Алматы қаласы тарихының музейі


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Алматы қаласы тарихының музейі
Алматы - 2013
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 Алматы қаласының тарихы
- Алматы қаласының Ұлы Отан соғысына дейінгі тарихы . . . 5
- Алматы қаласының 1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі тарихы . . . 17
1. 3 1946-1991 жылдар аралығындағы Алматы қаласы . . . 28
2 Алматы қаласы тарихының музейі
2. 1 Қазақстанда музей ісінің даму тарихы . . . 34
2. 2 Алматы қаласы музейінің ғылыми-қор жұмысы . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
Падаланылған әдебиеттер тізімі . . . 55
Қосымша . . . 57
КІРІСПЕ
Музей халықтың есі іспетті ештеңеге теңгеруге келмейтіндей керемет қазына. Туған ата-анасына, туыстары мен достарына, туған Отанына деген әсте бір айнымас, ыстық жүрегі бар, зерделі азамат мұрағат қазыналарына әсте көзжұмбайлық жасай алмайды, оны ескерусіз қалдырмайды. Қайта ең асыл қанына ескерткішіне балап, ерекше қастерлейді.
Музей - жалпы адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен роль атқарады. Әсіресе, ұлттық. мәдени, азаматтық, әскери, еңбек жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып-үйренуге оның көмегі зор.
Музей дегеніміз тарихи материал, өткен өмірдің деректі ескерткіш. Ол өткен өмірдің деректі ескерткіші. Ол өткен өмір құбылыстарын, бастан кешкен тарихты, дипломатиялық қарым - қатынастарды, саяси- қоғамдық, экономикалық өмірдің алуан - алуан құбылыстарын зерттеу үшін сақталады. Бір қарағанда музей - жанды тірліктің жансыз дерегі сынды көрінері де бекер емес. Бірақ та бұл сырт көзге ғана. Асылында, музей әлемі тереңіне бойлап, жіті үңілетін зерделі иесіне кезіксе, бір кереметі оған да тіл бітіп сөйлейді, жан дірілі мен айғақты сырын айқара ашып тілдеседі. Музей шежіре - кеніш, шежіре - сыр дейтініміз содан.
Олай болса, ел тарихының тамыры болатын музей ісі туралы ойлар, мәліметтер іздеу бойында рухани қазынасы бар әрбір адамды қызықтырары сөзсіз. Осы бағытта оқып, көңіл бөліп, зерттей келе тікелей қазақстандағы музей ісінің өткен жолы мен қазіргі деңгейі жайында жүйелі пікір қозғайтын еңбектердің аз екенін байқаймыз. Сондықтан да өз өлкеміздің шежірісін білу жолында Алматы қаласының тарихы музейіне қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да баға беріп, ой елегінен өткізіп көрейік деп отырмыз.
Алматы қаласының тарихы музейінің тарихының беттері аса да қалың емес. Дегенмен, соны жан-жақты зерттеуге тырыстық.
Тақырыптың өзектілігі. Ел басының «мәдени мұра» бағдарламасын негізге ала отырып өткенімізден мол мәліметі баяндайтын музей және оның жәдігілерінің болашақ ұрпаққа отансүйгіштікті жеткізудегі орасан зор рөлін ашып көрсету.
Музей алғашқыда аса бағалы бұйымдар мен заттар және мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Уақыт өте келе ол әдістемелік қызметі жетілген функционалдық институттарға дейін дамып жетті. Жаңа мыңжылдықта адамзаттың глобализация дәуіріне аяқ басу кезеңінде мұражай қызметіне жаңа ақпараттық құрал-жабдықтар мен интеграциялық үрдістер дендеп енуде.
Еліміз музейлері кеңес үкіметі тұсында ғылыми-зерттеу және ғылыми-ағартушылық бағытында қызмет атқарды. Бірақ олардың жұмысы идеологияға негізделген, көбінесе кеңес үкіметінің жетістіктері мен жеңістерін насихаттуға арналды. Қазақстандағы музейлер еліміздің тәуелсіздігін алуына байланысты көп өзгерді. Музей - арнайы жабдықталған, қоғамдық қажеттіліктерді өтеуге арналған, тарихи-ғылыми дерек ретінде жәдігерлерді сақтап, ұрпақтан-ұрпакқа жеткізетін, әлеуметтік ақпарат құжаттарын жинайтын, эстетикалық құндылықтары бар мекеме болып табылатын себепті музейлерге қойылатын талаптар да күшейді.
Осы уақытқа дейін Қазақстандағы музейлер көбінесе тарихи бағытта жұмыс істеп келді. Кеңес дәуірі кезеңінде жалпы тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тарихи, этнографиялық, өлкетану музейі болып бөлінді де, олар жалпы музейлердің 63 процентін кұрады. Қазақстанда қазірде тарихи, өлкетану музейі басым. Соңғы кезде қолданбалы музейлердің мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Себебі, музей жұмысында ғылыми жинақтау, ғылыми қор, экспозициялық, көрмелік, білімдік, тәрбиелік, насихаттау бағыттары жұмыс істеп, жас ұрпакты тәрбиелеу жұмысында маңызды роль атқаруда.
Сонымен қатар, елімізде ашық аспан асты музейлерін ашу ісіне де көп көңіл бөлінуде. Сондай музейлердің бірі Алматы қаласы тарихының музейі болып табылады. Музей қазіргі күні Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлерімен бірігіп, Боралдай сақ қорғандары атты ғылыми жоба бойынша жұмыс істеуде. Бұл жоба бойынша Боралдайда ұл жоба бойынша Боралдайда 430 га жерді алып жатқан аспан асты музейін салу болып табылады. Және де архео-этнопарк салу жоспарлануда. Біздің мақсатымыз Алматы қаласы тарихы музейінің осындай ғылыми жұмыстарын ашып көрсету қажеттілігі туындайды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Алматы қаласы тарихының музейі 2002 жылы ғана ашылғандықтан осы музей жайлы деректердің аздығы, аз зерттелгендігі қиындық тудырады. Сол себепті Алматы қаласы тарихының музейі туралы жазуда музей деректерін, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерін пайдалануға тура келді. Және де осы музейдің ғаламтордағы жеке сайтындағы пайдаландым. Сайтта музейдің ашылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы, ғылыми-қор жұмысы, сөреге қойылған музей экспонаттарына сипаттама берілген.
Алматы қаласының тарихы туралы К. М. Байпақовтың «Алматы қаласының тарихы» атты еңбек негізгі дерек көздерінің бірі болып табылады. Бұл еңбекте Алматы қаласының ежелгі тарихынан бүгінгі күнге дейінгі тарихы баяндалған.
Жұмыстың мақсаты. Тарих тәжірибесінде ұрпақтардың кешегісімен бүгінгісін байланыстыратын, тұнып тұрған қайнар көз музей деректерінің маңызын баяндау. Сол арқылы Қазақстандағы музейлердің бүгінгі күнде ғылымның дамуына қосатын үлесін, оқушыларға, студенттерге Қазақстан тарихын оқытудағы музейлердің алатын орнын ашып көрсету.
Алматы қаласының тарихы музейінің тарихын жан - жақты жеткізу, жәдігерлердің құжаттарын белгілі бір хронологиялық ретке келтіру.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі. Тарихи ғылыми деректер мен материалдарға тарихи-салыстырмалы және тарихи-әдістемелік анализ жасау негізінде жазылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, зерттелу деңгейі мен деректік негізі қарастырылады.
Негізгі бөлімнің бірінші тарауында Алматы қаласының Верный қаласы болып құрылған күнінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихы баяндалады.
Екінші тарауда Қазақстанда музей ісінің даму тарихы мен Алматы қаласы тарихы музейінің ғылыми-қор жұмысы жазылды. Сонымен қатар музейдің ғылыми жобалары, ашық аспан астындағы «Боралдай сақ қорғандары» атты архео-этнопарктың салуы жайлы айтылды.
1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
1. 1 Алматы қаласының Ұлы Отан соғысына дейінгі тарихы
Алматы қаласының тарихы сонау ежелгі кезеңдерден бастау алады. Әр түрлі кезеңдерді бастан кешкен бұл қала бүгінгі күні үлкен мегаполистердің біріне айналып отыр. Алматы қаласының тарихына тоқталғанда Верный қаласынан бастауды жөн көрдік.
Географ, солтүстік және дала халқының тұрмысын жазушы, Қазақстан қалалары тарихын жазушы орыс тарихнамашыларының бірі - Н. А. Абрамов Верныйға 1860 жылғы қазанда келеді. Верныйда бұрын болғандар сияқты, оны да қазақ даласының осы керемет өңіріндегі тірі табиғаттың көз тартарлық әсемдігі қайран қалдырады. Ол: «Верный бекінісінің негізі орта ғасырлардағы Алмату, яғни «алмалы» қала орналасқан жерде 1854 жылы қаланды. Алматы немесе Верный бекінісі Іле Алатауының бөктерінде, жемістері өте дәмді алма мен өрік ағаштары жайқалған, тегіс жерде орналасқан» [1, 205 б], - деп жазады. Верный бекінісі өзінің іргесі қаланған күннен бастап саяхатшыларға естен кетпестей тамаша әсер қалдырады.
Верный қаласын қоса есептегенде, Верный уезінің халқы 1911 жылы 259370 адам болды. Оның 157357 немесе 60, 8%-ы қазақтардан тұрады. Ұлы жүз қазақтары дәстүрлі түрде Жетісу аумағын, оның ішінде Іле өзені бассейні мен оның салаларын, Жоңғар және Іле Алатауы бөктерін, Шу және Талас өзендері аралығын қоныстанатын. ХІХ-ХХ ғасырларда Ұлы жүз қазақтарының саны 700 мың адамнан тұрды және оған дулат, үйсін, жалайыр, шапырашты, албан, суан тайпалары енді.
Уездегі орыстар 67449 адам (26, 0%), тараншылар (ұйғырлар) мен дүнгендер - 25575 адам немесе 9, 8% болды. 1871 жылы 17 қарашада қаланың бірінші басшысы П. М. Зенковтың басшылығымен қалалық дума өзінің бірінші отырысын бастады. «Жетісу облыстық ведомстволары» газетінің бірінші номері жарық көреді.
1877 жылы Верный қаласының жоғарғы қалалық өзін-өзі басқару органдары - қалалық дума және басқарма сайланды. Қалалық дума нұсқау беруші мекеме болды және қала басшысы мен оның жолдастарын, басқарма мен әр түрлі комиссия мүшелерін 4 жыл мерзімге сайлап отырды. Қалалық думаға өнеркәсіпшілердің, көпестердің, шенеуніктердің өкілдері сайланып, шешімдер қабылдап отырды. Ол шешімдерді генерал-губернатор бекітті. Қаладағы атқарушы үкіметтің жетекшісі қала басшысы болды. Әр жылдары қала басшылығына П. М. Зенков, С. М. Быков, И. Д. Лукманов, А. И. Путолов, Я. С. Шепкин, И. Д. Брызгалов, С. И. Петухов сайланды. Басқарма қаланы абаттандыру, құрылыс, білім, медицина, сауда т. б. мәселелерімен айналысты.
1883 жылы қала тұрғындарының саны 18040 адам еді, ал 1885 жылы - 21521 адамға жетті. Содан бергі уақытта, XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарына дейін қала тұрғындарының саны өте баяу өсті. Ұлттық құрамы бойынша қалада: орыстар - 67, 5%, тараншылар (ұйғырлар) - 9, 8%, қазақтар - 5, 3%, сарттар (Орталық Азиядан шыққандар) - 4, 9%, татарлар - 4, 9%, дүнгендер - 4, 9 %, шетелдік- кірмелер - 1, 3%, еврейлер 0, 4% болды. Шыққан тегі бойынша: дворяндар, өсіп-өнген азаматтар, дін басылары 4, 7%, көпестер 0, 7%, мещандар 52, 5 %, казактар 1, 4%, әскерилер 5, 1%, отставкадағы және запастағы әскери шенділер 6, 4 %, ауылтұрғындары 26, 9% жәнебасқалар 2, 4 пайызды құрады. Шын мәнінде Верныйдың тұрғындары негізінен орта шаруа деңгейіндегі қалалықтар еді, олардың негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болды. Құнарлы жер, қолайлы табиғи жағдайлар орыс шаруаларының назарын аударып, Жетісу жеріне, соның ішінде Верный қаласына да жаппай қоныс аудара бастады. 1890 жылдардың соңына қарай қала тұрғындарының саны 20 мың адамға дейін өскенін айтып өтуіміз керек. Бұл негізінен Жетісу өлкесіне қоныс аударушылардың ағылып келе бастағандығына байланысты еді. Олардың біразы қалаға қоныстанды. Шын мәнінде, тұрғындардың саны қоныстанушыларға ресми түрде қоныс аударуға рұқсат етілгеннен кейін көбейе бастады. Қаланың дамуы, әрине, тұрғындар санының артуына ықпал етті. 1863 жылы Верныйда 6104 адам тұратын, олардың 4322-і - еркектер, 1842-сі ғана әйелдер еді. Мұның мәнісі тұрғындардың негізгі бөлігінің әскерилер мен олардың отбасылары болғандығында жатыр. Сол кездегі Қазақстандағы көптеген қалалардың жағдайы осындай болғандығын айта кеткеніміз жөн. 1870 жылы қала тұрғындарының саны 12673 адамға дейін өсті. Қалада 17 түрлі халық пен әр түрлі дін өкілдерінің тұрғандығына қарамастан, тұрғындардың 60 пайызы орыстар еді. Тұрғындардың өсуі сол баяғы әскерилердің есебінен болатын. Айталық, сол уақытта қаладағы 192 адам төменгі әскери шенділер еді, олардың 88-і-отставкадағылар және 104-і демалыстағы солдаттар болатын. Жаңа өлкеде саудамен айналысуға және басқа да пайдалы істерді бастауға мүмкіндік болғандықтан, олар осында тұрақтап қалды. Статистикалық мекемелердің жазбаларындағы айтылған, азық-түлік дүкендерінің, қоғамдық моншалардың, трактирлердің, көптеген шеберханалардың иелері, үйлерінде қызметшілер ұстайтын да осылар еді. 1904 жылы Верныйда 26943 адам тұрды, олардың: 14880-і - еркектер, 12063-і әйелдер болатын. Ал 1911 жылдың 1 қаңтарында қала тұрғындарының саны 35458 адамға жетті [2, 8 б] .
1867 жылы қала мәртебесіне ие болуы Верныйдың дамуына зор ықпал етті. XIX ғасырдың 60-шы жылдары және 70-ші жылдарының басында батыс бөлігінде, Үлкен Алматы станицасынан ары қарай, нақтырақ айтқанда, оңтүстігінде Құлжа көшесімен (Мақатаев көшесі), ал батысында Солдатская көшесімен (Интернационал көшесімен) шектелетін аумаққа қоныстану басталды. Болашақ қаланың қалыптасуына сол кездегі күре жолдар, атап айтқанда, Ташкент жолы үлкен ықпал етті, өйткені сол жолдың бойына тұрғын үйлер салына бастады. Оңтүстік бағытта, Покровский алаңы мен Қарғалы жолынан Үлкен Алматы шатқалына қарай созылған жолдың бойында әскери алаңдар бой түзеді. Осы жолдың Қапал жолымен (Д. Қонаев көшесі) қиылысатын тұсында зират ашылды. Бұл бағыт қаланың даму жобасына үлкен ықпал етті.
Лепсі көшесінің (Фурманов көшесі) бойынан шөп және ет сататын базарлар орын тепті. Осы екі базардың шығыс жақ беті - Сергиопольская көшесі (Төлебаев көшесі) Верныйдың негізгі көлік жолына айналды.
Осыдан біраз уақыт өткеннен кейін зират пен Үлкен Алматы станицасының арасындағы алқап үш көше арқылы төрт кварталға бөлінеді. Сол кварталдардың шеткі екі қатары көп ұзамай-ақ Верныйдың өте ірі аумағы болып бірігіп кетеді.
Верный қаласының әр жылдары, атап айтқанда 1885, 1908, 1912 жылдары, жасалған бірқатар жоспар-карталары бүгінгі күнге дейін жеткен. 1908 жылғы жоспарда Верныйдың 48 көшесі және Үлкен Алматының 8 станицасы белгіленген. Верныйдың жоспарында қаланың солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай тегіс үшбұрыш түрінде созылғаны көрінеді. Оның шығыс шеті Кіші Алматы бойымен өтетін Побережная көшесі (Бұзұрбаев к. ) болатын. Батысында қала Гончарная көшесімен (Мұратбаев к. ) тұйықталатын. Оңтүстігінде Магистральдық арық (Абай даңғ. ) салынған. Қала аумағы солтүстігінде Ташкент аллеясымен (Райымбек даңғ. ) тұйықталады.
Верныйдың алғашқы басжоспарын әскери инженер Н. Криштановский мен ерікті инженер П. Зенков жетілдірді. Жоспар 1876 жылы бекітілді; құрылыс 1869 жылдан бері жүріп жатқан болатын. Бұл жоспар бойынша бекініс пен станицалардан оңтүстік батысқа қарай, казактардың жер үлесінен қосалқы орындар мен қала жайылымына алты мың десятина жер - қаланы барлық жағынан қоршап жатқан және шығысында казактар орналасқан Кіші Алматы мекенінен батысында Үлкен Алматы өзеніне дейін созылып жатқан аумақ бөлініп берілді. Оңтүстік батысында жайылым тауға дейін, аңғарларға, қолайлы жердің шекарасына дейін жететін; солтүстік шекара Ташкент жолынан 2 шақырым төменнен өтетін. Қала құрылысымен әскери ведомство айналысты.
1887 жылы жер сілкінісінен Верный толығымен қирады. Қала үшін жер сілкінісінің зардаптары ауыр болды. Келген саяхатшыларды өзінің көркемдігімен тамсантқан Верный шарасыздан, өрт қаупінен бір-бірінен айтарлықтай қашық орналасқан, ағаштан, каркас-қамыстан салынған жалпақ әрі жатаған бір қабатты құрылыстан тұратын, қатардағы провинциялық қалаға айнала бастады. Енді ғимараттар салуда жалғыз ғана талап - орнықтылық басшылыққа алынды. Верныйлық табиғат зерттеуші В. Н. Шитников 1887 жылғы Верныйда болған жер сілкінісінен соң былай деп еске алады: «Қаланы болашақта сақтап қалу үшін ерекше шаралар қолданылды. Тас үйлер тіпті де салынбады, аласа, бір қабатты тас үйлер қала бойынша саусақпен санарлық еді. Биік емес ағаш үйлер салынды, онда да екі қабаттан артық салуға рұқсат етілмеді. Екі қабатты үйлердің өзі аз ғана еді, оның үстіне қабаты аласа болғандықтан, қандай да бір үлкен қаладағы бір қабатты үйлерден олардың айырмашылығы болмайтын. Сонымен қатар көп үйлердің бөренелер біріктірілетін бұрыштары жоғарыдан төменге дейін жуан темір шыбықтармен тігілген, ал пештері темір жолақтармен қабырғаларға бекітілген еді» [3, 120-122 бб] .
1879 жылы Верныйдың қырық үш көшесіне атау берілді. Оларда патшалық Ресейдің алыс түкпірінде әкімшілік-сауда орталығының бүкіл әлеуметтік портреті бейнеленді. Бір кезде әскерилер негізін қалаған бекініс Командир және Солдат, Штаб және Артиллерия, Лагерь және Казарма және т. б. көшелерден басталатын. Кейінірек Губернаторская, Гостинодворская, Первогильдейская, Казначейская, Торговая және т. б. көшелер пайда болды. Көптеген көшелер Жетісу маңайындағы елді мекендер атауымен аталды: Құлжа, Қаракөл, Қастек, Талғар, Нарынқол, Қапал, Сергиополь, Пішпек, Ыстықкөл, Қаскелең, Ұзынағаш және т. б.
Шенеуніктердің білімінің төмендігіне және жергілікті мамандардың жетіспеуіне қарамастан, Жетісудың тарихын зерттеуде үлкен жұмыстар атқарған Жетісу облыстық статистикалық комитеті мүшелерінің еңбегінің тиісті бағасын алуы керек. 1896 жылдың наурызынан бастап ЖОСК қызметіне қазына облыстық земство қаржысынан жылына 2000 рубльден бөліп отыруды бастайды, сол арқылы ол Жетісу облыстық басқармасының құрылымдық бөлігі емес, дербес мекеме ретінде тіршілік ете бастады. Өлкенің тарихы мен статистикасы бойынша жинақталған үлкен материал 1898, 1900, 1901, 1905 жылдардағы «Естелік кітапша немесе Жетісу облысының мекенжай күнтізбесінде» («Памятная книжка или адрес-календарь Семиреченской области») жарияланған. Әрине, бұл «Естелік кітапшаға» бүкіл ғылыми материал енген жоқ, сондықтан да іргелі еңбектердің көптеген авторлары «Записки» немесе «Известия Русского географического общества», «Ученые записки Казанского университета» және тағы басқа басылымдарда жариялануға мәжбүр болады.
1901 жылы Жетісу облыстық статистикалық комитетінің хатшылығына В. Е. Недзвецкий тағайындалады. Қазан университетінің заң факультетін бітірген ол Батыс Сібір өлкесін ғылыми зерттеумен айналысады. В. Е. Недзвецкий 1884 жылы өзінің тағдыры 30 жылдан астам байланысты болатын Верныйға келеді. Ол Лепсі, Қапал, Верный уездеріне экспедиция жасайды. 1901 жылы 28 наурызда В. Е. Недзвецкий Верный уезінің Батыс бөлігіне, сонан соң Пішпек және Пржевальск уездеріне ауыл шаруашылығы, бау-бақша дақылдарын зерттеуге және статистикалық мәлімет жинауға іссапармен барады.
В. Е. Недзвецкий әр түрлі тақырыпқа көптеген ғылыми еңбектер жазған. 1896 жылы «Семиреченские областные ведомости» басылымында оның «Об опасности, грозящей Верненскому плодоводству» атты мақаласы жарияланды; «Очерки культуры риса в Семиречье» Түркістан өлкесіндегі егіншілік және мемлекеттік мүлік басқармасының жинағында басылған; «Краткий обзор Семиреченской области, за время состояния ее в составе Степного генерал-губернаторства» аталған кітапшасы 1899 жылы жарық көрген; «Памятная книжка Семиреченской области на 1905 год» Верныйда 1905 жылы басылып шағады. В. Е. Недзвецкийдің тарих, ауыл шаруашылығы, статистика және өлкенің басқа келелі мәселелері жөніндегі көптеген зерттеулері Жетісудың әр түрлі басылымдарында ғана емес, одан сырт жерлерде де жарияланған.
Жетісу облыстық статистикалық комитеті және оның мүшелері мұражай мен кітапханалар арқылы үлкен қоғамдық-ағарту қызметін атқарды, оның 1898 жылы ашылуы Верный мен Жетісудың мәдени өмірі тарихының маңызды беттерінен саналады. 1902 жылы күзде осында Өлкенің ауыл шаруашылығы және өнеркәсібінің бірінші көрмесі өткізіледі. Оның ұйымдастырылуы мен өткізілуіне В. Е. Недзвецкий белсене ат салысады. Облыс губернаторының рұқсатымен, ол бау-бақ құрал-саймандары коллекциясының көрсетілімін ұйымдастырады, бау-бақ зиянкестерімен күрес бойынша бірқатар өзекті дәрістер оқиды, сондай-ақ соқалардың және қазақтар, ұйғырлар, жергілікті шаруалар мен қазақтар қолданатын топырақ өңдеу тәсілдерінің конкурсын өткізеді. «1897 жылы Жетісу облыстық статистикалық комитеті мүшелерінің арасында оның жанынан облыстық мұражай ашу туралы ой пайда болды» деп хабарланады 1902 жылғы 18 қарашада Верный қалалық басқармасына жазылған хатта [4, 267-269 бб] . Жетісу мұражайының белсенді ұйымдастырушылары арнайы үндеу-хаттарда облыстық мұражай құрамына «Жетісудың флорасы мен фаунасының өкілдері, сондай-ақ тау жыныстарының үлгілері енетінін . . . » хабарлайды. Бұл үндеу-хаттар Жетісуды зерттеуге байланысты мәселелермен ерікті шұғылданатын адамдарға таратылды. Сонымен қатар, коллекция жинауға көмек сұраған өтініштер Санкт-Петербург университетіне, Санкт-Петербург тау институтына, Орыс географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөліміне және басқа мекемелерге бағытталады. Бұл үндеулер кеңінен қолдау тауып, мұражайға бағалы көрме қойылымдары түсе бастады. «1898 жылдың өзінде облыстық мұражай қорына бұйымдардың айтарлықтай сыйланғаны соншалықты, мұражай үшін сәйкес келетін баспана жалдау қажеттігі туындайды», ал бұл мұражайды құрушылар үшін қарапайым мәселе емес болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz