Карталарды құрастыру тәсілдері
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Буянбаева А.Б.
Алматы облысының гипсометриялық және геоморфологиялық карталарын құрастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050711 – Геодезия және картография мамандығы
Алматы 2011
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Алматы облысының физикалық-географиялық жағдайын сипаттау...
1.1 Географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
1.2 Тектоникалық құрылым
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
1.3 Геологиялық
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 1.1.1 Климаттық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 1.1.2
Гидрографиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
1.1.3 Топырағы мен өсімдіктер және жануарлар
дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Карта құрастыру ұстанымдары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Карталарды құрастыру тәсілдері. Құрастыру бойынша жалпы нұсқаулар..
2.2 Карта құрастырудың жалпы
нұсқаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3 Алматы облысының гипсометриялық картасын құрасыру әдістері
3.1 Гипсометриялық картаның
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2Гипсометриялық карта құрастырудағы горизонталдар қызметі ... ... ...
3.3 Гипсометриялық
шкалалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..
3.3.1 Гипсометриялық бейнелеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.3.2 Бедердің шартты
белгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
4 Алматы облысының геоморфологиялық карталарын құрастыру әдістері...
4.1 Геоморфологиялық карталарға жалпы
түсініктеме ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4.2 Геоморфологиялық шартты
белгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.3 Геоморфологиялық картаны жасауда орындалатын тәртіптер ... ... ..
4.4 Геоморфологиялық процестердің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4.5 Геоморфологияның халық шаруашылығында
қолданылуы ... ... ... ... ... ...
4.4.1Карта құрастыруда жаңа технология әдістерін
қолдану ... ... ... ... ... ...
4.4.2ArcGIS 9.2. бағдарламасы туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4.4.3ArcGIS 3D бағдарламасына
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорынтынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріпе
Алматы облысының масштабы 1:1000000 гипсометриялық және
геоморфологиялық карталарын құрастыру. Топографиялық карталармен қатар
гипсометриялық карталар және геоморфологиялық карталар құрастырылады,
олар ең алдымен нақты анықталған геоморфологиялық және гипсометриялық мәні
бар морфометриялық көрсеткіштері бойынша жер бедерін көрсетеді.
Геоморфологиялық және гипсометриялық карталарды топограф және картограф
мамандары геоморфологтармен бірлесе отырып құрастырады.
Гипсометриялық және геоморфологиялық карталар жер бедерін зерттеу
мақсатында, практикалық, ғылыми-зерттеу мақсатында, сонымен қатар
инженерлік және халық шарушылығындағы барлық салаларындағы қажеттіліктерді
шешу үшін құрастырылады. Геоморфологиялық карталардың басты
ерекшеліктерінің бірі-бедер элементтерінің морфологиясын, жасын және
қалыптасу тарихын бейнелеу. Олар ең бірінші жер бедерінің сыртқы көрінісіне
көңіл аударады, ал жер бедерінің қалыптасуы екінші орында тұрады.
Геоморфологиялық картографиялау жүргізу кезінде зерттеушінің алдында бедер
түзу процесінің қайтуы басымдау екен деген сұрақтар пайда болады. Бұны шешу
үшін мына тәртіпті нұсқау етіп қолдану қажет: топографиялық картаның
масштабына және жүргізіліп жатқан геоморфологиялық түсірім масштабына
сәйкес картаға арнайы қосымша геоморфологиялық мәліметтерді енгізу қажет.
Мәселен, әр түрлі, бедер пішіндерінің генезисін анықтау кезінде келесі
заңдылықтарыды байқауға болады: бедердің кең ауқымды қамтып жатқан ірі
пішіндері негізінде бір келкі өтетін эндогендік процестеріне байланысты, ал
кішігірім бедер элементтері-экзогендік процестер нәтижесі. Сондықтан
геоморфологиялық карталарды түсіру кезінде алдымен бедер пішіндерінің
мөлшеріне назар аудару тиіс.
Гипсометриялық карталар көптеген инженерлік тапсырмаларды шешуге
қолданылады, мысалы, жаңа жол трассасының бағытын анықтауда және оны алғаш
рет жобалауда, канал салуда, бір су бассейінінен келесі бассейінге су
тасуда, гидростанция құру үшін өзен бассейінімен танысу және т.б. осы
жұмыстардың барлығы профиль құрумен байланысты. Осыған орай гипсометриялық
картаның дәлділігіне ерекшк мән беріледі, өйіткені генерализация нақтылығын
сақтау осыған байланысты болады. Гипсометриялық карта инженерлі-
географиялық және көптеген бағалау типіндегі карталарды құруда негізгі
материал ретінде қызмет атқарады. Гипсометриялық карталар сонымен қатар
табиғаттың тақырыптық карталарын құрастыруда үлкен қызмет атқарады.
Гипсометриялық карталарда бедерді құру биіктік белдеулері мен гидрограиялық
торға негізделеді. Бедер мен гидрографиялық тор арасындағы байланыс өте
тығыз.
Бұл жұмыс барысында ArcGis 9.2 бағдарламасының барлық
мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, Алматы облысының 1:1000000 масштабағы
жалпы шолу, гипсометриялық, геоморфологиялық және Алматы облысы жер
бедерінің үш өлшемді үлгідегі карталары құрастырылды.
ArcGIS - бұл өзара байланысты 3 базалық мүмкіндіктердің жиыны, яғни
ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox. Бұл жиынтықтың көмегімен картографиялау,
мәліметтерді басқару, кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакциялау және
оларды геоөңдеуден өткізу сияқты көптеген ГАЖ-функцияларын шешуге мүмкіндік
береді. ArcGIS - ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-
функционалды, интегрирленген, масштабталған жүйесі.
ArcMap қосымшасында карта құрастырудың негізгі жұмыстары
жүргізіледі, яғни картаны байлау, сандау, мәліметтерді енгізу,
редакциялау және т.б ArcMap-та жұмыс істеу екі бөлімнен тұрады:
1. Картамен жұмыс істеу. Географиялық мәліметтерді енгізу, қабаттармен
жұмыс істеу, редакциялау, географиялық мәліметтерді бейнелейтін
белгілерге талдау жасау және т.б. жұмыстар атқарылады.
2. Компановка, яғни картаны қағаз бетіне басып шығаруға дайындау. Бұл
бөлімде карта безендіріледі, легендасы құрастырылады, тақырыбы
жазылады, масштабы бекітіліп көрсетіледі, солтүстік бағыттаушысы
қойылады және қағаз өлшемі беріледі.
Тақырыптың жаңалығы: гипсометриялық және геоморфологиялық масштабы
1:1000000 карталарын құрастыру кезіндегі ArcGIS 9.2. бағдарламасының
мүмкіншіліктері мен тиімділіктерін анықтап көрсету.
Жұмыстың мақсаты: Алматы облысының гипсометриялық және
геоморфологиялық карталарын картографиялық бейнелеу әдістері мен жаңа
картографиялық бағдарламаларды қолдана отырып құрастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешілді:
ـ жалпы шолу картасының құрастырылуы;
ـ гипсометриялық картаның құрастырылуы;
ـ геоморфологиялық картаның құрастырылуы;
ـ жер бедерінің үш өлшеді үлгідегі картасының құрастырылуы;
1 Алматы облысының физикалық-географиялық жағдайын сипаттау
1. Географиялық орны
Алматы облысы Қазақстан Республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде
орналасқан. Жерінің аумағы 223,9 мың шаршы километр. Облыс аумағында 16
аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған және Текелі)
бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы – Алматы қаласы
(1,06 млн.,1998). Алматы облысы Қазақстанның мына аймақтарымен шектесіп
жатыр: батысында Жамбыл облысымен, солтүстік-батысы Қарағанды облысымен (су
шекарасы Балқаш көлінен өтеді), ал солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан
облысы орналасқан. Ал шығысында облыс ҚХР, оңтүстігінде Қырғызстан
Республикасымен (Шу және Ыстық көл облыстары) шектесіп жатыр.
Алматы облысының территориясы - Балқаш көліне қарай еңіс жазық.
Облыстың көп бөлігін Балқаш - Алакөл және Іле құрамалары алады.
Оңтүстігінде қыраттар орналасқан: Іле Алатау, Күнгей Алатау, Кетпен,
Оңтүстік шығысында Жоңғар Алатау, Жоңғар қақпасы.
Алматы облысында пайдалы қазбалардан қорғасын, мырыш(Оңтүстік
Жоңғар, Текелі полиметалл кені), тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатас,
вольфрам, молибден кендері, алюминий шикізаты, ас тұзы, бетонитті саз
балшық т.б. кездеседі. Облыста машина жасау, түсті металлургия,
агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл және тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған. Алматы
қаласы-республикамыздың ірі өнеркәсіп орталығы. Машина жасау кешенінде
ААМЖЗ, Поршень зауыты, Электроприбор т.б.ірі кәсіпорындар жұмыс
істейді. Жеңіл өнеркәсіптің жетекші кәсіпорындары-AMMK, Жетісу, Қыз
Жібек фабрикалары.Тамақ өнеркәсібінде ет, май, сүт комбинаттары және
кондитер кәсіпорындары өнім береді.
Алматы – әуе қатынасының ірі торабы . Ол әуе жолы арқылы
Мәскеу , Санк-петербуг , Ташкент қалаларын байланыстырады. Халықаралық
әуе жолы арқылы Алматы – Дели , Алматы – Анкара, Алматы – Нюрнберг , Алматы
– Стамбул қалаларымен байланыс қалыптасқан. Сондай-ақ Түрксіб, Ақтоғай-
Достық , Көксу – Текелі теміржол тармақтары бар.
Алматы - республиканың ондаған зауыттары мен фабрикалары бар
аса ірі өнеркіәсіп орталықтарының бірі. Мұнда тамақ және жеңіл өнеркәсіп
салалары басым . Олар республикадағы өнеркәсіп орындары өндіретін өнімнің
70% -дан астамын шығарады. Тамақ және жеңіл өнеркәсібінің барлық аса
маңызды кәсіпорындары, негізінен, жергілікті шикізаттарды пайдаланып жұмыс
істейді.
Талдықорған – Алматы облысының орталығы. Бұл жергілікті ауыл
шаруашылығы шикізаттарын ұқсататын ірі орталық. Мұнда жемісконсерві зауыты,
қант зауыты, тігін және жиһаз фабрикалары , құрылыс материалдары комбинаты
жұмыс істейді.
Алматы облысы көбінесе суармалы, ішінара тәлімі егіншілікпен
және жайылымды мал шаруашылығымен шұғылданады. Қант қызылшасын егуге
маманданған. Облыстағы суармалы жер көлемі – 636 мың га. Бұл республика
суармалы жерінің 28% -ы. Егін шаруашылығында - жүгері, бидай, сұлы, қант
қызылшасы, темекі, картоп өсіріледі 1.
Оңтүстік Шығыс Қазақстанның тауларын бөліп тұратын тау аралық және
тау ішіндегі ойпаттар Балқаш-Алакөл, Іле Жайсан ауқымды төмендеуді
көрсетеді.
Балқаш-Алакөл ойпаты-ауқымды төмендеуді көрсетеді. Бұл ойпаттың
басты ерекшеліктері каледон әсіресе, грециния кезеңімен қалып тасқан. Ол
сыртұы бірлігіне қарай, әр түрлі құрылған ойпаттардан тұрады. Шығыс
бөлігінде-Алакөл ойпаты әдетте бүгілген болып келеді, оның ірге тасы
түсірулерге бөлініп, солар бойынша әр деңгейге орналастырылған. Алакөл
ойпатының аккумулятивті бетінен жеке қыраттар көтеріледі, олар: Қату,
Арқарлы, Арасантау таулары мен Алакөл көлінің аралымен шектеледі, осыдан әр
түрлі амплитудасының тектоникалық қозғалыстары туындайды.
Балқаш ойпаты-тауалды бүгілген жер бетінде келеді. Палеозой
іргетасы ойпатының оң түстігінде тереңірек түскен ол жерде мезо-кайназой
шөгінділерінің күштілігі 1700 метрге дейін жетеді. Ойпаттың солтүстігі
пенеплен түрінде қалыптасқан, ол Балқаш көлінің деңгейінен оңтүстікке қарай
батырылған. Ойпаттың жалпы құламалығы солтүстікке қарай сол бағытқа
байланысты абсалютті биіктіктердің 700 метрден-340 метрге дейін өзгеруін
көрсетеді. Ойпаттың жан-жағы таулы құрылыстарымен; батысында- Шу-Іле
(Айтау) тауымен, Боралдай қыратымен; солтүстігінде Қазақ ұсақ шоқысымен;
шығысында тарбағатай жотасымен; оңтүстігінде Жетісу Алатауымен қоршалған.
Оңтүстік Шығыста Балқаш Алакөл ойпаты Алакөл ойпатымен қосылады, олар Қытай
териториясында орналасқан. Жетісу-Алатау ойпаты үш бөлікке бөлінеді:
Оңтүстік-Балқаш маңы ойпаты, Лепсі ойпаты, Алакөл ойпаты.
Ойпатта ірі көл шұңқырлары-Балқаш, Сасықкөл, Ұялы, Алакөл орналасқан,
оларды Іле, Қаратал, Лепсі, Бақанас т.б. өзендер кесіп өтеді. Ойпат шеңінде
аллювиалды, көлдік, аллювиалды-көлдік және аллювиалды-пролювиалды және
эолды жазықтар таралған. Қазіргі жастағы көлдік және көлдік-аллювиалды
жазықтар шығысқа қарай Балқаш көлінің жағалауын көмкереді. Осыған орай
жазықтың беткі қабаты сор, тақырлы түсірулермен және уақытша өзендердің
құрғақ арналарымен күрделенген көлдік шөгінділер құрғап, төбешік түріндегі
биіктігі 2 метрге дейінгі кішігірім құмды массивті қалыптастырады. Қазыргі
уақыттағы көлдік жазық батпақталған болып келеді, ұсақ көлдердің,
сорлардың, лагуналардың көптігінен бірте-бірте Балқаш шөлінің деңгейінде
батырылуда. Аллювиалды жазық Іле өзенінің жағалауында, Қаратал өзенінің
солтүстік жағалауында, олардың отыпаулы бөлігінде, сонымен қатар Лепсі,
Ақсу өзендерінің аңғарларында созылып жатыр,олар тау жыныстарымен,
құмдармен т.б. орналастырылған. Жазықтар солтүстік батысқа қарай еңіске
түсіп құрғақ арналармен, тақырлармен, сорлармен күрделенген. Жазықтың
қазіргі кездегі отыраулы жерлері эолдық құмдардың массивтерімен орын
ауыстырылған, көптегн ағыстар, шөлдер, беттер кеңінен таралған және
аллювиалды жазықтарда оңтүстік батыстан, оңтүстік, оңтүстік шығыстан
шектеледі. Конустардың және таудан ағатын өзендерді шығару шлейфінің
қосылуының нәтижесінде аллювиалды, проллювиалды немесе тауалды жазықтардың
беткі қабаты төмен түсірілген, өзен аңғарларымен кесілген. Ойпат шегінде
кеңінен таралған аккумулятивтік эолдық жазық.
Морфологиялық тұрғыдан қарағанда бұл жерде тізбекті, тізбекті
ұяшықты, тізбекті төмпешікті, төмпешікті ұяшықұты жер бедері қалыптасқан.
Қаратал және Іле өзендері арасындағы құмды массивтердің тізбегі (Сарыесік
Атырау) оңтүстік батыстан солтүстік шығысқа қарай мөлшерленген, бірақ
Балқаштың өзінде меридианалдыға ауысады, содан кейін оңтүстіктен, солтүстік
шығысқа қарай салыстырмалы биіктіктер 5-10 метрден 20-25 метгре дейін
ауысып тұрады. Кеңдігі 100-300 метр тізбектер, кеңдігі 70метрден 500 метрге
дейін тізбек аралық түсірулермен ауысады. Іле өзенінің солтүстік
жағалауында орналасқан Тауқұм құмды массиві солтүстік-батысына қарай жер
бедері қалыптасқан, төбешіктердің биіктіктері 3-7 метрден аспайды. Эолдық
массивтердің қалыптасуы орта төрттік уақыттан қалыптасып, осы күнге дейін
жалғасуда. Мұздық дәуірінен кейін құрғақшылық кезеңінде Балқаш суы тартыла
бастады да ол Балқаш және Алакөл болып бөлінді. Осы құрғақ кезеңде
жазықтарды басып тұрған құмды шөгінділердің қайтып қалыптасуының үрдісі
басталды.
Аллювиалды жазықтар Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі өзендерінің
арналарына тартылып, тереңдігі 200 метрге дейінгі шатқалдығын қалыптастырып
Қарой, Итжан үстіртіне созылып жайылма қалыптастырды, бұл алғашқы жайылманы
террасса деп атайды. Жайылманың ендігі 1км-ден еңіс биіктігі 1,5-4,5метр
шегінде ауысып тұрады. Террассаның беткі қабаты Іле өзенінң Бақанас және
Ақдала отырауларымен қосылып, жер бетінің толқындық сипатын көрсетеді. Олар
арналармен, беттермен, құмды массивтермен кесілген. Іле арнасын үшке
бөлгеннен кейін( Жиделі, Іле және Топар) қазіргі отырауы ағыстармен
көлдермен, құмдардың батпақты массивтерімен күрделенеді. Олар територияның
30% алып жатыр. Ал, Қаратал өзенінің аңғарында ені 5-6 км жайылмалар
қалыптасқан. Ақсу өзенінің аңғары таудан шығар алдында ауқымды конусын
қалыптастырады, ол 15-20 метр тереңдікке соқтығысады. Жазықтықта ол
ирелеңденеді және жағалаулары төмен болып келеді. Оған Сарқант өзенінің
ағысы құйғанмен кейін өзінің бағытын өзгертіп, ауқымды атырауды
қалыптастырып құмды массивтерді басып ағып өтеді.
Алакөл ойпаты ішкі орогенді құрылым болып келеді. Ол Сауыр-
Тарбағатайды Жетісу Алатаудан бөліп тұрады. Оның полезойлық ірге тасы
қалдықтарға бөлінген және Жетісу тереңдік жарылымнан 1600 метр тереңдікке
батырылған. Жердің беткі қабатына полезой іргетасының шығуынан қысымдық
қаптың ең аз күштілігі ойпаттың өстік бөлігінде байқалады (Сасықкөл-Алакөл
көтерілуі). Шығысында Балқаш-Алакөл ойпаты Емел өзенінің аңғарымен Жетісу-
Алатау қақпасы арқылы Жетісу-Алатау ойпатымен қосылады, ол Қытай
териториясында орналасқан. Аккумулятивті әсіресе көлдік аллювиалды
ойпаттарда ұсақ шоқылардың массиві көтеріледі.
Іле тау аралық ойпаты 400км ге созылып жатыр. Ол солтүстігінде
Жетісу-Алатаумен, оңтүстігінде Іле және Күнгей Алатауымен шекаралас болып
келеді. Іле Алатаудан шығысқа қарай Іле ойпаты Жалаңаш ойпатымен жалғасады.
Тектоникалық тұрғыдан қарағанда шығыстық (Панфилов) және батыстық (Алматы)
бүгілуден тұрады. Олардың тербелісінің максималды амплитудасы 3200-
4000метр. Осы екі бөлігіде асиметриялық құрылу болып келеді. Алматының
бүгілуі күшті және солтүстігі жазық, ал Панфиловта керісінше болады.
Панфилов бүгілуі триаста, ал Алматы-палеогенде қалыптасқан болып саналады.
Шығыс бөлігінде көлдік шөгінділер юрадан, батыс бөлігінде неоген кезеңімен
қалыптасқан. Жоғарғы плиоценде қалыптасқан ауқымды көл суы ойпаттың барлық
алаңын және Жалаңаш ойпаттары көлдерімен біріккен. Көлдік режим ерте
төрттік кезеңге дейін сақталған. Іле ойпатының қазіргі қабаты
аккумулятивті, аллювиалды, пролювиалды және көлдік жазықтар болып келеді.
Тау алды бөлігінде беткі жамылғысы конустық шлейфтерімен көмкерілген. Туа
іші ойпаттары Жетісу Алатуда кеңінен таралған. Әдетте олар кең бағытта
жоталарға параллель болып созылып жатады. Кейбір ойпаттар өзендердің
шатқалдарымен көтерілген кесілген (Қапал-Арасан), кейбіреуінде түптері
жалғасатын жазықтарға еңіс болып түседі (Қалпақ, Талдықорған), ал тағы
біреулері жоталардың етегінде айтарлықтай биік болады (Желді-Қарағай). Осы
сақталып қалған мореналар ежелгі мұзданудың болғанын көрсетеді. Тау аралық
ір ойпаттар Текес және Кеген-жер бедерінде тектоникалық түсулермен
шектелген. Оңтүстік Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен солтүстік Күршім
жотасының арасында Жайсан ойпаты, ал оның ортасында Жайсан көлі орналасқан.
Тау іші ойпаты оңтүстікте және солтүстікте жаңа жарылымдармен шектелген.
Шұңқырлардың асиметриялық құрылымы батырудың әр түрлі масштабтағы
амплитудасын көрсетеді, максималды құлашы оңтүстікке қарай созылған.
Төрттік шөгінділердің орташа күштілігі 1200 метр. Жайсан ойпаты солтүстік
батыстан оңтүстік шығысқа қарай 200 км созылып жатыр, ал оның ені 70 км.
Геоморфологиялық тұрғыдан қарағанда жер бедерінің аккумулятивтік және
эрозиялық пішіндерінің қалыптасуын көрсетеді. Жайсан ойпатының шығыс
болігінде, аллювиалды және көлдік аллювиалды шөгінділерде эолдық процесі
жүрді, осының әсерінен Айғырқұм массиві пайда болды.
2. Тектоникалық құрылымы
Біздер тау жыныстарын барынша берік те төзімді заттар қатарына
қосамыз. Ал, шындығына келетін болсақ, олар біз ойлағандай төзімді емес.
Оған дәлел – тектоникалық қозғалыстар деп аталатын эндогенді күштер
әсерінен жер келбетінің ұлан ғайыр өзгерістерге ұшырап отыратындығы.
Тектоникалық қозғалыстар жекелеген тау жыныстарының иілмелі иірімдер
түзуінен бастап, жүздеген километрмен өлшенетін жыртылып-ажырау
құрылымдарының немесе төбесі көкпен таласқан тау жүйелерінің қалыптасуына
дейінгі аралықта күрделі процестерден көрініс табады. Тектоникалық
қозғалыстар бағыты сан түрлі болуы мүмкін: жоғары- төмен, көлбей
бағытталған, әйтпесе жазық бағыттағы қозғалыстар жиынтығы. Жер ананың
бүгінгі келбетін қалыптастырған бұл процесс одан әрі жалғасуда. Тылсым
мұхит түптерінің әр түрлі аралдар жүйесі арқылы континенттермен жапсарласуы
әлемдік мұхит жиектерінен орын тепкен асқар таулардың жазықтарға ұласып
кетуінің өзі де сол тектоникалық қозғалыстар бағытының белгілі бір
заңдылыққа бағынатындығын дәлелдей түскендей. Бұл заңдылықтардың болмыс-
бітіміне біз келесі бөлімдерде жеке-жеке тоқтала-мыз.
Тектоникалық қозғалыстардың жылдамдығы да түрліше: мейілінше
жай қозғалыстардың ұзақ уақыт бойына тоқталмау әсері көбірек көрініс таба
тұрса да, жер сілкінуі немесе жанартаулар атқылауы сияқты табиғат
құбылыстары кезінде кенеттен басталып, қарқынды өтетін қозғалыстар мысалы
да аз емес.
Жанартаулардың атқылауы да, сайып келгенде, тектоникалық
қозғалыстар сабақтас жатқандығын ескерсек бұл ғаламат құбылыстар кезіндегі
қозғалыс жылдамдығы тіпті орасан.
Алматы альпілік сипаттағы тау массиві – Іле Алатауы
антиклинорийінің солтүстік қанаты етегінде. Ендікке жуық бағытта созылған
геологиялық құрылымдар мен тектоникалық жарылыстар зоналарының жалпы
бағытына сәйкес келетін бұл жота граниттен, габбродан, эффузиялар мен
олардың туфтарынан, эффузиялық шөгінді жыныстардан, аздап құмтастардан,
тақтатастардан, мәрмәрдән түзілген. Іле Алатауының қазіргі сипаты палеоген
дәуірінің соңында басталған тектоникалық процестердің нәтижесінде
қалыптасқан.
3. Геологиялық құрылымы
Алматы облысындағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген
және кембрийге дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан
түзелген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфта, әктастар, граниттер т.б.
палеозой жыныстары кеңінен таралған. Тау етегі және облыстық биіктігі
орташа өңірлері плейстоцен мен анторпогендік шөгінділерден түзілген.
Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастаған кезеңі герцин қатпарлығымен
тыңыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте бірте мүжіліп,
адырлы жазық , яғни, пенеплен қалыптасқана. Плейстоцен кезеңінің басында,
альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоникалық процесстер
нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық
процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер – соның айқын
дәлелі. Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл (Текелі), вольфрам
(Бұғыты), молибден кен тасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай),
барит, бентонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц
құмы, гипс, тас көмір, қоңыр көмір (Ойқарабай, Тышқанбай), шымтезек, тұз
кен орындары және минералды жер асты сулары бар.
Бүкіл антропоген кезінде таулардың биіктеуіне байланысты Іле
Алатауының солтүстік беткейлеріндегі өзен аңғарлары мен шатқалдарында
дөңбектас-қиыршықтас-малтатас, құм-саз құрамды кесек жыныстар мол жиылды.
Бұлар тау етектерінде ысырынды конустарды түзіп, төменіректе ені 10-15 км,
қалыңдығы 2000-3000 метрлік тұнба жыныстар қабатына ұласады. Ысырынды
конустардың жазыққа қарай ылдилануы анық байқалады, көлденең қимасы линза
пішінді. Мұнда тау жақтан келген жер асты ағындарының сүзілуі нәтижесінде
артезиан суының мол қоры жинақталды. Қала үшін бұл судың маңызы күшті. Қала
атырабының жоғары сейсмикалылығы неогендік-антропогендік тектоникалық
қиылымен, көне және жас терең жарылыстарымен байланысты. Мұнда үлкен апат
болған Верный 28 май (9 маусым) 1887 және Кемин 22 желтоқсан 1910 (4қаңтар
1911) жер сілкінулері болды. Соңғы СССР- дің континенттік бөлігіндегі ең
күшті жер сілкінуі болып саналады (Жер сілкінуі). Сейсмологиялық және
геофизикалық комплекстік зерттеулер жер сілкінудің қалыпты 9 балдық зонасын
және одан да жоғары сейсмикалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді, ірі
ғимараттарды тұрғызуға қажетті антисейсмикалық шараларды анықтады. Бұрынғы
КСРО-ның физикалық географиясынан жер қыртысы және жер беті миллиондаған
жыл бойы жердің геологиялық дамуынан өткенінмараттарды тұрғызуға қажетті
антисейсмикалық шараларды анықтады. Бұрынғы КСРО-ның физикалық
географиясынан жер қыртысы және жер беті миллиондаған жыл бойы жердің
геологиялық дамуынан лыпты 9 балдық зонасын және одан да жоғары сейсмикалық
аймақтарының негізгі себебі болған.
Геологтардың негізгі мақсаттарының бірі – тау жыныстарының
жасын анықтау. Бұл мақсатты орындау палеонтологиялық зерттеу тәсілін
қолданудың нәтижесінде мүмкін болды. Бұл тәсіл организмдердің (өсімдік және
жануарлар) эволюциясын бақылауға, оларды даму кезеңдеріне бөлуге және соның
негізінде геохронологиялық кестені дайындауға мүмкіндік берді. Қазақстан
геологиялық картасында үзік сызықтар мен, түсті бояумен және әріп
индекстерімен тау жыныстарының жасы көрсетілген.
Облыстың табиғаты мен жер бедері ала құла. Балқаш және Алакөлге
ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір, негізінен,
антропогеннің аллювилік және эолдық шөгінділерінен түзілген.Оның басым
бөлігін Сарыесік атырау құмның, Тауқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы
және төбешіккті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле
аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімденген.
Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу
(Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері
толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы
бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы – Бесбасқан (4442 м)
орналасқан.Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар. Облыстың оңтүстік
және оңтүстік - шығысы Іле, Күнгей,Теріскей Алатаулары, Кетпен жотасы және
солтүстік Тянь – Шань сілемдерінің, т.б жоталарынан құралған. Жетісу
Алатауымен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы
жатыр.
Палеозойға дейінгіжыныстар ең ежелгі кездерде қалыптасқан. Ол
күшті бұзылудан жалаңаштанған таулы адандарда ғана жер бетіне шығып жатады.
Олардың шығып жатқан жерлері Солтүстік Тянь –Шань жоталары мен Мұғалжар
және Сарыарқаның солтүстігі мен батыс шегінде байқалады.
Палеозой жыныстары көптеген таулы аудандарда атқыланған және
шөгінді жыныстардан байқалады. Ол жыныстардан Мұғалжар, Сарыарқа, солтүстік
Тянь – Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай және Алтай таулары түзілген. Оған:
әктас, құмтас, қызғылт құмтас, сазды тақтатас және басқалары жатады.
Мәселен, мыс, қорғасын, темір, марганец, қалайы, вольфрам, алтын және т.б.
кен орындарының пайда болуы интрузиялық жыныстарға байланысты.
Мезозой жыныстары біршама сирек кездеседі. Бұлар Маңғыстаудағы
Қаратау жотасында, Іле және Торғай ойыстарында көп тараған.
Мезозой эрасына қарағанда кайнозой эрасының шөгінділері Қазақстан
территориясының барлық жерінде кездеседі. Ол падеогендік, неогендік және
антропогендік болып бөлінеді.
Палеогендік шөгінділер – Шу, Іле, Зайсан және басқа тауаралық
қазаншұңқырлардың жиектерінде, Үстіртте, Арал маңында, Торғай жазығында
таралған.
Неогендік шөгінділер қызыл түсті саздардағы тығыз құмды саздардан,
малта тасты, құмды қабатты сары саздауыттан тұрады. Неогендік шөгінділер
биік тау бөктерлерінде кездеседі.
Антропогендік (төрттік) шөгінділер Қазақстан территориясының
барлық жерінде кездеседі. Ол әр түрлі жолмен пайда болған. Каспий маңы
ойпатында, Қарақұм және Торғай үстіртінде теңіздік шөгінділер тараған.
Олардан көлдік және өзендік террасалар мен жағалау бойы жазықтар түзілген.
Мұздық шөгінділер қазіргі мұз басы аудандарындағы Алтай, Жоңғар Алатауы
және Тянь – Шань биік тау аңғарларында кездеседі.
Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және
кембрийге дейінгі кристалды тақтатасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген.
Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер, тағы басқа
палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа
өңірлері плейстоцен мен антропогнедік шөгінділерден түзілген. Облыстағы
таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз
байланысты . Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы
жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік
орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоникалық процестер

процестер жалғасуда . Оқтын- оқтын болатын жер сілкінулер – соның айқын

(Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай),

құмы, гипс, тас көмір, тұз кен орындары және минералды жер асты сулары бар.
1. Табиғаты

антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым
бөлігін Сарыесік атырау-құмның, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның,
Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Іле аңғары
өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік
шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар)
қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен
қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы
тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы – Бесбасқан (4442 м) орналасқан. Тау
сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге
жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары,
Тышқантау, Текелі, Счайқан, т.б.) өз маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп
жатыр. Облыстың оңтүстік және оңтістік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей
Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің,
тағы да басқа жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей
Алатаулары және кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары жатыр). Алматы
облысының оңтүстік батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен
далалары қамтыған (Жусандыдала, Базой, Қарой үстіртттері).
Облыс территориясында Алматы қорығы және Республиканың 4 Ұлттық
табиғи парктерінің екеуі Іле-Алатау мен Алтын Емел орналасқан.
1.1.2. Климаттық жағдайы
Алматы облысының климаты, негізінен, континенттік. Табиғи
климаттық жағдайы 5 климаттық зонадан тұрады. Жауын шашынның жылдық мөлшері
жазықта-300 мм дейін, таулы аймақтарда-500-1000мм дейін.
Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура
солтүстік жазық бөлігінде–10 – 160С, ал оңтүстігінде – 4 – 90С. Жазы ыстық
және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 250 С,
оңтүстігінде 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері
110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа
температурасы -5 – 90С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа
температурасы тау бөктерінде 21 – 230С, тау аңғарларында 19 – 220 С. Жауын-
шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс
жерінде жауын-шашын, негізінен, көктем мен жаз айының басында жауады. ал
таулы аймақтарда 6-8 С,шілдеде -+16C және +24-25C. Солтүстік өңірдің
жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10 – 30 см,
тау беткейлерінде 40 – 100 см. Балқаш, Алакөл жағалауларында бриз желі
соғады.
2. Гидрографиясы.
Алматы облысының өзендері Балқаш – Алакөл тұйық алабында жатыр
және жер беті ағын суына тапшы келеді. Олар қар, мұздық суларымен толысады.
Облыстың ірі өзендері: Іле, Қаратал, Ақсу, Шелек, Шарын, Лепсі, Тентек,
Жаманты, Ырғайты, Шілікті, Түрген, Есік, Бүйен. Ірі көлдері: Балқаш,
Алакөл, Жалаңашкөл, Сасықкөл, Ұялы, Қошқаркөл. Іле өзеннінің бойында
Қапшағай бөгені және СЭС-ы салынған. Тау бөктерінде минералды бұлақ сулары
көптеп кездеседі.
3. Топырағы , өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
Алматы облысының топырақ және өсімдік жамылғылары тік
белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де даланың да
қоңыр топырағы кеңінен тараған. Балқаш, Алакқл көлдерінің батпақты
жағалауында, Іле өзенінің аңғары мен атырауында қамыс, құрақ өседі. Тау
етегінде сұр және боз, қызыл қоңыр, тау беткейлері мен таулы үстірттерде
таулы даланың қызыл қоңыр және қара топырақтары қалыптасқан. Мұндай жерлер
(биіктігі 600 – 1300 м.) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды,
бетегелі, боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында
көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы,
кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік талдың альпілік шалғынында өлең шөп,
алтай қоғажайы, тастесер, т.б. өсімдіктер басым. Бұл өңір – облыс
малшыларының жазғы жайлауы.
Таулы аймақтарға далалы өсімдіктер, қарағайлы және жапырақта
ормандар, альпілік табиғат тән.
Жазық жерінде қарақұйрық, бөкен, елік, қасқыр, жабайы шошқа,
түлкі, борсық, жабайы мысық; кеміргіштерде: ондатр, т.б. кездеседі. Таулы
бөлігінде: барыс, сілеусін, қоңыр аю,ақкіс, арқар, тау ешкі, марал,
аққұлақ, бұлғын кездеседі. Ал құстардан: дуадақ, үйрек, қаз, қырғауыл,
кекілік, аққу, тырна, тау құры, бұлбұл, ұлар, альпілік қарға, т.б.
мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан: жылан, тасбақа, кесіртке; зиянды
жәндіктерден: қарақұрт, бүйі, т.б. кездеседі. Өзен-көлдері мен су
айдындарында сазан, шармай, алабұға, аққайраң, т.б. балықтар бар. Фаунасы
көптеген биологиялық түрлерден тұрады: сүтқоректілердің 24 түрі, құстардың
35 түрі және Республиканың қызыл кітабына енгізілген балықтар мен бауырмен
жорғалаушылардың 4 түрі бар 1.
1. Карта құастыру ұстанымдары мен әдістері
Географ тек қана дайын карталарды ғана қолданбайды, сонымен
қатар ол үнемі карталарды жасап шығаруға да үлес қосады.
Географ карталарды 2 әдіс бойынша жасайды:
ـ далалық түсірістер және сол материалдарды өңдеу арқылы;
ـ әр түрлі қайнар көздерді лабораторияларда немесе кабинеттерде өңдеу
арқылы. Бұл қайнар көздерге мыналар жатады: астрономия-геодезиялық,
түсірістік, картографиялық, географиялық, эконом-статистикалық және тағы
басқа арнайы жұмыстар материалдары.
Түсірістер немесе далалық картографиялау жергілікті жерде шынайы
түрде картографиялық құбылысты зерттеуден құралады. Топографиялық
карталарды құру үшін түсіріс әдістері мен олардың өңделуі топография және
аэрофототопографиямен қаралып жасалады. Тақырыптық түсірістер
геоморфологиялық, геологиялық, топырақтық және тағы басқалар картографиялау
есебіне кіреді.
Лабораториялық карта құрастырудың маңыздылығы мынада: әртүрлі
нақты тапсырмаларды шешу үшін және құбылыстың жаңа кеңістіктік моделін
жасау үшін, оған сәйкес материалдарды (қайнар көздерді немесе мәліметтерді)
анализдеу, жаңа мәліметтер алып, оларды біріктіру болып табылады. Барлық
карталарды сапалы түрде құрастыру 2 түрлі қағидамен жүргізіледі.
Біріншіден, картографияланатын құбылыстың ерекшкліктерін және олардың мәнін
терең түсіну, картаның мақсатын құрыс таңдау. Екіншіден, моделді түрлі
әдістер, заңдылықтар және картография ғылымына сай нормалар бойынша
құрастыру.
Картаның түпнұсқасын лабораторияда құру, яғни, олардың алғашқы
нұсқалары, екі негізгі этапты бөліп көрсетеді-картаны жобалау және
картаның түпнұсқаларын құру. Картаны жобалау-картаның түпнұсқасын жасауда
барлық жұмыстармен айналысатын мекемеге қажетті құжаттарды өңдеуден тұрады.
Картаны құру-карта түпнұсқасын графикалық түрде құруды мақсат етеді.
Жобалаудың негізгі нәтижесі карта программасы (бағдарламасы)
болып табылады, карта программасы-карта түрін, оның математикалық негізін,
мазмұнын, генерализация принциптерін, бейнелеу әдістерін және графикалық
символашықдар системасын, мәліметтер және оларды қолдану тәртібін, сонымен
қатар карта құру технологиясын бекітетін құжат. Техникалық және
экономикалық есептермен толықтырылған бағдарлама нәтижесінде карта жобасы
пайда болады.
1. Карталарды құрастыру тәсілдері. Құрастыру бойынша жалпы нұсқаулар.
Карта құрастырудың тәсілдері мен технологиялық әдістері
қолданылатын картографиялық материалдардың сипаты мен картографияланатын
ауданның күрделілігіне байланысты болады. Таңдалған технология уақыттың,
күштің және құралдардың ең аз шығындарынталап етіп, қазіргі басшылықтың
талаптарына сай келуі тиіс. Қабылданған технология міндетті түрде
редакциялы-техникалық нұсқаулар мен карта бетінің формулаларында
көрсетіледі.
Топографиялық карталар жасаудың негізгі тәсілдері:
➢ басты картографиялық материалдардың дайындалған ашық
негіздердегі көкшіл көшірмелер бойынша карта мазмұны элементтерін жеке-
жеке құрастыру.

негіздердегі бір көк көшірме бойынша карта мазмұнының барлық элемменттерін
құрастыру.
➢ картаның баспалық түпнұсқаларын оюлаумен (граверлеумен) бір
уақытта жасау.
➢ сонымен қатар, негізгі картографиялық материалдардың сапасы мен
Орындалған құрастыру бөлім басшысымен (редакторымен) қабылданады. Осы кезде
мыналар тексеріледі:
➢ геодезиялық және картографиялық материалдардың қолдану
толықтығы мен дұрыстығы.
➢ негізгі бекініс пунктілері мен рамка бұрышындағы сүйір ұштардың
түсіру дұрыстығы мен дәлдігі.
➢ дипозитивтер (негативтер) құрастырудың дәлдігі.
2.2 Карта құрастырудың жалпы нұсқаулары
Элементтер мазмұны бойынша картаны құрастыру келесі ретте жаслады:
• математикалық элементтері;
• бекініс пунктілері;
• гидрография мн гидротехникалық құрылыстары;
• қоныс пунктілері,өнеркәсіпті, ауылшаруашылық объектілері;
• жол торабы мен жол құрылыстары;
• жер бедері;
• өсімдік жамылғысы мен топырағы;
• шекаралар мен қоршаулар;
• шектес (көршілес) беттер мәліметімен салыстыру;
• рамка сыртын дайындау, безендіру.
Бейнелеу элементтерін өңдегеннен кейін жазулар жазылады.құрастыру
жүйелігі картографиялау ауданының сипатына байланысты өзгертілуі мүмкін.
Мысалы, аймақта бедерсіз бір түсті бояумен көрсетілетін өсімдіктердің
үлкен аудандары болса, құрастыруды өсімдік суретінің аудандарын бояу мен
нұсқаларын сұрыптаудан бастаған жөн,ал аз қоныстанған таулы аудандар
картасын жасаған кезде, бедерді гидрография объектілерін бейнелегеннен
кейін сызған лайық. Кейбір жағдайларда бейнелеуді өңдегеннен кейін, бірден
жазуларды карта мазмұнының барлық элементтеріне немесе элементтер тобына
жасаған орынды 2.
2 Алматы обылсының гипсометриялық картасын құрастыру әдістері
1.1 Гипсометриялық картаның мақсаты
Бедердің гипсометриялық бейнелеу әдісі әрүрлі масштабтағы және
әртүрлі карталарда көп қолданылады, сонымен қатар топографиялық,
топографиялық шолу және жалпы географиялық карталарда қолданылады. Бірақ
гипсометриялық карта деген термин тек негізгі мазмұны горизонталдармен
және биіктік дәрежесі бойынша қабатталып боялған бедерге арналған
карталарда қолданылады. Бедерден басқа мазмұнның негізгі элементті
гидрографиялық тор болып табылады, ол бедермен тығыз байланысты. Ал
мазмұнның қалған элементтері бедерді оқу үшін ориентирлер болып табылады.

материал ретінде қызмет атқарады.
Гипсометриялық картаны құрудың екінші мақсаты-олар бойынша
картаның масштабына байланысты әртүлі рангтегі жер беті пішіндерін анықтау:
ـ планеталық пішіндер-жер бетінің жүздеген мың, тіпті миллиондаған
шаршы километр ауқымын қамтиды. Бұларға мынадай планеталық пішіндер
жатады:материктер, геосинклиндік белдеулер, мұхит тағаны, ортамұхиттық
жоталар.
ـ материктер-жер бетінің ең ірі дөңес пішіндері. Олардың көп бөлігі
құрлықтан тұрады, сонымен қатар материктердің біршама бөлігі дүние жүзі
мұхиттық түбін қамтиды. Материктердің маңызды ерекшеліктерінің бірі жер
қыртысының материктік типінен құралуы.
ـ мұхит түбі немесе мұхит тағаны-дүние жүзі мұхитының негізгі бөлігі,
олардың тереңдігі үш километрден төмен және жер қыртысының мұхиттық
түрімен сипатталған. Мұхит түбінің аса маңызды элементтері мұхит түбінің
кең ауқымды қазан-шұңқырлары мен оларды бөліп тұратын су асты жоталар.
ـ геосинклиндік белдеулер , көбінесе матеиктер мен мұхиттар
арасындағы шекарада және құрлық шегінде орналасады.
ـ ортамұхиттық жоталар өздерінің ұзындығымен дүние жүзінде ең кең
таралған таулар жүйесі болып саналады.
ـ мегаморфоструктуралар-тау жүйелері мен таулы қыраттар, ойпаттар,
жайпақтаулар; ал теңіз түбі үшін-қайраңдар,континенталды беткейлер,мұхиттық
шұңғымалар,су асты тау жүйелері.
ـ марфострутуралар, оларға мыналар жатады жоталар, тау аралық
аңғарлар және вулкандық кқнустар, үстірттер, үлкен өзен аңғарлары және
басқада тектоникалық құрылымды анықтайтын макроформалар.
ـ мезоморфоструктуралар, олар арқылы біз жер бетінің тілімдену
пішіндерін анықтай аламыз, және оның денудациялық, аккумуляциялық
процестерге байланысты өзгеруін білеміз. Мезопішіндердің аумағы әдетте
бірнеше шаршы километр. Бұларға жотаның тарамдары, жыралар, сайлар, жеке
аңғарлар, ірі аккумуляциялық пішіндер жатады.
ـ микропішіндер-ірі пішіндердің бөлшегі болып саналатын, кішігірім
кедір-бұдыр түрлері, мысалы, карст шұңқырлар, эрозиялық қазбалар, ұсақ құм
төбелер, көлбеулер және т.б.
ـ нанопішіндер-макро-мезо және микропішіндердің үстін шиелендіріп
бөлшектейтін өте ұсақ кедір-бұдырлар. Бұларға шалғындық төбешіктер, ұсақ
жемірілген қазындылар, кеміргіштің індері, құм шағылдардың бетінде дамыған
құм иректері жатады.
Гипсометриялық карталар сонымен қатар табиғаттың тақырыптық
карталарын құрастыруда үлкен қызмет атқарады.
Гипсометриялық карталарда бедерді құру биіктік белдеулері мен
гидрограиялық торға негізделеді. Бедер мен гидрографиялық тор арасындағы
байланыс өте тығыз.
Тау бедерін бейнелеу картография саласындағы ең қиын
процестердің бірі болып табылады, бұл процесті кез келген маман бейнелей
алмайды.
Гипсометриялық карта-горизонталдар мен бояулардың (түрлі-түсті
шкала бойынша) көмегімен құрлық бедері мен теңіз түбінің геометриялық нақты
бейнесін беретін карта. Гипсометриялық карталарда бедер нүктелерінің
абсолюттік биіктіктері көрсетіледі 3.
3.2 Гипсометриялық карта құрастырудағы горизонталдар қызметі
Горизонталдар (изогипсалар)- әртүрлі биіктікті көрсететін
сызықтар. Горизонталдар жаңа заманғы топографиялық, жалпыгеографиялық,
физикалық, гипсометриялық карталарда жер бедерінің бейнеленуін көрсететің
негізгі әдіс. Бұл әдістің ең маңызды қасиеті-оның биіктік өлшемділігі.
Горизонталдар арқылы картаның кез келген жеріндегі нүктелердің абсолюттік
және салыстырмалы биіктіктерін, бедер пішінін, беткей еңістіктерін,
вертикалды және горизонталды тілімденудің морфометриялық көрсеткіштерін
есептеуге болады. Гипсометриялық картаның мақсаты горизонталдардың
көмегімен жер бедері карталары морфометриялық зерттеулерге, статистикалық
есептеулерге, математикалық моделдеуге, сонымен қатар жер бедерінің сандық
моделің жасауда таптырмас құнды ақпараттық қайнар көзге айналды.
Алматы облысының гипсометриялық картасын құрастыру кезіндегі жұмыс барысы.
Мұнда биіктік белгілері бойынша горизонталдар арқылы жер бедерін бейнелеу
процесі көрсетілген
Жер бедерін горизонталдармен кескіндеудегі ең негізгі проблема-
биіктік қимасын таңдау. Топографиялық карталарда картаның масштабы мен
бейнеленетін территорияның сипаттамсына байланысты стандарттық қима
бекітілген.
Кей кездері негізгі қиманың горизонталдарының көмегі арқылы жер
бедерінің кейбір тұстарын көрсете алмаған кезде, жартылай горизонталдарды
қолданады. Олардың алынған жер бедері қимасының жартылай биіктігі арқылы
өткізеді. Мысалы, Каспий маңы ойпатындағы жайпақ жер бетінде жартылай
горизонталдармен әр түрлі биік емес тұз күмбездерін көрсеткен. Кей кездері
жартылай горизонталдардың өзі жеткіліксіз болады, ондай кезде қосымша
горизонталдарды қолданады.
Осылай Алматы облысының картасын сандау арқылы гипсометриялық
картасын құрастыра аламыз.
Үлкен көлемдегі территорияны қамтитын ұсақ масштабты физикалық
және географиялық карталарда әртүрлі аудандар үшін жер бедері қимасы
ауыспалы болуы мүмкін: ойпатты, биік таулы, қыратты. Мысалы, КСРО-ның ең
жақсы 1:2500000 масштабтағы гипсометриялық картасында құрлық үшін жер
бедері қимасының мынадай интервалдары қарастырылған: 0-ден бастап 300 м
дейін 50м арқылы, 300м бастап 600м дейін 100м арқылы, 600м бастап 750м
дейін 150м арқылы, әрі қарай 4500 м дейін 250м сайын, 6000м бастап 500м
арқылы және одан да биіктіктегілер үшін 1000м арқылы 4.
Қима шкаласын таңдау кезінде мыналарды ескереді, 200м-гі
горизонталдар ойпат пен қырат шекаралары үшін, 1000м (кей кездері 750м)
горизонталдар орташа биіктіктегі таулар шекаралары үшін, 2000м
горизонталдар биік таулар мен тауалды таулар шекаралары үшін.
Биіктік белгілері бойынша горизоталдарды бейнелеу
Изолиниялардың таблица аттрибуттарында әрбір изолиния өзіне тән
биіктік мағынасына ие. Ол мынадай болады:
Барлық карталар үшін изолинияларды құру:
1.Стрелканы төмен бағыттап Spatial Analys-ды басамыз, оның жер беті
анализін таңдап, изолинияны басамыз.
2.Входная поверхностті таңдап, ішінен өзімізге лайықты контур құпуға
арналған поверхності таңдаймыз.
3.Интервалды тереміз, өйткені ол изолинияла арасындағы арақашықтықты
көрсетуге арналған.
4.Базовая линия тереміз, одан құруды бастауға болады.
5.Z-коэффициенттерінің мағынасын тереміз.
6.Атын береміз.
7.ОК-ді басамыз.
Теңіз түбі бедерін бейнелеу үшін изобаттар қолданылады. Изобат-
бұл тереңдік сызықтары. Ұсақ масштабтағы гипсометриялық карталарда олар
ауыспалы қима қасиетіне ие болып келеді. Мысалы, қайраңда (тереңдігі 200м)-
50м, континенталды беткейде (тереңдігі 2500м)-100м және 250м, ал су
түбәндегі жазықтар менсарқырамаларда- 500м, одан кейін 1000м 5.
3.3 Гипсометриялық шкалалар
Горизонталдармен кескінделген жер бедерін мағыналы, түсінікті
оқу үшін түстік шкалалар қолданылады, оларды гипсометриялық боялғаншкалалар
деп атайды. Олар бір түсті немесе түрлі-түсті болуы мүмкін.
Мұндай түрлі-түсті шкалаларды құрастыру үшінмынадай әдістер бар:
- қоюланған шкалалар, олр мынадай тәсілдермен құрастырылады биіктей берсе,
дәл солай қоюлана береді. Мысалы, ойпат үшін ашық жасылдан бастапқ қою
жасылға дейін бояла береді, ал таулы аудандар үшін сары-қоңырдан бастап қою
қоңырға дейін. Түстердің осылай өзгеруі арқылы биіктік белдеулерінің
өзгергенін байқауға болады.
- жарықтандыратын шкалалар, олар мынадай әдіс бойынша құрастырылады
биіктей берсе, дәл солай ашық түске ие болады. Бұл шкала арқылы көбіне
биік таулар мен шыңдарды кескіндейді.
- қаныққан және түстің жылылығын көбейтетін шкалалар. Бұл жерже мына
түстерді қолданады: сұр-жасыл, сары, қызыл. Бұл жағдайда таулар ашық
көрінеді.
3.3.1 Гипсометриялық бейнелеу әдісі
Географиялық карталарда жер беті бедерін гипсометриялық әдіс
арқылы бейнелеу, алынған қима шкаласының белгілі бір интервалы арқылы
өтетін горизонталдарға сүйене отырып жасалады. Жер бедерін бейнелеу үшін
горизонталдарды қолдануды ең алғаш француз ғалымы Дюкарла ұсынған болатын.
Францияның горизонталдармен бейнеленген ең алғашқы картасын 1791жылы Дюпен
Триелем жасап шығарды. 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап әртүрлі
масштабтағы тақырыптық, гипсометриялық, жалпы географиялық және тағы да
басқа карталарда жер бедерін гипсометриялық әдіс арқылы бейнелеу бейнелеу
ең негізгі әдіске айналды. Гипсометриялық әдістің басқа әдістерден
айырмашылығы геометриялық нақтылық пен жер бедері бейнесін өлшеу
мүмкіндіктерінің барлығында.
Жер бедерін бейнелеудің сапасы көбіне мына жағдайларға
байланысты болады, берілген мәліметтердің толықтығы мен нақтылығына, жер
бедері қимасының дұрыс таңдалуына және горизонталдардың сызылуына
байланысты. Гипсометриялық әдістің дамуындағы негізгі кезең болып 1941жылы
Т.Н.Гунбиннің авторлығымен КСРО-ның Еуропалық бөлігінің гипсометриялық
картасының жарыққа шығуы болды.
Сонымен қатар гипсометриялық әдіс теңіз түбі бедер картасын құрастыруда да
қолданылады 6.
Гипсометриялық (гр.hypsos-биіктік, metreo-өлшеу) сипаттама,
яғни жер беті биіктігін өлшеп зерттеу жер бедерінің ең маңызды
морфометриялық сипаттамасының бірі. Құрлық беті мұхит деңгейінен көтерілу
мөлшеріне байланысты ойпатты (низменный) 0 м-ден 200 м-ге, қыратты
(возвышенный) 200 м-ден жоғары бедерге бөлінеді.
Ойпатты бедер-көбінесе жазық бағытта жайласқан жас борпылдақ тау
жыныс қабаттарынан тұратын тегіс, жазық алқабы. Жер шарындағы аса ірілері
-Амазонка, Батыс Сібір, Үнді-Ганг, Каспий маңы және т.б.ойпаттар.
Ойпаттардың беткі жазықтығы теңіз деңгейінен төмен орналасқан түрлері де
бар (мысалы, Каспий маңы ойпаты).
Қыратты бедер нақты биіктігіне, геологиялық құрылымына және
тілімдену сипатына байланысты қыраттарға, қыратты жазықтарға, үстірттерге,
жайпақ тауларға, таулы қыраттар мен тауларға ажыратылады.
Қыраттар мен қыратты жақықтарға биіктігі 200 м-ден 500м-ге дейінгі жер
бетінің кейбір үлкен бөліктері жатады. Олардың үсті тегіс, еңкіш, ойыңқы
және дөңестіиілген болып келеді. Морфология жағынан осы екі аймақтардың
ішкі өңірі жазыұты, ойлы-қырлы, жонды-төбелі немесе белесті, қырқалы және
сатылы болады. Геологиялық құрылысына қарай аккумуляциялық және
денудациялық жазықтар деп бөлінеді.
Аккумуляциялық жазықтар жер қыртысының иілі төмен түскен
тұстарында борпылдақ шөгінділердің ұзақ уақыт жиналуының нәтижесінде
құралған. Басқаша айтқанда, егер қарастырған бедер пішінінің топографиялық
беті оны құратын тау жыныстарының геологиялық сипатына сәйкес келсе, бұны
аккумуляциялық бедер пішіні дейді.
Жаратылыс тегіне (генезисіне) қарай аккумуляциялық жазықтар теңіздік,
аллювийлік, пролювийлік, эолдық, көлдік, флювиогляциялдық жазықтарға
бөлінеді.
Денудациялық жазықтар тау жыныстарының сыртқы күштердің
әсерінен ұзақ уақыт үгіліп немесе су эрозиясына ұшырап тегістелуінен пайда
болады. Мұндай жазықтарда кішігірім таулардың жұрнақтары жиі кездеседі.
Мысалы, Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылы Сарыарқа даласы. Осы тұрғыдан
В.Дэвистің Сарыарқаны кәдімгі пенепленмен теңстіргені де тегін емес.
Үстірт (плато) француздың plateau деген сөзінен шыққан жзық бағытта жатқан
тау жыныстар қабаттарынан құралған, тегіс бетті көтеріңкі жазықтар. Бұлар
төмендеу жатқан ойпатты жазықтардан кертпештер арқылы шектеледі.
Геологиялық құрылысына қарай құрылымдық және жанартаулық
үстірттерді ажыратуға болады. Жанартаулық үстірт деп магмалық тау
жыныстардың берік қабаттарымен тысталып қашалған түрін айтады. Жанартаулық
үстірт аса зор көлемді магмалық массаларлың жер бетіне шығып, төгілуі
нәтижесінде пайда болған 6.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz