Бурақай тауының табиғатының ерекшеліктері
Мазмұны:
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..3-5
ІІ.Зерттеу бөлімі
1-Тарау. Бурақай тауының табиғат ескерткіштерінің
оқу-танымдық туризмді дамыту мүмкіндіктері
1.1. Бурақай тауында туризмді дамытудың табиғи
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-
9
1.2. Бурақай тауының табиғатының ерекшеліктері ... 10-15
2-Тарау.Бурақай тауының табиғат ескерткіштерінің

2.1. Бурақай тауының климатының туризмді дамытудағы алатын
орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..16-17
2.2.Бурақай табиғат ескерткіштерінің геологиялық
оқу- танымдық туризмді дамытудағы маңызы ... ..18-25
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-
28
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ..29- 30
V. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Талдықорған қаласының маңындағы эстетикалық тартымдылығымен
ерекшеленетін табиғат ескерткіштеріне бай оқу-танымдық, және бұқаралық
сипаттағы туризм мен демалысты дамытуға мүмкіндік беретін аумақтың бірі
Қаратал өзенінің оң жақ жағалауын бойлай созылып жатқан Бурақай тауы болып
табылады. Алуан түрлі табиғат ескерткіштерінің басым бөлігі шоғырланған
Қызылтас гранитті алқабының Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын
болуы аталған аумақты рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалана
отырып,туризм кластерін құруды жүзеге асыруға қолайлы жағдай тудырады.
Ғылыми-ізденіс жұмысының өзектілігі: Өлкетану-ізденіс жұмысы жоғарғы
палеозойдың қызыл-сары граниттерінен тұратын Бурақай тауындағы бірегей
табиғат ескерткіштерінің түзілу заңдылықтары мен оларды оқу-танымдық және
экологиялық туризмді дамыту мақсатында пайдалану мүмкіндіктерін анықтауымен
өзекті.
Ғылыми-ізденіс жұмысының мақсаты:
Бурақай тауының жер бедерінің шағын морфомүсіндік пішіндерінің
негізін құрайтын Қызылтас гранитті алқабының табиғат ескерткішінің түзілу
заңдылықтарын, геологиялық құрылысын, тау жыныстарының құрамы мен оқу-
танымдық және экологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктерін анықтау.
Ғылыми-ізденіс жұмысының міндеттері:
- ғылыми жазба дерек көздеріне талдау жасай отырып, Бурақай тауының
жер бедерінің геоморфологиялық ерекшеліктері мен ондағы эстетикалық
тартымдылығымен ерекшеленетін бірегей табиғат ескерткіштерінің түзілу
заңдылықтарын ашып көрсету;
- ішкі эндогендік күштердің әсерінен түзіліп, экзогендік үрдістердің
бұзушы әрекетінен өзгеріске ұшыраған таиғат ескерткіштерінің
түзілу жолдарын оқып-үйрену;
- интрузивті және шөгінді тау жыныстары мен олардың өзара әрекетін,
тектоникалық бұзылыстардың геоморфологиялық белгілерін дала жағдайында жан-
жақты оқып үйрену;
- Экзогендік және эндогендік үрдістердің минералдар мен тау жыныстарын,
қазіргі жер бедерін қалыптастырудағы алатын орнын анықтау.
Ғылыми-ізденіс жұмысының теориялық-әдістемелік негіздері:
өлкетану-ізденіс жұмысының теориялық негізі ретінде В.С.Преображенскийдің
Географические проблемы организация туризма и отдыха, С.Е.Ердавлетовтың
География туризма Казахстана, атты еңбектеріндегі ғалымдардың ой
пікірлері басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, камералық өндеу
әдістемелері пайдаланылды. Дәйекті материалдар ретінде суреттер, сызба-
нұсқалар,карталар қолданылды.
Ғылыми-ізденіс жұмысының практикалық маңызы:
Ұсынылған жұмыстағы дерек көздерін, карталар мен графиктік кестелерді
география, экология мамандықтарының студенттері, мектеп мұғалімі мен
туристік фирмалардың мамандары қажетті білім көзі ретінде пайдалана алады.
Ғылыми -ізденіс жұмысындағы деректер Жетісу Алатауында туристік бағыттар
мен соқпақтарды құрып, туристік инфрақұрылымды қалыптастыруда маңызы зор.
Ғылыми-ізденіс жұмысының мерзімдік шегі: ізденіс жұмысы 2004 - 2006
жылдардың аралығын қамтиды. Осы уақыт аралығында Бурақай тауындағы Қызылтас
гранитті алқабында өткізілген гееологиялық, ландшафтлық, геоморфологиялық
және топографиялық далалық оқу-тәжірибе жұмыстарын өту барысында перм
дәуірінің қызыл-сары биотитті граниттерінің сыртқы күштердің әсерінен үгілу
нәтижесінде түзілген табиғат ескерткіштерінің қалыптасу заңдылықтары мен
геологиялық оқу-танымдық туризмді дамыту мүмкіндіктері анықталды.
Зерттеу бөлімі

1.1.Бурақай тауында туризмді дамытудың табиғи
алғышарттары
Бурақай тауының жер бедерінің алуантүрлілігін айқындайтын эстетикалық
тартымдылығы мен ерекшеленетін табиғат ескерткіштерінің мол болуы оның
рекреациялық сиымдылығын айқындауға мүмкіндік береді. Табиғат
кешендерінің құрамдас бөлігі болып табылатын жер бедері кез-келген аумақтың
табиғат жағдайын айқындайтын маңызды ақпараттық ресурс болып
табылатындықтан аумақтың рекреациялық мамандануын айқындайтын
алғышарттардың бірі болып табылады.
Халық тығыз қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданында
демалыс пен туризмді ұйымдастырып, адамдардың денсаулығы мен еңбеке
қабілеттілігін қалпына келтіруге, рухани-эстетикалық қажеттілігін өтеуде
Бурақай тауының жер бетінің жалпы кескіні, көлбеулігі сияқты жер бедерінің
морфометриялық көрсеткіштері рекреанттардың жекелеген топтары үшін
бұқаралық сипаттағы спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық дамытуға мүмкіндік
береді. 1
Пайда болу жолдары рекреанттарды қызықтыратын бірегей табиғат
ескерткіштеріне бай Бурақай тауындағы Қызылтас гранитті алқабында оқу-
танымдық және экологиялық туризмді дамытуға аталған аумақтың жер
бедерінің бірқатар көрсеткіштері әсер ететінін 2004-2006 жылдар
аралығында аталған аумақта өткізілген геологиялық, геоморфологиялық,
ландшафтлыққа ұйымдастырылған оқу-таным жорығы барысында көз жеткіздік.
Ғылыми-ізденіс жұмысын 2004 жылы мамыр-маусым айларының аралығында
Бурақай тауының оңтүстік беткейіндегі Қызылтас гранитті алқабында
геологиялық-геоморфологиялы және топографиялық оқу-тәжірибе жұмыстарын
өткізіп, жербедерінің ерекшелігі мен табиғат ескерткіштерінің түзілу
заңдылықтарын оқып-үйренуден бастадық. Жұмыс барысында палезой эрасының
екінші жартысында герцин таулы алқаптың шығыс сілемі болып табылатын
Қызылтас гранитті алқабының табиғат ескерткіштерімен танысып, жер бетіне
шығып жатқан орта тас көмір мен жоғарғы пермьде жүрген герцин магмалық
циклының кварцитті диориттері мен биотитті және аплитит тәрізді қызыл-сары
түсті граниттерінің түзілу заңдылықтарымен таныстық. Сонымен қатар ашық
жатқан геологиялық қима мен жарқабақтардан жоғарғы пермь жасындағы альбит-
оликолглаздан, микроклиннен, кварциттен, акцессорлық минералдар: апатит пен
цирконнан тұратын түйіршіктерінің ірілігі орташа қызыл- сары түсті биотитті
граниттер жер бетіне шығып жатқан жерлерден әр түрлі түйіршікті құмтастар
мен конгломераттардың пайдаболу жолдарын анықтадық.2 Арнайы
минерологиялық анықтағыштың қосымша ғылыми-көпшілік әдебиеттердің көмегімен
граниттер мен шөгінді жыныстардың жанасқан шекаралық метоморфизм
аймағындағы роговигтенген құмтасты-алевролитті анықтадық.Геология,
геоморфология пәндерінен алған тероиялық білімді бекітіп, кәсіби іскерлік-
дағдыларымызды қалыптпастыруды көздеген танымжорық өткізу барысында Бурақай
тауында оқу-танымдық,экологиялық туризміді дамытуға мүмкіндік беретін
төменде көрсетілген табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын
анықтадық:

бұзушы әрекетінен өзгеріске ұшыраған ерекше эстетикалық
тартымдылығымен көзге түсетін табиғат ескрткіштерінің жеткілікті
болуы;2
- Көксу-Қаратал аңғарының тауалды бөлігінде халықтың ежелден
қоныстанғанын айғақтай тарихи-археологиялық ескерткіштерінің қорының
жеткілікті болуы;
- Отандық және шетелдік туристерді тарта отырып, тау туризмін
дамытуға мүмкіндік беретін еліміздің оңтүстік-шығысындағы Қытай Халық
Республикасымен шектесетін халықаралық магистральды жолдарға жақын
жатқан аймақтың қолайлы экономикалық-географиялық жағдайы;
- туризммен демалысты дамытуға мүмкіндік беретін гипсометриялық,
климаттық, ландшафтлық, эстетикалық, инженерлік-физикалық
(сейсмикалық, жылысу құбылыстарының) қасиеттері мен әлеуметтік-
экономикалық (көліктік қатынасқа қолайлығы, туристік
инфрақұрылымдармен қамтамассыз етілу дәрежесі) және тарихи-өлкетану
нысандарының болуы;
- Бурақай тауының тартылымдылығын арттыратын бірегей тетоникалық-
морфоқұрылым ретінде табиғаттың алуан түрлілігі;
- Жоғарғы палеозойдың қызыл-сары биотитті граниті алқаптарының сыртқы
күштердің әсерінентүзілген бедерінің басқа аумақтарда кездеспейтін
бірегей шағын пішіндерінің кең таралуы;
- Жер бдерінің аумақтық табиғат кешендерімен үйлесуі;
- Аласа таулы таулы микроклиматтың адамның денсаулығына тигізтін
қолайлы психофизикалық әсері;
- Тау беткейлерінің көлбетінің экологиялық сипатының тартымдылығы;
- Жауын-шашынның аз түсуіне орай тау беткейлерінде су қорының
жеткілікті қамтамасыз етілмеуіне орай таулы алқапта шөлейтті-далалы
ландшафтлардың таралуы; 3
- Тау аңғарына теңіз деңгейімен біртіндеп биіктеуіне байланысты
автокөлікпен баруға мүмкіндіктің болуы;
- Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданында Қаратал, Еменді тоғай,
Байланысшы сыяқты шипажайлардың болуына орай емдік-сауықтыру,
бұқаралық сипаттағы туризмін дамытуға мүмкіндік беретін
инфрақұрылымдарды дамытуға қолайлылығы;
- Халықтың тығыз қоныстануы мен облыс орталығында жоғарғы және орта-
арнайы оқу орындарының жеткілікті болуы мен жол қатынасының
қолайлылығына байланысты бұқаралық сипаттағы спорттық-сауықтыру, оқу-
танымдық, экологиялық туризмдерін дамытуға қолайлы әсер ететініне көз
жеткіздік.
1.2.Бурақай тауының геологиялық құрылысы. Жер бедері.
Бурақай тауының жер бедерінің шағын морфомүсіндік пішіндерінің негізін
құрайтын Қызылтас гранитті алқабының табиғат ескерткішінің түзілу

танымдық және экологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктерін анықтау мақсатын
көздеген ғылыми-ізденіс жұмысы 2004-2006 жылдардың аралығын қамтыды.
Жұмысты 2004 жылы маусымның 4 жазғы далалық оқу-тәжірибе барысында
Талдықорған-Қаратал-Қызылтас бағытында бір күндік геологиялық оқу-таным
жорығы ұйымдастырудан бастадық. Оның мақсаты:

жатыс бағытын, кварцитті желілердің пайда болу жолдарын, тектоникалық
бұзылыстардың геоморфологиялық белгілерін дала жағдайында жан-жақты
оқып үйрену;

Біз ұсынып отырған бір күндік Талдықорған-Қаратал-Қызылтас-
Талдықорған геологиялық оқу-танымдық туристік бағыттың ұзындығы 12 шақырым,
өткізу уақыты 1-2 күн. Саяхат барысында студенттер мен мектеп оқушылары
Бурақай тауының жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарын, геотектоникалық
құрылысының ерекшеліктерін, тау жыныстарының түзілу жолдары жөнінде толық
мағұлмат алды.
Ұйымдастырылған оқу-танымжорығының барысында жер бетіне шығып жатқан
орта таскөмірдің қызыл-сары түсті биотитті граниттерінен тұратын Қызылтас
алқабында аридті климат жағдайында әр түрлі экзогендік күштердің үйлесімді
әрекетінің нәтижесінде түзілген Үңгіртас, Қыранның қанаты, Құс
тұмсығы сияқты тартымдылығымен жолдарын оқып үйрендік.Ізденіс нәтижесінде
ірі кристаллды интрузивті жыныстардың құрамындағы тығыздығы біршама төмен
жыныстардың үгіліп, қаттыларының сақталуынан тартымдылығымен ерекшеленетін
табиғат ескерткіштерінің түзілетінін анықтадық.4
Бағытпен танысу Талдықорған қаласының солтүстік шетіндегі
Қаратал өзенінің бойындағы Бурақай тауының оңтүстік сілемі Қызылтас
гранитті алқабынан басталады.Таулы алқапқа дейін Талдықорғаннан 1-3
автобустармен жетіп, Қызылтасқа дейін 5-6 шақырым қашықтықты жаяу жүруге
болады.Оқу-Таным жорығы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде түсінік
беріліп,бағыттың ұзындығы, тоқтайтын нүктелер мен Бурақай тауының
геологиялық-геоморфологиялық құрылысының ерекшеліктеріне қысқаша шолу
жасаудан басталды. Оқу-таным жорығы өтетін Бурақай тауы Талдықорған
қаласының солтүстігінде 7-8 шақырым қашықтықта орналасқан. Абсолют биіктігі
1985 метр. Солтүстік Батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан таудың
ұзындығы 20-25 шақырым.Солтүстік беткейі тік оңтүстік беткейі біртіндеп
көтерілетін көлбеу болып келуімен ерекшеленеді. Солтүстік-батысында
Сарыбұлақ тауына ұласады (1785м) Екі аласа таудың аралығын тектоникалық
жарықтардың шегіндегі Сарыбұлақ бұлағының аңғары бөліп жатыр. Бурақай тауы
солтүстігінде абсолют биіктігі 1995 метрге жететін Дауылбай Ақылбай
тауларына ұласады. Олардың аралығын Балықты өзенінің ескі арнасы болып
табылатын Сарыкөлсай тектоникалық иіні бөліп жатыр5
Талдықорған қаласының солтүстік шетіндегі Қаратал өзенін бойлай
солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылып жатқан Бурақай тауының оңтүстік
беткейіндегі жер бетіне шығып жатқан қызыл-сары түсті аплитивті гранитті
Қызылтас алқабындағы аридті климат жағдайында әр түрлі экзогендік
күштердің үйлесімді әрекетінің нәтижесінде түзілген геологиялық оқу-
танымдық маңызы зор Алып тасбақа, Қыранның қанаты, Құс тұмсығы Теңіз
кірпісі, сияқты тартымдылығымен ерекшеленетін табиғат ескерткіштері
шоғырланған Олардың пайда болу заңдылықтарын оқып үйрену география,
экология мамандықтарынының студенттерінің геология, геоморфология жалпы
жертану курстарынан алған теориялық білімдерін бекітуге мүмкіндік берумен
қатар қызығушылықтарын арттырады. Сынып оқушыларына, география және
экология мамандарының студенттері мен өлке танушы туристерге геологиялық
оқу-танымдық туристік бағыт ұсынуға мүмкіндік береді. Оқу-таным жорығы
өтетін Бурақай тауы Қаратал өзенін бойлай солтүстік-батыстан оңтүстік-
шығысқа бағытталып 30 шақырымға созылып жатыр. Абсалют биіктігі 985 м. Ол
полеозой эрасының тас көмір, пермь дәуірлерінің герцин қатпарлығында
түзіліп, мезозой, кайнозой эраларында сыртқы күштердің әсерінен
денудацияланған, неоген, төрттік дәуірдегі неотектоникалық қозғалыстар баяу
жүрген аласа таулардың қатарына жатады.
Бурақай тауының геологиялық құрылысы. Талдықорған қаласының
солтүстігіндегі аласа таулармен оған жапсарлас жатқан Сарыбұлақ, Көксу-
Қаратал ойыстары палеозой эрасының бірінші жартысы кембрий, ордовик, силур
дәуірінен бастап мезозой эрасының триас дәуіріне дейін геосинклиналдық даму
кезеңінде болды. Бұл кезеңде Орал-Тянь-Шань геосинклиналының орнындағы
ежелгі теңіз табанында шөгінді жыныстар жиналып, қатпарлы құрылымдардың
негізгі элементтері қалыптасты. 6
Постгеосинклиналды кезеңде палеозойдың қатпарлы негіздерінің бетіне
мезозой мен палеозойдың шөгінді жыныстары шөгіп табан қабаты түзілді.
Неогеннің екінші жартысы мен төрттік дәуірдегі платформа мезозой мен
кайнозойдың бірінші жартысына дейін, ұзақ уақыт сыртқы күштердің әсерінен
бұзылып денудацияланып эпигерциндік платформаға айналған. Қазіргі Жетісу
Алатауының солтүстік батыс бөлігінің орнындағы геосинклинальдарда қатпарлы
жүйелердің элементтері-антиклинорилермен синклинорилері пайда болып, ендік
және субендік бағытқа созылған қатпарлану үрдістері жүрді. Инверсиялық
кезеңде геосинклиналь ішілік көтерілулер жүрді. Палеозой эрасындағы жоғарғы
ордовик пен таскөмір дәуірінің ортасына дейін созылған бұл кезеңде қалың
терригендік корбонатты және эффузивті-шөгінді жыныстардың қабаты түзілді.
В.Е. Хаинның жүйелеуі бойынша геосинклинальдық дамудың екінші және үшінші
кезеңіне сәйкес келеді. 7 Қатпарлану үрдісінің барысында терең
қабаттарда магманың баяу қатуынан орта таскөмірдің кварцитті диориттері мен
пермьнің қызыл – сары түсті биотитті граниттерінен тұратын Бурақай тауының
оңтүстік беткейіндегі Қызылтас, Сарыбұлақ гранитті алқабы түзілген. Бұл
кезеңде сонымен қатар, тау жыныстарының бұзылуынан пайда болған ірі
қиыршықты қорамтастармен корбонатты-терригенді және тас көмірлі формациялар
түзілді. Олардың қалыңдығы 2000-2500 метрге жетеді. Тау түзілу үрдісінің
барысында қысым мен температураның әсерінен шекаралық метаморфизм аймағында
кварцитті-тақтатастар, сазды тақтатастар, рговиктер, алевролиттер пайда
болды. Талдықорған қаласының маңындағы аласа таулы алқаптарда ерте
палеозойдың слюдалы-кварцитті жыныстарының бетінде қалыңдығы 1100-1700
метрге жететін доломитті корбонатты, мәрмәрға айналған әктасты, әктасты-
силикатты жыныстар жауып жатыр.8
Айтар ойымызды Қызылтас гранитті алқабының оңтүстік батысындағы
саяжай теліміндегі мәрмәрланған әктастрдың қабаты мен кварцитті желілер
дәлелдейді.
Орта палеозойда Талдықорған қаласының маңындағы аумақтар
постинверсиялық даму кезеңіне өтіп, қазіргі Бурақай, Дауылбай, Сарыбастау,
Лабасы, Желдіқара таулары пайда болды. Таулардың кейбір жерлерінде орта
девонның ежелгі вулканогенді түзілімдері пайда болды. Вулканогенді
белдеулерде перферитті (вулканидті) шөгінділер түзілді.
Орта девон мен көмір дәуірінің басында Бурақай, Қызылтас, Сарыбұлақ
алқаптары теңіз табанынан біртіндеп көтерілуімен қатар тауаралық иіндерге
тау жыныстарының шөгуі одан әрі жалғасты. Бұл кезеңде Жетісу жотасының
оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігі құрлыққа айналды. Таскөмір дәуірінің
басында Талдықорған қаласының батысындағы Лабасы Желдіқарағай,Мұқыры
таулары енетін Жетісу Алатауының оңтүстік-батыс бөлігі мен Шу-Іле
тауларының аралығында жанартаулы белдеудің қалыптасуы басталды. Онда
андезитті-дацитті жанартаулық-шөгінді жыныстар түзілді. Пермь дәуірінде
ірі интрузиялық массаның көтерілуінен қызыл – сары түсті биотитті және
роговикті алдамшы гранитті Сарыбұлақ, Қызылтас Арасан сияқты ірі
массивтер түзілді. Осы постмагмалық интрузиялық үрдіспен сирек кездесетін
металдар вольфрам мен молибденнің, титан, кобальттың кендері түзілді. 9
Жоғарғы палеозойда тектоникалық әрекет бірнеше рет қайталанып,
нәтижесінде Бурақай, Дауылбай тауларында геосинклинальдық дамуы толық
аяқталып, біртұтас қатпарлы алқапқа айналды.
Мезозой мен кайнозой эрасының басында Талдықорған қаласының
маңындағы аласа таулы алқаптарда постгеосинклинальды режимі орнады.
Таулардан бұзылған кесек тау жыныстары Көксу-қаратал иіндерге тасмалданып,
шөгіп қалың қабат түзді.
Тұтастай алғанда мезозой эрасында салыстырмалы түрде тұрақты
тектоникалық режимнен өтіп герцин қатпарлықтарында түзілген Бурақай,
Сарыбұлақ Дауылбай таулары сыртқы күштердің әсерінен денудацияланып
аласарды. Осы кезеңде үгілу қабатына қолайлы жағдайлар туды. 10
Аталған аласа таулы алқаптар неоген төрттік дәуірлердегі
неотектоникалық қозғалыстарға баяу ұшырағандықтан биіктігі 900 метрден
аспайды.Қазіргі кезеңде экзогендік күштердің әсерінен денудациялану үрдісі
күшті жүріп жатыр.Сондықтан үгілу нәтижесінде түзілген тартымдылығымен
ерекшеленетін геологиялық оқу-танымдық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін
табйғат ескерткіштері басым.
Теңіз деңгейінен биіктіктің біртіндеп артуына байланыстыҚора шатқалын
үш белдеуге бөліп қарастыруға болады. 11
Бурақай тауының оңтүстік беткейі Қаратал өзенінің бойында 554 метрден
985 метр аралығында ауытқиды, тау беткейі біртіндеп көтерілетіндіктен
Қызылтас гранитті алқабына дейін тауға жүруге бейімделген авткөлікпен
баруға болады. Тау беткейінің көлбеулігі12-15º аралығында ауытқиды, таудың
етегінде пролювиальды-делювиальды ысырынды моренналы төбелер мен қалқан
тәрізді гранитті алқаптар алып жатыр. Тектоникалық жарықтарды бойлай терең
сайлар мен жыралар түзілген. 2-Тарау.Бурақай тауының табиғат
ескерткіштерінің
оқутанымдық туризмді дамыту мүмкіндіктері
2.1.Бурақай тауының климатының туризмді дамытудағы алатын
орны
Климаты қоңыржай ыстық, жауын-шашынның жылдық таралуы біркелкі. Жер
бедерінің ерекшелігіне сай батыстан және солтүстік-батыстан енетін ауа
массалары басым. Қыс кезеңінде айқын байқалатын антициклонды ауа райы
қалыптасады. Қаңтардың орташа температурасы Талдықорған ойыстарында -8 ...-
10ºС. Сібірден арктикалық ауа массалары енгенде температура –30 ...-
35ºС дейін төмендеп кетеді. Ондай құбылыс қар жауғаннан кейін
байқалады.Ашық күндер басым болатындықтан бұлттылық 2-3 балдан аспайды.
Қыстағы атмосфера циркуляциясының антициклондық режимі желдің
жылдамдығынада әсер етеді. Қаңтар айында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан
соғатын желдер басым болады.Олардың орташа жылдамдығы 1,9-3 мсек аспайды.
Тұрақты қар жамылғысы қарашаның бірінші және екінші жартысында қалыптасып
90-130 күндер аралығында сақталады. Тұрақты қар жамылғысының қалыңдығы
теңіз деңгейінен биіктігіне сай15-20 сантиметрден 25-30 сантиметрге дейін
жетеді. Көктемде батыстан, солтүстік-батыстан енетін ауа массаларының әсері
күшейіп, теріс радяциялық балансты оң радяцилық баланстың алмастыруына
байлансты тұрақсыз ауа райы қалыптасыады. Сондықтан жауын-шашынның басым
бөлігі сәуір мен мамыр айларында түседі. Мамыр айының тәуліктік орташа
температурасы 10 ...12ºС асады.Қоршаған ортаның эстетикалық тартымдылығы
жоғары,әрі температура жағдайы денсаулыққа жағымды болғандықтан көктемнің
соңы туристік саяхаттар ұйымдастыруға өте қолайлы.12
Мамырдың ортасы мен маусымның басында жаз басталады да ол үш- төрт
айға созылады. Шілденің орташа температурасы 22 ... 23ºС кей кездері 24 ...
30ºС дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 320 – 430 мм
аралығында ауытқиды. Өсімдіктер өсіп-өнуге қолайлы 10ºС жоғары
температураның жиынтығы 2500-3300º асады. Бурақай тауының оңтүстік
беткейіндегі малтатасты-сазды жыныстардағы алювиальды-проалювиальды таудың
қызғылт-қоңыр және шөлдің сұр топырағында жусанды-бетегелі-әртүрлі шөптесін
өсімдікті шөлейтке тән табиғат кешендері қалыптасқан. Ылғал салыстырмалы
түрде біршама мол түсетін теріскей беткейлерде бұталы-шалғынды өсімдіктер
таралған. Жарықшақты жерасты сулары жер бетіне шығып жатқан бұлақтардың
маңында шалғындар таралған. Белесті-жалды аласа таулы Бурақай тауының
оңтүстік беткейі бұқаралық сипаттағы спорттық-сауықтыру туризмі мен
демалысты ұйымдастыруға ең қолайлы аумақ болып табылады.

оқу- танымдық туризмді дамытудағы маңызы
Көктем мен күзде ұйымдастырылатын геологиялық оқу-танымжорығы
барысында Талдықорған қаласындағы жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерге
Бурақай тауының жер бедерінің қалыптасы заңдылықтары, геотектоникалық
құрылысының ерекшеліктері, тау жыныстарының түзілу жолдары жөнінде толық
түсінік беру үшін топ мүшелерінің саны 20-25 адамнан аспауы керек.
Бағытпен танысу Талдықорған қаласының солтүстік-батыс шетіндегі
Қызылтас саяжайына баратын Қаратал өзеніндегі 1-3 автобустардың соңғы
аялдамасында таулы жерде өтетін оқу-таным жорығы барысында қауіпсіздік
ережелерін сақтау жөнінде түсінік беріп, бағыттың ұзындығы, тоқтайтын
нүктелер мен Бурақай тауының геологиялық-геоморфологиялық құрылысының
ерекшеліктеріне қысқаша шолу жасаудан басталады. Оқу-таным жорығы
барысында тоқтаған нүктелерде туристер жер бетіне шығып жатқан орта тас
көмір мен жоғарғы пермьде жүрген герцин магмалық циклының кварцитті
диориттері мен биотитті және аплитит тәрізді қызыл-сары түсті граниттерден
тұратынына көз жеткізе алады. Бақылау жүргізілген аумақта жоғарғы пермьнің
граниттері мен орта тас көмірдің, кварцитті диориттерінің шекаралық
метоморфизм аймағындағы полеозойдың конгломератын, тақта тастарын,
алевролиттері мен әктастарын жарып шыққанын байқауға болады.
Геологиялық туристік бағыттың бірінші бақылау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz