Мақта өсімдігінің аурулары


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . 3
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 4
1. 1 Мақта өсіруінің даму тарихы . . . 4 1. 1. 1 Мақта өсірудің қысқаша, әрі ескі тарихы . . . 4
1. 1. 2 Орта Азия мен Кавказдағы мақтаның даму тарихы . . . 6
1. 2 Мақта өсімдігі . . . 8
1. 2. 1 Мақта өсімдігінің сипаттамасы . . . 8
1. 2. 2 Мақта өсімдігінің классификациясы . . . 8
1. 2. 3 Мақта өсімдігінің түрлері . . . 9
1. 2. 4 Мақта өсімдігінің аурулары . . . 10
1. 2. 5 Мақта дақылдарының зиянкестері . . . 11
1. 3 Талшықты дақылдар . . . 11
1. 3. 1 Мақта талшықтары жайында қысқа технологиялық мәлімет . . . 11
1. 3. 2 Халық шаруашылығындағы маңызы . . . 13
1. 4 Генетикалық модификацияланған мақта өсімдігі . . . 13
1. 4. 1 Трансгенді культуралар адамзатты құтқарады . . . 14
1. 4. 2 Трансгенді мақта - Қытай шаруашылығының қауіпті зиянкесті жеңіп шығуларына көмектесті . . . 15
1. 4. 3 Сату көлемі мен деңгейлері лидерлері . . . 16
1. 4. 4 Қарсыластары мен жақтастары . . . 18
1. 5 Гендік инженерия . . . 20
1. 5. 1 Өсімдіктердің гендерінің инженериясы . . . 21
1. 5. 2 Бөліп алынған ұлпа культарасының морфогенезі . . . 22
1. 5. 3 Ұлпа культурасындағы және мақта клеткаларындағы морфогенез және регенерация процессі . . . 23
1. 5. 4 Трансгенді өсімдіктерді алу жолдары . . . 25
1. 5. 5 Баллистикалық трансформация әдісі . . . 27
1. 5. 6 Агробактерияльды трансформация әдісі . . . 28
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ . . . 32
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ . . . 35
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 42
КIРIСПЕ
Мақта өсімдігі - Қазақстандағы мақталы - мата өнеркәсібінің дамуының негізгі көзі болып табылады.
Мақта - маңызды және кең культивирленген талшықты мәдени өсімдік. Осыған орай гендік- инженериялық зерттеулер үшін мақта өсімдігі қолайлы объект болып табылады. Мақта трансформациясын бұрынғы кезде піспеген қауашақ ұрығына ДНҚ тікелей инъекциялау арқылы жүргізген. Трансформат өсімдіктерді фенотипі және генотипі, атап айтқанда қауашақ көлемінің өзгерісі, талшықтардың ұзындығы, зиянкес жәндіктерге қарсы төзімділігі бойынша сұрыптаған [1, 2] .
Агробактериялық трансформацияның сонғы кездегі жетістіктері бөтен гендерді әртүрлі мақта түрлеріне ендіруіне мүмкіндік берді [2, 3] . Алғаш рет мақта трансформациясынан Umbeck сорты алынды [4], сонымен қатар Agrobacterium tumefaciens және A. Rhizogenes бен инокуляцияланып алынған Coker 312 сортының тұқымжарнақ пен гипокотильдерінен трансгенді өскіндерді регенерациялады. Трансформацияның бірнеше жүйелерін пайдаланылу арқылы жақсы дамып жатқан трансгенді мақта өсімдігінің бірнеше түрлері алынды [2, 5, 6] .
Клеткалық биология, физиология және өсiмдiктер генетикасының көптеген фундаментальдi сұрақтарын шешу үшiн кеңiнен қолданылатын өсiмдiк клетка культураларын in vitro өсiру әдiсi жаңа биотехнологияның құрылуында үлкен қолданыс табуда.
Өсiмдiк клеткаларын өсiрудегi алғашқы жұмыстардан бастап организмнен тыс өсетiн клеткаларды цитологиялық зерттеулерге көп көңiл бөлiндi. Жасанды қоректiк орталарда клеткалар мен ұлпаларды өсiру процесi каллустық ұлпа клеткаларының популяцияларында көптеген генетикалық әртүрлiлiкке алып келетiн митоздың әртүрлi аномалияларын туындатады [7] . Маманданбаған каллус ұлпаларынан өсiмдiк регенерациясын жүргiзетiн тәсiлдердi жасаумен қатар зерттеушiлердiң назарын аударған қайтадан түзiлген өсiмдiктердiң геномды конституциясын талдау арқылы табылған өсiмдiктердiң iшiндегi бастапқы экспланттан хромосома саны бойынша өзгерген формалар. Оқшауланған протопластардан алынған өсiмдiктердiң iшiнде фенотиптiк және генотиптiк өзгерiстер табылды. ұйымдаспай өсу стадиясынан өткен өсiмдiктердiң хромосомалық санының вариациясы клеткалардың in vitro өсiрiлуiнiң көрiнiсi болып табылады [8, 9] .
Біз қазіргі жұмысымда мақта өсімдіктерінің генетикалық трансформациясының рецепиенттік жүйесін қалыптастыру үшін in vitro жағдайында морфогенез процесін зерттейміз.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Мақта өсіруінің даму тарихы
1. 1. 1 Мақта өсірудің қысқаша, әрі ескі тарихы
Адамның талшықты өсімдіктерді қолдануының басы сонау тереңде жатыр. Ежелгі Грецияның алғашқы тігін станоктары б. з. д 2500 ж, ол Египетте - династиялық жерлеуге дейін, яғни шамамен б. з. д 4000 ж белгілі болды. Ол кезде тоқыма материалдары ретінде жібек, жүн және лен талшықтары қолданылды.
Ежелгі тоқыма дәстүрінің бірі мақта болып табылады. Мақта талшықтарын адамның қашан пайдалана бастағанын айту қиын. Десек те, Инд өзені аңғарынан табылған б. з. б 3000 жылдан астам өмір сүрген ең ежелгі өркениет Мокенджо- Даро, тап осы Үндістанда әлемде алғаш рет мақта талшықтарынан жіп дайындау басталғанын анықтады.
Тарихи- лингвистикалық, мифологиялық зерттеулер де мақтаның Үндістаннан таралғанын дәлелдейді. Үндістанның орталық технологиялық лабороториясы мәліметтеріне қарағанда Мохеджо- Даро қазындыларынан табылған матаның жіптері Gossiypium arboreum түріне жақын мақта талшығынан есілген. Мақта туралы б. э. 1500 мың жыл бұрын жазылған ежелгі еврей дастаны «Ригведада» айтылған, ол жерде тігін станогында тігілген мақтаны мақтайды. Діни заңдар жинағы Мануда брахмандар мақтадан жасалған киімдер киюлері керек екені жазылған. Сонау ерте замандағы тарихшылар өз еңбектерінде Инд жазирасында дайындалған матаны қатты бағалаған. Гректер муслин матасын «гангитика» деп атаған, бұл мақта - мата өнімдерінің Ганг өлкесінен шыққанын көрсетеді. Үнді тігіншілері ол кездері мата өндіруде ең жоғары деңгейге жеткен. Ежелгі тігін өнерінің әсері мата өндіруде бүгінгі күнде де бар.
Еуропа әдебиетінде мақта туралы ең алғашқы мәлімет Геродотта кездеседі (б. э. д. 445 ж) . Ол Үндістанда мақта беретін ағаштар өсетінін жазып кеткен. Геродот Таяу Шығыстағы бүкіл өлкелерді аралап шыққан, бірақ оларда мұндай ағаштың өсетіні туралы жазбаған. Осылайша, сол уақытта мақта тек Үндістанда ғана белгілі болған. Антикалық Еуропа Үндістанда гүлденіп өсіп тұрған мақтамен бірінші рет Ескендір Зұлқарнайынның Синд жазығына жорығы кезінде ( б. з. д. 3340 - 323 ж. ) танысты. Ескендірдің кезінде жинап алынған мақта туралы Теофраст айтып кеткен. Теофраст өзінің «Өсімдіктерді зерттеу» еңбегінде (б. з. д. 350 ж) Тилос аралы мен Эгей теңізінде тауып алған «мақта беруші» ағаштар туралы жазады. Бұл формаларды суреттей келе, ол мақта жапырақтарының жүзімдікіне ұқсайтынын, бірақ ұсақ болатынын баса көрсетеді. Шамасы, Теофраст бұл жерде Gossiypium herbaceum - ның бір түрімен кездескен болуы керек.
Осы еңбегінде Теофраст пайдалы өсімдіктерді сипаттай отыра, киім дайындау үшін қолданылатын өсімдік жайында хабарлайды. Дегенмен, оның айтқан өсімдіктерінің Тилос аралынан келген мақта қозасының едәуір айырмашылығы бар болып шықты. Бұл өсімдіктің жапырақтарын ол тұт ағашынікіне ұқсатады, жалпы тұлғасы шиповникті еске салады, ал қатарласа түзілген плантация жүзімдікке ұқсайды. Бұл мақта - қозасы rozi ( G. arboreum) формасына жақын деп шамалауға болады.
Б. э. д. III -IV ғғ -да мақта мәдениеті ескі Еуропада тек Үндістанда ғана тамыр жайды. Алайда, сол кездегі Солтүстік Месопотамияда мақта интродукциясының болғанын дәлелдейтін айғақтар бар. Осы ауданнан б. з. д. 650 ж көрсететін ассириялық қолжазба табылды. Ол жерде Синахериб патшаның мақта беретін ағаштар егіп саябақ жасатқаны жазылған. Дегенмен, мақта бұл араға Үндістаннан емес, сол уақыттағы Халдеден, Парсы шығанағы жағалауларынан келуі мүмкін. Мақтаның жабайы түрі Парсы шығанағы жағасында өніп шығып, содан Солтүстік Месопотамияға жеткені күдіксіз. Бұны мақтаның арнай атауының болмауы да дәлелдейді, ал Үндістанда ол Кarpasa атымен белгілі болатын.
Мақта жайындағы қызықты мәліметтерді біз I - ғ өмір сүрген Плиниден табамыз. Негізінен компиляция құрай отырып Плиний сондай - ақ мақта беретін ағаштар жайлы хабарлайды, шамасы ол бұны Теофрастан алған болуы керек. Gossiypium мақтасын тарихта алғаш рет жазып кеткен Теофраст екені қызықты жайт. Плиний суреттеген Жоғарғы Еипеттегі мақта жемісі остис жаңғағына ұқсайтын аласа бұта алған. Бұл жерде Плинидің жабайы мақта туралы жазғанын айта кету керек. Осылайша I ғ өзінде - ақ Жоғарғы Мысырда жабайы мақтаны қолданатын болған, бірақ ол мәдениет қатарына әлі енбеген болатын.
Сонымен, мақташылықтың отаны - Үндістан, ал үнді әдебиетінде бұл туралы көп кейін жазылу себебі, әдеби шығармаларды жергілікті халықтың өзі емес, кірмелердің жазуы еді.
Мақтаның үнділік (санскриттік) karpasa атауы көптеген тілдерге енген. Мысалы, парсы тіліндегі kipas , армянша - karpas , грек және латын тілдеріндегі - karpasos пен cardasos , арабшадағы - qytun немесе kutup , осыдан барып ағылшынның - cotton сөзі шыққан. Бұл атаулар бұдан әрі мақта үшін негігі болған жоқ.
Үнділердің халықтардың арасынан алғашқы болып мақташылықпен айналысуы мақта өсімдігінің жер шарындағы басқа географиялық зоналарында өспеді дегенді білдірмейді. Тропикалық белдеуде жабайы мақта ежелден- ақ өнетін. Басқа өлкелерде (Америка, Африка, Азия) мақташылықты игеру үнділердің ең басты қызметі. Олардың басқа елдерге мақта талшықтарынан жіп иіруді үйретулер еді.
Қытайдағы мақташылық, Үндістандағы сияқты, біздің жыл санауымызға дейін пайда болды. Дегенмен, Қытайдағы мақташылықтың туылуын кешірек мерзімге жатқызады: бұл жерде мақта жайында II ғ алғаш рет хабарланды. Осы хабарламадан белгілі болғандай Қытайда мақта түгелдей игеріле қоймаған, тек жабайы түрлерін ғана қолданған.
Қытайда мақтаны ерте бастан таныса да, бұл өсімдік мәдениет ретінде ұзақ уақыт қалыптаса қоймады. Жақсы дамыған жібек өндірушілікпен мақтаның симподиалды формаларының жоқтығы солтүстік аудандарда таралуына басты кедергі болды.
Мақтаның Солтүстік Қытайға енуі анағұрлым қиын болды. Тұрфан районынан уақыты II- V- ғ деп көрсетілген мақта - мата қалдығы табылды. Алайда, бұлар мақташылықтың Турфанның өзінде емес, жақын бір жерлерде болғанын көрсетеді. Қытай тарихшылары Қытайға бір жылдық форманың енуінен көп бұрын Орта Азияның оңтүстігінде мықты мақташылық болғанын жазып қалдырған. Бұл мәләметтерге сәйкес Орта Азияда, қазіргі Өзбекстан мен Тәжікстан жерінде I ғ өзінде - ақ қыстың қатал шарттарына байланысты біржылдық симподиалды формамен айналысатын далалық мақташылық болғаны белгілі болды.
Тіпті біржылдық мәдениеттің өзі Қытайға зорға енген. Кейбір авторлар мақта декоративті өсімдік ретінде VII ғ қолданыла бастаған деп есептеді. Әйтсе де, басқа авторлар қытайлардың мақтамен айналысуы, оны мәдени қатарға енгізуі тек XI ғ болды дейді.
XIII ғ бұл ауданға келген Марко Поло, мақташылықтың тек оңтүстік провинцияларының бірінде ғана болғанын айтады. XIII-XIV ғғ Орта Азиядан Солтүстік Қытайға парсы мақташылары қоныс аударды.
Жаңа жерде мақташылық паралельді түрде, Еуропадан бөлек дамыды.
Америкада, Колумб ашқанға дейін, мақта - мата өндірісі гүлденіп тұрған еді, оның негізі жабайы мақта қозасын ғана емес дамыған далалық мақташылық ісін қоса игеру еді. XVI ғ соңында Америкада мақтаны кең көлемде- Солтүстік Америка Штаты Юта- дан бастап одан әрі Мексикадан асып Оңтүстік Американың тропикалық шетіне дейін қолданды.
Перуде және онымен шектесіп жатқан эквардада түрлі, мақта өндіру ошақтары қалыптасты, ал жаңбырсыз ауа райы шарттары қазба жұмыстары кезінде табылған мақталар қалдықтарының сақталып қалуына жағдай жасаған.
Америкада ежелгі мақташылықтың перуліктерге ұқсас тағы бір ошағы бар. Бұл Солтүстік- Батыс Мексика. Ол жерде мақташылық б. з. д. V ғ- ақ дамыған болатын. Алайда бұл орталық оңтүстікте орналасқан аудандарда мақта мәдениетінің дамуына әсер ете алмады. Барлық белгілі қоныс аударулар ацтектердің Мексикаға келуіне дейін солтүстіктен оңтүстікке қарай өткен еді.
Фактілердің бірқатар мая тайпасының да солтүстіктен келгенін көрсетеді. Шамасы, олардың Солтүстік- Батыс Мексикадағы мақташылық ошақтарымен қатысы болып, солардан мақташылық тәжрибесін үйренген.
Мақташылық тарихының одан әрі даму бағытын анықтайтын маңызды фактілердің бірі (1793 ж) .
1. 1. 2 Орта Азия мен Кавказдағы мақтаның даму тарихы
Біздің еліміздегі (бұл СССР кезінде жазылған автор есік. ) маңызды мақташылық аудандарына Орта Азия мен Әзербайжан жатады. Орта Азия мен Кавказда өсірілетін негізгі түрі аз өнім беретін ірі сабақты азиаттық гуза ( G. Hebaceum ) мақтасы. Г. С. Зайцевтің пікірінше азиаттық гуза Орта Азияға Иран арқылы Африкадан келген.
Климаттық және жер қыртысының оң жағдайлары басқа ешбір жерде өспейтін гузаның экологиялық түрлерінің Орта Азияда жақсы дамуында ықпал етті. Мысалы, жабық түйнекті гуза формасы тек Кивинь оазисінде, Амудария аңғарынан табылды. Мақтаның басқа формаларының арасында тез пісетін тіндігімен өзіне тең келтірмейтін Турфан қозасы да бар. Комплекстік морфобиологиялық жағынан тәжік қозалары Өзбекстан қозаларынан онша ажыратыла бермейді.
Тарихи деректер бойынша, Орта Азиядағы мақта мәдениеті б. з. д. VI- V ғ бастап пайда болған.
X ғ. өзінде- ақ Зеравшан даласы мен Мерв жазығында мақташылықтың кең дамығаны белгілі болды, сондай - ақ Самарқанд, Бұқар базарларында көптеп сатылып, Ташкент пен Хорезмге әкетілетін жоғары сапалы мақта - мата өнеркәсібінің болғаны расталды. В. В. Бартольдің айтуынша ( 1924 ж ), араб тарихшысы Истархи Мервадан шыққан, өзінің ерекше жұмсақтығымен көзге түсетін мақта жайында, одан жасалып әртүрлі елге әкелетін маталар туралы жазған.
Самарқанттың түбінде, Мук тауында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ( 1933-1934 жж ) 720 ж. жататын шикі мақтасы бар қабір табылды. Талшықтары мен дәндеріне жасалған анализден кейін оның G. Hebaceum (гуза) түріне жататындығы анықталды, бұл Орта Азиядағы мақташылықтың ежелгі екендігін тағы да дәлелдейді.
Тәжікстанда ерте заманнан мақта мәдениетімен таныс. Мақташылық алғашында бұл жерде Әмудария ауданында пайда болған, ол арада жер қыртысы мен су, жылы ауа - райы жақсы жағдай жасаған.
Жер өңдеушіліктің дамуы, оның ішінде мақта мәдениетінің гүлденуі көбінесе халықтың отырықшылығымен байланысты. Ауылдардың отырықшылдануының нағыз интенсивті процесі мен жер өңдеушіліктің шарықтап бамуы XIX ғ. 80 ж Түрікменияның Ресейге қосылу кезінде ғана басталды. Орта Азия мақтасы ошақтарының алғашқы акклиматизациясын дәл басып айту әзірше қиын. Тәжікстанның таулы аймақтарынан табылған гузаның бітеу түйнекті формасы бұл жерде мақташылықтың ежелден- ақ болғанын дәлелдейді. Бітеу немесе жартылай бітеу түйнекті мақталар сондай- ақ Арменияда, Әзербайжанда және Грузияда дамыды. Мақтаның мұндай түрлерінің пайда болуы жергілікті халықтың көктемде тұқым сеуіп болып тауға көшіп кететін көшпенді өмірлерімен түсіндіріледі.
Адамдар төменге тек күзде түсетін, піскен макта түйнектерін жинап алып олардың мақталарын бөліп алатын. Орта Азия халқының жер өңдеушіліктегі еңбекқорлығы мен тәжрибесі бұл жерде мақташылықтың таралуына септігін тигізеді. XVI─XVII-ғ шығын жерлерге себілген мактаны Ресейдегі талшық алушыларға сататы болған. Ресеймен арадағы сауда-саттық байланысынсыз, Орта Азиядағы мақташылық, Кавказдағы сияқты ешбір дамымайтыны белгілі еді.
Сол уақыттағы негізгі мақташылық аудандары болып Бұқара, Самарқант және Сырдарияның төменгі бөлігі табылды. Түркіменстанда оның Ресейге қосылған уақытында мақташылықпен айналыспаған.
Мақташылықтың анағұрлым дамуы Ташкент аймағында көрінген. Бұл жердегі судың молдығы, жер бағасының арзандығы, халықтың аздығы және Ташкенттің бүкіл Орта Азия мақтасын Ресейге жіберіп тұратын Оренбургпен түйіскен жерінде орналасуы, бұл жерде мақтаның жақсы өсуіне зор ықпал етті. Ферғанада мұндай қолайлы шарттар болмады, сондықтан мұндағы мақта егістігінің жалпы көлемі 10℅-тен аспады.
Орта Азияның түрлі аймақтарында өсімдіктің климат пен жер қыртысында үйренуінің ұзақ уақыттық процесінен бір-бірінен түсімі жағынан да, талшығы жағынан да айырмасы бар қилы формалары бар мақта түзілді. Мысалы қиуа қозасы көбінесе жіңішке әрі жұмсақ болып, Ташкенттікінен жоғары бағаланды. Бірақ бұл- сорт популяциялардың біріне ортақ бір нәрсе - жарылып кететін қауашақтары еді. Орташа түсім, оншақты мақтадан 50 - 60 түйнектен аспайтын [10] .
1. 2 Мақта өсімдігі
1. 2. 1 Мақта өсімдігінің сипаттамасы
Мақта (лат. Gossypium ) - ішінде біржылдық, екіжылдық, көпжылдық және басқа да бұтағанды, шопшең сияқты 30 - 40 түрлері бар құлқайырлы (Malvaceae) семиясының бір тегі.
Мақтаның жапырақтары ұзынша, ауыспалы келген, көбінесе 3 - 5 күлтелі болып кездеседі. Гүлі 3 - 5 жалпақ жапырақтары бар сабақ пен үшкүлтелі қабыршақпен қапталған бес тісті кеселерден тұрады, қабаттың өзі кеселерден әлдеқайда ірі келеді. Жемісі - түйнек, кейде домалақ, кейде сопақша, ішінде ұрығы бар, үстінгі жағын мамық ұлпа жауып тұрады, ол 4 - 5 бөліктен құралған. Мақта талшықтарын екі түрге бөледі: олардың бірі ұзын әрі жұмсақ болса, екіншісі линт деп аталатын қысқа әрі қылшықты мамық. Тұқым ретінде сорты мен өсіру шарттарына қарай екі трі де саналуы мүмкін, дегенмен тек ұзындары пайдалы. Жабайы түрлерінде ұзын талшықтар болмайды.
Тамыр жүйесі ұзын, 30 см тереңдікке жайылған, кейбір сорттарында 3 метрг дейін жетеді.
Мақтаның ұрығы сырты қатты қабықпен қапталған екі тал дән мен қабыршақтан тұрады.
Жаратылуы. Мақта мәдениетінің дамуы мен пайда болуын екіге бөліп қарастырады. Ағаш пішінді мақта мен шөпшең мақтаның шығу отаны Үндістан болуы мүмкін. Басқа түрлері барбадосс мақтасы мен кәдімгі мақта америкада пайда болып, кейіннен кең тарап кеткен. [10]
1. 2. 2. Мақта өсімдігінің классификациясы
Мақта түрлерін көбейту себептеріне, жекелеген органдары мен топтарының тез өзгергіштігіне, климат пен жер қыртысының ерекшелігіне, будандастыра тозаңдатуға байланысты жаңаша, соңғы сорттар пайда болып жатыр. Сондықтан ботаниктердің Gossypium тегін ғылыми және қатаң ережелермен жіктеуі табыс әкелмеді. Линней 3- тен 6- ға дейін, Парлаторе 7- ге, Декандоль 13- ке тарта түрлері бар деп санады. Кейбіреулері 42, 52, тіпті 88- ге дейін анықтады. Генетикалиқ зерттеулер мақта тегінің жасуша хромасома ларының саны бойынша ажыратылатын екі өсімдіктер тобынан тұратыны анықталды. Басқа бір топта тетраплойдты өсімдіктер бар, олардың хромасомалары әрқайсысы 13- тен тұратын 4 жиынтық, барлығы 52. сондай- ақ тәжірибелік жолмен триплойдты және гексаплойдты үлгілер алынады.
Бір қызығы, тетраплоидты түрлердің жұп хромасомасының бірі азиаттық, екіншісі - жергілікті болып келген, дегенмен ғалымдар бұл буынның қалай болғанын анықтай алмады (Кесте 1) .
1 кесте
Мақта өсімдігінің ғылыми классификациясы
- Шөпшең мақта (Gossypium herbaceum)
- Ағаш тәрізді мақта (Gossypium arboreum)
- барбадосс мақта (Gossypium barbadense)
- қылшықты мақта (Gossypium hirsutum)
- шөл дала розасы Стерта мақта (Gossypium sturtianum)
- Аризоналық жабайы мақта (Gossypium thurberi)
- Гавай мақтасы (Gossypium tomentosum)
- Мақта өсімдігінің түрлері
Ауылшаруашылығында мақтаның төрт түрі рөл атқарады:
Диплоидты түрлер :
- Шөпшең мақта немесе гуза (Gossypium herbaceum), ост - индтік ─ G. Indicum, немесе азиаттық деп саналады. Бұл түрі Үндістанда, Қытайда, Жапонияда, Орта Азия мен Кавказда кең таралған. Бұл ең аласа, ең шыдамды, солтүстіктің ең шетінде өсетін түрі - біржылдық. Оның сабақтары 1, 4 метрге әрең жетеді, түйнектері ұсақ әрі домалақ, гүлі іш жағында қызыл дағы бар сары түсті, дәні ұсақ, үстін сұрғылт түсті мамық басқан. Талшығы - ақ түсті, ең қысқа, түрпідейі.
- Ағаш тәрізді мақта немесе Үндіқытай мақтасы (Gossypium arboreum), ең ұзыны 4, 5 метрден 6 метрге дейінгі биіктікте, көпжылдық, қызыл гүлдері бар, қара жылтыр дәндері мен жоғары сападағы сары талшығы бар. Шамасы бұл түрге бразилиялық және перуандық сорты жатады; соңғысының дәндері жылтыр қара. Гүлдері сары. Тек тропикада кездеседі.
... жалғасыТераплоидты түрлер:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz