Кітап форматы мен терім алаңы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Басылым өлшемі және терім жолдарын
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... 6
1. Кітап форматы мен терім
алаңы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .6
2. Кітап көлемі мен басылым
форматы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3. Басылым форматына қойылатын технологиялық талаптар ... ... ... .13
2. Мәтінді безендіру
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 14
1. Мәтін құрылымы және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2. Жай мәтіндерді
безендіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...16
3. Күрделі мәтінді
безендіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..19
4. Титулдық элементтердің
безендірілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3. Қаріп мәтін мазмұнын ашудың негізгі
тәсілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..23
1. Қаріп туралы негізгі
мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
3
2. Қаріп
өлшемдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...23
3. Қаріп
кескіндері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .24
4. Қаріптің орыны және
суреттері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 26

5. Қаріп
стандарты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 27
6. Қаріптік емес баспаханалық басу
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
4. Иллюстрацияларды
суреттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
9
1. Суреттеу тәсілдері және оларды безендіру
сипаттамасы ... ... ... ... .29
2. Иллюстрациялық пішіндердің
корректурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
3. Иллюстрацияға қойылатын техникалық
талаптар ... ... ... ... ... ... ... .37
5. Кітап
қалыптауы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .39
1. Кітап қалыптауы – композициялық безендірудің аяқталуы ... ... ... 39
2. Қалыптау технологиялық процесс
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
6. Кітап қаптамасын
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..42
1. Кітап қаптамасын анықтайтын
шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
2. Түптеме
маталары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 56

К І Р І С П Е

Кішкентай кезімізден бастап біз сурет-кітапшаларды үлкен
қызығушылықпен қарап, осы кітапшаларда берілген үлкен әрі түрлі-түсті
суреттер мен иллюстрациялар арқылы бізді қоршаған әлемді танимыз. Ересек
адамдардың қызықты ертегілер мен аңыздарды, өлең жолдарын дауыстап
оқығанын әуестене тыңдап өстік.
Одан соң біздің қолымызға әліппе түседі, суреттермен бірге үйлесе
орналасқан әріптермен танысамыз. Осы әріптерді оқып, олардан буын, буыннан
сөз құрап, өзіміздің сауатымызды ашамыз.
Оқуды үйренгеннен кейін біз мазмұны жағынан әртүрлі кітаптарды өз
бетімізбен оқуға кірісеміз. Бұл қатарға алдымызға білімнің негізін ашатын
оқулықтар, ғаламымыздың кешегісі мен бүгінгісін паш ететін, әр мемлекеттің
географиясымен таныстыратын, ғасырлар тағдырын көрсететін тарихи, өмір мен
мемлекеттік құрылым жайлы мағлұмат беретін саяси, өз құқықтарын қорғау үшін
шығарылған құқықтық кітаптар келеді. Бұл жерде фантастикалық ертегілер,
шытырман оқиғалар, саяхат, әйгілі оқиғалар мен тұлғалар жайлы әңгімелер,
Отанымыздың кешегі және бүгінгі батырлары мен қаһармандары жайлы кітаптар
да кіреді.
Болашақта жоғарыда аталған мазмұны жағынан әртүрлі кітаптардан көркем
әдебиет пен бізді қызықтыратын арнайы сұрақтарға жауап іздеп, алуан түрлі
кітаптарды қолға аламыз.
Адамзат тарихының жолында алуан түрлі әсем кітаптар жарық көрді. Олар
адамдардың ойы мен ойын жалғастырып, бір адамның білімі мен сезімін
басқаларға тасымалдайды. Кітаптардан біздің заманынмызға дейінгі мыңдаған
жылдар бұрын адамдардың қалай жұмыс істегенін, өмір сүргенін, нені
меңгеріп, не жайлы армандағанын біле аламыз.
Кітаптардың көпшілігі ұмытылмайтын сезім қалдырады. Олар өмірдің
рухани және материалдық жақтарын шыншылдықпен ашып, болашақта тәрбиелік
мәннің мол боларына күмән тудырмауы керек.
Француз жазушы-реалисті Оноре де Бальзак өзінің Человеческая комедия
атты көптомдық эпопеясында буржуазияның таптық үстемдігінің адамгершілікке
жатпайтын зардаптарын аса қатыгездікпен ашып жазды. Ф.Энгельс Бальзактың
француз қоғамының шыншыл тарихын таныдым деп есептеп, сол кездің барлық
мамандандырылған тарихшы, экономист пен есепшілерді бірге қосқанның өзінде,
осы кітаптап алғаны артық болды деп айтты. [1].
Н.Г.Чернышевскийдің Не істеу керек? атты романы бірнеше ұрпақтың
жастарына айтарлықтай әсер етті. Романда жаңа адамдардың бейнесі
көрсетіліп, әйел адамына деген жаңа қарым-қатынас, отбасы мен қоғамдағы
теңдік үшін күрес жайлы айтылып, төңкеріс жасаған Рахметовтың тамаша
бейнесі көрсетіледі.
Осы роман әсерінен жүздеген жаңа бағыттағы адамдар жасалып отырды.
Чернышевский, мысалы, менің бауырымды, ал ол мені осы ортаға тартты. Маркс,
Энгельс, Плехановтың шығармашылығымен танысқанға дейін мен тек
Чернышевскийді білдім, ол Не істеу керек? романынан басталды - деп
В.И.Ленин айтқан. [2].
Теңдік жайлы тек орыс жазушылары ғана емес, қазақ даласының ұлы
тұлғалары да жазған болатын. Олардың көпшілігі патшалық отарлау саясатының
астында болған қазақ қоғамының мүшкіл жағдайы, әйелдің қоғамдағы теңдігі
жайлы болды. Тіпті орыс жазушыларына қарағанда қазақ ұлдарының шығармалары
қудалауға көп түсті.
А.И.Герцен кітаптың жеке тұлға және барлық қоғам өміріндегі рөлі мен
маңызы жайлы ашып айтты.
Кітап – бір ұрпақтың келесі ұрпаққа қалдыратын мұрасы, әл үстіндегі
жатқан қарияның енді өмір сүруді бастаған жас балаға айтқан өсиеті. Барлық
адамзаттың кітапқа басылған өмірі: адамдар, рулар мен тайпалар, хандықтар
мен мемлекеттер жойылса да, кітап бетінде мәңгі қалады. Кітап тек кешегіміз
ғана емес, ол бүгінгіні басқаратын құжатымыз, ертеңгі күннің бағдарламасы.
Сонымен, кітапты құрметтейік! [3].
Бүгінгі күні кітап біздің өмірімізге орнықты кіргені соншалықты, тіпті
кітапсыз жұмыс істей алмай, өмір сүруіміз қиындады. Ол - өмірлік серігіміз,
сырласымыз, өмір жолымыздағы тәрбиешіміз және көмекшіміздің орнын алды.
Бүгінгі күні біз танитын кітап дәл осындай сыртқы пішінмен бірден
қалыптаспады. Оның алдында саз тақтайшаларға, папирус, пергамент пен
қағазға жазылған кітаптар болды. Олардың өндірісі өте көп уақытты алды,
және оларды дайындауда арнайы үйретілген жазғыштар жұмыс істеді. Бұндай
кітаптар шектеулі таралыммен шығарылып, өте қымбат тұрды.
Қазіргі кезде кітап шығару баспаның баспаханамен бірлескен жұмысының
жемісі. Баспада автор қолжазбасы теру мен басылымға даярланып, баспаханада
бізге таныс басылым формасына ие болады.
Кітапты безендіру немесе басқа да басылым – кітапқа дәстүрлі бейне
беру. Бұл – суретші, көркемдеуші және техникалық редактордың бір жақтан,
полиграфистердің екінші жағынан бірлесе жасаған жұмысының нәтижесі.
Сондықтан автор қолжазбасы кітапқа айналу жолына дейін екі кезеңнен өтеді,
бірі көркемдік-безендіру, екіншісі – полиграфиялық.
Кез келген кітап оқуға арналған. Оқырман оның мазмұнының полиграфиялық
формасын дұрыс қабылдау үшін, кітап оқуға ыңғайлы болу керек. Автор кітап
мазмұнын проза арқылы немесе өлең жолдарымен, сонымен қатар мазмұнды ашу
үшін әртүрлі формулалар, кестелер немесе кітаптың осы тақырыбын ашуға
жарайды деген басқа да тәсілдерді қолдануы мүмкін.
Әр кітап белгілі бір оқырмандар тобына арналады, оқуға бейімделуіне,
оны қолдану ортасына байланысты: үйде, кітапханада, өндірісте және т.б.
Безендірілу кітап мазмұнына үйлесімді кітап өлшемін, жол ұзындығын, қаріп
өлшемін және тағы басқа графикалық элементтердің дұрыс таңдалып, оқырманның
басылымды ұтымды, ешбір кедергісіз, қиындықсыз пайдалануына кепілдік етеді.

Кітап безендірілуі оқырманға өте үлкен әсер етеді. Ол тек адам санасы
ғана емес, сонымен қатар музыка секілді сезіміне әсер етіп, белгілі бір
көңіл-күй тудырады, қуаныш немесе түңілу және оқу нәтижесіне үлесін
тигізеді.
Кітап безендіруші барлық безендіру тәсілдерін олардың қолдану аясы мен
мақсаттарына қарай негізгі үш топқа бөлуге болады. Олар:
• графикалық-көркемдеуші;
• компазициялық-кеңістіктік;
• материалды-техникалық.
Бірінші топқа қаріптердің барлық түрі, иллюстрациялар, орнамент, ою-
өрнек, сызықтар және кітапта кездесетін басқа да көркемдеу формалары
кіреді.
Екінші топты кітаптың элементтерінің орналасуы мен олардың өлшемдері
құрайды. Мысалы, басылым форматы, басу алаңы мен жолдар өлшемі, жолдардағы
сөздердің орналасу тәртібі, кітап беттеріндегі тақырыптардың, кестелердің,
суреттердің және басқа элементтердің орналасуы.
Үшінші топқа кітапта қолданылатын барлық материалдар қатысты. Оларға:
қағаз, картон, мата, бояу және полиграфиялық процестер кіреді.
Қазіргі кезде баспалардағы безендіру көркемдеуші және техникалық
редакторлардың қарамағында.
Көркемдеуші редактордың міндетіне кітаптың жалпы көркем безендіру
жоспарын құрастыру, көркемдеуші-графикалық элементтерді (кітаптың мұқабасы,
түптеуі және иллюстрация нұсқалары) таңдау немесе оларға тапсырыс беру
кіреді. Кейінірек техникалық редакторға нұсқаулар беру арқылы кітаптың ішкі
техникалық редакциялауы жүргізіледі.
Кітаптың техникалық редакциялануы көркемдік редактордың шығармашылық
ойлары арқылы жүзеге асырылады. Техникалық редактордың міндетіне басылымның
көлемін есептеу, басылатын сурет немесе иллюстрацияның алаңын өлшеу, кесте
өлмемін есептеу, қаріпті әртүрлі мәтін түріне байланысты таңдау, теру
алаңын макеттеу, техникалық спецификасын орындау, керекті материалдарды
таңдау кіреді.
Бірақ техникалық редакциялауды тек ішкі элементтерді өңдеу мен
безендіру деп есептеу дұрыс емес. Редакциялаудың екі түрінің де маңызы
бірдей, екеуі кітап мазмұнын ашу мақсатында жұмыс атқарып, тығыз байланыста
болады. [4].
1. БАСЫЛЫМ ӨЛШЕМІ ЖӘНЕ ТЕРІМ АЛАҢЫН ТАҢДАУ

1. Кітап форматы мен терім алаңы

Қолданылатын басылым форматтары

1961 жылдың 1 қаңтарында Кітаптар мен журналдар. Форматтар атты
қабылданған №5773-59 мемлекеттік стандарт бойынша келесі басылым түрлерінің
негізгі форматтары анықталды. (1-қосымша).
Бұл форматтарды өлшемдері мен аудандары бойынша негізгі үш топқа
біріктіруге болады: №1-5 кіші кітап форматтары, №6-9 орта кітап форматтары,
№10-14 үлкен кітап форматтары.
Кітап парақтарының пропорциясына назар аударатын болсақ, онда олардың
байланысы бойынша тағы да үш топқа жіктеуімізге болады. Біріншілері (№1,
№2, №5, №7, №9 және №11) вертикалі бойынша созыңқы формалы, биіктігі еніне
қарағанда басымырақ; олардың енінің ұзындығына қатынасы 10 : 15-тен 10 :
15,7-ге дейінгі аралықта болады. Келесі форматтарда (№4, №6, №8 және №13)
бірінші топпен салыстырғанда ені мен биіктігі аралығындағы қарама-қарсылық
кішірек, биіктігі енінен 13 есе артық. Өлшемдер арасындағы пропорция 10
: 13-тен 10 : 13,9-ға дейінгі аралықта анықталады. Үшінші топтағы
форматтардың (№3, №10, №12 және №14) өлшемдерінің айырмашылығы мүлдем кіші.
Парақтар шаршы тәрізді. Пропорциялары 10 : 12,5-тен 10 : 12,8-ге дейінгі
аралықты қамтиды. [5]
Кітап өндірісіндегі форматтарды қолдану статистикасының көрсеткіштері
бойынша, шығарылатын өнімнің 80% астамы 84 × 10832 және 60 × 9016
форматымен, ал қалған 20% басқа форматтармен жарық көреді. Бұл 84 × 10832
және 60 × 9016 форматтарының оқуға, қолдану және сақтауға ыңғайлы жағдай
жасайтындығын айқындайды. [6]

Форматтардың қолданылуы

Анықталған кітап форматын таңдауда нені негізге алу қажет? Ең алдымен
– басылым түрі мен келесі факторларды ескеру шарт:
• Шығарма формасы мен мазмұнын ашу тәсілдеріне байланысты. Егер
мәтін прозалық болса, онда орта формат қолайлы; егер кітап
мәтіні өлеңмен жазылған болса, онда өлең жолдарының ұзақтығына
байланысты кітап форматының енінің кіші немесе орта өлшемдерін
қолдану керек; егер мәтін үлкен кестелермен, өте ұзақ
формулалармен, ені кең әрі үлкен иллюстрациялармен немесе шаршы
тәрізді географиялық карталармен қатар жүрсе, онда үлкен
форматтарды қолданған жөн.
• Кітаптың бағытталуы мен оның оқу жағдайларына байланысты.
Ұзақ уақыт оқуға арналған кітаптарды орта форматтарда шығарған
дұрыс; тез қарауға немесе таңдаулы мәтіндерді оқуға арналған
кітаптар, мысалы анықтамалар мен сөздіктерді шығаруға кіші
формат қолайлы (көлемі рұқсат еткен жағдайда); асықпай, тоқтап,
әрі зерттеп оқылатын оқулықтар, ғылыми және өндірістік
басылымдар, үлкен форматтарды қажет етеді.
• Оқырманды дайындау және оқуға бейімделу қабілетіне
байланысты. Егер кітап көзі мәтін жолдарымен баяу қозғалатын
тәжірибесіз оқырманға арналған болса, онда үлкен форматтағы ұзақ
жолды, ірі қаріпті формат ыңғайлы. Тәжірибелі, жылдам оқу
техникасымен ие оқырманға арналған кітапты орта форматта шығару,
мәтін жолдарын тез оқуға ыңғайлы; сонымен қатар басқа нұсқалар
да бар.
• Кітапты сақтау жағдайларына байланысты. Егер шығарылатын
басылым өндіріс жағдайларында (зауыт, фабрика, егіс алқабында,
зертханада) немесе жолда (сөздіктер) пайдалануы болжамдалса,
онда кіші формат таңдалады. Керісінше, бөлмеде, сыныпта немесе
кітапханада оқуға арналған кітаптарды орта немесе үлкен
форматпен шығарған жөн.

Терім жолдары және бет

Кітап беттерінде терім жолдары орналасады. Алдында айтылғандай
шығарма мазмұнын ашу мақсатында қолданылатын барлық басу элементтерінің
өлшемдеріне байланысты терім алаңдары анықталады. Кітап беттерінің, терім
жолдары және оларда орналасатын барлық элементтердің пропорциялық қарым-
қатынасы үйлесімді болуы керек. Себебі басу элементтерінің үйлесімді емес
орналасуы кітапты оқу процесін төмендетеді.
Осындай сәтсіздіктерді жою үшін (МРТУ) №43-01-61 Кітаптар мен
журналдар. Полиграфиялық безендіру атты техникалық жағдайларға байланысты
әр форматқа арналған негізгі 4 нұсқадағы беттерге пропорционалды терім
алаңдары анықталған. Бұл нұсқалар түрлі оқырман категорияларына арналған әр
типтегі кітаптардың оқу ыңғайлығын арттыра түседі. [7]

Терім жолдарын безендіру нұсқалары

Безендіру нұсқалары түрінде терім жолдарының нақты өлшемдері №2
кестеде көрсетілген.
Бұл нұсқалардың бағытталуы неде?
Б і р і н ш і н ұ с қ а қысқа пайдалану мерзіміне арналған орта
және үлкен көлемді кеңтаралымды кітап басылымдарының терім жолдарын
безендіруге арналған. Бұндай басылымдарға әліппе, қалта сөздіктері мен
анықтамаларды және белгілі бір мерзімді қамтитын бұйрық, анықтама сияқты
сериялық басылымдарды жатқызуға болады.
Е к і н ш і н ұ с қ а – негізгі. Ол басылым түрлерінің
көпшілігінің көлемі мен таралымына тәуелсіз түрде болады. Бұндай
басылым түрлеріне бастауыш және орта мектеп, жоғарғы оқу орны, таңдаулы
шығармалар, жинақтар, көркем әдебиеттің жеке шығармалары, ғылыми еңбектер
кіреді.
Ү ш і н ш і н ұ с қ а – саяси, ғылыми немесе көркемдік маңызы зор,
үлкен көлем мен басылымдарға негізделген. Бұндай басылымдарға көркем-әдеби
және ғылыми шығармалар жинағының басым көпшілігін, жекелеген
иллюстрацияланған балалар әдебиетін, ғылыми монографияларды енгізуге
болады.
Т ө р т і н ш і н ұ с қ а ерекше көркем безендірілген
иллюстрацияға бай, кішітаралымды басылымдарды қамтиды. Осы нұсқаға
мерейтойлық және сыйлықтарға арналған басылымдар, прейскуранттар,
экспорттық өнімдердің нарықтық тізімін, буклеттерді жатқызуға болады. Бұл
басылымдар бірінші және екінші нұсқаға қарағанда кіші таралыммен шығады.
[8]
Іс жүзінде жоғарыда берілген терім жолдарының безендіру нұсқаларынан
өзге тәсілдерді болжау арқылы қолдануға тура келеді:
• Терім формасының құрылым ерекшеліктері. Мысалы, өлеңмен
жазылған мәтіндерде беттің жоғарғы және төменгі жақтарына
терім жолдары түсу ықтималдығы жоғары. Ол өлең жолдарының
санына және таңдалған форматына байланысты болады.
• Басылым форматымен, оның кішіреюіне байланысты безендіру
нұсқаларын таңдау мүмкіндігі азая түседі (толығырақ №2
қосымшада).
• Басылым көлемімен. 25 баспа табақтан жоғары көлемдегі
кітаптардың жоғарғы бөлігінің енін үлкейту керек болады. Ол
оқуға ыңғайлы болу үшін жасалады.
• Кітап блогын біріктіру және жинақтаумен. Кітап блогтарын
тіккен кезде оның жоғарғы жағына тігіс түсіп, өнімді оқыған
кезде ыңғайлы болады. Блогты тігіссіз жинау кезінде оның
шетінен 5 мм кесу керек болады, сондықтан терім жолын 14
шаршыға кішірейту керек болады.
Жоғарыда көрсетілген терім жолдарының форматы жалпы кітап өнімдеріне
арналған. Ерекше көркем безендірумен шығарылатын кітап өнімдеріне терім
жолдары бөлек таңдалады.

Басылым форматы және жолдың оқу ыңғайлығы

Басылым форматын таңдау кезінде жолдың ұзақтығын ескеру қажет. Жолдың
ұзақтығы – кітаптың оқудағы ыңғайлығын анықтайтын негізгі факторлардың
бірі.
1. Жол ұзақтығы оқырманның тәжірибелігімен, дәлірек айтсақ оның
оқуға бейімделу дәрежесіне байланысты.
Кеңестік ғалымдардың (проф. В.А.Артемов, проф.
А.А.Реформатский, Н.А.Головин және т.б.) зерттеулері бойынша,
бірдей қаріппен жазылған кітаптарды оқу кезінде жолдың ұзақтығы
оқу процессіне әсер ететіндігін дәлелдеді.
Оқырманның оқуға бейімделуіне байланысты жолдың ұзақтығы
әсер етеді. Зерттеулердің нәтижесі бойынша 414
- 412 кв. терілген мәтін 6 кв қарағанда 6%, ал 7 кв терілген
мәтінмен салыстырғанда 11% жылдамырақ оқылатынын дәлелденді. [9]

Жол ұзақтығын 6 кв асыру тәжірибелі оқырманға айтарлықтай
кедергі келтіреді. Ол көзін ғана емес, басын қозғап отыруы керек
болады. Бұл адамға физикалық күшті жұмсап, тез шаршауды тудыруы
мүмкін.
Тәжірибесі төмен оқырманға жолдың ұзақтығы тиімді. Ол бір
жолдағы мәтінді көз алмай оқып, оны түсініп алуына және қайта-
қайта жолды ауыстыруды ыңғайлы түрде жеңілдетеді.

2. Жол ұзындығы қаріп кеглімен өлшемдес болуы керек.
Ыңғайлық жағынан мәтіндегі ұзын жолдарды кіші қаріппен, ал
қысқа жолдарды үлкен қаріптермен жазу қанағаттандырарлық жағдай
болмас.
Мәтіннің қаріп кеглін өзгерту бір жолдағы басу белгілерінің
санын көбейтеді немесе кішірейтеді. Сондықтанда жол ұзындығы мен
таңдалатын қаріп арасында белгілі бір пропорция болуы қажет.
Қалыптасқан нормалар белгіленбеген, бірақ тәжірибе жүзінде №3
қосымшадағы арақатынас дұрыс деп есептелінеді.

3. Жоларалық қашықтықтың үлкеюі.
Оқу дағдысы төмен оқырманға жоларалық қашықтықтың үлкен
болғаны қолайлы. Оған әр жолды бөлек көріп, келесісіне көшуі жеңіл
болады. Бұл әсіресе үлкен қаріптерді қолданғанда маңызды.
Тәжірибелі оқырманға да жоларалық арақашықтық септігін
тигізеді, бірақ бұл шешуші фактор рөлін ойнай алмайды.

4. Жол ұзақтығы оқу жағдайына байланысты болады.
Мысалы, ұзақ уақыт оқуға арналған әдебиеттер гигиеналық
нормаларда; жаттауға немесе бөлек тарауларын зерттеуді қажет ететін
(ғылыми-техникалық әдебиет, оқулықтар) кітаптарда жолдың үлкен
болуы; ал тез оқуға және таңдамалы оқуға арналған кітаптарда жол
ұзақтығы қысқа болғаны абзал.
Мәтіннің қолайлы оқылуы кейде оның көпбағаналы верстка арқылы бірнеше
кіші жолдарға бөлінуін талап етуі мүмкін.

Иллюстрация және басылым форматы

Басылым форматының берілген иллюстрациясына байланысты белгілі
тәуелділікті анықтауға болмайды, бірақ иллюстрацияның форматты таңдау
кезіндегі ықпалын шетке шығарып тастау да жө н емес.
Өлшемдері үлкен иллюстрациялар үлкен аудандарды қажет етеді.
Иллюстрация пропорциялары өз кезінде бет формасы мен терім алыңының
форматын анықтайды. Егер суреттердің екі жақты пропорциясы 34, 45, 79
т.б. онда бұл иллюстрацияларға бет форматтары 60 × 908, 84 ×
10816, 70 × 9016, 70×10832 сәйкес келеді.
Ені кіші, ал ұындығы бойынша созылыңқы келген иллюстрациялар
23, 35, 58 т.б. пропорциялар бойынша құрылып, 70 × 10816, 60 ×
9016, 84 × 10832, 70 × 9032 формат өлшемдері үйлесімді болады.
Рамкаларда берілген иллюстрациялар басылым форматы мен терім алаңының
форматын дәлірек анықтайды.
Иллюстациялардың түпнұсқасы таңдалған басылым форматымен келісе етіліп
жасалса, ал көшірме ретінде алынатын иллюстрацияның пропорциялық өлшемдері
сақталынады. Дайын иллюстрацияларды белгіленген басылым форматына немесе
басу алаңына салу айтарлықтай қиын болады, әсіресе түпнұсқа еркін формада
орындалған жағдайда.
Анықтамалар мен нұсқаулық басылымдарда мәтін көлемі аз, ал көрнекілік
материал ретінде қолданылатын иллюстрациялар мен суреттерге толы. Осы
басылымдардан иллюстрацияларды алып тастау кітаптың барлық мазмұнынан айыру
деп есептелінеді. Бұл жағдайда басылым форматынан ауытқып,
иллюстрацияланатын элементтер мен мәтіннің алдын-ала макетін жасау арқылы,
үйлесімді өнім шығаруға болады.
Кітапта берілген иллюстрацияларды басу алаңына орналастыру формат
өлшемінің үлкеюіне алып келетіндігін байқаймыз. Бұл жағдайларда теру
алыңының ауданы кішірейіп, ал суретке берілетін аудан ұлғаяды. Бірақ бұл
кітап форматының қалыпты жағдайында іске аса бермейді, мысалы, көркем
әдебиетте. Суреттерді мәтін ішінде немесе алаңдарда орналастыру үшін беттің
үлкен форматын алған жөн. Тіпті жекеленген иллюстрациялардың басу алаңынан
шығуы кітап форматының өзгеруіне алып келеді.
Осыдан мынандай тұжырым жасауға болады, суретшіге иллюстрация
түпнұсқасына тапсырыс беру кезінде, болашақ басылым форматын ескеріп,
иллюстрация өлшемдерінің өзгеруіне дайын болу керек. Бірақ дұрыс таңдалған
өлшем пропорциялары бойынша иллюстрация басылым форматына сәйкес келеді.
[10]

2. Кітап көлемі мен басылым форматы

Басылым форматын таңдау кезінде кітап көлемін де ескеру керек. Алдында
айтылғандай басылым форматы және оның баспа табақ бойынша пропорциялық
арақатынас болуы керек. Бірақ, пропорциялық арақатынас – тек термин ретінде
қолданылады. Оны кітапқа қатысты ауыспалы мағынада түсіну керек.
Кітапты қолдану ыңғайлығы – форматты таңдау кезіндегі маңызды
факторлардың бірі.
Физикалық басу көлемі баспа табақ бойынша анықталады. Форматы үлкен
бетке форматы кіші форматқа қарағанда айтарлықтай көп материал кіреді.
Сондықтан, басылым форматын таңдау кезінде баспа табақ саны мен одан
алынатын кітап көлемін ескеру керек.
Баспа табақ көлемін анықтайтын тәсілдерге басу алаңының форматы, қаріп
кеглі мен оның тығыздығы, кітап версткасының амалдары жатады.
Мысалы, бірінші нұсқадағы басу алаңдарын безендіру төртінші нұсқаға
қарағанда 14-15% артық көлемді алады. Сондықтан бір безендіру нұсқасын
екіншісімен алмастыру арқылы басылым көлемінің баспа табақ бойынша реттеуге
болады.
Бірдей көлемдегі форматтағы мәтіндердің екі түрлі қаріп кеглімен
терілгенін салыстыратын болсақ, онда бір жолдың көлемін 20%, ал басу алаңын
23% үлкейтетіндігін байқаймыз. Осының салдарынан баспа табақ көлемі де
азаяды, және керісінше кіші қаріптен үлкеніне ауыстыру басу алаңының
сыйымдылығын кішірейтіп, кітап көлемін көбейтеді.
Теру форматының үлкеюі орта есеппен әр 14 кв сайын басылым форматын
4% кішірейтеді.
Осы қаріптік безендіру жағдайларын ескеру арқылы басылым форматын
қалыптастырып, дұрыс кітап форматын таңдауға көмек етеді.

3. Басылым форматына қойылатын технологиялық талаптар

Басу өнімінің безендірілуі полиграфиялық техниканың көмегі арқылы
жүзеге асырылады. Сондықтан басу өнімдерінің полиграфиялық жағдайлары мен
полиграфиялық орындауларын білмеген жағдайда болашақ кітаптың форматы мен
теру алаңын дұрыс анықтауға болмайды. Полиграфия технологиясының
ерекшеліктерін ескеру арқылы ғана беттердің нақты өлшемдері мен
композияциялардың қажеттілігін білуге болады.
Бұл мағынада полиграфия технологиясы басылым форматының таңдалуына
әсер етуі мүмкін.
Мысалы, кітап тігусіз біріктіру арқылы, жоғарғы жағынан кесу арқылы
жарық көреді. Бұл кітаптың жоғарғы бөлігін кесу өлшеміне байланысты үлкейту
керектігін көрсетеді. Енді кітап енін не арқылы кішірейте аламыз?
Алаңдардың өлшемдерін сақтай отырып, басу форматын 14 кв кішірейтуге
тура келеді. Осыдан кейін терім алаңы жоғары қарай созыңқы болады.
Парақтардың өздері де осы процестен кейін кішірейеді.
Ұқсас жағдайды тігу арқылы кітап болктарын біріктіру кезінде
байқаймыз. Кітаптың түбі қапсырмалармен тігілетіндіктен кітап айналмасы 12
кв үлкейіп, терім форматы 14 кв кішірейеді.
Екі жағдайда да терім алаңдарының ені бірдей, бірақ кітаптардың сыртқы
бейнесі әртүрлі болады. Бірінші жағдайда форматтың кішірейтілуі болса,
екіншісінде парақ форматтары сақталынады, тек басылым алаңы мен жолдары
ғана өзгеріске түседі.
Форматтың кішіреюі бетті иллюстрациямен безендіргенде жол алады. Бұл
жағдайда парақ ені 5 мм, ал ұзындығы 10 мм кішірейеді.
Бүктеу (фальцовка) түрі басылым форматын өзгертуі мүмкін, оның
астарында беттің ауданы емес, оның алыну тәсілі беріледі. Кассетті бүктеу
машиналары қиысулы (перпендикулярлы) ғана емес, сонымен қатар қиысусыз
(параллельді) бүктеуді де қамтамасыз ете алады. Ал бұл өз кезегінде парақ
бөліктері мен бет өлшемдерін өзгертуге рұқсат етеді. Мысалы, бірдей
өлшемдегі беттерді 32 бөліктен тұратын 60 × 90 және 18 бөліктен тұратын 70
× 90 форматтардан ала аламыз. Беттердің аудандары бірдей, ал басылым
форматтары мен парақ бөліктері әртүрлі.
Бүктеу (фальцовка) жайлы толығырақ №4 қосымшада.
Осы басу процестерінің ерекшеліктерін форматты таңдау және есептеу
кезінде қолдану қажет. [11]

2. МӘТІНДІ БЕЗЕНДІРУ ТӘСІЛДЕРІ

1. Мәтін құрылымы және оның түрлері

Кітап негізінен мәтіннен тұрады. Автордың ойын кітаптағы мәтінде
көрсетілген графикалық элементтер арқылы түсінеміз.
Графикалық белгілерге - автордың белгілі бір тіл әліппиінің әріптері
арқылы жазған жазуы есептелінеді. Бірақ бірдей әріптер әртүрлі мағынада
қолданылатын сөздер сияқты қолдануына байланысты омонимдик мағынаны
білдіруі мүмкін.
Көпшілікке белгілі глава сөзі кітаптың жинақтық бөлігін білдіреді.
Егер де мекемеге қатысты болса, онда глава сөзі бастық, басқарушы деген
мағынаны білдіреді. Сәулет өнері мен құрылыста глава сөзі шатыр немесе
жұмыстың соңы дегенді білдіреді.
Ал осы глава сөзінің әр әрпін жеке-жеке сөз ретінде емес, сандардан
кейін қолданатын болсақ, онда олар символдарға айналып, санның мәндік
мағынасын білдіреді. Мысалы, г - грамм, л - литр, а -
электротехникада ампер, ал ауданды өлшемі ретінде ар, в - электр тоғының
кернеуін білдіреді.
Осылай әріптердің әр жағдайда қолдануы олардың өзгеше мағынасын
береді. Автордың белгілі бір белгі арқылы қандай мағынаны білдіргісі
келгендігін түсіну үшін, техникалық редактор осы жағдайлардың барлығын
дұрыс білуі қажет.
Мәтіннің мағынасын ашуға тек графикалық элементтер ғана емес, сонымен
қатар оларды басқа мәтіннен ерекшелеу тәсілі де жатады. Мысалы, барлық
мәтін тік қаріппен терілгенде алгебралық формулаларды курсивпен немесе және
керісінше, барлық мәтін курсивпен терілгенде формула тік қаріппен
орындалады. [12]

Абзац

Автор өз ойын тіркестерге құралған сөздер арқылы ашады. Оқырман
шығарманың мазмұнын жақсырақ қабылдау үшін, автор өзара тығыз байланысқан
ойларды мәтіннің бір бөлігіне шоғырландырады, ол – абзац. Әр абзацтың басы
бірінші жолдағы сөздің оңға қарай шегініс жасауы арқылы жүзеге асырылады.
Мәтіннің абзацтарға бөлінгенін оқырман қолайлы пайдалана алады. Ол тоқтап,
ойланып, содан кейін келесі абзацты оқуға ауысады.
Бірақ абзацты мәтінді бөлу тәсілі ретінде қабылдамау керек, бірінші
жолдағы абзац шегінісі міндетті түрде автордың жаңа ойға ауысуын білдірмеуі
де мүмкін. Көп жағдайларда шегіністі абзац деп аталынады, бірақ бұл дұрыс
емес. Абзац мәтіннің құрылу жүйесіне жатады: ұзын немесе қысқа абзацты
автор қолданады, шегініс – тек терілу техникасында қолданып, оқырманды жаңа
мәтіннің басталғандығы жайлы хабардар етеді. [13]

Кітап құрылымы

Кітап әрқашан тек мәтіннен ғана тұрмайды. Өзімізге белгілідей
мәтінмен бірге иллюстрациялар, кестелер, формулалар және басқа да
элементтер орналасады. Кітап құрылымы осыған байланысты біртекті, яғни тек
мәтіннен құралған және аралас, иллюстрация, кесте, формулалармен қатар
келеді. Кейбір жағдайларда берілген иллюстрациялардың көлемі өте үлкен
болып, сол беттегі мәтін оның анықтамасы секілді көрініп қалады. Бұл мектеп
жасына дейінгі балалар әдебиетінде жиі кездеседі. Басқа басылымдарда
кестелер мен формулалар басым болады. Әрине, қосымша элементтер көп болған
сайын, басылым құрылымы және оны полиграфиялық орындалуы мен безендірілуі
күрделене түседі. [14]

Кітап архитектоникасы

Кітаптағы сөйлемдердің реті кездейсоқ емес, белгілі логикалық ретпен
орналасады. Материалдардың орналасу ретін – кітап архитектонкасы деп
атайды. Архитектоника өзінің сыртқы көрінісін тақырыптар жүйесі арқылы
білдіреді. Тақырыптарға қарай отырып біз кітапта қойылатын негізгі сұрақтар
мен мәселелерді ғана емес, сонымен қатар олардың ашылу ретін, араларындағы
логикалық байланысты біле аламыз.
Сонымен, тақырыптар өздерінен кейін келетін мәтіннің мағынасын, ал
абзацтар талқыланатын тақырыпты жеке бөліктерге бөледі.

Мәтіндегі ерекшелеу

Авторлар өз шығармаларында келтірілген жеке ереже, термин, маңызды
шешім немесе заңға оқырманның назарын түсіріп, оны меңгеріп алуынажәрдем
беру үшін ерекшелеуді қолданады. Мәтіндегі ерекшелеу оқығанды меңгеруге
дағдылайтын факторлардың бірі.
Осы айтылғаннан техникалық редактордың өз назарын мәтіннің барлық
ерекшеліктеріне аударып, оны нақты әрі терең түсініп, оқырманға қолайлы
түрде безендіруі керек екендігін білеміз. [15]

2. Жай мәтінді безендіру

Мәтіннің безендірілуі – негізгі процесс, өйткені ол шығарма мазмұнын
ашуға үлкен үлес қосады. Мәтінді дұрыс полиграфиялық безендіру кітап
сапасының нәтижелі болуына және ыңғайлы оқылуына әкеледі.
Мәтінді безендіруге негізгі үш талап қойылады:
• оқу ыңғайлылығы;
• композияциялық тәртіп;
• технологиялық іске асырылу.
Осы үш талап безендірудің негізгі жүйесін құрайды.
Мәтіндер графикалық терім формалары мен құрылымдық деңгейіне
байланысты ажыратылса да, олардың композияциялық принциптері мен оқу
ыңғайлылығы әрқашан ескерілуі шарт. [16]
Терім композияциясы мәтіннің оқу ыңғайлылығына бағытталған. Теру
ережесі – жалпы және тәжірибемен тексерілген композициялық принциптердің
нақтылануы болып табылады.

Мәтінге композияциясына қойылатын талаптар

Жолдардың бірдей ұзындықта терілуі оқу процесіне әсерін тигізеді.
Мәтіннің оң және сол жақ қапталдарын форматқа сәйкес туралау оған орнықты
бейне береді. Әсіресе оқу кезінде сол жақ вертикаль өте маңызды, өйткені ол
– терім сызығы деп аталады.
Мәтіндегі сөздердің арасындағы қашықтықтың біркелкі болуы оқу
ыңғайлығын арттырады, себебі бұл фактор басу элементтерінің кезектестіру
ырғағын береді. Сөз арасындағы ашық жер қаріп енінің жартыкеглдік
шпациясына тең болуы керек.
Жолдардың өшірілу процесінде аралықтар өзгеріске ұшырайды. Бірақ
олардың қашықтығы 34 кеглден аспай, 14 кегілден кем болмауы тиіс. Бұл
қолмен теру кезінде іске оңай асады. Линотиптік теру кезінде аралық клинға
тәуелді болып 3-тен 6 пункт аралығында, ал монотиптік теруде 2-ден 7 пункт
аралығын құрайды.
Оқырман үшін екінші маңызды шарт – абзацтық шегініс. Абзацты пайдалану
арқылы ол жаңа абзацтың басын табады. Сондықтан абзацтық шегініс
басылымдағы қаріп кегліне немесе мәтіннің рөліне тәуелсіз бірдей қашықтықта
болуы керек.
Абзацтық шегіністің өлшемі – тұрақсыз. Ол негізгі үш факторға тәуелді:
жол ұзақтығы, қаріп ені және жоларалық қашықтық.

Мәтіндегі ерекшелеу түрлері және олардың қолданылуы

Ерекшелеу тәсілдері символдар мен шартты белгілердің құрылымын
күрделендіреді, бірақ сонымен қатар мазмұнды графикалық формада дұрыс
жеткізуге көмектеседі. Символдар мен шартты белгілер басу алаңына басқа
графикалық элементтердің түсуіне жәрдемдесіп, оқырманды симвомдың мазмұны
мен мағынасын есте сақтауға дағдаландырады. Мысалға формулаларды алатын
болсақ, оларды мәтін түрінде жазсақ не болушы еді?
Ерекшелеу тәсілдері өздерінің түрлері мен қолдануына байланысты
бөлінеді. Кең тараған түрлері:
• Қаріптік: қаралау (полужирное), курсивтік және
қолжазба түріндегі нұсқалар, мәтінде қолданылған басқа
элементтерден қаріптердің өзгеше кегл мен гарнитура
түрлері.
• Композияциялық-техникалық: ерекшеленген мәтіннің теру
кезіндегі формат тығыздығын өзгерту, терім сызықтарындағы
шегіністер, бәсендік.
• Графикалық: сызықтар, шектеулер, тырнақша, толық немесе
жартылай боялған ромб, үшбұрыш, шаршы түріндегі
графикалық безендіру.
Ерекшелеулердің бірі оқырманның назарын аудару үшін мағыналық;
екіншісі – жаңа терминдер мен түсініктерді; үшіншісі – ереже,
формулировкаларды; төртіншісі – қысқартуларды білдіруі мүмкін.
Әр ерекшелеуге өзіне ыңғайлы безендіру тәсілін таңдап, оның оқырманға
берер әсерін ескеру керек. [17]

Цитаталарды безендіру

Цитата – басқа шығармадан алынған мәтін. Цитита алынған әдебиетке
байланысты: прозалық, формулалық, кестелік, өлеңмен жазылған болуы мүмкін.
Цитата мәтінің безендіру кезінде келесі ескеру қажет:
1. Барлық цитита толығымен тырнақшаға алынады.
2. Егер цитата толық емес, үзінді ретінде алынса, онда
көпнүктені қолдану керек.
3. Сөздердің қысқарған бөліктері жазылу кезінде тік жақшаға
алыну керек. Мысалы: Гегель, Фрбх и рзн дегенді
Гегель, Ф [ейе] рб [а] х и р [а] з н [ое]).
4. Цитатаның барлық сөздері, тыныс белгілері және тағы басқа
ерекшеліктері сақталынады, бірақ автор өз сөздерімен
толықтыратын болса, онда мен ерекшеледім, курсив менікі
деген сияқты анықтамаларды беруі керек.
5. Цитита алынған әдебиет - библиографиялық сілтемелердің
барлық талаптары бойынша көрсетілуі керек.
6. Автор сөзінен бөлек жеке абзацқа терілген цитата мәтін
терілген қаріппен салыстырғанда кіші қаріппен теріледі.

3. Күрделі мәтінді безендіру

Б и б л и о г р а ф и я л ы қ м ә т і н – белгілі бір ретпен
орналасатын басылым белгілерінің анықтамасы. Кей жағдайларда анықтамалар
қысқа аннотациялармен немесе ескертулермен қатар келеді.
Кітапты мазмұндайтын элементтер анықтамасына: артор тегі мен
инициалдары, басылымның нақты аты (титул бойынша), шығарма жанры немесе
оқырман категориясы, тутулдық редактор, аудармашы, басылым иллюстраторының
тегі, том нөмірі, басылым орны, баспа аты және шығарылған жыл, кітаптың
беттер бойынша көлемі.
Библиографиялық мазмұндаудың алдына қойған мақсаттары бойынша
материалдар:
1. Әліпби бойынша – автор тегі немесе шығарма аты бойынша.
2. Шежірелік – басылымның жарық көру мерзіміне байланысты.
3. Жүйелік – тараулар немесе сауалдар бойынша.
Л и н г в и с т и к а л ы қ м ә т і н. Бұл мәтіннің күрделілігі
әртүрлі әліпбидің пайдалануы. Мысалы, қазақ, орыс, ағылшын, грек, латын,
араб, қытай және т.б; транскрипциялық белгілердің пайдалануы.
Сонымен қатар лингвистикалық мәтіндерде қиыспайтын (параллельді)
сызықтар, жартылай жақша, бағыттауыштар жиі қолданылады. [18]

С ө з д і к м ә т і н – безендіру тәсілдеріне байланысты
лингвистикалық мәтінге жақын, ол лингвистикалық мәтіннен тек элементтері
топтастыруымен ерекшеленеді.
Сөздіктер – лингвистикалық әдебиеттер анықтамасының түрі. Олар
орфографиялық, аудармаға арналған және түсіндірмелі болып жіктеледі.
Қандай сөздік болмасын олар міндетті түрде:
• Алфавиттік ретпен орналасуы;
• Элементтердің қатаң орналасу қатары;
• Алынған мағынасына сай графикалық-шартты белгілердің болуы
шарт.

а
б

Сөздік мәтіннің безендірілуі: аударма (а) және түсініктеме түрінде (б)

Сөздіктерде келесі шартты белгілерді қолданады: тильда (~) – дыбыстың
диакритикалық тұрғысынан жіңішкелік белгісі; тік жақша ([]) – сөздің шығу
тегін білдіру кезінде қолданылады; плюс (+) – сөздің құрама бөліктерін
көрсету кезінде қолданылады; көп белгісі () – осы сөзден дегенді
білдіреді. []

4. Титулдық элементтердің безендірілуі

Титулдық элементтерге біз титул, кітап шығу мағлұматтары және
анотацияны жатқызамыз.
Титулдық бет (қысқаша титул) деп кітаптың шығуы жайлы негізгі
жалпыбиблиографиялық мағлұматтар орналасқан алғашқы беттердің бірін
атаймыз.
Көпшілік кітаптардың титулдық беттер мазмұны негнізгі төрт элементтен
құралады:
• автор инициалы мен тегі;
• кітап аты;
• баспа атауы;
• басылым жылы мен жері.
Бірақ кейбір басылымдарда бұл элементтер ұлғаюып, нақты мағлұматтардың
енгізілуі мүмкін. Олар: тақырыпша, басылым жанры немесе типі, мекеме атауы,
серия атауы, басылымның реттік нөмірі, титулдық редактор мен суретші-
иллюстратордың тегі, мемлекеттік гриф (оқулықтарда), том немесе басылым
(көптомдық және сериялық басылымдарда).
Өзінің құрылымы бойынша титулдық беттер – жеке ашылмалы және айналмалы
деп жіктеледі. Біріншісі – негізгі шығу мағлұматтары жазылады (оң жақ), ал
келесі беті (сол жақ) бос немесе кітапханалық және кітапсату индекстерімен
белгіленеді.
Жеке ашылмалы төрт бетті қамтиды, оның біріншісі рамка, лозунг, ұранға
арналады. Екінші және үшінші беттерде – жалпыбиблиографиялық мағлұматтар
орналасады. Ол екінші бетте басталып, үшінші бетте аяқталады (мысалы, кітап
атауының бірінші сөздері екінші бетте басталып, қалғаны үшінші бетте
аяқталса).
Айналмалы титулдық парақ та төрт бетті алады, бірақ бұл кезде
жалпыбиблиографиялық мағлұматтар ішкі жағында орналасып, бір беттен
екіншісіне ауыспайды. Осы кезде к о н т р т и т у л деп аталатын екінші
бетте көптомдық және сериялық басылымдар жайлы айтылса, үшінші бетте
жалпыбиблиографиялық мағлұмат орналасады. [19]
Кейбір жағдайларда титулдық бетке ф р о н т и с п и с орналасады. Ол
кітап мазмұнын ашатын негізгі графикалық элемент болып табылады. Көп
жағдайларда фронтиспис ретінде кітап авторының портреті беріледі.

Титулдық беттің дұрыс логикалық безендірілуі үшін қаріптердің мәтіндік
топтармен үйлесімді түрін таңдай білу керек. Тәжірибе көрсеткіштері
бойынша тақырып титулдық беттің терім алаңының 124 бөлігіне сәйкес
келуі керек, ол полиграфиялық өлшем бойынша 2кв құрайды. Мысалы, титул
алаңының биіктігі 10 кв құраса, әріптер 20 пунктік биіктікті, ал
8 кв болғанда әріптер 16 пункті қажет етеді.
Қалған элементтердің өлшемдері қандай болуы керек? Оны анықтау үшін
қаріп кеглдері байланыстырылған келесі сандар тізбегін қолдану қажет.
Олар: 6, 8, 10, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 48, 60, 72. Мысалы, 48
пунктік негізгі элементтен кейін 32, 24, 16 және 10 пунктік элементтерді
қолданамыз.

3. ҚАРІП МӘТІН МАЗМҰНЫН АШУДЫҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛІ

1. Қаріп туралы негізгі мағлұмат

Қаріп туралы мағлұмат. Оның бағытталуы

Қаріп түсінігі полиграфия мен баспа ісінің тәжірибесінде бірнеше
мағынаны білдіреді. Қаріп дегенде:
• Литералар жиынтығы – басу элементтерінің, әріп бейнелерінің
төртбұрышты металл текшедегі формалар.
• Автор ойын білдірудегі графикалық түрде бейнеленген әліпби
жүйесі немесе шартты белгілер.
• Әліпби белгілерінің штрихты орындалу жүйесі.
Бірінші жағдайда біз қаріп дегенде материалдағы әліпби белгілерін
техникалық тәсіл ретінде түсінсек, үшінші жағдайда бірдей қаріптердің
графикалық ерекшеліктері, олардың бір-бірінен жазылу ерекшеліктері бойынша
ажыратылады.
Бірақ қаріп терминің қай мағынада түсінсек те, оның шығарма
материалдарының мазмұның беру мақсатында қолданылатын жазу белгілерінің
графикалық пішіне ретінде қабылдауымыз керек. [20]

2. Қаріп өлшемдері

Кітап өндірісінде кеглдері мынадай қаріптер қолданылады: тексті теру
үшін - 6, 7, 8, 9, 10, және 12 пункттер, бас тақырыптар мен тақырыпшаларды
теру үшін - 12, 14, 16, 20, 24, 28, 36 және 48 пункттер; 6 пункттен кіші
және 48 пункттен ірі шрифтілер сирек ұшырасады.
Қаріптердің көбірек қолданылатын өлшемдерінің, олардың суреттері мен
кескіндеріне қарамастан, арнаулы аттары бар. Кеглі 6 пунктке тең шрифт -
нонпарель, 7 пунктке теңі - миньон, 8 пунктке теңі - петит, 9 пунктке теңі
- боргес, 10 пунктке теңі - корпус, 12 пунктке теңі – цицеро, 16 пунктке
теңі - терция деп аталады. Бұлардан анағұрлым ұсақ шрифтілер де бар: кеглі
5 пункті - перл, 4 пункті - диамант, 3 пункті - бриллиант.
Неғұрлым ірірек кеглдердің шрифтілері - 20, 24, 28, 32, 36, 48
пункттер - баспахана жұмысында пункттерінің санына қарай аталады:
жиырмасыншы, жиырма төртінші кегл және басқалары.
Теру неғұрлым жинақы болу үшін, кейде, кескінініқ размері бірқалыпты,
бірақ неғұрлым ұсақ кеглді қаріптер қолданылады.

3. Қаріп кескіндері

Кітаптарды безендіргенде қаріптердің кеглдері ғана емес, сол сияқты
олардың тығыздығы да (сыйылдылығы), яғни белгілі бір қаріптердің белгілі
бір ұзындығы бар жолға сыйып кететін әріптер саны да елеулі рөл атқарады.
Кегльдері бірдей болса қаріп енсіз (мұндай шрифтімен терілгенде көбірек
әріп сыйып кетеді) және жалпақ (мұндай шрифтімен терілгенде бір жолға
азырақ әріп сыяды) болуы мүмкін.
Қаріптердің тығыздығы кегліні қарай емес әріптердің біршама
жалпақтығына жалпақтығына байланысты анықталады.
Қаріптердің қалыңдығы әріптердің тік штрихтары арасындағы бос жердің
өзгеруіне байланысты өзгереді. Әдетте, қаріптің қалыңдығын айқындау үшін
кіші н әрпін (немесе н әрпіне біршама тең и, п, о, к әріптерін) қолданады.
Мұндайда оның кескінінің пропорциясы, яғни кескіннің жалпақтығымен оның
биіктігі арасындағы арақатынасы еске алынады. Бұл реттерде қалыңдығына
қарай қаріптерді мынандай түрге бөледі:
• Жалпақ қаріптер – бұларда н әрпі кескінінің биіктігінен
асып кетеді.
• Тығыздығы бірқалыпты (орташа) қаріптер - бұларда
кескіннің ені, шамамен, оның биіктігінің 34 -не тең.
• Тығыз (немесе жіңішке) қаріптер - бұларда кескіннің ені
биіктігінен, шамамен, екі есе кіші.
Қаріптің тығыздығын өлшегенде, мысалы, кітаптың бір бетіне кіретін
әріптерді есептегенде н, и, п, о, к және оған тығыздығы жағынан тең келетін
сызықша белгісі (–) және сөздер арасындағы ашық жерлер – бір, ш, щ, ж, ы,
ю, әріптері – бір жарым өлшемге және тыныс белгілері (сызықшадан басқасы) –
бір өлшемнің жартысына есептеледі.
Қаріптердің көрнекілігіне қарай: бір-бірінен айыруға болады.
Әріптердің штрихтары неғұрлым қалыңырақ болған сайын қаріп соғұрлым
көрнектірек, қаралау, немесе былайша айтқанда, қалыңдау.
Қаріптер штрихтарының қалыңдыгына қарай былай бөлінеді:
• түсі ашық қаріптер - (светлый) штрихтарының қалыңдығы біршама
шағын.
• қаралау (полужирный) қаріп қаріп - штрихтарының қалыңдығы
үлкейтілген.
• қалың (жирный) қаріп - штрихтары едәуір қалыңдатылған.
Қаріптердің көзге көрнекі болып көрінуі әріптердің арасындағы ашық
жерге байланысты өзгеруі мүмкін екендігін атап өту керек. Қатар тұрған
әріптердің арасындағы ашық жер көбірек болған сайын шрифт ашық болып
көрінуі мүмкін. Сондықтан кейде кітапты безендіргенде әріптер арасындағы
ашық жері бірқалыпты немесе үлкейтілген бір қаріп қолданылады.
Қаріптердің еңкіштігіне қарай да әр түрлі болады. Олар еңкіштік
сипатына
қарай екі топқа бөлінеді:
• тік қаріптілер – негізгі линиялары тіп-тік.
• курсув қаріптер – негізгі линиялары оң жаққа еңкіш келеді.
Курсивтің әріптер арасын қосатын линиялары бар және қолдан жазылған
кескіндерге еліктейтін түрін қолдан жазылған қаріп деп атайды.

4. Қаріптің орыны және суреттері

Жалпы оқырманға арналған кітап қаріптері барынша қарапайым, айқын және
оқу үшін ыңғайлы болуы керек. Қаріптер мәтінді теру, мәтін ішіндегі кейбір
жерлерді бірден көзге түсетіндей ету және бас тақырыптарды безендіру үшін
қолданылады.
Кітаптың мәтіні ашық, тік, сегізінші, тоғызыншы, оныншы кегльмен, ұсақ
қаріптермен теріледі. Мәтіннің ішінде кейбір жерлерді бірден көзге
түсетіндей ету үшін қаралау және сиректеу болса да өлшемі сондай курсив
қаріптері қолданылады. Тақырыпшаларды, бас тақырыптарды және ұрандарды
безендіру үшін суреттері әр түрлі он екі мен қырық сегіз арасындағы кеглі
бар қаріптер пайдаланылады.
Қаріптердің әріптері тік және дөңгелектелген сызықтар комбинациясынан
немесе штрихтардан тұрады. Бұл сызықтардың бір бөлігінің басуы (қалыңдығы
үлкен) жуан, линиялардың бір бөлігі жіңішке болып түседі. Тік сызықтар және
дөңгелектердің жуан тік бөлігі негізгі штрихтар (егер бұл қалыңдықтың
ұзындығы әріптің биіктігіне жақындап келсе) деп аталады. Жіңішке тік, еңкіш
көлбеу сызықтар қосымша штрихтар деп аталады. Көлбеу штрихтар, үш бұрыштар
түріндегі және негізгі тік сызықтар аяқталатын сол сияқты детальдар кертпеш
(заческа) деп аталады.
Суретті әр түрлі қаріптер өзара контрастылығына, яғни негізгі және
қосымша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баспа және баспахана. Полиграфиялық материалдар
Кітапқа қойылатын техникалық талаптар
Күрішті сабан және шелухадан биокомпосттарды алу технологиясы
PowerPoint 2000
Көпбұрыштың ауданын табу
Параллельді кодтау жүйелері
Жоғары көркем әдеби басылымдарды шығаратын баспахана жобалау
PowerPoint программасына жалпы сипаттама
Кітап саудасындағы баға саясаты
ЖАРНАМА АГЕНТТІГІНЕ 3DS MAX ПАКЕТІНІҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер