Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының геоэкологиялық жағдайы
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Физикалық география және геоэкология кафедрасы
Бітіру ЖҰМЫСы
Солтүстік қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық жағдайына сипаттама
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Зерттеу
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ...
1.2 Солтүстік Қызылқұмның географиялық орналасу орны мен ерекшеліктері
1.3 Жер бедерлері мен геологиялық
құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Климаттық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
1.5 Гидрографиялық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
1.6 Топырақ және өсімдік
жамылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.7 Жануарлар
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
2. Зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...
2.1 Геоэкологиялық зерттеудің дәстүрлі
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Геоэкологиялық және ландшафттық карталарды құрастыруда ГАЖ
технологияларын
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...
3. Солтүстік қызылқұм шөлді аумағындағы табиғи-территориялық кешендердің
қазіргі геоэкологиялық жағдайларына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Солтүстік Қызылқұм шөлді аумағындағы табиғи ландшафттар
3.2 Солтүстік Қызылқұм шөлді аумағының геоэкологиялық аудандастырылуы
3.3 Солтүстік Қызылқұм шөлі табиғи-территориялық кешендеріне тікелей әсері
бар өндірістік –антропогендік нысандарды геоэкологиялық тұрғыдан
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қосымшалар
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының
геоэкологиялық жағдайы.
Дипломдық жұмыс беттен, 8-кестеден, 2 картадан, 2 суреттен және
қосымшалардан тұрады.
Кіріспе, 3 тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Жұмыстың мақсаты: Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының қазіргі
геоэкологиялық жағдайына шолу жасай отырып, оның геоэкологиялық ластану
жолдарын жіктеу, жақсарту мақсатындағы іс-шараларды айқындап көрсете
отырып, аумақты геоэкологиялық аудандастыру.
Негізгі сөздер: Солдтүстік Қызылқұм, геоэкология, ластану көздері,
кластары, геоэкологиялық аудандастыру, геоэкологиялық және гидроэкологиялық
жағдай, өндіріс.
Кіріспе
1. Зерттеу нысандары
1.1 Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының зерттелу тарихы
Солтүстік Қызылқұм аймағын игеру сонау ежелден жүргізілгені белгілі.
Оны грек ғалымдары Птоломей (б.э.б ІІ ғ.) мен Геродоттың (б.э.б. ІІ ғ.)
еңбектерінен көре аламыз. Дегенмен оның шарықтап дамыған кезеңдері б.э.д. 7
ғасырларда кезіндегі Орта Жаңадария мен Орта Іңкәрдарияны игеру кезінде
жүзеге асқан болатын, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының өтуі де септігін
тигізді. Ол кезде суландыру тәсілдері ескі арналар есебінен іске асырылды.
Осы аудандарда ені 10-20 м каналдар салынды1.
Бұл өте үлкен аумақ кезінде Еуропа мен Азия аралығын жалғастырған
сауда керуен жолы болғандықтан зерттеушілердің назарын ерте кезден ақ
аудартты. Тарихшылар мен саяхатшылардың айтып кеткен, жазып кеткен
мәліметтері Н.Дингельштедтің (1893ж), Л.С.Бергтің (1908ж), В.В.Бартольдің
(1900ж), С.П.Толстованың (1948ж) тамаша монографияларында сипатталады1.
Солтүстік Қызылқұмның жер бедерінің кейбір ерекшеліктерін ең бірінші
Л.С.Берг 1900-1906 жылдарда Арал теңізін зерттеу кезінде назар аудартып,
толық сипаттамасын берді2.
1913 жылы Л.С.Бергтің жазған мәліметтері негізінде Орта Азия мен
Қазақстанның ландшафттық-морфологиялық аудандастырылуы жасалынды.
Орыс саудагерлері мен көпестерінің агенеттік хаттамаларынан алынған
мәліметтерге қарағанда, жазбаға түскен осы өңірді географиялық тұрғыдан
зерттеу 1886 жылдан басталды делінеді. Бірақ оған дейін, Үлкен сызба
кітабында, Гладышев пен Муравин, Рычков, Броувер еңбектерінде өңір туралы
құнды мәліметтер келтірілген. 1856 жылдан кейін классикациялық кезең –
П.П.Семенов, Ш.Уәлиханов, Н.А.Северцов жүргізген физикалық-географиялық
жүйелі зерттеулерден бастады. 1848-1849 жылдары А.И.Бутаковтың экспедициясы
Арал теңізі мен оның аралдарын, Қызылқұмның Арал теңізімен шекаралас
аумақтарын зерттеді. Зерттеу нәтижесінде 1848 жылы Арал теңізін зерттеу
үшін жасақталған экспедиция туралы мағлұматтар атты еңбегін жариялап, 1853
жылы тарихта тұңғыш рет Сырдария өзені арқылы кемемен жүзіп өтті1.
С.С.Неуструев 1911 жылы бұрынғы Перовск уезінің топырақ жабындысын
суреттеуге арналған өзінің ғылыми еңбегінде аймақты төмендегі ландшафттық-
топырақтық аудандарға бөледі:
1. Сырдария өзені қазіргі аңғары мен оның салаларының аумақтары немесе
осы өзеннің әсер ету аумағы.
2. Сарысу өзенінің сағасындағы көлдік немесе шалғындық белдемдер.
3. Сырдария өзенінің көне аңғарының ойпатты жазықты аумақтыр. Оларды
оңтүстік және солтүстік бөліктерге (Қызылқұм шөлін қоса есептегенде) бөлді.
1937 жылы И.П.Герасимов Тұран ойпатының қазіргі жер бедерінің түзілуі
жайында монография жазып шықты. Ол еңбекте Солтүстік Қызылқұм аймағының
геологиялық даму тарихы, осы аумақта аллювиальді шөгінділердің түзілу
заңдылықтары толық зерттелінген.
Жоғарыды аталған ғалымдарының еңбектеріне шолу жасай отырып, мынадай
тұжырымдамаға келуге болады: Аумақтың жер бедерінің негізгі көрсеткіштері
көне аллювиальді құм шоғырларынан тұратын тақырлар мен аллювиальді
жазық1.
Аумақтың зерттелу тарихына көз жүгіртсек, Соллтүстік Қызылқұмның жер
бедерінің дамуы, шығу тегі мен пайда болуы тарихы жайында ғалымдардың
көзқарастары әртүрлі болған, сондықтан оларды әртүрлі үш үлкен
тұжырымдамаға біріктірді.
Н.А.Северцов Солтүстік Қызылқұм аумағында метеорологиялық зерттеу
жұмыстарын жүргізді. А.А.Зарудный Арал теңізі мен Солтүстік Қызылқұмның
батыс бөлігінің құстары мен бауырымен жорғалаушылары, қосмекенділері туралы
зерттеу жұмыстарын жүргізді. И.В.Мушкетов та метеорологиялық тың мәліметтер
жинақтап шықты. Қазіргі уақытта Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті, Түркіменстанның шөл зерттеу ғылыми институты, Қазақстан Білім
және Ғылым министрлігінің География институты, Ботаника институты, Зоология
институты, Қазақтың топырақтану ғылыми зерттеу институты, сондай-ақ жеке
ғылыми-зерттеу мекемелері аумақта әр сала бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізіп келеді3.

Солтүстік Қызылқұмның территориясы әртүрлі биіктіктерімен, күрделі
бедерімен өзіндік ландшафттарымен сипатталады. Құмды массив Орта Азияда,
Қазақстан, Өзбекстан мемлекеттерінің аумағында орналасқан. Солтүстігінде
Сарысу өзенінің сағасына дейін, шығысында Шардара су қоймасына, ал
батысында Арал теңізін құрғаған тағанымен шектеседі.
Бұл жердің жазықтық құмдары алювийлік жыныстардың эолдық өңделуінің
нәтижесінде пайда болған. Ал кейбір аудандарында, мысалы, Қызылқұм мен Арал
маңы Қарақұмдарында түпкілікті тау жыныстарының желден үгілуі нәтижесінде
қалыптасқан. Қызылқұмның биік қатарлы құмды төбелері уақытша кезінде адасып
аққан пролювийлік ағындардың әсеріне құралған. Бұл құм төбелерінің
қалыптасуында желдің басым рөл атқарғанын көптеген ғалымдар жоққа шығарады
(Геллер, Макеев, Кунин). Ал биік құмды төбелер қарқынды терең қатпарлықтың
постумды тектоникаалық қатпарлықтармен сабақтасуының нәтижесінде қалыптасуы
мүмкін1.
Солтүстік Қызылқұм шөлінің жер бедерінің шығы тегіне қарасақ,
құмдардың 3 типін бөліп көрсетуге болады:
1. Жаңа аллювийлік жыныстардың дамуынан пайда болған төбелі-үйілген
құмдар;
2. Көне (кельтеминарлық) аллювийлік жыныстардың әсерінен құралған
төбелі-қырқалы құмдар;
3. Биік төбелі-қырұқалы құмдар, олар түпкілікті тау жыныстарының
үгітілуінен пайда болған.
Солтүстік Қызылқұм шөлі И.П.Герасимовтың, П.К.Чихачевтің(1931ж),
Б.А.Феодоровичтің (1950ж) айтулары бойынша, үштік кезеңнің, бор
кезеңдерінің жыныстарынан түзілген, ал орталық бөлігінде одан да көне
шөгінділерден түзілген делінеді. Олар түпкілікті тау жыныстарының
дефляциялануынан және үгілуінен пайда болған субаэральді құмдармен
көмкерілген. Қызылқұм шөліндегі эолдық құмдар тек қана Амудария мен
Сырдарияның төрттік кезеңдегі шөгінділерінің тарқалуынан ғана емес, сонымен
қатар, палеогендік және бор кезеңінің құмды свиталарының ыдырауынан да
түзілген дейді Б.А.Феодорович4.
Солтүстік Қызылқұмның құмдарының тілімденуінің өте күрделілігі мен
құм төбешіктерінің биіктігі олардың ұшыраған эолдық процестері өте ұзақ
болғандығын дәлелдейді. Сондықтан, палеоген қабатының қызыл түсті
қалыңдығының ұзақ уақыт эолдық деструкция процестеріне ұшырауы салдарынан
Қызылқұм шөлі пайда болған және олардың тілімденуінің өте күрделілігі бұл
құмдардың өте ежелгі құмдар екендігін дәлелдейді.
Б.А.Феодоровичтің пайымдауынша, құмдардың жасының ұзақтығын тек қана
құм төбелерінің тілімденуімен қатар, олардың минералогиялық құрамы бойынша
да анықтауға болатындығын айтады. Олар шөгу ерекшеліктеріне байланысты,
үгілуге белсенділігі төмен минералдар құм құрамынан тез арада ажырап
бөлініп кетеді де, орны кварцпен тез толығады. Сондықтан, құм құрамындағы
кварцтің болуы олардың жас ұзақтықтарының мөлшерін тез анықтауға көмек
көрсетеді. Мысалы, минералогиялық сараптама жұмыстарын жасаған кезде,
Солтүстік Қызылқұм шөлінің құмдарының құрамындағы кварцтің мөлшері 95
пайызға дейін жеткен5.
1.3 Жер бедерлері мен геологиялық құрылымдары
Қазіргі уақытта қарастырылып отырған территория түгелімен дерлік
игерілген десек те болады. Бұл ежелден келе жатқан аридті территориялардың
бірі. Осы өлкені барлап қарасақ, қазіргі кезде оның барлық ландшафттық
құрылымдарының өзгергенін көруге болады.
Геологиялық құрылысы жағынан Қызылқұмның Қарақұмнан айырмашылығы сол:
қатпарлы палеозойлық фундамент Қызылқұмның шегінде жер бетіне тақау жатады,
ал орталық бөлігінде мезозой мен үштік қабатын тесіп өтіп, аласа таулар
пайда қылады. Қызылқұмда төрттік шөгінді қабаты Қарақұмдағыдан біршама
өзгеше қалыптасқан. Аллювийлі материял шөлге негізінен Сырдария арқылы
әкелінген. Борпылдақ қызылқұмдық қат-қабаттың құрамы Қарақұмның дәл сондай
шөгінділерінен құрамында сазының көптігімен ажырыйды. Мұны ірі кесек
материалды Сырдарияның Ферғана қазаншұңқырына қалдырып, ал едәуір жұқаларын
қазаншұңқыр шегінен ары-Қызылқұмға алып келуімен түсіндіруге болады. Барлық
жағынан дерлік тұйықталған, әрі биік жоталармен қоршалған Ферғана ойысы
жоталардан сусып түскен және оған Сырдария ағызып әкелген кесекті
материалдардың сүзгісі- коллектор болып қалды. Ферғана қазаншұңқырының
беткейлері одан ағып шығатын, әрі Сырдарияға құятын көптеген өзендердің
кесек материалды ағызып әкететін негізгі көзі болды. Амударияда аллювийлі
шөгінділердің мұндай коллекторы болған емес, қазірде жоқ. Ол шайынды
заттарды тікелей Қарақұмға ағызып әкеліп, бағытынан тайып, оларды кең
аймаққа қалдырып кетті. Копет-Дагтың солтүстік тік беткейінен ағып шыққан
өзендер Теджен мен Мургаб сияқты аллювийді тіке Қарақұмға ағызып әкеледі.
Қызылқұм территориясы жалпы алғанда жазық бола тұра, оның жер беті мейлінше
күрделі. Арал теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын негізінен терең
тілімделген эол құмдары жауып жатады, бұлардың арасында ежелгі арналарды
бойлай құмтасты-сазды, көбінесе сортаңды жазықтардың жіңішке жолағы созылып
жатыр. Кең байтақ алқапты құм массивтерімен, құмдақтармен, мейлінше
борпылдақ бетпен және сормен алмасып келетін тақырлар алып жатыр. Қызылқұм
үстінің аса ірі бөлігінде құмтасты қырқалар көп, құм қырқалардың ірі
алқабын Сырдарияның ескі арналарын қуа таралған аллювийлі жазықтардың
жіңішке жолағы кесіп өтеді6.
Аллювийлі жазықтардың жолағынан солтүстік- батысқа қарай созылған
құмды қырқалар біршама аласа (10-12м), оңтүстікке қарай олардың биіктігі
кәдімгідей артады, 20-30 м-ге, ал кей тұстарда 100 м-ге жетеді. Бұл
қырқалар көбіне бетін жауып жатқан қалған байырғы жыныстардан (үштік)
түзілген заунгуз қырларына ұқсас.
Қызылқұмның орталық бөлігінде аласа таулар: Кульджуктау (784 м),
Мамдытау , Мамдытау (888 м) және Бөкентау (785 м) көтеріліп тұрады.
Амударияның атырауына жақын Сұлтан Уыздық (485 м) жотасы орналасқан. Бұл
таулар қатпарларға қатты жаншылып, опырықтармен күрделене түскен палеозой
жыныстарынан (граниттерден) т.б. түзілген. Қатпарлардың асиметриясы
оңтүстік беткейлердің біртіндеп көтерілуімен және солтүстік беткейлердің
жарлауыт болып келіуімен байланысты. Таулардан пайдалы қазындылар: асбест,
мыс, графит табылған. Тау аралық ойпаттардағы мезозой жыныстарына тас көмір
шоғырланған. Тянь-Шаньның даму тарихымен бірдей. Таулардың беткейлері терең
сайлармен тілімденген. Тау етегінде кедір-бұдыр кесек материалдар үйіліп
жатады да, тастақты шөлдің учаскелері пайда болады. Палеозой массивтері
бордың және үштіктің гипстің жыныстарынан – құмтастан, конгломераттардан,
құмнан, саздан түзілген тау баурайындағы елсіз жазықтармен жиектелген. Бұл
жыныстар опырықтармен бұзылған ірі де кең және аласа қатпарларға
жанышталған. Тау іргесіндегі жазықтардың беті құмтасты- сазды шөгінділермен
алмасып келіп отыратын кесек қиыршықты материалдармен жабылған. Тау
етегіндегі жазықтардың жалпы тұрпаты кісі қызығарлық, ойлы - қырлы болып
келетін көбіне кемерлер - шыңқырлар жасап, едәуір аласа деңгейде жатқан
жазықтан бөлініп тұрады. Шыңқырларды құрғақ, келте, әрі терең сайлар кесіп
өтеді7.
Аласа палеозойлық тауларда тұрақты су ағысы жоқ. Көктемде ктемде
(март-апрельде), жауын-шашынның ең көп мөлшері түсетін кезеңде, тау
беткейлерінен және жыралармен тасқын сулар ағып түседі. Майда, жаңбыр
тоқталысымен-ақ, су ағысы тартылып қалады. Жыралардың түбінен әдетте тұщы,
әрі суық грунт сулары шығып жатады.
Аудан тұйық, су ағып шықпайтын ойысты келеді, ойыстардың түбі
айналасынан бірнеше ондаған метр (200 м-ге дейін) төмен жатады. Мұндай
бірқатар ойыстардың түбінде ас тұздарының қабаттары құралған. Амудария мен
аласа палеозой тауларының арасында құмдауыт жазық орналасқан, ол ежелгі
құмтасты шөгінділерден түзілген. Өсімдіктермен бекіген қырқалар меридиан
бағытынды созылып жатады. Амударияның оң жағалауында зангуз қырқаларына
ұқсас жоғарғы үштік континеттік шөгінділерінен түзілген қырқалар жиі
кездеседі. Ойлы- қырлы, одан кейін құмды массивті жалпақ тау алды жазықтары
Заревшан мен Гиссар жоталарының тау алдынан батыс бағытта біртіндеп аласара
отырып, созылып жатыр. Тау алдының дәл түбінде, жоғарғы бөлігінде, жазықтар
леспен жабылған. Жазықтардың үстінде байырғы жыныстардан түзілген толып
жатқан төбелер мен қыраттар көтеріліп тұрады.
Аумақтың геологиялық даму тарихындағы тектоникалық құрылымдарындағы
процестер төрттік дәуірдің тау жыныстарының, литогендік негіздерінің және
әртүрлі жер бедері пішіндері мен типтерінің таралуынан көрініс береді.
Яғни, әртүрлі жер бедері пішіндері мен типтерінің құрылымынан, қазіргі
дамыған табиғи кешендерінің ерекшеліктерінен айқын көрінеді. Әсіресе,
қазіргі ландшафт құрылымдарының қалыптасуында төрттік дәуірдің жыныстарының
маңызы зор.
Төрттік дәуірдің жыныстарының ішінен кеңінен аллювиальді, деллювиальді
және эолды жыныстар аумақтың солтүстігі мен шығысында басым келеді.
Аймақтағы негізгі ерекшеліктер бойынша жер бедерін үш категорияға
топтастыруға болады:
1. Денудациялық-тектоникалық: Солтүстік Қызылқұмның Қаратау
жотасының сілемдерімен шекарасы;
2. Денудациялық: а) төбешікті-қырқалы Қызылқұм құмдары;
ә) құмды Солтүстік Арал
маңы ірі массивтері;
3. Аккумулятивті және аккумулятивті-денудациялық:
а) Сырдария өзенінің
аллювиальді жазықтары;
ә) Өзен террасалары;
б) Көлді жазықтар
в) Арал теңізі тағанындағы
құрғаған жаңа эолды шөлдер.
Құмды қырқалардың биіктігі солтүстік бөлігінде 7-14 метрден
аспайды. Оңтүстікке қарай біртіндеп көтеріледі де, 20-30 метрге дейін
жетеді. Б.А.Феодоровичтің тұжырымдауы бойынша, осы территорияның
орталығында құмды қырқалардың биіктігі олардың ұзақ уақыт бойы эолды
процестерге ұшырағандығының айғағы8.
1.4 Климаттық ерекшеліктері
А.П. Алисов бойынша Солтүстік Қызылқұм шөлінің аумағы шұғыл
континенттік Тұран және Солтүстік Тұран климаттық облысының құрамына
кіреді. А.А. Пузырев болса, өзінің Оңтүстік Қазақстанды климаттық
аудандастыруы бойынша бұл аумақты Балқаш-Арал шұғыл континенттік облысына
жатқызады10.
Қызылқұмның солтүстік жартысының климаты жалпы алғанда шөлейттердің
солтүстік аралық зонасында орналасқан территорияның, соның ішінде Үстірттің
климатымен ұқсас. Солтүстік Қызылқұмға шұғыл континенттік климат жағдайлары
тән, жазы ыстық, қысы қақаған суық. Батыс Қызылқұм- Орта Азия жазықтарының
құрғақ бөлігі, жылдық жауын-шашынның мөлшері 80-100мм. Жауын-шашынның ең
көбі көктемде-март, апрельде (20-10мм), ең азы-июль мен августа түсед; бұл
айларда әдетте жаңбыр болмайды. Қызылқұмның оңтүстік жартысында қар
тұрақтап жатпайды, қысы суық, бірақ солтүстіктегінен жұмсақ; январьдағы
орташа температура - 400, ал ең төменгі температура -300 –тан ары, осы
ретпен Қазалыда -12 және -400. Қызылқұмның оңтүстігінде июльдегі орташа
температура +300- қа, ал солтүстігінде (Қазалы) +260- қа жетеді9.
Күн радиациясы. Бұл аймаққа жоғарғы күн радиациясы тән (140 ккалсм).
География заңдылықтары сияқты мұнда да оның түсуі бұрышы өзгеріп отырады.
Біздің жағдайымызда ол солтүстіктен оңтүстікке қарай ұлғая түседі. Күн
радиациясыныңжылдың әр мезгілінде әркелкі түсетіні белгілі. Көптеген
мәліметтерге сүйенсек, біз зерттеп отырған территорияға күз айларында бұл
көрсеткіш теріс балансты құрайды (20 ккалсм). Бұдан күн радиациясының
жылдың жылы кездерінде басым, ал суық кездерінде аздығын көреміз.
Территорияның құрлықтың ортасында орналасуы салдарынан қоңыржай ауа
массаларының басым болады. Ал Атлант және Жерорта теңізінен келетін
теңіздік қоңыржай ауа массалары тіпті аз болады. Ол ауа массалары жеткеннің
өзінде өзгерністерге ұшырап жетеді. Аймақ қыста солтүстіктен келетін Сібір
антициклонының ықпалында болып, аймақтың қаңтар және ақпан айларын -420С
дейін төмендетеді. Ал жазда Орта Азия мен Ираннан келетін құрғақ, әрі ыстық
тропиктік ауа массалары әсер етіп, аймақта құрғақшылықтың болуына алғышарт
жасайды. Жоғарыда аталған ауа массаларының әрқайсысы аймақтың көптеген
табиғи жағдайларына өзінің әсерін тигізіп отырады.
Атмосфералық қысым. Біздің жағдайымызда атмосфералық қысым оңтүстік-
шығыстан солтүстік-батысқа қарай өседі. Аймақтың орташа жылдық атмосфералық
қысымы 1003 гПа. Ал ең жоғарғы көрсеткіш желтоқсан мен қаңтар айларына
келеді. Орташа есеппен жылына 1009-1010 гПа. Ал ең төменгі атмосфералық
қысым көрсеткіші шілде айында 991гПа.
Ауа температурасы. Ауаның +100С-дан жоғары температурасының жиынтығы
3600-42000С, ал мезгілдің ұзақтығы 180-200 күн, жазы ыстық, әрі құрғақ.
Шілде айының орташа температурасы +290С болса, ең жоғарғы көрсеткіш
+40+420С. Желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде қалыңдығы 10-15см қар
түседі.
1-кесте. Ауаның орташа айлық және жылдық көрсеткіштері
Метеостанция1
айлар
ШРШ 1989 1997 1999 2001 2007
Тұтқырлық 7,0 12,82 11,30 13,02 13,30 12,63
Хлор 300,0 96,2 122,1 121,39 146,45 133,30
Сульфаттар 100,0 762,0 488,8 572,89 628,6 602,35
Кальций 180,0 162,0 74,9 104,9 113,3 116,02
Магний 40,0 85,8 88,5 93,5 68,6 86,5
Мұнай 0,05 0,05 0,05 0,02 0,033 0,02
өнімдері
Аммиак 0,39 0,36 0,34 0,31 0,28 0,28
Нитриттер 0,02 0,03 0,023 0,010 0,017 0,0017
Нитраттар 9,0 3,02 4,10 6,96 4,62 2,30
Жер асты сулары. Солтүстік Қызылқұмның аумағында жер асты суының мол
қоры орналасқан. Бұл жер асты суының минералдылығы 1,5-3,0 гл аралығында.
Бұл әрине ауыз суға жарамды.
1.6 Топырақ және өсімдік жамылғылары
Солтүстік Қызылқұм аумағының топырақтарын топырақтанушылар шөлді сұр
топырақ белдеміне жатқызады. Бұл аумақтағы негізгі белдемді топырақтар
типтерінің қатарына: құба, сұр-құба, құмды шөлді топырақтар, сорлар,
сортаңдар, тақырлар кіреді. Аумақта сонымен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz