Орманды дала зонасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық географиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.1 Жер бедері мен геологиялық
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.2 Климаттық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...
1.3 Су
қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...
1.4 Топырақ жамылғысы және өсімдігі мен жануарлар
дүниесі ... ... ...
2 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат зоналары және табиғат
зоналарының таралу заңдылықтары
2.1 Табиғат зоналарының физикалық географиялық ерекшеліктері
2.2 Биік таулы аймақтарының табиғат занолары
3 Оңтүстік Қазақстанның ландшафтық-экологиялық аудандары және
ландшафтарын қорғау мәселелері
3.1 Ландшфат қорғаудың ең жоғарғы формасы қорықтар
ұйымдастыру
3. 2 Ақсу-жабағылы қорығы
3.3 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи-территориялық кешендердегі
антропогендік өзгеруі
3.4 Табиғи-территориялық кешендердің антропогендік өзгеруі
Қорытынды
Пайдаланыған әдебиеттер тізімі


Аннотация

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағы жағынан үлкен болмаса да өзіне тән
ғажап табиғаттына алуан түрлі ландшафтыларды сыйғызған ерекше өңір болып
табылады. Аймақтық физикалық географияны оқу барысында табиғатына
қарай аудандастыру деп әр өңірдің өзіндік табиғат жағдайының
ерекшеліктерін ескеріп, ландшафтылық аймақтарды, зоналық табиғат
кешендерін және олардың бөліктерін бөлуді және топтастыруды айтады.
Ландшафтылық аймақтар мен зоналық табиғат кешендерін аудандастыру
нәтижелері елдің табиғат жағдайлары мен ресурстар кешенін жан-жақты
анықтап, табиғат байлықтарының халықшаруашылығында тиімді игерілуін
қарастырады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Жұмыс компьютерде терілген 75 беттен, 3 кестеден, 11 суреттен, 5
картадан қосымшадан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 47 дана.

Кіріспе
Жұмыстың көкейтестілігі. Оңтүстік Қазақстан облысы аумағы жағынан
үлкен болмаса да өзіне тән ғажап табиғаттына алуан түрлі ландшафтыларды
сыйғызған ерекше өңір болып табылады. Аймақтық физикалық географияны оқу
барысында табиғатына қарай аудандастыру деп әр өңірдің өзіндік
табиғат жағдайының ерекшеліктерін ескеріп, ландшафтылық аймақтарды,
зоналық табиғат кешендерін және олардың бөліктерін бөлуді және
топтастыруды айтады. Ландшафтылық аймақтар мен зоналық табиғат
кешендерін аудандастыру нәтижелері елдің табиғат жағдайлары мен
ресурстар кешенін жан-жақты анықтап, табиғат байлықтарының
халықшаруашылығында тиімді игерілуін қарастырады. Табиғатына қарай
аудандастыруына әр түрлі сатысындағы ландшафт бірліктері жоғарыдан
төменге қарай жүйелендіреді. Жоғарыдан төмен қарай аудандастыруда
ландшафтылардың ірі бөліктері төменгі сатылы бірлікке бөлшектенсе,
төменнен жоғарыға қарай аудандастыруда олардың төменгі сатылары
жоғарғы сатылы бірліктерге топтасады. Басқаша айтқанда,
ландшафтылардың әрбір ірі бөліктеріне зоналық және азоналық
факторлар әсер етеді, сондықтан бұлардың әрекетіне байланысты
дамитын ландшафтылық бөлшектену заңдылықтары табиғатына қарай
аудандастырудың теориялық негізі болып саналады. Бұлармен бірге
географиялық қабықта жер бетінің әр түрлі бөліктерін күрделі бір
территориялық жүйеге біріктіретін процестер де (ауа массаларының
циркуляциясы, өсімдіктер мен жануарлардың орын ауыстыруы, т.б.)
әрекет етеді. Бұл ландшафтылық аймақтар мен зоналық табиғат
кешендері туралы аудандастыруды көруге болады.
Жұмыстың мақсаты. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық географиялық
ерекшелігін қарай отырып табиғат зоналарын зерттеу арқылы жан-жақты
ерекшеліктерін және өзгеру бағытын қарастыру беру.
Жұмыстың міндеттері.
1. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық-географиялық жағдайын зерттей
отырып, экономикалық және әлеуметтік жағдайларын талдау;
2. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат зоналарының ерекшелігін
зерттеу;
3. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат зоналарын талдау;
4. Оңтүстік Қазақстан табиғи территориялық кешендері;
5. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи территориялық кешендерінің
өзгеруін талдау;
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу барысында төмендегідей жаңа ғылыми
нәтижелер алынды:
- Облыстың физикалық-географиялық жағдайы негізінде табиғат
зоналарының ерекшеліктері талданды;
- Облыстың ландшафттық экологиялық жағдайы;
- Облыстың қорғауға алынған территориясы және оның қорғауға алынған
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қарастырылды.
- Табиғи территориялық кешендері талданып олардың өзгеру мімкіндері
қарастырылды.
Жұмыстың нысаны – Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғат зоналары және
табиғи территориялық кешендері
Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу барысында жасалған
тұжырымдамалар, алынған мәліметтер облыстың ғана емес, Оңтүстік
Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және ауылшаруашылығын
дұрыс пайдалану барысында және олар жайлы еңбектер жазғанда қажетті
материал болып табылады.
Жұмыстың дерек көздері. Дипломдық жұмыста география, статистикалық
жылнамасы, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет бағыттары бойынша жарық
көрген әдебиеттер, оқулықтар, оқу құралдары, аудандық және облыстық
энциклопедиялар негізгі дерек көздері болды. Сонымен бірге автордың жеке
визуальды ғылыми зерттеулер қолданылды.
Жұмыстың құрылымы мен қысқаша сипаттамасы. Жұмыс кіріспеден, үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан
тұрады.
Жұмыс компьютерде терілген 75 беттен, 3 кестеден, 11 суреттен, 5
картадан қосымшадан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 47 дана.

1 Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық географиялық ерекшелігі
1.1 Жер бедері мен геологиялық құрылымы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан территориясының оңтүстігінде
орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысының жер көлемі – 117,3 мың шақырым.
Оңтүстік Қазақстан облысының шағын ғана аумағын салыстыра қарағанда
өзіне астасқан ғажап табиғаттың бояу тақтасын еске салатын алуан түрлі
ландшафты сыйғызғанын көресіз. Территорияның басым бөлігі тегіс жазықты
келген. Бір жағынан, байсалды қалпындағы атам заманғы дала суреті, сондай-
ақ сирек ұшырасатын, әдеттегі өсімдіктер түрлерінен тұратын әсем өрнек.
Облыстың бір бөлігінде - тіршілік қуан көрінгенмен де, оның дәл қасында
жануарлар үшін таптырмас жұмақ жер тұр.
Облыс 1967 жылы 12 тамызда Ленин орденімен наградталған. Орталығы –
Шымкент қаласы (908,9 мың адам), Шымкент қаласы ертеден келе жатқан
қалалардың бірі. Қарастырып отырған территорияның табиғат жағдайлары әр
түрлі болып келеді. Мұнда құмды шөлдер мен шөлейттер, адырлы тау бөктері
және де таулы жоталар кездеседі. Орналасуы бойынша үш ерекше аймаққа бөлуге
болады. Олар: таулы, аласа таулы, және жазықты дала.
Облыс солтүстігінде Бетбақдаламен, оңтүстік-шығысында Шатқал жотасымен,
солтүстік-шығысында Мойынқұммен, батысында Қызылордамен, шығысында Қырғыз
жотасымен шектеседі. Қаратау қырқаларында бұлақтар мен дала қайнарларының
айналасындағы шалғындарда сан ғасырлық мал жайылымына пайдаланылатын жерлер
қалыптасқан.
Облыстың таулы ауданы оңтүстігінде Батыс Тянь-Шань жоталарынан,
орталығында Қаратаудан, ал оңтүстік-шығысында Талас Алатауының сілемдері
болып табылатын Қоржынтау және Өгем жоталары болып табылады.
Өгем жотасы – оңтүстік-батыс бағытта 120 км-ге созылып жатыр, және
кескіннің тегістігімен сипаталады. Оның суайрық жоталары әдетте жазық
келеді. Көптеген карст шұңқырлары бар. Жекелеген шыңдарының биіктігі –2800-
3200 метр биіктікке жетеді. Жотаның құрылысы ассиметриялық, ол түгел дерлік
ізбестен тұрады. Жотаның солтүстік-батыс баурайлары көлбеу және ұзын
келген. Суайрық жоталары тегіс формаларымен ерекшеленеді. Жотаның суайрық
басы солтүстік-шығысқа қарай өзінің жазық пішінін жоғалтып, сүйірленген
және тілімденген.
Қаржантау жотасы - Өгем жотасынан батысқа қарай орналасқан. Оның жалпы
ұзындығы – 80 км-ге жуық. Жотаның шығыс бөлігін Өгем жотасынан Өгем
өзенінің аңғары бөліп жатыр. Батысында Келес өзені орналасқан Келес ойпаты
жатыр. Жотаның басты суайрығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай
созылып жатыр. Баурайлары тік, қысқа келген, көптеген аңғарлармен бөлінген.
Жотаның орташа биіктігі 1700-2000 метр. Ең биік нүктесі – Мыңбұлақ, тауының
биіктігі–2834 метр.
Қаратау жотасы Талас Алатауының Шоқпас асуы тұсында бөлініп шығып,
солтүстік-батысқа қарай 420 км-ге созылып жатыр.Солтүстік-батыс Қаратау мен
шығыс Қаратауға бөлінеді. Қаратау жүйесіне негізгі жотамен қатар
Боралдайтау, Үлкен Ақтау сияқты оған қатар орналасқан бірнеше жота кіреді.
Үлкен және Кіші Қаратау жоталарының ұзындығы–420 км, биіктігі – 1500-1800
м, орта және аласа тауларға жатады. Ең биік нүктесі Бессаз тауы –2176 м.
Баурайлары ассиметриялы, солтүстік-шығыс баурайы тік, жартасты, оңтүстік-
батыс баурайы көлбеу және тау өзендері мен жылғалар көп шығады.
Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігі Тұран плитасының құрамына
кіреді. Жазық өңірі негізінен кембрийлік, девондық карбондық, жыныстардан
(құм, тас, тақтатас) таулы бөлігі төменгі полеозойлық жыныстардан (құм,
тас, граниткогаометрат) жотааралық ойыстар девонның қызыл түсті
шөгінділеріне толған [10, 28].
Батыс Тянь-Шаньда, Қаратауда ерте бор дәуірінде қызыл сарғыш топырақтан
құрылған. Сайрам, Ақсу өзендерінің бассейндерінде бор жыныстары таралған.
Бор дәуірінің климаты құрғақ, аридті болып келген. Мұның өзі қызыл
топырақтың көп таралғанын көрсетеді. Бор жыныстары Ташкент, Шымкент
аудандарында таралған. Төменгі жағы құмды саздармен, жоғарғы қабаты
конгломераттармен, шөгінді тау жыныстарымен толтырылған.
Оңтүстік Қазақстан облысы төменгі бор қызғылт түсті құмдармен,
саздармен күрделі. Ол 1500 метр тереңдікке дейін барады. Жоғарғы бор
теңіздің ізбесті ашық қызыл құмдарымен ерекшеленеді. Ең жоғарғы қабаты
қоңыр топырақпен жамылған. Қаратау және Талас Алатауының төменгі силурда
және жоғарғы силурда лавалармен ерекшеленеді. (ең жоғарғы қабаты қоңыр
топырақпен жамылған). Талас Алатауында, Қаратауда эффузивті жыныстар аз
таралған және үштік дәуір жыныстары құмды сазды болып басталады.
Тянь-Шаньның батыс бөлігінде тектоникаға байланысты мезакайназойлық
жыныстар таралған. Бұл негізінен оңтүстікке қарай Сайрам өзені алабында,
Қаратау жотасында үштік дәуір жыныстары құмды саздар болып басталады. Орта
бөлігі гипс тектес сазбен күрделенген жоғарғы олигоценге жатады.
Жазықты аймақтардың рельефі бір-бірімен ұқсастығымен ерекшеленеді.
Олар: құмды, және сазды-құмды шөлдер. Ең үлкені Қызылқұм болып табылады.
Қызылқұм шөлі Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығындағы үлкен
далалы кеңістікте орналасқан. Оңтүстік Қазақстан облысына оның солтүстік-
шығыс бөлігі ғана еніп жатыр (карта -1).
Пайдалы қазбалары. Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай:
полиметалдар, қоңыр көмір, темір кені, гипс, әктас, оттөзімді саз, кварцты
құм қабаттары, мәрмәр, түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау
қойнауындағы Ащысай, Мырғалымсай және Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері ХХ
ғасырдың 40-жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және
Жоғарғы Бадам алтын кен көздерінің орны ерекше.

Карта 1 Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық картасы

Облыста республика уран ресурстарының жартысына жуығы орналасқан, олар
әлемдегі ең ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген және
Абайыл кеніштерінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі.
Облыс аумағында Шу-Сарысу газ-гелий және Сырдария мұнай-газ кен
орындары бар. Боралдайдан, Таскөмірсайдан, Келтемашаттан және Ленгер
кеніштерінен мезозойлық қоңыр көмір өндіріледі. Облыс аумағындағы Қаратау
фосфорит алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан
өтті. Ал Тәңіртаудың ең батыс сілемі Қаржантау мен Сайрам жоталары
өнеркәсіптің көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай. Кентау қаласына
жақын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті кеніштерінде резина,
қағаз, бояулар дайындалады, газ-мұнай бұрғылау жұмыстарында кеңінен
пайдаланылатын минералдық шикізат - бариттің ірі ресурстары бар.
Облыстағы құрылыс материалдарының минералды-шикізат базасы әр түрлі
цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің
шикізаттары, кұм-тас, минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар:
Қазығұрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі,
Күбірексай минералдық бояулары, Леңгір оттөзімді сазы, Күрішбұлақ кварц
құмы, Дарбаза және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі-
ұсақгы ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі [1] .

1.2 Климаттық ерекшеліктері

Оңтүстік Қазақстан облысы материкке тереңірек кіріп орналасқан, және де
ірі су обьектілерінен алшақ орналасқан. Қарастырылып отырған территорияның
климаты сол себептен шұғыл-континентальды және құрғақ. Мұнда басымырақ
болып келетін ашық және құрғақ ауа райы қыс мезгілінде азия антициклоны
әрекетіне байланысты болады. Биік таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы, ал
солтүстігінде таулардың аласалығы суық ауның еркін кіруіне әсер етеді.
Климатқа географиялық ендіктің де әсері мол.
Климаттың шұғыл континентті болуы, температураның тез өзгеруіне әкеліп
соғады. Күн мен түнгі, қыс пен жазғы ауа-райлары әр түрлі болып келеді. Жаз
айлары жылы болып келеді және солтүстік аудандарда 8 айға созылады. Барлық
жерінде ыстық болып, құрғақ әрі ұзақ тұрады. Шілде айы температурасы +21°С
– +29С°. Абсолютті ыстық +47 ° Шардарада тіркелген. Қыс айы қысқа, жиі-жиі
жылы болып тұрады. Ең суық айы – қаңтар, Солтүстікте орташа температура
-15°С және -11,5°С оңтүстігінде. Абсолютті суық Созақта -41°С тіркелген.
Климаттың айрықша өзгешелігі, құрғақшылық болып табылады. Жылдық
жауын-шашын тегіс жерлерінде 130-150 мм, таулы аймақтарда 400-600 мм, тау
аудандарда 700 мм-ге дейін жетеді. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі емес,
негізінен көктем және күз айларында көбірек жауады. Қар қалыңдығы жұқа және
бірқалыпты емес. Қардың орташа қалыңдығы 20-40 см, және ол екі айдан бес
айға дейін жатады. Қазақстанның оңтүстігінде, мысалы, Шымкентте 246 мм,
жылы айларды 177-212 мм түседі. Циклондық әрекет тауда

Карта 2 Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық картасы

өте сирек. Жаз айларында шөлді аудандарда 2216 мм -ге дейін жауын түседі.
Кейбір жылдары жауын жаумай да кетеді, тіпті 3-4 айға дейін қар жамылғысы
10-15 еліден аспайды. Еруі наурыз айында басталады. Сондықтан да бұл
облыста қар тоқтату қарқынды түрде жүреді.
Күн радиациясы 5-7 айға дейін жақсы түседі. Бұлттылық солтүстік
аудандармен салыстырғанда 1,5 есе аз. Облыста оңтүстік және солтүстік-батыс
желі көп тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9-3,9 мсек. Желдің қатты
тұратын аймағы – Ақсұрам, онда желдің жылдамдығы 5,1 мсек. Шақпақ желі мен
Арыстанды-Қарабас атақты желдер болып есептеледі.
Ылғалдылығына қарай облыс 3 аймаққа бөлінеді. Өте құрғақты (0,1-0,3),
құрғақ таулы, биіктігі 1000 метр (0,3-0,5) және таулы, биіктігі 1000
метрден жоғары (0,5-тен жоғары). Оңтүстік Қазақстан Орта Азиялық
субтропикалық зонамен шекаралас, күн горизонтта тұрғандықтан радиациялау
балансы жақсы, солтүстік республикалармен салыстырғанда суық ауа массалары
оңтүстікке жылжыған сайын жылына бастайды. Сондықтан бұл жерде күшті аяздар
сирек болады.
Ыстық климат Оңтүстік Қазақстанның жазықтарында құрғақ болады. Бұл
жағдай ауа температурасының ылғалдылығын анықтау барысында солтүстіктен
Оңтүстік Қазақстанға қарай өзгереді. Қыста басқаша, Оңтүстік Қазақстанда
ауаның абсолюттік ылғалдылығы жоғары, солтүстікке қарағанда. Бұл Оңтүстік
Қазақстанның жылы қысымымен анықталады.
Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың
негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің
сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан.
Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл
ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы
жылы: ең суық ай – қаңтардың орташа температурасы -2 -9°С. Ең суық кезең
Созақта тіркелген (-41°С).Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы 20-
30°С. Ең ыстық кезең Шардарада (47°С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230-320
тәулікке созылады.
Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170 мм, тау
етектерінде 300-450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін құбылады. Жауын-
шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа
қалыңдығы 20-40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін
жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери
бастайды [10] .

3. Су қорлары

Облыстың су қорларын ірілі-ұсақты 127 өзен (жалпы ұзындығы 5 мың
шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. тек-ше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд.
текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері
құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге
жуық су келіп, осыншама мөлшерде су кетіп отырады.
Облыстағы ең ірі және ұзын өзен—Сырдария өзені басқа мемлекеттерден
басталып, Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы
Сырдария өзенінің негізгі саласы Арыс өзені (378 км), ол Алатау
мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 км), Машат
(60 км), т.б. көптеген өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер
қатарына Келес (102 км), Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.
Облыстағы ең үлкен суқойма — Шардара бөгені 1965 жылы пайдалануға
берілген, су сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3с.
Одан су алатын Қызылқұм (106 км), Шардара (10 км) каналдары арқылы 71,5 мың
гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқоймасының сыйымдылығы 37 млн
текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.
Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлерді игеру үшін 14336
шақырым су арналары, 4743 км су кашыртқылары және 1900 дана тік дренажды
ұңғышалар, 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.
Облыс аумағындағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да мақсаттарға
пайдаланылады. Шошқакөлде (көлемі 8,6 млн. м3) аң ауланады, Сарыкөлден
(10,2 м3) балық ауланады, Қызылкөл суының (5,9 м3) ем үшін пайдасы зор.
Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам-Сайрам, Мырғалымсай,
Талас-Ақсу, Иқансу, Бөген жерасты су көздерін атауға болады, Шу-Сарысу
артезиан алабының су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар
Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылдарында арнайы рұқсатпен
пайдалануға берілген.
Өзендері облыс аумағындағы гидрографиялық желінің жиілігі біркелкі
емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен бастау алады. Жалпы облыс
өзендері Сырдария және Шу өзен алаптарына жатады.Сырдария өзені
республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып,
негізінен, қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің
облыстағы негізгі саласы — Арыс, Жиделі, Бесарық, Ермексу, Қарашық,
Арыстанды жене Шаян өзендері басталады..
Облыстың қиыр солтүстігі Бетпакдаланың батысында Шу және Сарысу
өзендерінің төменгі ағысын қамтиды.
Көлдері. Негізінен Сырдария, Шу өзендерінің сағаларында орналасқан.
Олар тасыған өзен суларымен, ал ұсақ көлдер жер асты суларымен толығады.
Облыс аумағында 43 көл бар, олардың жалпы ауданы 25,94 мың га. Облыстың
солтүстік аймағында Шу өзенінің төменгі ағысында Ақжайық, Қарқын тұзды
көлдері, Құмкент елді мекені жанында тұйық жер асты суымен қоректенетін
Қызылкөл жатыр.
Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алатын Байылдыр,
Хантағы, Иқансу, Көкқиясай өзендері Қарашық, Қалдыкөл, Шүйнек көлдеріне
құяды.
Сырдария өзенінің аңғарында Тұдық, Сарыкөл, Балтакөл, Көккөл, т.б.
ірілі-ұсақты көлдер көп кездеседі. Бұл көлдердің көпшілігі ащы, тұзды.
Облыстағы су желісінің бір ерекшелігі: тақырларда жауын-шашын суларынан
түзілетін көлшіктер мен көлдер пайда болып, кейінірек кеуіп кетеді.
Сонымен қатар облыстағы 22 жасанды су қоймаларының жалпы көлемі 98 мың
өзені, ол Талас Алатауы мен Өгем тау жоталарының беткейлерінен басталады.
1961 жылы Арыс — Түркістан каналы іске қосылғаннан кейін оның төменгі
ағысындағы су өтімі 52,8-ден 31 м3с-қа азайды.
Бұдан басқа Бөген, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу өзендері бар. Олардың
жалпы ұзындығы 3745 км. Сондай-ақ Қаратау жоталарынан астам гектар жерді
алып жатыр. Оларға Бадам, Бөген, Шардара, Қапшағай, т.б. бөгендер жатады.
Жер асты сулары. Облыста шамамен тәуліктік ресурсы 3000 м3тәулік
болатын 30-дан астам жер асты суларының көздері белгілі. Ішуге жарамды
сулардың болжамдық ресурсы тәулігіне 4000 м3-тан астам мөлшерге бағаланады.
Облыста Арал, Сырдария және Ташкент (солтүстік жақ бөлігі) ойыстарынан
тұратын Сырдария артезиан алабы барланған.
Сырдария және Келес ойысы аумақтарының палеоген жер қыртыстарында,
ойыстың шеткі бөлігінде 90 – 170 м, ортаңғы бөлігінде 1100 – 1200 м
терендікте жататын сульфатхлоридті натрийлік суларының кездері табылған. Су
көзінің тәуліктік қор мөлшері 10 – 15 және 165 м3 аралығында. Минералдануы
2 – 12 гдм3. Жоғарғы бор дәуірі жер қыртыстарында бұл сулар Сырдария
ойпаңының оңтүстік-батысында көптеп кездеседі және 170 –600 м терендікте
жатады. Судың температурасы 20-40°С.
Түркістан ауданында (Түркістан минералды сулары) және "Манкент" шипа-
жайында (Манкент минералды сулары) емдік мақсаттарда қолданылатын сульфат-
натрий су көздері ашылған. Манкент минералды жерасты су кезінің тереңдігі
1143 – 1181 м, минералдылығы 2,1 гдм3, судың температурасы 40°С. Судың
құрамында күкіртсутегі, бор, бром, кремний қышқылы кездеседі.
Сырдария және Келес ойысы аумақтарындағы жер қыртысында 400 –500-ден
2000 м терендікте жататын және температурасы 20 – 90°С болатын аз
минералданған азот сілтілік термальды сулар мол. Олар палеоген және бор
дәуірлері жер қыртыстарының құмды бөліктерінде кездеседі.
Темірлан ауылының оңтүстік бөлігінде (Шымкент минералды сулары)
792–840м тереңдікте гидрокарбонатнатрий құрамына кіретін аз минералданған
азот сілтілік су көздері ашылған. Су жоғары қысымды, минералдылығы 0,8
гдм3, температурасы 39°С.
Келес ойысының ортаңғы бөлігінде содалық сулар көп кездеседі. Сарыағаш
жерінің зерттелген минералды су көздері негізінде "Сарыағаш" курорты жұмыс
істеуде. Судың құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот,
гидрокарбонаттар, натрий, кальций, магаий, алюминий, мыс, марганец,
молибден және әр түрлі микроэлементгер бар екені анықгалған. Судың
температурасы 49 – 53°С, тәуліктік шығымы 5 млн.тәулік.
Байырқұм – Арыс ойысы аумағында кремний минералды су көздері ашылған.
Төменгі бор дәуірі құмдарында судың минералдылығы 1,7 гдм3. Құрамында
бром, йод, бор, фтор бар екені анықталған. Судың температурасы тереңдігіне
байланысты 46-83°С.
Шымкент қаласы Бадам – Сайрам және Тассай – Ақсу жер асты сулары арқылы
сумен қамтамасыз етіледі.
Бөгендері мен тоғандары. Облыста 27 бөген мен тоған бар. Шағын бөгендер

Карта 3 Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі суларының картасы

мен тоғандар Түркістан ауданында көп кездеседі. Облыстағы суқоймалар 1927-
1992 жылдар аралығында салынып, іске қосылған. Олардың ең үлкені – Шардара
бөгені 1965 жылы іске қосылған. Ол Сырдария өзенінің алабында орналасқан,
көлемі 5200 млн.м3, ұзындығы 6000м, терендігі 28,2 м.
Көлемі және халық шаруашылығындағы маңызы жағынан екінші орында тұрған
Бөген суқоймасы 1967 жылы іске қосылған. Арыс өзенінің алабында орналасқан,
көлемі 370 млн. м3, ұзындығы 5400 м [30].

4. Топырақ жамылғысы және өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан
аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау
бөктерлеріндегі әртүрлі коңыр және сұр топырақтар (Шығыс Қызылқұм мен Батыс
Мойынқұм) алып жатыр. ҚР Ғылым академиясының Ө.Оспанов атындағы Топырақтану
институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыс
аумағында 130-ға жуық топырақ түрлері мен олардың комбинациялары
кездесетіндігі анықталды. Жалпы облыс жерінің топырағы екі топқа бөлінеді:
1.Тау топырақтары.
2.Тау аралығындағы аңғарлардың, тау бөктеріндегі, т.б. биік және ойысты
жазықтардың топырақгары.
Тау топырақтары. Таулы аймақтар облыстың біраз жерін алып жатыр. Осы
таулы аймақтың бір ерекшелігі биіктігі мұхит деңгейінен 4000 метрге
жақындайтындықтан топырақ-климаттық зоналардың таралуында биік белдеулік
зоналық заңы орын алады, яғни тау биіктеген сайын ылғал көбейіп, ауа райы
суыта түседі. Міне осыған байланысты таудың төменгі етегіндегі шелді-дала
белдеуінен (теңіз деңгейінен 250-350 м) таудың биік 3500-4000 м деңгейіне
дейін бірнеше таудың белдеулік белдемдері кездеседі, олардың топырақ,
өсімдік жамылғылары да, жануарлар дүниесі де әр алуан болып келеді. Былайша
айтқанда, табиғаттың көлденең белдемдік заңы байқалатын сонау терістік
тундрадан оңтүстіктегі шөл зоналарына дейін мындаған шақырым қажет болса,
облыс аумағындағы Батыс Тянь-Шань тау етегінен биік шындарына дейінгі 3-4
шақырым қашықтықтағы биіктікте көпшілік белдемдердің кездесуі ғажап дүние,
табиғаттың осындай ерекшелігін түсіне білген ғалым, Орта Азия
университетінің профессоры А.Л. Бродский 1920 жылдардың басында осы аймақта
Мемлекеттік қорық ұйымдастыру мәселесін алға қойған. Бұл ұсыныс сол кезде
Мәскеуде Орталық органдарда қызметке араласа бастаған Т.Рысқұловтан қолдау
тауып, 1926 жылы Қазақстанда алғаш Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылды.
Сонымен осы таулы белдеуде таудың шалғынды-далалы альпілік, субальпілік,
таулы-далалық альпілік, таулы альпілік, таулы шалғынды гидроморфты
субальпілік және таудың күңгірт түсті субальпілік топырақтары кездеседі.
Бұл топырақтар 132 мың гектарды, яғни облыс жерінің 1,1 пайызын алып жатыр.
Орта таулы аумақгарда таулы-орманды, таулы-бұғалы белдеулерде күңгірт
қоңыр, таудың ашық қоңыр, сұр қоңыр топырақтары 575 мың гектар, облыс
жерінің 4,7 пайызы болады. Ал аласа таулар мен оларға жалғас етектерінде
таудың сұр топырақгары түзілген. Олардың көлемі 186,8 мың гектар,
Карта 4 Оңтүстік Қазақстан облысының топырақ картасы

облыс жерінің 1,7 пайызы. Сонымен жалпы таулы аймақгағы топырақтар көлемі
894,8 ,мың гектар жерді алып жатыр, ол облыс жерінің 7,5 пайызы.
Тау аралығындағы аңғарлардың, тағы басқа биік және ойысты жазықгардың
топырақтары. Таулы аймақтарға қарағанда бұл топырақтардың түрлері мол. Бұл
топтағы топырақтар ішінде осы аймақгарға тән зоналық топырақтар кездеседі.
Тау етектерінің биіктеу жазықтарының қара қоңыр, қоңыр және сұр қоңыр
топырақтарының көлемі 78,4 мың гектар, облыс жерінің 6,6 пайызы. Тау
етектерінің орталық бөлігіндегі жазықтарының оңтүстік және терістік сұр
топырақтарының көлемі 1021,4 мың гектар, облыс жерінің 8,4 пайызы. Тау
етегіндегі төменгі жазықтардың оңтүстік және терістік ашық сұр топырақтары,
көне аллювиалды жазықтар мен биік өзендер террасаларының шалғынды-сұр
топырақтары, биік шөл жазықтарының сұр құба топырақтары 2390,7 мың гектар –
19,5 пайызы, оның ішінде біршама ойпатты жерлерде тақырлар мен тақыр түстес
топырақтар және шалғынды, шалғынды-батпақты топырақтар кездеседі. Біраз
жерлерді белдемаралық топырақтар алып жатыр. Оның ішінде сұр топырақ
белдемдегі сортаң топырақтар көлемі 193,4 мың гектар, облыс жерінің 1,6
пайызы: шөл зонасындағы сортаң топырақтар, көлемі 539,7 мың гектар – 4,5
пайыз, ал екі белдемдегі сортаң топырақтар көлемі 457,3 мың гектар – 3,8
пайыз. Өзен бойларының топырақтары 300,9 мың гектар – 2,7 пайыз, сұр
топырақтар белдеміндегі құмды топырақтар 1047,1 мың гектар – 9,5 пайыз
болса, шөл белдеміндегі құмды топырақты жерлер 2486,1 мың гектар – 20,6
пайыз. Сонымен жалпы екінші топтағы, яғни облыстың жазық аумақтарындағы
топырақтар көлемі 11108,7 гектар жерді қамтып, облыс жерінің 91,5 пайызын
алып жатыр. Облыстың біршама жерлерін топырақ емес құрылымдар: биік таудағы
мәңгі қарлар мен тұздар, қатты тау жыныстары, көл мен өзендер алып жатыр.
Олардың жалпы көлемі 150 мың гектардай – 1,2 пайыз. Ал бұл топырақтар
орналасу жағдайларына, табиғи ылғалмен қамтамасыз етілуіне немесе қолдан
суару мүмкіншілігінше қарай ауыл шаруашылығының салаларына пайдаланылады.
Мысалы таудың биік альпілік, субальпілік белдеулері малдың жазғы жайлауы
болса, орта және аласа таулы белдеулерде жер бедерлерінің ыңғайына қарай
жайылым, шабындық, жеміс ағаштар, тағы басқа дақылдар өсіруге болады. Ал
аласа таулы аумақгардың етектеріндегі ылғал жеткілікті болғандықтан бұл
белдеулер төлімі (богара) егістерге пайдаланылады. Таулардың төменгі
етектеріндегі жазықтарда ылғал жеткіліксіз, негізінен суармалы егістіктер
үшін ыңғайлы. Бұл аймақтарда су көздері жеткілікті болған жағдайларда мақта
дақылы, бау-бақша жемістері, көкөніс, малазығындық шөптер, т.б. өсіріледі.
Ал өзен бойларындағы көне аллювиалды шөл белдеміндегі жазықгарда жоғарыда
аталған дақылдарға қоса күріш егіледі. Жалпы облыс көлеміндегі жартылай
шөл, шөлді алқаптар негізінен жайылым ретінде пайдаланылады.
Өсімдіктер дүниесі. Облыс жерінде Қазақстандағы өсімдік түрлерінің
жартысынан астамы кездеседі, шамамен 8 мыңдай болады. Оның 1-1,5 мыңдайы –
балдыр, 2,5-3 мыңдайы – саңырауқұлақ, 200-ге жуығы – қына, 500-ге жуығы –
мүк тәрізділер және 3 мыңнан астамы – жоғары сапалы өсімдіктер. Бұл
өсімдіктердің шамамен 250 түрі тек қына облыс жерінде кездесетін
эндемиктер. Казақстанға тән 10-12 эндемик тұқымдастардың жетеуі осында
өседі: физандра, рафидофитон, жалған шөлмасақ, жалған шандра, бочанцевия,
тобылғыгүл, канкриниелла. Оңтүстіктің қазіргі флорасы ежелгі флоралардың
негізінде қалыптасқан. Сол флоралардың өкілдері бүгінгі флораның құрамында
реликт түрінде кездеседі [27].
Облыс аумағындағы өсімдіктердің таралуы, түрлері мен эндемиктердің
топтасуы биологиялық, экологиялық, эволюциялық ерекшелікгеріне байланысты
болып келеді. Облыс жерінде құрғақ субтропикалықтан (Жетісай, Сарыағаш)
бастап мұздықгарға (Ақсу-Жабағылы) дейінгі Солтүстік жарты шардағы барлық
табиғи аймақтардың сарқыншақтары кездеседі. Облыстың жазық бөлігі Иран-
тұрандық ботаникалық-географиялық аймақтың 2 провинциясының құрамына кіреді
(жоңғар-солтүстік тұрандық және оңтүстік тұрандық). Жоңғар-солтүстік
тұрандық шөлдер Созақ ауданы жерінде.
Облыстың терістігіндегі Бетпақдаланың өсімдіктері алуан түрлі. Тастақ
жерлерге петрофитті сериялар тән болса, кейбір саз балшықгы топырақтарда
шөлдік фитоценоздар кең тараған. Бұл жердегі негізгі доминантар – сұр
жусан, бұйырғын, ара баялыш, тас бұйырғын, көкпек, сонымен қатар тұран
жусаны мен майқара жусан, күйреуік, қара сексеуіл және т.б. Оңтүстігінде
Бетпақдала Шу өзенінің жарқабақты алабымен шектеседі. Бұл жазықта аса тұзды-
гипергалофитті шөлдер мен сорлар көп кездеседі. Бұл жерлердегі негізгі
доминанттар – жалмаңқұлақ, жапырақты сорқаңбақ, төбесораң, қызыл сораң,
сарсазан, сонымен қатар жыңғыл мен кермектің түрлері де кең тараған. Шу
өзенінің сол жағалауында тек өзіне тән өсімдікгері бар Мойынқұм жатыр.
Мұндағы негізгі доминанттар – жүзгіндер, қоян сүйек, ақ сексеуіл, қысқа
мүйізді астрагал, теріскен, мал жайылатын құмдарда жусанның түрлері, ебелек
пен изен өседі.Оңтүстік тұрандық шөлдер Қаратаудың күнгей беті мен Батыс
Тәңіртау аралығындағы Түркістан ауданынан Сарыағаш ауданына дейінгі
кеңістікті алып жатыр. Бұл шөлдерді үлкен 3 топқа бөлуге болады: жазықтық,
тау етегі мен бөктерлеріне тән адырлық шөлдер мен тықыр шөпті эфемерлі-
эферероидты жартылай саванналар, сонымен қатар өзен аңғарларына тән
өсімдіктер. Жазықтық шөлдерге Қызылқұм жатады. Мұндағы негізгі эдифика
торлар (өсімдік жамылғысындағы басым түрлер) – ақ сексеуіл, раң, басты
жусан, жоңғарлық жусан, түк жемісті мавзолея және бірқатар эфемеройдтар.
Адырлық шөлдерде эфемерлер мен эфемеройдтар, астық тұқымдастар болады. Бұл
шөлдерге тән негізгі өсімдіктер: толық қияқ өлең, қаудың түрлері және
қызғалдақ, мерендера, шырыш, шиқылдақ, шөлмасақ, фломис, көбенқұйрық сияқты
эфемеройдты шөптесін өсімдіктер. Олардың ішіндегі ерекшесі – Ақдала
жазығындағы дәрмене жусаны. 100 шаршы метр жерде 18-20 түрі кездеседі.
Тақыр шөпті жартылай саванналар немесе эфемеретум едәуір жерді алып жатыр.
Өсімдік жамылғысының негізін қалайтындар жаушықты коңырбас, қоңыр өлең мен
раң, олармен қатар кездесетіндері – бозшағыл, салалы қарашағыр, бессаусақ,
сор ажырық, түкті бидайық және жаман арпа. Мамыр айының екінші жартысында
эфемеройдтар толысады да жаздың ортасында күйіп кетіп, топырақ жалаңаштанып
қалады.
Өзен аңғарларына тән өсімдіктер тұқымдастығын шалғындық және тоғайлық
экологиялық қатарлар түзеді. Сарысу мен Шудың төменгі ағысында қалың тоғай
жоқ. Бұл жерлерде – жыңғыл, қамыс, шеңгел мен ажырық өседі. Кейбір тұзды
жерлерде қарабарақ, төбесораң, сарсазан кең тараған. Қалың тоғай
Сырдарияның аңғарында көп. Судың жағалауы тораңғы, талдар, жиде, итмұрын
тұнып тұрған ну тоғай. Ағаштардың бұтағында шырмалған лианалар – шығыстық
жібілген, шырмауық бар. Тоғайдың шетінде ірі астық тұқымдастар – қамыс,
баттауық және кендір, жантақ және қызыл мия қалың өскен. Облыстағы таулар
Батыс Тәңіртау мен Қаратау жүйелеріне жатады. Таулық жер бедерлерінің
өсімдік жамылғысының құрылымы өте күрделі келеді. Таулардағы өсімдік
тұқымдастарының түрлері мыналар:
– ксерофильді сирек ормандар мен бұта - шіліктер ( бадалдар);
– жапырақты, жемісті ормандар;
– су бойындағы бұталар мен ормандар;
– арша ормандары мен сирек ормандар;
– таулық далалар;
– бұта-шіліктер - розарийлер, тобылғы және шие-шіліктер;
– тікенекті қатты шөптер мен бұталардан тұратын фриганойдтар;
– әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулық шалғындар, т.б;
– әр түрлі шөптесін – ірі астық тұқымдастардан тұратын жартылай
саванна.
Бұл экожүйелердің көпшілігі жазық жерлерде кездеспейді. Таулық әр түрлі
шөптесін - ірі астық тұқымдастардан тұратын жартылай саванна теңіз
деңгейінен 600 метр жоғарыда кездеседі. Шөптердің биіктігі 1 метрден асады.
Фитоценоздардың доминанттық негізін түкті бидайық жаман арпа, бозшағыл және
кәдімгі тарғақшөп, кызыл от, бидайық сияқты шалғындық астық тұқымдастар
құрайды. Өсімдік жамылғысының жоғарғы деңгейін әдетте сасырдың түрлері,
штубендорфия, жүрекжапырақты рауғаш, жалаңгүлді айдаршөп, андыз, шырыштың
түрлері түзеді. Екінші деңгейді түзетіндер – жүпаргүл, астрагалдар,
самарқандық салаубас, өлмесшөп және т.б.
Төменгі деңгейдің түр құрамы эфемеретумге ұқсас. Бұл өсімдік
тұқымдастарына – итмұрындар, тәңіртаулық ұшқат, алмұрт жапырақты түйесіңір,
шиелер жатады. Бұл тұқымдастың түрі өте көп – 100 шаршы метр жерде 50 ден
асады. Субальпілік белдемде ( 2000 метрден жоғары) – жіңішке сасыр, кәдімгі
тарғақшөп, қызыл от, андыз, таран, рауғаш, итмұрын, шие және бадам
кездеседі.
Ксерофильді сирек ормандар мен бұталар Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың
аласа бөктерлерінде ( Машат, Дәубаба, Боралдайтау, Қазығүрт ) шоғырланған.
Бұл бірлестіктер терең сайлар мен адам аяғы баспаған, өзіндік микроклиматы
бар жерлерде сақталған. Негізгі формация – сары долананың сирек ормандары.
Өз алдына жеке бірлестік түзетін тағы бір түрі – тау пісте. Бадалдың ең
ксерофильді нұсқасы – тікенді бадам топтары. Бұдан басқа Түркістан
доланасы, регель алмұрты, семенов үйеңкісі, ұшқаттар, итмұрындар, шиелер,
парсы шетені немесе қызыл қайың, гультемия, қылша кездеседі. Олардың ішінде
Қызыл кітапқа енгендері де бар, олар – жабайы алма, жабайы өрік, жабайы
жүзім, Шренк тобылғыгүлі, темірағаш, Кавказ таудағаны немесе кәтреңкі.
Бадалдың флористикалық қанықтығы 100 шаршы метрде 75 түрі кездеседі.
Шөптесін өсімдіктерінің құрамында жартылай саваннамен ортақ түрлер көп. Осы
екі өсімдіктер қауымдастығы 10 түрлерінен Қызыл кітапқа енгені – Регель
рафидофитоны, марскеуек немесе лепидолофалар, піскем жуасы, грейг
қызғалдағы, көкшіл шиқылдақ, ақ жолақты сасыр.
Жапырақты жеміс ормандары әдетте беткейлерде, сайлар мен жыралардың
табанындағы сулы немесе құрғақ арналарда өседі. Негізгі орман түзуші түрлер
– Түркістан доланасы мен жабайы алма. Олармен бірге өрік, жоңғар доланасы,
сары долана, семенов үйеңкісі, жабайыланған қаратүт, жаңғақ және алша
кездеседі.
Су бойындағы бұталар мен ормандар (тоғайлар) Қаратау мен Батыс
Тәңіртаудың сай – жыраларында ағып жатқан үлкенді-кішілі өзен суларының
бойында болады. Ең алымен бұл тал – шіліктер: ақ тал, кирилов талы, блек
талы, іле талы, сонымен қатар талас терегінің ормандары. Боралдай, Ақсу,
Дәубаба өзендерінің бойында соғды шағанының ормандары, ал Қаратау мен Машат
тауларының кейбір жерлерінде жабайы жүзім сақталған. Батыс Тәңіртаудағы
өзендер аңғарында Тянь-Шань қайыңы мен талас қайыңының ормандары кездеседі.
Арша ормандары мен сирек ормандардың үш түрі бар: қызыл арша немесе
заравшан аршасы, сауыр арша және қара арша немесе Түркістан аршасы. Кең
тарағаны – қызыл арша, ол 1200-2000 метр биіктікке дейінгі белдемде
тараған. Қаратау мен Машаттағы кішкене арша аралдары бұл түрдін бұрын кең
тарағанын көрсетеді. Сауыр арша теңіз деңгейінен 1600- 2500 метр
биіктіктегі белдемде, ал қара арша 1700-3000 метр биіктікте тараған.
Таулық далалар Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың көптеген белдемдерінде кең
тараған. Негізгі фитоценоз түзушілер – қау мен боз және бетеге. Еркек
шөптің түрлері де елеулі рөл атқарады. Тау беткейлерімен жоғары көтерілген
сайын бетегелі-бозды шөптесін өсімдіктер көбейе түседі.
Қаратаудың далалық формациялары құрамы мен құрылымындағы өзіндік
ерекшелік жартылай саванналық, фриганойдты өсімдіктер бірлестіктеріне
жататын бұталардың – тобылғы, балқаш қарағаны, тобылғы гүлдің болуы.
Тау беткейлеріндегі бұталар да Қаратау мен Батыс Тәңіртауда кең
тараған. Ал шөлді жазықтарда, тұзды сортаңды жерлерде, өзен аңғарларында
қалың шеңгел кездеседі. Тауларда өз алдына қалың болып шие, ұшқат, тобылғы,
итмұрын, зілік, куриль шайы, ырғай, қара арша, тобылғыгүл мен қылшалар
кездеседі.
Фриганойдтар немесе таулы-қыраттық ксерофиттер Қазақстанда тек қана
оңтүстікте мейлінше толық кездесетін тікенекті бөстек тәрізді, ксерофильді
тікенекті шөптесін өсімдіктер қауымдастығы. Олар теңіз деңгейінен 1000-2700
метр биіктікте таралған. Фриганойдтардың айқын өкілдерінің көпшілігі
реликт, әрі сирек түрлер болып табылады да, Қызыл кітапқа кірген. Олар –
Культайасов шренкиясы, тікен жапырақ, әулиеаталық трихантемис, Қаратау
лепидолофасы, таспажапырақты лепидолофа, мыңжылқы көбенқұйрығы, тау-сағыз
және т.б.
Батыс Тәңіртаудың қыраттарында теңіз деңгейінен 1700-2400 метр
аралығында таулы шалғындар, одан жоғарырақ (2300-2800 метр) субальпілік
шалғындар, 2800-3500 метр аралығында – криофитті альпілік шалғындар
таралған. Таулы шалғындарда кең тараған түрлер – шалғындық түлкі-құйрық,
бидайық, кәдімгі тарғақшөп, шалғындық атқонақ, шалғындық қоңырбас, т.с.с.
Субальпілік шалғындар жатаған аршалар белдемінде тараған. Шалғындық астық
тұқымдастарға жататын түрлер шалғындық беде, Гельцер қалампыры, бұйра
қымыздық, маралоты және т.с.с. қосылады. Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген Қоқан моринасы мен ірі жапырақты медиазия субальпілік
шалғындардың құрамында. Альпілік шалғындардың түр құрамы бөлек, олар
негізінен аласа бойлы, криофитті шөптесін өсімдіктерден тұрады. Әдетте,
доминант болып келетіндері – жіңішке корезия немесе күйгенбас, доңызсырт,
сарғалдақтар, тасжарғандар, көкгүлдер және т.б.
Батыс Тәңіртаудың ең биік жерлерінде (3500-4200 метр) криофитті
бастектілер мен қармаңайлық – субнивальды белдемдік топтар кездеседі. Ең
жарқын өкілдері болып табылатындары – үш сала вальдгеймия, желайдар
шөмішбас, аяздық семізот және т.б.
Жануарлар дүниесі. Облыстың кең-байтақ табиғат аймақтары түрлі
жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі. Ал
балықтардың 8 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9
түрі, құстардың 240-тан астам түрі, сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50-
ден астам түрлері мекендейді.
Жоғарыда айтылғандай, құстардың 128 түрі облыс жерінде ұялайды, ал 38
түрі тұрақты мекендейді, 24 түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде
кездеседі.
Балықгар класы бойынша оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде жайындар,
сазан, майшабақ, табан балық, жылан балық, үкішабақ сияқты сирек түрлері
кездеседі. Қосмекенділер класы бойынша лайлы жерлерде құрбақа, сулы
жерлерінде жасылкөл балықтары кездеседі. Таулы аймақтарда бақалар 2800 м
биіктікке дейінгі ендіктерде тіршілік ете алады. Құрбақалар "Қызыл кітапқа"
енген. Жорғалаушылардың 9-ға жуық түрлері кездеседі: ұзынсирақ сығыркөз,
сұр кесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке. Жыландардың 6 түрі
кездеседі: оның ішінде оқжылан, қарашұбар жылан, далалық сұржылан, жолақты
шұбар жылан – улы жыландарға; қалқанбас шұбар жылан, сарыбас жылан,
сарықарын жылан улы емес түрлеріне жатады. Сарлан, оқжылан, төртжолақты
шұбар жылан, сарықыран шұбар жыландар "Қызыл кітапқа" енгізілген.
Мұнда құстардың 240-тан астам түрі кездеседі. Оның 14 түрі Казақстан
"Қызыл кітабына" енгізілген. Олардың ішінде қара дегелек, сакалтай, бүркіт,
жыланжегіш, ителгі, лашын, ақ дегелек, кіші құан, жамансары сияқты жыртқыш
құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілердің 8
отрядына жататын 50-ден аса түрлері мекендейді. Көпшілігінің кәсіптік мәні
бар, 1996 жылы Казақстанның "Қызыл кітабына" тіркелгендері де кездеседі.
Кеміруші отрядынан "Қызыл кітапқа" енген көк суыр Батыс Тянь-Шань тау
жотасында шағын аймақта тараған. Жұптұяқты сүтқоректілер отрядының күйіс
қайырмайтындар тобынан жабайы шошқаны таулы беткейлерден, "Қызыл кітапқа"
енген күйіс қайыратын арқар, тау ешкі, елік және маралдарды жоғары ендіктер
мен бұталы ағашты алқаптардан кездестіруге болады. Қазіргі таңда арқар,
марал, еліктердің санын сақтап қалу және көбейту мақсатында
трансплантациялау әдісін (қолдан ұрықтандыру) пайдалану жұмыстары
жүргізілуде.
Жыртқыштар отрядынан Батыс Тянь-Шаньдық қоңыр аюдың 60 – 70-ке жуығы
мекендейді. Бұл аю Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Мысық
тұқьшдастары мен қар барысы – ілбістің шамамен 10-15 жұбы мекендейді. Ілбіс
халықаралық табиғатты қорғау орталығының "Қазақстан Қызыл кітабына"
тіркелген. Түркістан сілеусінін де, бұталы, ағашты алқаптардан сусар
тұқымдастарынан күзен мен борсықгы да кездестіруге болады [10].

2 Оңтүстік Қазақстан облысының табиғат зоналары және табиғат зоналарының
таралу заңдылықтары
2.1 Табиғат зоналарының физикалық географиялық ерекшеліктері
Табиғат зоналары ауа райы, жер бедері мен географиялық орнына
байланысты қалыптасады. Әрбір табиғат зонасының өзіне тән климаты,
топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі бар. Кейде белгілі бір
табиғат зонасының ішінде басқа табиғат зонасына ұқсас жер кездесіп
қалады. Жалпы жұмыр жер бетіндегі табиғат зоналарының Қазақстан
жерінде бірнеше аймақтары ұшырасады. Бұл орманды дала, дала, шөл,
шөлейт зоналар болып алмасып отырады. Республикамыздың оңтүстігіндегі
биік таулы өлкелерде биіктік белдеулік байқалады. Қазақстан
жеріндегі табиғат зоналарының топырағы мен өсімдіктері тек
солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, сонымен қатар батыстан
шығысқа қарай да өзгеріп отырады. Мұның өзі осы бағытта климаттың
континенттілігінің күшейуіне байланысты болатын құбылыс.
Табиғат зоналары – географиялық қабықтың айтарлықтай ірі бөлігі. Мұны
құратын факторларға: күн радияциясының деңгейі, ылғал, топырақ
типтері, өсімдік және жануарлар әлемі жатады.
Орманды дала зонасы. Қазақстанның солтүстігіне кіреді. Ол Батыс
Сібір ойпаты мен Сырт қыратының аз ғана бөлігін қамтиды. Орманды
дала зонасына көршілес зоналардың орманды және дала зоналарының
бөліктері сұғына еніп, алмасып келіп отырады. Қазақ жеріндегі
орманды дала зонасының жерп бедері тегіс келеді. Батыстан шығысқа
қарай орманды дала зонасы 150 – 200 км – ге дейінгі жерге созылып
жатыр. Жалпы орманды дала зонасының алып жатқан жер көлемі
республика жер аумағының 7% - ін қамтиды.
Климаты. Отманды дала зонасының климаты орман зонасына
қарағанда біршама жұмсақ. Бұл аймақтың қаңтар айындағы орташа
температурасы - 19˚С. Қыста дала қар жамылып жатады. Қардың
қалыңдығы 40 см – ге дейін жетеді. Ақпан, наурыз айларында қатты
жел соғып, кейде қар жауады. Көктем айында қар еріп, жылғалардан
су ағып, өзендер арнасынан аса жайылып жатады. Көктемде, кейде
мамыр айының екінші жартысында үсік жүріп, ауылшаруашылығы
дақылдарына көп зиян тигізеді. Жазы жылы. Шілде айындағы орташа
температурасы +18˚ +19˚. Жауын – шашын мөлшері 300 – 400мм. Жазда
жауатын жауын –шашын көбінесе өткінші нөсер түрінде түседі.
Күздің алғашқы айы жылы әрі құрғақ болады. өзендері қар суымен
қорланады. Көктемде қар ери бастаған кезде өзен суының деңгейі 204
метрге көтеріледі. Ірі өзендері – Есіл, Тобыл. 1969 жылы Есіл
өзені бойна ұзындығы 100 км жалпы 3 млрд. м³ су сиятын Сергеев
бөгені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның табиғи зонасы
Қазақстанның дала зонасы
Қазақстанның табиғат зонасы
Қазақстанның климаттық зоналары
Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зоналары
Биогеографияның басқа ғылымдармен байланысы. Биогеография және Дарвинизм
Қазақстанның табиғи зона ерекшеліктері
Топырақ түрлері. Қазақстанның таулы аудандарының топырағы
Аустралияның табиғат зоналары
Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасы
Пәндер