Сарапшы жүйе құрамы


КІРІСПЕ
Қазіргі замандағы ақпараттық технологияның даму тенденциясы экономиканың әртүрлі аймақтарында құрылған ақпараттық жүйелердің күрделілігінің тұрақты өсуіне алып келеді. Ақпараттық технологияларды Қазақстан үшін экономиканың маңызды салаланың бірі болып табылатын пайдалы қазбаларды өндіру саласына енгізу заман талабы болып отыр. Ал осы пайдалы қазбалар өндіру кәсіпорындарын жобалау, оның техника - экономикалық көрсеткіштерін есептеу мен қаржы - экономикалық моделін (үлгісін) құру үшін ақпараттық технологияларды пайдалану жобалау уақытын қысқартып, сапасын арттырады. Сондықтан ақпараттық жүйелерді экономиканың түрлі саларына енгізу өте тиімді.
Қазіргі замандағы ақпараттық жүйелердің ірі жобалары келесі ерекшеліктерімен сипатталады:
- мәліметтерді талдаумен үрдістерді айқын моделдеуді (үлгілеуді) талап ететін (функциялардың, үрдістердің, мәліметтік элементтердің жеткілікті мөлшерімен олардың арасындағы күрделі өзара байланыстарды) сипаттаудың күрделілігі;
- өзінің локальді есептерімен функционерлеу мақсаттары бар өзара әрекеттесуші компоненттердің бар болуы (мысалы регламенті есептердің шешімімен транзакцияларды өңдеумен байланысты дәстүрлі қосымшалармен үлкен көлемді мәліметтерге регламенттелмеген сұрауларды қолданатын аналитикалық өңдеу (шешім қабыдауды қолдау) қосымшалары) ;
- қандайда бір типтік жобалық шешімдермен қолданбалы жүйелерді қолдану мүмкіндігін шектейтін тікелей аналогтың жоқ болуы;
- бар болатын және жаңадан қосылған қосымшалардың интеграциясының қажеттілігі;
- бірнеше ақпараттық платформалардағы біртекті емес ортада жасау;
- сол немесе басқа инструменталды құралды дәстүрге сәйкес қолданумен мамандық деңгейі бойынша құрастырушылардың жеке топтарының әртектілігі мен әртүрлі жалпылануы;
- құрастырушылар ұжымымен, шектеулі мүмкіндіктерімен және басқа жағынан тапсырыс берушілерді ұйымдастыру масштабымен және оның жеке бөлімшелерін АЖ-ге енгізу дайындығының әртүрлі дәрежелерімен көрсетілген жобаның уақытының созылуы.
Сарапшы маман бұл нақты пәндік аймақтағы мәселенің шішімін дұрыс таба алатын, мамандардың репутациясын пайдаланып және өз ойын айқын жеткізуге қабілетті адам. Сарапшы жүйе дегеніміз белгілі бір сала мәселелерін шешуге сарапшы маман адамды ауыстыра алатын жасанды жүйе. Сарапшы жүйенің мақсаты, құрылымы қиын еесптерді шығарғанда сапасы мен тиімділігі жағынан адам тапқан шешімнен кем түспейтін нәтижеге жететін комплкстік бағдарламалар жасау. Сарапшы жүйе программалы интелектуальді еңбекті автоматтандырады.
Сарапшы жүйедегі программа жасанды зерде тарауларындағы басқа бағыттардан ерекшелігін мына қасиеттер береді:
- сарапшы жүйе құрылымы қиын, іс-жүзінде маңызы бар шешім жолын табуы қиын есептерді шығару қолданылады;
- жүйе өзінің тапқан шешім туралы түсінігін қолданушыда сапалы түрде беруі қажет;
- табылған шешім өзінің сапалығы мен тиімділігі жағынан адам тапқан шемімнен кем болмауы керек; м
- аманмен пікір алмасу арқылы жүйе өзінің білімін үнемі толықтырып отыруы керек.
Сарапшы жүйе құрамында мынандай бөліктері болуы қажет: дерек қоры, білім қоры, диалог, қисынды шығару машинасы, түсіндіру, білім алу.
Дипломыдық жұмыстың бірінші бөлімінде білімді қабылдау мәселесі, білімді талдау деңгейі, білімдерді қабылдау әдістері қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде келесі мәселелер қарастырылған:
- кен орны туралы жалпы мәліметтер;
- сарапшы жүйені Delphi интеграциялық программалау ортасында құру мәселері мен программалау ортасының сипаттамасы келтірілген;
- кеніштер жобасының ақпараттық жүйесін жобалаудың ерекшеліктері;
- кеніштерді жобалайтын сарапшы жүйені жалпы жобалау.
Үшінші бөлімде келесі сипаттамалар берілген:
- программалық жүйенің сипаттамасы;
- программалық жүйені функционалдық тағайындалуы мен құрылымы;
- қолданбаны шақыру мен жүктеу мәселелері;
- қолданушылар тәртіптері мен қолданба режимдері;
- кіріс және шығыс деректер.
Төртінше бөлімде программалық жүйенің қажеттілігі талданып, экономикалық тиімдікті есептеуі келтірілген.
Бесінші бөлімде еңбек қорғау мен жұмыс орнының қауіпсіздік мәселелері мен нормалары қарастырылған.
1 БІЛІМДІ АЛУ (қабылдау)
Білімдерді “қабылдау” - термині білімдерді беру әдісіне бейтарап. Мысалы, беру әдісі арнайы бір программамен жүзеге асады, бұл программа аурудың тарихын үлкен массив ретінде өңдеу кезінде ауруларды тудыратын симптомдармен аурулардың арасындағы байланысты орнатады. Ал білімді алу - термині (knowledge elicitation) білімдерді беру әдісінің тек біреуіне жатады, ол аналитиктермен немесе білім инженерімен атқарылатын арнайы жағдайлы кеңістіктегі эксперттерді сұрау. Содан соң осы білімдерді ұсынатын компьютерлік программа жасалынады. Бұл термин арнайы программамен эсперттің өзара байланысын белгілеу үшін де қолданылады:
- эксперттің (сараптаушының) қолданылатын білімдерін қайсы бір систематикалық әдіспен алу; мысалы, экспертке репрезентативтік есептерді ұсына отырып және олардың ұсынылатын шешу әдістерін бекіту;
- қайсы бір аралық түрдегі алынған білімдерді сақтау;
- аралық түрден, программада практикалық түрде қолданатын түрге жарамды етіп білімдерді қайта құру, мысалы ережелерді тудыратын жиынға.
Мұндай программаны қолданудың жетістігі болып - процесстің еңбек сиымдылығының төмендеуі табылады, өйткені білімді эксперттен жүйеге тасымалдау бір қабылдауда жүзеге асады. Бұл бөлімде біз білімді алу процесін теориялық және практикалық аспектісінде толық қарастырамыз. Алдымен, білімді алудың мына бір әдісі көрсетіледі - барлық процесс бірнеше этаптарға немесе анализ деңгейіне бөлінеді. Одан кейін білімді алу автоматизация кеңістігіндегі кейбір алдыңғы жұмыстардың нәтижелері баяндалады және негізгі көңіл синтаксис пен ережелерге бөлінеді. Соңғы бөлімде бұл нәтижелер кейінгі жұмыстармен салыстырылады, бұл жұмыстарда алдыңғы жоспарға кеңістіктің семантикасы жатады.
- Білімді алу процесінің (үрдісінің) теориялық талдауы (анализі)
Білімдерді алу кезінде эксперттерді (сараптаушыларды) сұрау бойынша, жұмыс уақыты кезінде екіден-беске дейінгі “ережелерді тудыратын эквиваленттерді” келтіруге болады. Мұндай төменгі өнімнің бірнеше себептері бар:
-берілген заттық аймаққа қатысы жоқ эксперттерді(сараптаушыларды), білім бойынша инженерлерді сұрауға кірісу үшін, олар алдымен оның спецификациясы және терминологиясымен жақсы танысу үшін көп уақыт қажет. Содан соң ғана сұрау процесі өнімді болуы мүмкін;
- эксперттер(сараптаушыларды) өзіне таныс кеңістігі бойынша ойлануға тырысады, олар тек жалпы принциптердің терминінде ғана емес, бөлек типтік обьектілердің оқиғалары мен олардың қасиеттерінде де бірдей атқарады.
Заттық аймақ бойынша спецификалық білімдерді ұсыну үшін белгілеу жүйесін және құрылымдық қабығын (оболочкасын) таңдап алу керек, әрине бұл оңай мақсат болып табылмайды.
Әрбір қиын есепті алдымен бірнеше бөліктерге бөліп алған жөн. Сондықтан біз білімді алу мақсатыменде осылайша жасаймыз.
- Білімдерді алу сатысы
Жұмыс мақсатында сарапшы (эксперт) жүйенің жобалау процесс(үрдіс) моделінің(үлгісінің) терминіндегі білімдерді алу процесін талдау ұсынылады (сурет 1. 1) .
Қалыптастыруды түзету
Құрылымды түзету
Анықтау және күйге келтіру
Идентификациялау Концептуализациялау Формализациялау Реализациялау Тестілеу
Сурет 1. 1 - Білімдерді алу сатысы
Идентификациялау . Жағдайлар класстары талданады, бұларды жобалан-ған жүйе көмегімен шешу ұсынылады. Жобаны өңдеу кезінде ресурстар анықталады - эксперттік(сараптаушылық) білімнің источниктері, еңбексиымдылығы, уақыт бойынша шектелу, бағасы және есептеу ресурстары.
Концептуализациялау . Базалық концепциялар және олардың арасындағы қатынас қарастырылады. Бұл жерге қолданылатын деректердің әртүрлі түрінің мінездемесі, ақпараттық ағындардың анализі және олардың негізінде жатқан затық аймақтағы құрылымы, жеке/бүтін қатынасы, тұрақты/тұрақсыз және т. б. жатады.
Формализация. Күй кеңістігінің құрылымын ұсыну әрекеті іске кіріседі және оның ішіндегі іздеу әдісінің характері. Мәліметтердің логикалық итерпритациясына жататын ақпараттың және басқа да шектеудің дәрежесінің және толықтығының бағасы орындалады.
Реализациялау. Формализді білімдерді жұмыс істейтін программаға ауыстыру, бұл жерде алдыңғы орынға процессті басқару ұйым әдісінің спецификациясы және ақпараттық ағын ұйым бұйымдарының анықталуы жатады. Ережелер басқарудың таңдап алынған режимінде программамен орындалатын формаға ауыстырылады. Мәліметтер құрылымының қолданылуы туралы және программаның тәуелсіз модульдерге бөліну шешімі қабылданады.
Тестілеу. Үлкен есептер ішінде жүйенің жасалған вариантының жұмысын тексеру. Тестілеу процесінде жүйенің мүмкін болатын қателерін тудыратын источниктер тексеріледі. Жиі жағдайда мұндай источниктер болып, жүйедегі ережелер жиынтығы табылады. Өйткені, ол жерде кейбір ережелер жетіспейді.
1. 1-суретте көрсетілгендей, эксперттік жүйені жобалау осы жүйенің көмегімен шешілетін жағдайлар класын талдаудан тұрады. Қате болар еді, егер алдын-ала анықталған концепциямен тапсырылып немесе белгілі бір білім ұйымының құрылымымен жүйені жобалауға кіріссек. Концепцияның сол варианты немесе ой ұйымының сол әдісі, алдындағы өңдеулерді негізге алып, жаңа заттық аймаққа жатқызылатындай болу өте сенімсіз.
- Білімді талдау деңгейі
Жоғарыда көрсетілгендей кезеңдерге бөлу, Уилинги жұмысында да кездеседі, бұл кісі KADS арнайы құрылған ортасында білімнің инженериясы-на модельді түрде жақындау процесін өңдеген. Бұл жақындаудың негізінде мына ойлар жатыр: сарапшы жүйе сарапшымен толтырылған білімнен тұратын контейнер емес “операциялық модель” болып табылады. Білімді алу, өзімен бірге заттық аймақ туралы спецификалық білімдерді алуды ғана емес, алынған деректердің интерпретациясын да енгізеді.
KADS оболочкасы негізіне бес базалық принципі жатады:
- білімдердің инженерия процесстерінің қиындығын жеңуге мүмкіндік беретін көптеген модельдерді қолдану;
- эксперттеу (сараптау) талабын модельдеу (үлгілеу) үшін қолданылатын төртдеңгейлі құрылым - мамандардың жұмыс істеу дәрежесіне жататын сапа жиынтығы;
- шаблондар сапасында қолданылатын, білімді алу стратегиясын қолдайтын модельдің компоненттерін қайта қолдану;
- қарапайым модельдерді күрделіге дифференциалдау процесі;
- өңдеу және енгізу процесінде құрылымды сақтаумен эксперттік модельдерді өзгерту маңыздылығы.
Төменде, алдыңғы екі принципті қарастырамыз.
KADS оболочкасын құрудағы маңызды себеп болып, білімнің қиыншылығын жеңу табылады. Бүгінгі күнде білім бойынша инженерлерде эксперттік жүйені құру кезінде көптеген әртүрлі әдістер мен технологияларды қолдану мүмкіндігі бар.
Бірақ негізгі үш сұрақ бар:
- жағдайды анықтау, бұны эксперттік жүйе көмегімен шешу керек;
- осы жағдайға сәйкес эксперттік жүйеге жүктелетін функцияны анықтау;
- берілген функцияны орындау үшін қажет есептерді анықтау.
KADS негізіне жататын принциптердің 1-шісі, мынадан тұрады; оболочка сұрақтарға жауап табуға көмек беретін көптеген жеке модельдерді қамту қажет. Мұндай модельдердің мысалдарына мыналар жатады:
- “әлеуметтік-экономикалық ортаның” ұйымдық моделі, бұл жерде жүйе функционалдануы керек, мысалы, қаражат қызметі, денсаулықсақтау және т. б. ;
- орындалатын функцияның және шешілетін проблеманың қосымша моделі, мысалы, тексеру, жұмыстың күнтізбесін жоспарлау және т. б. ;
- арнайыландырылған функция қалай орындалуы керек екенін көрсететін есептер моделі. Сол үшін оларды бөлек бөліктерге бөлу жасалынады, мысалы, кіріс туралы деректердің жиынтығы және т. б.
Бучанан қолданған терминологиямен бұл терминологияның тікелей еш қатысы жоқ, бірақ ұйымдық және қолданбалы модельдер Бучанан ұсынған құрылымының идентификация сатысына ұқсас.
KADS жасалған кезде іске асырылған “концептуализация” сатысы екі бөлікке бөлінеді: кооперация немесе коммуникация моделі және экперттік моделі. Біріншісі проблеманы шешу кезіндегі процесстің декомпозициясына жауап береді, қарапайым есептердің жиынтығын құру және оларды атқарушылар арасында тарату, ал атқарушылар негізінде адамдар және машиналар бола алады. Екінші модель “білімді алу” деп аталатын процессті білдіреді, яғни проблеманы шешу кезінде эксперт қолданатын білімдердің әртүрлі түрінің талдауы.
Көрсетілгендерден басқа, KADS оболочкасы құрамына тағы жобалау моделі кіреді. Бұл модель алдыңғы модельдермен тұжырымдалған спецификацияның орындалуы үшін қолданылатын есептеу технологиясын және білімді ұсынатын механизмдерді енгізеді.
Жоғарыда көрсетілген талдау бір қарағанда қандайда бір дәрежеде концептуальді және формальді сатылардың арасындағы айырмашылықты жағады. Әрине қарсы айтуға болады, мысалы, формализдеу сатысы өзімен бірге алғашқы сатыларда шыққан концепция мен ара-қатынасының жәй бұйымдық жұмысын көрсетеді. Жобалау моделі алдыңғы сұлбада реализация сатысына не апарылады соны көрсетеді, бірақ ол орындалатын программаны құруды болжамайды.
Уилинг өзінің бастапқы жұмысында анализ деңгейі арасындағы шектеуді кішкене басқаша өткізген. Ол анализ деңгейінің 4 түрін қарастырған:
- білім концептуализациясы. Бұл сатыда принципиальді концепция терминіндегі білімнің формальді сипаттамасы және концепция арасындағы қатынас айтылады;
- эпистемологиялық талдаудың(анализдің) деңгейі. Мұндай талдаудың (анализдің) мақсаты боп концептуальді білімдердің құрылымдық қасиеттерін шығару табылады;
- логикалық анализдің деңгейі. Негізгі көңіл бар білімдердің негізінде берілген заттық аймақтағы логикалық шығаруды қалай жасауға болады соған бөлінеді;
- енгізу талдаудың (анализінің) деңгейі. Жүйенің программалық реализациясының механизмдері зерттелген.
Соңғы жобалауда алдыңғы үш деңгей эксперттік(сараптаушылық) модельдің (үлгілерінің) құрамына енгізілген, ал енгізу анализінің деңгейі - жобалау моделіне енгізілген. KADS-тың төртдеңгейлік құрылымы Кленсимен ұсынылған схемасымен келіседі. Бұл схема проблемаларды шешу процесіндегі әртүрлі түрдегі білімдерді бөлумен айналысады. Нақты бір заттық аймаққа қатысты білімдер, енді жоғары деңгейдегі білімдерге бөлінген, шешілетін есептерді таңдау білімі және шешілетін есеп стратегиясының біліміне.
Кесте 1. 1 - KADS жүйесіндегі білім дифференциациясының төртдеңгейлік схемасы
Бұл білім деңгейлері 1. 1 кестеде көсетілген. Стратегиялық деңгей есептің атқару процесін басқарады, проблемаларды шешу кезіндегі қолданылатын логикалық шығару әдісі, нақты бір заттық аймаққа келетін және осы аймақтағы білімді басқарады. Көрсетілген білімнің дифференциалдау схемасы бізді сарапшы жүйенің қарапайым архитектурасына әкеледі. Жеке жағдайда, білім қоры және логикалық шығарудың машинасы бар архитектурасы ішінде есептерді және стратегияларды заттық аймақ туралы білімнің құрылымына және логикалық қорытындыны құру механизміне де енгізуге болады екен. Мұндай есептердің және стратегиялардың нақты бөлінуі білімді алу процесіндегі негізгі басты кезең болып табылса, сарапшы жүйенің құрылымдық жобалау процесінде(үрдісінде) де осындай орын алады.
- Common KADS және KASTUS оболочкалары
Білімді алу жүйесінің оболочкасын(қабыршықтарын) құру принциптері Common KADS сінде де дами бастады. Бұл жүйе, білім инженериясы барлық атап айтылған модель типтерінің редакторларын және эсперттік жүйені жобалауды жеңілдететін көптеген инструментальді құралдарды немесе компонентерді қамтамасыз етеді. Жұмысты жоспарлау барысында негізгі көмекті жобалау менеджеріне сарапшы жүйенің өмірлік цикл моделі көмек беруі керек. KADS оболочкасының алғашқы версияларының құрамына кіретін модельдеріне бірнеше жаңа версиялар қосылған, мысалы, агент моделі, бұл сарапшы жүйенің өзін оның қолданушыларын және қосылған есептеу жүйелерін көрсетеді.
KASTUS жобасының ішінде KADS оболочкасының онтология және методологиясы, үлкен қайта қолданылатын білім базасын құру кезінде де қолданылған болатын. KASTUS жобасының аты - knowledge about Complex Tehnical Systems for Multiple Vse (күрделі техникалық жүйе туралы білімді қолдану) . Жоба мақсаты - әртүрлі қосымшаларда қолдануға болатын білімдер жүйесін құру.
Уилинг және оның сарапшылары бірігіп қолданылатын деректер қорын құру методологиясының негізін жасаған принциптер қатарын тұжырымдады. Олардың бірі - заттық аймаққа және білімді қолдану процесін(үрдісін) басқару әдісіне жататын білімді нақты бөлуді болжайды, екіншісі - заттық аймақтың онтологиясының ары-қарай тереңдеуін яғни осы аймақтың маңыз модельдерін және маңыз арасындағы қатынасты болжайды. Осы екі концепцияның тереңдеуіне және дамуына сарапшы жүйе бойынша қазіргі әдебиетте белгілі бір бағыт арналған.
- Білімдерді қабылдау әдістері
Білімдерді қабылдау әдістемесі (методикасы) негіздейтін теориялық сұрақтармен және осы аймақтағы қайсы бір алғашқы өңдеулермен таныстық. Енді бұл бөлімде ұқсас есептерді шешуге әртүрлі жақындауды демонстрациялайтын екі салыстырмалы жаңа жүйені қарастырамыз. Қарастырылатын жүйенің біріншісі телефон желісі жүйесіндегі қателіктерді іздеу үшін арналған, ал екіншісі онкобольді қателерге емдеу курсын жоспарлау үшін қолданылады. Екі жобада да негізгі көңіл қабылдау методикасына бөлінген. Және де осы есептерді шешу үшін өте жақсы жақындаулар қолданылады.
- Compass жүйесіндегі білімдерді алу үшін сарапшыларды сұрауды қолдану
Телефондық желідегі номірлерді ауыстыру үшін күрделі жүйе қолданылады, бұл жүйе телефондық станцияның үлкен бір бөлігін иелене алады. Ауыстыру жүйесін қызмет ету кезіндегі негізгі мақсат - шақырудың санын азайту және барлық жүйенің жұмысын тез арада орына келтіру. Қосылу сымының түзуліксізі болып қайсы бір электронды схемалардың жұмыс істеуінен шығуы мүмкін.
Ауыстыру жүйесінің жұмыс процесінде өзін-өзі тексеру орындалады және олардың арасындағы жарылу, қысқа тұйықталу, ауыстыру схемалар орындалуының баяулауын және тағы басқа процесстер тексеріледі. Қайсы бір стандартты емес жағдайлардың пайда болу кезінде өзін-өзі тестілеу жүйесі тиісті хабарлауды қалыптастырады. Ауыстыру жүйесіндегі түзуліксіздердің пайда болу себебі көптеген осындай хабарлаулардың негізінде табылуы мүмкін және де көмекке маман-срапшылардың тәжірибесі келеді. Бұл хабарлаулар Compass сарапшы жүйесіне келіп түседі, бұл жүйе арнайы қосымша тестті өткізуді ұсынады немесе жүйеде арнайы түйінді ауыстырады. Жүйе GTE ұйымымен өңделген және көбінесе оның филиалдарымен пайдаланылады.
Ертеректе компанияның телефондық желісінің жұмысын тұрақты етіп ұстау үшін тәжірибелі жөндеушілер керек болатын, олар белгілі бір уақыт ішінде ауытқу бойынша үлкен санды тіркелген хабарлауды талдау керек еді, өзін-өзі тестілеу процесінде табылған қателіктерді іздеп және оны жою керек. Мұндай күрделі құрылымның қызмет ету проблемасын шешу; тек жоғары класс мамандарының тәжірибесін программа түрінде көрсететін және қызмет етудің керекті деңгейін қамтамасыз ететін жүйені құрудың қолынан келеді. Сарапшылар білімінің жүйеде жиналуы, сұрау процесінде іске асырылатын. Сарапшылар қателіктерді іздеудің өздері қолданылатын эвристикалық әдістерін бейнелейді, ал білім инженерлері оларды ереже түрінде тұжырымдаған. Содан соң сарапшылар формализация нәтижелерін қайта талдап, бұл ережелер қаншалықты олардың тәжірибесімен сәйкес келеді соны тексереді. Әртүрлі оқылу табылған кезде білім инженерлері ережелер қалыптастыруын өзгертетін және сарапшылармен бірігіп ережелердің қабылданатындығына көз жеткізетін. Мұндай әдіспен құрылған бір ереженің мысалы көрсетілген.
ЕГЕР “BC Dual Expansion One PGA” проблемасы бар болса,
және хабарлау саны бес немесе одан да көп болса
ОНДА PGA түйінінде тоқырау болады, мұнда кеңейту индикаторы
жанады (5), PGA резервтік түйініндегі тоқырау (3), IGA түйіндегі
тоқырау (1) және D2 ауыстырғыштардың платасындағы тоқырау (1) .
Әдетте мұндай ережелер жүйеге KEE тілінде бір немесе бірнеше өндірілетін ережелер түрінде енгізілетін, бірақ кейбір жағдайларда фреймдермен немесе LISP тілінің механизмдерін қолдану мақсатқа лайықты сияқты. Ағылшын тілінде жасалған ережелер “құжатталған білімдердің” библиоекасында жинақталатын, бұл сарапшы жүйе документация комплектісінің бір компоненті болып табылады.
Бұл библиотека күйге келтіру және жүйенің тәжірибелі пайдалануы кезінде “білімнің бірінші источнигін” сақтауға көмектесті. Білімді алу процесінде негізгі көңіл ережелердің түзуліксіздерін “қолмен” іздеу кезінде, яғни қалам мен қағаз көмегімен қолданудың моделированиясына бөлінетін.
Compass жүйесін өңдеу кезінде білімді қабылдау циклі келесі деңгейлерді енгізген.
Сарапшымен әңгімелесу процесінде арнайы білімдерді алу.
Алынған білімдерді құжаттау.
Жаңа білімдерді тексеру:
- оларды әртүрлі деректер жиынтығында қолданып көру;
- бұл білімдерді қолдану қандай нәтижелерге әкеп соғады, яғни қолмен модельдеу;
- сарапшының пікірі бойынша сәйкес болатын модельдеу нәтижелерін салыстыру;
- егер нәтижелер арасында айырмашылықтар болатын болса, онда бұл айырмашылықтарға қандай ережелер және процедуралар енгізген соны анықтау керек және күдікті ережелер мен процедураларды қалай түзету керек, соны сарапшыдан білу алу қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz