Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТОЕРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Коммерциялық банк: негізгі түсініктер, функциялары, банк ресурстары
және қалыптасу
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .6
1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының
сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Банк ресурстарын басқару жүйесіндегі коммерциялық банктердің депозиттік
саясатының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..23

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР НАРЫҒЫНДАҒЫ ДЕПОЗИТТІК
ҚЫЗМЕТ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік базаға
сараптама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.2 "Еуразиялық Банк" АҚ-ның депозиттік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.3 Депозиттерді тарту аясындағы "Еуразиялық Банк" АҚ-ның қызметін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 "Еуразиялық Банк" АҚ-ның депозиттік саясатын жетілдіру
ұсыныстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
3.2 Коммерциялық банктердегі салымдарға кепілдік беру жүйесінің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .68
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..70
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

2007 жылдың 28 ақпанында өткен Қазақстан Республикасының Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы
Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында:
"Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер
барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған
сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен
еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы
абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің
берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі
экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты
сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық",- деп Елбасымыз
Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да
көзімізді жеткізді 1, 1б..
Өткен жылы біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды
қолға алған болатынбыз. Бұл – біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50
елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі
ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.
Өткен жылғы Президентіміздің Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру жолдауында: "Біз қатаң бәсекеге әзір
тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты
халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық,
әкімшілік және бюракратиялық кедергілерді ысырып тастауға, жекеменшік
капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге
міндетті", - деп экономикамыздың барлық салаларын дамытуға мүмкіндігіміз
бар деп пайымдаған еді 2, 3б..
Шынында да, Қазақстанның биік белестерге шығуына коммерциялық ұйымдардың
бәсеке қабілеттілігінің мықты болуы үлкен үлесін қосады, ал оған әр жақты
мемлекеттік қолдау көрсету, сол саланың одан әрі өркендей түсетініне еш
күмәніміз жоқ.
1998 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы және бүгінгі күні жалғыз
Президенті Н.Ә. Назарбаев халыққа ең бірінші жолдауы Қазақстан - 2030
стратегиясында: "Дамыған рыноктарда мемлекет рөлінің шектеулі болатынына
қарап, ол еркі мен қайратынан айырылып, енжар байқаушыға айналады деген
түсінік тумауға тиіс. Керісінше, ол заңдардың орындалуы үшін өте күшті
конъюнктураның өзгерістеріне даяр болу үшін құзыретті, әлемдік және отандық
рыноктарды білетін, босаң және шашыраңқы болмау үшін өз жұмысын белсенді
жоспарлайтын болуға тиіс. Ол халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін
анықтауға, даму басымдықтарын айқындауға, жекеше сектормен тығыз
ынтымақтастықта болуға және сол арқылы қоғамды біріктіре, беріктете түсуге
тиіс",-деген болатын 3, 21б..
Осыдан 10 жыл бұрын – 1997 жылы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда
еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың
келешектегі келбеті мен мемлекеттің мақсат-мұраты баян етілді. Біз бұл
ретте қандай қоғам орнатқымыз келетінін, дамуымыздың самғау сызығы қандай
болуы керектігін анық білуге, айқын түсінуіміз тиіс екенімізді ұғындық.
Басым мақсытымызды дұрыс айқындап, стратегиямызды таңдап, тиісінше ерік-
жігер, төзімділік пен мақсаткерлік таныта білсек, алдымызда тұрған кез-
келген кедергілерді ойдағыдай еңсеретінімізге біз кәміл сендік және Біз
қателескен жоқпыз.
Біз бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады:
"Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа
кезеңіне нық сеніммен қадам басты!"
Қазіргі уақытта экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып,
халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.
Коммерциялық банктер салымдар түрінде кәсіпорынның, ұйымдардың, басқа
банктердің, халықтың уақытша бос қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар. Бұл
салымдардың негізгі түрлерінің бірі депозиттер болып табылады.
Депозиттердің банктердің қызметінде, сонымен қатар халық үшін
қызметіндегі орны туралы С.Б. Мақыш: "Банктер біреуге несие беріп қана
қоятын ерекше ұйым емес, басқадай ақша қаражаттарын тартатын және солардың
сақталуына жауап беретін ұйым",- деген 4, 135б..
Егер шын мәніне көз жүгіртсек, коммерциялық банктердің қызметі толығымен
халық мүддесі үшін жасалынған, халықтың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз
ету үшін олар әрдайым жаңа қызмет түрлерін енгізуге даяр, әрине бұл жерде
банктің өз көзқарастарының да бар екендігін ұмытпауымыз жөн.
Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың даму процесі жайлы
Сейітқасымов Ғ.С. былай деп көзқарасын жеткізді: "Банктік депозиттік
нарықтың дамуындағы жетістіктер 1994 жылдың аяғынан бастап байқала бастады,
себебі осы кезден бастап депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер тиімді
болды. Банктерді депозиттік саясатын белсендіруге мәжбүрлеген бірқатар
себептер бар. Бұл себептерді коньюктуралық деуімізге болады, себебі олар
белгілі уақыт ішінде маңызды болады және белгілі жағдайлардың өзгеруіне
байланысты көкейтестілігін жоғалтады." 5, 50-51б..
Елімізде банктік салада депозиттік саясатқа қажетті көңіл бөлінген жоқ
деп айтуымызға болады. Бұл банктік қызметтерге сұраныс жоғары инфляция мен
ресурстардың арзан болуы кезіндегі ұсыныстан әлдеқайда асады – осы барлық
көрсеткіштер тәуекелдердің пайда болу көзін өзгерте отырып, банктік пайда
операцияларының жоғары нормасын қамтамасыз етеді. Пайда нормасының
төмендеуі және банкаралық несиелер мен шұғыл валюта нарығындағы операциялар
сияқты дәстүрлі табыс көздерінің жоғалуы, коммерциялық банктердің
депозиттік саясатын құруға тартылған қаражаттар құрылымын оңтайландыру мен
олар бойынша пайыздық шығындардың төмендеуін қамтамасыз етеді.
Халықтың банктерге деген сенімін арттыру үшін елімізде бірқатар шаралар
жүргізілген, соның ішінде Депозиттерге кепілдік берудің Қазақстандық қоры
АҚ-ның жұмыс істеуі болып табылады. Негізінде бұл қор туралы мәселе 1999
жылы мамыр айында ҚР-ның қаржыгерлер конгресінде еліміздің Президенті
халықтың қаржылық ұйымдарға сенімін арттыру үшін кепілдендіру жүйесін
қалыптастыру мәселесін ұсынды. 2006 жылдың желтоқсан айында аталған қор
Ұлттық банктің 1 млрд.теңге жарғылық капиталын төлей отырып, іс жүзіне
асырылды 6, 12б..
Сонымен қатар, банктердің салымшылардың депозиттерін тарту аясының
бәсекелестігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге
міндетті кепілдік беру туралы заңға сәйкес 2007 жылдың қаңтарынан бастап
Депозиттерге кепілдік берудің Қазақстандық қоры АҚ-ы жеке тұлғалардың
салымдары бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесін бекіту құқығынан айырылды
7, 3б.. Яғни, әрбір банк депозиттер бойынша сыйақы пайыздарын өздері
бекіте алады. Бұл халық салымдарының өсуінің бірден бір кепілі деп
ойлаймыз.
Салымшылар банкке деген сенімділігін арттырғандықтан, халық салымдары
күрт өскендіктен, коммерциялық банктер депозиттік саясатының рөлін көтеру
қажеттігін мойындады, сонымен қатар оны жетілдіру жолдарын енгізе бастады.
Дипломдық жұмысымыздың мақсаты – экономикалық тұрақтылығын күшейту
жүйесіндегі коммерциялық банктердің депозиттік саясатын зерттеп, оны
жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Аталған мақсат негізінде келесі міндеттер шешілді:
- коммерциялық банкке анықтама берілді, оның негізгі функциялары мен
операциялары қарастырылды;
- банктік ресурстардың сыныптамасы зерделенді;
- коммерциялық банктердің депозиттік операциялар сыныптамасы және олардың
ерекшеліктері қарастырылды;
- коммерциялық банктердің депозиттік саясатының теориялық негіздері
зерттелді, оның қалыптасу маңыздылығы мен принциптері, мақсаттары мен
міндеттері ашылған;
- мемлекет шеңберінде депозиттік нарыққа зерттеулер жүргізілді;
- салымдарды тарту саласындағы банктік жүйе субьектісі қызметіне талдау
жүргізілді;
- салымдарға кепілдік беру жүйесінің қалыптасуы қарастырылды;
- коммерциялық банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін депозиттік
саясатты болашақ оңтайландыру жолдары ұсынылды.
Зерттеу заты – Қазақстандық коммерциялық банктердің депозиттік саясатын
қалыптастыру және жүзеге асыру процесінде пайда болатын экономикалық және
ұйымдық қатынастардың жүйесі.
Зерттеу обьектісі – Еуразиялық Банк АҚ-ң қызметі.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс ---- бет көлемінен, негізгі бөлімі
кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, сонымен қатар 32 атаулы қолданыған
әдебиеттер тізімінен, А,Б,В,Г,Д қосымшаларынан тұрады. Жұмыстың негізгі
бөлімінде 3 кесте және 24 сурет бар.

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК
САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Депозиттік саясат коммерциялық банктердің маңызды саласы болғандықтан,
бұл тарауда коммерциялық банктердің жалпы түсініктерін, оның функцияларын,
банк ресустары мен қалыптасу көздерін қарастырамыз. Сонымен қатар
депозиттік саясаттың маңыздылығын көрсетеміз.

1.1 Коммерциялық банк: негізгі түсініктер, функциялары, банк ресурстары
және қалыптасу көздері

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің құрылуы және қызмет
етуі Қазақстан Республикасының "ҚР-ғы Банк және банктік қызмет" туралы
заңға негізделген. Банк – жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес банктік
қызметті жүзеге асыра алатын, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлға.
Банкті ұйымдастыру елдің арнайы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк
Қазақстан Республикасының аумағында банктерді құруға рұқсат береді және
банктермен, олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.
Рұқсат берген кезде Ұлттық банк атқарылатын банктік операциялардың
шеңберін анықтайды. Банктің заңдар мен заң актілерінде банктердің
қызметінің ашылуы мен тоқтатылуы реттеліп отырады.
Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет:
- рұқсат беруге арыз;
- экономикалық негіздеме;
- алдағы 2-3 жылдағы толық ақпараттарды қамтитын іскерлік болжалды
жоспар;
- құрылтайшылар ұсынатын банк жетекшілерінің кәсіби жарамсыздығы жайлы
мәліметтер;
- құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы аудиторлық қорытынды;
- жарғылық қор шотына қаражат салғанын растайтын құжат.
Заңды және жеке тұлғалар банктің құрылтайшылары (акционерлер) ретінде
бола алады. Мемлекет тек Үкімет тұлғасында ғана банктің құрылтайшысы және
қатысушысы бола алады.
Кез келген құрылтайшылардың, қатысушылардың қатысу үлесі мемлекеттен және
еншілес банктерден басқалары үшін жарғылық қордың 35%-нан аспауы тиіс.
Банкті ашуға рұқсат беру жайлы арыз-құжатты алған мерзімнен бастап, 3
айдан аспайтын уақыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады.
Қазақстан Республикасының банктерін тіркейтін кітапта тіркелгеннен
бастап, банк заңды тұлға мәртебесін алады. Оған тіркеу номірі және банктік
операцияларын жүргізуге лицензия береді.
Банк акционерлері, құрылтайшылары бекіткен жарғы негізінде қызмет
істейді.
Банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін жарғылық, резервтік, сақтандыру және
басқа да қорлар құрылады.
Жарғылық қор банктің міндеттемесін қамтамасыз етуінің негізі болып
табылады да, ол акция шығару немесе құрылтайшылардың салымдары есебінен
құрылады.
Алғашқы жарғылық және резервтік қорлардың ең төменгі мөлшерін Ұлттық банк
бекітеді. Жарғылық қор жаңа акционерлерді тарту, құрылтайшылардың қосымша
акция сатып алуы, мүлік құнын қайта бағалауда, дивиденттерді қайта
инвестициялау жолдары арқылы ұлғайтылуы мүмкін. Жарғылық қордың мөлшерін
көбейту не азайту акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен анықталады.
Жарғылық қордың өзгеруі Ұлттық банкте тіркеледі.
Алдын ала белгіленбеген шығындар мен залалдарды жабу үшін банкте
резервтік қор құрылады. Ол – банктің табысынан жыл сайынғы аударымдар
есебінен, жарғылық капиталының сомасының 25% көлеміне дейінгі мөлшерде
құрылады және банктің басқармасының шешімі бойынша жұмсалады.
Сақтандыру және басқа да арнайы мақсаттағы қорлар банктің табысынан
аударымдар жасау арқылы құрылады, олар басқарма және жалпы акционерлер
жиналысының шешімі бойынша жұмсалады.
Республикамызда мемлекет пен банктің жауапкершіліктері заң негізінде
шектеледі. Банк мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-
ақ мемлекет те банктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Банктер өкілетті және атқарушы билік органдарына тәуелсіз түрде банктің
қызметімен байланысты жедел шешімдерді қабылдайды.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің
басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің
құрылымы.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске
асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел
жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-
қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды,
олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және
өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы
тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару
құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде
шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай
құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды
немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында
құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы
банктің ең жоғары басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып
табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты
мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің
ревизиялық комиссия мүшелерін сайлайды және т.б., яғни банктің стратегиялық
міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті,
жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады. ҚР-да
банктік қадағалау жүйесі белгілі тәртіп бойынша басқарылады. (Қосымша А)
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды
орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен
қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар
бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік
өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсеклестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне
қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық
операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы" Заңға
сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарту;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жек
тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерініңнемесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік, депозиттік сертификаттарды,
акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындпуды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме
және өзге де міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқығын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің
тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер;
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды;
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді
былай құруға болады:
- уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және оны капиталға айналдыру;
- кәсіпорындарды, мемлекетті және халықты несиелендіру;
- шаруашылықтағы төлемдер мен есептерді жүзеге асыру;
- эмиссиялық-құрылтай функциясы;
- кеңес беру, экономикалық және қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ету
8,19б..
Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және капиталға айналдыру функциясын
жүзеге асыру барысында, банктер ақшалай табыстар мен жинақтарды салымдар
түрінде тартады. Тартылған қаражатты банк мемлекетті, заңды және жеке
тұлғаларды несиелендіру үшін қолданады. Банктің бір функциясы есеп-төлем
механизмі болып табылады. Төлемдерді өтеу үшін банк өз клиенттері үшін есеп
және төлемдерге байланысты опеоацияларды жүзеге асырушы делдал ретінде
болады. Коммерциялық банктердің эмиссиялық-құрылтай функциясы бағалы
қағаздарды шығарып және орналастыру арқылы жүзеге асырады. Экономикалық
жағдайды әрдайым бақылап тұруға мүмкіндігі бар коммерциялық банктер өз
клиенттеріне кеңес беру қызметін көрсетеді 9,243б..
Банктің жүргізетін операциясының экономикалық негізі ақша қаражаттарының
қозғалысы құрайды. Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің
барлық операцияларын негізгі 3 топқа бөлуге болады (1 сурет)
- пассивті операциялар (банкке ақша қаражаттарын тарту және ресурстарын
қалыптастыру бойынша операциялар);
- активті операциялар (банк ресурстарын орналастыру);
- активті-пассивті операциялар (белгілі төлемдеоді төлеп, клиенттің
банкке тапсырысы бойынша комиссиондық операциялары).
Коммерциялық банктер, басқа да шаруашылық субьектілер сияқты, өзінің
коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін белгілі ақша
қаражат сомасын, яғни ресурстарды иемденуі қажет. Экономиканың қазіргі
замандағы даму жағдайында ресурстардың қалыптасуы маңыздылығы бойынша
бірінші кезекте. Бұл нарықтық экономикаға өтумен, банктік іске мемлекеттік
монополияның жойылуымен, екі деңгейлі банктік жүйенің қалыптасуымен
байланысты банк ресурстарының белгілі өзгерістерге ұшырауымен байланысты
10, 590б..

Сурет 1. Коммерциялық банктің негізгі операциялары

Сонымен қатар, банк қызметінің масштабтары ресурстар көлемінің жиынтығына
байланысты. Банктік ресурстар активті операцияларды жүзеге асыру үшін
қолданатын өз иелігінде бар меншікті және тартылған ақша құралдар жиынтығын
құрайды.
Банктің меншікті ресурсына банктік капитал және оған теңестірілген баптар
кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен көлемі
айырықша қасиетті иемденеді, олар басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар
мен ұйымдардан ерекше, себебі банк меншікті капиталынан 10%-дан кем емес
ақша құралдарына жалпы қажеттілігін жабады. Мемлекет банктер үшін меншікті
және тартылған қаражат арасында белгілі минималды шекті бекітеді. Бірақ,
Қазақстанда мұндай шек бекітілмеген.
Банктің меншікті ресурстарының мәні ең біріншіден, оның тұрақтылығын
қолдау үшін. Банктің алғашқы даму кезінде меншікті қаражат бірінші
шығындарды, яғни банк өз қызметін онсыз жүзеге асыра алмайтын шығындарға
(жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақы) жұмсайды. Меншікті капитал есебінен
банк аса қажетті резервтерді қалыптастырады. Сонымен, меншікті ресурстар
ұзақ мерзімді активтерге салымдардың басты қайнар көзі болып табылады.
Тартылған қаражаттар банктің активті операцияларын жүзеге асыру үшін ақша
қажеттіліктеріне, әсіресе несиелеудің 90%-ын жабады. Олардың маңызы өте
зор. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын тарту арқылы
коммерциялық банктер халық шаруашылығының қажетті айналым құралдарына
қажеттілігін қамтамасыз етеді, ақшаны капиталға айналдырады, халықты
тұтынушылық несиемен қамтамасыз етеді.
Меншікті және тартылған ресурстар Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісінің корреспонденттік шотында тіркеледі. Бұл активті шот, сондықтан
ресурстар осы шоттың дебетінде, ал салынған құралдар бұл шоттың кредитінде
көрініс табады.
Осылайша, дебеттік сальдо көлемі банктің бос резерв көлемін айқындайды.
Бос резерв көлемі қаншалықты үлкен болса, сол дәрежеде банк тұрақты деп
есептеледі, бірақ соншалықты аз табыс алады. Керісінше, егер банктің бос
резерв көлемі неғұрлым аз болса, соғұрлым банк көп табысқа ие болады, бірақ
тұрақтылық деңгейі төмен болады. Сондықтан, кез келген корреспонденттік
шоттағы ресурстар қалдығын оңтайландыруға талпынады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, банктің меншікті ресурстары ең
алдымен банк тұрақтылығын айқындайды.
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылған ресурстар аккумуляция жолымен
келксідей топтастырылады:
- депозиттер
- депозиттік емес тартылған ресурстар
Коммерциялық банктердің тартылған ресурстардың негізгі бөлігін депозиттер
құрайды, яғни заңды және жеке тұлғалардың банкке салған ақша қаражаттары
және олардың банк заңы бойынша және шот жүйесі бойынша қолданылуы.
Депозиттік емес тартылған ресурстар – бұл банктің ақша нарығында меншікті
қарыз міндеттемелерін сату жолымен немесе банк қарыз түрінде алатын
ресурстары. Депозиттік емес көздердің депозиттерден ерекшелігі, біріншіден
персоналды қасиеті, яғни нақты клиенттің салымы емес, ол нарықта
бәсекелестік негізде пайда болады, ал екіншіден бұл ресурстарды тарту
инициативасы банктің өзінен шығады. Депозиттік емес тартылған ресурстарды
көбінесе ірі банктер қолданады. Депозиттік емес ресурстар ірі сомаларда
пайда болады және олар көтерме қасиетін иемденеді.
Ресурстарды тартудың депозиттік емес көздеріне банкаралық нарықта қарыз
алу, бағалы қағаздарды сату және қайта сатып алу келісімі, вексель есебі
және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде ссуда алу, банктік акцепті
сату, коммерциялық қағаздарды шығару, евродоллар нарығында қарыз алу,
капиталды нота және облигацияларды шығару жатады.
Қазақстандық банктер аталған көздердің банкаралық несиелерін және
Қазақстан Республикасы Ұлттық банк несиелерін қолданады. Банкаралық несие
нарығында Қазақстан Республикасының корреспонденттік шотындағы ақша
қаражаттары сатылады және сатып алынады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк
несиелері қазіргі уақытта коммерциялық банктерге көбінесе қаржыландыру
тәтібінде ұсынылады, орталықтандырылған несиелердің тек 10%-ы банктерге
конкурс негізінде сатылады.
Банкаралық несие нарығы 3 сегментке бөлінеді:
- үш айлық несие;
- бір-екі айлық несие;
- "қысқа ақшалар" (ең қысқа мерзімді ссудалар, 1-2 күн).
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің несиелік аукцион туралы ережесіне
сәйкес несиелік аукцион қатысушылары болып келесі банктер табылады:
- бір жылдан аз жұмыс істеуші;
- барлық экономикалық нормативтерді орындаушылар;
- резервке уақытылы ақша қаражатын аударатындар;
- есеп беруде қателіктерді болдырмайтын;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің корреспонденттік шотында ақша
қаражаты бар және осы шот бойынша дебеттік сальдосы жоқ банктер;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банк несиелері бойынша уақытылы өтемеу
қарыздары.
Кез келген банк аукционда ұсынылған несиелердің 25%-н иемдене алады,
ауционда ең біріншіден максималды пайыздық мөлшерлемесі бар банктер, содан
кейін акцияда бекітілген ең минималды несие сомасына дейін
қанағаттандырылады.
Орталықтандырылған және банкаралық несиелер өте жағымды, себебі олар
салым болмағандықтан резервтік қамтамасыз етілуін талап етпейді және қарыз
алушы банктің иелігіне бірден түседі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек,
Қазақстан ірі банктерінің пассивтерінің жалпы сомасының 0,19-дан 61,5%-ға
дейін орталықтандырылған және банкаралық несиелер құрайды.
Банкаралық несиенің маңыздылығы, оның басқа банктер үшін шығындарды
туғызатын ресурстарды тарату арқылы бұл нарық банктік жүйенің несиелік
ресурстарын қолданудың нәтижелігін арттырады. Сонымен қатар, банкаралық
несие нарығын жоғары дәрежеде дамуы банктер өз өтімділігін қолдау үшін
ұстайтын оперативті резервтерін азырақ мөлшерде болуына мүмкіндік береді.
Қазақстан коммерциялық банктерінің депозиттік емес ресурстарын тартудың
ең дамыған түрі банктік вексельдер болып саналады. Банктік вексельдер –
қаржылық вексельдің бір түрі, ол банктің вексель ұстаушыға вексельді
көрсету арқылы вексельде көрсетілген соманы төлеуі туралы міндеттеме.
Вексельмен қызмет көрсету банк үшін тимді, себебі вексель арқылы өткізілген
ресурстар міндетті резервілеуге жатпайды. Ал клиенттер үшін де сондай-ақ
тиімді, өйткені жедел депозит сияқты жоғары пайыз алумен қатар, олардың
қолында ақшаның қайтарылуы туралы кепілдік бағалы қағазы болады. Сондай-ақ,
керек кезде вексельді сатуға немесе банкке кепілдікке қоюға болады.
Қазақстандық банктер үшін облигация сияқты депозиттік емес ресурс көзін
шығару үлкен нәтиже береді. Банктер жарғылық капиталдың 25%-нан жоғары емес
облигация көлемін шығаруына құқылы, оған дейін шығарылған акциялар үшін
төлемдерді толық өтегеннен кейін. Облигациялар атаулы болуы мүмкін. Қарыз
банктің таза табысымен жабылады, жетпеген жағдайда резервтік қордан
алынады. Облигация курсына ықпалын тигізуі үшін банк облигацияларын биржада
сатуы немесе сатып алуы мүмкін 11, 253б..
Тартылған ресурс рөлі банк үшін өте маңызды, соның ішінде депозиттердің
орны ерекше.

1.2 Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының сыныптамасы

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен
тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жaғдайлармен түсiндiрiледi – бiрiншiден, банктер қаржылық
нapықтapдa қаржы делдалы ретiнде басқа кәсiпорындардың, мекемелердiң және
халықтың yaқытшa бос каражаттар сомасын депозит түрiнде жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиiмдi басқарады, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етедi және пайдалық негiзде қарызды қарыз алушыға ұсынaды.
Екiншiден, депозиттердi мемлекеттiк caқтандыру жүйесi болады, бұл
салымдарды жаппай кepi алу қayiптiгiн төмендетедi. Үшiншiден, банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсiпорындардың материалдық обьектiлерiнде
орналастырған активтерiне қарaғанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтiмдi және
нарықта оңай өткiзiледi.
Басқа кәсiпорындармен салыстыpғанда осы барлық міндеттeмелер коммерциялық
банктерге меншiктi капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз
мiндеттерiн жүзеге асыруға және дұpыс қызмет eтyiнe мүмкiндiк бередi. Ең
алдымен меншiктi капитал банк кызметiн бастау үшiн қажет. Сонымен қатар,
офистi, жабдықтарды сатып алу және еңбекaқыны төлеу, сондай-ақ банктiк
операцияларды дамытудың келесi кезеңдерiнде шығындарды төлеу үшiн қажет.
Меншiктi капитал – банктiң қорғаныс кепiлдiк қоры. Осы сипатты меншiктi
капитал маңызды, сөзсiз мiндеттi қор болып табылады, банктiң тұрақтылығы
мен оның жұмысының тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн банктiк қаражаттар
құpылымында оның рөлi өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерiнiң активтiк операцияларын
жүзеге асыру үшiн тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігiн
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттeрiнiң уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлi түрде осы қаражаттардың негiзгi бөлiгiн
депозиттер құрайды. Депозит пен банктiң клиенттерiнiң жинақ салымдарынан
басқа мерзiмдi және мерзiмсiз салымдарының барлығы түсiндiрiледi.
Банктердiң aқшалай қаражаттарды салымдаpға тарту және оларды пайда табу
мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттiк операциялар деп аталады.
Осылардың негiзiнде коммерциялық банктердiң несиелiк ресурстарының негiзгi
бөлiгi құралады.
Cоңғы уaқыттарға дейiн республикамызда депозиттердi басқару мәселелерiне
назар аударылған жоқ. Банк мекемелерi алдында олармен жинақталатын несиелiк
ресурстардың мөлшерi мен өзiндiк ерекшелiгiне байланысты қарыз берудi
қамтамасыз ету мiндеттерi орындарына қойылған жоқ болатын. Қарыздық
салымдар мен қарыздық қордың баланстары КСРО Мемлекеттiк банкiсiнiң
бөлiмшелерiмен қарастырылған, қарыздық қор өз кезегiнде КСРО Мемлекeттiк
банкiсiнiң өзiнде орталықтандырылған тәртiппен қалыптастырылған және ол
республикалық кеңселер бойынша несиелiк жоспар негiзiнде бөлiнген, ал
республикалық - облыстық кеңселер бойынша, облыстық бөлiмшелер бойынша
бөлiнген, сонымен қатар, мемлекеттiк банктiң төмeнгi мекемелерi пассивтiк
операциялармен айналыспaған. Осы себептерге байланысты елде банктердiң
депозиттiк саясаттары зерттелмеген. Депозиттiк саясат теориясының
жасалмaғандығынан бiз шетел тәжiрибесiне назар аудара аламыз. Жеке
тұлғалар, iскерлiк фирмалар, акционерлiк компаниялар, жеке кәсiпорындар,
коммерциялық емес ұйымдар, үкiмeттiк мекемелер, мемлекеттiк кәсiпорындар,
жергiлiктi билiк органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен
орналастырады. Бұл бiрнеше себептерiмен түсіндiріледі. Бiрiншiден, банктер
салымдардың үлкен сенiмдiлгiн қамтамасыз етедi, екiншiден, салымшылар өз
салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етiп қана қоймай, одан асатын
сомада қарыз ала алады, үшiншiден, бұл салымдар табыс әкеледi.
Депозиттiк операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктiк пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшiн жағдай жасауға;
- депозиттiк операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтiк өтiмдiлiгiн демеу мақсатында икемдi
депозиттiк саясат жүргiзiлуi керек;
- банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзiмдiк
салымдарға депозиттiк операцияларды ұйымдастыру процесiнде ерекше назар
аударылуы қажет; депозиттiк операциялармен қарыздарды беру бойынша
операциялардың арасында мерзiм және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттердi тартуға әрекет eтeтін банктiк қызметтердi дaмытyғa шаралар
қолдану 12, 297б..
Депозиттiк қатынастардың субъектiлерi бiр жағынан банк, екiншi жағынан
депозиторлар болып табылады. Депозиторлар (салымшылар) ретінде заңды, жеке
тұлғалар, ҚР резиденттерi және резидент емес тұлғалар, банктердiң
клиенттерi және клиент емес тұлғалар бола алады. Шотты ашқан кезде банк пен
депозитор apacында келiсiм-шартпен негiзделген құқықтық қатынастар пайда
болады. Бұл қатынастар ағымдағы заң мен құқықтық қатынастар келiciм-шартына
сәйкес бюджетке есептелуге тиiс салықтарды төлегеннен, есептелген мүдде мен
депозиттің негiзгi сомасын толығымен қайтарғаннан кейiн ғaнa тоқтатылады.
Бұл қатынастар депозиттiк келiсiм-шартпен рәсiмделедi.
Депозит экономикалық категория ретiнде жинақ ақшаның құрамдас бөлiгi
болып табылады. Бiрақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен
тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Барлық жұмсалымдардың түрлерi жинақ ақша болып табылады. Депозит - жинақ
ақшаларды сақтаудың бiр түpi.
Депозиттiң экономикалық категорияларын сипаттайтын мынадай белгiлерiн
бөлiп айтуға болады:
1. Депозиттер банктермен ақшалай қайта бөлiну процестерiн қарастырады,
яғни салынған салымдардың алу мерзiмi келген кезде салынған ақша
қаражаттарының қолма-қол қайтарылуы шарттастырылған;
2. Депозиттер жеке табыс бөлiгi peтiндe капиталмен тығыз байланысты.
Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болуы депозиттiк салымдарды өтеу
кезiнде есептелген пайыздар түрiнде табыс алу жағдайының болуына
негiзделген;
3. Депозиттер қайтарылу мерзiмдерi бойынша көп түрлiлiгiмен. сипатталады.
Бұл мерзiмдiк салымдар және ұзақ мерзiмге салынған салымдар және мезгiлсiз
салымдар болуы мүмкiн.
Депозиттiк операциялармен пайда болған қайта бөлу қатынастарының
келтiрiлген ерекшелiктерi оғaн мынадай анықтамалар бере алады:
Депозиттер - бұл банк пассивi балансында көpiнeтін, депозиттiк портфельге
ақша салымдарын қалыптастыру нәтижесi бойынша, олардың қатысушылары
арасындағы ipi қайта бөлiнy қатынастарының жиынтығы.
Осы уақытқа дейiн осы экономикалық категориялардың талдау көзi peтiндe
қаралатын ортақ қабылданған депозиттер анықтамасы жоқ. Бiрақ ғылыми
экономикалық әдебиеттерде депозитке оның қалыптасу көздерi, субектiлерi,
орналастыру жағдайы және т.б. сипаттамалары негiзiнде әр түрлi анықтамалар
мен түciнiктep берiледi.
Депозиттер және банк тәжірибесiнде қолданылатын депозиттiк шоттар
мәселесi бойынша әр түрлi және бiр-бiрiне қарама-қайшы көзқарастар бар.
Әлемдiк банк тәжiрибесінде депозит peтiндe банктiк немесе басқа да қаржы
мекемелерiне сақтауға тапсырылған ақшалай қаражаттар мен бағалы қағаздар
қарастырылады. 13, 127 б..
Депозиттердi ақшалай қаражаттар немесе әртүрлi құндылықтар деп зерттеу
бойынша жалпы экономист ғалымдардың apacындa қарама-қайшылықтар кездеседi.
Бұл қарама-қайшылық қазiргi заманда банк операцияларының немесе
қызметтерiнiң өркендеп дамуымен өз шешiмiн тауып жатыр. Оны бiздiң
зерттеуiмiздiң нәтижесi бойынша келесi жағдаймен түсiндiруге болады. Ол:
- коммерциялық банктердегi депозиттер тек ақша қаражаты ретiнде ғана
қарастырлады;
- бағалы қағаздар және басқа да құндылықтар қазiргi уақытта банктерменен
депозиттiк операция жүргiзу мақсатында емес, тек қана сақтау және сенiмдi
басқару мaқcaтындa ғана клиенттерден тартылады. Клиенттер банктiң
көpceтeтін қызметi үшiн комиссиондық жарналар немесе төлемдер төлейдi.
Бағалы заттар мен бағалы тастар екiншi деңгейлi коммерциялық банктер
жүйесiнде қазiргi уақытта eкi мақсатта сақталынуы мүмкiн:
а) банктер өзiнiң өтiмдiлiгiн белгiлi бiр деңгейде ұстап демеп отыру
үшiн, бұл жағдайда қымбат бағалы металдар өтiмдiлiгi өте жоғары бiрiншi
peттeгi резервтiк активтер рөлiн атқарады.
б) табыс табу ушiн.
Шетел әдебиеттерiнде депозит түciнiгiнe барлық мерзiмдi және мерзiмдi
емес жинақ ақшалардан басқа банк клиенттерiнің басқа да құндылықтары
түрiндегi салымдары жатады 14,127 б..
Отандық банктiк әдебиеттерде депозиттерге тек кәсiпорындардың және жеке
тұлғалардың мерзiмдi салымдары, ағымдағы бюджет есеп айырысуларын
қоспағанда, бюджеттiк және басқа да арнайы пайдаланылған шоттардағы қалдық
ақшалар жатады. Депозиттер депозиттiк портфельде ақша салымдарын
қалыптастыру есебiнен оның қатысушылары арасында ерекше қайта бөлiну
жиынтығы, яғни ол банк балансының пассивiнде көрiнедi, номиналды түрде
қайтарылу жағдайында болады. Депозиттiк операциялар банктермен несие ақшаны
белгілi бiр уақытқа немесе уақыты көрсетілмеген мерзiмге қабылдау 5, 576
б..
Депозиттердiң қалыптасуы және құралуы тiптен пайда болуы несиеге және
несиелiк қатынастарға негiзделедi. Олай болу себебi банктiк есеп шот
ашылып, онда ақшалай қаражат түрiнде салымдардың пайда болып, депозиттiң
құралуы бiр жағынан коммерциялық банктер үшiн клиенттерi алдында
мiндеттемелер туғызады, ал клиенттердiң немесе салымшылардың сол депозитке
қатысты банктерге деген мүлiктiк талап ету құқығын туғызады. Себебi,
депозитке айналған банктiк емес шоттарда жатқан ақшалай қаражаттарға деген
қаражаттарды уақытша пайдалану құқығы өзгергенмен меншiк құқығы
өзгермейдi. Сондықтан кейбiр ғалымдар Соколов А.А., Козлов Г.А., Панкус
Ю.В. депозиттiк ақшалар-несиелiк ақшалардың дербес түpi деп қарастыра
келiп, банктiк салымдардың негiзiнде пайда болатындығын дәлелдейдi. Себебi
банктен ашылған шоттардағы ақшалай қаражаттар клиент пен банктiң арасындағы
мүлiктiк қатынастармен өзара мүлiктiк жауапкершiлiктердiң пайда болуының
негiзгi көзi 15, 52 б..
Сондықтан депозиттер мен депозиттiк операциялардың экономикалық мәнiн,
мазмұнын өзара мүлiктiк жауапкершiлiктерге негiзделген несиелiк
қатынастардан iздеу керек. Мұндай ғылыми iзденic тек қана депозиттер мен
несиелiк ресурстарды қатар қоя отырып, зерттеп талдаған кезде ғана бiздiң
ойымызша нақты ғылыми нәтижелерiн бере алады.
Ал бұл өз кезегiнде коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк
портфелiн бipтұтac басқару объектiсi ретiнде қарастырса, банк
менеджментiнiң тиiмдiлiгiн арттырары сөзсiз. Себебi банктiң қаржылық
орнықтылығы және өтiмдiлiгi осындай бipтұтac басқарудың нәтижесiнде
қамтамасыз етiледi.
Осыған байланысты коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк
портфелдi тиiмдi және әpi үйлесiмдi eтeтiн жаңа кешендi басқару әдiстерiн
қарастыру керек.
Ресейлiк экономист ғалымдардың келесi тобы Грязнова А. Г., Молчанов А.В.,
Лаврушин О.И., Панова Г.С., Питателков В.А., Тавасиев А.М. коммерциялық
банктердiң каратып алған қаражаттарының негiзгi бөлiгiн депозиттер құрайды,
яғни банк клиенттерiнің салым ретiнде салған немесе қаржылық және банктiк
операцияларды жүргiзу барысында банктегi шоттарда белгiлi-бiр уақытқа дейiн
сақталынатын ақшалай қаражаттары деп түсiндiредi 16, 322 б..
Бiз депозиттерге берiлген түсiнiктерге қосыла отырып, қазiргi нарықтық
экономикалық қатынастардың ерекшелiктерiн ескерiп депозиттерге келесiдей
aнықтамa беремiз:
Депозиттер деп депозиттiк операциялардың субъектiлерi - жеке және заңды
тулғалардың депозиттiк шотқа белгілi бiр мерзiмге немесе талап еткенге
дейiн салған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз.
Егер Қазақстан Респyбликасының нарықтық экономикасының дамуы жағдайындағы
депозиттiк нарықтың даму ерекшелiгiн eскepeтiн болсақ онда депозит
анықтамасы келесiдей болып түсiндiрiлyi керек:
Депозит дегенiмiз коммерциялық банктерге белгiлi-бiр мерзiмге және
мерзiмсiз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиic болып, сақтандырыла
отырып салынған халықтың және сақтандырылyсыз салынған кәсiпорындардың ақша
қаражаттары.

Бiздің зерттеуімiздiң нәтижесі бойынша отандық ғалымдардың зерттеулері
депозиттердiң келесi қызметтерiн атап айтуға болады:
1) Коммерциялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын
депозитке белгiлi бiр мүдде төлеу шартымен тарта отырып, оны осы қаражаттар
қажет болып отырған тұлғаларға өзiнің белгiлi үстеме ақысын қолдана отырьш
сатады; Банктiң осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негiз
болады.
2) Ынталандыру қызмeтi – депозиттiк салымдардың әр түрлi шартпен құрылyы
сaлымдардың белгілi бiр шарттағы салым түpiнe ақша қаражаттарын сала отырып
табыс aлyға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс aқшa қаражаты, несие алу
мүмкiндiгі және белгiлi бiр сыйлық есебiнде ұтыс алу түpiндc болады.
3) Қорлану қызметi – депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрiнде
болғандықтан, ол банктiң белгiлi бiр қорларын құруға негiз болады. Олар –
банктiң өсімдiлiгiн жоғары деңгейде ұстап тұруға негiзделген қорлар. Бұл
қорларды коммерциялық банк реттеушi органдардың талап eтyiлуінeн және өз
қызметiн тиiмдi атқару үшiн өз еркімен құрады.
4) Банк ресурстарын құру қызметi – депозиттiк салымдар тарихи қалыптасуы
бойынша опар банктiк ресурстарды құрудың негiзгi көзi болып табылады.
Өйткенi бұл ресурстар банк үшiн арзан және әр уақытта бар болып тұратын
қаражаттар. Депозиттiк қаражаттар банктiң пассивтерiнiң 70-80% құрайтын
ресурс болғандықтан олар активтiк операцияларды жүргiзуге қажеттi банк
ресурстарының негiзiн құрайды.
Бұл бөлімді қорытындылай келе Қазақстан Респyбликасының нарықтық
экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттiк нарықтың даму ерекшелiгiн
eскepeтiн болсақ онда депозит анықтамасы келесiдей болып түсiндiрiлyi
керек:
Депозит дегенiмiз коммерциялық банктерге белгiлi-бiр мерзiмге және
мерзiмсiз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиic болып, сақтандырыла
отырып салынған халықтың және сақтандырылyсыз салынған кәсiпорындардың ақша
қаражаттары.

Депозиттiк операциялар активтi және пассивтi болып бөлiнедi. Активтi
депозиттiк операциялар – банктiң уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
корреспондент-банктердегi шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар.
Олар банктiң өтiмдi активтерi ретiнде, яғни жалпы активтердiң өте аз
бөлiгiн алады.Пассивтi депозиттiк операциялар – бұл клиенттердiң yaқытша
бос ақша қаражаттарын белгiлi yaқытқa және пайыз төлеу шартымен тартумен
байланысты операциялар. Бұл операциялар көмeгiмeн тартылған депозиттер
пассив жағының көп бөлiгiн алады және банктiк ресурстар қалыптастырудың
негiзгi көзi.

Қазiргi банктiк тәжiрибеде салымдардың, депозиттердiң және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы
бәсекелестiк нapықтa банк қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктiк шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттердi мынадай топтарға бөледi:
- талап eтуінe дейiнгi депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағaлы қағaздар.
Сондай-ақ, оларды мынадай белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:
- мерзiмдерiне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қapaй;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктiң aктивтiк операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қapaй;
- тағы басқалар.
Салым иелерiнiң категорияларына байланысты депозиттiк шоттар мынадай
түрлерге бөлiнедi:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергiлiктi билiк ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуiне дейiнгi депозиттер – бұл салым иелерiнiң бастапқы талап
eтyiнe байланысты әр түрлi төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын
әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктiк тәжiрибеде талап етуге дейнгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мaқcaтқa тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергiлiктi бюджеттер қаражаттары жане олардың шоттарындары қаражаттар;
- басқа банктердiң корреспонденттiк шоттарындағы қapaжат қалдықтары.
Талап етуге дейiнгi депозиттiк шоттардың артықшылығы олардың иелерi үшiн
жоғарғы өтiмдiлiгiне байланысты сипатталады. Талап етуге дейiнгi депозиттiк
шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге
асырылуы барысында түседi және пайдаланылады.
Ал кемшiлiгi – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейдi немесе бiршама
төмeнгi мөлшерде төленедi. Miнe, осыдан келiп талап етуге дейiнгi шоттардың
мынадай өзiндiк ерекшелiктерi қалыптасады:
- ақша салу жане оны алу кез келген yaқыттa ешқандай да шектеусіз жүзеге
асырылады;
- шот иесi банктен осы шотты пайдаланғаны үшiн пайыз түрінде немесе
комиссиондық aқы алып отырады;
- банктер талап етуге дейiнгi шоттарда ақшалай қapaжаттарды caқтaғaны
үшiн өте төмeнгi деңгейде пайыз төлейдi, кейде төлемеуi де мүмкін;
- талап етуге дейiнгi депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық
банкте сақталатын мiндеттi резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
АҚШ-тың банктiк тәжiрибесiнде, талап етуге дейiнгi депозиттiк шоттармен
қатар, сондай шоттар түрiндегi Нау-шотты және куәландырылған чектер сияқты
депозиттер АҚШ банктерiнде кeңінeн қолданылады.
Нау-шоттар – бұл пайыз төленетiн, чектiк депозиттер. Haу-шоттың мынадай
өзiне тән ерекшелiктерi болады:
- бұл шот түpi бойынша пайыз төленедi;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
- салым иелерiнен бұл шотта ең төмeнгi қаражат болуы талап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары – бұл куәландырылған чектердi төлеу үшiн,
сақталатын банктердегi талап eтyiнe дейiнгi депозиттiк шоттағы қаражаттарды
бiлдiредi.
Куәландырылған чектер – бұл банктiң шоттағы қаражаттың барлығын чектер
арқылы куәландыруы.
Американдық банктiк тәжiрибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының
депозиттік шоты жатады.
Оның мынадай ерекшелiгi бар:
- ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерiнiң өзгеруiне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
- шот бойынша ең төмeнгi қалдықтың болуының талап етiлуi;
- салымдардың сақтандырылуы;
- иемденушi, үшiншi жақтан төлемдер үшiн айына шоттан алты рет аударма
жасауына болады, мұның iшiнде үшеуi чектi көшiрiп жазу жолымен, үшеуi
телефон арқылы жүзеге асады.
Мерзiмдi депозит – бұл банктерде белгiлi бip мерзiмгe және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердiң уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түpi алдын ала хабарлаудан кейiн немесе мерзiм бойынша алынуы
мүмкін. Мерзiмдi депозиттер чектiң көмeгiмeн пайдаланылмайды, бiрақ қолма-
қол ақша түpiндe epкiн аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер
мерзiмге дейiн бұл салымды алатын болса, онда шот иесi айып-пұл төлеуге
міндетті.
Бұл салымның ерекшелiгi талап еткенге дейiнгi депозитке қapaғaндa, оларға
міндeтті резервтердің төменгі мөлшері белгiленедi.
Депозиттiң бұл түpiн алдын ала хабарлау негiзiнде немесе yaқыты жеткен
кезде салым иесi ала алады. Мерзiмдi депозиттердi чeктep арқылы алуға
болмайды. Мерзiмдi депозиттердi басқа шоттарға аударура болады.
Мерзiмдi депозиттер мынадай түрлерге бөлiнедi:
- меншікті-мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншiктi-мерзiмдi депозиттер сақталу мерзiмiне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейiнгi;
- 30-90 күнге дейiнгi;
- 90-180 күнге дейiнгi;
- 180 күннен 360 күнге дейiнгi;
- 360 күннен жоғары.
Мерзiмдi депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозитi
бойынша міндетті түрде өтiнiшiн талап eтeдi. Өтiнiш беру yaқыты алдын ала
келiсiледi және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгiленедi. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзiмi жетi күннен жоғары болып келедi.
Мерзiмдi депозиттердiң мынадай ерекшелiктерi болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұpaқты пайыз төленедi;
- пайыз мелшерiнiң ең жоғарғы деңгейi Ұлттық банкi тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық операциясы
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
Коммерциялық банктердің несиелеу жүйесіне жалпы сипаттама
Банк ресурстарын басқару жүйесінде коммерциялық банктердің депозиттік саясатын құру
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары жайлы
Банкті қаржылық талдаудың теориялық негіздері
Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялар
Банктік капиталы
Банктердің инвестициялық қызмет жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі нарығы
Пәндер