Жыланды кенорынының геологиялық картасы
Қазақстан республикасы білім жӘне ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті
Геоморфология және картография кафедрасы
Қазақстандағы бирюза кен орындарының
орналасу картасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Орындаған:
4 курс студенті ______________________ А. Тұрғанбайқызы
Ғылыми жетекші ______________________ А.О Бейсеев
г.ғ.к.,доцент
Норма бақылаушы _____________________ Ә.Ғ Көшім
г.ғ.к.,доцент
Қорғауға жіберіліді
___ ________2010 ж.
Кафедра меңгерушісі ____________________ Н.Н.Керімбай
г.ғ.к., доцент
Алматы, 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. БИРЮЗАЛЫ АУДАНДАРҒА СИПАТТАМА
1.1 Майқайын–Екібастұз
ауданы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...5
1.2 Шет ауданындағы бирюза білінімдемесінің Александр
тобы ... ... ... ... .13
1.3 Ұлытау

... ... ... ... ... ... ..23
1.4 Қаратау

... ... ... ... ... .29
2. БИРЮЗА КЕНОРНЫНЫҢ ГЕНЕСИСІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМ ШАРТТЫ
2.1Бирюза кенорынының геологиялық, өндірістік
типі ... ... ... ... ... ... ... ... 41 2.2Геологиялық критериилер және
барлау.. белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...42
2.3Бирюзаның имитатциясы және синтездеуәдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИРЮЗА КЕНОРЫНДАРЫН КАРТОГРАФИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ
3.1 Бирюза картасында ГАЖ бағдарламарына сипаттама ... ... ... ... ... ... 47
3.1.1 ArcGis геоақпараттық жүйесіне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...50
3.1.2 MapInfo геоақпараттық жүйесіне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .55
3.2 Бирюза кен орындарының картасын
құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...57
3.2.1 Карта құрастыру барысындағы қолданылатын әдістер ... ... ... ... ... .60
3.2.2 Карта безендіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .61
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...66
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .67
КІРІСПЕ
Бирюза – әлемде адамға белгілі зергерлік тастардың ішіндегі ең әдемі
де қымбат тастардың бірі. Аңыздар мен тарих беттерінен бұл тас туралы
көптеген мағлұмат ала аламыз. Бирюза – денсаулық, бақыт, табыс, жеңіс тасы
деп саналады. Бирюзадан жасалған бұйымдар ежелгі Египетте әйгілі болған.
Археолгиялық қазба жұмыстары кезінде (б.э.д. 6 мың жылдықта) Египет
мумиясының табытынан Синайлық бирюза тасынан жасалған төрт алтын білезік
табылған. Білезіктегі көкшіл түс алтынның шашыранды көзімен әшекейленген.
Сонымен қатар бирюза Египет перғауындарының табыт қорғандарынан да
табылған.
Колумбияға дейінгі Америкада, яғни ертедегі индея тайпаларында
бирюза өте бағалы асыл тас болып саналған. Ацтек мемлекетінде бұл тас
сиқырлы деп танылып, діни нанымдарда қасиетті тас ретінде қолданылған. Бұл
минералды мұрынына тағып алу құрметіне тек Ацтек императоры ие болған.
Мұрынына тағып алу әдет ғұрпы Еуропа басшыларын ұлықтау рәсіміне
сәйкес келген. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізгенде бирюзадан
жасалған 50000 астам бұйымдар табылған. Олар: сақина, ілмек, амулет,
культтік заттар, т.б. бағалы тастар жәнеде асыл бағалы тастармен
толтырылған корзина табылған. Бирюза Аризона мен Нью-Мексика штатының
арнайы ұлттық тасы болып табылады.
Бирюзадан жасалған Қытай бұйымдары, атап айтсақ жануарлар мүсіні,
ваза, табақ әлемге атымен әйгілі болған.
Қытайлар бирюзаны жасыл ағаш тасы деп атайды. Бұл Қытайдың
нефриттен кейінгі екінші ұлттық тасы. Тибет териториясында бирюзаны
(жергілікті атауы – гуи) тас деп санамаған, оны тірі зат ретінде
құрметтеген.
Тибет медицинасында бирюза емдік құрамы бар қажетті бағалы 6 тас
қатарында. Атап айтсақ алтын, күміс, мыс, інжу, маржан. Мысалы; егер
таңда тұрып бирюзаға қараса адам күні бойы өзін сергек сезінеді. Бирюзаны
таққан адам жаман түстен аулақ болып, өте ұзақ өмір сүреді екен. Сонымен
қатар көз ауруларынада емдік қасиеті бар деп есептеледі. Мұны тек жұқпа май
ретінде ғана қолданбайды, бұл берилл сияқты емдік қасиетке ие. 1. Бұл
тас арқылы бас киім, киім т.б. бұйымдарды әшекейлейді.
Бирюзаны алтынға емес күміске салады. Яғни ол көптеген елдердегі
сияқты күміспен қатар роль атқарады. Монғол ламалары бирюзаны монғолша –
оюу деп атайды, бұл сөз өзінің иесінің денсаулығының нышанын білдіреді
деген мағынада. Адам денсаулығы өзгергенде ол да өзінің түсін өзгертеді
2.
Зерттеулер бойынша сырқат адам бирюзаға қолын тигізсе, ол өзінің
түсін өзгертеді екен, әсіресе бұл құбылыс адамның қолы дымқыл болса. Өте
ауыр халде жатқан Иван Грозныйдың өзі бұл тасты жақсы көрмеген. Себебі
патшаның жанында жатқан тас күңгірт тартып, қарайған. Патша оны өлімнің
жақында екенін көрсетіп тұр деп есептеген.
Орталық Азияда ертедегі ескі қорғандардан бирюзадан жасалған
бұйымдар табылған. Мұсылмандар әлемінде бирюза өте әйгілі болған. Қасиетті
құран хадистерімен теңестірілген. Бирюза өте күшті қуатты қасиетті тұмар
ретінде бағаланған, ол көз және асқазан ауруларына шипалы және жылан уын
қайтарушы емдік қасиетімен белгілі болған. Бирюза иесіне бақыт пен
жетістіктерге жеткізген және жоқшылықтан сақтауды қамтыған. Бирюза туралы
аңыз әңгімелер өте көп. Соның бірі бирюзаның атағын шығарған Магомет туралы
аңызда танылған. Волга маңы, Повольже, Кавказ және Орталық Азия
халықтарында үйлену тойы кезінде міндетті түрде қалыңдықтың көйлегі бирюза
тасымен әшекейленген. 3.
Славян елдерінде бирюзаны киімді, қару–жарақтарды, өнер заттарын,
суреткерлік және зергерлік бұйымдарды әсемдеуде кең ауқымда пайдаланған.
Қазіргі кезге дейін бирюза өзінің таза және жарық түсін аметистпен інжу-
маржандай сақтап келген. Еуропада 15-17 ғасырларда бирюза көзді
сақиналарды ер адамдар жарақаттанудан сақтайды деп таққан. Бирюза табиғатта
өзінің ашық түсімен әйел адамдардың өзіне деген сенімділігін жәнеде
қайталанбас әдемілігін ұялатқан 4.
Бирюза даму тарихында өте бағалы тас. Болашақта бирюза осындай кең
ауқымда қолданылатыны белгісіз, бірақ бирюза тарихи цивилизацияда бағалы
тастардың біреуі жеңіп алмаған, өте күшті орынды алып отыр.
Біздің эрамызға дейінгі ІІІ мың жылдықта өте жақсы сапалы бирюза
Ирандағы Нишапур кен орнында табылған. Тастың аты парсы тілінен бірнеше
транскрипциясы бар фируза (firusen) сөзінен шыққан. Араб үлгісі
firusen; орысша бирюза; ағылшын тілінде piroza – яғни бақыт әкелуші,
табыс әкелуші, жеңіс күш-жігер беруші, жұмыстарда сәттілік әкелуші деген
мағынаны білдіреді. Латын тілінде турчус немесе турчикус деп аталады.
Қазіргі атауы turguoise (ағыл.т) және turkis (неміс.т). Бұл Еуропаға
және Америкаға Парсы шығысынан туркия арқылы әкелінген тас деп
түсіндірілген. Алғаш рет бирюзаны сипаттаған Еуропалықтар Марко Поло мен
Таверьне болатын 5.
Бирюза басқа да атаулармен әйгілі. Атап айтсақ – каллаит (калаис),
агапит (агафит), араб тасы, ацтек тасы, аспан тасы, туркиз, шпат. Құрамында
бирюзасы бар тау жынысындағы жарықшақтар марганец пен темірге толы жәнеде
брекчиялық текстурасы бирюзалық кен деп аталады.
А.Е. Ферсман (1925) бирюзаны ІІІ кластағы бағалы зат қатарына
енгізген, ал А.И.Цюрюпа және т.б. зерттеушілер оны жартылай бағалы зат
қатарына қосады. Е.Я.Кивленко және т.б. жіктемесінде ІV класты бағалы тас
қатарында. Бирюзаны зергерлік тұрғыдан бағалау және оның әртүрлі болатыны
тастың құрамы мен сапасына байланысты.6.
\
1. БИРЮЗАЛЫ АУДАНДАР СИПАТТАМАСЫ
1.1 Майқайың–Екібастұз ауданы
Майқайың–Екібастұз бирюзалы ауданында Жыланды, Жыланды ІІ, ІІІ, ІV
білінімдері белгілі. Жыланды кенорыны Майқайыннан батысқа қарай 20 км
қашықтықта орналасқан. Павлодар облысына қарасты, Жыланды тауының
солтүстік–батыс беткейінде 75°34'959'' шығыс бойлық, 51°29'425'' солтүстік
ендікті қамтыған. Кен орынның зерттелу тарихы 1964 жылы1:50 000 масштабта
А.Д.Ходоров пен А.П.Колесников геологиялық түсірулер процесінде туынды
кварциттерде сыйысқан алтын-колчеданды кенорындарының ашылуымен байланысты.
Бирюзалық минералдануды бұл ауданда 1971 жылы Майқайың геологиялық барлау
партиясының геологы С.Н.Гонтарев ашты. Іздеу жұмыстары алтын–колчеданды
рудалану процестерін зерттеумен қатар жүргізілді. 1971 жылы металлогениялық
зерттеулерді осы ауданда М.П.Шебуляев жалғастырды. Майқайын ГРЭ және
Орталық геология–геофизикалық экспедициялары 1973 жылы Жыланды құрлымының
аумағынан екі кенді қабат анықтады: терригендік–орта ордовик ангенсор
свитасы және күрделі вулканогенді жыныстар (рудасиыстырушы), жоғарғы
ордовикке жылжыған бұрын рифей немесе төменгі кембрий ерейментау сериясы
болып саналған. Кенді алқаптың жалпы құрлымы синклинальды болып
қарастырылады.
В.И.Жуковский бойынша жоғарғы ордовиктегі шөгінді–вулканогенді биік
свитасы ортаңғы ордовиктегі еркебидай свитасындағы терригенді түзілімге
еңістенуі үйлесімсіз, рудалық алқап құрылымы синклинальды. Жыланды
бирюзалы кенорынының солтүстігінде орналасқан Алпыс кенорынының рудалық
алқабында (Н.Т. Бакулин, Э.С.Файзулин және т.б. 1982 жылы) алтын кенорынын
бөлшектеп іздеу жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша
кондициялық 1:10000 масштабты геологиялық карта құрастырылды. Және де
Жыланды құрлымының солтүстік бөлігі горстты–антиклинальды құрылым деген
қортынды жасалды. 1998-2001 жылдары Р.Д.Евсенко және т.б еңбектерінің
арқасында М–43–ІҮ бетінде 1:200 000 масштабты геологиялық зерттеу жұмысы
жүргізілген. Бүтіндей аудандағы кенорынның құрылымы синклинальды болып
қарастырылады, рудасиыстырушы вулканогенді-шөгінді қабат ортанғы
ордовиктегі курамин свитасымен ерекшеленген. Ортанғы ордовиктегі еркебидай
терригенді свитасы тектоникалық қаусырма байланысына ие. Бирюза Жыланды
кенорынындағы 1975 жылдан 1992 жылға дейінгі арнайы зерттеу жұмыстарын
Кварцсамоцвет геологтары жүргізген. 8х25 метр және 2 метр тереңдіктегі
бұрынғы ұсақ сеппелі бирюза қазындылары табылған. 1976-77 жылдары
білінімдемеде канава, шурф, траншея сериясы өтті, одан 23,45 кг бирюза
шикізаты өндірілген. (Е.Ф.Климовицкая)
1981 жылы А.Л.Пинигин шағын көлемді кен өндіру жұмысын орындаған, онда
2 кг бирюза алынған. 1982-84 жылы В.И.Лысенко мен А.Л.Пинигиннің
басқаруымен жүргізілген технологиялық сынамалар алу жұмыстары нәтижесінде
салмағы 27,25 кг бирюза кенді денесі ерекшеленді және 20 м тереңдікте Р2
категориялы 190 кг көлемді болжамды ресурсы есептелді. 1990-92 жылдары
С.Б.Севрюк іздеу бағалау жұмыстарын жүргізді 26. Бұл кешенді зерттеу
жұмысында 20 метр тереңдікте індетпелі горизонтқа 10 және 20 м шурф
өткізілді. Соның нәтижесінде шыққан есептемелер бойынша қазындыларды С2
категориялы қорын және Р1 болжамды ресурс қорларын есептеу жұмысын
жүргізуге мүмкіндік туды.
Жыланды кенорнының геологиялық құрылымы С.Б.Севрюктың материалдары
бойынша былайша сипатталады.
Кенорынның геологиялық құрлымында вулканогенді шөгінді,
субвулканикалық және метасаматикалық түзілімдер қатысады. Автор біреуінің
құрамында рудасиыстырушы және жабушы кешенді жыныстарды ерекшелейді.
Рудасиыстырушы кешен туфопелиттермен, туфты құмтастармен, андезитті
порфириттердің туфтарымен көмкерілген. Соңғылары негізгі руда сиыстырушы
таужынысы болып саналады. Субвулканикалық түзілімдерде андезитті порфирлер
кездеседі, және де олар рудасиыстырушы болып келеді. Жауып тұратын
кешендерге яшмалар, яшмакварциттер, қара-қоңырдан қою сұр түсті қабатты
текстуралы органогенді құрлымдар кездеседі. Яшмойдтардан бирюзаны табу өте
қиын төтенше жағдай, 1-2 мм сеппелер ғана табылуы мүмкін. Субвулканикалық
түзілімдер андезитті порфиритті туфтармен жанасады. Батыстан, солтүстік
және шығыста бирюзалық кешенді жыныстарды қайталамалы тақтатасты белдемдер
қамтыған. Батыстағы кварциттер туфты андезитті порфириттермен және туфты
құмтастардан тұрады. Оны реликтілі құрылымы бойынша анықтауға болады. Ал
солтүстік және шығыс флангта кварциттерде реликтілі құрылым сақталмаған.
Кварциттерде бирюзаның минерализациясы сақталған. Кенорындағы жыныстар
барлық байланыс үзілген жарылым зонасы бойынша кремниленіп, темірленіп
үгілген жолақтар қалыптасқан.
Көптеген жарықшақтар андезитті–порфириттерде және туфтарда каолинді,
туфты-каолинді, кремнилі-темірлі, өте сирек жағдайда кварцты, карбонатты
агрегаттармен көмкерілген. Жарықшақтардың құлау азимуты 80-140°, 75-90°
бұрышпен, 0,4 метрге дейін. Ауданда қалыңдығы 2,5 метрге дейін түгелдей
каолинизацияланған белдемдер кездеседі. Минерализацияланған жарықшақтардың
барлық типі бирюзалық болып табылады. Қиманың ұзындығы жарықшақтарда 5-15°
бұрышта оңтүстік көтеріңкі ойыста, бирюзалық зона оңтүстік көтеріңкі
бағытта екені анықталуы мүмкін. Аумақтың морфологиясы түгелдей линза
формалы, рудалы жазықтықтың құлау бағыты шығысқа қарай 60°. Солтүстік
флангта ол екі субвулканикалық денемен андезитті порфириттерге
сыйыстырылған. Бирюзалық аумақтың өлшемдері: ұзындығы 96,5 м, қалыңдығы
14,5 м, солтүстік флангта 5 метрге дейін. Сынамалау нәтижелері бойынша
кенорынның оңтүстік флангасында бирюзалық минерализация андезитті
порфириттерде шоғырланған субвулканикалық денелер 20 метрлік ұзындықта
туфтармен байланысады. Бірақ та 5-8 метр тереңдікте бирюза үгінді
түріндекездеседі, сондықтан ол зергерлік материал ретінде пайдалануға
жарамайды. Өте үлкен тереңдіктегі кондициялық шикізаттың кездесуі жаңалық
емес. №1 шурф бойынша бирюзалық минерализацияның дамуы тереңдікке
байланысты; солтүстік флангта 19 метр, экстрополяциялық есептеулер бойынша
20 метр. Оңтүстік рудалық денелердің қиғаш бағытта құлауы бирюзаның
тереңдігінің 25-30 метрге дейін жетуіне мүмкіндік береді. Солтүстік және
оңтүстік бирюзалық аумақ кең жарылымдарымен шектеліп сағаланған. Олардың
оңтүстік құлау бұрышы 75-85°. Жарылымдар маңайындағы таужыныстары қарқынды
түрде дислокацияға ұшыраған. Оңтүстік дюзинтиктивтің амплитудасы 15-17
метрге жылжыған. Бирюзалық минерализация жарылымдардан оңтүстікке қарай да
тараған (К-1,-25,ш-3), бірақ өндірістік концентратциялар түзбейді. Жыланды
кенорнында бирюза үш морфологиялық типке бөлінеді: а) жалбырлы
(сур.2,1.2.); б) желіленген; в) матрицалық, ұсақ сеппелі. Жалбырлы бирюза
руданың 90% құрайды және негізгі типі болып саналады. Жалбырлы бирюзаның
орташа өлшемі ось ұзындығы бойынша 1-1,5 см.
Жалбырлы бирюза: а) кремнилі-каолинді жолақты; б) каолинденген
массивті туфтарға және өте тығыз дизюнтиктивті аумақтағы туфтар; в)
кремнилі желілер; г) андезитті порфириттерде және туфтарда миндалиндер
құрайды; д) кремниленген туфтарда құрлымдардың локальды элементтерімен
байланысы мен үйлесімді. Өте кең таралғаны 1-ші типті жергіліктену шарты.
1-сурет. Жыланды кенорынының геологиялық картасы. Құрастырған
С.Б.Севрюк, Э.С.Кичман. Р.Д.Евсеенко материалдары бойынша. (шартты
белгілері 4 сурет)
Жалбырланған бирюза нақты өлшемді емес жалбырлардың ұзындығы 0,5 метр,
ал қалыңдығы 1 см. Олар: а) массивті туфтардың қарқынды тақталануына
байланысты; б) кремнилі, жарқыншақтардың қуысын толтырушы яшма тәрізді
жиырылымдар; в)қарқынды кремниленген тығыз субвулканикалық андезитті
порфириттерге жинақталған.
Матрицалық бирюза; а) кремнилі-каолинді желілерде; б) андезитті
порфириттерде кездеседі. Бірінші жағдайда бұл брекчиялы және
темірлі–кремнилі агрегатпен цементтелген жалбырлы түзілімдерде, екінші
жағдайда матрица типті бирюза ұсақ сеппелі түзілімдерден тұрады. Кенорының
рудалы зонасына бирюзаның морфологиялық типін бөлуші горизонтальды
белдемдері белгіленеді. Субвулкандық және андезитті порфириттерде
желілі–сеппелі білінімдемелер дамыған. Андезитті порфириттердің
экзоконтактысында желілі-жалбырлы бирюза дамыған, ал кенорынның батыс
флангында негізінен матрицалық бирюза кездеседі. Бирюза кенорыны ОСТ-41-07-
120-85 талабына сәйкес келеді. Зоналы жазықтықта бирюза ыдырап
түссізденеді. Өзгермеген бирюзаның негізгі ерекшелігі оның стандартқа
сәйкес емес зональды түсі. Жасыл түсті бирюза, бирюзалық зонаның
флангтарының жоғарғы горизонттарында ғана дамыған. Түссізденген үгілген
бирюза кенорынның өте терең кешендерінде кездеседі, бирюзаны сиыстырушы
қабат кремнилі-каолинді желілерден тұрса, бирюзаның үгілуі білінімдемелерде
қарқындырақ. Сондықтанда бұл, бирюза желілерінің бірлік данасы, өлшемі 10
см, толық түссізденген. Бирюза кенорынының бирюзалық зонасы (рудалық дене)
барлық ұзындықта және де барлық қабаты траншеялармен жасырылған. 6 метрге
дейін тереңдетілген траншеядан 10-11 метрге дейін шурф өткізілген.
Кенорындағы жабынды жұмыстар толығымен жасалған. Кейінгі эксплутатциялық
барлау жұмыстарына тек қана траншеялардың жасанды сеппелерін, ерекше оның
шығыс борттағы бирюзаның негізгі минерализациясы бар қабатын алып,
карьерді кеңейту керек (3 сурет ).
2-сурет. Бирюза үлгілері: 1) Жыланды кенорыны; 2) Графит
білінімдемесі; 3) Турмалин білінімдемесі.
Жыланды кенорыны бойынша С2 категориялы және Р2 болжамдық
ресурстарының қорлары есептелген (сур.2.1.4). С2 блок қорларының көлемі,
блоктың қайта өңделген 1108,6 м³ тең көлемімен алып тасталған. Бирюзаның
орташа құрамы 123 г м³-пен қабылданады. Белгіленген валдық сынамалауда №1
шурф бойынша орташа құрамы 279 гм тең саналмаған. Субвулканикалық
денелерде андезитті порфириттің экзоконтактісінде бирюзалық
минерализацияның үлғайғаны қатты байқалады. С.Б.Севрюктың жұмысына дейінгі
жұмыстардағы берілген терең емес шурфтардың өтуі саналмаған, олар көрнекті
бирюзаға бай жерлерде қалыптасқан орташа құрамы 190 гм³. Бірақ та
қабылданған 123 гм³ орташа құрам, төмен деген мәлімдеме бар. Жер
қойнауындағы бирюзаның қоры 1913,7 м³, 235,5 кг-ды құрайды. Р1 болжамдық
ресурсы (0,7 коэфциентімен) 374,5 кг құрайды. С.Б.Севрюк барлау жүйесінің
андезитті порфириттермен қоюлануы экзоконтактісінде байытылған блок бөлінуі
мүмкін деген болжам бар. Горизонтальды байытылған 3 метр қабат тереңдігі 4
м, ұзындығы 40 м және бұдан орташа құрамды №1 шурф бойынша осы интервалға
600 гм³ қор 300 кг бирюзаны құрайды. С.Б.Севрюктың іздеу бағалау
жұмыстарының нәтижесінде бирюзаның Жыланды ІІ, ІІІ, IV білінімдемелері
табылған.
Жыланды ІІ білінімдемесі Жыланды кенорынынан 350 метр қашықтықта
орналасқан азимуты бойынша 225°. Ауданда 10х30 метрді алып жатқан жоғарғы
концентратциялы бирюза үймелері табылған. Канавалардың біреуінен
қалыңдығы 2,5 метр бирюзалық зона қатты туфтарға андезитті порфериттерге
сәйкес жіктелген. Каолинді қайталамалы тақтатастар экзоконтактісінде
үйлескен. Аумақтың шығысқа қарай құлау бұрышы 5-45°. Флангтарда ол кең
жарылымдармен шектелген. Канавадан 6 кг бирюза шикізаты алынған. Бирюза
негізінде үгінді түрінде болып келеді, қолданысқа тиімсіз. Шурфтың терең
болуына байланысты 4-6 метр тереңдікте бирюзалық зона шығатыны белгілі
болды. Бирюзаның төмен сапалылығын, және пішінсіз өлшемдерін зерттеп оған
теріс баға берілді. 7.
3- сурет. Жыланды кенорнындағы карьер солтүстік көрінісі
Жыланды ІІІ білінімдемесі, Жыланды кенорынының оңтүстік батысында
1750 метр қашықтықта орналасқан азимуты 230º. Бирюзаның ұсақ бөлшектері
10х66 метр ауданды алып жатыр. Бирюзалық зона 2,5-3 метр қалыңдықтағы екі
канава арқылы (15 м кейін) жасырылған, шығысқа қарай құлау бұрышы 25-30°.
Ол қайталамалы тақтатасты туфтар бойынша және қайталамалы тақтатасты
қышқыл вулканиттер бойынша ұштасады. Басқа білінімдемелерге қарағанда аумақ
қабатқа жіктелу қабатын кесіп өтеді, – жіктелу бағытының құлау азимуты
192°, құлау бұрышы 72°. Жалбырлы бирюзаның өлшемі 1,5 см, түсі ашық көкшіл,
көгілдір, жасыл-көкшіл, ашық жасыл. Жазықталу аймағында бирюза үгілген
және түссіз болып келеді. Канавалар қазылу процесінде салмағы 200 гр
кондициясыз бирюза алынған.
Жыланды IV білінімдемесі, Жыланды кенорынынан солтүстік шығысқа қарай
640 метр қашықтықта орналасқан, азимуты 55°. Бирюза шашылымдары ауданда
30х160 метр қашықтықта орналасқан. Бирюзалық сеппелердің өту процесі
барысында минерализацияның бастаулары анықталмаған. Білінімдеменің
геологиялық құрылымы бұрынғы аудандардың сипаттамаларына ұқсас.
4-сурет. Жыланды кенорыны және Жыланды ІІ, ІІІ, ІV
білінімдемелерінің орналасу сұлбасы
Бұл жерде яшма және миндальтасты порфириттер, қайталамалы тақтатастар
таралған. Бирюза сеппелері яшмалы және вулканогенді шөгінді қабаттармен
аумақтық байланыста үйлесімді болып келеді. Бирюзаның сапасы өте жоғары,
түсі ашық-көкшіл, біртекті, сынық өлшемдері 1,5 см-ге дейін.
Бирюза Жыланды кенорынының және барлық Жыланды ІІ, ІІІ, ІҮ
білінімдемелері бір сызықтың бойында орналасқан. Бұл жағдай бір немесе
бірнеше руда түзуші факторлар–құрылымдары, генетикалық және барлық бирюза
білінімдемелерінде бір болған. С.Б.Севрюктың айтуы бойынша барлық
білінімдемелер негізгі руда бақылаушы байланыста яшмоидты және вулканогенді
кешенді жыныстармен анықталған. Бірақта бұл критериилер жаңа обьектілерді
ашуға көмектескенімен оларды басты немесе шешуші факторлар деп айтуға
болмайды. Жыланды ІІ білінімдемесінде ол туфтармен андезитті порфириттерге
және қайталанған тақтатастардың байланыс аумағына үйлесімді. Ал Жыланды ІІІ
зонасында қайталанған тақтатастар бейрудалы болып есептеледі. Бүтіндей
Жыланды кенорындарында бирюзаның қоры жеткілікті, ал кенорынның өзі толық
рентабельді обьект болып саналады.
1.2 Шет ауданындағы бирюза білінімдемесінің Александр тобы
Бірінші рет 1976 жылы В.Т.Пихтовников құлпырма тастар шикізатына
ревизиялық жұмыстар жүргізу барысында Шет ауданында бирюзалық минерализация
табылуына мүмкіндік жасады. 1981 жылы Орталық Қазақстан геология барлау
экспедициясы – қызметкерлері осы ауданда бас геолог Я.З.Бомштейн, аға
геолог И.Т.Глушко және В.Т.Пихтинников зерттеу жұмысын жүргізді. Төменгі
карбондағы қара жіктасты қабатта олар бирюза шығатын Весений ауданына
іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізуге мамандар жіберді. 1988-93 жылдары
Весений, Турмалин білінімдемелерінде іздеу–бағалау зерттеу жұмыстарын
А.А.Бережный жүргізді. Іздеу жұмысының процесі барысында Центральный,
Восточный, Южный деген жаңа рудалы аудандар табылды. Жалпы барлық
білінімдемелер Көрпетай және Александр тобына біріктірілді. 1980-88
жылдары Центрказгеология бірлестігінің Қарағанды партиясы Л.Г.Кряжованың
басқаруымен визей жасындағы графиттелген түзілімдерді зерттеу жұмысын
жүргізді. Графит білінімдемесінде канавалардың бірінен желілі және
жалбырлы типті бирюзалық минерализация табылған. 1988-1990 жылдары
бирюзалық Шет ауданында В.А.Кокуриннің басқаруымен 1:10 000 масштабты іздеу
жұмыстары жүргізілді. Оңтүстікте орналасқан Көкбұзау және Қарғалы
ауданында белгілі білінімдемелер орналасқан екі аудан зерттелді 8.
В.А.Кокурин мен (2 сурет ), В.С.Карандышева материалдары бойынша
бирюзалы аудандардың геологиясы былайша сипатталады. Аудан көптеген
интрузиялық денелермен кесілген, әртүрлі, әржасты силурдан карбон-пермға
дейінгі толық күрделі геологиялық құрлымдармен: шөгінді және вулканогенді
таужыныстары қабаттарының кең тарауы мен сипатталады. Бирюзалы аудандар
жоғарғы девондағы фамен ярусының терригенді түзілімдерімен, төменгі карбон
турней ярусы және жоғарғы визей ярусында қалыптасқан фамен ярусының
құмтастары мен алевролиттерден және ізбестастардан қалыптасқан. Турней
ярусы да полимиктілі құмтастармен алевролиттерден және ізбестастардан
құралған. Жыныстардың барлық дамушы ауданы контактілі метоморфизмнің
әсерінен пайда болған альбит-эпидот-роговикті фациямен алмасады.( Елисеев,
1963 ж). Контактінің интрузияға жылжуында алғашқы құрамды жыныстардың
тәуелді болуынан амфибол-роговикті фация, скарн, кварц, серицит–тақтатасты
роговиктер және грейзенді жынысты түзілімдер пайда болады.
Орта визей ярусында Қарғалы ауданы өзінің төменгі бөлігімен
көрсетіледі; көмірлі-алевролиттермен, ұсақ түйірлі құмтастармен және сазды
жіктастармен жиі гравелит және конгломерат қатқабаттарымен қалыптасқан.
Қиманың көмірлі бөлігіне бирюзалық минерализацияның барлық білінімдемелері
үйлескен. Бұл түзілім синклинальды құрлымның ортаңғы бөлігі,
солтүстік–шығысқа бағытталуын көрсетеді. Шөгінді түзілімдер орта ірі
түйірлі, ұсақ түйірлі биотитті мүйіз алдамшы–биотитті–граниттермен,
ұсақ–орта түйірлі субшайылмалы дайкалар және аляскитті–граниттер,
гранит–порфир кешендері. Барлық көмірлі жыныстардың дамуында олар
метаморфталған, қайта графиттеліп, серициттеліп, грейзенделіп,
турмалинделген. Гранитойдтармен роговиктердің экзобайланысында анартас та
кездеседі. Жаңа түзілген минералдың арасында графит, эпидот, серицит,
андалузит, турмалин, анартас, хлорит, кварц, альбит, биотит қалыптасқан.
В.А.Кокуриннің көз қарасы бойынша жыныстардың метоморфизімі екі этаптан
өткен; бірінші–гранитойдтардың термальдануының нәтижесінде;
екінші–грейзенизация және гидротермальды аргилитизация метасаматозбен
байланысты. Мүйізтастану Қарғалы ауданындағы барлық тау жыныстарға сәйкес.
Графитизация тек қана көмірлі түзілімдермен дамыған аймақтарға тән. Екінші
этаптағы метоморфизмнің даму процесі орынды емес. Мысалы; грейзенизация,
серпентизация мен және турмалинизациямен ауданның орталық бөлігінде
шоғырланған, ол ауданның оңтүстік–шығыс бөлігінде гранитойдттарда тек қана
грейзентизация ғана байқалады. Төменгі фамен–таскөмірлі түзілім ірі
гранитойдты таужыныс қабатының беткі жазықтықтары солтүстік–шығыс
Александровскіде және оңтүстік–батыс Сарытоғанбай массивінің беткейіне
шығады. Олардың арасында ұсақ сателиттер тобы байқалады. Осымен
білінімдеменің контактілі метоморфизімінің әртүрлі процесінің болуына
байланысты, гранитоидтарда бирюза түзілімінің минерализациясы анықтаушы
роль атқарады. Бирюзаның барлық білінімдемелері Турмалинді қоспағанда
жақын құрылымды болып келеді. Мысал ретінде тек қана Графит білініміне
сипаттама берілген (3 сурет). Ол Қарғалы ауданының іздеу жұмысы жүріп
жатқан орталық бөлігінде Сарытоғанбай пунктінің шығысында орналасқан.
Ауданы 0,006 км. Білінімдеменің геологиялық құрлымында алевролиттер және
орта визей жасындағы терригендік көмірлі құмтастар және қалдырма
кешенінің ұсақ түйірлі граниттері қатысады. Соңғылары доға тәрізді
дайкаларды құрайды.
5-сурет. Қарғалы ауданының геологиялық картасы
В.А.Кокуркин материалдары бойынша
Солтүстік–шығыс ендіктің қалыңдығының 1 метрге жуық және ал құлау
бұрышы оңтүстік шығысқа қарай 80-85°. Ақшыл-сұр, сары-сұр түсті жыныстар
кварцтан, альбит–олигоклаздан және серицит–мусковиттің қабықшаларынан
тұрады. Кварц ксеноморфты формада және негізгі массалы типте кездеседі
9. Далашпаттардың реликтілігі порфиробластты тақтатастарда кездеседі,
және олар жыныстың негізгі бітіміне сәйкес келеді. Жыныстарда анда-санда
өзгерген далашпаттарының кристалдары кездеседі. Жыныстың бірінші түрінің
өзгеруіне себеп граниттің қатты грейзенделуі. Дайканы сиыстырушы
алевролиттер және ұсақ түйірлі құмтастар интенсивті графиттелген,
роговиктеніп грейзенделген. Жыныстырдың матрицасы қара түсті агрегаттардан
құралған, турмалин андалузит, серицит, мусковит, флюорит, топаз
қабықшаларының қосылуы байқалады. Макроскопикалық болып ашық-сұр, белесті
түстер, габитустар, минералы болып табылады. Жыныстардың матрицасының
мөлшерлік байланысы соған қосылған минералдың кең ауқымда қозғалуы болып
табылады. (2 сурет ).
6-сурет Александр тобының білінімдемелеріндегі бирюзалық денелердің
орналасу сұлбасы
Шартты белгілер:
Бирюза бақылаушы белдемі грейзенизаций C1 V2 жыныстары бойынша тақталану
Бирюзалы дене: а – қабат 2 м; б – масштабта емес (қабат 2 м жуық). Р2
категориялы болжамдық ресурс есебі мөлшері
ГРР кезінде бирюзаға өткізілген канавалар (траншеялар) (Дубчак, 1983, 1985;
Бережной, 1984: Кокурин, 1990)
Бирюзалы денелер шекарасы а – орнатылған; б – болжамды
Рудалы денелер номері белгіленген білінімдемелер құрамында
Траншеяларды контурлайтын ГГР ұсыныс түрлері
Сынамалаушы траншеялар
Шруф сеппесімен
1) топ ұңғымалары (тереңдігі 25 м)
2 )топ ұңғымалары (тереңдігі 70 м)
Валдық сынамалау
нәтижелері
а – валдық сынама номері
б –валдық сынама көлемі, м³
в –бирюза шикізатының өлшері, кг
г– сорттты бирюза мөлшері, г
д – бирюза шикізатының құрамы,
е –сортты бирюза құрамы, гм³
1-кесте. Графит кенорнындағы бирюза құрамындағы элементтер және негізгі
тотықтар кестесі
Тау қазындылары Анализдер нәтижелері
және валдық сынама
номері
Fe2O3 общ.FeO P2O5 Zn Cu Fe+3
Cu
Канава Г-10(ВП-1) 11,2 1,03 30,92 0,11 5,72 1,33
Канава Г-11(ВП-2) 9,7 0,66 31,21 0,20 5,39 1,26
Канава Г-12(ВП-3) 9,43 0,66 32,36 0,20 5,64 1,17
Канава Г-13(ВП-4) 15,7 0,47 30,92 0,085 5,71 1,92
Орташа 11,51 0,71 31,35 0,15 5,62 1,42
Келтірілген анализдерден темірдің суммарлық құрамы мыстікінен үлкен
екені көрсетілген. Бұл дифрактометр нәтижелері бойынша бирюзаның құрамында
рашлейттің бар екені көрсетіледі. Олардың қарым–қатынасы көрсетілген.
.
2-кесте. Графит кенорынындағы бирюзаның минералдық құрамының кестесі
Валдық сынама және Бирюзаның ориентирлік құрамы
тауқазындыларының номері
Рашлеит,%. Бирюза, %
Канава Г-10(ВП-1) 66,6 33,3
Канава Г-11(ВП-2) 25,0 75,0
Канава Г-12(ВП-3) 25,0 75,0
Канава Г-13(ВП-4) 75,0 25,0
Дальнее білінімдемесіндегі жыныстар турмалиннің қатысуымен ғана
білінеді. Химиялық анализдер бойынша (3 кесте) бирюза графит
білінімдемесіндегі бирюзаға жақын.
3-кесте. Дальнее білінімдемесіндегі бирюзадағы элементтердің және
негізгі қышқылдардың құрамдарының кестесі
Валдық сынама және Анализ нәтижелері
тау қазындылары
номері
Fe2O3 общ.FeO P2O2 Zn Cu Fe+3
Cu
Канава Г-14(ВП-5) 25,2 1,11 23,77 0,27 3,35 5,26
Канава Г-14(ВП-6) 12,7 1,27 30,34 0,40 3,76 2,34
Канава Г-17(ВП-7) 2,4 0,47 30,34 0,34 4,90 0,34
Канава Г-15(ВП-8) 11,0 1,07 32,36 0,29 5,15 1,49
Канава Г-16(ВП-9) 6,5 3,89 30,64 0,95 2,53 1,8
Орташа 12,23 2,0 21,2 0,48 5,7 2,72
Дифрактометрдің нәтижелері бойынша бирюзаның ориентирлік минералдық
құрамы (4- кесте) көрсетілген
4-кесте. Дальнее білінімдемесіндегі бирюзаның минералдық құрамы
Тау қазындылары және валдықРашлеит, % Бирюза, % Минералдық
сынамалау номері қоспалар
Канава Г-14(ВП-5) 25,0 75,0 гётит, каолинит
Канава Г-14(ВП-6) 25,0 75,0
Канава Г-17(ВП-7) 50,0 50,0 каолинит, слюда
Канава Г-15(ВП-8) 25,0 25,0
Канава Г-16(ВП-9) 25,0 25,0
Турмалин кенорынындағы жүргізілген жұмыстардан бирюзалық
минерализация серицитті, кварц–серицитті метасамотиттерге үйлескен
турмалинит линзасы бар, желілері және сеппелері қара–қоңыр турмалинде
қалыптасқан. Бирюза Графит, Дальнее білінімдемелеріндегідей сазды желілерде
табылады немесе өзіндік желілер түзеді. Желілер қалыңдығы 1 см.
С.В.Дубчактың анықтамалары бойынша қалыңдығы 2 см болатын бирюза желілері
кварц турмалинді жыныстарды және құмайттас, құмайтты– құмтастармен
қиылысады. 10.
Олар жиі делдиген және қабаттасқан болып келеді. Құлау бұрышының
өзгеруіне байланысты жарылымдар әртүрлі ориентирлік системалардың бар
екендігі минерализацияның даму сатысында анықталған. Білінімдемелерде
желіден басқа тандақты бирюза кең дамыған, тандақтардың өлшемі 1,5–2 см-ге
дейін. Концентратциясы жоғары тандақтарда бірлік орындар белгіленген, онда
турмалинді жыныстарда дақты түстер пайда болады. 11.
Турмалин кенорнындағы бирюзаның элементтері және негізгі қышқылдары
(5- кесте) көрсетілген
.
5-кесте. Турмалин кенорынындағы негізгі қышқылдар және бирюзадағы
элементтер құрамының кестесі
Валдық сынама және Анализ нәтижелері
тауқазындыларының
номері
Fe2O3 общ.FeO P2O5 Zn Cu Fe+3
Cu
Канава Г-35(ВП-141)8,8 0,81 29,2 0,18 3,76 1,64
Канава Г-36(ВП-142)9,4 0,86 19,58 0,08 2,45 2,69
Канава Г-35(ВП-143)9,4 0,54 28,92 0,18 4,33 1,53
Орташа 9,2 0,74 25,9 15 3,51 1,95
Дифрактометр нәтижесі бойынша Турмалин білінімдемесіндегі бирюзаның
минералдық құрамы ( 6-кесте) көрсетілген
6-кесте. Турмалин білінімдемесіндегі бирюзаның минералдық құрамы
Валдық сынамалау номеріРашлеит, % Бирюза, % Халькосидерит, %
ВС-141 20,0 60,0 20,0
ВС-142 20,0 40,0 40,0
ВС-143 28,6 57,2 14,2
В.А.Кокуриннің зерттеу жұмыстары барысында Александр тобының
білінімдемесіндегі бирюзаның анализі күмәнсіз нәтижелі болған. Бірақта
бұл анализ нәтижелері бірнеше сұрақтар туғызады. А.Г.Бетехтиннің рашлейті
бойынша 12 жалпы темірдің мөлшері 20–21%, Т.И.Менчинская 13 бойынша
10–20%. Турмалин білінімдемесінде бирюза бар, 2 сынамада Дальнее
білінімдемелерінде рашлейт болмауы керек, ал дифрактометр оның 20–28,6%
құрамын көрсетіп тұр (Турмалин кенорыны) және 25–30% (Дальнее кенорыны).
Сондықтанда онда темірдің мөлшері көп халькосидериттің болуы мүмкін емес.
В.А.Кокуриннің зерттеу жұмыстары бойынша бирюзалық минерализацияның
аудандарында қайталанған мыстың және фосфордың ореолдары қалыптасқан. Осы
жұмыстардың нәтижесінде ( 7 сурет.) александр тобының білінімі зерттеу
кезіндегі есепнамалары бойынша Р1 категориясының болжамдық ресурстары
есептелген. Есептеу кезіндегі өлшемдер кестелерінде көрсетілген. Ресурстар
екі аудан бойынша есептелген: 1) Дальнее білінімі; 2) Турмалин,
Центральный, Восточное, Весенее, Графит кенорындары 0,75 коэфциенті
бойынша.
Р1 категориялы болжамдық ресурстарынан басқа Р3 категориясы бойынша
болжамдық ресурстар есептелген ұсынылған аудандардың шегі бирюзалық
минерализацияның потенциалдық дамуы (сурет 2.3.1.), 5788,3 кг құрайды.
Бирюзаның сапалы–технологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін таскесуші
Кристал ауданында (Қарағанды қ.) ВС–5 және ВС–7 валдық сынамаларынан
өлшемі 5х13х19 мм, және өлшемі 4х6х6 мм үш кабашон, үш полировка, және
көкшіл – жасыл бирюзадан жасалған өлшемі 7х20х30 мм бір кулон жасалған.
Жасыл, көкшіл–жасыл және көгілдір түсті Шет бирюзасы өңдеуге өте қолайлы,
айналы полировканы жақсы алады және де жоғарғы декоративті сапасы бар басқа
сиыстырушы минералдармен біріккенде өзінің сапасын ұстап тұратын қасиеті
бар.
Жиналған бирюзаның сынықтарынан (маточная бирюза) кулон, кабашон,
полировка (Графит білінімдемесі) жасалған, ал Турмалин білінімдемесі жасыл
бирюзалы желілері бар өте қызықты коллекциялық үлгі болып табылады (1-
сурет ).
7-кесте. Александр тобының білінімінің Р1 категориясы бойынша болжамдық
ресурстардың кестесі
Объекттегі Объект бойынша Болжамдық
Объект бирюзаның бирюзаның орташаресурстардың
суммарлық құрамы, гм3 мөлшері Р1 , кг
көлемі, м3 (гр.2хгр.3х0,75)
№1 учаске (Дальнее 32100 3,50 84,262
білінімдемесі)
№ 2 учаске (Турмалиновое,226400 9,29 1577,442
Центральное, Восточное,
Весеннее, Графитовое
білінімдемелері)
Барлығы 1661,704
1.3 Ұлытау ауданы
1973 жылы В.Н.Волков Росгеолнедра қызметімен бірге Қаратау фосфат
аймағында геологиялық құрылымдар белгісіне қарап бирюзаның жалпы орналасқан
аймағын тапты. Олар бирюзаны барлау жұмыстары туралы мәліметтер қалдырды.
1972 жылы №111 экспедициясында тематикалық партия құрылды.(Г.В.Аеров,
К.Б.Зырянов). Олар жасаған жұмыстың нәтижесінде мынадай қортынды шығарды,
яғни Ұлытау ауданы бирюза аймағына тән. Бағалы серпентинит, родингит,
халцедон, малахит, гаусмонит, бирюзин, іздеу жұмыстарында үлкен роль
атқарды. Олар Қантөбе білінімдемелерінде көмірлі тақтатастармен таралған.
1975 жылы №112 партияның қызметкерлері Л.Ф.Саблин және В.Н.Блохин бирюзаны
тауып алғаны жайлы мәлімдеді. ЦКТУ геологтары Қантөбе қаласынан ең төмен
сапалы бирюзаның бар екенін тапты. Қазіргі уақытта Ұлытауда бирюзаның 10
кенорыны бар. Олар екі түрлі геологиялық жағдайларда орналасқан. Көп
бөлігі, яғни 8 орны Қантөбе–1, Қан–Төбе–2, Сарысай–1, Сарысай–2, Байқоңыр,
Майтөбе, Құрайлы, Сатан, көмірлі-графитті-кварцитті-тақтатас ты венд-
кембрийлік жаралымдарға негізделген. Ащыкөл және Құлжан білінімдері орта
жоғарғы девондық шөгінділерде орналасқан, жаралымдарға бағыттала беттейді.
Құлжан кенорыны Ұлытау ауылынан солтүстік–шығысқа қарай 76 км
қашықтықта орналасқан. Ащыкөл көлінен батысқа қарай 2 км. Координаттары
67°29'35'', шығыс ендік 49°15'343''. Аңғардың оң жағалауында жарылымдар
таралған. Солтүстікке қарай шурфтарға жақын төрттік шөгінділерде, құба
оолитті мелониттер таралған. Жекелген оолиттер мөлшері 0,5–1 см. Мөлшері
15–20 см болатын шарларда байқалады. Бұлар Чаграй свитасының қалдықтары
яғни неоген, ал саздар шайынды түрде кездеседі. Шурфтар шайылым зоналарын
жауып жатады. Мөлшерлеріне қарай тау білінімдері тереңде орналасқан.
Жыраларда типтері өзгеше шөгінділерді кездестіре алмаймыз. Шурфтан 300-400
метр солтүстікке қарай аңғарлардың сол жағалауында суайрықтарда Құлжан
жағалауында суайрықтарда Құлжан білінімдерінде қызыл түсті құмдақтар
байқалады. Бұл Жақсыкөл сериясына жатады. 70 жылдары тау жұмыстары
В.М.Максюшин басшылығымен жүрді. Сипаттамалармен нәтижелер табылмады.
Анықтамаларда Құлжанның пайда болуын топырақ-өсімдік қабаттарында
бирюзаның минералдану аймағымен байланыстырады. 60х300 м. шамасында.
Бирюзаның жоғарғы минералдануымөлшері 10х170 м белдеуде темірлі кремнийлі
жыныстардың белсенді түрде дамуында байқалады. Бирюза сопақша түрде
кездескен. Мөлшері 2 см. Топырақ өсімдік қабатында кездесетін өзгермеген
бирюза тығыз құрамды, аспан түстес көкшіл түсті болып келеді. Қазіргі
уақытта барлық бирюза бетіне шыққан.
7-сурет. Құлжан кенорнының солтүстік көрінісі
8-сурет. М-42-99-Б бетінің, геологиялық картасы
м-б 1: 200 000 трансформацияланған геологиялық карта, м-б 1:50 000,
авторы Солодников.Б.А.
Неоген. Чағрай свитасы. Саздар оолитті темірлердің линзалары.
Арал свитасы.Гипсті саздар. Кремниленген ізбестастар және мергелдер.
Доломиттенген ізбестастар.
Жақсықон сериясы. Талдысай свитасы D2 tl. Полимиктілі аркозды құмтастар,
гравелиттер, конгломераттар, алевролиттер.
Андезитті, андезит-дацитті порфириттер және олардың туфтары.
Ханым свитасы. Серицит-хлорит-далашпатты, серицит-хлор-актинолитті
сланецтер, порфириттер, жасылтасты сланецтер.
Порфириттер, серицит-плагиоклазды, серицит-хлор-далашпатты сланецтер.
Ортаңғы девон интрузиялары. Адамелит, тоналит, гранит.
Протерозой интрузиялары. Габбро, габрро-диабаздар, амфиболданған.
Жарылым бұзылыстары.
Қоңыр оолитті темірлер
Минерагениялық фактор.
Бирюза білінімдемелері.
Анықтамалар бойынша Құлжан кені толық зерттелмеген. Бирюза бар
зоналарды тереңге дейін қазуға болады. 14
Ащыкөл білінімдемесі. Құлжан кенінен солтүстікке қарай 6 км-ге
созылған. Құрылымы мен сипаттамасы Кадастрда берілген. Екінші группадағы
обектілерден тау жұмыстары Қан–Төбе–1,2,Сарысай 1, Майтөбе білінімдерінде
жүргізілген. Қан–Төбе-1 білінімдемесі Қарсақпай ауылынан 28 км қашықтықта
солтүстік-батысқа қарай орналасқан, ақтас ауылынан 13 км, Қан–Төбе тауы
суайрықтарынан 100 м қашықтықта орналасқан. Координаттары 66°32' 582'' т.б,
48°02' 301''.
Қан–Төбе 1-2, кенорындарының ауданданы сұр құба, қара графитті-кварц,
графит-серицит-кварцты-сланецпен көмкерілген. Бұл Венд жасындағы тумурзин
свитасына жатады. Свитаның қолданылуында сұр, қызғылтым, кварцит
горизонттары алмасып келіп отырады. Майтөбе сериясында, төменгі
протерозойға сәйкес келеді.
И.С.Сокурова мәліметтері бойынша гидротермальды өзгеріске ұшыраған
сланец болмайды. 80х103 ауданы аймақта элюви-делювилі қабатта минералданған
бирюзаның 10 нүктесі табылған. Мыстың жасыл шашырандысы мен кварц құрамы
өзгермеген. Бирюзаның табылған нүктелерінің ені 30-50 м, ұзындығы 100 м
болатын меридиан бағытында созылып жатыр. Бирюзаның екі типі анықталған
желіленген және жабысқақ. 15
Түстің белесенділігі ортасынан шетіне қарай жүреді. Көк сұр-көкшіл
бирюза әдетте жасылдың орнына кездеседі. Көк түрлер жасыл түрге алмасады.
Көкшіл бирюза тез ұшып, желге қарсы тұра алмайды, қаттылығы өте төмен (2-3
мөлшерде). Түсі сұрғылт бірқалыпты емес, ақ дақтары бар. Бирюзаның ішінде,
құрамында ұсақ бирюза желілері бар. Олар көк және жасыл түсті.
Қыстырмалы бирюза сипатталған барлық түрлерде кездеседі. Жекеленген
түрлер мөлшері 1-1,5 см. Шурфтарды 3 см дейінгі тереңдікте қазғанда
бирюзаның көкшіл-сұр көк, көк-жасыл түсті түрлері кездеседі. Гидроқышқылды
темір, сазды минерал бирюзамен тұтасып кетеді. 3 см тереңдікке дейін
бирюза тығыздала бастайды. Жасыл түске боялады. 5,5 м тереңдікте жасыл
тығыз бирюзаның аумағы бар. 6-8 м тереңдікте бирюзаның минералдануы әлсіз,
жасыл тығыз бирюза кездеседі. Бирюзаның химиялық талдамасы 1.3.1 таблицада
көрсетілген. Канавадан шурфпен 361 кг бирюза шикізаты алынған. Оның 116,5
кг жиналмалы материалдар үшін. Орта Азия, Аяқащы-1, Жаман–Қасқырдағы бирюза
кенорындарындағы талдамалы мәліметтерге сүйенсек азықтық горизонт 5-15 м
тереңдікте орналасқан. Қан–Төбе-1 білінімінің сипаттамасын білу керек.
Анықтамалар бойынша Ұлытау білінімінің көп бөлігі Қарсақпай, Сарысай-1,2,
Байқоңыр ауылынан батыс-солтүстік батысқа қарай орналасқан. Майтөбе,
Құрайлы, Сатаннан оңтүстік-батысқа қарай орналасқан. Сарысай учаскесінде үш
бирюзаның минералдану нүктесі анықталған. Олар Сарысай-1,2, Байқоңыр.
Байқоңыр өзенінің ең
жағалауында 1955 жылы А.Л. Клиппер Сарысай фосфат, алюмофосфат кенорынын
ашқан 16.
Зерттеу жұмыстарын М.А Ашеров, В.Н. Волков, және Росгеолнерудсырья
геологтары бірігіп жүргізді. Көкшіл сұр рудалардың массивті түрлері фосфат-
варисцит-барандит түрінде ұсыныста. 1975 жылы №4 отряд, №112 партия
В.С.Сокуров басшылығымен түрлі түсті тас шикізатына іздеу-барлау, бағалау
жұмыстарын жүргізді.
Жасыл бирюза мен алюмосиликат сапасына берген баға теріске шықты.
Барлау жұмыстары кезінде саздар, көмірлі-кремнилі-сазды сланецта, яғни
кембрий жасындағы көктал свитасы. Осылардың арасынан бирюзаның минералдануы
табылды.Қарсақпай көтерілімінен бирюзаның бар екені аталып көрсетілген. Осы
арада бирюзамен бірге тағыда бір неше геохимиялық элемент аномалияларының
аталғанын атап көрсеткен жөн. Олар мыс және фосфор 17.
Сонымен қатар Майтөбе, Басауылтайт, Серек аудандары да тексерілді. Бұл
учаскелер Ақтас ауылынан 24-34 км қашықтықта орналасқан. ГДП–200
өндірісінде авторлар бирюза білінімдерін алюмофосфат қатарына жатқызған.
9-сурет. Графит–актинолий–кварцты сланецтердегі жасыл бирюза
желілері. Кант–Төбе І білінімдемесі
1.4 Қаратау ауданы
Жоғарыда атап көрсетілгендей солтүстік батыс Қаратауда бирюза
білінімдемелері ертеде зерттелген. Ақсүмбе кенорнында тарихи карьерлер
штольндер болған, ал Құрымсақ білінімдемесі Чуд қазындылары. Қазіргі
уақытта солтүстік-батыс Қаратауда 1 ғана кенорын Ақсүмбе бар. Сонымен бірге
Құрымсақ, Баласаусқандық минералдану нүктелері – Буға, Көкпекті, Жон,
Аномалия 1,10. высокое ауылынан 1 км қашықтықта оңтүстік шығысқа қарай
орналасқан.
Қаратаудың бирюзалы обьектілерін Средказкварцсамоцвет геологтары
зерттеген. Олар: А.Исмайлов, В.А Драмиев. Т.И.Менчинская ал минералдау
нүктелерін ГДП–50 В.Н.Гронин зерттеген.
Ақсүмбе кенорыны Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауылында, Ақсүмбе
поселкесінен солтүстік–батысқа қарай 3 км қашықтықта орналасқан.
Геологиялық құрлымында кенорыны ерекшеленген. Венд жасындағы шөгінділер,
Ұлытау сериясы, ранск-конгломератты-құмтастар, карагур-құмтасты-алевролитті-
сланецтер және Ақсүмбе әктас, алевролит свитасы, төменгі кембрий. 1)
Байқоңыр свитасы, тилит тәріздес конгломерат, 2) Құрымсақ свитасы қара,
қара-сұр, ақшыл, қалың қабатты, көмірлі кремнилі сланец, фосфоритті
конкрециямен, ванадилі минералданудан таралған 18. Ақсүмбе кенорыны
тектоникалық линзалы блоктың 150х800 м солтүстік-батыс бөлігінде
шоғырланып, солтүстік–батыс бағыттағы жарылымдармен шектелген. Блоктың
ішкі бөлігі көптеген негізгі жарылым бұзылыстарын құрайтын жарылымдар мен
жарықшақтардан тұрады. Жыныстар солтүстік-батыс бағытта түзілімдермен және
шектелген негізгі жарылым блоктарымен тақталанған. Кварцты желілі белдемдер
жарықтанып үгілген белдемге ұштасады. Желілі кварц екі генерацияға
бөлінеді: 1) Жоғары температуралы ашық әлсіз сұр түсті, ірі түйірлі көмірлі
материалдардың қосылуымен гематиттелген бирюзалық емес. 2) Төмен
температуралы ақ-сұр түсті, әртүрлі түйірлі, шаймаланған, лимониттелген,
ұнтақталған бирюзалы кварц. Ол кварцты – желілі белдемдер құрайды,
солтүстік–батыс созылымы тақташасына және кең жарылымдарға үйлесімді.
Жалпы солтүстік–батыс бағытта жыныстардың құлау бағыты және созылу бағыты
кварцты–желілі белдемдерге суб келісімді, солтүстік–шығыс және
оңтүстік–батыс қарай тік 75–85°. Бирюзалы зоналар төменгі температурадағы
кварцпен жабылған. Қарқынды дамуы бирюзалы минералдану солтүстік батысында
байқалады. әдетте бирюза кварцпен көмірлі кварцитпен алмасады.
Бирюзалы белдемдер төмен температуралы кварцтың жұқа пішінді желілер
сериясымен қалыптасқан. Олардың максимальды дамуы бирюзалы минерализацияда
№1 карьерында кенорынның солтүстік–батыс флангында белгіленген. (4 сурет ).
Білінімдеменің зональды ендік бөлігіне 3-4 субпаралельді бирюзалы
белдемдер жасырылған, қалыңдығы 0,5-1 метрден 5-6 метрге дейін, ал
әрқайсысының арақашықтық биіктігі 80 метр. Оңтүстік–шығыс флангта минералды
белдем осындай арақашықтықта белгіленеді. Белдемнің құлау бағыты
мөлшермен алғанда 30 метр болып келеді, карерьдің түбіне 3 шруф өткізіледі.
Анда–санда бирюза желілі кварцты және көмірлі тақтатастарды цементтейді.
Өзінің негізгі массасында ол ярозиттенген, ұшпалы әлсіз жасыл және көк
түске боялған. Карьердің түбіне өткізілген шурфтан бірнеше кг кондициялық
бирюза алынған.Негізгі минерал спутниктері; алунит, галоузит, ярозит,
хризокола, халцедон, карбонат, азурит, гематит, лимонит, нантронит.
Бирюза желілерінде қою–жасыл хризопраз минералын еске салатын минерал
кездеседі. Бұл екеуі біртектес зонаға негізделген.
1973 жылы 1018г, сортты ашық-көгілдір және 1744 ж, сортты ақшылданған
көгілдір бирюза алынды. 852 г ақшылдан
Шартты белгілері
Төменгі және ортанғы кембрий Курамин свитасы. Ізбестасты-кремнилі-көмірлі
тақтатастар
Төменгі кембрий. Байқоңыр свитасы. Тилит тәрізді конгломераттар.
Венд. Улытау сериясы. Ақсүмбе свитасы. Ізбестастар алевролиттер,
тақтатастар. Қарағұр свитасы: құмтастар, алевролиттер, тақтатастар.
Жоғарғы рифей. Қайнар сви-тасы. Андезибазальттар, риол-
иттер, туфтар, порфирит-ойдттар, порфиройдттар.
1.көмірлі-кремнилі-тақтатастар
2.көмірлі-серицит-кремнилі
тақтатастар, доломиттер.
10-сурет. Ақсүмбе кенорынының геологиялық картасы м-б 1:50 000.
Құрастырған В.Н.Гронин.
асылдандыруға тапсырылды, ал 541 кг коллекциялық шикізатқа жиналды.
Кеніштен 4,7 кг бирюзаның қоры есептелінді. Тау кен қазба жұмыстары
айтарлықтай жүргізілседе, кенорын толық зерттелмеген. Кенорынның кіші
екенін ескере отырып жақсы көрінетін бирюзалы белдемдер жеткілікті
минералданған жеке топты қайтадан барлау қажет. Құрымсақ свитасында жаңа
бирюзалы белдемдерді табуға сенім білдіру қажет емес. Бұрынғы кенді
білетіндер, кенорыннан бирюзаны өндіріп алған кезде, бұл жерді жете қараған
19.
Құрымсақ білінімдемесі Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданынан
15 км оңтүстік–шығысқа қарай орналасқан, Ақсүмбе ауылының маңында 0,15х
3,5 км білінімдеме төменгі кембрийдің таужыныстарымен ұштасқан. Құрымсақ
свитасы күңгірт-сұр, қара-сұр, ақшыл, қалың және жұқа қабатты яшма тәрізді
көмірлі кремнилі, көмірлі-карбонатты-кремнилі тақтатастармен, әктастармен,
көмірлі–кремнилі тақтатастар фосфоритті конкрециямен, ванадилі
минералдануымен белгілі. Тау жыныстарымен бірге бирюзалы минерализацияның
күшті тақталану белдемі байқалады. Бұрынғы өнімдердің қалдығында
микродиабаздардың сынықтары байқалады, ал тақтатастардың арасында өзгерген
лампрофирлердің желілері байқалады. Кварцты желілер бұл жерде кең тараған,
кварцтың екі генерациясы көрінеді. Бирюзалы кварцтың генерациясы сұрғылт
кей жерлерде әртүрлі түйірлі, жартылай мөлдір кварцтан тұрады. Сынықтары
негізгі ежелгі өнімнің қалдықтарында табылды. Бирюзалы белдемдердің
кварцтану ұзындығы бірнеше жүздеген метрге жетеді. Ал қалыңдығы 1-ден 1,5-2
км. Бирюзалы кварцпен, ежелгі өнімдердегі бирюзаларға қарағанда, бирюзалы
белдемнің жалпы ұзындығы 3,5 км-ге жетеді. Солтүстік батысқа және
солтүстік шығысқа қарай құлауы тік 45-90°. Бирюзаның қалыптасуы дұрыс
пішінді емес. Бирюзалы желілі белдемдерде сеппелі өлшемі бірнеше мм-ден 5-6
см-ге дейін сеппелі бирюза тараған. Бирюзаның мономинералданған желілері
бірнеше мм-ден 2,5 см-ге дейін жетеді. Жер бетінде бирюза элювиде және еж-
11-сурет. Ақсүмбе кенорыны: 1. Жалпы көрінісі; 2. №1 карьердағы
бирюзалы желі
12-сурет. бирюза Жон, Құрымсақ білінімдемелерінің
геологиялықкартасы.м-б1:50 000. Құрастырған: В.Н.Гронин және т.б. 2.4.3.-2-
Құрымсақ білінімдемесінің геологиялық картасы. М-б 1:20 000. құрастырған
В.А.Драмашев
Шартты белгілері
Төрттік түзілімдер: саздақтар, құмдақтар, малтатастар.
Жоғарғы ордовик. Бесарық свитасы. Алевролиттер, ізбестастар линзалары,
алевролиттер мен құмтастардың қабаттануы.
Ортаңғы ордовик. Сүйіндік свитасы. Тақтатастар, алевролиттер
Ортаңғы ордовик. Кремнийлі-темірлі тақтатастар
Төменгі ордовик. Қоскөл свитасы. Сазды тақтатастар, алевролиттер
Ортаңғы кембрий-төменгі ордовик. Көкбулақ свитасы. Ізбестастар,
доломиттер,кремний және сланецтер қабаттары
Төменгі-ортаңғы кембрий. Құрымсақ свитасы. Жоғарғы свита:
ізбестастар,көмірлі-кремнийлі фосфат-баритті тақтатастар; төменгі свита:
көмірлі-кремнийлі сланецтер. Кремнийлі ванадилер
Венд ұлытау сериясы. Ізбестасты тақтатастар, алевролиттер
1. Бирюза білінімдемесі: Жон, Құрымсақ
Төменгі ортанғы ордовик. Алевролиттер, сазды-хлоритті-кварцты және
кремнийлі тақтатастар
Төменгі-ортанғы кембрий. Құрымсақ свитасы. 1. ізбестастар, көмірлі-сазды,
фосфоритті конкрециялы көмірлі-кремнийлі тақтатастар; 2. кремнийлі
тақтатастар,
микрокварциттер, кварцты-көмірлі, серицит-кварц-көмірлі ванадийлі
горизонтты көмірлі-сазды тақтатастар
Төменгі кембрий. Байқоңыр свитасы: тилиттәрізді конгломераттар
ежелгі өнімдерде көк, қою-көк және жасыл бирюза кездеседі. Бирюзаның түсі
тау жыныстарының және желілі кварцтың темірленуіне байланысты. Көмірлі
гематитті тау жыныстарында тығыз ашық-жасыл және көкшіл жасыл бирюзаның
желілері кездеседі; кварцтанған гематитті тау жыныстарында жасыл түсті ірі
3 см-ге дейін бирюза кездеседі.
Құрымсақ білінімдемесінің бирюзалы минерализациясының ерекшелігі болып
ашық жасыл және көк-жасыл, бирюза ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz