ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ГИДРОЛОГИЯЛЬІҚ ЖЕЛІСІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Қ Р Б Ғ М

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Құрлық гидрологиясы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ЕРТІС ӨЗЕНІ - СЕМИЯРСК БЕКЕТІ СУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ

Орындаушы:

4 курс студенті Қ. Ж. Паржанов

Ғылыми жетекші: Р. Х. Дюсенова

Аға оқытушы

Норма бақылаушы: С. Р. Жанпеисова

Аға оқытушы

Қорғауға жіберілді

«» 2010 ж.

Құрлық гидрологиясы кафедрасының

меңгерушісі: т. ғ. к. доцент Р. Г. Абдрахимов

АЛМАТЫ, 2010

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы Ертіс өзені - Семиярск бекеті су ресуртарын бағалау.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қорытындыдан құрылған. Берілген жүмыстың көлемі 64 беттен, 16 суреттен, 16 кестеден, 12 пайдаланылған әдебеттен.

Негізгі қолданылатын сөздер: қалыпты ағынды, ең жоғарғы су өтімі, ең аз ағынды, құбылмалылық коэффициенті, қамтамасыздық қисығының параметірлері, қамтамасыздығы әртүрлі су өтімдер, айырымдық интеграл қисығы, су ресурстары, ақаба су, турбуленттік диффузия.

Зерттеу объектісі - Ертіс өзені - Семиярск бекеті болып табылады.


МАЗМҰНЫ

б.

КІРІСПЕ 4

1 ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ҚЫСҚАША ФИЗИКАЛЫҚ-
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ5

  1. Жер бедері 5
  2. Геологиялық құрылымы 7
  3. Климаты 7
  1. Радиациялық баланс 8
  2. Ауа температурасы 8
  1. Жауын-шашын 9
  2. Қар жамылғысы 9
  3. Ауа ылғалдылығы мен жел 9
  4. Топырақ жамылғысы 10
  5. Өсімдік жамылғысы 11
  6. Жер асты сулары 11

2 ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ГИДРОЛОГИЯЛЬІҚ ЖЕЛІСІ 13

  1. Өзен желісі 13
  2. Көлдер 14
  3. Өзендердің қоректенуі 15
  4. Гидрологиялық зерттелгендігі 16
  5. Ертіс өзені - Семиярск бекетіне сипаттама 17

3 ЕРТІС ӨЗЕНІ - СЕМИЯРСК БЕКЕТІНІҢ ЖЫЛДЫҚ
АҒЫНДЫСЫН ЕСЕПТЕУ 20

3. 1 Гидрологиялык деректер жеткілікті болған жағдайда ағындыны
есептеу 21

3. 1. 1 Бақылау қатары аз болған жағдайда қалыпты ағындыны есептеу. . 23

3. 2 Есептеу кезеңді талдау 25

3. 3. Бақылау қатары жеткілікті болған жағдайда орташа жылдык су
өтімінің қамтамасыздық қисығын тұрғызу 27

3. 4 Ықтималдық үлестірім қисығының параметірлері . . . 31

3. 5 Ертіс өзенінің су ресуртары . . . 40

4 ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ СУ САПАСЫН БАҒАЛАУ . . . 42

4. 1 Ақаба сулардың еселеуін есептеуге қажетті негізгі сипаттамалар. . 42

4. 2 Су сапасының интегралды көрсеткішін есептеу . . . 44

4. 3 Өзендерде ақаба сулардың еселенуін есептеу . . . 48

4. 4 Судың ластану индексін анықтау . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64

КІРІСПЕ

Ертіс өзені Обь өзенінің алабына жатады. Өзен Қазақстанның шығысында орналасқан. Климаты шұғыл континентті. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км Қазақстан жерінде орналасқан. Қарастырып отырған территориялық ауданы 306750 км 2 . Рельефі жоталы, биіктігі шамамен 200 м. Қарастырып отырған аймақтың геологиялық құрылысы өте күрделі.

Қазақстан жыл сайын қалпына келетін су ресурстарына өзен ағындысына өте кедей ел. Ағынды көлемін әрбір шартты шақырымға шаққанда көрсеткіш бойынша біздің ел ТМД мемлекеттерінің арасында ең соңғы орында.

Ұсынылып отырған жұмыстың негізгі мақсаты Ертіс өзені - Семиярск бекеті су ресурстарын анықтау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер орындалды: Ертіс өзені алабының физика-географиялық сипаттамалары, зерттеліп отырған ауданның гидрографиялық желісі жете оқылып, Ертіс өзені ағындысының калыптасу заңдылықтары зерттелген. Ертіс өзені Семиярск бекетінің орташа көпжылдық су өтімінің жүргісін тұрғызу аркылы суы мол, орташа және суы өте аз жылдардың ерекшеліктері анықталған. Жылдық ағынды қамтамасыздығы қисығын тұрғызу арқылы әртүрлі қамтамасыздықты ағынды мәндері және ағынды нормасы қатарды соңғы жылдар мәліметтерімен толықтыру арқылы табылған. Сонымен қатар, ағындының құбылмалылығын көрсететін вариация және асимметрия коэффициенттері қайта анықтау. Өзеннің әртүлі ластаушы заттармен, оның ішінде мыс, мырыш және мұнай қалдықтарымен ластануына көп мән бөлінгенген. Өзен суының ластаушы заттармен ластануы шектік рұқсат етілетін концентрациядан асып отырғаны және соңғы жылдарда оның өзгеру динамикасы келтірілген. Сонымен қатар, Ертіс өзеннің суының ластану деңгейі су сапасының уақыт және кеңістік бойынша құбылмалығын есепке алуға мүмкіндік беретін интеграл көрсеткіштердің жүйесі арқылы бағаланған. Ертіс өзенінің су сапасы ақаба сулар еселенуі шарттары жазықтық есеп бойынша да есептелінді.

1 ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ҚЫСҚАША ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ

СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Жер бедері

Ол Алтай мен Таулы Алтайдың оңтүстік бөліктерін, Шығыс Қазақстанды және Семей облысының елеулі бөлігін қамтиды (сурет 1) . Территорияның шекарасы (солтүстікте) Шарын өзенінің сағасынан шығысында Объ және Енисей өзендері суайрығына дейін, бұл өзендер суайрығы бойынша мемлекеттік шекаралар оңтүстікте Маңғол Халық Республикасы және Қытайдан, батысында Ертіс өзені алабындағы өзендер және Балқаш пен Алакөл көлдерінің суайрығы бойынша Ертіс өзеніне Ащысу өзенінің құйылуына дейінгі аралықтан өтеді. Жер бедерінің формасы әртүрлі және күрделі орографиялық құрылысы бар таулы аймақ. Бұл территорияны орфографиялық жағынан қарасақ, абсолюттік биіктігі 200 м-ден 4500 м-ге дейін жететін қатпарлы-үйінді таулы облыс. Жоғарғы Обь пен Ертістің оң жақ жағалауына оңтүстік-батыстағы Батыс Сібір жазығындағы жоталар мен аңғарлар түбінің жалпы көтерілуі, ал батыс Ертістің сол жақ жағалауына оңтүстік және батыс Қазақ қатпарлы елінің төбелі- қырқалы ұсақ шоқысы мен оңтүстігіндегі орта таулы және жоғары таулы жер бедеріне дейін аймақ биіктігінің біртіндеп өсу өзгешелігі тән. Алтай орфографиясы мен Қазақ қатпарлы елінің шығыс жақ жағалауына тән ерекшелігі оның батыс және оңтүстік-батыс таулы жоталарының созылмалы үстемшілдік құруы. Қарастырып отырған территорияның бес геоморфологиялық аудандарын қарастыруға болады. Олар Қазақ шоқылы ауданы Шыңғыстау жотасы, Сауыр Тарбағатай, Зайсан қазаншұңқыры, Ертіс маңы жазығы, Қалбы жотасы. Қарастырып отырға территориялық ауданы 306750 км 2 .

Ұсақ шоқылы аудан қарастырып отырған аумақтың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Кең көлемді аңғарлар және оңашаланған төменгі таулы көтерілуімен қырқаларға топтасқан аласа шоқылармен кезектесіп келеді. Солтүстік-шығыс ұсақ шоқысы Ертіс маңы жазығынан өтіп, ал оңтүстік-батысында Шынғыстау аласа жотасымен көмкеріледі. Шыңғыстау жотасы Қазақ қатпарлы елінің қатпарлы-үйінді көтерілуі деп есептелінеді. Ол қоршаған мекеннен 500 м-ден 600 м-ге жоғарылап, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа карай 200 км-ге дейін созылып жатыр. Жалпы алғанда Шыңғыстау жотасында кең аңғарлар мен бөліктенгең аласа түзу бағыттағы таулар және шоқылар кезектесіп келеді. Шыңғыстаудың оңтүстік-шығысында Тарбағатай жотасы орын алады.

Сауыр-Тарбағатай жотасы. Шілікті жазығының бұл орта таулы массиві Сауыр және Тарбағатай жоталарына бөлінген. Тарбағатай жотасының берілген биіктігі 2000 м-ден 2500 м-ге дейін, тек қана ортасында оның биіктігі 3000 м жетеді. Сауыр жотасының ең жоғарғы нүктесі болып оның шығыс бөлігінде орналасқан Мұзтау тауы болып саналады, ортасында оның биіктігі 2200 м-ден

2300 м-ге дейін жетеді, ал батысқа қарай 1800 м-ден 2000 м-ге дейін барады. Сауыр-Тарбағатайдың шет аймағында таудан шығар кезде терең аңғарлары мықты конустармен ұштасқан болып келген кең көлемді аласа таулы облыс.

Сурет 1. Ертіс өзенінің Семей қаласындағы көрінісі

Зайсан қазаншүңқыры. Оңтүстік Алтаймен, Сауыр-Тарбағатаймен, Қалбамен шектелген кең депрессия болып келеді. Жер бедеріне аккумулятивті түрде дамуы тән. Қазаншұңқыр құрғақ арналар мен жырлармен әлсіз қиылысып келген, тегіс далалы облыс [1] .

Ертіс маңы жазығы. Бұл аудандарға аз иректелген және жондалған жер бедері, мекеннің шамалы биіктігі, көбінесе ұсақ көлдермен толған көптеген тұйықталып келген табақша тәріздес ағынсыз ойпандар тән. Биіктігі 300 м-ден 400 м-ге дейін жететін жеке қыраттары көлбеу беткей болып келген.

Қалбы жотасы. Алтай таулы массивтерінің сол жақ жағалауының жалғасы. Шығысында ол Ертіс аңғарларының терең иінің келістіріп, жықпыл тәріздес болып Нарымет жотасына енеді. Жотаның шығыс жағы өте биік және Ертіс өзеніне тіке түсетін, жиі құзды беткейлері бар қатты бөліктенген таулы рельеф. Батысқа қарай жота ұсақ шоқыға келіп, 800 м-ден 1200 м-ге дейін жетеді. Оңтүстік жотасы сол жағына қарағанда қысқа және тіке болып келген.

Жер бедері сипатына және басқа да табиғи ерекшеліктеріне байланысты, Алтай территориясында бес геоморфологиялық ландшафттар түрі кездеседі:

1. мүз рельефі пішінінің жоғары дамитын биік таулық альпілік ландшафты;

2. ежелгі жер бедері жамылғысының тегістелуі;

3. орташа таулық эрозиялық жер бедері;

4. аласа таулық эрозиялық жер бедері;

5. тауаралық ойпаттар және жер бедері пішініне шоғырлануы тән белдеулер.

1. 2 Геологиялық құрылымы

Қарастырып отырған аймақтың геологиялық құрылымы өте күрделі. Қазақ ұсақ шоқысының аласа таулары, Тарбағатай және Алтай жоталарының тау жыныстары жатады, метологиялық құрамы дислоцирлі және метаморфозды, дірежелері әртүрлі.

Қазақ ұсақ шоқысы. Бүл өте бұзылған және тегістелген таулы аймақ. Көне геологиялық жарылымдармен жасақталған. Көбінесе палеозой түзілімдері кең тараған.

Шыңғыстау жотасы. Тау етегіндегі жас ордовик, селур, девон түзілімдерімен ауысатын ортасында ескі палеозойға дейін және кембрийлік тау жыныстарынан құралған. Каледон уақытының күрделі қатпарлы құрылысы Сауыр-Тарбағатай зонасының 2200 м-ден 2300 м-ге дейін түзілімдерімен қапталған болып келеді.

Ертіс маңы жазығы. Негізінен борпылдақ палеогенді және антропогенді түзілімдерден құралған. Бұл түзілімдердің қалыңдығына палеогенді теңіздік және неогенді континентальдік шөгінділер жатады.

Қалбы жотасы. Ордовик, селур, девон, карбонның кең тараған орта палеозойлық және эффузді шөгінді тау жыныстары кездеседі.

1. 3 Климаты

Таулы Алтай мен Жоғарғы Ертістің климаты шұғыл континентальді. Әсіресе, өзінің құрғақшылығымен сол жақ Ертістің төбелі ұсақ шоқысы және жазықтық аудандары ерекшеленеді. Үлкен ылғалдылық батыс және солтүстік шет аймақтарға, Алтайдың орталық жоғарғы таулы аудандарына тән.

Батыс Сібірлік жазықтық Атлант мұхитымен Азия материгінің орталығынан бірдей қашықтықта жатыр. Осы екі орталықтың ауа райының әсерінен әлсіз континентальді климат құралады. Территорияның солтүстіктен оңтүстікке созылған аралығы бұл жерде жылу мен ылғалдылықтың жақсы таралғанын нақты бақылауға мүмкіндік береді. Ылғалдылық солтүстіктен оңтүстікке қарай кезектесіп ауысып отырады. Орал тауларының шегінде ғана бұл жағдай биіктігі метеорологиялық элементтермен ауысып отырады.

Территорияның жазықтығы мен солтүстіктен оңтүстікке қарай анықтығы ауа массасының оның шегіне терең енуіне оңтүстігінде де сондай-ақ солтүстігінде де кедергі жасалмайды.

Сондықтан, жылдың қай мезгілінде болмасын ауа-райының өзгеруі яғни, жылыдан суыққа ауа температурасының кенеттен тербелуі байқалады [1] .

1. 3. 1 Радиациялық баланс

Жылдың жылы мезгілінде радиациялық баланс альпілік биіктаулық белдеулерден басқа барлық жерлерде маусым-шілде айларында үлкен мәнге ие болады. Теріс мәні баланс қарашадан ақпанға дейінгі күнделікті байқалады, және желтоқсан-қаңтар айларында ең төмен мәнге ие болады. Ең жоғарғы орташа айлық радиациялық баланс қосындысы 9, 8-10 ккал/см 2 -қа жетеді, ал ең төменгі минус 1, 7 - минус 1, 9. Радиациялық баланстың жылдық қосынды мәні биіктауларда 35-40 ккал/см 2 -ден 40-42 ккал/см 2 -ге дейін солтүстік тау бөктеріндегі аудандарда өзгереді және Зайсан қазаншұңқырларының оңтүстігінде 50 ккал/см 2 -ге дейін жетеді.

1. 3. 2 Ауа температурасы

Оңтүстік-батыс жазығындағы ауданда және ірі су қоймаларының маңында (Телецкое жэне Зайсан көлдері) орташа жылдық ауа температурасы 3, 0-3, 6 °С-ден минус 6-7 °С-ге дейін биік таулық аудандарда өзгеріп отырады. Солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай жылуына байланысты жазық және тау бөктері мен аласа таулы аудандарда (орташа жылдық ауа температурасының) жоғарлауы байқалады.

Территорияға тән орташа жылдық температураның төмендігіне қарамастан, көп аймақтарда жазы жылы. Ең жылы айдың (шілде) орташа температурасы жаппай (биік таулы жерде басқа) 15 °С-ден асады да, оңтүстік-батыс және батыс құрғақ шөл және шөлейт аймақтарда 20-22 °С-ге дейін жетеді.

Жаз мезгілінде биіктеген сайын температура біртіндеп төмендейді. Таулы аймақ үшін температуралық градиент шілдеде әр 100 м-ге минус 0, 5-0, 7 °С-ді құрайды. Мұздықтар маңында орташа айлық температура шілде айында 6-10 °С-ден аспайды. Таулы шөлдерде шілденің температурасы 13-15 °С-ге тең.

Ең суық ай қаңтар болып саналады. Қаңтардың орташа айлық температурасы минус 14-19 °С аралығында өзгереді.

Көптеген станцияларда наурыздың үшінші декадасында ауа температурасының минус 5, 0 °С-ден жоғары болу кезеңі басталады да, қазанның соңғы күндерінде және қарашаның бірінші декадасында аяқталады. Кезеңнің жалпы ұзақтығы жергілікті жердің биіктігіне байланысты 160-260 күнге дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Суық кезең (көктемде 0 °С-ден өту) наурыздың үшінші декадасының соңында сәуірдің бірінші декадасының басында аяқталады. Күзде 0 °С-ден өту қазан айының соңында байқалса, биіктаулы аудандарда қыркүйекте байқалады. Аязсыз кезең орташа алғанда 180-210 күнге дейін созылады [1] .

Вегетациялық кезең (орташа тәуліктік температурасы 5 °С-ден жоғары) сәуірдің екінші, үшінші декадасы мамырдың екінші декадасынан қыркүйектің және қазанның соңына дейін байқалады. Жергілікті жердің биіктеуіне байланысты вегетациялық кезеңнің ұзақтығы тау бөктерінде 190 күннен 60 күнге дейін биіктаулы аудандарда қысқарады.

1. 4 Жауын-шашын

Таулы Алтай мен Жоғарғы Ертістен атмосфералық жауын-шашынның таралуына аймақтың орфографиясы мен биіктігі әсер етеді. Қазақ ұсақ шоқысы мен Ертіс маңы жазығында жылдық жауын-шашын мөлшері көп жылдық кезеңде орташа 250 мм-ден 300 мм-ге дейін, ал Зайсан қазаншұңқырында 180 мм-ден 200 мм-ге дейін өзгереді. Шыңғыстаудың солтүстік беткейінде, соның ішінде оның көтеріңкі бөліктерінде жылдық жауын-шашын мөлшері тауларында 350 мм дейін, орташа таулы белдеу мен биік таулы аудандарында 500 мм-ден 600 мм-ден дейін өседі [1] .

1. 5 Қар жамылғысы

Бірінші қар түсудің тұрақсыз қар жамылғысы солтүстік-батыс аудандарында қазан айында, солтүстік-шығыс тау алды аудандарында қыркүйек айында, ал биік таулы аудандарда тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында байқалады. Тұрақты қар жамылғысы орташа алғанда 30 күннен кейін орнығады. Тұрақты қар жамылғының жату ұзақтығы жазықта және төменгі таулы-төбелі аудандарда 135 күннен 150 күнге дейін, Алтайдың солтүстік-шығыс тауалды аудандарында 170 күнге дейін өзгеріп отырады. Жоғарғы Ертістің жазық аударында қар жамылғысының ең үлкен биіктігі 18 см-ден 20 см-ге дейін өзгереді. Шыңғыстау мен ұсақ шоқының көне қыратының беткейінде қар жамылғысының биіктігі 20 см-ден 25 см-ге дейін, ал Тарбағатай мен Қалбы жотасының беткейінде 30 см-ден 60 см-ге дейін жетеді.

Қар жамылғысының максимальді су қоры сол жақ Ертістің жазық аудандарында орташа 30 мм-ден 40 мм-ге дейін, Батыс және Орталық Алтайдың биік таулы аудандарында 100 мм-ден 800 мм-ге дейін болады. Сол жағалаудағы Ертістің жазықтық және төбелі-ұсақ шоқылы аудандарындағы ең үлкен қар қоры 75 см-ден 100 см-ге дейін жетеді. Қар ерудің басталуы наурыз айының соңында, көп қарлы орманды аудандарда сәуір айының ортасы мен соңында, ал биік таулықта мамыр-маусым айларында байқалады.

1. 6 Ауа ылғалдылығы мен жел

Абсолютті ылғалдылықтың ең үлкен мәндері шілде айында байқалады. Орманды және орманды даланың аласа тауы тау алды аудандарда көбейіп, жазық дала аудандарында сәл азаяды. Ауаның салыстырмалы ылғалдығының ең үлкен мәні желтоқсан-қаңтар айларында, ал ең кіші мәні жаз айларында болады. Салыстырмалы ылғалдылықтың ең кіші мәндері орташа жылдық салыстырмалы мәндері ылғалдылықтың 48 %-дан 55 %-ға дейін төмендейтін, сол жақ Ертістің таулы далалары мен жазықтық-төбелі кеңістіктеріне тән.

Барлық жердегі ылғалдылық тапшылығының ең үлкен мәндері жаз айларында, ең кіші мәндері қыс айларында.

Сол жақ Ертістің төбелі-ұсақ шоқылы аудандарында қысқы кезеңде жел жылдамдығы жаз мезгіліне қарағанда көп, ал Қалбы жотасы мен Зайсан қазаншұңқырында бұл көрсетулер керісінше болады.

1. 7 Топырақ жамылғысы

Қазақ ұсақ шоқысына ашық сарғылт, көбінесе сазды топыраққа тән. Шыңғыстау жотасының етегінде жеңіл сазды ашық сарғылт және құмайт сортаң топырақ орналасқан. Ашық сұрғылт тасшақпа сазды Сауыр-Тарбағатайдың солтүстігінің төменгі жақтарында бар. Зайсан қазаншұңқырының сарғылт шөлейттік және құба топырақты болып келеді.

Шар, Ащысу, Шаған өзендері аңғарында сор және сортаң массивтерінде ақшыл-сарғылт топырақ кездеседі.

Шыңғыстау жотасының аяқ жақтарында жеңіл саздақты ашық сарғылт және орташа жеңіл саздақты топырақ, ал тау беткейінің жоғарғы учаскесінде қиыршықты топырақ кездеседі.

Сауыр-Тарбағатайда ашық сарғылт қиыршықты саздақты топырақ таралған. Бақпақтанған бөлігін қоспағанда Шілікті аңғарында да кездеседі.

Тарбағатайдың аласа таулы белдеуінде және тау аралық аңғарда таулы-далалы сарғылт және қоңыр топырақтар кездеседі. Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр орта таулы белдеуінің солтүстік беткейіндегі ақшыл-сарғылт топырақ қара топыраққа ауысады. Сауырдың солтүстік беткейінде таулы-орманды, қою сұр әлсіз жылтараған, таулы орманды топырақ кездеседі.

Зайсан қазаншұңқырына шөлейтті ашық-қоңыр және қоңыр топыраққа тән. Орташа ашық қоңыр және батпақты әлсіз таулы және ауыр саздақты топырақ Зайсан қазаншұңқырының жан-жағына тән. Қазаншұңқырдың орта тұсына таман ақшыл-сарғылт топырақ ірі массивті алып жатқан, сұр топыраққа ауысады. Қазаншұңқырдың батыс жағында аз карбонатты ашық сұр топырақ дамыған, ауданның солтүстік бөлігін гипстелген сұр топырақ алып жатыр. Кендірлік және Шетқарасу өзендерінің аңғарында шалғынды қою ауыр-саздақты және сазды топырақ кең тараған [1] .

Зайсан көліне жақын Зайсан қазаншұңқырының орталық бөлігінде шалғынды-батпақты ауырсаздақты сор топырақ кездеседі.

Көкпекті және Күлгүті өзендерінің бассейінің сағаларында сор басқан. Құмды массивті аудандарда топырақты горизонт әлсіз дамыған.

Ертіс маңы жазықтығы ауданының оңтүстік бөлігінде қанық сарғылт және сортаңды топырақпен қамтылған. Белағаш жазықтығының аздаған аудандарын кәдімгі қара топырақ алып жатыр.

Қалбы жотасында 800 м биіктікке дейін қанық-сарғылт топырақ кездеседі. 800 м биіктіктен жоғары Қалбы жотасынан жоғарырақ бөлігінде қанық-сарғылт топырақтан кәдімгі қара топыраққа ауысады. Қалбы жотасының оңтүстік бөлігінде таулы-орманды сұр топырақ және таулы-шалғынды тасты топырақ кездеседі. Жотаның төменгі учаскесінде қанық-сарғылт батпақты және ауыр саздақты топырақпен кезделген.

Топырақ жамылғысының таралуы Алтайда нақты кескінделген. Солтүстік Алтайда жазықтық және тауалды бөлігін кәдімгі қаратопырақ және шалғынды қаратопырақ алып жатыр.

Солтүстік Батыс Алтай өзендерінің аңғарында және даласында шалғынды-батпақты және торфты-батпақты топыраққа тән. 1000-1700 м биіктікке дейін таулы-орманды сұр топырақ тараған. 2000-2100 м биіктікте таулы-тундралы топырақ құралады.

Батыс Алтайда 700-800 м биіктікте қара топырақ тауалды жазықтығы және тауаралық аңғармен тау беткейлерін алып жатыр. 700-1300 м биіктікте таулы-орманды сұр топырақ, ал 1300-1800 м биіктікте таулы-орманды әлсіз жылтыр топырақ кездеседі. Таулы-шалғынды топырақ үстірт тәріздес суайырықтарды алып жатыр. 2100-2600 м биіктікке дейін таулы-тундралы топырақ, ал 2500-2800 м биіктікке дейін таулы-тундралы тасты тундра топырағы кең тараған.

Орталық Алтайда барлық жоталардың солтүстік биік таулы беткейлері таулы-тундралы топырақ кең тараған. Қатын өзені бассейінің солтүстік белдемінде ең үлкен аудандарды шымды топырақтар кең тарап керісінше сұр орманды топырақ аз кездеседі. Беткейдің төменгі жағында қара топырақ көп кездеседі. Өзен аңғарының төменгі учаскесінде шалғьшды-аллювиальды және шалғынды-батпақты топырақ кең тараған [1] .

1. 8 Өсімдік жамылғысы

Жоғарғы Ертіс алабының өсімдік жамылғысы әр алуан. Қазақ ұсақ шоқысының батысында шөлді-далалы дәнді жусан, шығысында далалы сан түрлі шөпті-жусанды және жусанды-бетегелі өсімдіктер.

Шыңғыстау жотасы беткейінде түрлі шөпті-жусанды және жусанды-далалы өсімдіктеріне бай. Тасшақпалы беткейлерде көбінесе өсімдіктер сирек, ал жыра сайларда қалың шалғынды және ағашты-талшілікті болып келеді. Сауыр Тарбағатайда 800-1000 м биіктік белдеуде талшілікті далаға айналатын құрғақ далалы өсімдік жусанмен бетеге кең тараған.

Тарбағатайда 1800-2000 м биіктіктен жоғары және субальпілік аласа шөпті белдеу етек жайған, ал Сауыр Тарбағатайда орманды белдем кең тараған. 2600 м биіктіктен жоғары таулы-тундралы өсімдіктер жайылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғарғы Ертіс бассейнінің табиғи факторлары
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ. Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары
Өскемен
Ұлы жібек жолы туралы мағлұматтар
Өскемен қаласы
Шығыс Қазақстан аумағының геоглогиялық құрылымы
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІНДЕ. ҚАЛА МЕН ДАЛА
Катон-қарағай ауданы туралы жалпы малімет
Шағын қалалардың әлеуемттік - экономикалық даму жағынан артта қалуының экономикалық себептері
Ұлы жібек жолы Қазақстан жерінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz