Түсті қырыққабат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3 б
Негізгі бөлім
2.1 Қырыққабатқа сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4 б
2.2 Қырыққабат түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-10 б
2.3 Қырыққабаттан жасалатын аспаздық тағамдар ... ... ... ... ... .. 11 б
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12б
Пайдаланылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... . 13 б

Кіріспе
Қырыққабат, қатпаршақкөк (орыс тілінде қырыққабат) (Brassіca) - орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. қырыққабат туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. қырыққабатның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Қырыққабаттың бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин қырыққабаттарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Қырыққабат бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Қырыққабаттың: қауданды қырыққабат, савойя қырыққабаты, брюссель қырыққабаты, кольраби қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, Қытай қырыққабаты, Пекин қырыққабаты, түсті қырыққабат, т.б. түрлері бар. Барлығына ортақ сипат - қырыққабаттар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 - 18°С. Температураның төмендеуіне ( - 10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары - жапырақты және брюссельдік қырыққабатлар, ыстыққа төзімділері - жапырақты қырыққабат және кольраби қырыққабатсы. қырыққабатның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол. Вегетац. кезеңінің ұзақтығы бойынша қырыққабат сорттары: өте ерте пісетін (65 - 100 күнде, Куузику вараяне), ерте пісетін (100 - 115 күнде, Грибовский 147), ертелеу пісетін (115 - 130 күнде, Алтын гектар), орташа мерзімде пісетін (130 - 145 күнде, Даңқ 1305, Надежда), кештеу пісетін (145 - 160 күнде, Сыйлық) және кеш пісетін (160 күннен артық, Амагер 611, Завадская) болып бөлінеді. Қауданды қырыққабат Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. Оның диам. 10 - 45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды қырыққабатты жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз және сарымсақ қосып тұздайды. Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Қырыққабат - құнарлы мал азығы. Оның түсімі мол, әр га-нан 200 - 900 ц. өнім түседі. Қырыққабат зиянкестері: қырыққабат шыбыны, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат бітесі, т.б. жиі кездеседі; аурулары: фомоз, түкті және шырышты бактериоз.

Негізгі бөлім
2.1 Қырыққабатқа сипаттама
Өсімдік туралы. Қырыққабат - қырыққабат (Brassica) туысына жататын екіжылдық бақша өсімдігі. Құнды дәрумендерімен, дәрілік қасиетімен және айрықша дәмімен ерекшеленетін қырыққабат Жер шарының барлық аймақтарында кездеседі. Қырыққабаттың 8 түрі ең танымал болып саналады: кәдімгі қырыққабат, савой қырыққабаты, түсті қырыққабат (цветная қырыққабат), кольраби, қытай қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және пекин қырыққабаты. Қырыққабаттың жапырақтары бір сабақтың түбінен шығып, кезектесіп орналасады. Астыңғы бөлігіндегі жапырақтары үлкен, біршама қалың, етті, жиі орналасқан, ал сабақты бойлай шыққан жапырақтарының пішіні сопақтау болып келеді. Қырыққабаттың отаны анықталмаған. Дегенмен,А. Декандольдің айтуынша, Ұлыбритания, Ирландия, Дания және Францияның солтүстік-батысында бұл өсімдіктің табиғи түрлері кездесуі мүмкін.
Қолданылуы. Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып, ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді.

2.2 Қырыққабат түрлері
Капустаның мәдени сорттарының арғы тегi жабайы капуста болып табылады. Қазiргi уақытта ол Жерорта теңiзi жағалауында өседi. Бұл сабағы биiк, жапырағы дөңгелек қаудан (кочан) байламайтын, өсi онша үлкен болмайтын өсiмдiк. Көптеген ғасырлар бойы адам жабайы капустаны сеуiп жапырақтары үлкен өсiмдiктерден тұқым жинаған. Осылайша аса құнды көкөнiс дақылы капуста алынған.
Қазiргi уақытта капустаның көптеген мәдени түрлерiн өсiредi.
Аққауданды қырыққабат. Ақ қауданды (кочанды) капуста - екi жылдық шөптесiн өсiмдiк. Бiрiншi жылы тұқымнан кiндiк тамыры мен қысқарған сaбақ өсiп шығады. Осы сабақтан дөңгелек орам жапырақтары бар қаудан (кочан) түзiледi, оның ортасында өзегi болады. Сабақтағы жапырақтардың арасында шағындау қолтық бүршiктерi мен бiр төбелiк бүршiк жетiледi.
Қауданның (кочанның) сыртқы жапырақтарының түсi жасыл болады. Осы жапырақтарда фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде қант түзiледi. Ол соңынан суда ерiп, қауданның iшкi ақ жапырақтарына өтедi.

Барлық жерде өсіріліп, өнімі жинап алынады. Жабайы қырыққабат Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі жағалауларында кездеседі. Қырыққабаттың мынандай түрлері бар: қауданды, савойя, брюссельдік, кольраби, жапырақты, Қытай, Пекин, түсті капусталар. Бұлардың ішінде түсті және Пекин капусталарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер, қырыққабаттың барлық түрлері де жарық сүйгіш, суыққа төзімді. Ал енді ыстыққа төзімділері: жапырақты және кольраби деп аталатын сорттары.
Вегетациялық кезеңінің ұзақтығына сәйкес қырыққабат түрлері төмендегідей топтарған бөлінеді: өте ерте пісетін (65-100 күнде, Куузику вараяне), ерте пісетін (100-115 күнде, Грибовский - 147), ертелеу пісетін (115-130 күнде, Алтын гектар), орташа мерзімде пісетін (130-145 күнде, Даңқ 1305, Надежда), кештеу пісетін (145-160 күнде, Сыйлық), кеш пісетін (160 күннен артық, Амагер 611, Заводская). Қауданды қырыққабат Қазақстанда негізгі дақылдық көкөністердің бірі ретінде өсіріледі. Оның диаметрі 10-45 сантиметр, салмағы 16 келіге дейін тартады. Ақ қауданды қырыққабатты жаңа піскен күйінде, қайта өңделген қалпында жыл бойы ас мәзірінде пайдаланады. Қырыққабаттың қауданын ашытады, бұқтырады, бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз, сарымсақ қосып тұздап та жейді.
Ақ қауданды (кочанды) капустадан (капуста белокачанная - Brassica oleracea var. capitata) басқа, гүлдi капустаны (капуста цветная - Brassica oleraceae var. sabauda) отырғызады. Оның тығыз орналасқан, толық жетiлмеген, ақ түстi гүлшоғыры тамаққа пайдаланылады. Брюссель капустасы (капуста брюссельская - Brassica oleraceae var. gemmifera) қолтық бүршiктерiнен пайда болатын кiшкентай қаудандары (кочандары) үшiн отырғызады. Кольраби капустасын (Brassica oleracea var. gongiloides) тарнаға (брюква - Brassica napobrassica) немесе шалқанға (репа - Brassica rapa) ұқсас жуан етжендi сабағы үшiн отырғызады.
Ақбас қырыққабат. Бұл әлемдегі ең көп тараған қырыққабат. Оның құрамында өте сирек U дәрумені бар. Сол дәруменнің арқасында ақбас қырыққабаттың шырынын асқазан және аш ішек жарасын емдеуде қолданады. Сонымен қатар, бұл қырыққабат ең арзаны және қыс бойы жақсы сақталады. Ақбас қырыққабат құрамындағы С дәруменінің мөлшері бойынша алда тұр. Ақбас қырыққабатта басқа мынадай пайдалы заттар бар: - жүйке жүйесіне пайдалы В тобының дәрумендері; - жүрек-қантамырлар жұмысына және асқорытуға көмектесетін РР дәрумені; - көзге маңызды А дәрумені; - бүйрекке тас түзілуінің алдын алатын және артық сұйықтықты шығаратын кальций, калий, магний және темір; - зат алмасуды реттейтін сүт қышқылы; - ұмытшақтық (склероз) дамуының алдын алатын "холин" деген зат.
Савойя қырыққабаты Бұл "бөтен елден келген" көкөніс алғаш рет Франциядағы Савойя графствосында өсірілген. Қырыққабаттың бұл түрінде өсімдік ақуызы мен жасұнық көбірек. Құрамында жасұнық мөлшері көп болғандықтан, оны асқазан аурулары бар адамдарға жеуге тыйым салады. Оның құрамында А, B, С, E, PP дәрумендері және калий, магний, фосфор, марганец, темір, тиамин және рибофлавин минералдары бар.

Пекин қырыққабаты Бұл қырыққабаттың басқалардан айырмашылығы оның ортасында өзегі жоқ. Ақбас және Пекин қырыққабатының құрамы бір-біріне қатты ұқсайды. Алайда Пекин қырыққабатында қанды тазартатын лизин амин қышқылы көбірек. Онда А, В2, В6, В9, Е, РР және К дәрумендері бар. Ендеше, қай қырыққабат пайдалырақ? Ашытылған қырыққабат! Кореялық ғалымдар мынадай шешімге келген: балғын көкөністе бар дәрумендерден бөлек ол ашытылған кезде тағы да жаңа дәрумендер түзіледі. Сонымен қатар, ашыту кезінде бөлінген шырында көптеген пайдалы биологиялық белсенді компоненттер бөлінеді екен. Ал балғын қырыққабаттың арасында ең пайдалысына ақбас қырыққабатты жатқызады: себебі оның құрамында С дәрумені көп және ол ұзақ сақталады. Ақбас қырыққабатты ашыту да оңайырақ.

Брюссель қырыққабаты. Брюссель қырыққабаты -- негізгі сабақтағы жапырақтардың қуысындағы ұсақ қаудандар (диаметрі 5 см-ге жуық). Оның Геркулес деп аталатын сорты кең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капустаға сипаттама
Тұқым өсіру ауыспалы егістері
Қырыққабат
Алматы облысы Қарасай ауданындағы қырыққабаттың зиянкестері мен ауруларынан қорғау шаралары
Қырыққабаттың дақылының қорғау шаралары
Tүpкіcтaн oблыcы жaғдaйындa қыpыққaбaт aқ көбeлeгінің тapaлуы жәнe oлapмeн күpeсу шapaлapы
Айқышгүлді егістік,жемдік,көкеніс дақылдарының зиянкестері
Алматы облысы, Қарасай ауданы бойынша көлемі 7 га қырыққабат егісінде кездесетін негізгі зиянкестер мен ауруларын болжау және күрес шаралардың мерзімін хабарлау
Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі
Қырыққабат ақ көбелегі
Пәндер