Ежелгі Мысырдың діні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Туризм кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Мысыр мемлекетінің туристік обьектілері

Орындаған 3 курс студенті Алимкулова Ж. Р. .

Ғылыми жетекшісі Алиева Ж. Н.

(қолы, күні)

Норма бақылаушы Төлемісова С. С.

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді Ердавлетов С. Р.

Кафедра меңгерушісі (қолы, күні)

Алматы, 2008

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Мысыр туралы жалпы мағлұмат

  1. Географиялық орны, климаты . . . 4
  2. Экономикалық жағдайы халқы, тілі, діні, салт-дәстүрі . . . 6
  3. Мысырдың дамуының тарихи кезеңдері . . . 7

1. 4 Ежелгі Мысырдың діні . . . 9

2. МЫСЫР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТУРИСТІК РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ. . 10

2. 1 Мысырдың ірі қалаларына сипаттама . . . 10

2. 2 Мысыр теңізінің рекреациялық ресурстары . . . 17

2. 3 Тарихи туристік объектілер . . . 21

3. МЫСЫР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАЗАҚСТАНМЕН ТУРИСТІК

БАЙЛАНЫСЫ . . . 26

3. 1 Мысыр мемлекетінің туризм статистикасының көрсеткіші . . . 30

Қорытынды . . . 39

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 40

Кіріспе

Мысыр Араб республикасы - демократиялық мемлекет. Мемлекеттік дін ислам болып саналғанымен, бұл мемлекетте дін таңдау бостандығы бар. Мемлекетті алты жылға халықпен сайланатын президент басқарады. Заңды билік Ұлттық Жиынға жатады. Оның мүшелері жиналыспен, ал кейбіреулерін президенттің өзі сайлайды.

Мысырлықтардың 80%-на жуығы бұрынғы перғауындар дәуірі Мысырлықтарының тікелей ұрпақтары болып саналады.

Халықтың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Өндірістің негізгі түрлері бұл - текстильді және өндірістік, сонымен қоса ауыл шаруашылығын өңдеу. Ақша келу арналарының негізгісі болып туризм саналады.

Мысырдың кереметтерінің бірі бұл - Ніл өзені. Нілдің оңтүстігінен солтүстігіне қарай перғауындар дәуірінің маңызды ескерткіштері орналасады.

Каир аумағында: Гизада орналасқан Әлемнің қазіргі уақытқа дейін сақталған Жеті кереметтерінің бірі - Мысыр пирамидалары, Саккара - патша некрополі;

Орталық Мысырда: керемет базары бар Эль-Минья қаласы, Гебель мәдениет ескерткіші, Эхнатон қаласының қалдықтары сақталған - Тель-Эль-Амарна археологиялық қазбалар орны, Ніл дамбасының керемет көрінісі ашылатын - Ассуит қаласы;

Жоғарғы Мысырдағы: ХVІІІ әулет кезеңінде мемлекет астанасы болған - Луксор, Сфинкстер аңғары, Карнак, Патшалар аңғары, Ханшайымдар аңғары, қолөнершілер қаласы - Дир-Эль-Медина;

Бұларға қоса көптеген ежелгі грек және римдік өркениеттер ескерткіштері, копттік және православиелік діндерінің, ислам мәдениетінің ескерткіштері бар.

Ал табиғи байлықтармен танысатын болсақ, Мысырда 21 ұлттық парктер бар.

Рас Мухаммед ұлттық паркін - теңіз жағалауы аймағы, Ақ шөл, Нассер өзені және тағы басқа табиғи ескерткіштерін тамашалауға болады.

1 Мысыр туралы жалпы мағлұмат

1. 1 Географиялық орны, климаты

Ғасырлар бойы Мысыр әлемнің әр бөлігінен келген монархтар мен ақсүйектер үшін нағыз туристік Мекке болған. Миллиондаған саяхатшылар Мысырға келген. Олардың ішіндегі ең әйгілілері осында өздерінің мемлекет және Ніл туралы қызықты жолдамаларын қалдырған: математик Евклид, географ Страбон, жазушылар - Гюстав Флобер және Агата Кристи, Лоренс Дорелл және Форстер. Тіпті жаулап алушылар да бұл мемлекеттің сұлулығына төтеп бере алмаған. Ұлы Ескендір бұған Александрияны сыйлаған, археологтары Ежелгі Мысырды тапқан. Наполеон, жорығы кезінде өзінің әскеріне: «Солдаттар, осы пирамидалардан сендерге қырық ғасыр көз салып тұр» деп айтқан.

Қазіргі кезде Мысыр Араб Республиксы деп аталатын мемлекеттің жерінде, ежелде ең қуатты және құпия, ғасырлар және мыңжылдықтар бойы өз замандастарын магнит тәрізді тартқан өркениет пайда болды.

Еуропа және Америкада тас дәуірі кезеңінде, аңшылықпен адамдар тіршілік етіп жүргенде, Ежелгі Мысырлық инженерлер Ұлы Ніл бойымен ирригационды құрылыстар жүргізген, Ежелгі Мысыр математиктері Ұлы пирамидалардың негізінің квадраты мен иілу бұрышын есептеген, Ежелгі сәулетшілер ұлылығын уақыт та жеңе алмайтын ғажайып храмдар тұрғызған.

Бүгінгі Мысыр - Африканың солтүстік шығысында орналасқан ірі араб мемлекеті. Оның территориясының жартысы - Синай түбегі, Азияда орналасқан. Екі континент аралығындағы шекара Суэц каналы арқылы өтеді. Мемлекеттің ауданы 1 001 449 шаршы шақырым. Оның 96%-ын шөл, 4%-ын ғана Ніл жағалауындағы егістік жерлер алып жатыр.

Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1 025 шақырым және шығыстан батысқа қарай - 1 240 шақырым.

Елді солтүстігінде Жерорта теңізі, шығысында Қызыл теңіз шайып жатыр. Ландшафттың бес негізгі түрі бар - Ніл аңғары, Ніл дельтасы, Аравия шөлі (15 000 жыл бұрын онда тропиктік ормандар болған), Ливия шөлі және Синай.

Ніл дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. Оның ұзындығы бастауынан есептегенде 6 400 шақырым.

Ежелде Геродот «Мысыр - Ніл сыйы» деп атаған. Ұлы өзен аңғары Судан шекарасынан, оңтүстіктен 1500 шақырымға солтүстікке қарай, Жерорта теңізі жағалауына қарай ағады. Ніл Шығыс Аравия шөлін батыс Ливия шөлінен бөліп тұрады. Ніл бойындағы «өмір сызығы» оңтүстігінде 1 шақырымнан, Каир ауданында 20-25 шақырымға дейін жетеді.

Ніл Африканың Ұлы көлдерінен бастау алып, өзінің жолында мыңдаған шақырым шөлден және батпақтан өтіп, кей жерлерде жай ағып, кей жерлерде, бөгеттерде ағысын күшейтіп ағады.

Хартумда екі Ніл бірігеді: шығыстан ағатын Көк Ніл және оңтүстіктен ағатын Ақ Ніл.

Көк Ніл Тана өзенінен ағып шығады (теңіз деңгейінен шамамен 1800 метр) . Одан өзен Тассиат сарқырамасынан өтіп оңтүстік шығысқа қарай ағады. Содан соң бастауынан 1372 метр төмен жатқан, Оңтүстік Суданның ыстық жазығына түсер алдында, ұзындығы 644 шақырымнан асатын үлкен доға жасап Эфиоп тау тізбегін кесіп өтеді.

Көк Нілдің қатты ағысына қарағанда Ақ Нілдікі баяулау, ол әрең сезіледі. Бұған басты себеп оның 1 609 шақырым бойы 73 метрге түсетіні.

Ауқымы кең мезгілдік батпақ. Седлаға келгенде, өзен үнемі өзгеріп отыратын торға айналады. Ніл бойымен экспедиция құрған римдік Нерон императоры заманынан 1899 жылға дейін Седл өзен бойымен жоғары көтерілгісі келгендерге өте алмайтын бөгет болып келеді. 1899 жылдан кейін онда бір қалыпты фарватер салды.

Өзеннің солтүстігінде, жері ең құнарлы және мыңжылдықтар бойы бүкіл Мысыр экономикасы үшін маңыздылығы жоғалмаған, Ніл дельтасы орналасқан.

Каирден 965 шақырым қашықтықта Асуан плотинасының салынуы дельта жерлеріне үлкен қауіп төндіруде. Ол өте құнды илдің жоғарыдан келуін бөгеттеп қалады. Екінші жағынан, судың келуін қадағалау жыл бойы суару жағдайын тудырды. Осының арқасында кей аймақтарда жлына үш рет егін жинауға болады.

Мемлекет астанасы - Африканың ірі қаласы Каир. Ол ежелде болған Гелиополис және Мысырлық Вавилон, Ортағасырлық Фостат жерлерін басып отыр. Бұл Африкалық континеттің ең үлкен қаласы. Мұнда Мысыр өркениетінің 5 мыңжылдықтың мәдениеті жетістіктері жиналған. /4/

Өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі. Көп түрлі дәнді дақылдар мен мақта көп тараған. Ағаштар арасында ерекше орынды құрма пальмасы алады. Жағалауларда кезінде папирусты даярлау үшін пайдаланылатын, ал қазіргі уақытта түрлі себеттердің және тағы басқа заттарды жасауға қолданылатын қамыс өседі. Үй жануарлары - түйелер, есектер, өгіздер, қойлар және жылқылар. Жабайы жануарлар әлемі бай емес. Жабайы қабандар, түлкілер, гиеналар және шибөрілер өте сирек кездеседі. Улы жыландар, бүйелер және сарышаяндар көп таралған. Құстардың 300 ге жуық түрі кездеседі. Ніл балыққа бай. /6/

Климаты. Жерорта теңізі жағалауында Мысырлық климат субтропикалық, қалған территорияда тропикалық шөл болып келеді. Территорияның үлкен бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері кемінде 100 мм, ел солтүстігінде - Жерорта теңізі жағалауында 200-400 мм. Каирдегі орташа жылдық жауын-шашын мөлшері - 290 мм. Шөлді аймақтарда жаңбыр бірнеше жылда бір рет жаууы мүмкін.

Мысырда 2 климаттық маусымы бар: ыстық - мамырдан қыркүйекке дейін және суық - қазаннан сәуірге дейін (орташа ауа температурасы елдің солтүстігі мен оңтүстігінде әр түрлі болады) . /8/

1. 2Экономикалық жағдайы, халқы, тілі, діні, салт-дәстүрі ,

Халқы. Халқының саны шамамен 63 миллион адам. Мысыр халқының 43% қалаларда тұрады. Каирде шамамен 18 миллион адам тұрады. Мемлекеттің 99% арабтар құрайды. Алайда мысырлықтар антропологиясы 3 топтан құрылады: семитохамиттер (мысырлықтар) - 90%, бедуиндер, нубийлықтар. Мысырдың халық тығыздығы шамамен 1 шаршы шақырымға 58 адамнан, бірақ негізінен Дельта және Ніл аңғарларында халық тығыз орналасқан (1 шаршы шақырымға 1663 адамнан) . /12/

Діні. Халықтың 90% ислам дінін уағыздайтын (негізінен суниттер), қалған 10% христиан дінін уағыздайтындар. Бұлар коптік, гректік провославиелік шіркеулер, католиктік шіркеулер. /13/

Тілі. Тілі Мысырдың мемлекеттік діні - семиттік хамиттік тіл тобына жататын - араб тілі. Каирде, Жоғарғы және Төменгі Мысырда өзіндік диалектілері бар. Ағылшын, француз және бербердік тілдер кең таралған. /7/

Ақшасы. Ақша бірлігі - Мысырлық фунт. Фунт 100 пиастрлерге бөлінеді. Жергілікті ақша келесі түрде кездеседі: Мысырлық фунт банкноттары: 100, 20, 10, 5, 1; пиастр банкноттары: 50, 25; тиындар: 20, 10, 5. американдық долларды шамамен 3, 5 Мысырлық фунтқа айырбастайды. /7/

Салт-дәстүрлері. Мысырлықтардың өмір ағысына мұсылман діні үлкен әсер етеді. Мысалыға, күніне бес рет муэдзин адамдарды намазға шақырады. Ал рамадан айында түн күнге айналады. Мұсылмандар күнімен ораза ұстап, оразасын күн батқаннан кейін ғана ашады. Бұл уақытта қоғамдық өмір тоқтап қалады деуге болады. Мемлекеттік мекемелер тек 10. 00 ден 14. 00 ге дейін ғана жұмыс жасайды.

Мысырлықтардың ұлттық киімдерінің ерекшеліктері адам назарын тыс қалдырмайды. Бұл тек ауылдық жерде емес, сонымен қатар қалада да үлкен көрініс тапқан. Мысырлықтар кең пішілген көйлектерді киеді, қарапайым адамдар көбіне ақ түстісін, ал әйелдар керісінше, қара түсті киімдер киеді. Әйелдер шашты жауып жүретін, паранджаның бір түрін - хиджаб және ұзын және кең - галабея көйлегін киеді.

Мысыр қалалары. Хургада, Шарм эль Шейх, Макади Бэй, Сафага, Эль Гуна, Эль Кузейр, Марса Алам, Таба, Нувейба т. б /4/

1. 3 Мысырдың дамуының тарихи кезендері

Мысыр тарихында төрт негізгі кезеңдер байқалады. Олардың әрқайсысынан керемет материалды мәдениет ескерткіштері қалған.

Оның біріншісі - б. з. д. ІV ғасырға дейін созылған перғауындық кезең. Келесі болып б. з. ІV ғасырына дейінгі грек-римдік кезең келеді. Салыстырмалы аз уақытқа созылған, екі жарым ғасырға - византиялық кезең. Оны тағы копттық деп атайды. Ең соңғы кезең, мемлекет тарихының VІІ ғасырында басталып әлі күнге дейін созылып келе жатқан - исламдық кезең.

Ежелгі Патшалық кезеңінде (б. з. д. 2700-2200) біздің заманымызға дейін құрылым ретінде немесе үйілген тастар ретінде жеткен, үлкен және кіші көлемді жүздеген пирамидалар салынған. Біздің күнімізге дейін жеткен жалғыз әлемнің 7 кереметтерінің бірі үш Ұлы пирамидалар - Хеопс, Хефрен және Микерин, Каирдың қала маңындағы Гиза платосында орналасқан.

Біртұтас манолиттен қашап алынған дүние жүзіндегі ең үлкен мүсін - үлкен Сфинкс осылармен көршілес орналасқан. Пирамидалардың жан-жағындағы платоның барлығы - үлкен некрополь. Мұнда перғауындардың жақын туысқандары мен байлар жерленген.

Орта Патшалық кезеңінде (б. з. д. 2040-1785) сәулет және бейнелеу өнерінің қайта жаңғыру дәуірі болып келеді. Барлық жерлерде сарайлар мен храмдар салынады. Жаңа Патшалық кезеңіне (б. з. д. 1550-1070 жж) Карнактағы, Луксордағы, Абу-Симбелдегі, Абидостағы және Фивтағы Патшалар даласындағы керемет храмдарды жатқызуға болады.

Фил аралдарындағы храмдық комплекс Эдуфу және Дендерамен қосып алғанда Птоломейлер кезеңінің ең жақсы сақталған сәулет құрылыстарының бірі.

Мысыр тарихының грек-римдік кезеңінде эллиндік әлемнің орталығы болған Александрияда да ежелгі сәулет өнерінің керемет түпнұсқалары сақталған. Мұнда христиандық Каирдегідей византия кезеңінің керемет ескерткіштері бар. Ал мешіттер салуымен ерекшеленетін исламдық мәдениетімен исламдық Каирде танысқан жөн. /10/

  • Б. д. д 3150-2925 жж. Тиндық кезең, І және ІІ әулеттер. Жоғарғы және Төменгі Мысырдың бірігуі. Астанасы: Мемфис
  • Б. д. д. 2700-2200 жж. ІІІ және VІ кезеңдері аралығында өмір сүрген Ежелгі патшалық. Саккарада және Гизадағы пирамидалар құрылысы.
  • Б. д. д. 2200-2040 жж. VІІ және Х әулеттің бірінші аралық кезеңі. Аз зерттелген.
  • Б. д. д. 2040-1785 жж. ХІ-ХІІ әулеттің Орта патшалық кезеңі. Өнер және өркениеттің дамуы. Астанасы: Фивы
  • Б. д. д. 1785-1552 жж. Екінші аралық кезең, ХІІІ әулет. Гиксостардың басып кіруі.
  • Б. д. д. 1552-945 жж. Жаңа патшалық, ХVІІІ- ХХІ ге дейінгі әулет. Жаулап алу дәуірі және ұлы храмдар құрылысы. Ең атақты перғауындар: Аменхотеп, Эхнатон, Тутанхамон, Сети І, Рамсес ІІ.
  • Б. д. д. 945-656 жж. ХХІІ және ХХV әулетке дейінгі үшінші аралық кезең.
  • Б. д. д. 672-332 жж. Соңғы кезең. ХХVІ әулет. Парсылықтардың Мысырды жаулап алуы.
  • Б. д. д. 332-27 жж. Эллинистикалық немесе Птоломей дәуірі. Ұлы Александрдың Мысырды жаулап алуы. Александрияның қалануы.
  • Б. д. д. 27- б. д. 395 жж. Римдік дәуір. Клеопатра өлімі және хрисиан дінінің таралуы.
  • 395-641 жж. Византиялық дәуір.
  • 640 Мұсылман дәуірінің басталуы. Ескі Каир Мысырдың астанасы болып қабылданады.
  • 661-1171 жж. Омейяд, Аббасидтер, Тулунидтер, Фатимидтер әулетінің билік ету кезеңі.
  • 1240-1517 жж. Мәмлүктердің билік басына келуі.
  • 1798 ж. Бонапарт экспедициясы.
  • 1805 ж. Қазіргі дәуір. Мұхаммед Алидің соңғы әулетті орнатуы.
  • 1952 -19 53 жж. Республиканың қалыптасуы. /15/


1. 4 Ежелгі Мысырдың діні

Ежелгі Мысырдың діні - бұл өте қызықты және көп түрлі құбылыс. Бұлар фетишизм және тотемизм, политеизм және монотеистік ойлар, теогония және космогония, көптүрлі мифтер, қабір өмірі туралы түрлі тұжырымдар, бүл діннің этикамен, ғылым және өнермен өзара қарым-қатынас мәселелері, перғауынды құдайға теңеу және т. б.

Құдайлар Ежелгі Мысырлықтар үшін қалалардың, номдардың, басқарушылардың, өзіндік культтің, тәртіп пен заңдардың ғана жаратушысы емес, сонымен қатар қолөнерді және өнерді, жазу мен санауды, ғылым мен магияны тудырушысы ретінде есептеледі. Иероглифтік жазу «құдай сөзі» ретінде түсінік қалыптасқан және де мұнда үлкен орын Тот құдайына берілген. Ол жазудың жаратушысы, әдебиет пен жазушылардың қамқоршысы болған.

Патшаларының құдайдың құдыретті күшіне Мысырдағы халықтың қаншалықты сенетндігі пирамидалардан байқауға болады.

Мысырда ежелде дін болмаған. Әрбір номда және қалада жеке құдайлар пантеоны болған. Бірақ құдайлардың Ұлы пантеонын әр түрінде барлық жерлерде құрметтеген. Эннеада - негізгі 9 құдай, біздерге ежелден белгілі космогондық жүйе. Атум барлық тірі жанның бастапқы және мәңгі бірлігінің билеушісі ретнде есептеледі. Гелиопольдік аңыз бойынша, Атум өзін-өзі жаратқан және ол бастапқы хаостан - Нуннан пайда болған. Атуммен қоса алғашқы тау пайда болды. Өзін-өзі ұрықтандырып, ауызынан егіз-құдайларды - ауа - Шуды және су - Тефнутты туған. Атумның қолдары бұл - Хатор (аспан) әйел-құдайы. Атумның екіжақты тәжі ― Жоғарғы және Төменгі Мысырлықтарға билігінің белгісі.

Перғауын Мысырлықтар үшін Күн құдайының баласы ретінде, сонымен қатар мемлекеттің берекесі және өркендеуі символы ретінде саналған. Соған байланысты ол, мысалыға, жерге егін егетін кезде алғашқы болып соқа салған. Бұнысымен ол Ніл аңғарына, қамқоршшысы құдайлары атынан жерге «қуат» берген.

Мысырлық мемлекеттің орталықтандыруының күшейюі, сол уақытта орталық чиновник қызметін қоса жергілікті бір құдайға қызметші болып істейтін абыздың билігінің күшейюіне әкелді.

Перғауындарға - жаңа құдайларға, үлкен мөлшерде құрбандық шалынып, олардың құрметтеріне керемет храмдар салынған. Культ және ритуалға көптеген қаражаттар жұмсалынды. Оған мысал, бұл ― құдайға теңестірілген билеушілерді жерлеу үшін салынған алып пирамидалар.

Ежелгі Мысырлықтардың анимистік сенімдері бойынша, өлімнен кейін адамның жанының әрекеті түрліше болған. «Ба» (адам басымен бейнеленетін құс) - аспанға күнге қарай ұшып кетеді, «ка» адам денесінде қалады, сонымен қоса, дененің жақсы сақталғандығына қабір өміріндегі жанның жағдайы және қайта туылу тікелей байланыстырылатын. Дәл осы себептен перғауын дененсін мұқият бальзамдап, «ка» үшін барлық жағдайларды жасаған. Қауіпсіздікті сақтау үшін денені сенім және даңқтың символы ретінде есептелетін алып пирамида тереңдігіне жасырған.

Мысырлық құдайлардың көптеген зооморфтық жақтары болған. Гор сұңқар басымен, Себек - қолтырауын, Бастет - мысық басымен бейнеленген. Көптеген жануарлар киелі деп есептелінген: өгіз, қолтырауын, мысық, жылан, ибис және т. б.

Оған мысал ретінде Мемфисте табынатын киелі өгіз - Апис культі. Өгізді киелі деп есептеу үшін оған тән бірнеше қасиет болуы керек. Апистің өлімінен кейін абыздар ұзақ аштықтан кейін жаңа Аписті іздестіруді бастайды. Оның маңдайында ақ үшбұрыш, мойнында сұңқарға ұқсайтын және жанында айға ұқсайтын таңбалары болуы керек. Мемфисте Апис храм алдындағы қорада өмір сүреді және де сонда оған табынушылардан құрбандықтарын қабылдайды. ХІХ династияның басқару уақытына дейін әр өгіздің өзінің қабірі болатын. Кейін Рамсес ІІ олардың барлығы ортақ некропольде - Серапеумде жерлеуге бұйрық береді.

Саккарада киелі құстар - ибистер некрополі бар. Жер өңдеушілерге көрсететін көмегі үшін ежелгі Мысырлықтар оларды да киелі деп санаған.

Фивта қолтырауын культі болған. Ол қолға үйретіліп, сырғалар мен сақиналармен әшекейлендіріліп, барлықтарынан құрбандық қабылдайтын болған. Бірақ, Геродоттың айтуы бойынша, Мысырдың барлық қалаларнда қолтырауынды киелі жануар деп есептемеген. Бұған мысал ретінде Элефантин қаласы. Мұнда қолтырауын етін тіпті тағам ретінде қолданған.

Мысырлық дінде мысықтарды аса құрметтеген. Мысық - Бастет құдай-әйел құрметіне жылы күн шуағының белгісі болған. Оның культі әсіресе Төмеңгі Мысырда дамыған. Бубаст (қазіргі уақытта Зигазиг қаласы) қаласында Бастетке арналған храм бар. Мысықтың киелі болғандығы соншалықты, оның абайсыздан өлімі адамды өлім жазасына кесуге дейін апарады. Бени-Хасанда бальзамданған мысықтардың көптеген мумиялары табылған. / www. egypt. com /

Амон - Фив қаласынық қамқоршысы, ауаның және егіннің құдайы, әлемді жаратушы; адам басымен, кейде өгіз немесе қошқар басымен, екі тісті тәжімен және қолында ұзын скипетрмен бейнеленген.

Анубис - шибөрі немесе жабайы ит бейнесіндегі құдай (кейде шибөрі немесе ит басты адам), өлілердің қамқоршысы.

Апис - күнді дискі бар, өгіз бейнесіндегі құнарлылықтың құдайы. Кебір кезеңдерде Апис Оссиристің жанының бейнесі ретінде есептелген.

Атон - күн құдайы, сәулелері ашылған алақандармен аяқталатын күн дискі түрінде бейнеленген.

Бастет - махаббаттың, бақыттың, мейрамдардың әйел-құдайы; Мысықтың немесе арыстан басты, қолына себет ұстаған әйел ретінде бейнеленген. Кейде үлкен отырған мысық бейнесінде жасалынған.

Бес - екіқабат әйелдердің, жыландарды қуатын, қуаныш пен бидің құдайы; арыстан басты ұсқынсыз гном бейнесінде болған.

Гор - аспан және жарықтың құдайы, жердегі Гордың тұлғасы болып есептелетін перғауындар билігінің қамқоршысы; екі тісті тәж киген, бүркіт басты адам ретінде бейнеленген. Осиристің және Исиданың баласы ретінде, кей жағдайларда саусағын сорып жатқан нәресте бейнесінде болған.

Гордың ұлдары - төрт қамқоршы-әруақ, адам (Амсет), бабуин (Хапи), шакал (Даму-теф) және қаршыға (Кебексенуф) басты. Қабірде канопте орналастырылған өлген адамның ішкі құрылыстарын қорғайды.

Имхотеп - сәулетшілер, ғалымдар, жазушылар, дәрігерлер қамқоршысы. Оны тізесінде паирус қағазы бар отырған адам ретінде бейнелейді.

Исида - құдай-ана, Осиристің қарындасы және әйелі; сйыр мүйізді, маңдайында күн дискі, қолында папирус бұтағы бар әйел.

Осири с - әр жылы өліп қайтадан тірілетін табиғаттың құдайы, кейін өлілер әлемінің құдайы және өліліердің соты. Сақалы, бүгілген қолында скипитрі және қамшысы бар адам мумиясы ретінде бейнеленген.

Пта - бастапқыда жаратушы-құдай және Мемфистегі өлілер құдайы. Бинттелмеген басы мен қолында темір таяғы болған, шындық белгісі ретінде пайдаланылатын иероглифте тұрған мумия.

Ра - Гелиополистегі күн құдайы, кейін Фивтегі Амонмен теңестірілген. Бүркіт басты, күн дикісі бар адам.

Тот - айды, даналықтың, жазудың және санаудың құдайы. Ибис немесе ибис басты адам ретінде, сонымен қатар бабуин ретінде бейнеленген. Жазу мен ғылымның негізін салушы ретінде жазушылар мен ғалымдардың қамқоршысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мысыр мемлекетінің туризм статистикасының көрсеткіші
Ежелгі Мысырдың, халқы, тілі, діні, салт-дәстүрі
Вавилон
Ежелгі Мысыр өнерінің ауқымдылығы
Мысыр өнерінің классикалық кезеңі
Ежелгі Мысыр діні
Мысырдың ғажайып өнері
Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы
Египет. Ежелгі египеттің өркениеті
Мысыр өнері. Мысырдағы қашқындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz