Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 178 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

Тарау І. Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің қалыптасуының тарихи-
педагогикалық алғы
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

1.1.Ы.Алтынсариннің дүниетанымының қалыптасуына (өмір кезеңдеріне) жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 10

1.2.Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің қалыптасуындағы тарихи алғы
шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..16

1.3. Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің қалыптасуындағы
педагогикалық алғы
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..21

1.4.Ы.Алтынсариннің педагогикалық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...23

ІІ тарау. Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесі және оның жеке адамды
қалыптастырудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.32

2.1. Ы. Алтынсаринның қалыптастырған мектеп
жүйесі ... ... ... ... ... ... .32

2.2.Ы.Алтынсарин қолданған методикалық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

2.3. Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
... ... ... ... ...45

2.4. Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..48

2.5. Ы. Алтынсаринның білім беру мазмұнын анықтау жүйесі( оқулық жазудағы
педагогикалық жүйесі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

2.6. Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің қолданылуы( педагог икалық
жүйесіндегі болашақ мұғалім-мамандарды дайындаудағы
қолданысы) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...79

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
82

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік-
экономикалық және саяси қатынастар білім беру ісін және ондағы жеке адамды
қалыптастыру мәселесін түбегейлі өзгертіп, оның тарихи тамырын қайта қарап
жаңғыртуды талап етеді. Өткеніміз бен болашағымыздың өркендеуіне жол
ашады. Өйткені ұлт тағдыры, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруы жас ұрпақтың
білім деңгейіне, мәдениетіне, өмірде өз таңдауларын дұрыс жасауына,
қоғамдық қатынастарға бейімделуіне де тікелей байланысты. Бұл көзқарастың
білім жүйесінде жеке адамды қалыптастыруда өзіндік маңызы зор.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында (2007ж.) Білім берудің
басты мақсаттарының бірі – жеке адамды ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылық негізіне, білім алуды, дамытуды, қалыптастыруды қамтамасыз етуге
жағдай жасау деп атап көрсетілді. Сондықтан осындай талаптарға сай білім
беру саласының көп варианттық және көп деңгейлік ерекшеліктеріне орай,
ұлттық тарихи дамуды, оның ішінде білім беру жүйесінің сапалық артуын,
Қазақстан педагогика тарихының ұлттық даму мұрасын зерттей отырып қолдануды
талап етеді. Осы орайда ұлттық тарих, мәдени мұра мәселелерін тілге тиек
еткенде, ауыл, аймақтық білім беру саласы, мектептері ең басты өзекті
мәселенің негізі ретінде көрініс береді [2].
Себебі қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдай аймақтық білім беру
саласының барлық бағыт – бағдарларын, құрылымын, өткені мен бүгінгісін және
болашағын айқындап алмайынша, білім беру жүйесін, оның ішінде аймақтық
білім жүйесін ізгілендіру, әлемдік өркениет талаптарына жауап беру, табиғи,
мәдени үйлесімді жеке адамды қалыптастыру,оны бүгінгі қоғамға бейімдеу, оқу
- тәрбие жұмысының тиімді түрлері мен әдістеріне таңдау жасамай, оны енгізу
мүмкін емес екендігін танытып отыр.
Қазақстанның тарихнамасында, оның ішінде білім беру саласының, яғни
педагогика тарихы мәселесінде, қазіргі талапқа сай өз шешімін таппай
отырған мәселелер жеткілікті [3]. Атап айтсақ, Қазақстанның білім беру
саласында өзіндік орны бар тұлғаларды алып оның ұлттық тарихи дамумен қоса
мәдени, білім беру саласындағы еңбектерін зерттеу арқылы тарихтағы
ақтандақтарды жоюды мақсат ету қажеттілігі туындайды.
Осы мәселелердің бір шешімі ретінде Ыбырай Алтынсаринның ұлттық білім
моделінің үлгісі бола алатын педагогикалық жүйесіндегі жеке адамның
қалыптасуын зерттеудің ғылымға берері мол деп есептейміз.
Осыған орай, бүгінгі таңда болашақ ұрпақтың терең тарихи білімі мен
саналылығын қалыптастыруда ұлы ағартушының педагогикалық жүйесінің ұлттық
негіздегі өнегелі, мәдениеті жоғары жеке адамды тәрбиелеу мен
қалыптастыруға үлгі екендігін атап көрсете отырып, ондағы білім саласына
қысқаша сипаттама беру арқылы, жеке адамның қалыптасуы мен даму кезеңдерін
айқындау мәселесі шешімін тапса, оның нәтижесі ұлттық және жалпы
қазақстандық мектептердің оқу-тәрбие іс-тәжірибесінде пайдалануға толық
мүмкіндік берері анық.
Соңғы жылдары жеке адамдардың бай тәжірибесі арқылы жинақталған білім
беру ісіндегі мол тәжірибелерден бастау алған озық нәтижелер білім беруді
жаңартудың тұғырнамалық негізі болғанына талас туындамайды.
Жаңа ғасырдың бүгінгі білім кеңістігіндегі жаңа талаптар тудырып,
елімізде ұлттық білім жүйесі мәселесінің заман талаптарына, әлеуметтік
сұраныстарға сай зереттелуі нақты белгіленіп отыр. Білім беру ісіндегі
аймақтанудың жаңа үрдістік мән-мағынасын, сипаты мен бағыт-бағдарын
айқындаушы дәйекті факторлар:
-Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
- Ұлттық білім жүйесінің әлемдік кеңістікке кіруге талпыныс білдіруі
болып табылады [4].
Қазақстанның білім кеңістігінде бәсекелестікке қабілетті, жан-жақты
тұлғаны тәрбиелеп, оқыту-білім беру жүйесінің басты міндеті.
Біз алып отырған Ы. Алтынсаринның педагогкалық жүйесіндегі жеке
тұлғаның қалыптасуына арналған ғылыми әдебиеттер мен зерттеу жұмыстарын
сараптау барысында байқағанымыз, осы уақытқа дейін Ы. Алтынсаринның
педагогикалық қызметіндегі жеке тұлғаны қоғамға бейімдеу мәселесі нақты
зерттеліп, белгілі жүйеге келмегенін көруге болады. Мұның өзі зерттеуге
алып отырған тақырыптың өзектілігін нақты аңғартады.
Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын
оның қоғамдағы жеке адамның қалыптасуына әсерін зерттеудің практикалық мәні
зор. Тарихи кезеңдерде қалыптасқан педагогикалық тәжірибе білім беру
жүйесінің даму элементі ретінде, жалпы білім беру жүйесінің қалыптасуына
үлкен үлес қосары сөзсіз. Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің даму
ерекшеліктерін жекелеген педагогикалық қызмет бағыттары негізінде ашып
көрсету, ағартушының мәдени-әлеуметтік өмірі мен рухани даму үрдісін терең
ұғынуға кең жол ашады.
Жалпы Қазақстандағы халық ағарту мәселесінің даму барысы А.Е.Алекторов,
А.В.Васильев еңбектерінде қарастырылған. Жоғары педагогикалық білім берудің
қалыптасуы мен дамуына арналған Ф.Ф.Королев, Н.П.Кузин, Н.К.Гончаров,
Т.Т.Тәжібаев, Ә.И.Сембаев, Қ.Б.Бержанов, И.К.Қадыров, Г.А.Уманов,
Г.М.Храпченков т.б. педагогика ғылымын дамытуға үлес қосқан ғалымдардың
монографиялық еңбектерін атап кетуге болады. Қазақстандағы педагогикалық ой-
пікірлердің дамуын зерттеу мен оқу-ағарту ісінің қалыптасуы мен дамуының
теориялық және әдіснамалық негізін қалады.
Қазақстандағы білім беру ісінің және педагогикалық ой-пікірлердің даму
тарихына арналған диссертациялық еңбектердің де маңызы зор. Оларды атар
болсақ, төмендегідей сипатта иеледі: К.Қ.Құнантаева Развитие образования в
Казахстане (1917-2000 г.г.) [6], Қ.Б.Жарықбаев Из истории развития
педагогической мысли в дореволюционном Казахстане (методические
рекомендации) [7], Қ.Б.Бержанов Из истории культурно-просветительной и
общественной деятельности учительства Казахстана (1917-194І г.г) [8],
Р.Ж.Ержанова Из истории развития пионерского движения в Казахстане [9],
И.Б.Мадин Қазақстанда Совет дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірдің дамуы
[10], С.А.Ұзақбаева История развития и проблемы совершенствования
музыкально-эстетического воспитания учащихся в общеобразовательных школах
Казахстана [11], Б.Ы.Мұқанова История развития пионерской организации
Казахстана [12], А.Н.Ильясова История становления и развития
педагогической науки Казахстана (1917-1988г.г.) [13], С.Мусин Из истории
учебно-воспитательной работы Казахской советской школы Казахской АССР
(1920-1936г.г.) [14], Ә.И.Сембаев Очерки по истории казахской советской
школы [15], Қ.Б.Сейталиев Қазақстанда жоғары педагогикалық білім берудің
қалыптасуы мен дамуы (1920-1991ж.ж.) [16], Т.Т.Тәжібаев Развитие
просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине XIX
века [17], Г.М.Храпченков Школы Казахстана в начале XX века (1901-
1917г.г.) [18], Т.М.Әлсатов Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлардың
дамуы (ХУ-ХҮШ) [19], Омар Есенәлі Қазақстандағы мектептен тыс
мекемелердің қалыптасуы мен дамуы (1917-1990ж.ж.) [20], Ж.Есекеев
Педагогическое образование в Казахстане (1917-1930г.г.) [21],
Е.М.Байзакова Развитие методов обучении в истории начальной школы
Казахстана (1920-1930г.г.) [22], Р.А.Жанабаева История создания и
развития системы профессионально-технического образования в Казахстане
[23], Ф.К.Қайырханова Создание и развитие сети культурно-просветительных
учреждений в Казахстане (1920-1932г.г.) [24], Л.П.Акжаркенова История
создания и развития школ интернатного типа в Советском Казахстане (1917-
1941г.г.) [25], Р.Х.Аймағамбетова Деятельность рабочих факультетов по
подготовке молодежи Казахстана к поступлению в высшее учебные заведения
(1921-1940г.г.) [26], Е.Р.Қасенов История развития ученического
самоуправления в школах Казахстана (1917-1941г.г.)[27], Ш.К.Беркімбаева
Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі оқу-тәрбие үрдісінің дамуы (1980-
2000ж.ж.) [28], Ж.К.Ибраимова Шығыс Қазақстан аймағындағы білім беру
жүйесінің калыптасуы мен дамуы (1917-1930ж.ж.) [29], Н.А.Абуова
"Қазақстандағы индустриялды-педагогикалык колледждердің дамуы (1991-
2005ж.ж.) [30], Г.Қ.Шұғаева Қазақстанда ауылдық шағын жинақталған
мектептердің дамуы (1930-1960ж.ж.) [31], т.б.
Жоғарыда аталған зерттеулер мен ғылыми еңбектер - педагогика ғылымының
дамуындағы құндылықтар. Алайда, айта кететін мәселе Ы. Алтынсаринның
педагогкалық жүйесінің жағдайы, оның адам тәрбиеснідегі, қалыптастыруындағы
ролі жеке ғылыми тұрғыда зерттеу нысанасынан қалтарыста қалғаны байқалады.
Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесін қарастыруда қол жеткізген ерекше
тарихи және педагогикалық кұндылықтарының айқындалуы мен олардың бүгінгі
таңда оқу-ағарту мен ұрпақ тәрбие ісін ұйымдастыруда сабақтастық таппауы,
пайдаланылмауы және нақты ғылыми әдістемелік еңбектердің болмауы арасында
қайшылық бар. Ыбырай кезеңі – бір тарихи қоғамдық дәуір. Бұл тұстардағы ұлы
ағартушының атына байланысты әлі зерттелмеген бірішама деректер мен
мазмұнды мағлұматтар көп. Сондықтан да осынау тосын тақырып ғылыми
ізденуіміздің назарын аударуы тиіс.
Осы мәселенің шешімін қарастырудың қажеттілігі біздің зерттеу
мәселемізді айқындап, диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын Ы.
Алтынсаринның педагогкалық жүйесінің жеке адамды қоғамға бейімдеуі деп
алуымызға негіз болды.
Қоғамда болып жатқан өзгерістер, қарыштап өскен дәуір, халқымыздың
бойындағы асыл қасиеттердің жандануын, ежелгі қазақ даласындағы ой-пікір,
көзқарастардың көреген, тапқыр, зерделіліктерін көрсетуде. Оған
Қазақстандағы алғашқы білім жүйесінің негізін қалаған Ыбырайдың, оның
қызметі мен еңбектерінің, педагогикалық жүйесінің жаңа ұлттық негіздегі
парадигма құруда маңызы зор. Оған дәлел ретінде Ыбырайдың үлгісін ұстанған
шәкірттерінің: Ахмет Байтұрсынов, Қорғанбек Бірімжанов, Батырбек Бірімжанов
, Назипа Құлжанова т.б. білім беру мен тәрбиелеу саласындағы қызметтерінде
ұлттық идеялардың басым болғандығын айтуға болады. Дегенмен осындай ертеңді
болжаған, сол қоғамға бейім азаматтар тәрбиелеген Ыбырай туралы пікірлер
екі ұшты, қарама-қайшылыққа толы (шоқынды атануы, атеист болуы, т.б.).
Сондықтан, Ыбырайдың көрегендігін, зиялылығын, қазақтың жанына қабыстыра
отырып, сол кездегі ел басылары мен халықтың көңілінен шығып, салт-
дәстүрлерден ауытқымай немесе оны ерекше бұра тартпай бала тәрбиелеу мен
болашаққа қадам басқан ғұламаның еңбектері мен қызметінің дұрыстығын
көрсету - бүгінгі күнде осы Ыбырайдың педагогикалық жүйесінің жеке адамды
қоғамға бейімдеуінің өзектілігін туындатады.
Ұлы кемеңгер педагогтың ойлары мен аталы сөздерінің айтылғанына
ғасыр өтіп кетсе де, бүгінгі қоғамымыз білімді де білікті жастарды қалап
отырған шақта Ыбырай тәлімінің құндылығы күннен-күнге артып, мәртебесі
биіктей түсуде. Ағартушы мұрасының құндылықтары әр туындысының соңында
педагогикалық пайымдау түрінде беріліп отырады. Кәзір ұлы ұстаздың ой-
пікірлерін, көзқарастары мен шығармаларын өнегелі тұлға тәрбиелеу ісінде
әрекет арқылы өмірмен байланыста пайдалану, оқыту үрдісінде басшылыққа
алу қажет . Салауатты болашақтың ұрпақтарына білім мен тәрбие беру
ісінде жауапкершілікті сезініп, оқыту әдістеріне жаңа көзқарасты
қалыптастыруды қажет етеді.
Оқытушыларды бағалағанда, - деп жазды Ы.Алтынсарин , олардың іске
қатысы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың егістіктерінің бетіне шыққан
жемістеріне, яғни оқушыларына қарай бағалау қажет (Ы.Алтынсарин.
Таңдамалы шығармалары.,Алматы,1955,118 – бет).
Қазіргі жастар тәрбиесіне халықтың ұлттық санасын дамыта отырып,
сапалы білімді бойларына сіңіру үшін, өткенге көз жүгіртіп, ғұлама-
Ы.Алтынсариннің, тағы да басқа зейінділеріміздің еңбектерін саралап,
талдасақ, соны –жаңа пікірге келіп, қоғамға, оның саясатына сәйкес
бейімделер ұрпақтың кәдесіне жарар мәселелерді қозғаудан тақырыптың
өзектілігі туындайды.
Тақырыпты зерттеу барысында нысанға Ыбырайдың педагогикалық
жүйесіндегі білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын алып қарастырамыз.
Зерттеу пәні: Ыбырайдың педагогикалық жүйесіндегі жеке тұлғаны ұлттық
қоғамға бейімдеуі.
Зерттеу мақсаты: Ыбырайдың оқу-тәрбиелік жүйесі анықтау, оның болашақ
ұрпақ тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін айқындау және осы педагогикалық жүйенің
жеке тұлғаны ұлттық қоғамға бейімдеуін ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері:
1.Ыбырай Алтынсариннің оқу-әдістемелік жүйесінің қалыптасуына тарихи-
педагогикалық сипаттама беру(Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің
қалыптасыундағы тарихи-педагогикалық ықпалдарда ашу);
2.Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметінің зерттелу деңгейін анықтау;

3. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық қызметін жүйелеу ;
4. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің жеке адамды қоғамға
бейімдеуге бағыттылығын нақтылау;
5. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің практикадағы қолданысын
көрсету
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер Ыбырай Алтынсарин еңбектері мен қызметтері, педагогикалық идеялары
ғылыми - педагогикалық тұрғыдан негізделіп, жүйеленсе, онда қазіргі білім
беру саласының ұлттық сипатты иеленуіне және жеке тұлғаны қоғамға
бейімдеудің педагогикалық негіздерінің жетілуіне мүмкіншілік туар еді,
өйткені Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің сапалық құндылықтары
ұлттық білім беру үлгісін құруға негіз бола алады.
Жетекші идея. Ы Алтынсаринның педагогикалық идеялары мен қызметтерінің
жүйесі жинақталып, зерделенсе, ұлттық құнды іс-тәжірибелер болашақ ұрпақ
тәрбиесіндегі жеке тұлғаның қоғамға бейімделуінің теориялық және
практикалық мәселелерді шешуіне алғышарт болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде педагогика,
философия және психология ғылымдарының жеке тұлғаны қалыптастыру туралы
ілімдері, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалары,
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара бірлігіне
байланысты тарихи, философиялық, әлеуметтік, мәдени ілімдері, тарихи-
педагогикалық құбылыстарды зерттеудегі объективтік, жүйелілік, жүйені
сақтау, тарихи және логикалық үрдістердің бірлігі, тұтастық, тарихи-
салыстырмалық тұжырымдамалары алынды.
Ғылыми зерттеу әдістеріне талдау, қорыту, салыстыру, әдебиеттермен жұмыс
істеу т.б.пайдаландық.
Зерттеудің көздері: ғылыми-философиялық, педагогикалық, тарихи зерттеулер,
мұрағат деректері, сирек қолжазбалар.
Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы:
- Ы. Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің қалыптасуындағы тарихи-
педагогикалық ықпалдарда анықталды;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық қызметінде сипатталды;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі жеке тұлғаның тәлімдік
мәселелерінде анықталды;
Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі дидактикалық мәселелерде
ашылды.

Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтижелерін орта мектептегі жеке тұлғаны қалыптастырудағы оқу-
тәрбие үрдісіне пайдалануға болады;
Зерттеу материалдарын жоғары және арнаулы орта оқу орындарында
Педагогика, Педагогика тарихы, Педагогика тарихы,Бастауыш мектеп
педагогикасы пәндерін оқытуда және әдістемелік нұсқаулар жасау барысында
қолдануға болады.
Зерттеу көздері. Ғалымдардың зерттеу мәселесіне сәйкесті
еңбектері,монографиялары, Қазақстан Республикасындағы Орталық мемлекеттік,
тарихи, философиялық, педагогикалық әдебиеттер, Ы. Алтынсаринның
еңбектерінің жинағы, А Балғымбаевтың естеліктері.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- Ы. Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің жеке тұлғаның қоғамда
қалыптасуындағы тарихи-педагогикалық ықпалдары;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық қызметінің сипаты;
- Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесінің жеке тұлғаны
қалыптастырудағы тәлімдік мәселелері;
Ы. Алтынсаринның педагогикалық жүйесіндегі дидактикалық мәселелері.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты: зерттеудің мақсаты,
зерттеу нысанасы, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері, жетекші идеясы,
әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері, қорғауға ұсынылатын
қағидалар, зерттеудің ғылыми-теориялық және практикалық мәнділігі, зерттеу
нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі айқындалды.

Тарау І. Ы.Алтынсариннің педагогикалық жүйесінің қалыптасуының тарихи-
педагогикалық алғы шарттары

1.1.Ы.Алтынсариннің дүниетанымының қалыптасуына (өмір кезеңдеріне) жалпы
сипаттама

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның 20-шы жұлдызында (екі стильмен)
Торғай облысы, Николаевск уезінің Арақарағай болысында (қазіргі Қостанай
обсынының Затбол ауданында) дүниеге келді. Әкесі Алтынсары ауыл молдасы
алдын көргені болмаса, басқадай оқу қумаған, момын үй шаруасымен ғана
айналысқан адам болған. Ол Ыбырай үш жасқа толғарда қайтыс болған. Шешесі
Айман (арғын руынан Шеген бидің қызы) ескі салт бойынша қайнысы Қошанға
шығады, одан туған балалардың ұрпақтары баршылық.

Ыбырай әкесі өлгеннен кейін тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден алады.
Балғожа Жаңбыршин – белгілі би, ірі бай болған адам. Ол ұзақ уақыт
Орынбор Шекара комиссиясы қол астында қыпшақ руына старшина болып қызмет
істеген, патша өкіметінен шен-шекпен алған “ірі феодалдардың бірі”
(Н.И.Ильминский). Орысша тіл білген, ақыл парасатты да мол болған би.
“Тек ақазақ даласы ғана емес, Орынбор губерниясындағы орыс
шенеуліктерімен шекаралық билеуші әкімдердің алдында өзіндік салмақ пен
айырықша беделге қолы жетеді, губерния төңірегіндегі басқарушылардың
қайсысымен де тең адамдай сөйлесе, пікірлесе алады” (Ә.Деріпсалин
Ы.Алтынсарин. Алматы, 1965 ж., 10-11 бет).

Балғожа Жаңбыршин – жүзбасы, Қыпшақ руының ұзын тармағын басқарған.
Торғай, Тобыл және Әйет өзендері аралығында көшіп-қонған Орынбор шекара
комиссяның пікірінше ол “адамдарды басқару жағынан де, жалпы орта істері
жөнінен де, өзге ордаларда да істі қарауға шебер, білгір адам саналған”
(ҚРОМА, 4 қор, І тізбе, 3404-байлам, 83-86 бет).
Атасы оны жасынан-ақ адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке
баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға алып барып, билік айтқызып қанатын
қатайтқан.
“Балғожа би көзі ашық, көңілі жарқын, замынының алдыңғы қатарлы адамы
еді: ол өз заманының жайын ерте, тез байқады”.
“Іздегенге сұраған” дегендей, Х!Х ғасырдың екінші жартысынан бастап
патша үкіметі қазақ даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа
әдісін қолдана бастады: қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті.
Патша үкіметінің бұл мектептерді ашқандыағы мақсаты мектеп туралы ережеде
ашық айтылған: “Мектеп құрудағы басты міндет – шекарадағы басқару ісін
атқара алатын адамдарды сұлтан-правительдердің, ордаға аралық бастықтардың
ісін жүргізе білетін және айрықша қызметтерді атқара алатын адамдарды
дайындау” деп жазылған. Сонымен бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор
қаласында ашылды, оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі (Кенжебаев
Б. “Ыбырай Алтынсарин – азамат...” Ыбырай Алтынсарин тағылымы. 26 б.).
Мұсатай Ақынжанов “Ұлы педагог қоғам қайраткері” (“Ы.Алтынсарин
тағылымы. 57 б.) деген мақаласында “Ыбырайдың атасы Балғожа өлең жазған
адам. Жас Ыбырайдың мектепке дейінгі өлең мен жырауға әуестеніп өсуіне анық
әсер тимеді деп айтуға болмайды, - деп жазды. – Балғожа семьясының
төңірегінде көптеген ақындар жиналатын болған”.
Әнуар Дербісалин “Ыбырай Алтынсарин –ұлы педагог, ағартушы, жазушы”
деген мақаласында “Дала өмірінде көп билікті өз қолында ұстаған Балғожа
Орынбор шекара комиссиясының алдында да айырықша беделді адам болды, - деп
жазады. – Қазақстанның Россияға қосылу роцесі біржола аяқталып келе
жатқанын орынды аңғарған Балғожа қоғамдық маңызы өте үлкеен бұл құбылысты
батыл жақтады. Мұнда, ол әрине, қазақ халқының өнерлі, мәдениетті елдердің
қатарына қосылуын шешілу кезеңіне жеткен, енді мүлде болмай қоймайтын
құбылыс ретінде танылды. Сондықтан да ол бұл оқиғаға қарсы шығудың ешқандай
пайда бермейтіндігін ескеріп, алдағы уақытта оны өз мүддесі үшін
пайдаланудың жолын іздеді. Балғожаның бұл мақсатта тапқаны – немересі
Ыбырайды Орынбор шекара комиссиясының жанынан алмақшы мектепке беру болды.
Мұнда Балғожа ел билеу ісі бұдан былай орысша сауатты адамдардың қолында
көшеді деп танып, немересі арқылы кейін де сол ел билеу ісін қолынан
шығармау ниетін көздеген еді” (Дербісалин Ә. “Ыбырай Алтынсарин тағылымы”.
“Ыбырай Алтынсарин – ұлы педагог, ағартушы, жазушы”. – Алматы: Жазушы, 1991
ж. 80 б.).
Бұл жолдардан Балғожаның немересі орысша оқытудағы түпкі мақсаты анық
байқалды. Ол – халыққа пайдасын тигізетін адам емес, патша өкіметінің заңын
жақсы біліп, халықты қанауға шебер чиновник әзірлеуді көздеген. Кенесары
Балғожаны шабуының да мәні осындай ой-мақсаттарына байланысты болса керек.
Алайда Ыбырай таңдаған жол мүлде басқа болып шықты.
Қалай дегенде де Ыбырайда ұл өсіріп, тәрбиелелеген Балғожа өсімі
ұмытылмас емес. Бірақ оның аты-жөні Қазақ Совет энциклопедиясына еңбеген.
Туған, өлген жылдары белгісіз.
Ыбырай 1864 жылы Сырдария облысы (қазіргі Қызылорда облысы) Перовский
уезіне қарасты Жаппас руындағы Шолақ деген кісінің Айғаныс атты қызына
үйленеді. Айғаныс өзі оқымаған адам болғанымен, Ыбырайдың шығармашылық
жұмысына барлық уақытта да жағдай жасап отырды.
Ыбырайдың жанұясына көпке дейін бала болмайды, сондықтан ол қазақтар
арасында жиі кездесетін салт бойынша інісі Оспанның Хамитбек деген баласын
алып тәрбиелейді (он алты жасында қайтыс болады).
Ыбырайдың тұңғыш баласы Абдолла 1880 жылы дүниеге келеді. 1887 жылы
Әбдрахман деген екінші ұлы, 1888 жылы Шәрипа жас кезінде ауырып қайтыс
болды (Ы.Алтынсарин. Шығ. жинағы, 1975 ж., І том, 311 б.).
Әкесінен жастай қалған Абдолла ұзақ уақыт оқи алмай шаруашылықпен
айналысады.
Нағима Абдоллақызы – Ыбырай Алтынсариннің жалғыз немере қызы. Нағима
атасын көрмеседе, 1924 жылы қайтыс болған Айаныстың көзін көріп өскен
(Нағима Ыбыраеваның естеліктерінен).

Нағима Ыбыраевна 1916 жылы Қостанай облысы Талапкер ауылында дүниеге
келді. Нағима бала кезінде атасы Ыбырай ашқан Қостанайдағы мектепте үш жыл
оқиды. 11 жасында анадан айырылды.
1920-1930 жылдардағы дүрбелең ұлы Ыбырайдың ұрпақтары да байдың
тұқымдары ретінде қуғындалған.
1928 жылы Ниғаманың әкесі Абдолла да кәмпескеге ұышырап, Қазақстаннан
тыс жерге қоныс аударған. Ол Қырғызтанның Томақ қаласында тұрды. Абдолланың
өкпесіне суық тиіп, Қошанның немересі Нұрахметтің қолында қайтыс болған.
Жамбыл облысы Қорайдағы зиратқа жерленген.

Ыбырайдың туған нағашысы Шеген – батыр, би. Шеген белгілі Қошқар ұлы
Жәнібектің шөбересі. Жәнібектен 7 ұл туады.

Жәнібектің бәйбішесі – ұлы жүз Шанышқалы Төртөбе қыпшақ Тұрсынбай
Датқаның қызы, осы анамыздан Дәуітбай мен Жауқашар туған.

Дәуітбай баиыр, би болған ел басқарған адам, 1859 жылы соғыс
коллегиясының шешіміміен атасы Жәнібекке берілген “Тархан” атағы берілді.
Ал Жәнібекке мұсылман қауымыен да бірінші болып “Тархан” атағы 1743 жылы 11
шілдеде Россия императоры Елизаветаның жарғысымен берілген. “Тархан” атағы
1869 жылға дейін мұсылман нәсіліндегі 20-ға жуық адамға берілді. Соның екуі
аталы-балалы Жәнібек пен Дәуітбай.
1869 жылы “Тархан” атағын берудің сенат тоқтатады. Жоғарыда
айтқанымыздай Дәітбай жеке ру атағын алды деп, ел ішінде ол кісінің атын
атамай “Тархан” деп атап кеткен. Сол Дәуітбайдан 9 ұл туды. Соның бірі Мыса
(Муса деп те атайды). Мысаның шешесі Жалғабайлы бескүрек қара Қарамеңдінің
қызынан – Балабатыр, Байжан, Шеген туады. Шегеннің бәйбішесі – Керей
сапақтың қызы Серке анамыздан – Қазыбек, Бірімжан, Бектеміс деген 3 ұл мен
қызы Айжан анамыздан Өтетілеу, Ділдәбек туады. Үшінші әйелінен Алтынсарин
Шолақ туады Шеген – батыр, би атанған, өз елінде өте беделді, елге қамқоршы
болған адам. Оның айғағы 1845 жылы Торғайда патша өкілдері бекініс
салдырады. Бекіністің мақсаты дала уәалайаты басқару, патшаның алым-салығын
жинап тұру болған.
Сол кезде Шеген қарамағындағы елдің, патшаның орасан зор алым-салығын
төлеп тұруға шамалардың жетпейтінін айтып, патша жарлығына қарсы шығады.
Шеген патшаның отаршылдық саясатына да қарсы болғанын ескеріп, өш алу
мақсатында, бекініс басшылары арнайы отряд жіберіп Шегенді алдырып, 1848
жылы ең бірінші етіп, Торғайдың жаңа түрмесіне қамайды. әрине бекініс
басшыларының елдің мықтысын қолға түсірсек, қалғаны оңай көнер деген де
есептері болса керек. Бірақ, Шеген оған көнбейді және Шегенді түрмеде ұстап
отыруға да шамалары келмейтінін сезеді. Өтйкені, әр елдің беделді адамдары
көп жасақпен келіп Шегенді босатуды талап етеді. Амалсыздан Шегенді
түрмеден босатады. Бірақ, олар да қастандығын аяп қалмаған көрінеді. Шеген
түрмеден шығысымен өзінің мініп жүретін бозайғырымен жалаудағы елге бет
алады. Шамасы жайлау Қошалақ пен Бөбекейдің бірі болар. Олай дейтініміз
қарасайдың қошалақ жақ иегіне келгенде астындағы бозайғыр табанда қатады.
Сол жер осы күні Бозайғыр атанады. Іле-шала Шегеннің өзі де ауыра бастайды.
Сөйтсе. Түрмеден босатарда үзеңгісіне у жағылған екен. Аттың бірден өлуі
заңды ғой, ал қалың кигеніне қарамай денеге у жайылып, сол, яғни 1848 жылы
қайтыс болады. Денесін қарасайдың аяқ кезендегі Сеңгір деген биік төбенің
(Торғай совхозындағы Жыңғылдыға жақын) үстінде жуып, белгілі қойып,
жылқының терісіне орап, атқа теңдеп Түркістанға алып жүреді. Бірақ,
шілденің ыстығына шыдай алмайтын болған соң осы күнгі Қызылорда мен Шымкент
облысының шекарасында, қазіргі “Бірқазан” станциясының тұысында бір көлдің
жағасында “аманат” етіп жерлеп кетеді. Келесі жылы барып Түркістанға
апарамыз дегенде жергілікті діни адамдар рұқсат етпей, сол жерге белгі
қойып, асын беріп қайтады. Сол көл бұл күнде Шеген көлі деп аталады.
Шеген бай болмаған адам екен. Тегі батырби адамдардың көбі байлықты
мұрат етпесе керек. Екі қызының бірі (үлкені) Айман алтыбас қыпшақ Балғожа
бидің баласы Алтынсарыға ұзатылады.
Айман апамыздың 1841 жылы Ыбырай (Ибриһим) туды. Әкесі Алтынсары 1744
жылы Кенесарының шапқыны кезінде қаза тауып, Ыбырайды Балғожаның қызметшісі
Жетібай Өтемісов деген ала қашып, тығылып аман қалып қалады. 4 жасында
әкеден айырылған Ыбырай бірыңғай атасы Балғожа бидің тәрбиесіне көшеді.
Ыбырай бала кезінде де нағашыларына жиі қатынап тұрған. әсіресе, нағашы
атасы Қазыбек балаланың зерделігіне баса назар аударып, тәрбиесін де
аямаған болатын.
Міне, 19 жасар Ыбырай Торғайға біржола келеді. Ол алғашқы кезде бекініс
комендатынының аудармашысы, одан сотта іс-қағазын жүргізуші болып қызмет
атқарады. Ыбырай келген бетте нағашылары Қазыбек, Бірімжанның көмегімен
Торғайда мектеп салуға кіріседі. Торғайдағы мектеп 1861 жылдың аяғында
салынып бітеді. Әрине, мектеп салуға Торғайдың елі түгел қатынасты, әлгі
адамдар жәрдемін аямаған. Мектепті салу барасында қастандықта жасалды,
алғашқы құрылыс басталғанда мектепті өртеп те жібереді. Бірақ Ыбырайдың
қажырлылығы арақсында мектеп салынып бітті. Бұл Ыбырайдың қазақ жерінде
ашқан ең алғашқы мектебі болғтын.
Ыбырайдың Торғайдағы негізгі тірегі – нағашылары, Шегеннің балалары –
Қазыбек (1813-1869 жж.), Бірімжан (1817-1873( болды. Қазыбек батыр-би
атанған адам, Бірімжан беделді, саналы кісі болған.
Бізге тарихтан білгілі 1868 жылы патша үкіметі Орынбор және Батыс-Сібір
генерал-губернаторлығында қызықтарды басқару жүйесін өзгерту жөніндегі
реформа жасалады. Сол реформаға сәйкесті 1868 жылы Торғай облысы
құрылды(орталығы Орынбор). 1869 жылы Торғай облысының көлемінде 4 уезд
құрылды – Ырғыз, Елек, Торғай, Николаевск (Қостанай). Сол жылы уездердің
көлемінде басқару жүйесі – болыстар құрылды. Сол кезде Тосында бірінші
болыс болып Бірімжан сайланды. 1873 жылы Бірімжан өлгеннен соң оның ең
үлкен және беделді баласы Дәуренбек 1915 жылы қайтыс болғанға дейін болыс
болды, 1915 жылдан 1928 жылғы конфескеге дейін Дәуренбектің баласы Жақып
болыс болды. Содан кейін болыстық қысқарып, аудандар, ауылдық Кеңестер
құрылды.
Міне, Ыбырайға Торғайда 23 жылға жуық қызмет істегенде негізгі тірек
болған осы нағашы жұрты.
Сол алғашқы 13 баланың төртеуі Шеген тұқымынан, олар - Бірімжанның
баласы Омар, Өтетілеудің үлкен баласы Хайролла болды.

1841-1845 жылдар
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазан айының 20 жұлдызында Торғай облысы,
Николаевскі уезінің Арақарағай облысында дүниеге келді. Әкесі Алтынсари
Ыбырай үш жасқа толғаннан кейін қайтыс болған. Бала Ыбырай тәлім-тәрбиені
атасы Балғожа биден алады.

1846 жыл
Осы жылдың наурыз айының 5 жұлдызында Балғожа би Орынбор қаласына әдейі
барып, өзінің жақсы танысы, сыйласқан әкімі, Шекара Комиссиясының төрағасы
генерал-майор М.В.Ладжевскийге әдейі жолығып, немересі Ыбырайды Орынборда
ашылмақ қазақ балаларын оқытатын мектепке қабылданатын қазақ балаларынығ
тізіміне енгізді.

1850-1857 жылдар
Ыбырай 1850 жылы тамыз айының 22 жұлдызында Орынбор Шекара Комиссиясы
жанынан қазақ балалары үшін ашылған мектепке түсетін қазақ балаларының бірі
болып қабылданды.

Мектеп қабырғасында ол көп нәрсеге үйренеді, орыс тілін меңгереді,
орыс, басқа да ұлттардан шыққан зиялыларының еңбектеріментанысады ол “өте
жақсы қабілеті бар” атанып, көтеріңкі бағалар алып оқыди. Ыбырай Алтынсарин
1857 жылы жазда аталған мектепті үздік бағалармен бітіріп шықты, тиісті
күәлік және адам дәрігеріне көмекші бола алатыны жөнінде ресми анықтаманы
да қоса алады.

1857-1859 жылдар
Екі жыл бойын Ыбырай Қыпшақ руы, ұзын бөлімінің меңгерушісі, әсери
старшина би атасы Балғожа Жанбыршиннің қарамағында хат жүргізуші болып
жұмыс атақарады. 1859 жылдың тамыз айының бірінші жұқлдызында Орынбор
облыстық басқармасына кіші тілмаш (аудармашы) болып тағайындалады.

1860 жыл
Осы жылы Орынбор өлкесінің басқару орны Орынбор бекінісіне (Торғай
қаласы 1845-1868 жылдары солай аталды - Ә.Л.) қазақ балалары үшін мектеп
ашуға лұқсат алды. Ол үшін ел аралап қаржы жинау мәселелеріне бел шішіп
кіріседі.

1861-1863 жылдар
Ы.Алтынсарин мектеп ашу ісіне қызу кіріседі. Мектеп құрылысына қаржы
жинайды.
1862 жылы Алтынсариннің йіне алып оқытып жатқан қазақ балаларының саны
4-ке жетті. Осы жылдары Ы.Алтынсарин орыстың ұлы демократ-педагогі
К.Д.Үшинскийдің “1842-1870) “Детский мир” аталатын тамаша педагогикалық
туындысымен танысады.
1863 жылдың аяғына таман Ыбырай Алтынсарин өзі жобалаған мектебінің
құрылысын бітірді де, жүйелі оқуды бастауға әзірліктің аяқталғанын Орынбор
әкімшілігіне ресми хабарлады.

1864 жыл
8 қаңтарда “бекіністің барша әкім-қарарлары мен 200-ден астам сыйлы
қазақтардың қатынасуымен Торғайдағы белгілі мектеп (Ыбырай мектебі)
салтанатты түрде ашылды”.
Мектепте балаларды Ыбырай Белл-Ланкастер әдісімен оқытты. Ыбырай
Алтынсариннің үйінде 1861-1863 жылдарда оқыған Қорғанбек, Әділбек
Бірімжановтар Алтынсаринге көмекші-мұғалімдер болды.

1865 жыл
Ыбырай Алтынсарин 22 мамырда мектептегі оқушыларды ресми сыннан
өткізді. Ол сын 12 балл жүйесімен жүргізілді. 6 баллдан бастап
қанағаттанарлық, одан жоғары болса, көтеріңкі бағалар саналатын. Өзі ашқан
мектеп оқышуларына 22 мамырдан бастап жазғы демалыс берді. Оқу-ағарту
саласында және бекініс ісінде жігерлі атқарған жұмысы үшін Ыбырай
Алтынсарин 25 ақпан күні хорунжий чинін (әскери атақ) алды.

1869. жылдар
1866 жылы Ыбырай Кіші жүздегі Жаппас руының бөлімінің құрметті ақсақалы
Шолақ қызы Айғанысқа үйленеді.
1868 жылы 21 қазан айында “Уақытша Ереже” бекітіліп, Орал және Торғай
облысы ұйымдастырылды. Ал Торғайдағы қазақ мектебі, 1868 жылы бір
класстық (4 жыл) орыс-қазақ училищесі болып қайта құрылды.

1869 жылы “Уақытша Ереже” күшіне енді. Аллтынсарин жер бөлу ісіне
араласты және әкімшілік құрылымға ұсыныстар берді. Уездік басқарманың іс-
жүргізушілік қызметін қоса атқарды. Ауыл аралады, болыстар мен
старшиналарды сайлау жұмысына қатынасты.

1870-1874 жылдар
Россия География Қоғамының Орынбор бөлімінің 1870 жылы бірінші
жазбаларында (Запискасында) Ыбырай Алтынсариннің Орынбор ведомствосы
қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очеркі және
Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау
дәстүрлерінің очеркі атты этнографиялық мақалалары жарияланды.
Алтынсарин орыс географиялық қоғамына қызметкер-мүше ретінде
қабылданды.
1874 жылы ол облыстық басқараманың алдына мектептерге жер бөліп беру
туралы мәселе қойды және Торғай мектебін екі жылдық орыс-қазақ училищесі
(4+2=6 жыл) етіп қайта құру туралы ұсыныс жасады.

1875-1878 жылдар
Ыбырай Алтынсарин Қазан-Петербургке баруға қамдана бастайды 1876 жылдың
қыркүйек айының 7 күні Алтынсарин Қазан қаласынан келді, оны профессор
Н.И.Ильминский қарсы алды. 16 жыл көріспеген аға тұтып сыйлаған досы-
Николай Ильминский оны қонақ етіп, бір жұма бойы қаланы аралатып, мәдени
орындармен таныстырады, қала зиялыларымен кездестіреді.
Қыркүйек айының ортасы күндерінде Ыбырай Алтынсарин Петербургке, Санк-
Петербург университеті шығыстану факультетінің деканы, профессор
В.В.Григорьевте қонақта болады. Астана – қаланы аралып көреді. Ұлы Петр
атына арналған тарихи орындарды, эрмитажды, басқа да мәдени ошақтарды
аралады. Ғалымдармен, жазушылармен кездеседі. Қыркүйек айының соңғы күнінде
ол Орынбор қаласына оралады. Н.И.Ильминский Алтынсаринді Россияның халыққа
білім беру министрі граф Д.А.Толстоймен кездестіреді.
Алтынсарин қазан айының басында Торғайға оралып, негізгі жұмыстарына
кірісті. Орынбор, Қазан, Петербург қалаларына қажет деген оқулық,
методикалық т.б. кітап-құралдары мол әкелді. 1877 жылы Қазақ
хрестоматиясын жазуға біржола отырды. Қазақ мектебінде орыс тілін әдіс-
амалдары туралы қолжазбаларын тағы да қайта қарап, өңдеп, толықтыру жұмысын
жалғастыра береді.
Осы жылдың наурыз айында Алтынсарин Орал мектептерінің инспекторының
жәрдемші-орынбасары болуға шақыртылады.

1879-1889 жылдар
1879 жылдың қыркүйек айының бірінші жұлдызында Ыбырай Алтынсарин Торғай
облысы мектептері инспекторы болып тағайындалды. Төрт уезге қоса оның
қарамағына Орынбор губерниясына бағынатын Троицк уезі мектептері де
берілді. Алтынсарин азаматтық халық мектептерінің жұмысын шебер де
білгірлікпен ұйымдастыруға қызу кірісті. Мұғалім кадрларын іздестірді.
Ыбырай Алтынсарин 1879 жылдың қараша айының 15-25 күндері Орынбордан
Қазақ хрестоматиясы және Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш
құралы аталатын оқулықтарын бастырып шығарды. Бұл екі кітап қазақ
мектептері өмірінде ерекше орын алды. Ырғыз мектеп үйін салу жұмысын
аяқтады.
1881 жылы Елек қаласында ашылуға тиіс орыс-қазақ училищесін қараша
айында Бөрте болысында ашты. Төрт бекіністе төрт қазақ мектебі
(училищелері) жұмыс жасады. Олар: Торғайда, Ақтөбеде (уақытша Елек
қаласында), Ырғызда және Ортабойда (Әзірге Троицкіде, Қостанай қаласын
алғашқыда солай атамақшы болған - Ә.Л.) (Н.Ильминский).
1882 жылы ұлы Әбдіхамит (халық арасында Абдолла атанып кеткен, одан
Нағима атты қыз қалған екен, ол кәзір Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы,
Жамбыл атындағы совхозда тұрады - Ә.Л.) дүниеге келді. Осы жылы
Ы.Алтынсарин Торғай қаласында Қолөнер мектебін ашу туралы жазба жасады.
Оған қаржы да жинады, сөйтіп Торғай қолөнер мектебі 1883 жылдың қараша
айының 15 жұлдызында салтанатпен ашылды.
Ы.Алтынсарин әрбір уездік мектеп жанынан көпшілік кітапхана ұйымдастыру
ісіне қызу кірісті. Қазақтар бұл бастаманы қатты қолдады. Мүмкіндігінше
қаржы жинастыра бастайды, әсіресе, осы өңірдегі зиялы азаматтар мықтап
араласады. 1882-1885 жылдар аралығында Алтынсарин ашқан барша оқу
орындарының жанында: монша және дәретхана, ас пісіретін бөлме болған. 1883
жылы Николаевскіге (Қостанайға) көшіп келеді.
1883 жылы оныншы сәуірінде Орскіде қазақ даласындағы тұңғыш қазақ
мұғалімдерін даярлайтын мектеп ашылды. 1884 жылы екінші ұлы Әбдірахман
дүниеге келді. Шарапты-ислам (тәңірі заңдарының ережесі) аталатын оқулық
бастырып шығарды. Кітап қазақ тілінде жазылды, кейін оны А.В.Васильев орыс
тіліне аударып бастырды.
1881 жылы Бөрте болысында ашылған мектеп, екі кластық орыс-қазақ
училищесі болып қайта құрылды да, Ақтөбеге көшірілді, оның жанынан
Алтынсарин 25 орындық интернат ашты. Бұл тұста Қостанай, Торғай, Ырғыз және
Ақтөбе орыс, орыс-қазақ училищелері жанынан қол өнер бөлімдері ашылды.
1887 жылы Ыбырай Алтынсарин болыстық мектептер ашу ісіне қызу кіріседі.
Осы жылдың қазан айында Елек уезінің Бөрте болысынан, Қостанай уезінің
Обаған және Жетіқара болыстарынан бір кластық (4 жыл) мектептер ашылды.
Интернаттар ұйымдастырады.
1887 жылдың қараша айының 15 күні өзінің көптен әзірлеп жүрген Ырғыз
қыздар мектебінің жұмысын бастайды. Сөйтіп, тұңғыш қазақ даласында әйел-
қыздар мектебі ашылды. Бұл жылы Алтынсарин Орынбор корпусына Торғай облысы
қазақтарынан жыл сайын бір оқушы алу үшін стипендия тағайындатады. Ал, 1888
жылы қыркүйек айының 13-де Торғай уезіне қарасты Қараторғай (Батпаққара
мектебі уақытша осылай аталды - Ә.Л.) болыстық мектебі өз жұмысын бастады,
оған алғаш 12 оқушы қабылданды.
Осы жылдың желтоқсан айының бір күні Торғай қаласында қыздар училищесін
ашуға ұлықсат сұрады, ұлықсаты 1890 жылы Алтынсарин қайтқаннан кейін
алынды, бұл училище 1891 жылы ашылды. Реті келгенде айта кетейік, интернаты
бар қыздар мектебі Қостанайда 1893 жылы, Қарабұтақта 1895 жылы, Ақтөбеде
1896 жылы ашылды. Орыс-қазақ қыздар мектебінде оқушылар саны 1896 жылы 211-
ге жетті, олардың 141 орыс, 75 қазақ қыздарыболды.
1888 жылдың тамыз айының 21 күні Қостанай қаласында орыс балаларына
арналған мектеп те ашады. Ол облыстық мектептер жанынан тері және сабын
жасау заводтарын ашуды ұсынды.
1888-1889 жылдарда Ыбырай Алтынсарин бір жатып, бір тұрып дегендей
ауыра беретін болды. Соңғы жылдың ақпан және наурыз айларында Орск, Ақтөбе,
Елек қалаларындағы мектептерді аралайды.
1889 жылдың шілде айының 17 күні ертеңгі сағат 11-де 48 жасына үш ай үш
күн қалғанда ұлы Ыбырай Алтынсарин көз жұмды.

Ыбрай (Ибраһим) Алтынсарин

(1841 – 1889)

І.2.Ұлы ағартушыға дейінгі Торғайдағы білім бастауы. Қазақстанның ХІХ
ғасырдың екінші жартысындағы саяси-экономикалық дамуына шолу.

ХІХ ғ. Қазақстан тарихында дүрбелең оқиғаларға толы тарамды кезеңдерден
қарастырылуы жәй емес.
Қазақстандай кең өлкенің Ресейге қосылудың аяқталар шағында бұрқ еткен
1837-1838 жылдары Исатай Тайманов батыр басқарған шаруалар көтерілісі және
ХІХ ғасырдағы ең ірі Қасым хан 1837-1847 жылдар көтерілісі ерекше орын
алады. Өзінің, Ресей саясатына әсер етуі, халықты қамтуы, ұзаққа созылуы
және табандылығы жөнінен 10 жыл бойы қуатты империяның күш құралдарын өзіне
аударды, орта және ұлы жүздердің бірсыпыра жерлерін соғыспен бағындыру
мерзімдерін кейінге шегіртеді. Сөйтіп, Кенесары ханның қолбасшылығымен
басталған көтеріліс қырғыздар жеріндегі жеңіліспен аяқталады.
30-50 жылдары Қазақстанда Ресей империясының (кеңеюшілік) ұмтылысының
күшейе түсуі, сондай-ақ Хиуа хандығының агрессивтік саясаты Сырдария бойы
қазақтарының 1856-18570 жылдары Жанқожа Нұрмұхамедовтың қолбасшылығымен
күреске шығуының негізгі себебі болды. 1857 жылы қаңтар айында
көтерілісшілер жеңіске ұшырады.
Ыбырай Алтынсарин еңбек еткен кезең Россияда 60 жылдары жүргізілген
шаруалар реформасының дәуірі еді, бірақ азат етілген шаруалар
помещиктердің қанауында қала берді.
Сонымен қатар, 1865 жылы Ресей үкіметі қазақ даласын басқару туралы
Ереженің макетін дайындау макетін дайындау үшін Дала комиссиясын құрды, 21
қазанда 1868 жылы уақытша басқару Ережесі қабылданды.
1867-1868 жылдары реформа бойынша Қазақстанға бес буынды басқару жүйесі
енгізілді. Реформаның түпнұсқасында қазақ жерлерінің Ресей империясының
меншігі болып жариялануы және әскери мен азаматтық биліктің тұтастығы
болды.
Ақ патшаның отаршылдық саясаты Орал, Торғй, Маңғыстау қазақ
шаруаларының көтеріліс толқуларына себепші болды.
Саясаттағы өзгерістер Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени,
білім салаларына да әсерін тигізбей, түбегейлі өзгерістер енгізді.
Қазақ халқының қоғамдық болмысы, әсіресе, материалдық тұрмыс-жағдайы
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Россияның тікелей ықпалы негізінде дамыды.
Бұл ықпалдың прогрестік және реакциялық жақтары болды.
ХІХ ғасырдың 60жылдарында Қазақ жерінің Россияға қосылуы аяқталды. 1867
жылы Түркістан генерал-губернаторлығына бағынатын Жетісу және Сырдария
облыстары, 1868 жылы Орынбор генерал-губернаторлығына бағынатын Ақмола
және Торғай, Сібір генерал-губернаторлығына бағынатын Семей облыстары
құрылды. Басқа да облыстар сияқты Торғай облыстары уездерге бөлінді :
Торғай, Ырғыз, Елек (Ақтөбе), Николаевск (Қостанай), олар өзара 51
болысқа, онан әрі ауылдарға бөлінді. Облыстық бас басқармасы Орынбор
қаласына орналасты. Торғай уезінің орталығы – Торғайда, Ырғыз уезінің
орталығы – Ырғызда, Николаевск уезінің орталығы – Троицкіге орналасты.
1897 жылы санақ бойынша облыста 63559 түтін, 317795 адам тұрды.

ХІХ ғасырдың 20 жылдарына дейін патшалық Россия қазақтарды хандық жүйе
арқылы басқарып келді. Орта жүзде хандық 1822 жылы, кіші жүзде 1824 жылы
жойылды да, біріншісінде округтік приказ жүйесі (ауыл, болыс, округ),
екіншісінде Шекара әкімдері тағайындайтын сұлтан әкімдер басқарды. 1831
жылдан бастап басқарудың дистанциялық жүйесі дейтін тәртіп енгізді. Кіші
жүз үш бөлікке бөлініп – Батыс, Орталық және Шығыс деп аталды. Оларда 56
дистанциялар құрылды. Торғай облысына Орта жүздің батыс бөлігі және Кіші
жүздің орталық және шығыс бөлімдері енді. Енді бұл аудан, өз алдына болыс
жоғарыда атағанымыздай, төрт уезге бөлінді.
Ыбырай Алтынсарин және Торғай оқу-ісі тарихының очерктері аталатын
еңбекте Шекара комиссиясы деген ұғым жиі кездеседі. Орынбор қазақтарымен
әр саладағы байланысты өрістете беру үшін, олардың арасында патшалық
Россияның ықпалын арттырып, отарлау саясатын нықтай түсу мақсатында Орынбор
қаласында 1782 жылы Шекара экспедициясы ашылып, ол 1799 жылы Шекара
комиссиясы болып қайта құрылды. Бірқатар жазба әдебиеттер мен мерзімді
баспаларда Орынбор даласы қазақтарының бас басқармасы деп те жаза берді.
Бәрі бір ұғым. 1859 жылы Орынбор қазақтары басқарудың Шетел істері
министрлігінен шығарылып (оның құрамында 125 жылдан астам болды), Россия
империясының құрамына енгізіп, Ішкі істер министрлігінің басқаруына
берілді.
Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылу кезеңдерінен бастап қазақтар
діни емес, дүниелік білім беретін мектептерге түсіп, білім ала бастады.
Торғай қазақтары балаларын 1744 жылы Орынборда ашылған татар мектептерінде
оқытты, бірақ онда әскери шендегілердің балалары ғана оқыды. Бұл оқудың
түпкі мақсаты өкімет кеңселерінде, сауда-саттық орындарында қызмет
атқаратын адамдар тілмаш және іс-жүргізушілер даярлау болатын.
Орынбор губерниясы құрамына енген қазақтарға оқуды ресми рұқсат еткен
1825 жылдың қаңтар айының 2-сі күні ашылған Неплюев әскери училищесі еді.
Кейін ол Неплюев кадет корпусы болып аталады. Мұнда, әрине, әскери дәрежесі
бар сұлтандардың, би-шонжарлардың балалары оқыды. Орыс жастары мен шығыс
халықтарының өкілдері, соның ішінде қазақтар, діни сабақтармен қатар
география, физика, арифметика, алгебра, геометрия, тригонометрия, Россия
тарихы, жалпы тарих, жаратылыс тану және әскери пәндері негіздерінен білім
алды. Орыс, араб, татар, француз және парсы тілдері оқытылды. Оқу мерзімі 6
жылға созылды. Қазақ балаларына бөлінген 30 орын үнемі толмай қалып жүрді.
Айталық ең бір жақсы көрсеткіш деген ХІХ ғасырдың елуінші жылдарында кадет
корпусында 26 қазақ жастары оқыды, оның басым көпшілігі Қазақстанның
батысынан болатын. Архивтерде қажетті материалдар аз сақталғандықтан
Неплюев кадет корпусында оқыған қазақ жастарының тарихын толық жасауға
мүмкіндік жоқ.
Дегенмен, біраз фактілер келтіруге болады. Әскери училищенің М.Таукин
(Батыс бөлімінен) 1826-1830 жылдарда оқыған К.Шығаев пен Караулов (екеуі де
Ішкі немесе Бөкей ордасынан) толық курсын бітірген. Ал, оны Д.Чукеев пен
Н.Габдулгалимов 1847 жылы кадет корпусы аталған тұста бітірген. 1866 жылға
дейін Орынбор кадет корпусын 28 қазақ жастары бітіріп шықты, олардың ішінде
Торғай облысына қараған аудан өкілдерінен С.Таубаев, М.Жантурин, Т.Сералин,
Т.Жәнібеков, Е.Бабин, М.Бесжанов болды. Осы әскери білім алған 28 жастың 17-
сі сұлтандардың, 4-і әскери шені барлардың, 7-і жергілікті әкімдердің (би,
старшина т.б.) балалары, демек, түгелдей үстем тап өкілдерінің ұрпақтары.
Бірақ, кімнің баласы болғанда да оның өсіп, даму, шыңдалу процесінде
өзгерістер болып, жататынына күмән жоқ. Қазақ және орыс оқушыларының бос
уақыттарында бірге болуы, әсіресе, үй тапсырмаларын бірлесе орындауы,
олардың жақындасуына аса қолайлы жағдай туғызды.
Кадет корпусын бітірушілер Қазақстандағы әртүрлі басқару орындарына
қызметке жіберілді. Олардың біразы орыс тілін меңгерген және орыс
мәдениетінен хабардар, әжептәуір білімді жастар болды, кейбіреуі орыс
баспасөздерімен байланыс жасап, қазақтарды орыс оқу орындарымен таныстырды,
сол арқылы қазақ жастарын оқу орнына ынталандыруды ойлады.
Осы корпусқа 1854 жылы оқуға түсіп, оны 1861 жылы жоғары бағалармен
тамамдаған Есенғазы Бабин (1845-1909) жеті жыл бойына, 1868 жылға дейін бір
дистанцияда бастық болады. Облыс құрылуына байланысты мұндай әкімшіліктер
таратылады. Есенғазы Бабин тарихи деректерге қарағанда өз еркімен
мұғалімдік жұмысқа ауысқан екен. Кейінгі бір естелігінде ол былай деп
жазыпты: Қазақтардың көшпелі тұрмысы мен ауыр азапты жағдайын әбден
білемін. Олардың оқу-білімге деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
Ыбырай бастаған баспа
ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметінің өмірлік құндылықтары
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Ы. Алтынсариннің әңгімелеріндегі педагогикалық - психологиялық идеялар
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Бастауыш сыныптарда Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқытудың маңызы
Пәндер