Кіндік жарығының қансыз операция тәсілі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

беттері

1. Кіріспе. 2-3

2. Әдебиетке шолу. 4-20

3. Өзіндік зерттеулер. 21

3. 1. Емханаға сипаттама 21-23

3. 2. Зерттеу материалы мен әдістемесі. 24-27

3. 3. Өзіндік зерттеулердің нәтижелері 28-29

3. 4. Экономикалық тиімділікті есептеу 30

4. Еңбекті қорғау. 31-35

5. Тұжырымдар 36

6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 37-39

7. Қосымша материалдар

1

1. Кіріспе.

Қазақстан халқы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігіне ие болғанына он бес

жылдай уақыт өтті. Осы мерзім ішінде ел басынан талай қиыншылық-

тар өтіп, қоғамда да, экономикада да үлкен өзгерістер болды.

Елбасы экономиканы ілгері бастыруға және халықтың әлеуметтік

жағдайын жақсартуды өзінің жолдауында жариялады. Одан басқа еліміз үшін

Бүкіл Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болу, әлемдегі бәсекеге қабілетті

елу елдің қатарына кіру - бүгінгі күннің басты талабы. Осындай жаңа дәуірде

егеменді елдің, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағына зор үлес қосу үшін алға

үлкен міндеттер қойылған. Бұл үшін ата кәсіп болып келген қазақ халқының

үлкен байлығы болған мал шаруашылығын дамытуға, мал өсіруді қалпына

келтіріп, осы күнгі дәрежеде мол пайдасын көру - қоғамның үлкен мақсаты

болуға тиіс. Осыған орай мал шаруашылығын дамытуда үлкен кедергі

болатын, әрі экономикалық шығын әкелетін малдың жұқпалы және жұқпалы

емес ауруларын болдырмай алдын алып, тиімді ем көрсету негізгі міндет

болып табылады. Қазіргі таңда жұқпалы емес аурулар арасында мал

шаруашылығына үлкен экономикалық шығын әкелетін хирургиялық аурулар.

Оның ішінде жануарлардың жарық патологиясы кеңінен таралған. Жалпы

Жарық патологиясы хирургиялық аурулардың 2 - 12 % - ын құрап отыр.

Аталған патология шаруашылықтар мен қожалықтарға үлкен

экономикалық щығын әкелуден басқа, әртүрлі патологиялық асқынулар

тудырады. Әрине бұның әсерінен малдың қоңдылығы, өнімі, ет, сүт, жүн,

мөлшері төмендеп біраз экономикалық шығынға ұщыратады.

Қазіргі кезде Отандық және Шетелдік әдебиеттерде герниотомияның

көптеген тәсілдері ұсынылған. Алайда бұрынғы уақытта жарық пайда болған

жануарларды емдеу, КСРО кезінде көптеген мамандардың пікірінше тиімсіз

саналған. Алайда бұл пікір қазіргі кезде теріске шығарылып, аса құнды

жануарларға оперативтік ем жүргізілу қолға алынған.

2

Жарық патологиясы қаншама зерттелгеніне қарамай, бүгінгі таңда

ветеринариялық медицинаның ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл

бірінші кезекте, аурудың патогенезі мен этиологиясын ескеріп, жарықтың

оперативтік емінің әдістерін ұйымдастыру-алға қойылған мақсаттардың

негізі болды.

3

Әдебиетке шолу

Жарық деп, ішкі мүшелердің терінің астына, көршілес қуыстарға, табиғи каналдарға түсіп кететіні сияқты, түрліше жағдайларға байланысты іш қуысынан шығып кетуін айтады. ( Чередков, 1953 )

Жарық дегеніміз ішкі мүшелердің табиғи, не жасанды тесік арқылы

белгілі бір анатомиялық қуыстан мұны көмкерген сірі қабықпен ( көк

шандыр, плевра, ми қабықтары ) ілесе шығуы. ( Бородин. И. Ф, 1986 )

Ол жарық сақинасы, жарық қапшығы және жарық түсіндісінен тұрады.

Жарық сақинасының көлемі мен пішіні әртүрлі болады. Ол әдетте ішіне

түскен мүшелерден тарлау келеді.

Біз байқаған жағдайларда жарық сақинасының көлемі 3-5сантиметрден 10-18 сартиметрге дейін жетеді. ( Спицерев. А. Х, 1964 )

“Құрсақтың сыртқы жағында, - деп жазды профессор И. И. Магда, - үш түрлі анатомиялық белгі - ішкі мүшелер сырғанап шығатын тесік- жарық қақпасы, ішкі мүшелерді сырттай көмкере дүмпиіп щыққан сірі қабық - жарық қапшығы, ішек, шарбы, қуық сияқты мүшелердің жиынтығы - жарық түсіндісі бар.

Кейбір ғалымдар жарықта екі қап бар деп есептейді. Оның бірі кернеліп

дүмпиген теріден тұратын сыртқы қап болса, екіншісі - тері астына дүмпиіп

шыққан көк шандырдан тұратын ішкі қап. ( Дубровский. А. В, 1966 )

Ал орыстың ежелгі қолжазбаларында жарық “килой” деп аталған. (грекше - “kele”, латынша - “hernia”, тікелей аударғанда “өсінді”, “бұтақ” деген мағынаны білдіреді. )

Бірнеше шет елдерде жарықты қуыстар қабырғасының бүтіндігінің

бұзылуымен түсіндіреді. ( немісше - “der bruch”, французша - “rompure”,

ағылшынша- “rupture”. ) Яғни “жарық” термині абдоминалдық қабырғасының

дефектісімен түсіндіріледі. ( Калашник. И. А, Шалдуга. Н. Е, 1952 )

Ал бірнеше авторлар жарықтың пайда болуына қуыс қабырғаларының

4

құрлымының өзгеруімен байланыстырады.

Жарық тесігі табиғи саңылаулар- кіндік сақинасы, шап каналы, жамбас

каналы немесе жасанды- анатомиялық қуыстар қабырғасының жыртылуынан

пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жарық тесігі тар болған жағдайда оны -

жарық сақинасы, ал кең болса - жарық қақпасы, ұзыншалау болса - жарық

каналы деп атайды. ( Бурденюк. А. Ф, Власенко. В. М, 1985)

Кіндік жарығының пайда болуына туа бітуімен қатар, механикалық

әсерлер, малды күту және азықтандыру талаптарының бұзылуымен тығыз

байланысты. Бұндай жағдайда іш жүрмей қалу, іші қату, құрсақішілік

қысымның көтерілуі, сондай-ақ кіндік сақинасының кең болуы да үлкен

септігін тигізеді. Сонымен қатар төлдердің кіндік жарығы қоңдылығының

төмендеуімен де тығыз байланысты. ( Сунагатуллин. Ф. А, 1984 )

Ф. Л. Задвирныйдың мәліметі бойынша төлдер кіндік жарығымен

тумайды. Бұл патология мындай анатомиялық ерешеліктерінен болуы мүмкін

деген пікір айтады. Ол төмендегідей анатомиялық зерттеулер жүргізген.

Жаңа туған төлдер мен торайлардың кіндік қантамырлары, кіндік сақинасы

арқылы өткен және сақинасының айналасы бос, әлсіз болатынын анықтаған.

Бұлар құрсақ қуысына қарама-қарсы бағытта орналасқан; кіндік венасы -

краниальды бағытта бауырға, ал кіндік артериясы мен урахус - каудальды

бағытта омыртқалардың белдік бөліміне қарай өткен. Кіндік

қантамырларының бұлай орналасуы, кіндік бауының қатты керілуі немесе

тартылуы кезінде кіндік сақинасын кеңейтіп жібереді.

Шошқаның буаздығының соңғы күндері жатыр мүйізінің ұзындығы 2-

3, 5 метрге дейін жетеді. (Жолнерович М. Л, 1999г. ) Бұл уақытта торайлардың

кіндігінің ұзындығы 45-52 сантиметр болады. Бұл торайлардың туылуы

кезінде кіндік бауының кіндік сақинасын кеңейтіп жіберуіне ықпалын

тигізеді. Жаңа туған торайларда кіндігін кесу кезінде осыған ұқсас жағдайлар

жиі болып тұрады.

Сан жарығы деп құрсақ қуысы ағзаларының тігінші, тік, айдарлы,

5

мықын бел, төртбасты бұлшықеттің медиальды басының арасында, санның

медиальды бөлігінде орналасқан сан өзегінен шығуын айтады. Медиальды

жағынан барлық аяқтар сияқты сан фасциясы және терімен жабылған. Өзек

кіреберісі ішкі шап сақинасының артында қасаға сүйегіне тіреледі. Өзек

қуысы құрсақ қуысынан көлденең құрсақ фасциясы және ішпердемен

бөлінген.

Қалыпты сан өзегінде сафенус жүйкесі, сан венасы мен артериясы

өтеді. Өзек ажырағанда онда ішек ілмектері, шарбы май, қаншықтарда-жатыр

мүйізі анықталуы мүмкін.

Сан жарығының себебі құрсақішілік қысымның аса тым жоғарылауы

болып табылады. Ондай жағдайлар ішек метеоризмінде, туу кезінде,

шаншуларда болады. Санның ішкі жағында жұмсақ, ауру сезімсіз, тауық

жұмыртқасындай ісіну анықталады. Жануар зақымданған аяғын артқа қояды.

Жарық қысылса, ол ыстық, ауру сезіммен болады. Жануар ақсауы мүмкін.

Ірі жануарларда ректальды зерттеумен ішек ілмектерін, шарбы майды

анықтауға болады. Диагнозды клиникалық белгілеріне, ал ірі жануарларда

ректальды зерттеулерге қарап қояды.

Шап және ұма аумағындағы барлық жарықтарды шап-ұма жарығы деп

атайды. Құрсақ қуысындағы мүшелер шап каналы немесе ұма арқылы түсіп

кетеді.

Бұл жарық жиі шошқаларда, иттерде, сирек жылқыларда және өте

сирегірек басқа жануарларда кездеседі.

Б. М. Оливков шап-ұма жарығын жарық қапшығының ішіндегі

мүшелердің орналасуы мен түскен жеріне байланысты былайша жіктейді:

1) Қынап каналының жарығы - жарық түсіндісінің ( ішек, қуық, ) қынап

каналы арқылы түсіп кетуін айтады.

2) Интравагинальдық жарық - жарық түсіндісі қынап каналы арқылы

жалпы қынаптық қабық қуысына түсуін айтады.

3) Шын шап жарығы- жарық қапшығы ішіндегісімен бірге (шап каналы

6

жыртылған жағдайда ) қынаптық каналдың сыртына түсіп кетуін айтады.

4) Шын ұма жарығы - жалпы қынаптық қабық пен фасцияны қамты -май, тек шап каналына жақын құрсақ қабырғасы жыртылған жағдайда, жарық қапшығы ішіндегісімен бірге ұма қуысына түседі.

Осыған ұқсас жылқылардың шап-ұма жарығын И. Е. Поваженко

сипаттап, оны “hernia paraunqvinales” деп атады.

Жануарлардың шап-ұма жарықтарының этиологиясы туралы

әдебиеттерде әртүрлі деректер бар. Көптеген авторлар бұл жарықтың

этиологиясын туа біткен және жүре пайда болған деп екіге бөледі. Соңғысы

ересек торайларда шап бөлімінің құрсақ қабырғасына механикалық әсердің

нәтижесінде пайда болады.

Шап-ұма жарығы этиологиясында малдарды күту мен азықтандыру

шарттары үлкен маңызды роль атқарады. Құрсақ қабырғасының жарақаты

кіндікті дөрекі кесу, қатты жөтел және дефекацияның бұзылуы ( іш қату, іші

жүрмеу ) әртүрлі аурулар, сондай-ақ жүдеулік шап аумағының бұлшық - еттерінің әлсіреуіне әкеп соқтырады. ( Ф. Ф. Миллер, Г. С. Мастыко, 1954 ) .

Жылқылардың шап жарығы - шап сақинасы кең болған жағдайда,

Құрсақішілік қысым жоғары болған кезде және өте ауыр жұмысқа салған

уақытта пайда болады. Бұндайды И. И. Шантырь жіті өтетін жарықтар деп

атайды. Олар көбінесе қысылған болып келеді.

И. И. Шантырь және Ф. Ф. Миллердің айтуы бойынша бұндай аурулар

тұқымқуалау арқылы беріледі.

А. В. Дубровский дені сау еркек торайлар мен жарыққа бейім торай - лардың шап каналы аумағының анатомо - топографиясын зерттеу кезінде, жарыққа бейімділердің қалыпты жағдайдан туа біткен анатомиялық ауытқу - ларын тапты. Яғни жарыққа бейімділердің шап каналының кеңеюімен қатар, сыртқы кремастердің қалыңдағаны байқалған. Былайша айтқанда сыртқы кремастерде ісіктер түзіліп, кей жағдайда шап каналында өзгерістер жүрген -діктен, іштің ішкі қисық бұлшықеттерінен тым көп мөлшерде бұлшықет

7

талшықтары бөлініп түседі. Бұнымен байланысты шап аралығы мөлшері ұлғайып, сондықтан ішкі шап сақинасы арқылы ішек ілмегі оңай өтіп кетеді.

Құрсақ жарығының басты себептері: күшті жарақат (сүзісу, тебу, құлау

т. б. ), туу кезіндегі патологиялар болып саналады. Сонымен қатар жайылым

кезінде мал ағаш түбірінің немесе тастың үстіне жатып қалғанда да жарық - тың пайда болуына үлкен себепкер болады.

Ал аралық (промежностная грыжа) жарығының пайда болуына негізгі себепкер күшену кезінде, тік ішектің, қынаптың айналып түсуі, іш қату, сиырларда ауыр толғақ кезінде болады. Еркек жануарларда көпіршікті безінің қабынуы жарықтың пайда болуына себепкер болады. Бұл жарықтың пайда болуы әр түлік малдарда жынысына тәуелді емес. Еркек малдарда тік ішек пен құйрықтың аралығында, ұрғашы малдарда қынап пен тік ішек жанында пайда болады. ( А. Ф. Бурденюк, 1985 )

Ал сан жарығының пайда болуына жоғарғыда айтылғандардан басқа шаншу мен ішек метеоризмі кезінде болады.

Кіндік жарығы кезінде кіндік тұсында жұмсақ, иілімді, жоғары темпера-турасыз, ауырсынусыз, дөңгелек немесе алмұрт тәрізді ісікше пайда болады. Ісікшенің көлемі әр түлік жануарларда әр түрлі; жылқыда - жаңа басталып келе жатқан мезгілде ересек адамның жұдырығының көлеміндей, ірі қара мал мен қойда тауық жұмыртқасындай, ал шошқа мен итте бұршақ көлеміндей болады. Кейінірек ісікше біртіндеп ұлғая бастайды, бұл жарық тесігінің диаметрі мен жарық түсіндісінің көлеміне тәуелді жиі өзгеріп тұрады.

Егер жарық қапшығының ішінде ішек ілмегі түсіп кетсе, онда перкуссия

кезінде тимпаниялық дыбыс, кейде бәсең дыбыс, не перистальтикалық дыбыс

естіледі.

Салынатын жарықта жарық тесігіне жарық түсіндісін салу кезінде жарық сақинасының мөлшеі мен пішінін анықтауға болады. Ал салынбай - тын жарық кезінде жарық қапшығы кішіреймей, тіпті жарық тесігі табылмайды.

8

Қысылған жарық кезінде ісікше ауырсынып керіліп тұрады. Темпера - турасы жоғары болып, жануар мазасызданады. Құлындарда қатты шаншу болып, қойлар жатып қалады. Ит пен шошқаларда құсу байқалады. Салына - тын кіндік жарығына клиникалық белгілері бойынша оңай диагноз қоюға болады. Ал салынбайтын жарықта абсцестен, гранулемадан, кистадан ажырату керек.

Абсцесс жарықпен бірге бір уақытта жиі болады, бірақ жарық қапшығы ның терісінде орналасады. Бұндай жарықтар көбінесе салынатын болып келеді. Абсцесте тығыз, шектелген, кейде ауырсыну, флюктуация байқалып, іріңді өзектер пайда болады.

Кистада ауырсынусыз, сұйықтың қозғалуы байқалып, жоғары темпера - турасыз, көлемі жаңғақтан қаз жұмыртқасының мөлшеріндей болады. Пунк - ция жасағанда сабан-сарғыш түсті сұйық ағады. Жануардың жалпы жағдайы өзгермейді.

Кіндік гранулемасы кезінде, тығыз, қаттылау ісікше пайда болады,

ешқандай ауырсынусыз, жоғары температурасы болмайды. Басып көргенде

көлемінде еш өзгеріс болмайды. (Власенко. В. М, 1985) .

Қынап каналы жарығы жиі болып тұрады. Алайда оған клиникалық

белгілері бойынша сирек диагноз қойылады. Тіпті ұма аумағында сырт қара - ғанда ешқандай өзгеріс байқалмайды. Пальпациялағанда ұмада жұмсақ, қабыну белгілерінсіз ісікшені байқауға болады. Ал ірі қара малдарға тік ішек

арқылы зерттеп диагноз қоюға болады.

Интравагинальдық жарықта ұма бір жағына қарай екі-үш есе ұлғаяды.

Томпайған жер эластикалық, ауру сезімсіз. Егер жануарды арқасына бекітіп,

бір қолмен енді ұстап, жарық құрамын түзетіп және шап сақинасын пальпа - циялауға болады. (Воскобойников В. М. 1957г. )

Тіпті қошқарларда кейде бірінші бақай сүйектерінің деңгейіне дейін жетеді.

Шын шап жарықтарында ен жоғары тартылады, жамбас буынының

маңында қозғалыстары қиындайды, өте қатты ауру сезімі болады. Қысылған

9

жарық жылқыларда болса, шаншу байқалады. Диагнозды ректальды зерттеу -мен дәлелдейді. Шын ұма жарығында ішкі ағзалардан тұратын жарық қабы бұлшықетті-эластикалық және жалпы қынап қабығы арасында болса, ұма бірден үлкейеді. Жылқыларда ол ректальды зерттеуде анықталады.

Шап-ұма жарықтарына нақты диагноз қою өте қиынға түседі. Алайда клиникалық зерттеу нәтижелері ісікшенің орналасқан орнын анықтауға септігін тигізеді. Егер салынатын жарық болса, онда жарық қақпасының орны мен пішінін анықтауға болады. Ал қысылған жарықтың жергілікті белгілері байқалмайды, бірақ жануардың жалпы жағдайы басқа қысылған жарықтардағыдай күйде болады. Шап-ұма жарықтарын еннің басқа аурулары- орхиттен, гидроцеледен, гематоцеледен, варикоцеледен және жаңадан түзілген ісіктерден ажырату қажет.

Ф. М. Шиенок мынадай жағдайды сипаттап жазды: “Екі жақты интра -вагинальды жарық диагнозымен емханаға түскен жануардың ұмасын кескен кезде, жалпы қынаптық қабықта үлкендігі көгершін жұмыртқасынан тауық жұмыртқасының көлеміндей болатын, тұнық емес сұйыққа толы көпіршіктер табылды. Яғни диагнозы-цистицеркоз деп қойылды. ”

А. Л. Хохлов пен С. Р. Жуманов жылқының құрсақ жарығы мен ішек

түсуінің дифференциялдық диагностикасын өте жақсы көрсете білді:

1) Құрсақ жарығында жарық қақпасы көп уақыт бойы өзгеріссіз қалады

және ішпердемен қапталғаннан кейін, көпке дейін жазылып бітпейді.

Ішек түсуі кезінде, жарық қақпасы валик тәрізді қалыңдайды, сонымен

қатар асептикалық қабыну белгілерімен сипатталады. Жақсы жағдай болған -да 1-2 айдан кейін жазылып кетеді.

2) Құрсақ жарығы жаңа пайда болған кезінде, жарық қапшығы қабырға - сы жұмсақ, эластинді, жұқа, ал ескі кезінде қалыңырақ, дөрекілеу болады.

Ішек түсуі кезінде тері астында сірлі қабық болмайды да, ішек қабырға- сы терімен бірге бітіп кетеді.

3) Тік ішек арқылы зерттеу кезінде, жарық қақпасы жылтыр, тегіс,

10

қалыңдамаған, жұқа болады.

Ал ішек түсуі кезінде жарық қақпасы тегіс емес, шеттері жырымдалған,

айналасына дәнекер ұлпа өсіп кетеді.

4) Құрсақ жарығы кезінде тесіп көргенде, сабан түсті, мөлдір, перито - неальды сұйық ағады.

Ішек түсуі кезінде қызыл түсті, кейде қан аралас сұйық ағады. Кей

жағдайда құрсақ жарығын гемотамадан ажырату қиынға түседі. Алайда гема- тома кезінде аспирация жасағанда, қан ағып, ісікше көлемі төмендейді, ал ішек түсуі кезінде ешқандай өзгеріссіз қалады.

Кіндік жарығы кезінде консервативтік және оперативтік ем қолданыла - ды. Консервативтік ем құрсақ қабырғасының дәнекер ұлпасының ақауларын жабу үшін жүргізіледі. Бұл үшін мысықтарға, күшіктерге 2-3 апта бұлшықетке люголь ерітіндісін немесе 95% спиртті иньекциялап, жарық түсіндісін орнына салғаннан кейін, тітіркендіргіш мазьдармен сүртіп, жарық сақинасына массаж жасап лейкопластрьмен жабыстырып қояды.

(Паршин. А. A, Соболев. В. А, Созинов. В. А, 2005) .

Қазіргі кезде кіндік жарығын емдеудің көптеген оперативтік әдістері

қолданылады.

Гутман әдісі. Теріні кесіп, (жарық қапшығын) астындағы сірлі қабықты

ажыратады. Сірлі қабықты кеспей, жарық түсіндісі құрсақ қуысына салынады. Жарық сақинасына бірнеше үзілмелі тігіс салады. Бұл тігіс тек қана бұлшықетті-апонефротикалық қабатты қамтиды. Кейіннен жарық сақинасы сірлі қабықпен бірге бітіп кетеді. Артық теріні кесіп, екі қабатты үзілмелі тігіс салады.

Сапожников әдісі. Жарық түсіндісін құрсақ қуысына итеріп, ал ажыра -тылып алынған жарық қапшығын 2-3 рет бұрап кетгутпен тігеді де, жарық сақинасына енгізеді. Айналасын Ламбер әдісімен түйінді тігіспен біріктіреді.

Геринг-Седамградский әдісі. Бұнда жарық сақинасы жабылады. Бұл тә-

сіл жарық сақинасы тар болған кезде қолданылады.

11

Оливковтың бірінші тәсілі. Егер жарық сақинасының диаметрі 2 санти- метрден артық болмаған жағдайда қолданылады. Теріні кескеннен кейін, перитонеальды қапшықты ажыратып, оны бұрайды да, ұзын лигатурамен тігеді. Лигатураның ұштарымен жарық сақинасының айналасын қарама-қарсы алып тігеді. Жіптің ұштарын тартып тұрып байлағанда, перитонеальды жарық қапшығы жарық тесігіне қарай жақындай түседі.

Оливковтың екінші тәсілі. Бұл теріден құрсақ фасциясын ажырату мүм-кін болмаған жағдайда қолданылады. Бұл үшін теріні дөңгелектеп кесіп, кесілген жерден төмен қарай, құрсақ фасциясын кіндік сақинасына дейін, теріден ажыратып, жарық түсіндісін құрсақ қуысына салады. Содан соң перитонеальды қапшықты қысқышпен қысып ұстап, ұзын жіппен қысқыштың астынан байлайды. Лигатураның екі ұшын тең етіп қалдырады. Пинцеттен төмен жерден ұлпаның бітіп өскен жерін кесіп алып тастайды. Сосын жіпті қарама-қарсы өткізіп, жарық сақинасының айналасын тігіп байлайды.

Оливковтың үшінші тәсілі. Бұл жарық сақинасы кең жарықтарға арнал- ған. Теріні кесіп, перитонеальды қапшықты ажыратып, ұзын жіппен кеңірдек тәріздетіп тігеді. Жіптің ұшын жарық қақпасының айналасынан өткізіп, тар- тып байлайды. Перитонеальды қапшық қатпарланып жиналады, алайда оны жарық қақпасында саңылау қалмас үшін бақылауға алады.

Задвирнов тәсілі. Кіндік жарығы рецидив бергенде және жарық түсінді-сі тек жарық саңылауы емес, тігіс орнында жыртылыстардан да өтіп кеткенде ұсынылады.

Бөлінген және құрсақ қуысына кіргізілген серозды-фасциальды жарық

қабын, жарық сақинасы үстінен түзеп, ішпердені жібек жіптермен тігеді. Тігіс салу үшін жартылай доғал инені қолданған жөн. Инені жарық сақинасы

жиегінің бүйіріне енгізеді. Жарық сақинасын екі саусақпен бақылай отырып,

іш қабырғасын және жарық қапшығының қатпарын тесеміз. Тігісті аздап тар- тамызда екі валикпен фиксациялайды. Келесі тігісті сондай аралықта жарық

12

сақинасының келесі жағынан салады. Осындай тізбекпен жарық қатпарларын түзей отырып, 4-6 тігіспен жарық сақинасы маңына фиксациялаймыз. Жарық сақинасының жиектерін бірнеше тартылулармен біріктіреді. Соңғы тартылуды жасамастан бұрын жарық сақинасының саңылауына инесі жоқ шприцпен 250 000 ӘБ. 10-15 мл 1% новокаин ерітіндісін енгіземіз. Тері жарасының жиектерін кәдімгі түйінді тігіспен бекітеміз.

Т. В. Турбина және А. Б. Карпетова жарық қабшығы биологиялық там- пон ретінде қолданылса өршудің алдын-алатыны туралы айтты.

Алексеев П А құрсақ кернелгенде, құрсақ қабырғасы ақ сызықтан шет-ке тартылатынын ескеріп, жарық сақинасын ұзыннан емес, көлденеңінен қосуды ұсынды.

Кіндік жарығының рецедивтері жиі болады. Онда жарық кіреберісі-

кіндік сақинасы емес, хирургиялық инелердің тескен жерлерінен жыртып

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иттің түскен тік ішегінің оперативтік емі
Шап - ұмалық жарық және операция жасау
Еркек малды пішу
Шап жарықтары және оны емдеу тәсілдері
Пішетін малдың жасы, уақыты, орыны жне пішуге даярлау
Интравагинальды ұма жарықтары. Кіндік жарығы
Косметикалық операция кезінде болатын қан ағудың түрлері, тоқтату жолдары Косметикалық операция жарақаттарына тігіс салу ерекшеліктері
Жануарларды пішу жайында
Сиыр мен бұқаны пішу
Пішуден кейінгі қан ағуды емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz