Табиғат көрінісін кенепте майлы бояулармен бейнелеу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
„Хан Тәнірі“. Пейзаж. Кенеп, м. б.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010700- „Бейнелеу өнері және сызу“
Тараз 2012
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
І тарау. Бейнелеу өнеріндегі табиғат көрінісін
бейнелеуін жанрының орны 7
1. 1 Бейнелеу өнерінде кескіндемедегі
майлы бояу техникасының алатын орны 9
1. 2 Белгілі суретшілердің шығармашылыға қысқаша шолу 19
ІІ тарау. Шығармашылық жұмыс барысы 35
2. 1 Тақырып таңдау және шығармашылық жұмыстың
композиция жасалу барысы 38
2. 2 Нобайлары мен эскизді жасалу барысы.
Табиғат көрінісін сұңғатпен бейнелу 46
Қорытынды 56
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 59
КІРІСПЕ
Өнер - эстетикалық тәрбие берудің басты құралы. Себебі өнер адамның рухани дамуы мен дүниетанымының қалыптасуына әсер етеді.
Бейнелеу өнерінің танымдық, идеялық, тәрбиелік, эстетикалық қызметтері оқу-тәрбие процессінде көрінеді.
Диплом жұмысының көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы - осының кепілі бейнелеу еңбегін, өнерін дамыуды қолға алуды отырмыз. Оқу әдістемелік жүйенің базасын түбегейлі жаңартудың бағыттарын, жаңа мазмұнының теориялық негізін анықтап тұжырымдаған құжаттар бар. Олар Қазақстан Республиқасы Білім министірлігі кұлтап бекіткен Қазақстан Республиқасы мектептерінің және осы мектептердегі білім мазмұнының жаңаруын арнайы білім белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиеу мақсаты қойылды. Оқу мақсаты приоритетінің өзгеруі білім мен тәрбие мазмұны елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты деген бағыттарын айқындауға және осы мен бір мезгілде нақты міндеттерін белгілеуге мүмкіндік береді [1] .
Біріншіден: оқу жоспарына сай зерттелетін пәндердің барлығы да білімдік және тәрбиелік ролі жағынан бірдей маңызға ие болуы керек.
Екіншіден: оқушыларды тек пәндік білім дағдыларының белгілі бір жиынтығын меңгерумен шектелмей, бұған қоса оқу және сөйлеу әрекетін, өзін-өзі ұстау, мінез құлық мәдениетін, этикалык, эстетикалық, адамгершілік нормаларын, яғни оқушының деңгейін көтеру керек.
Үшіншіден: білім мазмұнын жалпы адамзаттық құндылыққа бағдарлануы білім беруді ізгіліктендірудің міндеттерін ойдағыдай жүйеге асыруды қамтамассыз етеді.
Сурет салуға немесе жалпы өнерге құлшыныс танытқан талапкердің бойында әсемдік пен әдемілікке, табиғат сұлулығына деген ерекше ықылас-ынта, сүйіспеншілік болуы қажет. Сондықтан өнерпаз-суретші айналасындағы қоршаған дүниені, мейлі ол шалқыған теңіз, ак басты көгілдір тау, көз жетпес өркеш-өркеш құмды алқап, тіпті жай адамға қу тақыр медиендей көрінетін бетпақ даланы да, бәрін-бәрін шынайылықпен кіршіксіз сүйе білуі керек. Басқалар байқай бермейтін ерекшелікті сезімтал сыршыл жүрекпен сезе білу, көкірек кеңілмен бейнелей білу суретшінің біртума касиеті, дарабоздығы. Тек осындай қасиеттер дарығанда ғана суретшілік қабілет пайда болады.
Біздің табиғатта көрген нәрселеріміздің суретін сала білуіміз немесе мүсінін жасай білуіміз (тастан тағы басқадан) бейнелеу өнері деп аталады [2] .
Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі ролі аса зор.
Көркем шығармалар бізді айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймайды, өзімізді өзіміз жете түсінуге де себін тигізеді, біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімдерімізге де игі әсерін тигізеді. Көркем шығармалардың қоғамдық маңызының үлкен екендігі осында.
Көркем шығармалар бізді ертедегі болғаң оқиғалар-мен, әлдеңашанғы замандарда немесе бертінде өмір сүрген ел-жұрттың тұрмысымен таныстырады. Көркем шығармалар өткендегіні көз алдымызға алып келгендей болады.
Бейнелеу өнері бізге өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Суретшінің салған нәрселерінің, оқиғаларының куәсындай боламыз.
Көркемөнер біздің өз тәжірибемізді өмірден алынған айңын да терең мағыналы суреттерімен байыта түсуімен қабат, бізді дұрыс өмір сүруге, болып жатқан оқигаларды дұрысырақ түсіне білуге үйретеді, өзімізді жақсырақ, ақылдырақ, демек, бақыттырақ етеді.
Суретші өзінің шығармаларында өмірді еш уақыт-та парыңсыз көрсете салмайды. Ол өзінің шығарма-сында сол нәрсеге ңандай көзбен қарайтындығын су-реттейді, өзінің өмірде нені өте сұлу, нені көріксіз, жексұрын деп ұғатынын жұртқа көрсетеді.
Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы, әрине, зор. Сұлулықты сан қилы пікірлер мен алуан түрлі талғамдардың жиынтығы деп, әр адам өзінше түсінетін нәрсе деп қарауға болмайды.
Халықты сүюшілік, оның бостандығы мен гүлденуі үшін күрес - міне, тамаша сұлулық осындай. Өзінің барлық еңбегін адамзат игілігіне сарып етуші адам - тамаша сұлу адам. Ерлік, адалдың, айнымас достық сияқты сипаттар - тамаша сұлу қасиеттер. Осы қасиеттерге қарсы сипаттардың барлығы жире-нішті нәрселер десек, жаңылғандық болмас еді.
Суретшінің өмір шындығын түсінуі, оның өмірді шығармасында көрсетуімен тығыз байланысты. Қалай-да суретшінің көзқарасы оның шығармасынан көрініп тұруы тиіс.
Көркемөнер қоғамдық пікір тартысында қашан болса да зор күш болып келді, солай болады да, өйткені көркемөнер адам санасына күшті әсер етеді, сол сананы прогрестік рухта қалыптастырады, әділеттікті табуға көмектеседі, өмір қойған сұрақтарға дұрыс жауап табуға себепші болады, халықтардың реакцияга, езушілікке қарсы күресінде жәрдемдеседі.
Эстетикалық білім жеке түлғаның үндестікті дамуы үшін дәстүрлі халық өнері мен бейнелеу өнерді ажырамас бірлікте қарайды. Бұл көп жағдайда ұлттық мәдениеттің жандануы мен әрі қарай халық өнерінің дәстүрлерін жаңғырту болып табылады. [3] .
Мақсаты: Бірінші кезекте бұрынғыша бүгінгі ұрпақа пәндік білім, біліктігін берумен қатар, ұлтымыздың құнды бейнелеу өнерін әрі қарай дамытуға ықпал ету керек. «Пейзаж» деген бейнелеу өнері жанрының ерекшелігін теориялық ретінде зерттеп және алған білімін тұған өлкенің табиғатын шығармашылық жұмыста тәжірибеде көрсету.
Міндеттер: табиғат көрінісін бейнелеу үшін:
- Табиғаттың жеке бөлшектерін бейнелеп үйрену, жұмыстың үйлесімді орналасуына айрықша көңіл бөлу.
- Табиғат көрінісінен сюжеттік композиция құру.
- Табиғат көрінісін кенепте майлы бояулармен бейнелеу
Бейнелеу өнерінің жанралырының ішінде «пейзаж» жанрды таңдаған себебім, ондағы бояуы қанық, ұлттық колоритті жазғым келді. Бейнелемес бұрын кітапханада сол заманның тұрмыс-тіршілігіне үңіліп, материалдар жинақтадым. Сол материалдарға сүйене отырып, бірнеше нобайлары мен эскиздер жасалынды.
Осы диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, жұмысына жазған қорытындысынан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралады. дипломдық Негізі екі тарау құрайды:
- бірінші тарауында табиғат көрінісінің бейнелеу өнері жанры ретіндегі маңызы мен орны туралы, бейнелеу өнерінің майлы бояу техникасында бейнелеу негізі, пейзаж жанрының пайда болуы мен дамуының қысқа тарихи айтылады.
- Екінші тарауында шығармашылық суретті салудың теориялық негізі және менің шығармашылық жұмысымның тікелей нақты орындағаным туралы айтылады.
І тарау. Бейнелеу өнеріндегі табиғат көрінісін бейнелеуін жанрының орны
Пейзаж - қайсыбір жерлерді жәй айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр. Адам өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып көрінеді. Бұлт торлаған аспан, теңіз толқындары, ормандар мен таулар жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ осы бір өзгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше бейнеледі [4] .
XVII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлықпен қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз - сауда мен жұмыс орны, тіршілік қаракетін іздестіретін кеңістік.
Маринисімі Айвазовскийде теңіз - әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш, мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де - осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты стихияда өте кішкентай, дәрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.
Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің қылқаламынан мүлде басқа толысуға, басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл күйін береді.
Оның үстіне, «мәңгілік» табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар, автомобиль жолдары, жоғары вольтті электр желілерінің сорайған діңгектері мен сымдары, аспанда ұшқан реактивтік самолеттің будақтаған ізі - осының бәрі бүгінгі күннің көрінісі. Мұны қазіргі заманғы суретші аңғармай тұра алмайды.
Адам әу баста-ақ табигат көрінісін салған. Бірақ көпке дейін белгілі бір оқига мен адамның тұлға-тұрпатын бейнелегенде керек фон ретінде пайдаланып келген. Тек XVII ғасырда ғана бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар туа бастады.
Мұндай жанрды голланд суретшілері ойлап тапты. Голландия - Солтүстік теңізінің жағасындағы мұхит деңгейінен төмен жазыққа орналасқан ел. Егер тоспалар мен бөгеттер болмаса, оның түп-түгел су астында жатуы да мүмкін еді. Табиғатпен қатал да қиын күрес голландтарды өздерінің шағын болғанмен көрікті елін көздің қарашығындай қастерлеп сүйіп өсуге баулыды. Сондықтан да олар өз жерін бейнелейтін картиналарды өте ұнатты. Міне, теңіз жағасында дөңкиіп-дөңкиіп жатқан тау-тау құм шағылдар, міне, мал жайылып жатқан ну шалғын, өзен жағасындағы жел диірмендер. Соның бәрін суретшілер өз өлкесінің портреті деп ұғып, мейлінше тәптіштеп мұқият көрсете білген. Голланд суретшілері ондай пейзаждарды шағын кенеп шаршыларға салатын-ды. Сондықтан, кейін жұрт оларды «кішкене голландықтар» деп атап кетті. Пейзаж өнері өте әр алуан. Кейбір пейзаждар өмірде бар нақты өлкелердің көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың қай-қайсысын да суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады. А. Саврасовтың «Ұзақтар ұшып келгендесі» естеріңізде шығар. Суретші ери бастаған сұр қар, мұнартқан көк-жиек, далбаң-далбаң ұшып қонған ұзақтар арқылы кектем басындагы қарбалысты қалай дәл жеткізген десеңізші. Тіпті, одан құстардың азан-ңазан дауыстарын да естіп тұрғандайсың!
Пейзаждың тамаша шебері И. Левитанның атын естімеген адам елімізде кемде-кем шығар. Ол ұзақ уақыт Москва түбі, Еділ бойы, Тверь губерниясы ормандарын кезіп жүреді екен; кейін сонда көрген шоқ тоғайларды, көктемгі қара суға белшеден батып тұрған балапан қайыңдарды, өзеншенің үстінен ирелеңдеп өтіп жатқан тақтай өткелді, баурайынан қар кете қоймаған жайпауыт жыраларды дәл сол қалпында кенеп бетіне көшіреді екен.
Ол сұрғылт тұман дым бүріккен бұлыңғыр күндерді, көк жүзін перделеген будақ-будақ бұлттарды да, күзді күнгі оттай жанған алау жапырақтарды сүйсіне бейнелейтін.
Бірде нұрлы, бірде мұңды Левитан пейзаждары тек табиғат сұлулығын ғана емес, суретшінің жан сырын да паш етіп тұрғандай.
Левитанның Орта орыс алқабының табиғатын мейлінше шынайы, мейлінше дәл жеткізгені сондай, қазір жұрт балауса орманға, не гүл жайнаған көк шалғынға көзі түссе: «Мынау тап Левитан картинасынан аумайды екен», - дейді. . [5]
Біз бұрын суретші болашақ шығармасына керек кейбір нәрселердің тездетіп сырт нобайын түсіріп алатынын білетінбіз. Ондай суреттер әлгіндей нәрсені көріп тұрып, көз бе көз салынатын. Ал эскиз де болашақ суреттің түпкілікті өзі емес, тек нобайы болғанымен, ол әлгіндей емес, мейлінше тыңғылықты еңбектің жемісі. Онда суретші өзі ойға алған шығарманың не тұтас композициясын, не белгілі бір бөлшегі мен басты кейіпкерлерін екжей-текжейлеп көрсетуге тырысады.
Эскиздің қарындашпен де, майлы бояумен салынуы да мүмкін.
Пейзаж және тақырыптық картинаның құрамдас бөліктері де болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауда белсенді қосалқы роль атқарады.
1. 1 Бейнелеу өнерінде кескіндемедегі майлы бояу техникасының алатын орны
Кескіндеме - бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің саң алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөліну деп аталады [6] .
Пайда болып келе жатқан бейне өзіндік шарттылықты көрсетеді, өйткені табиғатта әр заттың өзіндік түсі болады да, оны суретте көрсете алмаймыз ғой.
Дегенмен, мұндай алшақтык суретті натурамен салыстыруымызға кедергі келтірмейді, өйткені суретті жарық-көлеңкемен заттың ерекшелігін көрсете отырып, қағаз бетінде оның материалдық пішінін жасайды.
Заттың түсін елемей, оның пішінін бейнелеу - бейнелеу өнеріндегі суреттің өзіндік ерекшелігін білдіреді.
Кескіндемеге мұндан шарттылық тән емес. Бояуларды қолдана отырып, көзіміз затты қандай күйде көрсе, солай бейнелейміз [7] .
Сурет салғанда дененің немесе кейіптің пішінін қарындаштың ізінің қоюлығымен анықтасақ (штрихтардың әр қалыңдықтағы қоюлығымен), ал кескіндемеге мұндай нәрсені бояулардың тізбегі арқылы немесе әр түстердің қоюлық күштері арқылы жеткізіп отырамыз. Сурет салғанда, оның дұрыс шығуына қарындашты қалай меңгеріп, штрих қоюлығын қалай сызғанымыз әсер етсе, кескіндемеде бояулар тізбегін меңгеру мен әр түсті бояуларды араластыра білу, содан дұрыс қанық түс шығару үлкен роль атқарады [8] .
Сурет әлеміне еніп, оның таңғажайып қыры мен сырын меңгеру үшін, алдымен сурет салуға қажетті құрал-саймандарды және оларды қалай пайдаланудын жолдарын жақсы білуіміз қажет. Сонымен қатар, осы құралдармен жұмыс істеу барысында адам өзінің әдетті қимыл-қозғалысын меңгеріп, белгілі бір отырысты дағдыға айналдыруы қажет. Театрдың киім ілгіштен басталатыны сияқты бейнелеу өнері де осы қарапайым отыра білуден
1-сурет. 2-сурет.
басталады. Енді осыған қысқаша тоқталайық.
Сурет салуға кіріспес бұрын алдымыздағы құрал - мольбертті дұрыс қойып, соған қарама-қарсы тік отыруымыз керек. Көзіміз бен мольберттің ара қашықтығы 35-40 сантиметрден кем болмауға тиіс [8] .
Онша еңкеймей тік отыру, мольберт пен көздің ара қашықтығын сақтау - алдымызда кескінделуге қойылған құрылымның анық көрінуінің басты шарты, сонымен қоса, суретші-талапкердің еркін жұмыс істеуіне, қолының еркін қимылдауына көп көмегін тигізеді. Кейде жұмыс үстінде ұзақ отыруға тура келеді, соған өзінді-өзің икемдеп, тәрбиелеу бірден оңайға түспейді, сондықтан бұл оқушыдан үлкен жауапкершілікті, зор табандылықты, шыдамдылықты талап етеді. Кейбір оқушылар осы қарапайым «отыра білуге» көңіл бөлмейді де, тез шаршап, сурет салуға деген зауқын жоғалтып алады. . Содан барып дел-салдық басып, жалқау күйге түседі. Ал еске сақтайтын бір нәрсе - сурет (бейнелеу өнері) мұндай жалқау-керенаулықты көтермейді. Суретші болам деп, өнерді өмірлік мақсат егкен адам ғана талмай енбектенудің арқасында оның қиын да, сан қилы баспалдағымен жоғары өрлеп, нағыз профессионалдық шеберлік шыңына жете алады.
Енді сурет салуға қажетті құралдармен жете танысып көрейік. Біріншісі - жоғарыда атап еткен - мольберт. Бұл өзі сурет салуда ең кажетті құралдардың бірі, оны қолдану барысында оқушы біраз жеңілдіктерге ие болады. Яғни, мольберт сурет салуда партаның қызметін атқарады.
Күнделікті қолданылатын мольберттің бірнеше түрі болады. Соның бір түрі 1-суреттегі алдыңғы және артқы тіреуішті аяғы бар мольберт. Бұл мольберт-станок барлық өнер оқу орындарында жиі пайдаланылады. Өйткені бұл құрал оқушының жайлы отырып, сурет салуына өте ыңғайлы. Мольберттің жалпы биіктігі 1 метр 10 см немесе 1 метр 15 см болып келеді, ал жұмыс жағдайында жазылып, биіктігі төмендеп, 90-105 см шамасында болады. Осы жерде есте сақтайтын нәрсе, мольберттің биіктігі отырған адамның көз деңгейінен біршама төмен болғаны жөн, сонда алда тұрған кескінделетін затыңызды бағдарлап, анық көре аласыз. Мольберт алдыңғы-артқы тіреуішті сырықтан (рейкадан) құрастырылып, алдыңғы жақ бетіне жұқа қамыс тақтай (фанера) шегеленеді. Жұмыс кезінде жазылып тұрған мольберт жайылып, құлап кетпес үшін екі тіреуіш аяқтың арасын ұстап түратын ілгегі болады. Ілгектің бірнеше тістері бар, сол тістерге бағдарлай мольберттің тіреуіш аяғын жылжыту арқылы қалауымызша станокты (мольбертті) орнықтырамыз. Ал қамыс тақтай бетінің көлемі 60x70 см 2 болады да, оның төменгі жиегіне қарындаш, калам, өшіргіш қоятын ойықша ернеу жапсырылып шегеленеді. Тіреуішаяқтың мызғымас берік болуы үшін арасы көлденең сырықпен бекітіледі, ол бір жағынан аяқ қоятын тұғыр қызметін де атқарады.
Мольберттің екінші түрі күрделі құрылысымен ерекшеленеді. Мұндай құралды көбінесе ірі көлемді суреттер салғанда, көркем (живопись) шығармалар жасағанда пайдаланады. Бұл мольберт негізінен түрегеп тұрып жүмыс істеуге бейімделген. Құралдың сурет салынған тақтаны жоғары-төмен ыңғайға қарай жылжытып отыратын оймақты тұғыры бар. Тақтаны өз қалауымызша белгілі бір биіктікке көтеру үшін оны тұғырдың бойымен жылжытып, керек тұста серіппелі-сыналы тұтқаны оймаққа енгізу арқылы қалаған деңгейге орнатамыз.
Мольберттің тағы бір шағын түрі 2-суретте бейнеленген, бүл тізеге қойып қолданылатын түрі. Мұнда жоғарыда танысқан түрлеріндегідей алдыңғы тіреуіші жоқ, тақтасы оқушының тізесіне қойылып пайдаланылады, ал қалған құрылысы сол бұрынғы (1-сурет) мольберттегідей [9] .
Бір-бірінен ашықтығымен немесе көзге тусіп тұрған айңындығымен ажырайтың түстердің бәрін, яғни нағыз ақ, сұр, қара түстерді
ахроматикалы
(түссіз) түстер деп атайды. (3 сурет) . 3 сурет
Нағыз ақ, сұр, қара түстерден өзге түстердің барлығы
хроматикалы
(түсті) түстер деп аталады. (4 сурет) . Хроматикалы түстер сары, қызыл, көк тағы басқа да түстік реңі бойынша және шылғи бір түстілігі немесе қанықтылығы бойынша ажыратылады. Егер қаныққан түске ақ бояу немесе қара бояу қосылатын болса, онда ол қанықтылығынан айрылады. Түстік рең, ашықтық пен қанықтылық түстердің негізгі
сипаттары деп аталады. Егер осы сипаттардың бірі болар-болмас өзгеріске ұшыраса, мұның өзі түсті ауытқытып (өзгертіп) жібереді. Нағыз ақ, сұр, тіпті қара нәрселердің өзі түсті жарық түсіп тұрса, сол жарықтың түсімен бірдей болып кетеді. 4 сурет
Хроматикалы түсті сары, қызыл, көк тағы басқа да өңді нәрселер, өздерінің түсі жарықтың түсімен бірдей болса ғана, түсі жағынан қанықты болып шығады. Ал енді өзінің түсі жарықтың түсімен бірдей болмаса, ол нәрсе қанықтылығынан айрылып, күңгірттеніп кетеді, ал кейде сәл ғана түстік ажары бар қара өңді болып көрінеді [10] .
Сондықтан суретті бояумен салғанда күндізгі жарықта ғана салуға болады. Жасанды жарықта бояумен сурет салуға болмайды, өйткені түстердің бәрі сарғылт тартып кетеді - қызыл нәрселер қызғылт сары түсті, ал көгілдір, жасыл, көк, күлгін түстер күңгірттеніп кетеді.
Егер бірінші қосымша түстер қатар тұрған болса, онда түстер айқын болып көрінеді. Бұл көрініс түстегі контраст деп аталады.
Нәрселердің түсі біздің көзімізге олардың айналасындағы фонына қарай құбылып көрінеді. Егер нәрсе тұрған жердің фоны өзгерсе, бізге нәрсенің түсі өзгерген тәрізді болып көрінеді де, нәрсе сары немесе қызыл фонда тұрғандағыдан, көк фонда тұрғанда ашық сары болып көрінеді; ал жасыл зат қызыл фонда сары немесе көк фонда тұрғандағыдан айқынырақ та жасылырақ болып көрінеді.
Контраст әсерінің жалпы ережесі мынадай: салқын түстер қасындағы түстерді жылырақ етеді, ал жылы түстер - салқындау етеді.
Сұр нәрсе қызыл фонда салқындау, көк немесе жасыл фонда жылылау болып көрінеді.
Егер нәрседегі түс салқын болса, оның көлеңкесі жылы болып, ал жылы болса, көлеңкесі салқын болып көрінеді.
Ашық фондағы нәрсенің түсі қоңыр фондағы нәрсенің түсінен ашықтау болып көрінеді. Қатар тұрған қосымша түстердің бояуы өте қанық көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz