Аусыл ауруының анықтамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі
Аграрлық бөлімшесі

Курстық жұмыс: Аусыл

Орындаған: Дүйсенбай Азамат
Тобы: ВЕТ-0916
Қабылдаған: Ержанова Әйгерім

Түркістан 2020 ж
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1. Аусыл ауруының анықтамасы
2.2. Індеттік ерекшеліктері
2.3. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
2.4. Аусылды балау
III. ҚР Ветеринария туралы заңының аусыл жайлы қарарлары
IV. Өзіндік зерттеу
V. Қорытынды
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
Ауыл шаруашылығы секторы еліміздің басты экономикалық объектілерінің бірі. Осынау аграрлық экономиканың қарыштап дамуы үшін елдегі көптеген Ветеринария саласындағы кадрлардың біліктілігі шешуші роль атқарады. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев: мал шаруашылығы елдегі экономиканың қозғаушы күші болуы керектігін айтқан. Сондықтан дәл осы саланың қарқындап жұмыс істеуі бойынша ветеринария мамандардың алатын үлесі зор.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мемлекеттік мекемесінің ресми деректеріне сүйенсек, 2019 жылы ауыл шаруашылығы малдарының эпизоотологиялық аса қауіпті 17 ауруларына қарсы жасалған вакцинация жұмыстарында 140 696 651 бас жануар мен құстарға екпе жасалған. Комитет төрағасы Өтеғұлов Арманның айтуы бойынша бұл көрсеткіш 2020 жылы 15 миллионға жетуі жоспарланған. Осы себептен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі халықаралық стандарттар бойынша сертификатталған ветеринариялық препараттарды шетелдегі озық технологиялы фармацевтикалық, биологиялық зауыттардан сатып алған. Сатып алынған ветеринариялық препараттардың биылғы партиясы 12 млн-ды құрайды екен. Ал қалған бөлігі отандық био-кәсіпорын өнімдері.
Жоғарыда аталған 17 аурудың ішінде аусыл, құтыру, сібір жарасы, оба ауруларына көптеген ветеринариялық екпелер, диагностика жасауға арналған препараттар басқа да жұқпалы ауруларға қарағанда артығырақ бөлінген. Мысалы, бір аусылдың өзіне PrioCHECK(R)FMDV-A, Asia 1, NS, PrioCHECK(R)FMDV-O, FMD-3ABC Ab ELISA Kit, Набор Bionote FMD NSP Ab ELISA, FMD Ab ELISA kit (types A, O, Азия I), IDEXX FMD Multispecies Ab Test, Biovetest(R) FMDV Type O Ab cELISA, Biovetest(R) FMDV Type А Ab cELISA, Biovetest(R) FMDV Type Asia I Ab iELISA, VD Pro(R) FMVD Type O ELISA VD Pro(R) FMVD NSP AB ELISA секілді диагностикалық препараттар бөлінген. Аталған препараттар түгелімен отандық Median.KZ (Медиан.КЗ) ЖШС өнімдері.
Аусыл - шаруашылыққа аса шығын келтіретін жұқпалы эпизоотиялық ауру. Адамға жұқпайды, көбіне мүйізді ірі қара, кейде ұсақ күйістілер ауырады. Аусыл өз кезегінде етті-сүтті бағыттағы сиырлардың өнімін төмендетеді, өлім-жітімге ұшыратады. Жыл сайын жеке тұлғалар мен ірі қара мал ұстайтын шаруашылықтар аусылдан жапа шегеді. Жыл сайынғы аурудың эпизоотиялық өрбуіне байланысты көктем, күз айларында (жылына 2 рет) аусылға қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі.
Мен өзімнің курстық жұмысымда аусылды емдеу тәсілдері, сауықтыру мен алдын алу шаралары және т.б профилактикалық, диагностикалық жұмыстар жайында мәліметтер келтіретін боламын.

II. Негізгі бөлім
2.1. Аусыл ауруының анықтамасы

Аусыл (лат. Арhtae epizooricae, ящур, ағыл. Ғоot аnd тоuth disease - FMD) аса жұғымтал жіті өтетін, қызба және ауыздың кілегейлі қабығында, желін мен аяқтың терісінде күлдіреуік пайда болуы арқылы ерекшеленетін үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың вирустық ауруы.
Тарихи деректер. Аусыл ауруы 400 жылдай бұрын пайда болған. 17-19 ғасырларда Европаның кейбір елдерінде сілекейдің көп бөлінуімен ерекшеленген ауру жағдайлары белгілі болды. Басында аусыл ауруы Азияда пайда болғанымен, қазіргі уақытта бүкіл әлемге тараған. Әлі вакцина ойлап табылмаған кезде аусыл ауруы сол елдің барлық малдарына, кейде бүкіл Европаның малдарына жұға отырып, әр 4-5 жыл сайын қайталанып отырған. Эпизоотия барлық жануарларға ауру жұққанға дейін тоқтамаған. Жануарлар аурудан айыққаннан кейін иммунитет қалыптасқан, бірақ жануарлардың әлі ауырмаған келесі буыны (бірнеше жылдан кейін) келгеннен кейін ауру қайта қозған.
Өте кіші көлемдегі фильтрленетін вирус аусыл тудырады. Лёффлер мен Фрош 1897 жылы жануарларда анықталған бірінші вирусты ашты. Жүн жамылғыда аусыл вирусы 30 күнге дейін сақталады, мал азығында 30-дан 150 күнге дейін, жүнде 14 күн, теріден тігілген аяқ киімде 80 күн, ал резина аяқ киімде 100 күндей, құмда 15 күн және т.б. Вирус елдің бір шетінен екінші шетіне немесе бір елден екінші елге оңай көшіріледі, себебі ол жануарлар арасында суаруға арналған шелектер, адамның киімі мен аяқ киімі, оның қолдары, әсіресе, көп мөлшерде сілекей бөлінуі байқалған ауру жануарлар арқылы тез беріледі.
Қоздырушысы - Aphtovirus (1-сурет) - РНҚ-лы, Aphtovirus туыстығына, Pikornaviridae тұқымдастығына жатады. Вирионының мөлшері 20-25 нм. Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Антигендік қасиеті бойынша 7 серологиялық типке: О, А, С, САТ-1, САТ-2, САТ-3 және Азия-1 бөлінеді. Әр тип бірнеше вариантқа бөлінеді: О тармағы 13 вариантқа, А - 32, С - 5, САТ-1 - жеті, САТ-2 - үш, САТ-3 - төрт, Азия-1 - екі. Бұл тармақтары мен варианттарының бір-бірінен иммунологиялық айырмашылықтары бар. Олардың әрқайсысы вирустың басқа типі мен вариантына иммунді жануарларда ауру қоздыра алады. Аусылдың вирусы бейім жануарлардың эпителий ұлпаларының торшаларының өсінінде белсенді көбейеді және оның нәтижесінде ЦПӘ байқалады. Вирустың уыттылығы жаңа туған тышқан үшін өте жоғары. Оны лабораториялық жануарлардың (теңіз тышқаны, бала тышқан мен қоян көжегі) денесі арқылы өте оңай пассаж жасауға болады. Жануарлар денесінде вирус бейтараптаушы, комплемент байланыстырушы, преципитациялаушы антиденелер түзілуіне түрткі болады. Бүл антиденелер қоздырушының әрбір серологиялық типіне тән болады. Сондықтан ҚГАР, БР, КБР, сарысумен қорғау реакциясы мен айқыш иммунитет аусыл вирусының серотиптері мен варианттарын ажырату үшін қолданылады.
1-сурет. Аусыл ауруының вирусы - Aphtovirus
Төзімділігі. Вирус эфир мен хлороформға төзімді. 1% фенол ерітіндісі мен 75° этил спирті белсенділігін жоймайды. Лизол мен толуолдың басқа вирустар мен бактерияларды өлтіретін концентрациясына төтеп береді. Ол ортаның рН-на сезімтал. 6-дан төмен 10-нан жоғары рН-та инфекциялық қасиетін тез жояды. Сыдырылып түскен күлдіреуіктің қабығында вирустың төзімділігі едәуір жоғары болады. Таулы жайылымда келесі жылғы жайылым маусымына дейін сақталады, сарқын суда жылдың суық мезгілінде 100 күннен артық, жаздың күні 21, күзде 49 күн сақталады. Малдың үстіндегі жүнінде 50, киімде 100, үй ішінде 70 күнге дейін сақталады. Сүтте аусылдың вирусы 65°С-та 30 минутта, 70°С-та 15 минутта, 80-100°С-та бірнеше секундта белсенділігін жояды. Сойылған малдың етінде вирус ет бабына келу процесі кезінде түзілетін сүт қышқылының әсерінен тез белсенділігін жояды. Тұздалған және кептірілген өнімдерде 50 күнге дейін сақталынады.
Аусылдың вирусы химиялық заттарға төзімді, оны дезинфекция үшін жиі қолданылатын хлорлы әк (5%), фенол (1%) және креолин (5%) ерітінділері бірнеше сағаттан соң ғана өлтіреді. Ең жақсы дезинфектант 1-2 % формальдегид, 2 % күйдіргіш натрий ерітінділері болып табылады. Олар ауру қоздырушысын 10-30 минут ішінде өлтіреді.
Этиологиясы. Мал басын төмен төмен соза, ыңырсыған дауыс шығарады. Күйіс қайтаруы нашарлайды, аузынан сілекей (2-сурет) ағады. Вирус организмге ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабықтары арқылы енеді. Ол эпителиотропты болғандықтан эпителиоциттерге сіңіп, соларда көбейеді. Алғашқыда күлдіреуіктер (волдыр) пайда болады, әдетте ауызда (3-сурет) немесе танауда (4-сурет). Олар дөңгелек немесе сопақша болып, сұйыққа толып сызданып тұрады да, саусақпен басқанда жарылады. Күлдіреуіктің жарылған жерінде кілегейлі қабық астында ұлпадан оңай сыдырылып түседі.
2-сурет. Ауыздан аққан сілекей.
3-сурет. Ауызда пайда болған күлдіреуік
4-сурет. Танауда пайда болған күлдіреуік.
2.2. Індеттік ерекшеліктері
Аусылға бейім жануарлар: сиыр, шошқа, қой, ешкі, буйвол, қодас, түйе, бүғы жэне көптеген жабайы ашатұяқтылар (сайғақ, бұлан, елік). Бірлі-жарым бұл ауруға ит пен мысық, қоян мен егеуқұйрық, тіпті кірпі де шалдығатыны туралы хабарлар бар. Ең сезімтал жануарларға сиыр мен шошқа жатады. Кей жағдайда ауру малды бағып күткенде, аусыл-мен адам да ауырады. Жас малдың бейімділігі ересек малдан гөрі жоғары және оларда ауру ауыр түрінде өтеді.
Аусыл қоздырушысының бастауы - ауырған, оның ішінде аурудың жасырын кезеңіндегі жэне вирус тасымалдаушы мал. Мұндай жануарлар вирусты сыртқы ортаға сүтімен, сілекейімен, несебі және нәжісімен бөліп шығарады. Бұның нәтижесінде қоражай, әр түрлі құрал-саймандар, жайылым, жем-шөп, суат, көлік жабдықтары, т.б. ластанады.
Вирус жануарлардың денесіне негізінен жемшөп және сумен бірге, әр түрлі ластанған заттарды жалаған кезде ауыздың кілегей қабығы, желін мен сирақтың зақымданған терісі арқылы немесе ауру малмен бірге тұрғанда аэрогендік жолмен енеді.
Аусылдың таралуына көп жағдайда шаруашылық-экономикалық байланыстар, малды өсіру ерекшеліктері, мал басының тығыздығы, халықтың жүріп-тұруы, мал азығын дайындау, мал өнімдерін сақтау, тасымалдау, өңдеу және т.б. жағдайлар әсер етеді. Алыстағы жайылымдарға малды айдау кезінде аурудың таралуы жылдамдайды. Ет және сүт өңдейтін мекемелер аусылдың таралуына көп әсер етеді.
Кәдімгідей қатерсіз өрбуімен бірге аусылдың қатерлі түрі де кездеседі.
Ол жағдайда жүрек қызметі мен қан айналымының бұзылуы басым болады да, мал қатты күйзелген жағдайда болады. Әсіресе маститтің жіті түрі жиі байқалып, сүт беруін тоқтатып, мал жатып қалады. Аусыл қатерлі өрбігенде 7-14-ші күндерінде мал кенеттен өліп, өлім 70-100%-ға жетеді. Аусылдың қатерлі өрбуі әсіресе жас төлде жиі кездеседі. Бұзаудың денесінің ыстығы көтеріліп, қатты әлсіреп, күйзеледі, кейде гастроэнтерит, тахикардия, жүрек параличі байқалады. Ауырған бұзау әдетте 12-36 сағат ішінде миокардиттің әсерінен өліп кетеді.
Қойда аусыл сиырға қарағанда біршама бәсең өтеді. Негізгі белгісі - дене ыстығының көтерілуі. Ауызда пайда болатын, тез басылып қалатын тарыдай ұсақ афталар (күлдіреуік жара) әдетте байқалмай қалуы мүмкін. Тұяқтың өкшесінің жоғарғы жағында, тұяқ көбесі мен тұяқ аралығында аурудың бесінші күнінде афта пайда болады. Мұндай жағдайда мал ақсайды. Аусыл сақман кезінде байқалса қозылар жүрек еті мен орталық жүйке жүйесінің зақымдануынан өлімге ұшырайды. Ересек қойлар аусыл вирусына сезімталдығының төмен болуынан отардағы барлық малдардың ауруға шалдығуы ұзақ уақытқа созылады.
Шошқа аусыл болғанда талпақ танауында, желінінде, тұяқ көбесінде афта пайда болады. Ауырған хайуан ұзақ уақыт жатып алады, жорғалап қана, тізерлеп қозғалады. Экссудативтік процестер өрбігенде, ауру сирағына аз-маз зақым келсе тұяғы сыдырылып түсіп қалады. Торайларда аусыл сепсис түрінде өтеді де, ауру шыққан фермадағы барлық еметін торайлар қырылып қалады.

2.3 Патологиялық-анатомиялық өзгерістер (5-сурет).
Ірі қарада аусылға тән патологиялық өзгерістердің ең бастысы - ауыз қуысында, желінде және сирақтарда кездесетін күлдіреуіктер. Кейде күлдіреуіктер мен қызылшақаланған орындар өңештің, таз қарын мен жалбыршақ қарынның кілегейлі қабығында қездеседі. Жүрек қабында транссудат жиналып, миокардта өліеттенген ақсары нүктелер кездеседі (жолбарыс терісі сипатты "тарлан" жүрек). Жүректегі мұндай өзгеріс әсіресе бұзауларда жиі ұшырасады. Сонымен қатар малдың бұл түлігінде геморрагиялық энтерит аурудың негізгі белгілерінің қатарына жатады. Аусылдың денені жайлаған (генерализацияланған) түрінде сірі қабықтар (көкірек пердесі, құрсақ пердесі) қанталап, үлпершек ағзаларда дегеративтік өзгерістер байқалады. Ауру басталғаннан кейін үш күндей өткен сон терінің жұқа жерлерінде қызарған бөріткенде пайда болады. Ауызды ашып қарағанда, кілегейлі қабықтарында күлдіреуіктер көрінеді, олар дөңгелек немесе сопақша болып, сұйыққа толып, сызданып тұрады да,саусақпен басқанда жарылады. Күлдіреуіктің жарылған жерінде кілегейлі қабық астындағы ұлпадан оңай сыдырылады. Күлдіруіктер есіресе тілдің үстіне жиі шығып, мөлшері тауықтың жұмыртқасындай, аланың жұдырығындай болады. Күлдіреуіктің сөлі алғашқыда түссіз, кейіннен қосалқы бактериялардың өніп- өсуі нәтижесінде лайланып күңгірт түске ауысады. Кейде күлдіреуік онша томпаймайды да, оны сипап ғана табуға болады. Ұсақ күлдіреуіктер езуде, ерін мен жақтың ішкі бетінде,қызыл иекте, таңдайда болады. Грек жаңғағындай үлкен күлдіреуіктер қаңсарда кездеседі. Кей жағдайда қасаң қабық, мүйіздің түбі, дененің басқада бөліктері зақымдануы мүмкін.
Механикалық әсерден афталар пайда болғанынан 1-3 күннен кейін жарылады. Олардың орнында қызылшақа эрозиялардың формалары мен мөлшері артүрлі, шеттері жырым - жырым болады да, ауыздан сыдырылған эпителий қабықтары мен қанның сілемдері араласқансозылмалы сілекей ағады. Кейде күлдіреуіктер мен қызылшақаланған орындар, таз қарын мен жалбыршақ қарынның кілегейлі қабығында кездеседі.
Ми мен жұлында гиперемия, қанталау,ұлпа мен қабықтарда домбығу. Нейроциттерде дистрофиялық өзгерістер, кейде лимфоцитарлы іріңсіз энцефаломиелит.
Сөл түйіндерінде гиперплазия, домбығу, қабыну, сірі және кілегейлі қабықтарда геморрагиялар біліне бастайды.
5-сурет. Әртүрлі малдардың аусыл кезіндегі патологиялық симптомдары: 1) сиыр тіліндегі афталар; 2) сиыр тіліндегі асқынған афталар; 3) шошқаның танауындағыэрозия; 4) сиыр желініндегі афталар

2.4 Аусылды балау.
Аусылға диагноз қою үшін эпизоотологиялық, клиникалық, патанатомиялық және зертханалық деректер ескеріледі. Ауруға тән өзгерістер ауызда, аяқтарында, желінде, мес қарында, жүрек еті мен дененің бұлшық еттерінде табылса, патологиялық - анатомиялық диагноз қоюдың қиыншылығы жоқ.
Індеттің көздері болып аусылмен ауырған жануарлар, оның ішінде аурудың жасырын кезеңінің 1 күннен 7 күнге дейін, кейде 21 күнге созылатын ескеру қажет, аталған жануарлар вирустарды сыртқы ортаға афтылардың қабықтарымен, сүтпен, сілекейімен, демалған ауамен, дәретімен және нәжістерімен сыртқа шығарады. Аусылдан жазылған, сонымен қатар аусылға қарсы егілген және аурулармен бірге тұрған кейбір жануарлар, ұзақ уақыт бойы вирустасығыш болып, індеттің қауіпті көзі айналуына мүмкін.
Аусылмен ауырған жануарлардан алынған залалсыздандырылмаған тағамдар мен шикізаттар, сонымен бірге ауру жануарлардың бөлінділерімен ластанған мал азығы, су, төсеніш, күту заттары, күтушілердің киімдері және аяқ киімдері, көліктер аусылдың вирустары ұзақ (1 жылға дейін) уақыт сақталатындықтан аусылдың таралу факторлары болып табылады. Аусылдың вирустары жұққан мал азығының, топырақтың, төсеніштің ұсақ бөлшектері желмен бірнеше шақырым жерге ұшып барады. Диагнозды эпизоотологиялық деректермен қоса, клиникалық белгілердің және лабораториялық зерттеулердің талдауын негізге алып қояды.
Ажырату диагнозын жүргізгенде везикулярлы стоматитті, вирустік диареяны, зілді катарлы горячканы, ірі қара обасын, шешекті және стоматитті ескереді.
Індеттанулық балау . Аусылға iндеттанулық зерттеу жүргiзгенде оның қоздырушы вирусы: жол немесе әуе көлiгiмен тасымалданған азық-түлiк, сырт өңiрден қатынасқан адамдар (егер сол мекендер аусылдан ада болмаса), жыл құстары, жабайы жануарлар, аңдар және аусылға төзiмдi үй жануарлары мен құстары (жылқы, ит, мысық, тауық, үйрек, қаз) арқылы таралатыны ескерiледi.
Қоздырушы сыртқы ортаға аурудың клиникалық белгілерінің көрінуіне 3-4 күн қалғаннан бастап ауа, сілекей, нәжіс, зәр, сүт және спермалары арқылы тарайды. Аурудан сауыққан және вакцина егілген малдардың жұтқыншағы мен мұрын қуысының қосылған жерінде вирус 9 айдан (қойларда) 2,5 жылға (ірі қара малдарда) дейін сақталады. Аурудың жасырын кезеңі 2 тәуліктен 14 тәулікке дейін созылады.
Клиникалық балау. Аусылға тән клиникалық белгiлер жұп тұяқ-тылардың iшiнде, әсiресе с и ы р д а айқын байқалады. Аурудың бастапқы кезеңiнде малдың дене қызуы қалыпты мөлшерден тыс көтерiлiп (вирустың қан арқылы бүкiл денеге таралуына байланысты), азыққа тәбетi төмендейдi.
Аурудың келесi кезеңiнде үлкендi-кiшiлi күлдiреуiктер ауыз қуысында, тұяқтың көбесiнде, желiнде, үрпiде пайда болады. Күлдiреуiктердiң пайда болуымен малдың температурасы түседi. Соңынан күлдiреуiктер мөлдiр сұйыққа толып, жарылып, олардың орны жараға айналады. Ауыз iшiндегi жарақаттардың зардабынан сөл түйiндерiнен мөлшерден тыс бөлiнген сiлекей ауыздан көпiршiп ағады. Тiлдегi жаралар асқынғанда, тiл ауыздан салақтап шығады. Сауын сиырдың желiн үрпісі жарақаттанып (20-сурет), сүтi азайып, тез iридi. Ауру қатерсiз түрде өтiп, тиiстi ем қолданылса, жараның бетi қабыршықтанып жазылады.
Бұзау, тайыншаларда аусыл өте зiлдi түрде өтедi. Олардың дене қызуы күрт көтерiлiп, 12-30 сағат iшiнде шығынға ұшырайды.
Қой мен ешкі малында аусыл жеңiл түрде өтедi. Ауырған малдың дене қызуы көтерiлiп, 2тәулiктiң iшiнде күлдiреуiктер ерiнге, езуге, ауызқуысына, тұяқ арасына, желiнге шығып жарылады. Ұсақ малдың әсiресе ернi, езуi жарақаттанады. Сиырдағыдай ауыздан сiлекей шұбырып, тiлi салақтамайды. Тұяқ астындағы жарақаттардың асқынуына байланысты малдың ақсағаны байқалады.
Д о ң ы з аусылмен жеңiл түрде ауырады. Күлдiреуiктер көбiнесе тұмсықұшына, құйрық маңына, тұяқ арасына шығады. Тұяқ арасындағы күлдiреуiктер жарылып, орны асқынып жараға айналып ауырған шошқа аяғын баса алмай, тiзерлеп қозғалады. Аусылға шалдыққан торайлар-дың iшi өтiп, олар iндеттiң бастапқы күндерiнде шығынға ұшырайды.
Сиырдың аусылын басқа жұқпалы аурулардан iндеттанулық талдау және клиникалық белгiлерi бойынша ажырату қажет.
Қойдың аусылын сарыптан (некробактериоз) iндеттанулық талдау жасап, клиникалық белгiлерi арқылы ажыратады. Сарып кезiнде ауыз қуысының жарақаттануы өте сирек кездеседi және де оның аусылдағыдай везикула, афта түзетiн кезеңдерi болмайды. Аусыл басқа жұқпалы аурулармен қатарласа жүргенде оларды айыру қиындық тудырады. Ондай жағдайда биологиялық, серологиялық әдiстер қолданылады.
Доңыздың аусылын энтеровирус қоздыратын денесiн толарсақ басатын аурудан ажырату қажет. Бұл аурумен тек шошқа ғана ауырады. Сероло-гиялық реакциямен тексергенде аусылдың оң сарысуымен реакция терiс нәтиже көрсетедi және энтеровирус шошқаның бүйрек ұлпасынан, ал аусыл-ды қоздырушы вирус iрi қараның бүйрек ұлпасынан алынып жасалған қоректiк ортада ғана өседi. Сонымен қатар биологиялық жануарлар (теңiз тышқаны, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аусыл ауруының алдын алу және жою шаралары
«бұзау аусылы ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Сиырдың аусыл ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
«Микробиология және вирусология» пәні бойынша дәрістер жинағы
Ірі қара малының аусыл кезінде ветеринариялық шараларды ұйымдастыру
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері жайлы
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
Ірі қара малдардағы аусыл ауруының қоздырушысы
Жұқпалы аурулар туралы
Пәндер