Пробиотикалық бактериялардың түрлері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Микробиология кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Пробиотикалық препараттардан бөлініп алынған лактобактериялардың антагонистік қасиетін зерттеу
Орындаған: Бекенова У. С.
Ғылыми жетекші:
б. ғ. к., доцент Абдиева Г. Ж.
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі,
б. ғ. д., профессор Жұбанова А. А.
Норма бақылаушы: Сарсекеева Ф. К.
Алматы, 2009 жыл
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1. Әдебиеттерге шолу . . . 5
1. 1 Лактобактериялардың жалпы сипаттамасы және антагонистік қасиетінің маңыздылығы . . . 5
1. 2 Пробиотикалық препараттардың түрлері және қолданылуы . . . 13
2МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕР . . . 17
2. 1 Зерттеу объектілері . . . 17
2. 2 Зерттеу әдістері . . . 18
2. 2. 1 Пробиотикалық препараттардың жалпы микрофлорасын зерттеу және таза дақылдарды бөліп алу әдістері . . . 18
2. 2. 2 Лактобактериялардың морфологиялық және культуральдық
қасиеттерін анықтау әдістері . . . 20
2. 2. 3 Лактобактериялардың физиология - биохимиялық қасиеттерін
анықтау әдістері . . . 22
2. 2. 4 Лактобактериялардың антагонистік қасиеттерін анықтау әдістері . . . 23
2. 2. 5 Лактобактериялардың антибиотиктерге сезімталдық қасиеттерін
анықтау әдістері . . . 23
3 НӘТИЖЕЛЕР МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР
3. 1 Линекс пен Лактобактерин пробиотикалық препараттарының жалпы
микрофлорасын зерттеу және таза дақыл бөліп алу . . . 24
3. 2 Линекс пен Лактобактерин пробиотикалық препараттарынан бөлініп
алынған лактобактериялардың морфологиялық және культуральдық
қасиеттері . . . 25
3. 3 Лактобактериялардың физиология - биохимиялық
қасиеттері . . . 27
3. 4 Лактобактериялардың антоганистік қасиеттері . . . 29
3. 5 Лактобактериялардың антибиотиктерге сезімталдығы . . . 31
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33
Кіріспе
Молекулалық биологияның тез дамуы лактобактериялардың адам ағзасына тигізетін маңызы мен механизімін тереңірек білуге болатынын көрсетті. Осындай механизмдердің біріне пробиотикалық бактериялардың антоганистік әсерін айтуға болады. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бифидо және лактобактериялардың басқа микроорганизмдермен күресінің механизімін ашу, бір биотопта қор заттар үшін күрес осылардың негізінің бірі галактоза - лактоза тік ішекте сіңірілмей, бірден тоқ ішекке түседі. Лактозаны ашытып, бөлінген көмірсулар лактобактериялардың өсуіне көмектеседі.
Лактобактериялардың патогенді бактериялармен күресуінің механизімінің неізінде антимикробтық әсерін қамтамасыз ететін жүйе жатыр. Ұлпалардың және мүшелердің адгезивтік колонизация процестері белоктық немесе гликопротеиндік негізден тұратын бактериялардың беткі қабатына байланысты. Лактобактериялар уропатогенді бактериялардың адгезиялануына кері әсер ететін, жоғары адгезивтік белсенділікке ие протеинді компоненті өндіреді[1] .
Пробиотик - құрамында адамның қалыпты микрофлорасында болатын микроорганизмдер өкілдерінен немесе олардың метаболиттерінен тұратын емдік препараттар немесе биологиялық белсенді қоспалар.
Пробиотиктер адамның түрлі шырышты мүшелеріндегі микроорганизмдердің баланысын қалпына келтіру мақсатында яғни, түрлі дисбактериоздарды емдеу мен профилактикасында және онымен байланысты ауруларды емдеуде қолданылады[2] .
Лактобактериялар медицина және ветеринария салаларында пробиотикалық препараттар мен биологиялық активті қоспалар ретінде пайдаланылатын заттардың құрамында болады. Қазіргі кезде лактобациллалардың адгезивтік, антоганистік, иммуномодулдеуші, антиканцерогенді және антимутагенді сияқты биологиялық қасиеттеріне көп назар аударылуда. Лактобактериялардың антоганистік қасиеттері көптеген әдебиеттердегі мәліметтер бойынша, олардың қышқыл түзу белсенділігі мен бактериоцин түзу қабілетімен байланыстырады.
Сондықтан, У. С. Бекенованың лактобактериялардың биологиялық қасиеттерін зерттеуге арналған бітіру жұмысында қарастырылған мәселелер өзекті болып табылады.
1 Әдебиеттерге шолу
- Лактобактериялардың жалпы сипаттамасы және антагонистік қасиеттерінің маңыздылығы
Сүтқышқыл бактериялар табиғатта кеңінен таралған Сүтқышқыл бактериялар құстардың, жылы қанды жануарларда, әсіресе, сүтқоректілердің ас қорыту мүшелерінде кездеседі. Оларды адамдардың да ас қорыту жүйесінің кез -келген бөлімінен табуға болады. Нәрестелік шақта ас қорыту жүйесінен бифидобактерияларды табуға болады /10/. Сүтте немесе сүт өнімдерінде өсіп шыққан сүт қышқыл бактерияларының морфологиясын зерттеу үшін фиксирленген боялған препараттар дайындайды. Сүт қышқыл бактериялары клеткасының формасы бойынша сфералы және эллипс формасындағы коккаларды және әртүрлі ұзындықта және әр түрлі формадағы таяқшалар бола алады. Клетканың формасы және ұзындығы қоректік ортаның құрамына, оттегінің болуына және культивирлеу жағдайына байланысты өзгеріп отырады.
Сүтқышқыл бактериялардың клеткалық пішіні әртүрлі: сопақша, дөңгелек және таяқша тәрізді болады. Пішіні дөңгелек және сопақша тәрізді клеткалардың өлшемі 0, 5 - 1, 0 х 0, 8 - 1, 0 мкм, ал тақша тәрізділер 0, 5 - 0, 8 х 2, 0 - 9, 0 мкм - ға тең болады. Клеткалары жеке, қосарланып, шоғырланып, қысқа және ұзын тізбек тәрізді орналасады. Грамм бойынша оң боялады, спора түзбейді және қозғалмайтын бактериялар қатарына жатады. Дегенмен, токсономиялық мәнін ескеруге болады, яғни қозғалатын және спора түзетін сүтқышқыл бактериялардың кездесетіні жөнінде өте сирек мағлұматтар бар екенін ескерген жөн [3] .
Lactobacillus туысы морфологиясы бойынша үлкен айырмашылығы бар - кішкене кокктәрізділерден жіп тәрізді, таяқшаға дейін ұзындығы 0, 7-1, 1 дан 3, 0-8, 0 мкм, біреуден немесе тізбектеле орналасады. Лактобацилл клеткасының ұзындығының өсуі В12 витаминінің жетіспеушілігінде, этил спирті, антибиотик мөлшері жоғары ортада дақылдағанда клеткаға лизоциммен, сәулелендіргенде байқалады[4] .
Лактобактериялар медицина мен ветеринарияда емдік препараттармен биологиялық активті қоспалар ретінде пайдаланылатын заттардың құрамында болады. Қазіргі кезде лактобактериялардың биологиялық қасиеттеріне көп назар аударылуда. Нақтырақ айтсақ, адгезивті, антоганисті, иммуномодулдеуші, ісікке қарсы қасиеттеріне байланысты. Лактобацилланың клеткалық биомассасынан гликопептид - бластен бактериоцидті әсері бар белокты биомолекуллалар бөлініп алынған. Лактобациллалар адам мен жануарлардың шырышты қабаттарында, асқазан ішек жолдарында, ауыз қуысында тіршілік етеді. Сүт және сүт өнімдерінің спецификалық микрофлорасы болып табылады. Олар микроаэрофильді, Грамм оң бактериялар. Лактобациллардың 40-тан астам түрі бар. Адам биоценозының өкілдеріне: Lb. acidophillus, Lb. fermentum, Lb. casei, Lb. plantarum жатады.
Сүт және сүт өнімдерінде Lb. delbrucki, Lb. lactis, Lb. Lastis кездеседі. Организмдегі физиологиялық процестерге лактобациллалардың қатысуы біріншіден қанттарды сіңіру кезінде күшті антисептика - сүт қышқылының түзілуімен байланысты. Қышқылды ортада кальциидың, темірдің, витамин Д-ның, майлардың сіңірілуіне және сүттің негізгі белогы казеиннің сіңуіне көмектеседі, нәтижесінде патогенді микрофлораның көбеюіне әсер етеді. Лактобациллдың тіршілік етуі органикалық қышқылдардың түзілуі мен басқа да активті метаболиттерге және микроорганизмдердің биотопқа колонизациясының жүруімен байланысты [5] .
Лактобактериялар мен Бифидобактериялардың антоганистік активтілігі мен антибиотикалық сезімталдық қасиеті. Бифидобактериялар органикалық май қышқылдарын түзуіне байланысты патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерге қарсы жоғары антоганистік белсенділіке ие. Лактобактериялар лизоцин, лектролин, низин, лактоцидин, ацидофилин сияқты бактериоцинді қоспаларды синтездейді Бактериоциндер - кейбір микроорганизмдер өндіретін, жақын туыстық микроорганизмдердің тіршілігін жойатын әсері бар белоктар. Бактериоциндер антибиотиктерге қарағанда, тар спектрлі белсенділікке ие болғанымен, оның әсері айқын көрінеді.
Лактобактериялар мына бактериялардың өсуін тежейді: Bacillus subtilus, Candida, E. Coli, Lb. bulgaricus, Lb. plantarum және т. б. Тіршілігі барысында лактобактериялар басқа микроорганизмдермен күрделі байланысқа түсіп, шірікті және іріңді шартты патогендердің өсуін тежейді; біріншіден протей және де өткір ішек инфекцияларының қоздырғыштарын. Пробиотикалық бактериялардың антоганистік әсері, органикалық қышқылдарды түзумен, бактериоциндер мен ингибиторлы протеиндер, соның ішінде, термолабильді және термостабильді жоғары және төмен молекулалы антибактериялық субстанциялар мен антибиотиктерді өндіруімен байланысты. Органикалық қышқылдар қоршаған ортаға экскрециаланатын метаболизмнің соңғы өнімі. Сүт және сірке қышқылдарының әсері кеңінен зерттелінген. Қышқылдар мембрана арқылы еніп, нейтралды цитоплазмаға гидросил ионын бөледі, бұл клетканың тіршіліктік функцияларын тежейді[6] .
Бифидобактериялардың сүт және сірке қышқылын өндіруі ішекте қышқыл реакцияны тудырып, патогенді, іріңді және газ түзуші микрофлораның көбеюіне кедергі жасап, организмнің физиологиялық функциясына оң әсер етеді.
Төмен молекулалы антибактериялық субстанцияларға сутек асқын тотығы және диацетил жатады. Бұл екі субстанциялар кең көлемді патогенді және шартты патогенді микробтық белсенділікке ие.
Қысқа тізбекті май қышқылымен түрлі органикалық қышқылдардың микробқа қарсы әсерімен қоса қалыпты микрофлорадағы антоганистік әрекетінің көрінуінде маңызды: сутегі асқын тотығы, микробты лизоциум және төмен молекулалы субстанциялар - лантибиотиктер мен микроциндер. Көптеген бактериялардың антибактериялық кең спектрлі антибиотикалық заттар синтездейтіні белгілі. Бұл - бактериоциндер. Сүт және сүт өнімдерінен бөлініп алынған сүт қышқыл бактерияларының Listeria Innocia т. б листерин түрлерінің (тамақ өнімдерін бұзатын) өсуін тежейтін кең спектрлі бактериоциндерді түзеді [7] .
Пробиотикалық бактериялардың түрлері. Пробиотикалық бактерияларға - бифидобактериялар мен лактобактериялар жатады.
Бифидобактериялар - адамның ішек микрофлорасының негізгі өкілі. Ол балаларда барлық микрофлораның 90%, ал үлкендерде 68% құрайды.
Лактобактериялар - адам ішігінде, барлық шырышты қабаттарда - ауыз қуысында, мұрын қуысында, гениталияларда болады. Бифидобактерияларға қарағанда олардың ішектегі саны әлдеқайда аз. Бұлар адам организіміндегі қалыпты микрофлораның компоненттері болып табылады [8] .
Кесте 1. Пробиотиктер құрамына кіретін микроорганизмдер штамдары мен түрлері
Көрсетілген микроорганизмдерді шығу тегіне байланысты классификациялау:
1 топ: сүт қышқылды штамдар ( Lb. acidophillus, Lb. plantarum, Lb. bulgaricum, Lb. casei, Lb. fermentum, Lb. lactis )
2 топ: донорлы штамдар ( B. bifidium, B. Longum, B. infantis, B. adolescentis, Lb. ramnosus GG ) [9] .
Бифидобактериялар - анаэробты, пішіні бойынша вариабельді, грам -оң, спора түзбейтін сәл майысыңқырақ келген таяқшалар. Клетка соңы екі еселенген, жіңішкіреген немесе жуандау болады. Клеткалары жеке немесе қос, V- тәрізді, кейде цепочка бойымен немесе тізбекті орналасады.
Бифидобактериялар көбіне тоқ ішекте болады. Балаларда жас ерекшелігіне қарай ішек микроорганизмдерінің көп бөлігін құрайды [10] .
Лактобациллдер - грам - оң, спора түзбейтін таяқшалар, дұрыс пішінді, ұзын, кейде кокка тәрізді, кіші цепочка бойымен немесе жеке орналасады. Лактобациллдер жаңа туған нәрестенің организімінде ерте постнатальды кезеңде пайда болады. Бұлар түрлі асқазан - ішек бөлімдерін, ауыз қуысынан бастап тоқ ішекпен аяқтаған жерлерде мекендейді (pH 5. 5-5. 6) . Лактобациллалар адам және жануар сүтінде кездеседі. Лактобациллалар: асқазанда 10²10³ КОЕ/мл, аш ішекте 10³10 4 KOE/мл, тоқ ішекте 10 6 -10 7 КТБ/мл нәжісте, вагинада 10 6 -10 9 КТБ/мл.
Қалыпты метобализм процесінде лактобактериялар сүт қышқылын, сутек асқын тотығын түзуге лизоциум және антибиотикалық белсенді заттар: реутерин, плантарицин, лактоцидин, лактолин өндіруге қабілетті. Лактобациллалар адам организіиінің ашық бөлімдерінің резистентті колонизационды пішінін қалыптастырудағы екінші негізгі микробиолигиялық буыны болып табылады.
Энтерококкалар - ішекте10 5 -10 7 КТБ/мл мөлшерінде нәжісте кездеседі және қалыпты жағдайда ішек таяқшаларының жалпы мөлшерінен аспайды. Энтерококкалар метаболизімі ашыту процесімен жүзеге асады, түрлі көміртектерді ферментациялап, сүт қышқылын түзеді, бірақ газ бөлмейді, рН 4, 2-4, 6 дейін төмендетеді. Кейбір жағдайда нитратты қалпына келтіреді, әдетте, лактозопозитивті[11] .
Кесте 2. Аш ішек және тік ішек микрофлорасының өкілдерінің популяциялық деңгейі
Escherihia coli - сәби ішегінде алғаш пайда болып, анаэробты микрооргаганизмдерге ортаны дайындайды, оттегіні сіңіреді.
E. coli лактоза гидролизіне қатысады және белок пен көміртегі ажырауына, холестериннің метоболитикалық айналымына, майлы және шырышты қабаттар, В комплексінің витаминдерін, сонымен қатар биотинді, К витаминін, никотин және пантотен қышқылын синтездейді [12] .
Сүт қышқылды бактериялардың тағы бір ерекшелігі бұл өсуіне деген қажетті заттарға яғни өсу факторларына деген сұранысы. Бұл топтың өкілдері глюкоза мен аммоний тұзы бар ортада өсе алмайды. Көпшілік витаминдер (лактофлавин, тиамин, пантотен, никотин, биотин) және амин қышқылдары, пурин мен пиримидиндерді қажет етеді. Бұл бактерияларды құрамында ашытқы экстрактісі, томат шырыны, сүт сарысуы және қаннан тұратын күрделі ортада культивирлейді. Сүт қышқылды бактериялар порфиндерді синтездей алмайды, сондықтан порфиндер бар ортаға енгізілсе бактериялардың кейбір түрлері сәйкес геминді пигменттер туғызуы мүмкін. Сонымен, лактобактериялар өзінің специализациясында (қор және өсу заттарына бай және басқада орталарда сүттің өсуі) көптеген метаболиттердің синтезіне қабілеттілігі болмайды. Екінші жағынан, басқа микроорганизмдерде жоқ қабілеттілік сүт қанытын пайдалана алады. Лактоза сүтқоректілерде пайда болып, сүтпен бірге бөлініп сіңеді. Осыдан лактозаны пайдалану мүмкіндігі ортаға ену қабіллетімен сипатталады. Лактоза-дисахарид, гексозаның катаболизмі жолына түспес бұрын еруі керек:
Лактоза + H2OД глюкоза + Д галактоза
Лактоза фосфорилденгеннен кейін глюкоза фосфатқа айналады. Сүт қышқылы көп мөлшерде өндірілуі үшін қоректік орта алдын-ала дайындалады. Бұл мақсатта ортаға кальции карбонатын қосады. СаСо 3 бар агарлы ортада қышқылдардың түзілуін калонияны айнала орналасқан ореолдардан байқауға болады[13] .
Алғашқы рет 1975 жылы Diguig J адгезия процесін микроорганизмдердің эритроциттерімен әсерін және аглютирленуін жазған. Бактериялардың шырышты қабатқа колонизациялануының екі басты механизімі анықталған - эпителиоциттің беткі қабатындағы адгезия мен жаңа ортада өмір сүруімен эпителлиальды клеткаға жабысуы микробтардың элюминациясын жойып, қор заттардың концентрациясының жоғарылуына байланысты қатты және сұйық фазада өсуін стимульдейді. Адгезиндер бұл макромолекула немесе микробты клетканың бетіндегі органелла. Лактобациллалардың адгезивті қасиетіне эксперименттегі жануарлар мен адамның организіміндегі шырышты қабатына белгілі бір биотоптың енуі кезінде тірі қалуы жатады. Лактобациллардың иммуногенді қасиеттері оларды пробиотиктер ретінде алуға болады. Иммунокомпоненті мүшелердің және микроорганизмдердің ұлпаларының қалыптасуы, плазмидалық клеткалардың пролиферациясының стимуляцисы, иммуноглобулин А өнімі, макрофагтардың активизациясы қалыпты микрофлораның қалыптасуы, соның ішінде лактобациллардың қалыптасуы жүреді. Лактобациллалар «жұмсақ» иммуностимуляторға жатады, себебі, олар организмге қажетті иммундық реакциялардың жүруіне қажетті төменгі молекулалы пептидтердің бөлінуімен нашар иммундық жүйені активирлейді[14] .
Лактобациллалар мен бифидобактериялардың 7 штаммының ісікке қарсы активтілігі ертеректе лабораториялық тышқандардың саркома мен карциономасында көрсетілген. Лиофилизденген культураның суспензиясын ісік ұлпасына 100 мкл көлемде енгізгенде, зиянды процесс едәуір тоқтады. Сонымен қатар, бифидо және лактобактериялардың Trup p-1, Glu p-1 сияқты канцерогенді заттарды адсорбирлейтін қабілетке ие. Лактобациллалардың әсер етуімен гистидиннің гистаминге трансформациясы ферментінің көмегімен жүреді. Тамақ өнімінде А, В, С, Clostridium bofilinum сияқты токсиндердің Lb. plantarum АТСС8014 көмегімен жойып отырған[15] .
Лактобактериялардың қатысымен жүретін сүт қышқылының ашу процестері. Лактозаның ашуы кезінде пайда болатын өнімдер сүт қышқылы және басқада органикалық заттар мен СО 2 байланысты, сүт қышқыл бактерияларын: гомоферментативті және гетероферментативті деп бөледі.
Гомоферментативті сүт қышқылды ашу процксі:
С6Н12О62СН3_СНОН_СООН
Гомоферментативті сүт қышқылды ашуға қатысатын бактериялар: Lb. delbruckii Lb. lactis, Lb. helveticus, Lb. acidophillus, Lb. bulgaricus, Lb. casei .
Гетероферментативті сүт қышқылды ашу процесі:
+СН3СН2ОН+СО2
Гетероферментативті сүт қышқылды ашуға қатысатын лактобактериялар:
Lb. brevis, Lb. fermentum, Lb. viridescens [16] .
Гетероферментативті сүт қышқылды бактериялар бір ғана сүт қышқылын өндіреді. Бұларда глюкозаның катобализімі фрутозабифосфатты жолымен жүреді, ал сутегі пируватқа беріледі. Лактат дегидрогеназаның стероспецификалығына және лактат рацемазының жекелігіне байланысты қандай өнім түзілетіні белгілі болады. Пируваттың бір бөлігі ғана карбоксильденіп, сірке қышқылына этанол мен көмірқышқыл газы сүт қышқылы ацетоинге айналады. Қосымша түзілетін өнімдердің саны оттегіне байланысты. Гетероферментативті сүт қышқылды бактерияларда фруктоза бифосфат жолындағы негізгі фермент - альдолазамен изомеразаның үш фосфатты жоқ. Лактаттың бастапқы айналымы тек қана пентозафосфаттық жолмен жүреді, яғни, глюкоза 6фосфат 6фосфоглюканат және рибулоза 5фосфат эпимераза әсерінен ксилулоза 5фосфатқа айналады, бұл пентоза тиамин пирофосфат тәуелді реакция нәтижесінде, глицеральдегидфосфат және ацетил фосфат ыдырайды. Laktobacillus plantarum глюкозаны гомоферментативті жолмен ашытып, ал пентозаны фосфокеталаза көмегімен ыдыратып, лактат пен ацетатқа айналдырады. Дәл осындай гомоферментативті бактерия Laktobacillus casei глюкозаны гомоферментативті жолмен ацетат пен лактатқа айналдырады. Фосфокетолозаның синтезін рибоза индуйирлейді. Егер рибозасы бар ортада өскен клеткаларды бөліп алсақ, одан кейін олар глюкозаны да гетероферментативті бактериялар сияқты ашытады[17] .
Лактобактериялардың антоганистік қасиеттері көптеген әдебиеттердегі мәліметтер бойынша, олардың қышқыл түзу белсенділігі мен бактериоцин түзу қабілетімен байланыстырады. Бактериоциндер - кейбір бактерия штамдарымен өндірілетін белокты заттар, өзге штамм бактерияларының өсуін тежейтін антибактериальды заттар. Продуценттердің латынша атауына қатысты бактериоцин түрлері солай аталады. Мысалы, ішек таяқшасы «колицин» түзеді. Көптеген бактериялар табиғаты белокты пептидті антибиотикалық заттар синтездейді, бұлар туыс штамдарды өлтіреді немесе өсуін тежейді, кең спектрлі антибактериалды әсер ететіндіктен «бактериоциндер» деп аталады. Бұлардың биосинтезі ерекше плазмидалармен кодталып, көбінесе рибосомада жүреді[18] .
Бактериоциндер - жоғары молекулалы антибиотиктер. Мысалы, колицин m=5-9 Да. Бактериоциндер химиялық табиғатымен микробқа қарсы белсенділік спектрімен ерекшелінеді. Продуцент бойынша аталады: колицин, мегацин, лиоцин. Бактериоциндердің екі түрлі принципиалды типтері бар. Бірі төмен молекулалы салмағымен ерекшелінеді, центрифугалауда тұнбаға түспейді, трипсинге сезімтал термотұрақты және электронды микроскопта көрінбейді. Екіншілері жоғары молекулалы салмаққа ие, центрифугалауда тұнбаға түседі, трипсинге тұрақты, термолабильді, электронды микроскопта тек бір өскінді фаг бөлшектері сияқты көрінеді[10] . Бактериоциндер түзетін грам - оң бактериялар: Bacillus, Clostridium, Streptococcus, Leuconostoc, Lactobacillus, Micrococcus, Corinobacterium, Micobacterium, Sarcina, Streptomyces бактериоцин тәрізді қоспа синтездейді. Сүт қышқыл бактериялар кең спектрлі бактериоциндер түзеді: курвацин, диацетин, лактококцин, ацидоцин, лактоцин, плантацин, плантарицин және т. б[19] .
Сүт қышқыл бактериялар түзетін бактериоциндер екі топқа бөлінеді:
I - тар спектрлі антибактериялық әсер көрсетеді. Бұлар: лактоцин В және F-27, амиловарин, педиоцин N 5P, термофиллин А, курвацин А, амиловарин L 471, энтерококцин.
II -кең спектрлі грам оң микроорганизмдердің көптеген түрлерінің өсуін ингибирлейді, оның ішінде Listeria monocytogenes, Clostridium botilinum, Clostridium sporogenes, Staphylococcus aureus, Pediococcus acidolactici, Bacillus spp, Enterococcus faecalis.
Бұл бактериялар тағамдық азықтарды бүлдіреді, оның ішінде патогенді түрлері бар. Екінші топтағы бактериоциндерге жатады: педиоцин А, ацидоцин В, диацетин В1, курвацин FS47, лактицин 3147, плантарицин С, энтрококциндер, саливарцин, низин, саркацин 674, мутацин. Бұл бактериоциндердің көбісінің токсиндік әсері жоқ және иммуногенсіз[20] .
Сүт қышқыл бактериялардың т абиғатта таралуы және қолданылу. Сүт қышқыл бактериялар адам мен жануарлардың асқазан ішегіне түсіп, микрофлорасын құрайды. Сүт қышқыл бактериялары үшін элективті орта сүт және сүт өнімдері болып табылады. Олардың табиғатта таралуын қор заттары мен энергия қабылдау қабілетімен анықтайды. Күнделікті жағдайда олар сүтте, сүт өнімдерінде және оларды өндіретін орындарда, өсімдіктерде және кең таралған өсімдік қалдықтарында, адам мен жануарлардың ішектері мен шырышты қабаттарында кездеседі [21] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz