Кәдімгі боз топырақтың химиялық құрамы
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
1 Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
2 Негізгі бөлім
2.1Шаруашылық туралы
жалпымағлұматтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Топырақ түзілудің табиғи жағдайларына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ...
2.3 Зерттеу әдістемесі және
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды

... ... ... ... ... ...
Пайданылған әдебиеттер

..
Кіріспе
Қазақстан Республикасы президентінің жарлығы мен үкімет қаулыларында
ғылымның, оның ішінде халық шаруашылығы дамуындағы фундаментальды
зерттеулердің маңыздылығы аталып көрсетілген.
Ауылшаруашылығы өндірісінің интенсивтендірілуіне және табиғаттағы
шөлденудің күшеюіне байланысты топырақ жамылғысын сақтау, топырақ
құнарлылығын жан-жақты көтеру және агроценоз өнімділігін жоғарылатудың
маңызы зор. Ауыл шаруашылығындағы ең маңызды проблема --- топырақ
құнарлығын сақтау және оны көтеру. Әр түрлі себептерден топырақтың бүлінуі
және оның өнімділігінің кемуі бүкіл әлемге алаңдаушылық тудыруда.
Мәселен, неміс ғалымы Snulte A атап көрсетуінше, жыл сайын әлемде пайдалы
ауыл шаруашылығы жері орман алқаптарының 7-10 млн. гектары жойылады, соның
ең кемі 15-20%адамдар іс-әрекетінің нәтижесінде бөлінеді
Қазақстан республикасында да осындай қолайсыздық жағдаайлар қалыптасты,
онда топырақ ресурстарының көпшілігі әртүрлідәрежеде тозған. Қазіргі
уақытта жыртылған топырақтың көпшілігі құнарлығын жоғалтқан, топырақ
құрамындағы қарашірік мөлшері орта есеппен 25-30%-ға дейін кеміп, оның
құрамы едәуір кемейген. Ал оның жыл сайын жоғалуы 0,6-1,2 тга.
Павлодар АШҒЗИ деректері бойынша қарашіріктің жыл сайын минералдануы
1тга құрайды. Отандық және шетелдік жиынтық деректері бойынша қарашіріктің
1%-ға кемуі астық дақылдарының түсімін орта есеппек 5-6 цга төмендетеді.
Қарашіріктің жоғалуының басты себебі ---- топырақты, әсіресе сүрі жер
танабын қарқынды өңдеу нәтижесінде оның минералдануы. Екішіден, жыртылған
топырақ қабатында аңыздың қалдықтары мен органикалық тыңайтқыштарының
жеткіліксіз түсуі. Осыған байланысты топырақ бетін жабуға айрықша көңіл
бөлген дұрыс.
Шымкент кеңшарының топырағын ең бірінші кезекте Оңтүстік Қазақстан жер
бөлімі экспедициясымен Казгипрозем, 2000 жылы жүргізілді. Онда суармалы
жерлерді қарқынды пайдалану жобасына байланысты ол құжаттар ескіргендіктен,
зерттеу жұмыстары 2003 жылы қайтадан жаңартылып, шаруашылық жерлерінің
шекаралары айқындалды. Бүгінгі кезде нарықтың экономика бағытына барлық
халық шаруашылығы бет бұрғандықтан, әрі нарық жүйесіне сай барлық өндіріс
қайтадан қаралып жатқандықтан, оның үстіне жер нарық жүйесінің талабына сай
бағаланатын болғандықтан топырақты зерттеу жұмыстары, соңғы жылдары
қайтадан жандана бастады.
Міне, сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысында зерттеу жұмыстары 2008
жылы қайтадан жүргізілді. Бұл зерттеу жұмыстарында жеке шаруа
қожалықтарының жерлерінің шекаралары қайтадан анықталынып, топырақ түрлері
нақтыланып, топырақтар құнарлығын көтеруге байланысты топырақ үлгілері
алына бастады. Оны Оңтүстік Қазақстан облысының жерге орналастыру
орталықтары іс жүзіне асыруда. Қазіргі кезде өркениетті елдердің
барылығында ауылшаруашылығымен байланысқан шаруашулықтар ірі масштапты
топырақ карталарымен қамтамасыз етілген. Бұл шаруашылық жүргізушілерге
жерді тиімді пайдалануға және өндірістің негізгі құрамымен еңбек нәтижесі
топырақтың құнарлығын жоғары деңгейде ұстап отыруға, соңынан баладан балаға
беріп отыруды қамтамасыз етеді.
Топырақты зерттеу жұмыстары мен топырақ бонитеті үшін топографиялық
негіздер М 1:10000 масштабта жүргізілді. Оған топографиялық негіздер,
аэрофототүсірілімдер, фотопланшеттер негіз болып алынды. Қима сызықтарының
жүргізілуі әрбір 5 м сайын болды.
Ал топырақ құнарлығын көтеру қазіргі кезде ауылшаруашылығында ең негізгі
мәселелердің бірі болып табылады. Шару қожалықтарының егіншілік мәдениетіт
дұрыс сақтамау салдарынан келеңсіз жайыттар орын алып жатыр, осындай теріс
нәтижелер болмауы үшін егіншіліктің өз заңдарын дұрыс ұстанғады қалаймын.
Әдебиетке шолу
Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының топырақ жамылғысын бірінші
зерттеу жұмыстары ХХ ғасырдың бас кезінде топырақтанушылардың Көшіқон
басқармасының басшылығымен жүргізілген.
С.С.Неуструев В.В.Докучаевтің ең бір талантты ізбасарларының бірі болып
саналады. Бұл кісі 1908 жылы Шымкент уездігінен Сыр-Дария облысына қарай
бағдарлы топырақ зерттеу жұмыстарын жүргізді. Осы кезде Шымкент облысының
орталық және шығыс бөліктері түгел зерттелді, яғни Сыр-Дарияның шығыс
бөлігі, Түркістан қаласы мен Шанақ бекеттер аралықтары, Арал өзенінің оң
жақ қапталдары, байырғы аллювиальды жазықтар және Шығыс Тянь-Шань мен
Қаратау аралықтары қамтылды. Осы зерттеулердің қорытындысы бойынша бұл
жерлердің топырақ картасы жасалды, онда таулы-шалғынды, қара топырақ және
қара топырақ тәріздес топырақ, қара-қоңыр, ашық қара-қоңыр, боз және сазды
топырақ атаулары келтірілді. Бұл ғалымның ең бір басты еңбегі, осы кісінің
ең бірінші болып жеке тип ретінде - боз топырақты атап көрсетуі. Бұл
топырақта бұған дейін эольды – лөсті немесе атмосфералы-шаңды топырақ деп
атап келген және оны геологиялық құрылымға жатқызып келген. С.С.Неуструев
бойынша боз топырақ ең бірінші кезекте лөс жынысында дамымақ және де басқа
борпылдақ жыныстарда ол өзіне тән өсімдіктер жамылғысының астында дамымақ.
Боз топырақтың ішінде, бұл ғалым тау етегіндегі жазықтықтағы лөс
жынысында дамыған негізгі боз топырақ, еңістеу жерлерде орналасқан
кебірленген боз топырақ, бұл топырақтар Сыр-Дария өзенінің сортаңданған
жазықтығында кездеседі және сазды боз топырақ – бұл топырақтар артық
ылғалдықта қалыптасады. Қиыршықтасты боз топырақ – Қаратау маңайындағы
еңістеу жазықтықтарда кездеседі. К.Д.Глинка Көшіқон топырақ зерттеу
жұмыстары басқармасының жетекшісі ретінде 1908 жылдары Қабулсай – Шымкент –
Высокое бағдары бойынша жүріп өтті. Бұл ғалым С.С.Неуструевпен келісіп, осы
өңірде боз топырақты жеке тип ретінде бөліп, жер бедерінің биіктігі өскен
сайын бұл топырақтар күңгірт сұр топырақтарға ауысады, ол қара-қоңыр
топыраққа ұқсас топырақ деп жазды. Бірақта ол топырақтан көптеген өзінің
белгілерімен ерекшеленеді, сонымен қатар боз топырақтар әртүрлі топырақ
құраушы жыныстарда дамуының мүмкін екендігін айтты және бұл топырақтар өз
кезегі бойынша ашық боз топырақ, күңгірт боз топырақтан бөлініп олардың
ауыспалы түрі кәдімгі боз топырақ деп аталады.
Кеңес үкіметінің бірінші он жылдығында қазіргі Шымкент облысының
топырағын Ташкенттің топырақ зерттеушілері зерттеді, негізінен Топырақтану
институтымен САГУ-ның геоботаник қызметкерлерінің қатысуымен М.А.Димокия
басшылығымен жүргізілді. 1930 жылдардан бастап топырақтың қызмет жұмысы
Қазақстанда құрылуының арқасында зерттеу жұмыстары Қазақстандық
топырақтанушылардың қатысуымен жүргізілді.
А.В.Мухля және т.б. ғалымдар Қазақстан топырағының бірінші жүйелі
тізімін жасады, осы кезеңде Шымкент облысының топырағы да зерттеліп әсіресе
А.В.Мухля қысқаша боз топырақтар мен таулы облыстар топырағына сипаттама
берді. Оны геоморфологиялық региондарға бөлді.
И.М.Синягин топырақтың құрамын зерттеп, боз топырақтың құрамындағы
микроэлементтерді анықтады. Олардың мағлұматтарын келтірді,
микроэлементтердің суда және қышқылда ерігіштігін зерттеп оның мөлшерін
анықтады. И.И.Синягин боз топырақтардың органикалық құрамын зерттеді, яғни
күңгірт боз топырақ гидроморфты нышаны бар боз топырақ және шалғынды боз
топырақтардың 3 жылдық жоңышқаның астында, одан басқа нақты өсімдігімен тың
жерлердің топырақтарын салыстырып көрсетті. Үздіксіз күздік бидай еккен
танаптарда топырақтың құрамында органикалық заттардың сонымен қатар
клетчатканың, гемицеллюлозаның жеңіл ыдырайтын азоттық қосылыстардың да
азаятындығын көрсетті. Ал үш жылдық жоңышқаның астында органикалық заттар
мен азоттың мөлшері көбейіп оның деңгейі тың жердің мөлшеріне жеткен. Бұл
жылжымалы заттар мен бос байланысқан органикалық коллойдтардың және
топырақтың басқа физикалық қажеттілігінің жақсаруының нәтижесінде болып
отыр. Мұның барлығы осы өңірдегі күздік бидай-жоңышқалы ауыспалы
егістігінің керек екенін дәлелдейді.
А.Н. Розанов жан-жақты боз топыраққа сипаттама беріп, бұл аймаққа
шөлейтті дала мен тік бағыттағы жоғарғы белдеуде жатқан топырақтарды да
кіргізген.
ХХ ғасырда Қазақстанның табиғи байлығына орыс мемлекеті мүдделеніп, олар
елімізде зерттеу жұмыстарын қарқынды жүргізе бастады. Ресейдің Азия
бөлігінің өсімдіктерін және топырақтарын зерттеуді 1907-1916 жылдары
К.Д.Глинка ұйымдастырып, басқарды. Осы жылдары Қазақстан топырағын
зерттеуге С.С.Неуструев, А.И.Безсонов, Р.И.Аболин, Л.И.Прасолов, И.В.Ларин
және т.б. қатысты.
1926-1930 жылдары Қазақстан топырағын зерттеуге белгілі орыс ғалымдары
И.П.Герасимов., Е.Н.Иванова., Е.В.Лобова., Т.Ф.Якубова қатысты. Осы
жылдары Қазақстанның Халық комиссариатының топырақ бюросы, су басқармасы,
Мемлекеттік жер тресі қызметкерлері еліміздің түрлі аймағыңда топырақтарды,
өсімдік дүниесін жәие агроэканомикалық жағдайларды зерттеуді қарқынды
жүргізді. Осы жүмыстарға Қазақстанның топырақтану ғылымының жас мамандары
О.О.Оспанов , А.В.Мухля т.б. қатысты.
Л.И.Прасоловтың басқаруымен 1935 жылы Қазақстан ғалымдары дайындаған
Қазақстан Республикасының топырақ картасы дайындалды. Осы жылы
С.П.Матусевич т.б. авторлар дайындаған Қазақстанның топырақ жамылғысы
кітабы жарық көрді. Осы еңбекте бірінші рет еліміздің әр түрлі
геоморфологиялық аймақтарының топырақ жамылғысы жүйелі түрде сипатталды.
1939 жылы Кеңестер Одағының Ғылым академиясъшың қазақ филиалы құрамында
топырақ зерттеу бөлімі ашылып, оның негізінде 1945 жылы Қазақстан Ғылым
академиясының топырақтану институты құрылды. Ол қазіргі кезде
мемлекетіміздің мамандандырылған ірі ғылыми зерттеу институты. Осы институт
ғалымдары отанымызда топырақтану ғылымының дамуына, еліміздің топырақтарын
зерттеу барысына аса ауқымды үлес қосты. Институт ғалымдарының атқарған
жүмыстарының бастылары: кіші және орташа масштабтағы еліміздің және әр
облыстардың топырақ карталарын жасау; шаруашылықтар мен мемлекеттік жер
қорларының ірі масштабты карталарын жасау, топырақ мелиорациясы, топырақ
эрозиясы жөніндегі стационарлы және әр аймақта өткізілген ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүргізді. Қазақстан топырақтарын кешенді түрде сипаттайтын 14
томдық Қазақстан топырақтары атты жинақы баспадан шығару; еліміздің
топырағын жіктеу және оларды диагностикалау мәселелерін зерттеп, оны іс
жүзіне асыру. Осы топырақтану институтын 1945-1968 жылдары аралығында
белгілі топырактанушы ғалым Өмірбек Оспанұлы Оспанов басқарды.
Ө.О.Оспанов Қазақстанда топырақтану ғылымының негізін қалаушы ұлтымыздың
алғашқы топырақтанушы маманы.
Ол 1932 жылы Мәскеудегі К.А.Тимирязов атындағы ауыл шаруашылығы
академиясын топырақтану жэне агрохимия мамаңдығы бойынша бітіріп, КСРО
Ғылым академиясының В.В.Докучаев атындағы топырақтану институтының
аспирантурасында білімін жалғастырып, 1936 жылы геология-минералогия
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Қазақ Ғылым академиясының
президенті Қ.И.Сатпаевтың орынбасары ретінде қызмет атқара жүріп ол
еліміздің топырақтану ғылыми зерттеу институтының ашылуына,Қазақстан
топырақтары тың игеру жылдары ұтымды зерттеуге, топырақтанушы
ғалымдарымыздың ғылыми жұмыстарының әлемдік деңгейге сай жүргізуіне аса зор
үлес қосқан ғалым.
Тың игеру жылдары топырақ зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Қысқа
мерзімде 100 млн.гектардың топырағы зерттелініп, ірі масштабты топырақ
карталары және топырақты ауылшаруашылығында пайдаланғанда қажетті
картограммалар дайындалды. Жарамды 22,6 млн. гектар жер таңдалынып алынып,
игеруге ұсынылды Ө.О.Оспанов, К.Ш.Файзов,
Қазақстанда топырақтардың эрозияға ұшырауы жағдайының ұлғая түсуіне
байланысты еліміздің ғалымдары топырақ эрозиясы байқалатын аймақтар
картасын дайындады, эрозияға және дефляцияға қарсы колданылатын шараларды
қалыптастырып жүзеге асырды .
Топырақты көптеген жылдар бойы ауылшаруашылығында пайдаланғанда оның
бойындағы өзгерістер зерттелініп, топырақты құнарсызданудан сақтау жолдары
анықталды.
Т.Джаланкузов. Еліміздің суармалы аймақтарында қолданылатын
топырақтардың ерекшеліктері зерттелініп, оларды дұрыс қолдану жолдары
айқындалды Ж.У.Аханов, Т.Т.Тазабеков. Қазакстанда таралған сор, сортаң
және кебір топырақтардың қасиеттері, түзілуі зерттеліп, оларды дұрыс игеру
шаралары анықталды М.В.Боровский .
В.Валиев өзінің кейбір еңбектерінде Арыс – Түркістан арнасының бойындағы
ең кең тараған топырақтарға, яғни олардың физикалық, агрохимиялық
көрсеткіштеріне, игеру және мелиорациялау тәсілдеріне, әсіресе кебірлену
құбылымдарының кең таралуына байланысты сұрақтарға жауап берді.
А.Б.Курмангалиевтің қоңыр, сұр қоңыр және ашық, кәдімгі боз
топырақтардың гумусы мен органикалық массаларының қорлары туралы
мағлұматтарын келтіріп, олардың физикалық қасиеттеріне баса көңіл аударды.
Бұл ғалым осы боз топырақтың гумус қоры мен жылжымалы азот, фосфор
элементтерінің мөлшерін анықтап, олардың тиімділік жағын арттыруға баса
көңіл аударды. Арыс пен Келес территориясындағы шалғынды боз және
гипстенген боз топырақтарға сипаттама берді.
М.И.Вяткин қысқаша ашық, кәдімгі күңгірт боз топырақтарға сипаттама
берді, одан басқа Оңтүстік Қазақстанда кездесетін топырақтарға да көңіл
аударды. Бұл автор бұл өңірде 16 топырақтық және 10 табиғи - шаруашылықтық
аудандарға бөлуді ұсынды.
А.Б.Курмангалиев, Г.А.Рустамбаев, А.А.Соколов Шымкент облысының физика
– географиялық және табиғи ерекшелігін жазып облыс топырақтарының тізімін
жасады, облыстағы ең көп тараған топыраққа сипаттама берді. Олардың
қоректік элементтермен қамтамасыз етілу жағдайында келтірді, аудандастыру
табиғи жағдайларын жазып, жер қорларына сапалы және сандық сипаттамалар
берілді. Олардың анықталған агроөндірістік және агромелиоративтік
топтастыруы бойынша әрі генетикалық тип, тек және топырақ түзілуіне
байланысты құнарлылық ерекшеліктері келтірілді. А.Б.Курмангалиев қоңыр, сұр
қоңыр, кәдімгі боз бен ашық боз топырақтардың физикалық қасиеттерімен қатар
олардың гумусі мен өсімдіктердің органикалық массасының мағлұматтарын
келтірді. Сонымен қатар субальпілі таулы күңгірт, таулы қоңыр (арша
астындағы), сұр қоңыр және кәдімгі боз, ашық боз топырақтардың ландшафт
құрушы өсімдіктердің күлдік элемент құрамын, гумус қорын және оның құрамын,
боз топырақтардың азот пен жылжымалы фосфор мен калий мөлшерін зерттеп,
Арыс пен Келесте суармалы шалғынды боз топырақтарды жазды, сонымен қатар
гипстенген боз топыраққа сипаттама берді.
А.Б.Курмангалиев пен А.А.Соколов Шымкент облысының оңтүстік боз
топырақтарының қалыптасуындағы табиғи климат ерекшеліктеріне тоқтап, мына
төмендегі қорытындыға келді: яғни, 1. Боз топырақтардың карбонаттылығы
биоклиматтық ерекшеліктеріне ғана емес сонымен қатар топырақ құрушы
жыныстың табиғи карбонаттық қор көрсеткішіне де байланысты екенін; 2. Тұран
өңіріндегі көптеген боз топырақтың карбонаттылығы аналық жынысының жоғарғы
карбонаттылығына да байланысты.
Сондықтан, аз карбонатты немесе жоғары карбонатты терминін боз
топырақтың түрлік ерекшеліктерін анықтау үшін қолданды. Боз топырақтардың
өңірлік ерекшелігін анықтаған кезде оңтүстік деген терминді Батыс-
Тяньшань аймағына, ал солтүстік Солтүстік-Тяньшань аймағына қолданған
дұрыс.
А.Б.Курмангалиев, Г.А.Рустамбаев, А.А.Соколов Шымкент облысының
кебірленген боз топырағына сипаттама берді.
С.Н.Рыжковтың көрсетуі бойынша Орта Азияның суармалы егіншілігінде
күздік бидай дақылдарын су және қоректік заттармен қамтамасыз еткен
жағдайда құнарлылығын арттыруда бірінші орында оның физикалық қасиеттері,
яғни түйіртпектілік пен оның бірікпесі шығады.
Түйіртпектілік пен топырақ бірікпесі топырақ құнарлылығын арттырудағы
маңызын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап өткен (Докучаев, Костычев,
Вильямс, Гедройц, Дояренко, Растел, Дж Кук Блэк және т.б.) анықталған
топырақ түйіртпектілігі оның су, ауа, жылулық, физика-химиялық қасиеттеріне
соның әсерінен топырақтың барлық құбылымына, оның су және жел эрозиясына
төзімділігіне, дақылдардың өнімділігімен өсімдіктердің су мен қоректік
заттарды тұтынуына тікелей әсер етеді.
Бірақ та егіншілік тәжірибесінде түйіртпектілік пен бірікпенің
агротехникалық шараларды қолданған кезде сандық мөлшері әлі күнге дейін
нақтылы белгіленген жоқ. А.Г.Дояренконың айтуы бойынша Біз агрономдар
топырақты өңдеген кезде қандай түйіртпектілікпен бірікпенің сандық мөлшер
критерийін білмегенше біздің көрсеткіштеріміз субъективті бола бермек.
А.Н.Розанов боз топырақты аймақта топырақ ресурстарының байлығын дұрыс
игеру үшін – өндірістік тұрғыдан боз топырақтың сондай қасиетін табуымыз
керек, яғни топырақ түйіртпектілігін, оның ерекше қасиеттері арқылы
құнарлылығын арттыруымыз керек.

маңызын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде атап өткен (Докучаев, Вильямс,
Гедройц және т.б.) анықталған топырақ түйіртпектілігі оның су, ауа,
жылулық, физика-химиялық қасиеттеріне соның әсерінен топырақтың барлық
құбылымына, оның су және жел эрозиясына төзімділігіне, дақылдардың
өнімділігі мен өсімдіктердің су мен қоректік заттарды тұтынуына тікелей
әсер етеді.
Бірақ та егіншілік тэжірибесінде түйіртпектілік пен бірікпенің

топырақты өңдеген кезде қандай түйіртпектілік пен бірікпенің сандық мөлшер
критериін білмегенше біздің көрсеткіштеріміз субъекті бола бермек
А.Н. Розанов боз топырақты аймақта топырақ ресурстарының байлығын дұрыс
игеру үшін - өндірістік тұрғыдан боз топырақтың сондай қасиетін табуымыз

құнарлығын арттыруымыз керек.
Суармалы боз топырақта суға төзімді агрегаттарын жақсарту үшін оның
түйіртпектілігі мен бірікпесін реттеу арқылы іс жүзіне асыруға болады.
Кейінгі жылдары елімізде топырақтану - агрохимия ғылымы одан әрі алға
басып, дамып келеді. Ғалымдарымыз Е.Р.Елешев, Т.Смағұлов, Ә.Балғабаев,
К.Ш.Фаизов, Р.А.Уразалиев, А.И.Иорганский, А.С.Сапаров , және т.б.
топырақ құнарлығын арттыруда өз үлестерін қосуда.
Сурет 1 Жаңаталап жеке шаруа қожалығы
2. Негізгі бөлім
2.1 Шаруашылық туралы жалпы мағлұматтар
Жаңаталап жеміс - жидек жеке шаруа қожалығы Сайрам ауданының оңтүстік
- батыс бөлігінде орналасқан. Бұл шаруашылық солтүстігі мен оңтүстігінде
Шымкент құс фабрикасы мен Жаңаталап акционерлік қоғамдарымен, ал солтүстік
батысында Арыс ауданының жерлерімен шекараласады.
Жаңаталап жеміс - жидек кеңшары 1959 жылдары құрылған, оның
шекараларын ұлғайту үшін Жаңаталап акционерлік қоғамының жерлерінен кесіп
берген, ол облыс орталығы Шымкенттен 20 км қашықтықтаорналасқан.
кесте 1
Жаңаталап жеке шаруа қожалығының жер экспликациясы (га)
Пайдаланатын жер атаулары Көлемі, га %
Жыртылған жерлер 407 24,2
Оның ішінде суармалы 161 9,6
Көпжылдық шөптер 690 40,9
Жайылым 588 34,9
Жалпы пайдаланатын жер 1685 100
Жеке шаруашылықтың негізгі бағыты жеміс - жидек 1-кесте мағлұматтары
бойынша көпжылдық егістер жалпы көлемі-690 га, оның ішінде бақ-313 га,
жидек -1,0 га, жүзімдік – 319 га және көшеттік - 57 га.
Жеке шаруа қожалығы 4 бөлімшеден тұрады: мұнда жеміс, жүзім, дәнді
дақылдар, көкөністер және жемдік дақылдар егіледі. Төмендегі 2-суретте 1-
кестедегі мәліметтер диаграмма түрінде келтірілген.
кесте 2
Егілетін дақылдардың құрылымы
№ Егілетін дақылдардың аталуы Көлемі, га Үлесі, %
1 Дәнді дақылдар 184 45,2
2 Көкөністер 4 1,0
3 Бақша 5 1,2
4 Көпжылдық шөптер (байырғы) 156 38,4
5 Көпжылдық шөптер (биылғы) 16 3,9
6 Сүрлемдік жүгері 42 10,3
Барлығы 407 100
Келтірілген 2-кестенің мағлұматтары бойынша дәнді дақылдардың үлес
салмағы - 45,2%, көпжылдық шөптердің - 42,3% құрайды. Ал басқа дақылдардың
үлес салмағы - 12,5%.
Сурет 3- Егілетін дақылдардың диаграммасы
Ұжым шаруашылығында алма мен жүзімнің әртүрлі сорттары егіледі. Жемісті
дақылдар-633 га жерге егіледі, оның ішінде шекілдеуік дақылдар -313 га,
жүзімдіктер - 319 га, жидектер - 1,0 га, көшеттіктер - 57,0 га.
кесте 3
Тыңайтқыштарды қолдану деңгейі (тонна)
Органикалық Минералдық тыңайтқыш
Дақылдардың түрлері тыңайтқыш (центнер)
(тонна)
азот фосфор
Жыл басындағы қоры 406 255 153
Берілді: 365 253 -
а) Дәщңк дакылдарга
б) Жемдік дакылдарга
в) Копжылдьщ
епстщтерге
а) Дәндік дақылдарға - 74 -
А)
б) Жемдік дақылдарға 109 53 -
в)
в)Көп жылдық егістіктерге 256 126 153
3-кесте мағлұматтары бойынша тыңайтқыштарды негізінен көпжылдық
егістікке берілгенін байқаймыз, яғни, шаруашылықтың негізгі бағытынан
алынатын өнімдерге, бау–бақша, ағаштарына.
2.2 Топырақ түзілудің табиғи жағдайларына сипаттама
Қарашірінді немесе қаршірік (гумус) қышқылдары және олардың
қасиеттері.Органикалық заттардың ауысуы үрдістерінде алдымен өсімдікткр
жеке бөліктерге, сосын бөлшектерге, органикалық малекулаларға және соңында
минералдық тұздардың малекулаларына дейін ауысуы ыдырауы, гумификация және
минералдану сатылары бойынша жүреді. Органикалық және минералдық заттардың
бөлшектері, малекулалары және иондары өзара реакцияға түсуге қабілетті,
осыған байланысты топырақта, микроағзалардың қатысуымен мүлде жаңа,
бастапқыларынан ерекшеленетін органикалық зат -- қарашірінді немесе
қарашірік қышқылдары және олардың құрамында азоты бар тұздар пайда болыды.
Топырақтың минералды бөлігіндегі қарашіріндіде 10-15% ыдырамаған алғашқы
органикалық заттар болса, топырақсинтезделген жаңа қарашірік қышқылдары мен
олардың тұздарының органикалық қосылыстары 80-90%-ын қамтиды.
Қарашірінді заттарын 2 топқа бөледі: гумин қышқылдары және
фульвоқышқылдар.
Бірінші топқа қара түске боялған гумин қышқылдары жатады, олар
алғашында суда еріген түрде болады, ал сутектің екі, үш валенттік
ктиондарымен әрекеттескенде, олар тұнбаға түседі. Гумин қышқылдарының
тұздары – гуматтар NH+, NH4+ және K+ суда ериді және төменге ағу арқылы
төменгі гаризонттарға шайылады да нығыз және каллойдтық ерітінділер түзеді.
Гумин қышқылдары мен гуматтар минералдық бөлшектердің сыртын жабу
арқылы гумин деп аталатын сұр, сұрғылт-құба немесе құба түсті
оргономинералдық микроагрегаттар түзеді.
Л.Н. Александрова бойынша орта есеппен гумин қышқылдарындағы көміртегі
– 52-62%, сутегі – 2,5-5,8%, оттегі – 31-39% және азот – 2,6-6,1%
құрайды. Гуматтар мен гумин қышқылдары жинақтала келе топырақты сұр, құба-
сұр немесе қара түстерге бояйды. Олар топырақ түйіртпектеріне сіңіп,
олардың желімденуіне және топырақ құрылымының қалыптасуына ықпал етеді,
құрылымдық түйіртпектер арасындағы сызаттар бойымен ағып, онда қарашірікті
және қарашірікті-үлбірлерге айналады. Гумин қышқылдары мен олардың тұздары
бактериялардың ықпалынан ыдырайды.
Гумин қышқылдары тобын гумин және ульмин қышқылдарына бөледі.
Қасиеттері бойынша олар бір-біріне өте жақын, тдегенмен ульмин
қышқылдарысуда пептирленеді, түсі бурыл және қоңыр болады. Олардың
қышқылдық қасиеттері карбоксил (---СООН) және басқалардың болуы арқылы
анықталады. Қышқылдардың екінші үлкен тобы --- фульвоқвшқылдар, қазақшаға
аударғанда сары қышқылдар. Негізінен ылғалды салқын климатты, саңырауқұлақ
микрофлорасының басымдық жағдайында, яғни мүктер, қыналар және орман
төсеніштері ыдырауы кезінде пайда болады. Фульвоқышқылдарының түсі
құбасары, суда ериді, өте қышқыл (рН 2,6-28). Қарапайым құрамы: көміртегі
–40-52%, сутегі 4-6%, оттегі – 40-48% және азот – 2-6%.
Фульвоқышқылдардың 1 және 2 валентті катиондарынан еритін тұздар –
фулваттар түзіледі. Ғе және Аl фульваттары концентрациясы неғұрлым
қаныққан және құрамындағы біржарымдық тотықтар мөлшері аз болған кезде суда
ерігіш болады. Фульвоқышқылдар неғұрлым біржарымдық тотықтармен қаныққан
сайын, соғұрлым олардың ерігіштігі төмендей береді. Біржарымдық тотықтар
топырақта көп болғанда, темір мен алюминий фульваттары тұнбаға түседі де,
каллойдтық қосылыстар түзеді. Фулвоқышқылдар өте белсенді, яғни олардың
топырақтың минералдық бөлігімен реакцияға түсу қабілеті жоғары. Мысалы,
олар екіншілік минералдарды ыдыратып, одан кальций, магний, калий, темір
және алюминийді бөліп алады. Фульвоқышқылдар 2 топөқа бөлінуі мүмкін: ашық
түске боялғандары – олар өте белсенді, крен қышқылдарына сәйкес, күңгүрт
түске боялғандары – апокрен қышқылдарына сәйкес.
Топырақтағы гумин және фульвоқышқылдардың арақатнасы мен құрамына
байланысты олардың топырақтың минерелдық бөлігіне жалпы белсенділігі де
өзгеріп отырады.
Гумин және фульвоқышқылдардың арақатнасы 0,2-ге дейін болғанда,
қарашірік жинақталмайды десе де болады(себебі олардың көп бөлігі суда
ерігіш), минералдық бөлігінің ыдырауы жоғары; 0,2-0,5 шамасында болғанда
қарашірік жинақталуы мардымсыз, ал әсері белсенді; 0,5-0,7 шамасында
болғанда қарашірік жинақталуы орташа; 0,7-ден жоғары болғанда қарашірік
жинақталуы да жоғарыболып, минералдық бөлік өзгермеген күйінде қалады.
Коллойдтық күйге дейін ыдыраған органикалық заттарды шірінді деп
дтайды. Шірінді топырақта гуминдерден, гумин қышқылдарынан, Ғе3+, Al3+
гуматтары мен фульваттарынан тұрады.
И. В. Тюрин бойынша әртүрлі топырақтың 1 метрлік тереңдік қабатындағы
органикалық заттар құрамы (тга) мынадай:
Қалың қабатты қара топырақ ---- 760
Орманның шымды топырағы ---- 110
Шымды-шымтезекті топырақ ---- 230
Кәдімгі қара топырақ ---- 450
Орманның сұр топырағы ---- 475
Қаракүрең топырақ ---- 250
Сілтісізденген қаратопырақ ---- 555
Ашықкүрең топырақ ---120
Сұр топырақ ---- 80
Құнарлығы бойынша ең кедей топырақтар құрамында 80-110 тга
органикалық заттар болса, ең бай топырақтардағы органикалық заттар мөлшері
--- 760 тга болады. Топырақтың органикалық заттары биологиялық үрдістердің
қарқынды жүруіне үлкен ықпал етеді, сондықтан, топырақ-органикалық
заттардың түзілуі және ыдырауының күрделі үрдістері жүріп жататын табиғи
дене деп айтуға болады.
Органикалық заттардың топырақтың құнарлығына әсері. Топырақтың
құнарлығын көбінесе топырақтың органикалық заттары анықтайды, өйткені оның
құрамында өсімдіктерүшін керекті элементтердің бәрі бар. Органикалық заттар
бар жерде топырақты сумен, ауамен, жылумен қамтамасыз ететін топырақ құрамы
пайда болады. Шірінді қышқылының топырақтың минералдық бөлігіне әсер
етуінен қоректік элементтердің үлкен бөлігі босап шығыды. Қарашірік
қышқылдары биологиялық айналымға, өсімдіктердің қоректік элементтерін ұзақ
сақтауға қатысады.
Топырақтан жеткілікті ылғал мен қоректік элементтерді талап ететін
өсімдіктер, үлкен көлемде қарашірік заты бар микроағзалардың алуан түріне
бай топырақтарда жақсы өседі. Сол себепті топырақтарда органикалық
заттардың құнарлылығын және өсімдік өнімділігін жоғарылату маңызды мәселе
болып табылады.
Органикалық заттардың жинақтау және ыдырау үрдістерін реттеу тәсілдері
топыраққа адамдардың шаруашылық іс-шаралар қолдану мен тығыз байланысты.
Үлкен аумақта жер жырту кезінде топырақтардың аэрациясы жақсарады,
органикалық заттар ыдырауының аэробты түрі дамиды, гумин қышқылдары
бөлініп, топырақ струтурасының жақсаруына септігін тигізеді және сонымен
қатар, көп мөлшерде қоректік элементтер бөлінеді. Батпақты құрғатқан кезде
де осы үрдістер жүреді. Ыдырау үрдістерін азот, фосфор, калий және
бактериялық тыңайтқыштар қосып тездетуге болады. Бірақ топырақтағы
қарашірікті сақтау керек және де оны мүмкіндігінше көбейту керек. Ол үшін
қышқыл топырақтарды әкпен қанақтыру, батпақтардың 10-40 тга шымтезегін
жырту, бактерияларды енгізу әдістерін іске асырады. Топырақтарды суару, қар
тоқтату және су мен жел эрозиясымен күресу кең таралған. Орман
шаруашылығында топырақтардағы органикалық заттардың құрамын ағаштардың
түрлерін таңдап отырғызу арқылы реттейді. Әдетте жапырақты және аралас
ормандарда шыршалы және қарағайлы ормандарға қарағанда қарашірік көп
болады, көлеңке сүйгіш өсімдіктер мен жарық сүйгіш өсімдіктер арасындағы
қврашірік мөлшеріі де сол сияқты боады.
Топырақ пен топырақ түзілудің жамылғысының қалыптасуы. Кеңістіктегі
жарық пен жылулықтың, сонымен қатар беткі және жер асты суларының таралу
орталығы болғандықтан, бедер көп жағдайда топырақ түзілудің бағытын
анықтайды.
Елді мекенде бедер элементтерінің орналасуы мен жату жағдайына
байланысты мына төмендегі геоморфологиялық аудандарға бөлінеді:
1. Төбелі – толқымалы жазықтық.
2. Бадам мен Сасық өзендерінің аңғарлары.
Төбелі толқымалы жазықтық. Шаруашылықтың шығыс және батыс бөліктерін
қамтиды. Бұл жерлердің салыстырмалы биіктігі 396-444 м. Негізгі бедер
элементтері толық – толқымалы бедер саналады. Бұл аудан өте күрделі әрі
тілімденген қапталдар әлсіз көлбеулі, көлбеулі және сиректі болса күшті
көлбеулі. Міне, осындай толқымалы жер қапталдарында эрозияға бейім, сонымен
қатар әлсіз кейде орташа эрозияға ұшыраған жерлер кездеседі. Толқымалы
бедердің төменгі ойыс жерлерінде беткі сулардың ағуының салдарынан мұнда
тукта шөгінділері қалыптасады.
Бадам мен Сасық өзендерінің аңғарлары. Шаруашылықтың солтүстік және
орталық бөліктерін қамтиды. Бадам өзені шаруашылықтың солтүстік бөлігін, ал
Сасық өзені елді мекенді оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай кесіп
өтеді. Сасық өзенінің аңғарында жайылмалық және жайылма үстіндегі кертпе
жолақтар әлсіз байқалады, ал Бадам өзенінде жайылма үстіндегі кертпе
жолақтар анық байқалады. Жайылма үстіндегі кертпе жолақтар бедері жазықты
келеді, онда шалғынды боз және шалғынды топырақтар қалыптасқан. Жеке
шаруашылық елді мекеннің топырақ түзуші жынысы көп жерлерінде әртүрлі
қалдықтағы лөс тәріздес құмбалшықтар. Олардың түсі ашық қуаң сұрғылт,
карбонаттылығы мен майда тесіктігі жоғары. Бұл лөс тәріздес құмбалшықтарда
ірі шаң фракциялар деңгейі басым (0,01–0,005мм). Міне сондықтан жыныста
кәдімгі боз топырақ, шалғынды боз топырақ және шалғынды топырақтар
қалыптасқан.
Беткі және грунт сулары. Топырақ түзілу үрдісіне беткі және грунт
суларының тигізетін әсері зор, ол жергілікті елді мекеннін аққыштық
деңгейін анықтайды. Су жүйесінің ең басты көзі болып Бадам өзені мен Сасық
өзені және Сасық магистральды арнасы саналады. Жеке шаруа қожалығының су
айрықтары жақсы аққышты. Осы жерлер де жартылай гидроморфты және
гидроморфты топырақтар қалыптасқан. Сасық өзенінің аңғарындағы ыза
суларының талдауын зерттеген кезде, олардың әлсіз минерализацияланғанын 2,4
гл көреміз. Түзілген химизмі анион бойынша хлорлы - сульфатты, катион
бойынша натрийлі - магнийлі. Бадам өзені 4-суретте.
Климат жағдайы. Шаруа қожалығының елді мекені климаттық көрсеткіштер
бойынша шөлейтті аймаққа жатады. Оның басты ерекшеліктері атмосфералық
түсімнің аздығы, жазғы ауа температурасының жоғарылығы және қысқы
температураның төмендігі.
Шаруашылықтың климаттық көрсеткіштеріне сипаттама беру үшін Шымкент
метиобекетінің мағлұматтарын келтіреміз. Бұл жердің климаты күрт
континентальды қысқа әрі суық қыспен, ыстық әрі ұзақ жаз айларымен, сонымен
қатар жауын – шашын мөлшерінің аздығымен сипатталынады.
Жылдық орташа температура көрсеткіш 12,60С аралығында ауытқиды. Жаз
кезіндегі ауаның максимальды температурасы-42,70С, қыстағы минимальды
температура – 27,30С. 100С жоғары температура жиынтығы-40490. Жылдық ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы-57%, ең жоғары ылғалдылық қыс айларында (желтоқсан-
қаңтар) байқалады, онда оның көрсеткіші 75-76%, ал ең минимальды жаз
айларында (шілде-тамыз), мұнда – ол төмендеп 34% жетеді.
Жылдық орташа жауын – шашын мөлшері 486 мм. Жылдық маусымында жауынның
түсімі біркелкі емес, максимальды мөлшері қыс, көктем айларында келеді. Қыс
қысқа және тұрақсыз. Ең бірінші үсік 18-қыркүйек, орташасы 16- қазан, ең
соңғысы 15-қараша айларына тән келеді. Жылдағы аязсыз күндер саны --- 189.
Елді мекенде жел өті айқын байқалмайды. Желдің орташа жылдамдығы-2,9мсек.
Мағлұматы бойынша желдің жылдамдығы өте көп емес, максимум-3,3 мсек, ол
жұмсақ климат көрсеткішіне тән. Бұл шаруа, қо-
Сурет 4
- Бадам өзені.
жалығының климаты бау-бақша, жүзімдік және көкөніс өсіруге өте ыңғайлы
әсіресе бұл дақылдарды ылғалмен қамтамасыз еткен жағдайда.
Өсімдік жамылғысы.Өсімдік түрі мен топырақ жамылғысының арасында тығыз
байланыс бар. Топырақ, өзінің физика - химиялық жағдайымен өсімдіктің
өсуіне жағдай жасайды, ал өсімдік өз кезегінде топырақты органикалық
заттармен байытып, оның түйіртпектілігін жақсартып, сонымен қатар оның
көптеген қасиеттеріне әсер етеді.Адамдардың тіршілік іс - әрекетінің
салдарынан (жерлерді егіншілік пайдалануға суғару және жүзімдік, бақ
отырғызу, жерді жырту және т.б.) табиғи өсімдік түрлері көп жерлерде
сақталмаған. Шаруашылықтың тек батыс бөлігінде табиғи өсімдіктер біраз
сақталған. Табиғи тың жерлердегі өсімдіктер негізінен эфемерлі – әртүрлі
шөпті келеді (қызғалдақтар, бидайықтар, қоңырбас, жусан, қияқөлең, укекіре
және т.б.). Шөптердің жоспарлы жамылғысы 40 - 45%. Оның орташа өнімділігі 5
– 6 цга. Міне, ол өсімдіктер астында кәдімгі боз топырақ қалыптасқан.
Суармалы жерлерде, көпжылдық егістіктерде жемдік және басқа дақылдарда мына
төмендегі арамшөптер кездеседі (дала шырмауығы, қарашоғыр, қамыс, жантақ
және т.б.). Топырақтардың ластануы орташа.
Топырақ жамылғысы. Жоғарыда келтірілген топырақ түзілу факторларының
арқасында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық елді мекеніндегі
ұжым шаруашылығында боз топырақты топырақ типінің қалыптасуына және дамуына
алып келді. Ішкі аймақтық топырақтардан мұнда кәдімгі боз топырақ түрлері
көптеп кездеседі. Бедердің әртүрлі болуы және беткі және жер асты
суларының жату жағдайына, өсімдік жамылғысы мен топырақ – түзуші
жыныстардың әртүрлі болуы, бұл елді мекенде топырақ жамылғысының әртүрлі
болып қалыптасуына алып келді және ол белгілі бір реттік заңдылығына
бағынады.
Төбелі - толқымалы жазықтықтың беті тегіс жерлерінде кәдімгі боз
топырақтар кездеседі, ол осы жер беті негізгі боз топырақтар типі болып
саналады. Көлбеу және өте тік көлбеу қапталдарға, төбелерде, жар
жағалауларында, толқымалы жерлерде әлсіз шайылған, ал әлсіз еңісті және
күрт еңісті қапталдарға орташа шайылған, ал жарлар түбінде, төбе аралық,
шұқырлы жазықтықтарға тұнбалы топырақтар кездеседі. Кәдімгі боз топырақтар
ыза сулары жақын жатқан жерлерде кездеседі. Ол сулар топырақ түзілу
үрдісіне әсер етпейді, бұл жерлерде атмосфералық түсім аз және жыл бойында
оның таралу мөлшері біркелкі емес. Жауынның ең көп түсетін мезгілі қыс пен
көктем айларында, ал жаз айларында оның мөлшері өте аз.
Боз топырақты аймақта маусым бойында ылғалдану деңгейі біркелкі емес
болғандықтан гидротермикалық құбылым өте құбылмалы, жаз айларында оның
мөлшері өте төмен, сондықтан бұл кезде топырақта ылғалдың жетіспеушілігі
байқалады. Тек көктем айларында топырақ біршама ылғалданады, ал қыста ауа-
райы тұрақты емес. Боз топырақтың су құбылымында қысқы және көктемгі
кездегі ылғалдың басқа мәтінімен салыстырғанда көп болуына байланысты
топырақ тоңазымаған және беткі ағыстарға тосқауыл қойған жағдайда терең
ылғалданады. Ал жоғарғы температуралардың одан кейінгі мерзімде
қалыптасуына байланысты топырақтағы табиғи ылғал қоры булануға шығындалып
жатқанға дейін топырақ қабаттары сол ылғалданған тереңдікке дейін құрған,
топырақта өсімдіктерге тиімсіз деңгейі мөлшеріндегі ылғал қалады. Бадам мен
Сасық өзен аңғарларында ыза суларының топырақ бетіне жақын орналасуына
байланысты кәдімгі боз, шалғынды және батпақты топырақтар қалыптасады.
Кәдімгі боз топырақ жеңіл құмбалшықты. Бұл топырақтар шаруашылықтың
шығыс және батыс бөліктерінде қалыптасқан. Олар көбінесе жайпақ және ептеп
көлбеулі адырлы-жоталы жазықтықтарда және олардың әртүрлі экспозицияларында
эфемерлі – астық тұқымдасты өсімдіктермен қатар әртүрлі шөптердің астында
қалыптасқан.
Топырақ түзуші жыныстар болып лөс тәріздес құмбалшықтар саналады. Ыза
суларының жатуы өте терең, 10-15 м аралығында, міне сондықтан топырақ түзу
үрдісіне оң әсерін тигізбейді. Бұл топырақтың ерекшеліктері мына
төмендегідей:
1. Гумус қабатының қалыңдығы көп емес. А+В1=36 см.
2. Топырақ кескінің гумустенуі нашар, соның салдарынан бұл топырақтардың
түсі сұр бозғылтты, яғни ақшылдау келеді.
3. Топырақ түзілу үрдісінде қарқынды биологиялық белсенділік байқалады,
соның салдарынан органикалық заттардың минерализациясы қарқынды
жүреді. Оған себеп мұндағы микроорганизмдердің өмір сүру қарқынының
өте жоғары болуынан, ол мұндағы маусымның ыстық кезіндегі
температураның өте жоғары әрі жауын мөлшерінің өте аз болуымен
қабаттасады.
4. Топырақ кескіні өте кеуекті, ол осындағы топырақта тіршілік ететін
мезофаунаның, яғни жауын құрттары, қоңыздар, майда ін қазғыштар және
т.б. топырақ тіршілік организмдерінің қарқынды белсенділік іс-
әрекетінің нәтижесінің қорытындысынан болмақ.
5. Түйіртпелік айқын байқалмайды, негізінен кесекті.
6. Топырақ бетіне карбонатты қабаттың жақын жатуы.
Бұл топырақтардың гранулометриялық құрамы бойынша орташа құмбалшықты.
Физикалық балшықтың беткі қабаттардағы мөлшері 33,4% – тен 37,6% -ке дейін
ауытқиды
кесте 4
Кәдімгі боз топырақтың гранулометриялық құрамы
Үлгі алу Фракциялар мөлшері мм, ал оның құрамы % 0,01 %
тереңдігі,
см.
0,25-0,01-0,050,05-0,0010,001-0 ,000,005-0 0,001
0,01 5 ,001
0-38 3,13 29,52 31,93 9,68 12,57 13,37 33,42
40-50 2,74 46,15 13,53 7,59 13,77 16,42 37,58
66-76 3,76 36,90 27,90 7,66 23,96 12,18 33,44
100-110 2,25 42,28 29,00 6,53 9,22 10,74 26,49
150-160 - 26,59 46,14 21,20 9,68 6,79 27,47
В2 қабатында тұнба фракциялар мөлшері көбейіп, оның деңгейі 16,42%-ке
жеткен, ал одан кейінгі тереңдікте бұл көрсеткіш қайтадан төмендейді. Бұл
балшықтану үрдісі, мұндай жағдай боз топырақтарға тән.
Балшықтану топырақ кескінінде қарқынды түрде химиялық үгілудің жүріп
жатқанын көрсетеді, ол бұл қабаттардағы өзіндік гидротермиялық құбылымның
қалыптасқанын көрсетеді.
Гранулометриялық құрамға ірі шаң (0,01-0,05мм) бөлшектерінің басым
екенін көреміз, оның мөлшері 27,90-31,93% аралығында ауытқиды, ал одан
кейін орташа шаң (0,05-0,001мм) 26,4-46,2%.
Кәдімгі боз топырақтың химиялық талдауына сипаттама берсек, бұл
топырақтың беткі қабатында қарашірінді мөлшерінің өте аз екенін көреміз,
яғни 0,93%. Топырақтағы қарашірінді мөлшерінің мұндай аз болуы бұл жерлерде
топырақтың бетін тегістеу жұмыстары жүргізілген. Қарашіріндінің мөлшеріне
байланысты топырақтағы жалпы азоттың да мөлшері өте төмен – 0,018-0,073%
жалпы фосфор 0,076 – 0,127%, яғни орташа.
Жылжымалы қоректік элементтермен бұл топырақтардың қамтамасыз етілуі
фосформен төмен (10,4 мгкг), ал калиймен жоғары-388 мгкг топырақта.
Кәдімг боз топырақтың химиялық талдау нәтижклері төмендегі 5-кестеде
көрсетілген.
кесте 5
Кәдімгі боз топырақтың химиялық құрамы
Үлгі алу Үлесі,% СО2 Жылжымалы қоректік
тереңдігі,см заттар, мгкг
Гумус Жалпы Жалпы Р2О5 К2О
азот фосфор
0-33 0,93 0,073 0,127 2,56 10,5 388,0
40-50 0,38 0,036 0,108 9,02 6,4 168,2
66-76 0,24 0,018 0,076 13,89 1,1 76,5
150-200 0,18 - - 12,6 - -
Бұл топырақтар беткі қабаттан көпіршиді және астыңғы қабаттарға қарай оның
деңгейінің көбейгенін көреміз (13,89%). Карбонаттардың мұндай орналасуын
оның беткі қабаттардан төмен қарай атмосфералық ылғалдықтың салдарынан
шайылғанынан болмақ. Топырақтың су сүзіндісінің мағлұматтарына сүйенсек бұл
топырақтар тұзданбаған. Топырақ кескініндегі құрғақ қалдық мөлшері 0,044%
артпайды.
Агроөндірістік топтастыру бойынша кәдімгі боз топырақ орташа
құмбалшықтылар бірінші топқа жатады Кәдімгі боз топырақтың су сүзінділері
зерттеліп, ондағы құрғақ заттар мөлшері анықталған 6-кестеде көрсетілген
мәліметтерге сүіенуге болады.
кесте 6
Кәдімгі боз топырақтың су сүзіндісінің құрамы (%) 100 г топырақта
Кескін № Үлгі алу НСО3 Сl SO4 Құрғақ
тереңдігі, қалдық, %
см.
61 0-33 0,032 0,003 0,004 0,040
40-50 0,027 0,001 - 0,037
66-76 0,029 0,003 0,001 0,044
100-110 0,027 0,006 0,002 0,0044
150-200 0,027 0,001 0,004 0,037
Кәдімгі боз топырақ құмайтты. Шаруашылық елді мекенінде бұл топырақ тек
бір нұсқамен келтірілген. Бұл топырақтарда алдыңғы топырақтар сияқты осы
жерде кездесетін топырақтық – климаттық жағдайда қалыптасқан. Тек оның
ерекшеліктері мына төмендегідей:
1. Топырақ түзуші жыныстар болып құмайтты жыныстар саналады.
2. Гумус қабаты салыстырмалы түрде қысқартылған. (А+В)=34 см.
3. Топырақ түсі едәуір ақшылдау.
4. Көзге көрінетін карбонаттар байқалмайды.
5. Гумус мөлшері, жалпы азот пен фосфор, жылжымалы қоректік зат
мөлшері (фосфор мен калий) орташа құмбалшықты кәдімгі боз
топырақтарға қарағанда төмен.
Гранулометриялық құрамы құмайтты, физикалық балшық мөлшері 14-16%
аралығында ауытқиды. Фракциялардың ішінде басымы майда және орташа және
орташа құмбалшықты.
Беткі қабатта қарашіріндінің мөлшері 0,68%, төменгі қабаттарға қарай
оның мөлшері күрт азаяды. Жалпы азоттың мөлшері 0,02-0,056%, жалпы фосфор
0,056-0,114%. Бұл топырақтар тұзданбаған, құрғақ қалдық мөлшері 0,037%
артпайды. Бұл топырақтар жыртылатын топырақтар қатарына жатады.
Агроөндірістік топтастыру бойынша ІІ-агроөндірістік топқа жатады, яғни
жекеленген агротехниканы қажет етеді.
Кәдімгі боз топырақ суармалы.
Шаруашылықта бұл топырақ түршелері елді мекеннің ортаңғы бөлігінде
төбелі-толқымалы жазықтықтың тегістелген бөлігінде кездеседі. Топырақ
түзуші жыныс болып лөс тәріздес құмбалшықтар саналады. Ыза сулары өте
тереңде орналасқан 10-15м, сондықтан топырақ түзілу үрдісіне әсер етпейді.
Суғарудың салдарынан бұл топырақтар мына төменгі қасиеттерге ауысады:
1. Гумус қабатының қалыңдығы созылған, ол суғару суларының салдарынан
гумустың беткі қабаттан төмен қарай шайылуының салдарынан болмақ;
2. Мәдени өсімдіктер тамырының топырақ кескініне терең бойлауы;
3. Кескін бойынша гумустың орналасуының біркелкілігі;
4. Макро түйіртпектің айқын байқалмауы, микро түйіртпектің суға
төзімділігі және беріктігі және т.б.
Гумус қабатының қалыңдығы А+B=40см.
Бұл топырақтардың сипаттамасынан толық мағлұмат алу үшін оның
морфологиялық жазбасын келтіреміз.
Бедері-төбелі-толқымалы жазықтық.
Пайдаланған жер-тыңайтылған жер.
Өсімдік жамылғысы-эфемерлі-әртүрлі шөпті.
Кәдімгі боз топырақ суармалы гранулометриялық құрамы бойынша орташа
кейде жеңіл құмбалшықты. Физикалық балшықтар көрсеткіші бойынша орташа
құмбалшықта 34-37%, ал жеңіл құмбалшықта-21,5-29,0% аралығында ауытқиды.
Беткі қабатта гумустің мөлшері 1,24%, астыңғы қабаттарға қарай біртіндеп
төмендейді. Жалпы азоттың мөлшері беткі қабаттарда 0,09%, жалпы фосфор
0,187%.фосфордың мөлшері орташа, яғни фосфор – 20мгкг, калий-278 мгкг
топырақта.
Бұл топырақтар карбонатты, топырақ кескіні бойынша карбонаттар мөлшері
8,7% ден 12,6% аралығында ауытқиды. Топырақтың су сүзіндісі бойынша бұл
топырақтар тұзданбаған, құрғақ қалдық мөлшері 0,054% артпайды. Жоғарыда
келтірілген мағлұматтар бойынша бұл топырақтар ауылшаруашылық дақылдарын
және көпжылдық шөптерді егу үшін өте қолайлы топырақ болып саналады. Міне,
сондықтан бұл топырақтар жыртылатын жақсы топырақтар қатарына жатады.
Агроөндірістік топтастыру жағынан бірінші топқа жатады. Игергенде осы жерде
қалыптасқан агротехниканы қажет етеді Әртүрлі топырақтарды салыстырмалы
ауыспалы егістікте пайдалану тәсілін тыңайтқыштарды қолдану, мелиоративтік
шараларды өңдеу, нақтылы топырақты климаттық жағдайларға дұрыс егіншілік
жүйесі жерді пайдалану шаралары іс жүзінде асыруға мүмкіндік береді.
Топырақтың түрі мен түршелерін агроөндірісітк топтарға біріктіру, ол
топырақтарға біртектік шараларға қолдануға және игеруге мүмкіндік береді,
ол осы топтағы топырақтың құнарлығын арттыруға жағдай жасйды.
Топырақты агроөндірістік топтарға біріктірудің негізгі критерийлері ;бір
топырақ климаттық аймаққа немесе аймақшаға жатуы,топырақтардың тектік
жақындығы нышандарының ұқсастығы: топырақ кескінінің морфологиялық
құрылымының әсері оның беткі қабаттарының; топырақ түзуші жынысы мен
гранулометриялық құрамының; негізгі физикалық қасиеттерінің, сулық, ауалық
және жылулық; химиялық, физико-химиялық сипаттайтын қасиеттерінің, қоректік
заттар мөлшер көрсеткіштерінің; бедерлерінің олардың қалыптасуының
біркелкілігі, топырақ нұсқаларының ұқсастығы; топырақ құнарлығын
төмендететін, игеруге кері әсерін тигезетін (тұзданғандығы, тас пен
қиыршықтастығы мен ластанғаны және т.б.) шаралардың біртектес болуы және
біркелкілігі және оны жақсартуға арналған мелиоративтік жағдайларды
жасаудың ұқсастығына байланысты топтастырады.
Жоғарыдағы келтірілген топырақ қасиеттері мен нышандарының шаруашылық
топырақтарындағы ұқсастығын және қолданатын шаралардың біркелкілігіне
байланысты жеке шаруашылықтың топырақтары агроөндірістік топтарға
біріктіріледі.
Топырақты агроөндірістік топтастыру және ауыл шаруашылығында
пайдалану.Топырақты агроөндірістік топтастыру арқылы әртүрлі топырақтарды
салыстырмалы ауыспалы егістікте пайдалану тәсілін тыңайтқыштарды қолдану,
мелиоративтік шараларды өңдеу, нақтылы топырақты климаттық жағдайларға
дұрыс егіншілік жүйесі жерді пайдалану шаралары іс жүзінде асыруға
мүмкіндік береді.

Топырақ құнарлығын төмендететін, игеруге кері әсерін тигезетін
(тұзданғандығы, тас пен қиыршықтастығы мен ластанғаны және т.б.) шаралардың
біртектес болуы және біркелкілігі және оны жақсартуға арналған
мелиоративтік жағдайларды жасаудың ұқсастығына байланысты топтастырады.

Кәдімгі боз топырақтар бұл елді мекендегі ең жақсы топырақтар
қатарына жатады. Осы өңірде өсетін барлық ауылшаруашылық дақылдарын егуге
болады. Бұл топтағы топырақтардың қасиеттері өте оңтайлы және орналасу
бедері жағынан кешенді механизация мен суару жүйесін қарқынды пайдалануға
мүмкіндік береді. Бұл топырақтарда тиімді пайдаланған жағдайда барлық
ауылшаруашылық дақылдары мен көпжылдық егістіктерден жоғары өнім алуға
болады.
Дақылдардан жоғары өнім алу үшін топырақты өңдеу тәсіліне, арамшөптер
мен зиянкестерді қорғауға, суғару техникасына көңіл аудару керек. Есептеу
мағлұматтары бойынша бұл топырақтарды суғарғандағы оптимальды мөлшері
1053м3га.
Көпжылдық егістіктерде еккен кезде ең бірінші кезекте терең жырту
үшін (50-60см) плантажды соқаларды қолдану керек, ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz