ЖЫЛАНДЫ ТАУЫ, АЙДАҺАР ҮНГІРІ ЖАЙЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Көкше академиясы



ҒЫЛЫМИ ЖОБА

Тақырыбы: “Үлгілі үңгіріндегі зерттеулер”.

Орындаған: _________Өміралина А. Қ.

Көкшетау – 2012ж
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1.ЖЫЛАНДЫ ТАУЫ, АЙДАҺАР ҮНГІРІ ЖАЙЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР
(Ел есіндегі аңыздар)
5

2.Үңгірдің зерттеу нысаны, жағдайы және әдіс-
тәсілдері
12

3.Үңгірдің зерттеу нәтижелері
15

ҚОРЫТЫНДЫ
17

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
19

Қосымшалар
20

КІРІСПЕ

Зеренді өңіріндегі ғажайып табиғи көріністер мен жайлы жағалаулары бар
көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары таулы орман-тоғайдың негізін
құраған алқаптар, қаншама табиғи-тарихи ескерткіштер орналасқан лайықты
ландшафтар туризм саласының қарқынды дамуына өздері сұранып тұрғандай.
Өкінішке орай аймақтағы инфрақұрылым, жол тараптары дамымағандықтан және
арнайы мамандардың аздығынан туризм саласы бұл жерде тоқырап тұр. Осы
мәселені шешуге аз да болса үлесімізді қосамыз ба, деген ниетпен Зеренді
өңіріндегі табиғи-тарихи ескерткіштерді іздестіру және зерттеу жұмыстарымен
айналысуға Көкше академиясының арнайы экспедициясы 2008 жылдан бастап осы
жұмыстарға кірісіп кеткен. Сөйтіп, аты аңызға айналған Үлгілідегі
(Қауқарағай баурайындағы) Айдаһар үңгірінде зерттеу жұмыстары қарқынды
деңгейде басталған еді.
Үңгір бізге дейін зерттелмеген табиғи нысан. Біздің мақсатымыз,
үңгірді спелеологиялық, археолгиялық тұрғыдан терең зерттеп, нысанды көне
адамдардың тұрағы ретінде көрсетіп, өңірге деген жұртшылықтың және
қонақтардың қызығушылығын арттырып, келешекте нысады табыс көзіне
айналдыру.
Нысанды спелеологиялық және археологиялық тәсілдермен зерттеулер
жүргізуге мүмкіндіктер мен жағдайлар баршалық.
Нысанды зерттеу барысында тарих ғылымдарының докторы, археология
профессоры Зайберт В.Ф мырзадан ақыл-кеңес алып, оның жұмыс барысын
технологиялық жағынан қадағалап отыруын қамтамасыз еттік.
Көкшетау қаласының оңтүстік – батыс ығында көгілдір көлдері мен
сыңғырлаған бал – бұлақтары бар, қалың қарағайлы таулары мен тіп-тік өскен
терегі мол ойпаңдары бар, ақ нұрымен ажарланған ақ қайыңды жайқалған
жазықтары бар, тапал өскен талға толы сай-салалары бар, ұзындығы 60
шақырымдай, көлденеңі 25-30 шақырым жайсаң жерді Зеренді алқабы алып жатыр.
Бұл алқап Көкшетау ұлттық табиғи паркінің негізін құрайды.
Жоғарыда жалпылама айтылған табиғи көрністер адам қойған атаулары және
заман өзгерістерін өз бойына сіңірген тарам-тарам тарихы бар ескерткіштер
емес пе?! Ескерткіш дегеніміз ескерту, еске түсіру, есте сақтау деген
ұғымдарының негізгі жиынтығы іспетті. Сондықтан біз Зеренді өңірінің тарихи
және табиғи ескеркіштеріне көз жүгіртіп оқырмандарды ой бөлісуге шақырып
отырмыз.
Зеренді орман-тоғайлары аң-құсқа да мол. Мұндағы тағы жан-
жануарлардың түрлерін аман сақтап, келесі ұрпаққа оларды көбейтіп
түрлендіріп жеткізу жалғыз экологтардың ісі емес, бәріміздің міндетіміз.
Айта кетейін, Зеренді – Жыланды өңірінде ертеде аю да болған. Бұған дәлел
Жыланды тауының оңтүстік – батыс бауырында шытырман ағаш ішінде Аюбұлақ
деген сайдың саласы бар. Саяхат бағдарының жобаларын жасағанда жоғарыда
айтылған тарихи жәйттерді молынан кіргізсек, оларды айтып қана қоймай,
атақты жерлерді ыңғайға келтіріп, қонақтарға көрсете білсек, саяхатымыз
сәнді болары сөзсіз.
Осыған орай, өзіміздің келесі жылға арналған бір бағдарламамыздың
бетін аша кетейін. Қарсаќ аулы мен Үлгілі аулының арасындағы жол бойында
жалпақ тастармен қоршалған диаметрі 8 м, биіктігі 1,2 м көне қорған
орналасқан. Бұл қорған қола дәуіріне жатуы мүмкін. Қазір осы қорғанда
археологиялық қазба жұмысын жүргізу жобасын жасау үстіндеміз.
Елімізде саяхат индустриясы дамуына экономикалық және құқықтық жолдар
ашылып, ұйымдастыру-жобалау жұмыстары жігерлі түрде жүріп жатыр. Үкімет
назары да бұл сұраққа жиі оралып, ерекше (приоритет) көңіл бөлуде. Себебі,
қазақ жерінде тарихи, табиғи, мәдени ескерткіш түрлері сан-алуандап
баршылық. Соның біреуі, жоғарыда сөз етіп отырған - Зеренді өңірі.
Алыс-жақыннан келетін қонақтарымызға (туристерге, саяхатшыларға)
бүгінгі таңда қазақи тұрғыдан немізді көрсетіп, не туралы ауыз толтырып
айта аламыз. Қазіргі заманда шашылған дәулетімізді (қираған қора, құлаған
клубтарды, жабулы дүкендерді т.б.) көрсету олақтық болар. Көрсетсек,
тарихи, табиғи, мәдени азды-көпті, ескерткіштерімізді жинақтап, топшылап
ұсынуымыз керек сияқты. Бұл үшін тиянақты дайындық, тереңірек зерттеу
керек. Тарихи тұлғаларымызды айқындап, олардың өмір-деректерін нақтылау
қажет. Көне тарихымызбен қазба деректерін жүйелеп қағазға түсіру- археолог-
тарихшыларымыздың міндеті.
Жалпы, барлық саяхат, туризм қызметінде қазақтың исі аңқып, қазақи
көріністерге толы болуын қамтамасыз еткен жөн. Себебі, бізге келген
қонақтар өз Отандарында көрген дүниені біздеде тамашалағаны дұрыс болмар
еді. Оларға нақты қазақтың тарихын, мәдениетін, ас-суын, ат-көлігін, ер-
тұрманың, аңшылық өнерін толығымен көрсете білсек қана туризм қызметі
біздің жерде тартымды да қызықты болмақ.

1.ЖЫЛАНДЫ ТАУЫ, АЙДАҺАР ҮНГІРІ ЖАЙЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР (Ел есіндегі аңыздар)

Ерте, ерте, ертеде кең дала төсінде күміс кекілді қаудан,
салалы ақ селеу тербелген, тауларда киік пен құлан, елік пен бұлан ойнақ
салған, қарағай мен қайың аспанмен тілдескен, сыңсыған орманда азулылар
да, тұяқтылар да қаптап жүрген, арналы өзендердің, айдынды көлдердің мол
суы меруерттей мөлдіреген, суда аққу мен қаз, үйрек пен қызғыш жыртылып
айрылған, аспанда ақ иық бүркіт, қара жағал қаршыға қалықтаған, адамдардың
аяқ артар көлігі - жылқы, қорек қылар азығы - қазы-қарта, сусыны қымыз
болған көне заманда бабаларымыз Қарағайлы, Қаратау аталатын қос таудың
қыста ығын паналап, жазда жазира жазығын жайлапты, деп, аталарымыз тебірене
сыр шертетін. Сырлары ертегіден гөрі аңызға көбірек ұқсап кететін.
Ол заманда Қарағайлы мен Қаратау төңірегі адам өтпес қалың тоғай
болыпты. Тоғайдағы сансыз бұлақтардың бүлкілдеген көздерінен бастау алатын
жылғалар қосыла-қосыла терең сайға, арналы өзенге айналыпты. Қарағайлы
өңірінің шөлдегенде мейір қандырар мөлдір суы, ашыққанда жүрек жалғар
көкмайса нуы, қыста желдің өтінен, жазда аптап ыстықтан пана болар қалың
орманы аңға да, жанға да жайлы мекен екен. Сондықтан да болар бұл өңірдің
аң мен құсы құмырсқадай қаптап жүріпті. Қорбаңдаған қоңыр аюың да, азуы
ақсиған қасқырың да, мүйізі шаңырақтай арқарың да, жылмиған қызыл түлкің де
аттаған сайын алдыңнан шығыпты. Аспанда қалықтаған қыранның көптігі
жұлдыздармен таласыпты. Төрт құбыласын түгел ну орман көмкерген
Қарағайлының шығыс жақ етегінде ағаш селдіреп, жер бетін кесек-кесек тастар
жауып жатыпты. Тас қаптаған ашық алаң төмендей-төмендей Қаратау сілеміне
жетіп, екі тау арасында терең шатқал шалқайып жатыпты. Қарағайлы шыңының
жалпақ төбесіне шығып қарасаң да, Қаратаудың қатпар-қатпарына көтеріліп,
көз салсаң да, шатқалдың шыңырау түбі қара түнек жамылған іңірге ұқсап,
шаршап шалдыға ыңыранып, күрсіне күңіреніпті. Қос таудың қосарлана тыныс
алғаны болар, анда-санда шатқалдан бозғыл бу бұрқырап, аспанға көтеріліп
ғайып болады екен.
Бабаларымыз мұра еткен аңызға құлақ салсақ, Қарағайлының қақпақ
тасының астында ат басындай алтын жатыр-мыс, алтынды алу, байлыққа бату
баршаның арманы болыпты-мыс. Әттең ат басындай алтын Қарағайлының астындағы
жойқын судың тасқындай төгілер көзін басып тұр, бұл алтынды қозғасаң, су
көзі ашылып, төңіректі топан су басады-мыс деген аңыз елге тарап, көптің
қолын байлай беріпті. Тас астындағы ат басындай алтынды алып жылан бауырына
басып, анда-санда оянғанда бір жалап, қайта көз жұмады екен. Маңайына
жолағанды құтқармайды, жалмап жұтып қояды-мыс деген аңыз да зәрені алып,
үрейді ұшырыпты. Расында, жылдар жылжи, айлар аса, күндер өте келе
Қарағайлының кесек-кесек көк тастарының арасында жыландардың ордалары
көбейе беріпті. Орман ішінде жеңді білектей сұр жыландар қаптап кетіп, бұл
төңіректі бұрын мекен еткен аң-құс басқа жаққа ауа бастапты. Халық жылан
жайлаған мекен Қарағайлының әуел бастағы атауын ұмытып, енді ол тауды
Жыланды тауы деп атайтын болыпты.
Күндердің күнінде таулы орманнан талғажау іздеген бір бейбақ
Мұздыбұлақ бойынан ұзындығы алты құлаш, жуандығы дөңбектей алып жыланды
алыстан көзі шалып қалыпты. Көрген- білгенін ауылдастарына айта келіпті.
Бауырына басып, жалап жатқан алтыны таусылған соң, алып жылан тау аралап
кетіпті. Жойқын судың көзі ашылыпты, кешікпей керемет сел жүреді, бәріміз
түп-түгел опат боламыз деген үлкен үрей ел арасына әп-сәтте тарап кетіпті.
Жанталасқан жарандар биікте тұрсақ жойқын тасқыннан аман қаламыз деген
үмітпен тайлы-таяғы қалмай өздері Жыланды атап кеткен таудың ең биік
басына шығыпты. Бейсауат жатқан тастарды алып, төбені тегістеп, аяқ басар
алаң жасапты. Жыландының төбесіндегі екі-үш үй ауласымен сыйып кетер тас
алаң сонда жасалған екен.
Тау басында топтасқандар бір күн тосады, екі күн тосады, апта
тосады топан су қаптамайды. Ақыры, төмен түсіп, шашырап кеткен малын
үйірлеп түгендепті, қараусыз қалған үйлерін жинапты. Шамасы келгендер мал
сойып, құрмалдық беріпті. Сөйтіп естерін жинапты.
Бірақ тауда жуырда ғана пайда болған алып жылан қояндарды,
тышқандарды місе тұтпай, бұланның бұзауын, маралдың құралайын, еліктің
лағын, құстардың ұядағы балапандарын жұта беріпті, жұта беріпті. Төліне ара
түспек болған енелерін де арбап-арбап есінен тандырып құлатып, таңдамай
талғамай қылғытыпты. Орман арасында бұрын да селдірей бастаған аң-құс
таудан безіп кетіпті. Ашыққан алып жылан енді тау сілемінде жайылған ауыл
малына ауыз салыпты. Айдың - күннің аманында пайда болған пәлекеттен
берекесі кете бастаған ауыл ежелгі қонысы Жыландыдан іргесін аулағырақ
салып, тау теріскейіндегі Шағалалы өзенінің бойындағы кең жазираға
қоныстаныпты. Көпке жұғымы жоқ, шайпау тілді бүкір кемпір қолынан іс
келмейтін, аузынан боқтығы түспейтін, қолының жымқырмасы бар, тілінің
тістемесі бар жексұрын ынжық екі ұлымен елден бөлініп, Жыландының батыс
сілеміндегі іргелес жатқан Қауқарағайға қоныстаныпты. Олар баспана жасау
үшін бұрын жұрттан көргендерін істеп, жерді кіндіктен аса терең шұқырлап
қазып, іргесін шыммен өріп, адам бойындай биіктікке дөңгелете сүйірлей
көтеріпті. Төбеде қалған дөңгелек саңлау от жаққанда түтін шығар түндік те,
шошала тұрғындарының арнайы жасалып қойған сырық арқылы сыртқа шығып -
кірер есігі де болыпты. Бүкір кемпір екі ұлымен даладан жеміс-жидек теріп,
сәті түссе тұзақ құрып, өздері талдан иген садақпен атып, қайың шоқпармен
ұрып, аң-құс аулап шошалада құмыр кешіп тұра беріпті.
Күндердің күнінде тау кезіп, аң аулап жүрген бүкір кемпір мен екі
ұлы алып жыланға тап болыпты. Буын-буындары қалтырап, аяқ қолдары дірілдеп,
тілдері байланып, жыланның арбауына түсіп қалыпты. Ойда жоқта кездескен
алып жылан қызыл күрең қан басқан сұр көзін өткір найзадай қадап, аузын
арандай ашып, қансыз, сөлсіз боп-боз тілін сумаңдатып, қылыш тістерін
ақсита, ентелей ұмтылыпты. Кенет бүкір кемпірдің байланған тілі босап,
сайрап қоя беріпті.
Ау, алып айдаһар, сен осы таудың да, орманның да иесісің. Жүгірген
аңның, ұшқан құстың, жорғалаған жыланның патшасысың. Саған бағынбайтын,
саған құлдық ұрмайтын, сенен қорықпайтын, сенің әміріңді орындамайтын
тіршілік иесі бұл дүниеде жоқ. Біз бір сорлы жандармыз, дәл қазір үшеумізді
де жұтып жіберуге құдіретің әбден жетеді, бірақ біз саған, алып айдаһар,
бір күндік қана азық бола аламыз, ал ындыны ешқпшан тоймайтын асқазан ертең
де, арғы күндері де тамақ тілейді, сонда, алып айдаһар, сенің алдыңнан екі
баласымен кемпір кездесе бере ме? Әуелі соны ойла. Біз саған ғұмырлық азық
тауып беруді мойнымызға алайық, бізді босат, рақымшылық жаса, құдіретті
айдаһар деп, бүкір кемпір зар жылапты. Кемпірдің көл болған көз жасынан
именді ме, әйтеуір алып жылан да дүрдиген қалпын өзгертіп, жуаси қалыпты.
Әлден уақытта жыланға тіл бітіп: маған ғұмырлық азықты қайдан
таппақсыңдар? деп гүр етіпті. Алып жыланның қаһарынан тау тербеліп, орман
сілкініпті.
Табамыз, табамыз, айдаһар, сенен қорқып, таудан алыстап, кең
жазираға қоныстанған Тосын байдың малы жетеді, екі ұлым сол көп малының
бірін күн сайын жетелеп әкеліп беріп тұрады деп, бүкір кемпір безек
қағыпты. Солай болсын, күнде таңертең бір мал әкеліп алдыма салып
тұрасыңдар, болмай қалса, топырақтан үйілген қара қосыңды қиратып,
өздеріңді жұтып, рахатқа батамын, кездесер жеріміз – Аюбұлақ деп, тағы
бір гүр етіпті де, жөніне кетіпті.
Тосын байдың үйір-үйір жылқысы, отар-отар қойы, табын-табын сиыры,
теріскейін айдынын аққу-қаз мекендеген, тұңғиығында балық ойнаған Ақкөл,
батысын сылдырай аққан салқын суы ешқашан кемімейтін Ақбұлақ, шығысын тау-
тасты жарып өтіп мың бұралған арналы өзен Шағалалы, оның сарқырамасы қоршап
жатқан кең жазираны еркін жайлапты.
Бұл жазық кейін Тосын байдың есімімен Тосынның даласы деп аталып кетіпті.
Бүкір кемпірдің ынжық екі ұлы бір кезде Тосын байдың жылқысын
бағыпты. Астындағы атын дұрыстап ерттеп міне де алмайтын сорлылар жылқы
бағып береке шығармапты. Жылқыны жинап қайыру, отты жерге салу қолдарынан
келмепті. Бытырап бетімен жүрген жылқыға бір күні қасқыр шапса, келесі күні
барымташылар тиіпті. Жылқышылардың берекесіздігінен ығыр болған Тосын бай
болбыраған екі сорлыға аяушылық білдіріп, қой бағуды тапсырыпты. Жылқы
сойып жеу қолдарынан келмей зығырданы қайнап жүрген ағайынды қос ынжық енді
күнде бір тоқтыны жәукемдеп отқа қақтап жеп мәре-сәре болыпты, әттең
ынжықтардың бұл дәурендері де ұзаққа созылмапты. Күндердің күнінде қойшылар
марқаның отқа қақталған балдай етін жеп, мәз болып отырғанда ұялы қасқыр
отарды қуып кетіп, түгел қырып тастапты. Қанша аяушылық білдірсе де, енді
байдың бүкір кемпірді қос ұлымен қоса жұмыстан қуып жіберуден басқа амалы
қалмапты. Содан бері бүкір кемпірдің Тосын байға деген өлшеусіз өкпесі қара
қазандай қастық болып, қап-қара жүрегінде қатып қалыпты. Бүкір кемпір
Тосыннан есе қайтарар күнім туды деп қуанып, шіркін алып жыланды қолға
үйретіп алып, Тосын байдың өзіне айдап салсам, тамаша болар еді деп
армандапты. Оның әжімді сұп-сұр бетінде өмірінде тұңғыш рет жымию нышаны
пайда болыпты.
Тура келген ажалдан аман қалған бүкір кемпір де, қос ұлы да
естерін жинаған соң, алып жыланның жарлығын орындау қамына кірісіпті. Күн
демей, түн демей безек қағып, қос ынжық Тосынның отарынан бір тоқтыны таң
ата Аюбұлақтың басына жеткізіп отырыпты. Алдында азығы дайын тұратын алып
жылан енді Қаратаудың жықпыл-жықпылын, Қосадырдың ашық алаңдарын асықпай
аралап, Аюбұлақтың бал татыған мөлдір суын қана жұтып, рахаттанып жататынды
шығарыпты.
Күндерін әзер көріп жүрген бүкір кемпірге, оның қос ынжығына
өздеріне тамақ табу, алып жыланды асырау қып-қызыл бейнетке айналыпты.
Бірақ басқа амалы жоқ, бір күн азық болмай қалса, алып жылан ойраныңды
шығарады. Тірі қалғың келсе, бейнетке көн, шаршама, шалдықпа, мал ұрла.
Бүкір кемпір мен қос ынжық осы азапқа амалсыз көніпті. Түнде ұйқы, күндіз
күлкі көрмей, шаршаса да, шалдықса да дамыл таппай қос ынжық алып жыланға
Тосын байдың ұсақ малын таси беріпті, таси беріпті. Сөйтіп жан сақтапты.
Көзі қырағы, болып жатқан өзгерістерді тез байқайтын сезімтал,
малға сақ Тосын бай ұсақ малының өрістен түгел оралмайтынын байқап қалыпты.
Бір күні құйрықты қызыл тоқты жоғалса, ертеңіне боз тұсақ отарда болмай
шығыпты. Бағатын қойшылар Алаштың ала жібін аттамайтын адал жандар, оларға
кінә арта алмаса да бай көңіліне кей-кейде пенде ғой, мүмкін ақ жолдан
тайып жүрген болар деген күдік орала беріпті. Бұл ойын бай бәйбішесіне,
бұла өскен өзі ерке, өзі өжет жалғыз қызы Торғынға білдіріпті. Бала жасынан
ат үстінде өскен, ер балаша қиқу салып сәйгүліктердің аламан бәйгесіне
қосылған, әкесіне еріп құс салған, қақпан құрып аң аулаған, еркін де өр
Торғын әңгімені естіген күннің ертеңіне өзіне сыры әбден қанық Сұртөбелін
ерттеп мініп, қой ұрлап жүрген ұрыны анықтауға аттаныпты. Күнімен дала
кезген өжет қыз қас қарая Шағалалының бауырында таңертеңнен бері қой
жайылған қалың шытырманға келіпті. Әлден уақытта құлағына әлдененің сыбдыры
жетіпті. Кешікпей қарауытқандардың қарасы көрініпті. Осы сәтте ай арқан
бойы көтеріліп, төңірек алтын нұрға бөленіпті. Әлгінде ғана қарасыны
қарауытқандардың сұлбасы айқын көрініпті. Торғынның қырағы көзі тар
өткелден қой жетелеп өтіп бара жатқан бүкір кемпірдің екі бозөкпесін шалып
қалыпты. Бұдан әрі не болар, ұрылар қайда барар деген ой жетелеген өжет қыз
қой сүйрегендердің соңына түсіпті. Аюбұлаққа жете бергенде қос міскін қойды
қоя беріпті де, өздері қалың шытырманға кіріп қараларын батырыпты. Дәл осы
сәтте алып жылан аспаннан түсе қалғандай ғайыптан пайда болып, қойдың
қимылдауға шамасын келтірмей арбап, апандай өңешінен өткізіп жіберіпті. Бұл
сұмдықты түгел көрген қыздың нәзік жүрегі дүрсілдеп қоя беріпті. Зәресі
ұшып, есінен танып қала жаздапты, әлден уақытта ғана есін жинап, аулына ата-
анасына аман жетсем деп армандап, тәлтіректеп тұрған Сұртөбеліне қамшы
басыпты. Көргендері жолшыбай көз алдынан кетпей елестеп тұрып алыпты. Ел
ішінде Жыландыда алып жылан пайда болыпты, ұсақ аңды, жан-жануарды түгел
құртуға айналыпты, қалғандары таудан безіп кетіпті, алып жылан енді ауыл
малына ауыз сала бастапты деген аңыздың шындығына өжет қыздың көзі әбден
жетіпті. Сілесі қатып түн ортасында үйіне жеткен ол бей уақытта әке-шешесін
мазаламапты, болған жайды баяндауды таң атарға қалдырыпты.
Ертеңінде Тосын бай да, бәйбішесі де сұры қашқан, жүзінен күлкі
табы кеткен, әлденеге ала көңіл қызының мазасыз қалпын бірден байқапты.
Құлыным, қабағыңа неге кірбең орнады, неге мұңайып отырсың, әлдекім
ренжітті ме, әлде ауырып қалдың ба? деп ата-ана безек қағыпты.
Сонда ғана Торғын болған жайды баяндапты. Біздің сұр қошқарды
Аюбұлақтың басына жетелеп апарған екі пенденің бүкір кемпірдің бозсопақ
балалары екенін анық таныдым, солар, солар қойды айдаһарға апарып беріп,
өздері құтылған солар деп қыз жылап жіберіпті. Анасы ұрыны ұстаймын деп
қараңғы түнде жалғыз тау аралауға дәтің қалай жетті, бірдеңеге соқ
болсаң,біз қайтер едік, құлыным, қасыңа жылқышы Айболатты неге алмадың?
деп зар жыласа, әкесі мұндай сұмдық қайдан шықты, адам мал ұрлап айдаһар
асырайды деген не сұмдық! Мұнда бір гәп бар болар, тегі бүкір кемпір де,
балалары да алып жыланның арбауына түскен, соның ырқына көнген болар. Мұның
арты қайтер екен? деген қалың ойға батып, сабыр сақтапты.
Бұл қауесет тез тарап, ауыл адамдары тайлы-таяғы қалмай Тосының
он екі қанат боз үйіне жиналыпты. Сабадан қотарылған сары қымызды сіміре
отырып, олар қалың әңгімеге көшіпті. Қызу қанды жігіттердің бірі әлеңкедей
жаланған жігіттер жиналып, қылышымызды қайрап, найзамызды ұштап, сайланып
барып, алып жыланның пәршәсін шығарайық десе, екіншісі қарағай арасына
қыл арқаннан тұзақ құрайық, тұзаққа түсіп дөңбекшіп жатқан пәлені буындырып
өлтірейік деп өрекпіпті.
Ауылдастары айтарын түгел айтып болған соң ғана Тосын бай сөз
алыпты. Көптен бері тауда жылан ба, айдаһар ма, әйтеуір бір алып мақұлық
пайда болыпты деген аңыздың аяғы шындыққа айналғанының куәсі болып отырмыз.
Оған көзімізді жеткізген менің мына ер қызым Торғын. Аман-есен үйге
оралғанына қуанып, тәубемізге келдік. Алдымыздағы жұма күні құрмалдық
беремін, сол естеріңде болсын. Ал алып жыланды жоюдың әркім әртүрлі амалын
айтты. Былай қарасаң, бәрі дұрыс сияқты, бірақ қызуқандылыққа салынбайық,
жыландардың бұл дүниедегі барша тіршілік иесінен артықшылығы оның күші
емес, арбайтын керемет қасиетінің барлығында, жылан біткен арбап тұрып
өзінен он есе қуатты азулы аңды да, тұяқты жануарды да құлатып жұта береді.
Сондықтан біздің қылышымыз да, найзамыз да жылан алдында әлсіз болар. Ол
қарулардың арбауға ұрынған біздің қолымыздан түсіп қалуы, өзіміздің
жыланның өңешінен өтіп кетуіміз әбден мүмкін. Ал тұзақтағы жылан да арбау
қасиетінен айрыла қоймайды. Қыл арқаннан сыптығырдай сусымалы жыланның жылт
етіп шығып кетпеуіне, жиналғандарды қарнына сыйғанынша жұтпауына, қарнына
сыймағанын улап өлтірмеуіне ешқайсымыз кепілдік бере алмаймыз. Сондықтан
тағы да айтамын, асықпайық. Рас, ормандағы жануарларды, аң-құсты сиретіп,
бағып- өсіріп, күн көріп отырған малымызға ауыз сала бастады. Сонда да
шыдайық, күз жақындады, кешікпей қыс түседі, ал қыста жылан атаулының қатты
ұйқыға кететіні бәрімізге мәлім. Сол сәтті тосайық. Ұйқыда жатқан жыланды
жоюдың амалын қарастырайық. Оған дейін сақ болайық. Мал шығынының орны
толар, өзіміздің бала-шағамыздың амандығын ойлайық деген түйін айтыпты.
Жиылған қауым Алладан медет тілеп, Тосын байдың осы уәжіне ықылас
білдіріпті, бас иіпті.
Ол заманда көшпелі қазақтың жері батыста өткел бермес арналы өзен
Еділге тірелсе, шығыста шыңында мәңгі мұз жататын алып тау Алтайдан әрі
созылса, түстігі әсем Алатаудың арғы бетіндегі Шыңжаң жазығымен ұласып,
терістігі Сібірдің қалың орманына сұғынады екен. Осы ұлы даланы еркін
жайлаған жомарт та аңқау халқын сыртқы жаудан қорғау үшін батырларымыз күні-
түні жортуылда болыпты. Бес қаруын сайлап алған қаһарман ұлдар бар қазақты
бауыр, туыс санап, жүзге, руға, атаға бөлмей, елдің жоғын жоқтап, мұңын
мұңдапты. Сондай жортуылдардың бірінде Кейкі батыр сәлем бере Тосын байдың
үйіне түсіпті. Ежелден таныс, бірінің сырына бірі қанық батыр мен бай
құшырлана құшақтасыпты. Қиын шақта елге батырдың жолының түскенін бай
жақсылыққа жорып қуаныпты. Бай ғана емес, бүкіл ауыл қуаныпты. Жылқыдан
байтал, қойдан марқа сойылып, құтты қонақтарға табақ-табақ ет тартылыпты.
Кейкі батыр да жанына ерген сарбаздары да бүкіл ауылдың құрметті қонағы
болыпты. Елдің де, байдың да әдеттегіден ерекше ілтипатына Кейкі батыр таң
қалыпты. Осыдан бір-ер жыл бұрын келгенде атастырған қайын жұрты жоқ, басы
бос өжет те сұлу қыз Торғынға сөз салып, жүрек жарды ниетін ақтарғанда,
батырды үлкенсінді ме, әйтеуір қыз азар да безер болып, ат тонын ала қашып,
маңайына жолатпаған.
Мүмкін сұлу ойланған, былтырғы асаулығына өкінген, икемге көнбек болған
шығар деген ой келіп, батыр дәмеленіпті.
Сабада сақталған сары қымызды сіміріп отырған Кейкі батырға
бұрылып Тосын бай сөз бастапты. Тауда алып жылан ба, айдаһар ма керемет бір
мақұлықтың пайда болғанын, сол мақұлық ормандағы аң-құс атаулыны жалмап
жұтып азайтып, енді ауыл малына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер-су аттары
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Семей өңірінің тарихи топонимдері географиясын зерттеудің перспективалары мен маңызы
Қазақстан жануарлар дүниесінің топонимдердегі көрінісі
Ертіс өзені мен Зайсан көлі
Қытай
Қорқыт Ата жайында аңыздарда жетерлік
Түркі мифологиясы
САМҰРЫҚТЫҢ СИҚЫРЛЫ ҚАУЫРСЫНЫ
Пәндер