе жарамдылық мерзімдері өткен;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында көзделген мәліметтермен таңбаланбаған;
6) ұсынылған ақпаратқа сәйкес емес;
7) жалған тамақ өнімдері болып табылатын, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдері оларды өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жіберілмейді.
5. Генетикалық түрлендірілген объектілердің және тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымына олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған қауіпсіздігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Ағымды санитарлық қадағалау
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы минстрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің құрылымы, қызметі, міндеттері
Өндірісті бағалау рәсімдерін метрологиялық қамтамасыз ету
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентi
Тиісті өндірістік тәжірибе
Дипломдық жобаны дайындау, жазу және қорғау тәртібі туралы жалпы ережелер
Халықаралық стандарттау және техникалық реттеу (сүт өнімі мысалында)
Тағамдық өнім түрлерін ветеринариялық – санитариялық токсикологиялық бағалау
Пәндер