Оқытудың техникалық құралдарын қолдану


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

І-тарау. Жоғары сынып оқушыларын кәсіпке баулудың педагогикалық
негіздері

1. 1 Білім беру саласындағы оқыту әдістерінің дамуы мен маңызы . . .

1. 2 Оқыту әдістерінің ғылыми негіздері және олардың жіктелуі . . .

1. 3 Автомобиль ісі сабақтарында оқыту әдістері мен тәсілдерін

қолдану ерекшеліктері . . .

ІІ-тарау. "Автомобиль ісі" пәнін оқыту әдістемесі бойынша
дидактикалық материалдармен жабдықтау ерекшеліктері

  1. Автомобильдердің жалпы құрылысы және жіктелуі. Автомобильдерді басқару . . .
  2. Қозғалтқыштың конструкциясын және жұмыс атқаруерекшелігін оқыту . .
  3. Иінді білікті-шатунды механизмді оқыту ерекшеліктері . .
  4. Автомобильдің газ тарату механизмін оқыту ерекшеліктері . .
  5. Автомобильдің салқындату жүйесі . .
  6. Автомобильдің майлау жүйесін оқыту ерекшеліктері . .
  7. Қозғалтқыштардың қоректендіру және іске қосу жүйесін

оқыту ерекшеліктері . .

  1. Автомобильдер шассиі. Ілініс механизмі . .
  2. Автомобильдердің беріліс және үлестіргіш қораптары.

Аралық қосылыс пен карданды беріліс . .

  1. Автомобильдердің жетекші белдіктері және жүріс бөлігіноқыту . .
  2. Автомобильдердің рульдік басқаруы мен тежеуіш жүйелері . . .

2. 12 Автомобильдердің электр жабдықтары. Электр

энергиясының көздері және электр энергиясын тұтынатын

орындар. Оталу жүйесін оқыту ерекшеліктері . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттердің тізімі . . .

Қосымшалар . . .

КІРІСПЕ

Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы.

Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, барлық ұлттың мәдениетінің қазыналары мен дербестігін мойындау.

Қабылданған "Білім туралы" заңда құрылымы мен мазмұны жағынан да жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалады. Қазіргі кезде бүкіл білім беру жүйесінде көп өзгерістер бар. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасы жасалды. Білім берудің жаңа жүйесінде жалпы білім беретін мектептерде оқылатын пәндерді интеграциялау, агроөндірістік, технологиялық. ғылыми теориялық негізде оқыту мақсаты қойылды. Білім беруді компьютерлендіру қолға алына бастады. Бұрынғы қалыптасқан базаларды пайдаланып жүргізілетін еңбек, автомобиль ісі сабақтарын жаңа инновациялық әдістерді қолдана отырып жүргізу қажет.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында атап көрсе-тілгеніндей жастарға жалпы білім беру мен кәсіпке бағдарлаудың бір жолы әрі негізгісі - пәнаралық байланыстарды жақсарту.

Жас ұрпақты қоғамдық маңызды істерді саналылықпен игеретін дамыған тұлға ретінде қалыптастырудың негізі мектеп жасында қаланатыны белгілі. Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым-қатынасын жоғары деңгей де ұйымдастыру секілді міндеттердің қай-қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Өйткені әрекет педагогикада да оның ішінде дидактикада да негізгі әдіснамалық құрал болып есептеледі.

Оқу - адамның саналы өміріндегі басты әрекетке, еңбекке даярлаудың алғы шарты ретінде жүзеге асырылады. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана-сезімін дамытуға бағытталады. Адам баласын еңбекке, кәсіпке үйрету, оның еңбегін өнімді ету адамзат қоғамы тарихымен бірге жасасып келе жатқан тәрбиенің нысанасы.

Өскелең ұрпақты еңбекке тәрбиелеу идеясы XV ғасырдан бастап мынадай ойшылдар мен педагогтардың: Т. Кампанелла, Т. Мор, Я. Коменский, Ж. Руссо, И. Песталоцци, А. Герцен, К. Ушинский және т. б. еңбектерінде айтылды.

Сабақ басында оқыту әдістерінің тиімді түрлерін қолдану жақтарын көптеген педагогтар: Т. И. Шукина, Н. Барбанский, В. Ф. Шаталов, Т. А. Ильина т. б. еңбектерінде көрсеткен.

Одан кейінгі кезеңдерде, сабақты үй тапсырмасыз және кезеңдерге бөлмей өткізетін әдіс, техникалық құралдарды кең қолдану арқылы сабақты жетілдіретін әдіс, проблемалық және бағдарламалап оқыту әдістері, үлгілі мектепте үлгілі сабақ өткізу әдісі, өндірістік оқушылар бригадасын құру мақсатында, сабақты еңбекпен байланыстырып өту әдісі сияқты әр түрлі көптеген оқыту әдістері пайда болды.

Соңғы жылдары оқу материалдарын ірілендірілген блок бойынша оқыту әдістері дамып келеді. Шығармашылық, панорамалық, интегра-циялық, телевизиялық, компьютерлік сабақтар, дидактикалық ойындар сияқты сабақтардың алуан көп түрлері ойлап шығарылды.

Мұндай қысқаша шолу мен талдаудан кейін оқыту әдістерінің ғасырлар бойы бірте-бірте жетілдіріліп келгенін, әлі де әр түрлі бағытта дами беретінін байқауға болады. Оқыту әдістері дамудың белгілі бір деңгейінде тұрып қалуы мүмкін емес оны өркениетті қоғамның "мәңгілік" проблемасының бірі екенін үмытпау керек. Оқыту әдістерінің жетілдірілген жаңа түрлерін ойлап табу ісімен бүкіл дүние жүзінде ғалымдар, педагог-методистер, оқу ағарту қайраткерлері айналысуда.

1954 жылы 5-7 кластарға шеберханада практикалық сабақ өту, ал 8-10 кластарға автомобиль ісі, электротехника және ауылшаруашылығы пәндері кіргізілді.

Қоғамымыздың қозғаушы күші болып табылатын жұмысшы мамандарының санын ғана емес, сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлініп отыр. Сондықтан үкіметіміз басқа да көп міндеттермен бірге ауылшаруашылық, қоғамдық көлік, т. б. маман иелерін дайындауға көп көңіл бөлуде.

Орта кәсіптік-техникалық училищелердің инженер-педагогтарының кәсіптік-методикалық даярлықтарын, олардың мамандыққа деген көзқарасын өзгертіп, теория мен методикалық білімдерін арттыру, педагогикалық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру - өскелең заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі.

Осыған орай жаңашыл мұғалімдердің оқыту методикасын сабақ кезінде пайдалану, жеке пәндерді оқыту методикасын дамыту жұмысында элі де болса кемшіліктер бар.

Орта мектепте автомобиль ісін оқыту, оқушыларды практикалық іс-әрекетке дайындауда және олардың политехникалық ой-өрісін дамытуда үлкен роль атқарады. Автомобиль өзіне қазіргі кездегі барлық машиналардың негізгі элементтерін - қозғалтқыштарды, трансмиссияны және басқару механизмдерін қамтиды. Іштен жану қозғалтқыштардың универсал маңызы бар, себебі олар әр түрлі энергетикалық қондырғыларда және көліктің түрлерінде кең түрде қолданылады. Автомобильдердің детальдері, бөлшектері және механизмдері (қозғалтқыш, күштік беріліс, электрқондырғылары, басқару және жүру жүйесі) барлық басқа машиналар үшін де ұқсас болып келеді.

Автомобильді оқыту кезінде оқушылар металдарды, резинаны, шыныны, пластмассаны және көптеген басқа да материалдарды өндірісте қолданумен танысады. Автомобиль өндірісімен танысу оқушыларға қазіргі кездегі әртүрлі өндірістерде физиканың, техника-ның, технология мен еңбекті ұйымдастырудың маңызды нәтижелерін қолдану мүмкіндіктерінен түсінік береді. Автомобиль өндірісінің кәсіпорындарында және автомобиль шаруашылықтарында әртүрлі мамандықтағы іскер жұмысшылар қамтылған. Соның ішінде ең көп тараған мамандық - автомобиль жүргізушілері мен автомобилъдерге техникалық қызмет көрсету және ремонт жасау слесарлері. Мектеп оқушылары осы мамандықтармен танысып, үйренеді.

Автомобиль тек қана халық шаруашылығанда ғана емес, күнделікті тұрмыста да көп қолданылады. Сондықтан да оның құрылысын білу,

басқара білу, қызмет көрсете білу кез-келген мамандық иелеріне пайдалы да, керекті.

Автомобиль сабақтарында оқушылар слесарлық және электро-монтаждық іс жүзінде білім мен біліктілікке ие болады, әр түрлі құралдар мен механизмдермен танысады. Практикалық жұмыстарды орындау кезінде оқушылардың жүргізуші, автослесарь мамандықтарына қызығушылығы артады.

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты. Жоғары сынып оқушыларын "Автомобиль ісі" пәніне оқытудың тиімді әдістерін анықтау, әрі мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау.

Зерттеу объектісі. Жоғарғы сынып оқушыларын автомобильдің құрылысын білу мен оны басқаруға және техникалық қызмет көрсетуге үйрету процесі.

Зерттеу пәні: оқушыларды автомобиль құрылысымен, басқару және техникалық қызмет көрсетуге үйретудің тиімді әдістерін айқындау.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Зерттеу тақырыбына сай әдебиет-терді зерделеу.

  1. Жоғары сынып оқушыларын автомобиль құрылысы мен оныбасқару және техникалық қызмет көрсетуді үйретуге қажетті дидакти-калық материалдарды дайындау.
  2. Оқушыларға "Автомобиль ісі" пәнін оқытудың тиімді әдістерінанықтап, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар үсыну.

Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды, әдебиеттер тізімі (17 еңбек), қосымшадан тұрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы

Жоғары сынып оқушыларын "Автомобиль ісі" пәнін оқыту бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындалды.

Біз зерттеу жұмысымызда әдістемелік түрғыдан осы жіктелу қаға-даларын ашып, тақырыптар бойынша оқыту әдістеріне дидактикалық материалдар (сызбалар түрінде) дайындадық. Олардың жалпы саны 12, тақырыптары төмендегідей:

  1. Жаңа білімді әңгіме әдісі бойынша жеткізу.
  2. Көрнекілік құралдарын қолдану.
  3. Оқытудың техникалық құралдарын қолдану.
  4. Технология пәнін оқытуда қолданылатын жаттығулар.
  5. Проблемалық оқыту.
  6. Пәнаралық байланыстар.
  7. Оқушылардың танымдық белсенділігі.
  8. Оқу-техникалық қүжаттар.
  9. Үй жұмысының орындалуы.
  1. Оқу материалдарын қайталау.
  2. Оқу әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру.
  3. Педагогикалық шеберлікті арттыру(Қосымшаны қара) .

І-тарау. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН КӘСІПКЕ БАУЛУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Білім беру саласындағы оқыту әдістерінің дамуы мен маңызы

Жастар мен ересек адамдарды оқыту мен тәрбиелеу процесінің тарихы адамзат қоғамы құралған ерте заманнан басталады. Қоғамның сатылап дамуына байланысты оқыту мен тәрбиелеу ісі де үдайы жетілдіріліп келеді. Соның нәтижесінде әр дәуірде халық игерген білім-дағды мен үлгі-өнеге ұрпақтан-ұрпаққа беріліп үздіксіз байып отырған. Халық педагогикасында адамдарға үйрету мен оларды тәрбиелеу ісінде тыңдаттыру, жаттаттыру, көрсету, жұмыс істеттіру, өнерге және кәсіби шеберлікке баулу сияқты әдістерді пайдаланып келген.

Қазіргі кезде оқыту әдісі деп, білім беру мақсатында мұғалім мен оқушының өзара бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерін түсінеміз.

Осы уақытқа дейін оқыту әдістерінің бірнеше түрі мен аттары ойлап шығарылады және әр кезде әр түрлі мақсат үшін қолданылады. Оқыту процесінде көп ғасырлар бойы, әсіресе, діни оқу орындарында, қатып қалған кітап сөзін өзгертпей тастай қылып жаттаттыру әдісі пайдаланылып келген.

XX ғасырдың басында ғана оқыту процесінде өндіріс орындарына, табиғат құбылыстарына экскурсия өткізу, есеп шығару, көрнекілік тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстар жүргізудің әдістемесі жасалына бастады. Соның нәтижесінде көрнекілік және практикалық әдістердің элементтері ендірілді, оқу іс-әрекетінде мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерінің негізі қаланды, оқушы-лардың оқуға деген қызығушылығы мен белсенділігінің артуына мүмкіндік туғызылды.

20-шы жылдары совет мектептерінде комплексті әдіс (қоғам-табиғат-еңбек деген жүйе бойынша) оқытылды. 40-шы жылдары эксперименттік әдіс ендірілді, ол оқушылардың эксперименттік

политехникалық, жалпы еңбектік ептіліктері мен дағдыларының дамуына қолайлы жағдай туғызды.

Білім берудің маңызы. Автомобиль ісін оқыту бағдарламасы оқушыларға мынадай бөлімдерді оқытуды қарастырады: "Автомо-бильдердің құрылысы", "Автомобильдерді басқару және техникалық қызмет көрсету негіздері", "Жол жүру ережелері", "Жол жүру қауіп-сіздігінің негіздері", "Автомобиль жүргізу". 10-шы сыныпта оқушылар автомобильдің және қозғалтқыштың жалпы құрылысымен танысады, қозғалтқыштың механизмдерімен (иінді-білікті, газ тарататын меха-низмді), суыту жүйесімен, майлау, карбюратордың қоректенуін оқып үйренеді. Кейбір тақырыптарда автомобильдің электрқондырғылары (ток көздері, іске қосу жүйесі, стартер, дыбыстық сигнал, жарық беру жүйесі және жарықтық сигнализациясы), трансмиссиясы, жүріс бөлігі, басқару механизмі, қорабы және қосымша қондырғылары қарасты-рылады.

"Жол жүру ережелері" бөлімінде тәртіп сақтау ережелері және жол жүру қауіпсіздігі, жүргізушілердің жаяу жүргіншілер мен пассажир-лердің жалпы міндеттері, жол белгілері, жолдан өту сызықтары, жол қозғалысын бағыттау сигналдары, қозғалыс ережелері, көліктердің тоқтауы және тұрақтары туралы мәселелер ашылады (айқындалады) .

"Автомобильді пайдалану негіздері" бөлімінде оқушылар халық-шаруашылығындағы автомобиль көліктерінің рөлін, автомобиль транспортында жұмысты ғылыми ұйымдастыру тәртібін біледі.

"Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету" бөлімі қозғалтқыш-тарға қызмет көрсетуге арналады.

Жол жүру қауіпсіздігінің негіздері туралы сабақтарда оқушыларға жол жүру кезіндегі транспорттық апат жағдайларына сараптама жасау және оны болдырмау, автомобиль қозғалысы теориясының негіздері, автомобиль жүргізудің психофизиологиялық негіздері туралы айты-лады.

Автомобильді оқушылардың жеке жүргізуіне 9-шы сыныпта белгілі бір сағат беріледі. Осы уақытта оқушылар басқару жүйесімен және бақылау құралдарымен танысады; автомобильді жүргізіп және тоқтатып жаттығады; берілісті үлғаю және кему ретімен қосуға, әр түрлі берілісте жүргізуге, бүруға, қараңғы кезде жүргізуге, тоннельден өтуге, темір жол платформасынан өтуге, транспорт көп жүретін шоссе жолдарымен жүруге; тар жолдан кіру және шығуға жаттығады.

10-шы сыныпта автомобиль құрылысын оқытуды аяқтайды. 11-шы сыныпта оқушыларды жол жүру ережелерімен - қозғалыс ережесімен, транспорттық құралдарды тоқтату және түрақ; жол қозғалысынан, жаяу жүргіншілер жолынан, қоғамдық транспорт аялдамаларынан, темір жол үстінен өту; қозғалыстың ерекше жағдайларымен; адамдар мен жүк тасымалдау; транспорттық құралдардың техникалық күйімен және жабдықталуымен; танитын нөмірлік және сақтандыру белгілерімен; жазулар мен белгілеулермен; велосипедистердің, ат көліктердің және хайуанаттарды айдап өту қозғалысына керекті қосымша талаптармен таныстыруды жалғастырады.

"Автомобильді пайдалану негіздері" бөлімі - жүк тасымалдау; отын мен майлау материалдарын жұмсау нормалары; автомобильді жүргізгенде жұмысты қорғау, линиядағы диспетчерлік бақылауды оқытады. 11-ші сыныпта автомобильді жүргізуді үйрету аяқталады.

Оқу-материалдық база. Мектептерде автомобиль ісіне арнап жабдықталған оқу кабинеті, слесарлық-монтаждық шеберхана, техни-калық қызмет көрсету лабораториясы, оқу автомобильдері болуы керек. Сонымен қатар, мектептер автокөлік және автожөндеу өндірісте-рімен, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету бекеттерімен автогараждармен байланыс орнатуы қажет. Бұл өндірістік орындар кабинеттерді жабдықтауға жанармайлар материалдарымен қамтамасыз етуге, оқушыларды автомобиль жүргізуге оқыту үшін маман инструкторлар бөлуге көмектеседі.

Автомобиль ісі кабинеттерінде оқушыларға автомобильдің құры-лысы және техникалық қызмет көрсетудің теориялық мәселелерін

оқытады, лабораториялық және практикалық сабақтар жүргізіледі.

Слесарлық-монтаждық шеберханаларда қүрастыру, ремонт жұмыстары жүргізіледі. Кабинет пен шеберхананы мектептің бірінші қабатында немесе арнайы соғылған ғимаратта орналастырған дұрыс. Ал аулада оқу автомобильдеріне арналған гараж бен жану-майлау материалдарына арналған жерден қазылған склад жабдықтайды.

Автомобиль ісі кабинеттерінде жиналған түрдегі автомобиль агрегаттары (қозғалтқыш, беріліс қорабы, артқы және алдыңғы көпірлер) айналып түратын қондырғыларға орнатылуы тиіс. Бұл агрегаттардан басқа қабырғадағы стеллаждарға механизмдер мен жеке бөліктерінің кесінді түрі, детальдердің жиыны, агрегаттар мен механизмдердің моделдері қойылады. Кабинетте лабораториялық жұмыстарға арналған құрал-саймандар, инструкциялық карталар, оқу плакаттары, сызбалар мен суреттер, техникалық және анықтамалық оқулықтар болуы керек. Көрнекті жерге жұмыс қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің ережелері ілінеді. Терезелер қараңғы перделермен жабдықталады.

Шеберханада жиналған ескі автомобиль қоюға болады, немесе жұмыс істеп тұрған іштен жану қозғалтқышын орналастырады. Шеберханада оқушылардың слесарлық жинау, станоктың жұмыстарын жүргізу үшін құрал-саймандар, гидравликалық пресс, домкрат, техни-калық қызмет көрсету плакаттары болуы керек. Сонымен бірге көрнекті жерде медикаменттері бар аптечка болуы керек. Барлық құрал-сайман, механизмдерге, құралдарға материалдық жауапкершілік мұғалімге жүктеледі.

1. 2 Оқыту әдістерінің ғылыми негіздері және олардың жіктелуі

Оқыту әдістері - көп тармақтан түратын, көп компонентті ғылыми-практикалық ұғым. Оқыту әдістерін ғылыми негізде талдау жасап, оған әртүрлі түрғыдан анықтама беруге болады: оқыту әдісі - оқытушы мен

оқушының бірлесіп жұмыс істеу тәсілдері; оқыту әдісі - оқу проце-сіндегі алға қойылған мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын әрекеті; оқыту әдісі - оқу процесіндегі педагог пен оқушының арасындағы өзара әсер-әрекет; оқыту әдісі - оқушыларға білім беретін жол; оқыту әдісі - оқушылардың танымдық процесін және олардың жеке басының дамуын ұйымдастыру формасы. Мұндай тұжырымдамалардың барлығының көздейтін түпкі мақсаты оқушы-лардың білім алуының тиімді жолы мен әдіс-амалын анықтау екендігін аңғару қиын емес. Бұл процесс "мұғалім - оқушы" схемасы бойынша өзара екі объектінің әсер-әрекеті арқылы жүргізіледі.

Әрине, қазіргі заманғы информациялық "жарылыстың" талабы тұрғысынан Бұл схеманың әлде қайда жеткіліксіз екендігін аңғару қиын емес. Өйткені, негізгі талап - үздіксіз білім берудің тәсілдерін табу, жастарды өз бетінше оқу тәсілдеріне үйрету, олардың кітаппен өздігінен жұмыс істеу дағдысын дамыту, техникалық және компьютерлік құралдар арқылы білім алу жолдарын іздестіру, шығармашылық және шеберлік іске баулу. Мұның бәрін жүзеге асыру процесіндегі, оқыту әдістерінің қандайын қолданса да, педагог пен оқушының өзара бірлесіп, атқаратын әрекеті мынадай күрделі схема бойынша жүргізілген (1-сурет) . Бұл схемадан оқыту әдістерінің кейде екі жақты, кейде үш жақты немесе бес-алты қырлы күрделі процесс екендігін көру қиын емес. Мұндай процестің негізгі "жүгін" оқушы "көтеретіндігін" аңғарамыз. Сондықтан, қандай бір оқыту әдісін қолдансақ та, оқушының барлық іс-әрекетін өздігінен білім алуға, творчестволық ойлауға, өзіндік жұмыс істей білу қабілеттері мен дағдыларын дамытуға бағыттауымызды үмытпауымыз керек.

Осындай жағдайда оқыту әдістерінің, методикалық тәсіл мен амалдың және әрекет-әсердің оқу процесінде қолданылу формалары мен мазмүны да әр түрлі сипат алады. Бүған бірнеше мысалдар келтірейік. Сабақта жаңа тақырыпты ауызша баяндап түсіндіру - оқыту әдісінің бір түріне жатады. Лабораториялық жұмысты орындау үшін

оқушыларға мұғалім кейде қысқаша ауызша нұсқау беріп, қалай істеу туралы бағыт-бағдар көрсетеді; екінші бір жағдайда оқытушының айтып отыруымен оқушылар әрекет жасайды; үшінші жағдайда мұғалім оқушылардың қандай әрекет жасайтыны туралы жазбаша нұсқау береді; төртінші варианты - педагог жұмыстың мақсатын тұжырымдайды, сол бойынша оқушылар өздері керекті құрал-сайман-дарды, приборларды таңдап-теріп алады. Бұл мысалдағы лаборатория-лық жұмыс жасау - оқыту әдісі, ал оны ұйымдастырып жүргізу форма-лары - 4 түрлі әдістемелік амал болып табылады. Ендеше әдістемелік амал - оқыту әдісінің бір бөлігі, оның элементі; ол оқу процесіндегі мұғалім мен оқушылардың жеке іс-әрекетін көрсетеді.

Оқыту әдісінің, әдістемелік амалдан гөрі ірілеу бөлігі - оқыту тәсілі. Мысалы, есеп шығаруда аналитикалық, синтетикалық, графиктік, эксперименттік әртүрлі тәсілдер қолданылады. Демек, оқыту әдісі мынадай компоненттерден тұрады: әдіс -» тәсіл -> амал -» әрекет -> операция.

Әдістемелік амалдар логикалық, ұйымдастырушылық, техникалық формалар түрінде жүзеге асырылады. Мысалы, әдістемелік амалдың логикалық формасы - құбылыстарды, не денелерді, олардың ортақ бір қасиеттері мен белгілеріне байланысты топтап-талдау, ұқсастықтарына қарай салыстыру; ұйымдастыру формалары - оқушылардың бәрі бір тапсырманы мұғаліммен бірге, не жеке-жеке дидактикалық карточкалар арқылы орындауы; "техникалық" формалары - кейбір автомобиль приборларын, құралдарды оқушыларға таныстыру үшін сабақты фронтальдық тәжірибе приборларымен қамтамасыз ету т. с. с.

Мектеп өмірінде оқыту әдістерінің бірнеше түрлері қолданылатыны белгілі, сондықтан, оларды классификациялау принциптері де әр түрлі. Оның ішіндегі әзірге дейін ең дұрыс деп қабылданып келген принцип -оқушылардың алатын білім көздеріне және мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жүргізетін қызметіне байланысты классификациялау.

Бұл принцип түрғысынан оқыту әдістері үш түрге бөлінеді: 1) сөзбен баяндау әдістері; 2) көрнекілік әдістері; 3) практикалық әдістер.

1. Сөзбен баяндау әдістері мұғалімнің ауызша түсіндіруі арқылы
жүзеге асырылады. Оқушыларға берілетін білімдердің негізгі көзі -
мұғалімнің сөзі, ал мұғалімнің ісі - сөзбен түсіндіру, оқушылардың
қызметі - тыңдау, ойлану болып табылады.

Мұғалімнің оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдісі әңгімелеу, әңгімелесу (сөйлесу), лекция, түсіндіру арқылы жүргізіледі (1-сызба; қосымшаға қара) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың техникалық құралдарының оқу процесіндегі орны мен рөлі
Техникалық көрнекі құралдар
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Математикадан көрнекі құралдардың жіктелуі
Көрнекілік принципті оқытудың техникалық құралдары. Оқушының математикалық сауаттылығын қалыптастыру
Кіріспені оқыту әдістемесі
Болашақ педагогтарды жобалауға оқытудың компьютерлік технологиялары
Кәсіптік білім беру мекемелерінің сабақтарында оқытудың жаңа техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері
Жаңа ақпараттық технологияны қолданумен өткізілетін сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz