Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі


«Қоңыр күз» тақырыбындағы дипломдық жұмыста оқушыларға көркем-эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері жанрларының бірі табиғат көрінісі жанрының алатын орны көрсетілген. Пейзаж жанрында практикалық жұмыс жасау жолдары мен оны орындау әдістемелері қарастырылған. Сондай-ақ табиғат жанрында сабақ оқыту барысында көркем эстетикалық тәрбиеге баулудың көркем образдық оқыту бағытына негізделген теориялық және практикалық әдістер қарастырылған. Жұмыс түсініктеме хаттан “50” беттен және практикалық жұмыс 120х80 К. М. Б. тұрады. Түсініктеме хат кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
В дипломной работе под названием «Поздняя осень » рассматривается роль пейзажного жанра в художественно-эстетическом воспитании учащихся. Показаны приемы практической работы и методы обучения пейзажного жанра. Разработаны теоретические и практические методы, основанные на художественно-образное обучение в процессе художественно-эстетического воспитания на уроках пейзажного жанра. Работа состоит из пояснительной записки “50”стр. и практической работы Х. М. 120х80. Пояснительная записка состоит из введения, трех глав заключения, списка литературы.
The diploma is named «Late autumn» paper is devoted to role of picture genre into the artistic aesthete, education of Garners.
The diploma work is dedicated practical works and methods of learner the artistic genre.
Theoretical and practical methods investigates o the artistic-image of teaching into the.
The diploma work consists of practical work X. M. 120x80, and the explaining notice. The explaining notice consists of units, the table of literature, and the review.
Мазмұны.
Кіріспе 3-5
I. Пейзаж жанры туралы жалпылама түсінк.
1. 1. Пейзаж жанры бойынша көркем әдебиеттік шолу 6-7
1. 2. Живопись өнеріндегі пейзаж жанрының қалыптасуы . . . 8-11
1. 3. Пейзаж жанры және оның Қазақстан бейнелеу өнерінде ала-
тын орны, шетел суретшілерінің осы жанр бойынша жасаған
туындылары12-38
II. Бейнелеу өнерін мектепте оқыту мазмұны
2. 1. Бейнелеу өнерінің көркем мәнерлік тілі және тәлім - тәрбие-
лік мәні39-41
2. 2. Мектептегі бейнелеу өнері пәнін оқыту жүйесіндегі пейзаж
жанрының көркемдік және тәрбиелік мәні42-43
III. Шығармашылық дипломдық жұмыстың орындалу барысы
3. 1. Композициялық нобайлар дайындау, бейнелейтін объектілерді
Айқындау44-49
3. 2. Живопись техникасы және технологиясы 50-54
IV. Еңбекті қорғау ( қауіпсіздік мәселелрі ) 55-56
Қорытынды 57-59
Қолданылған әдебиеттер тізімі 60-61
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Білім заңына сәйкес Республикамызда бейнелеу өнерін оқыту жаңа мазмұнға ие болып, жаңа бағдарламалар жасалып, тұжырымдалып жатыр. Бейнелеу өнерін мектепте тереңдете оқитын 1 сыныптан 4 сыныпқа дейін, 4 сыныптан 7 сыныпқа дейін қайта қаралып, едәуір өзгерістер мен, қосымшалар енгізіліп жатыр. Бейнелеу өнері пәні өзіндік атқаратын тәлім-тәрбиелік қызметімен, мектептегі оқу-тәрбие жүйесінде маңызды орын алады. Бұл пәнді оқыту, бейнелеу өнерінің сан-алуан түрлері мен жанрларының, олардың туындылары жасалатын көркем-бейнелеу, мәнерлік құралдарын, бейнелеу заңдылықтарын игертудің түрлі әдістерін меңгерту арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы табиғат жанры мектеп оқушыларын жан-жақты тәрбиелеуде, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда ерекше падогогикалық мәнге ие. Табиғат жанрында практикалық жұмыс орындау оқушылар қызығушылығын, ынтасының арттырып, олардың рухани эстетикалық, танымдық қабілеттерін дамытады. Дипломдық жұмыста біз педагогикалық, психологиялық, өнер танымдық, әдістемелік ғылыми әдебиеттерге талдау жасап бейнелеу өнері сабақтарында табиғат жанрын оқытып үйрету және ол арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту әдістемелерін қарастырдық.
Дипломдық жұмыс бірнеше кезеңдерде орындалды. Алғашқы кезең ізденіс, ұйымдастыру, материалдар жинақтау мәселелерін қамтиды. Екінші кезеңде біз теориялық ғылыми - практикалық зерттеумен, теориялық таңдаумен айналыстық. Үшінші кезеңде композициялық ізденіс іс-әрекеті орындалды.
Содан соң түпнұсқалық жұмыс орындауға кірістік. Ал келесі кезеңде теориялық ғылыми ізденіс жұмысымен айналысып бейнелеу өнерінің табиғат жанрын, оның теориялық негіздерін, оны оқыту әдістемелерін қарастырып ғылыми талдау жасадық.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», - деуі, оның жүзеге асырылуы оқытушылардың сапалы даярлығында және олардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауында екендігін баса көрсетіп отыр. Жоғары білім беру жүйесінің негізгі мақсаты жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру. Әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кең мүмкіндік беру керектігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 ж. ж. арналған Мемлекеттік бағдарламасында, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды қазіргі талаптарға сай даярлығын білім стандарттарына ылайық жетілдіру өзекті мәселе болып табылады.
Болашақ мұғалімді эстетикалық және көркемдік тұрғыда дайындаудың сапалық жақтары Л. И. Рувинский, В. А. Кан Калик, С. Әбенбаев, М. Балтабаев, С. А. Ұзақбаева және т. б. педагогтардың ғылыми енбектерінде қарастырылады.
Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі шығармашылығы арқылы беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамдары, өнердің танымдық мәні мен тәлімдік маңызы педагогика тарихынан есімдері танымал ағартушы ғалымдар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев еңбектерінде сөз етілген.
Бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары сан-алуан. Сонымен бірге, бұл өнердің түрлері, өзіндік көркем мәнерлілік құралдарыменде ерекшеленеді.
Мектепте бейнелеу өнерінен сабақ беретін болашақ мұғалімдерді дайындайтын арнайы оқу орындарында, білімгерлер, бейнелеу өнерінің қыры мен сырын сыршырай, сурет, мүсін, сәндік қолданбалы өнер саласындағы көркемдік білім алады. Бұл өнер түрлері оқу орнында жеке-жеке пән ретінде алғашқы курстан бастап оқуды аяқтағанға дейін өтіледі. Сөйтіп, әр білімгер, бейнелеу өнерінің «әліппесінен» бастап шығармашылық деңгейге дейінгі оқу тәрбие сатысынан өтеді.
Бейнелеу өнерінің сыршырай түрі-ең кең тараған және адамның рухани дамуына ықпал ететін басты өнер, қоршаған өнердің бай болмысының мәнін айшықтап көрсете білуге мүмкіндік береді. Сыршырай өнері өзінің сан-алуан жанрлары мен көркем мәнерлілік тілі арқылы береді.
Сышырайдың сол жанрларының ішінде, қоршаған табиғат сұлулығын, болмысын, көңіл-күйін бейнелеуге бағытталған жанр түрі-пейзаж.
Пейзаж жанрының жасалу әдіс-тәсілдерін біз жыл сайын өтетін «пленэр» практикасында игереміз. Сол практика кезінде жасалған нобайларымызды, этюдтерімізді пайдалана отырып, шығармашылық пейзаж жасаймыз.
Міне, осы мәселелерге орай біз өзіміздің шығармашылық мәндегі дипломдық жұмысымызды «Қоңыр күз» деп белгіледік.
Жұмыстың көкейкестілігі - бейнелеу өнерінің қоғамдағы тәлім тәрбиелік мәнін, бейнелеу өнерінің, пейзаж жанрының ұрпаққа беретін тәлім-тәрбиесін, қоршаған ортаны танып-білуін ескере отырып таңдап алдым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - қоршаған табиғат сұлулығын зерттей, талдай отырып, пейзаждық туынды жазу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысанасы - бейнелеу өнерінің пейзаж жанрының жасалу барысы.
Дипломдық жұмыстың пәні - пейзаж жанрындағы «Қоңыр күз» атты шығармашылық жұмыс.
Зерттеу әдістері - тақырыпқа сәйкес эстетикалық, өнертанымдық, педагогикалық әдебиеттерді талдау:
-педагогикалық практика нәтижесін талдау;
-оқушылар жұмыстарын талдау.
Міндеттері:
1. Пейзаж жанрының қыры мен сырын, жасалу жолдарын, тәлім-тәрбиелік мәнін айқындайтын әдебиеттерді оқу.
2. Тақырып бойынша бейнелеу материалдарын дайындау.
3. Шығармашылық жұмыстың композициялық шешімін анықтау.
4. Бояулық шешімін анықтау.
5. Өлшемін белгілеу.
6. Жұмысты жазу және аяқтау.
Практикалық мәнділігі :
Бейнелеу өнерінің жалпы ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесін ескере отырып, мектептегі бейнелеу өнері пәнінің оқушыларға беретін көркемдік білім мен эстетикалық тәрбиесінің мәнін аша түсу.
Көркемдік білім мен эстетикалық тәрбиесінің мектептегі оқу үрдістеріндегі жағдайы жайындағы түрлі педагогтардың ой пікірлері немесе «біржақты даму» бағдарламаларын талдау арқылы оның маңызын ашу.
I. Пейзаж жанры туралы жалпылама түсінік.
1. 1. Пейзаж жанры бойынша көркем әдебиеттік шолу
Әлемнің сұлу көрінісін суреттеп жеткізу үшін әрине біз әдеби көркем лирикалық сөздерді пайдаланамыз. Сұлулықты сипаттау тек көркем сөздің арқасында орындалады, біз оны сол арқылы естиміз, барып өз көзімізбен көрмесек те көз алдымызға елестетеміз, сол жердің әсемдігіне қызыға тамсанамыз,
Бұл тарауды « Пейзаж» яғни табиғат бейнесіне, көрінісіне, сұлулығына және де дипломдық шығармашылық жұмысқа көркем әдеби суреттеме жасау бөлімі деп алайық. Бұлай дейтінім пейзаж туралы біз толығымен кейінгі бөлімдерде таныса жатамыз. Сурет өнерінде суретшілер табиғат ананың сұлулығын ақындарымыз, композиторларымыз секілді өз жүректерінің түбінде жатқан сезімдері арқылы бейнелейді. Қазақ даласының кең даласын, әсем табиғатын кім жырға, өлеңге, әнге қоспады дейсің. Өзімізге белгілі сазгерлеріміз атақты қазақ вальсінің корольі Шәмші. Қалдаяқов өзінің туған жеріне байланысты, «Арыстың жағасы», «Отырардағы той» «Сырдың бойы» деген тағы да көптеген әндерімен туған жерінің табиғат сұлулығын дәріптейтін сазды туындыларын шығарды.
Ақиық ақынымыз Мұқағали. Махатаев ағамыз да өзінің туып өскен жері Қара сазына арнап «Сарыжаз», «Қоңыр күз» атты өлең жолдарымен күңірене жырлап өткен
Т. б осылар сияқты көптеген мысалы: Қадыр Мырзалиев, Шөмішбай Сариев, Ескендір Хасанғалиев, Кеңес Дүйсекеев, Әсет Бейсеуов сияқты ақын, композитор ағаларымыз да туған жер атамекендерін жырлаумен болды.
Осы ағаларымыз секілді сурет өнерінің де майталмандары, атақты суретшілері де өз өнерлерімен туған жері табиғат аналарының сұлу керемет тілігін паш ете бейнелеп келді. Ол қазақ сурет өнерінің алғашқы тұңғыш кәсіби суретішсі Ә. Қастеев ағамыз туған жері туралы «Қарлы Алатау», «Жайлаудағы радио», «Қапшағай электро станциясы» секілді көптеген шығармашылық туындыларын арнады.
Қандай да бір жазушының еңбегін алайық, ол кітаптың оқиғасын баяндардың алдында да осы табиғат көрінісіне тамсана суреттемелер жасап өтеді. Кімді алайық, нені алайық, қайда қарайық, қайда барайық біз осы табиғаттан қашып ешқайда кетпейміз. Өйткені ол бізбен бірге, қасымызда, ол бізді қоршап жатыр, тек біз осы табиғаттың әдемі екенін көре білуіміз керек, қорғауымыз керек.
Табиғатты қорғаудың ең тиімді құралы ол әр адамның табиғат ананың алдындағы борышын білуі деп білемін. Табиғатты қорғағаның - Отаныңды қорғағаның! Бұл сөз менің бойымдағы патриоттық сезімнен шықты, және де дипломдық жұмысымның тақырыбы, мақсаты, өзектілігі, негізгі ойы да табиғаттың осы әдемі сұлулығын құртпау, бүлдірмеу, ластамау негізінде болып табылады. Мына өсіп келе жатқан жастар, біз, болашақтың адамдары, жер ананы қорғап, оның үстіндегі киімі- табиғатты бүлдірмей, көз жасы- көл өзендері мен теңіздерін сақтап қалуға тиіспіз!
Табиғат - адамзат баласының болашағы, ертеңі, ұрпағы тіршілік ететін мекені. Табиғаттағы байлықты бір- бірімізден қызғанбай, таласпай бірдей бөліссек, жеріміз бай бәрімізге де жетеді. Қазақ ата- бабаларымыз айтып кеткендей « алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді » демекші, бір-бірімізге қайырымды болып, ұйымдаса іс жасасақ біз өз жеріміздің табиғатын жаудан да, апаттан да, аман алып қала аламыз!
Қандай да бір ел, мемлекет болмасын, әр-қайсысы өз жерінің табиғатының ерекшелігімен, еліне, жеріне тән сұлулығымен көзге түседі. Барлық елдің адамдары сол өзінің жері мен табиғатының сұлулығын мадақтап, жырға қосып, ән қылып айтып, суретпен бейнелейді. Сол елдің жері шөл, суы аз, орманы жоқ, жер асты байлықтары жоқ болса да ол адамдарға туған жерінің топырағынан, табиғатынан артық ешнәрсе жоқ.
I. 2 . Живопись өнеріндегі пейзаж жанрының қалыптасуы.
Живопись-бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі француздың Qenre-түр немесе тек сөзінен шыққан. Живопись мынадай жанрлар бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету керек соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал картиналар жанрлық картиналар деп аталады.
Пейзаж (“PAYSADE” деген француз сөзінен шыққан) -бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде (VII-X ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық сыршырайда ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ол содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың соңында тұспа-тұс келеді. (И. Левитан, К. Коровин, Н. Рерих және басқа да көптеген суретшілер)
Пейзаж қайсыбір жерлердің жәй айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшілердің сезімдерін мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұлт торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнеледі.
XVII ғасырлардағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлықпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз-сауда мен жұмыс орны, тіршілік қарекетін іздестіретін кеңістік.
Біздің атақты маринисіміз Айвазовскийде таңіз-әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жаратылыстарға лап қойды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де-осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.
Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске не бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастары, көңіл күйін береді.
Оның үстіне, мәңгілік табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады.
Кез-келген пейзаждың басты элементтері жер, аспан, су, ағаштар болып табылады. Пейзажды жақсы сала білу үшін де ең алдымен осы элементтерді, әсіресе ағаштарды сала білуге үйрену керек . Әйтпесе пейзаждың суреті өңсіз декорациялық дақтардың жиынтығына айналады -барлық ағаштар бірдей болып шығады, жермен судың көлбеулігі сезілмейтін болады, таулар мен бұлт өзіне тән формаларын жоғалтады.
Пейзажда көз ұшына кетіп жатқан кеңістік сезілуге тиіс, ал әрбір зат, әрбір ағаш өзіне тән белгілермен көрінуге тиіс. Бейне бір ағаштың жеке-дара портретін-діңгегін, бұтақтарын, ағаштардың ұшар басының, жапырақтардың және жапырақ топтарының сипатын беру керек. Ағаштың суреті келесі күні сурет пен түпнұсқаның арасындағы дәлме-дәл сәйкестікті еш қиындықсыз табуға болатындай етіп салынуға тиіс.
Ағаш-бұтақтар мен жапырақтардың кездейсоқ үйінділері емес, осы элементтердің өте сымбатты жүйесі. Егер суретші мұны сезінбесе, онда суретті аяқтай отырып, ол бейнеленген ағаштың белгілі бір бөлігі үшін модель қызметін атқарған бұтақтардың және жапырақ топтарының қайда тұрғанынын білмейтін болады. Жақсы суретте басты бұтақтар мен жапырақ топтарының мөлшері мен өзара орналасуы дәл берілуге тиіс. Мұның үстіне, суретші силуэтті ғана емес, сонымен бірге ағаштың көлемін де беруге ұмтылады. Әрине, ағаштың суретін дәл салу туралы айтқанда, біз әрбір жапырақшаны бейнелеуді көздеп отырған жоқпыз. Бірақ жапырақтарды бейнелеудің біздің алдымызда қандай ағаш тұрғанын бірден түсінуге мүмкіндік беретіндей графикалық шешімін табу керек.
Жердің суретін салған кезде оны көрермен горизонталь және көрерменнен қиырға кетіп бара жатқан жазықтық ретінде қабылдауын қадағалау керек. Бұған жазықтықтың картина төріне қарай кетуін баса көрсететін горизонталь бөліктер жәрдемдеседі. Пейзажды игеруге «микропейзаждардың» яғни кіші табиғи формалардың - тастардың, жер қыртыстары бөліктерінің, бұтақтардың, шөптердің суретін салу көмектеседі. Бірінші пландағы мұндай детальдар пейзажға жан бітіреді.
Шалғайдағы тауларда өзіне тән сыртқы тұрпаты бар жай дақ емес. Суретші олардың құрылысын, формаларын, жарықпен білінетін пластикасын ажырата алуға тиіс.
Пейзажда судың үлкен маңызы бар. Желдің күшімен су бетіне бір дөңес және майысқан айналардың шоғырына айналғандай болады. Сондықтан тұтас шағылысқан бейнелер бұзылып, үзіледі де бар болғаны толқындардың өркештерінде және олардың арасындағы жылғаларда ғана сақталып қалады. Толқындардың бізге қараған құлама жалдары негізгі шағылыстарды үзік-үзік бере отырып, аспанның шағылысқан бейнесін көрсетеді. Толқындар жоғарыдан дерлік қабылданатын, бақылаушыға таяу жерде бұл үзіктер мейлінше аз болады; алысырақта олар басым болады, ал негізінде шағылысу мүлдем дерлік жоғалады.
Толқынның формасы қатаң заңдылықтарға бағынады, сондықтан оны, ағаштың формасы сықылды, зерттеу керек. Әсіресе жағаға ұмтылған толқындардың құрылымын мұқият ұғып алу керек, мұнда олар алдыңғы толқынның кейін тепкен суымен кездесе отырып, үшкір көбікті жотасы бар шыр көбелек дөңгеленген иірімге айналып, оның бір бөлігі желмен толқынның артқы бетінде жоғалады да оны өрнекті көбікпен әшекейлейді.
Бұлттардың формасы мен табиғатын да ұғыну керек. Бұлттар вертикаль жазықтықта жабысып тұрмайды, олар жердің дөңгелек бетіне параллель кеңістікте бейне бір ілініп тұрғандай болады. Сондықтан ең үлкен бұлттар - жоғарғы бұлттар(яғни бізге ең жақын бұлттар), ал ең кіші бұлттар-төменгі бұлттар (яғни кеңістікте бізден мейлінше алыс тұрған бұлттар)
Пейзаждың суретін салған кезде ең алдымен бейнеленетін көріністің шегін анықтап алукерек. Сурет салуды жаңа бастаған суретші алғашқы кезде көрсеткіш тетікті-ортасынан тік бұрышты тесік кесіп алынған картонды немесе қағазды пайдалана алады. Көрсеткіш тетіктің екі квадраттан бір квадратқа дейін тесік пропорциясын өзгертуге мүмкіндік беретін жылжымалы жапқышы бар.
Әдетте көкжиек төмен деңгейде болғанда суреттің төменгі шегін мүмкіндігінше жоғарырақ жылжытуға ұмтылады. Көкжиек жоғары болған кезде (суретші, мысалы, таудан қарап тұрғанда), төменгі шекті мүмкіндігінше төменірек алуға деген тілек пайда болады.
Пейзаждың суретін салу таңданарлық сияқты болғанымен айта кетелік, өзіне қарап тұрып пейзаждың суретін салу жаңа бастаған суретші үшін - натюрморттың, тіпті адамның суретін салуға қарағанда неғұрлым қиын міндет. Бірінші ерекшелік-күн мезгілімен ауа райына байланысты біз тіпті басқаша қабылдаймыз. Сондықтан суреттемелерде күн мезгілін және суретші назарының бағытын жазып қоюға әдеттенген жақсы болады. Мұндай жазбалар жарықтаң өзіне тән ерекшеліктерін тез игеруге жәрдемдеседі.
Живопись-бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады. Жанр сөзі француздың Qenre-түр немесе тек сөзінен шыққан. Живопись мынадай жанрлар бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету керек соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал картиналар жанрлық картиналар деп аталады
Бейнелеу дегеңіміз - заттардың, табиғат құбылыстарының, адамның және жан-жануарлардың, өсімдіктердің көрінісін қағаз, картон, кенеп бетіне салу [3] .
Ал нағыз суретші болу үшін бейнелейттін заттың, құбылыстың көркемдік жағын ойлау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz