Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Музыка сабағында оқушылардың вокалды-хор дағдыларын қалыптастыру технологиясы

ТҮЙІН

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының, 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығының сырттай білім беру факультетінің бітіруші МИП-27-1 тобының білімгері Ахматова Әселдің «Музыка сабағында оқушылардың вокалды-хор дағдыларын қалыптастыру технологиясы» тақырыбында жазған дипломдық жұмысы.

Зерттеу пәні: мектеп музыка сабағы және хор үйірмесі;

Зерттеу мақсаты: мектеп музыка сабағы және хор үйірмесіндегі оқушының вокалдық әншілік дауысын қалыптастырудың, сақтаудың әдістерін анықтау;

Дипломдық жұмыс : кіріспе, негізгі бөлім, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

АННОТАЦИЯ

На дипломную работу студентку группы МИП-27-1, специальности 5В010600 «Музыкальное образование», факультета заочного образования, Таразского государственного педагогического института Ахматовой Асель, выполненную на тему: «Технология формирования вокально-хорвых навыков учащихся на уроке музыки».

Предмет исследования - урок музыки и школьный хоровой кружок.

Цель исследования - определить технологию формирования и охраны вокально певческого голоса учащихся общеобразовательных школ .

Структура дипломной работы- дипломная работа состоит из введения, двух глав, заключения и списка использованной литературы .

The Summary

On degree job of the student of group МIP-27-1, speciality 5В010600 "Music educations", faculty of correspondence education, Тaraz of state pedagogical institute Ahmatova Asel, executed on a theme: " Technology formation and protection bokale of a vote of the pupils in a school choral circle ".

Subject of research a choral circle of school.

The purpose of research - to define tehnology of formation and protection of a vote of learning comprehensive schools.

The structure of degree job degree job consists of introduction two chapters, conclusion and list of the used literatures.

Жұмыстың мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Оқушыларға музыкалық тәрбие берудегі вокал және хор өнерінің маңызы

1. 1 Жалпы вокалды- хор өнерінің дамуы мен қалыптасу тарихы . . . 6

1. 2 Мектепте оқушыларды вокалды- хор өнеріне баулу арқылы әншілік дауыстарын қалыптастырудың тәрбиелік маңызы . . . 10

Тұжырым . . . 17

2. Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы

2. 1 Мектеп оқушыларына арналған вокалды- хор үйірмесі жұмысы . . . 18

2. 2 Мектеп оқушысының жас ерекшеліктері негізінде вокалды - хорға баулудағы әншілік дауыстарын қалыптастыру жолдары . . . 38

Тұжырым . . . 52

Қорытынды . . . 61

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 63

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі : «Қазақстан - 2030» стратегиясы анықтап берген және Республиканың ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттерінің бірі мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосар білімді мәдениетті жастарды тәрбиелеу болып табылады. [1]

Егеменді еліміздің ертеңі, болашағы, жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруде музыкалық тәрбиенің орны зор болып табылады.

Жаңа қазақ балаларының отан сүйгіш ұлтжанды, өз елінің патриоты болып өсуіне, өз халқының тарихын біле отыра, оның халықтық музыка өнері туралы мақтанышпен игеріп білуге тәрбиелейтін бірден -бір құрал музыка болғандықтан, соның ішіндегі ерекше жанр вокалды-хор музыкасы, баланы көпшіл болуға, өз достарын сыйлауға, саптажәне жеке тұрып ән орындауға, вокал өнерінен дәріс алуға, сондай-ақ түрлі халықтық, әлемдік музыкалық шығармаларды ұжым болып, жеке және көппен айтуға, орындауға баулуда тағыда хор өнерінің мүмкіншілігі өте зор екендігін көреміз.

Қазақ халқының жалпы ән айту дәстүрінде көпдауыста үндесіп ән айтпасада, олар бір дауыста яғни унисонда бірігіп, көпшілік болып түрлі ойын тойлары мен қуаныштарында, ас-жиындарында ән шырқағанын тарихи деректер арқылы білеміз.

Қәзіргі Қазақстан музыка өнері әлемдік деңгейде қарыштап дамыған. Музыка жанрының қай саласын алмасақта барлығынан музыкалық кәсіби деңгейдегі түрлі орындаушыларымыз әлем халқына өз өнерлерін паш етіп жатыр.

Қазақ халқы әншіл ұлттардың біріне жатады. Халқымыздың түрлі салт дәстүрлеріне байланысты үлкен жиындары, тойлары ән айту мен күй тартудан, сондай-ақ көп болып бір дауысты ән орындау «жар-жар», «той жыры» т. б. сияқты халықтық ән орындау дәстүріне айналған.

Хор және вокал өнері халқымызға өткен ғасырдың басында келіп, қәзіргі уақытта шарықтау шегіне жетті. Хор өнері мен оқушылардың вокалдық ән орындаушылық және дауыстарының қалыптастыру мәселелері туралы зерттеулер әдістемелік теориялары мен тәжірибелері : Добровольская И., Орлова Н., Қарамолдаева Г., Ахметова М., Исағұлова А., Дүйсембінова Р. Қ., Бандина А., Попов В., Абелян Л., Горяева Н. А., Орлова Г., Бекина С., Жакеева Б., Абдуллин Э. Б., Николаева Е. В., Колесникова Г. А., Қыдырбаева Қ. Қ., Орленин В. П., Соколов В., Стулова Г., Балтабаев М. Х., Струве Г. А., Байділдаев Ө., Жәрдемалиева Р. Р. сынды ресей және қазақ ғалым музыкант- педагогтарының еңбектерінен көрініс тапты.

Мектептердегі музыка сабағындағы ән орындау сыныптық көпшілік ән орындау немесе хормен айтуға жатады. Бұл іс-әрекет оқукшылардың вокалды-хор дағдыларының қалыптастырады. Вокалды-хор дағдыларын сауатты қалыптастыру қәзіргі кезеңде жаңашыл технологияларды меңгеруді талап етеді. Жалпы білім беретін мектептерде оқу пәні музыка сабақтарында және сыныптан тыс хор және вокал үйірмелерін ұйымдастыру үдерісінде оқушылардың вокалды-хор дағдыларын меңгерту жұмыстары жолға қойылған. Түрлі жастағы оқушылар музыка сабағы мен мектеп хорында бірігіп ән орындау арқылы жалпы вокалдық-хор дағдыларын меңгеріп орындаушылық шеберлігіне баулынады. . Хор және вокал өнеріне мектеп оқушыларын баулу арқылы әншілік дауыстарын қалыптастырудың тиімді әдістері мен технологияларының мәнін анықтау мақсатында тақырыпты: «Музыка сабағында оқушылардың вокалды-хор дағдыларын қалыптастыру технологиясы» деп таңдадық.

Зерттеу мақсаты : Мектептегі музыка сабағында және хор үйірмесінде оқушының вокалдық-хор дағдыларын қалыптастыру технологиясын қолдану арқылы әншілік дауыстарын қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтау;

Зерттеу нысаны : оқушыларды хор және вокал өнеріне баулу арқылы, мектеп оқушысының дауыстарын қаплыптастыру мазмұндары.

Зерттеу пәні : музыка сабағында және оқушылар хорын ұйымдастыру арқылы, мектеп оқушысының вокалды-хор өнерін игерте отыра әншілік дауыстарын қалыптастыру үрдісі;

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер оқушыларды вокал және хор өнеріне баулу жұмыстары негізінде, оқушының әншілік дауыстарын қалыптастырудың тиімді әдістері теориялық тұрғыда негізделіп және оның әдістемесі жасалса, музыка сабағында, вокал және хор үйірмесінде оқушылардың әншілік дауыстарын қалыптастырудың мүмкіндіктері анықталып, педагогикалық шарттары айқындалса, онда музыка сабағында хор үйірмесінде оқушылардың әншілік дауыстарының дұрыс қалыптастырудың әдістемелік тиімді жолдары қәзіргі оқушының ән орындаушылық талаптарына сай болады, өйткені ол оқушының табиғи дауысының дұрыс қалыптасуына, ән орындаушылық дағдысының артуына ықпал жасайды;

Зерттеудің міндеттері :

- хор өнерінің дамуы туралы теориялық тұрғыда талдау жасау;

- мектепте оқушыларды хор өнеріне баулу арқылы әншілік дауыстарын қалыптастырудың тәрбиелік маңызын анықтау;

- мектеп оқушыларына арналған хор үйірмесі жұмысының әдістемелік талапқа сай жүргізу әдістемесіне сипаттама беру;

мектеп оқушысының жас ерекшеліктері негізінде хорға баулудағы дауысын қалыптастырудың іс - шараларының үлгі жоспарларын дайындау;

- Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері : музыкатану, музыка тарихы, музыкалық-психологиялық, музыкалық-педагогикалық концепциялар, музыкалық білім беру әдістемелері;

Зерттеу көздері: Қазақстан республикасы Президентінің Халыққа жолдаулары, зерттеу тақырыбына байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, «Білім туралы Заңы» /2007/. Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары, оқу-тәрбие үрдісіндегі озат тәжірибелер, оқу-әдістемелік құралдар және ҚР үкіметінің ресми құжаттары, қаулы -қарарлары;

Зерттеу кезеңдері :

1 кезеңде /2011 қыркүйек-желтоқсан айлары/ зертеу мәселесі бойынша музыкалық-педагогикалық әдістемелік әдебиеттерге шолу, талдау жасалды, мектептегі педагогикалық тәжірибе кезеңінде эксперименттік бақылау жұмыстары жүргізілді;

2 кезеңде /2012, қаңтар-мамыр айларында/ зерттеу тақырыбы бойынша материалдар қайта өңделіп, жұмыстың негізгі бөлімі, кіріспе, қорытынды дайындалды;

Зерттеу базасы : Тәжірибелік эксперименттік жұмыстар Тараз қаласы №36 орта мектебінде жүргізілді;

Зерттеу әдістері : зерттеу мәселесі бойынша музыкалық -педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, мектептегі хор үйірмесінде оқушылардың әншілік дауыстарын қалыптастырудың тиімді әдістерін ұсыну, әңгіме - сұхбат, сауалдамалар жүргізу, оларды сараптау, нәтижелерін шығару;

Зерттеудің практикалық мәні:

- зерттеу нәтижелерін мектепте хор үйірмесін жүргізудегі оқушылардың әншілік дауыстарын қалыптастырудың тиімді әдістемелерін жетілдіру мақсатында мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде, жоғарғы оқу орнында музыкалық білім бөлімдерінде пайдалануға болады;

Дипломдық жұмыстың құрылымы :

Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Кіріспе бөлімде зертеу жұмысының көкейкестілігі, объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы, практикалық маңызы, базасы, кезеңдері, құрылымы қамтылды.

Негізгі бөлімнің бірінші тарауында хор өнерінің дамуы туралы теориялық тұрғыда талдау жасалынды; мектепте оқушыларды хор өнеріне баулу арқылы әншілік дауыстарын қалыптастырудың тәрбиелік маңызын анықталды;

Екінші тарауында - мектеп оқушыларына арналған хор үйірмесі жұмысының әдістемелік талапқа сай жүргізу әдістемесіне сипаттама берілді;

мектеп оқушысының жас ерекшеліктері негізінде хорға баулудағы дауысын қалыптастырудың іс - шараларының үлгі жоспарларын дайындалды;

Қорытындыда жұмыстың зерттеу нәтижелері негізделген тұжырымдамалар мен ұсыныстар берілді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне зерттеу жұмысына байланысты қолданылған әдебиеттер енгізілді.

1. Оқушыларға музыкалық тәрбие берудегі вокал және хор өнерінің маңызы

  1. Жалпы вокалды-хор өнерінің дамуы мен қалыптасу тарихы

Басқа өнер түрлері сияқты хор өнері де қоғамдық ой-санасының негізгі бір формасы. Хор өнерінің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол - сөз өнері, музыка, орындаушылық шеберлігі, көркемдік бейнелеу, сахна, т. б. өнердің амал-тәсілдерін бойына жинаған синтездік өнер.

Хормен ән орындау танымдық өсу жолында эстетикалық көзқарастың қалыптасуына, сонымен қатар, еліміздегі жалпы музыкалық мәдениетіміздің өсу саласында аса маңызды орын алады.

Хор - грекше - «хорес», қазақша мағынасы (топ, жиын) деген мағынан білдіреді. Хор халық арасына кеңінен таралып қанат жайып дамып келеді. Хор- әртүрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып, ұйымдасқан ұжым. Хор ұжымын құру, оның жұмысын бір жүйеге келтіру хор жетекшілеріне жүктеледі. [26]

Вокал - французша- vokale- қазақша мағынасы дауыс яғни дауыспен ән орындау деген мағынаны білідіреді. [26]

Концерттерге музыкалық шығармалар хор жетекшісінің, яғни дирижердің басқаруымен орындалады. Дауыстар диапазонына қарай төмендегідей болып топтасады: әйелдердің жоғарғы дауысы - сопрано. Ерлердің төменгі дауысы - бас. Әйелдердің төменгі дауысы - альт. Ерлердің жоғарғы дауысы - тенор. Балалар жоғары дауысы дисконт деп айтылады, төменгі дауысын альт дейміз.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап елімізде көркем өнерпаздарымыздың халықтық хормен ән салу қозғалысы кең бағытта шарықтап үгіттелді және өкімет тарапынан да қолдау жоғары болды.

Орта Азия халықтары секілді қазақ халқының хор өнері Ұлы Қазан төнкерісінен бұрын болған жоқ деген пікірге қарсымыз, себебі халықта барлығы қосылып унисонмен хор айту дәстурі болған. Жеке ән салуды былай қойғанда, халық қосылып ән салуға селқос болмаған. Ойын-сауықтарда екіге бөлініп, бірі бастап, қалғаны қоштай отырып «сендер де қосылыңдар» деген қошамет тілектерден соң шарықтап кеткен.

ХХ ғасырдың 30-жылдары басында ақ Қазақстанда хор айту тәсілдері профессионалдық тұрғыда дамуға бет алды. Осы кезеңде хор айту өнерін Құрманбек Жандарбеков, Елубай Өмірзақов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақовтар секілді ұлағатты өнер қайраткерлері қойылымның бірінші бөлімінде драмалық шығармада ойнаса, екінші бөлімінде бірнеше дауысты хормен халық әндерін орындаған.

1933 жылы Қазақстанда алғашқы музыкалық театрдың ашылуына байланысты Қазақ драма театрының жанынан ән, хор айтушы артистер тобы бөлініп шықты және сол жылы Қарағанды радио комитеті жанынан хор коллективі құрылып, оны Б. А. Орлов, В. С. Пирогова ұйымдастырды.

1934 жылы Семей қаласында қазақ хоры ұйымдастырылып, оны Л. Хамиди басқарды. Ол халық әндерін бірнеше дауыстарға қойып, халықтың өзіне әсерлеп естіртті.

1937 жылы қазақтың Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы жанындағы хор коллективі негізінде Қазақтың хоры құрылып, ол кейін Қазақтың Мемлекеттік хор капелласы деп аталды. Оның тұнғыш ұйымдастырушысы Б. В. Лебедев болды. Осы хордың Б. Байқадамов көп жылдар бойы көркемдік жетекшісі, дирижеры болды. Олар қазақтың «Ахау бикем», «Қараторғай», «Айттым сәлем Қаламқас» атты әндеріне өңдеулер жасалып, халықтың сүйіп тыңдайтын хор шығармаларына айналды.

«Ән халықтың өлмейтін қазынасы» десек, мұндай қазынаның орасан молдығы жағынан қазақ халқы дүние жүзіндегі ең бай халықтардың бірі деуіміз керек. Қазақ әндерінің мазмұны, сезімінің тереңдігі, формасының мінсіз әдемілігі - мұны шығарған халықтың интеллектуалдық тамаша дарындылығының айғағы болып табылады.

«Қазақтай дарынды халықтың әлі ешкімнің құлағына шалынбаған ән-күй байлығын қағазға түсіріп, жаза бастағаннан -ақ байқаған едім», -деп көрсеткен еді қазақ халқының 1500 ән-күйлерін жинақтаған А. В. Затаевич. [4]

Хор өнері өте ерте заманнан бері дамып келе жатқан көне музыкалық өнер түрлеріне жатады. Хордың дамуы адамдардың материалдық жағдайын анықтап отырған.

Ғалымдардың жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде хор өнері алғашқы қауымдық құрылыстан бері дамыған деп көрсетіледі, адамдар өздерінің еңбек үрдісінде көп болып ән айтып көңіл көтерген.

Ежелгі Египет, Вавилон, Үндістанда көп болып ән орындау халық жиындарында дене қимылдарымен бірге немесе ән өнерімен байланыса отыра дамыған. Сол кезеңдерде үнді әйелдерінің хорлары патшалар мен раджылардың сарайларында болғандығын тарихи деректер дәлелдейді.

Әсіресе хор өнері Ежелгі Грекияда дамып, грек философы Платон музыка өнерін хордың негізі деп таныған.

Грекияда елдің әр қалаларынан жиналған хорлар жарысы өткізіліп отырған. Гимн - салтанатты ән ежелгі спортшыл гректердің олимпиядалық жарыстарындағы жеңімпаздарды мадақтауда ерекше орын алған. Ежелгі Грекия хор айту өнері бір дауыста яғни унисонда орындалып, әйелдер мен ерлер болып орындаған. Трагедиялық жанрдағы хорларды 12-15 ерлер дауысынан тұратын хорлар айтқан. Ежелгі Грекияда дауыстарды жоғары дауыс, ортаңғы дауыс, төменгі дауыс деп бөлген.

ҮІ-ҮІІ ғасырларда Византияның хор өнері өріс алып дами бастайды. Соның ішінде хор айтудағы гимн - әнұран ерекшеленеді. Иоанн Дамаскии, Андрей Крицкии және т. б. мадақтау салтанатты гимнды тудырушылар болды.

Гимндер түрлі мерекелер мен жиындарда, шіркеулерде орындалды. Византия хорының құрамында 150-200 адамға дейін ән орындаушылар болды. Орта ғасыр хор мәдениетінің даму ошақтары ежелгі Рим, Милан, Париж, Сент-Галина/Швейцария/ қаларының шіркеулері мен монастырларында дамыды. Бұл қалаларда арнайы ән мектептері ашылды. Ән айту мектептерінде арнайы хор орындайтын әншілер мен регенттер/дирижерлер/ даярланды. Үш және төрт дауыста орындалатын матеттер/хорға арнайы жазылған шығарма/ пайда болды.

ХІҮ-ХҮ ғасырлардан бастап қайта өрлеу кезеңінің хор өнерінің дамуы басталады. Қатаң полифониялық стильде хор орындау пайда болды. Шіркеу хорының беделі арта түсті, алғашқы Рим Авениондық капелласы өмірге келеді.

Ватиканның сарайындағы шіркеуде капелла жұмысы жүргізілді, бұл капелланың ерекшелігі хорды сүйемелсіз а-капелла түрінде орындаған, құрымында 24-30 адамнан болған. Капеллада ең таңдаулы музыканттар ғана орындаушы бола алған. Сондай-ақ хор өнері Венецияда ерлер хоры сүйемелдеумен орындауда, Германияда халықтық жанрда хор айту дами бастады.

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы хор өнерінің дамуындағы ерекшеліктер хор шығармаларының жаңа түрлері оратория, кантатаның пайда болуы.

Италия, Англия, Франция елдерінің соборларында ең таңдаулы үздік хорлар болып, арнайы жабық түрдегі оқу орындары ашыла бастады. Неапл мен Венецияда бірнеше консерваториялар ашылып, музыканттар дайындалды. ХҮІІІ ғасырдың басында Гендельдің монументальді ораториясы хор өнеріндегі жаңалыққа айналды. И. С. Бахтың кантаталары мен мессалары және матеттері өмірге келді. Ұлы Франция революциясы арқылы хор өнерінің жаңа сатысы азаматтық, халықтық, көпшілік бағыт пайда болды. Парижде көпшілік революциялық әндер орындау мейрамдары өткізілді.

ХІХ ғасырдың ортасына қарай жұмысшылар қозғалысының дамуына байланысты, көпшілік хор айту ұйымдары пайда бола бастады. Парижде атақты әншілік «Орфеон» қоғамдық бірлестігі қалыптасады. Қоғамның құрамында 1500-ге дейін ұйымдар болып, 6 адамнан тұрды. Олар революциялық әндерді орындады. / «Аштар Марсельезасы », «Нан туралы ән», сондай-ақ әлемдік пролетариаттың ән ұраны «Интернационал» жас жұмысшы ақын Эжен Потье мен Пьер Дегейтер жазған/.

Германияда неміс ерлер хор қоғамдары қалыптасты. Олар неміс сазгерлері Шуберт, Мендельсон, Вебердің шығармаларын айтты. Сондай-ақ хор өнері Ресейде де өз даму шыңына жетті, славян халықтарының көп дауыста ән орындауы, олардың халықтық өнерінің бірі болып саналады.

Орыстардың хор мәденеиеті шіркеумен бірге байланыста болатын. Алғашқы кәсіби хор капелласы ХҮ ғасырдың ортасында Петербургте құрылып, «Хор государьевых певчих дьяков» деп аталды. Сондай-ақ Москвадада «Хор патриарших певчих» құрылды, кейіннен «Москва сенодальды хоры» деп аталынды. Ресейдің бай адамдары боярлар мен князьдер де өз хорларын ұстаған. Иван ІҮ/Грозныйдың/ кезінде орыс хорында 35 адам болса, кейіннен 50-60 адамға жетті. Орыстың атақты патшасы болған Петр І-ші де хор өнеріне аса маңыздылықпен қараған.

ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр аралығында орыс хор өнері өзінің шарықтау шегіне жетті. Орыс хор мәдениеті әлемдік деңгейдегі ең дамыған өнерге айналды. Орыстың сазгерлері Глинка, Бортнянский хор өнеріне баулу оқу орындарының ашылуына мүмкіндік жасады. Хор капеллаларына ұлдармен қатар қыз балаларды да қабылдайды. ХХ ғасырдың басында орыс жұмысшы революционерлері мен студенттерінің хор ұжымдары пайда болды.

Бұл өнер түрі Орыс, Украин, Балтық жағалауы, Грузин халқы, жалпы тау халықтары арасында ертеден - ақ ата-бабаларында дамыған. Орыс халқы өткен ғасырлардың өзінде эстетикалық тәрбие мен халықтың мәдени ағарту шараларын хормен ән салу өнерінен көрген. [24]

1. 2 Мектепте оқушыларды вокалды- хор өнеріне баулу арқылы әншілік дауыстарын қалыптастырудың тәрбиелік маңызы

Жалпы білім беретін мектептердің музыка тәрбиесінің негізгі жүйелі саласы - музыка пәні болып табылады.

Музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - музыка сабағы.

«Музыкалық тәрбие берудің мақсаты музыкант тәрбиелеу емес, ең алдымен адам тәрбиелеу» - деп белгілі орыс педагогы А. А Сухомлинский айтқандай мектептерде жүретін музыка сабақтарының міндеті оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы, сезімталдыққа, әдемілік пен сұлулықты көре, сезіне білуге, иман жүзділікке баулу, болып табылыды. [25]

Дұрыс ұйымдастырылған музыка сабағы жан-жақты адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлттық өнерімізбен өзге ұлттардың әлемдік музыка мәдениетінің үлгілерін қатар игерген білікті, ойлы азамат тәрбиелеп шығуға септігін тигізді.

Музыка - ойдың терең бұлағы. Музыкалық тәрбие сана сезімнің қалыптасуын, жан дүниенің сезімін, адамгершіліктің нығаюын музыкалық педагогика қадағалайды.

Музыкалық тәрбие - адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта-қабілетін нысаналы және жүйелі дамыту, оның бойына музыкалық тебіреніп-толғана білуді, оны қоғамдық тарихи тәжірибесін, музыкалық оқу мен білім элементтерін жаңа ұрпаққа табыс ету процесін қамтиды. Ал әрбір халықтың рухани мәдениетінің қалыптасу және даму үрдісі музыкалық-эстетикалық тәрбиенің даму үрдісі арқылы жүретіні мәлім. [23]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушылармен орта және жоғарғы сыныптарындағы вокалдық-хор ұжымы
Музыкалық қызмет түрлері
Музыкалық ойлаудың шығармашылық сипаты
Балалар дауыстарының теориялық негіздері
Мектепке дейінгі балаларға ән салуды үйрету
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Музыка сабағындағы әртүрлі іс-әрекеттердің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz