Әкімшілік - құқықтық жауапкершілік
Тәртіптік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық әрекеттері
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тәртіптік жауапкершілік - еңбек тәртібін бұзушыға құқықтық ықпал ету нысаны. Тәртіптік жаза қолданудан көрініс табады. Тәртіптік жауапкершілікке еңбек тәртібін бұзған жағдайда (себепсіз жұмысқа келмеу, еңбектік міндеттерді орындамау немесе тиісінше орындамау) еңбек шартымен жұмыс істеп жүрген еңбеккер тартылады. Мемлекет қызметкерлер үшін лауазымдық өкілеттілік шегінен шығу мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау да тәртіптік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Тәртіптік жазаның ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметінен босату сияқты түрлері бар. Мемлекет қызметшіге бұларға қоса тәртіптік жаза ретінде қызметіне сәйкессіздігі туралы ескерту берілуі мүмкін. Тәртіптік жаза қолданылмас бұрын еңбеккерден жазбаша түсініктеме алынады және тәртіп бұзушылықтың деңгейі, оны жасау кезіндегі мән-жайлар және еңбеккердің біліктілігі мен мінез-құлқы ескерілуге тиісті. Бір тәртіп бұзушылыққа бір тәртіптік жаза қолданылады. Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрық немесе қаулы еңбеккерге жарияланады. Мұндай бұй-рық немесе қаулыны шағымдау тәртібі еңбек заңнамасында белгіленген. Кейбір қызметкерлер санатына қызмет ерекшелігіне орай тәртіп жарғысына сәйкес арнайы тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін.
Негізгі бөлім
Еңбек және тәртіп жауапкершілігі. Еңбекке қабілетті әр адам қайда және қандай жұмыспен шұғылданатының өзі шешеді. Мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке меншік мекемелерде жұмысшының құқық мен міндеттері еңбек туралы зандарға сай шешіледі. Конституция азаматқа еңбек бостандьның, мамандықтың, кәсіптің түрін таңдауға еркіндік құқығы береді. Азаматтар заңды түрде тыйым салынбаған еңбектің кез келген түрімен шұғылдана алады.
Заң еңбекпен байланысты салада алалаушылыққа тыйым салады. Әр азамат өзінің еңбек жөніндегі құқығын басқалармен тең пайдалана алады. Ешкімнің еңбек туралы құқығына шек келтірілмейді, жұмысқа орналасу кезінде ешкім өзінің жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне және басқа да жағдайына қарай артықшылықты пайдалана алмайды.
Сонымен бірге еңбек құқығына шек келтіру деп саналмайтын жағдайлар да бар. Жұмысқа қабылданарда адамның мамандығы, кәсіпті меңгеру шеберлігі ескеріледі. Жұмыс үрдісінде азаматтың іскерлігі, жұмысының сапасы, нәтижесі есепке алынуы мүмкін.
Адам жұмысқа қабылданарда немесе жұмыс үрдісінде алалаушылыққа душар болса, онда ол сотқа шағынуға құқылы. Сот алалаушылық фактісін тапқанда, азаматты арашалайтын шешім қабылдайды, кінәліден жапа шегушінің зияны өндіріліп алынады.
Еңбек жағдайы қауіпсіздік пен гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Еңбектің бір түрін атқарған адамдар бірдей еңбекақы алуы керек. Еңбекақы мөлшері заң белгілеген мөлшерден кем болмауы тиіс. Жұмыс уақытының ұзақтығы заңмен белгіленеді, жұмыс беруші оны өз еркімен ұзарта алмайды. Жұмысшы демалыс күндері, мейрам күндері, жыл сайынғы кезекті еңбек демалысы кезінде демалуға құқылы. Жұмысшының өз қалауынша мамандығын өзгертуге, біліктілігін көтеруге құқығы бар.
Заңда белгіленгеніндей, азамат 15 жасқа толған соң еңбек ету туралы жұмыс берушімен шарт жасасуға құқығы бар. 14 жасқа толғандар еңбек туралы шартты ата-анасының немесе қамқорлыққа алған кісінің келісімімен жасаса алады.
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қысқарған жұмыс уақыты бойынша еңбек ете алады және еңбек ақысы қысқартылмайды. 15-тен 16 жасқа дейінгі жұмысшылар, сондай-ақ 14-тен 15 жасқа дейінгі оқушылар үшін апталық еңбек уақытының ұзақтығы 24 сағаттан аспауы тиіс. 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге апталық жұмыс уақытының ұзақтығы -- 36 сағат. 18 жасқа толмаған жұмысшыларды түнгі жұмысқа және жұмыс уақытынан тыс жұмысқа пайдалануға болмайды.
Жүмыс берушінің төмендегідей құқықтары бар:
-- заңға сәйкес еңбек шартын жасасуға, оны өзгертуге немесе тоқтатуға;
-- ұжымдық шарт жасасуға;
-- еңбек шарты бойынша жұмысшыдан еңбектің орындалуын талап етуге;
# өзіне келтірілген зиянды өндіріп беруді жұмысшыдан талап етуге.
Заң жұмыс берушіге төмендегідей міндеттер жүктейді:
# жұмысшыға қалыпты өндіріс жағдайын туғызу;
# еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін орындап отыру, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария ережелерін сақтау;
# ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz