Жабайы кенепшөптен алынған препараттардың биологиялық белсенділігін анықтау


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 581. 522. 4: 581. 19:58. 02. 036 Қолжазба құқығында

БӨРІБАЙ ЭЛЬМИРА САРТАЙҚЫЗЫ

Шу алқабындағы кенепшөптің морфо-физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері

03. 00. 12 - өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы

Биология ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесiн алу үшiн дайындалған диссертацияның

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

Ғылыми жетекшiлерi: - биология ғылымдарының докторы,

Қ. Н. Сарсенбаев

Ресми оппоненттерi: - биология ғылымдарының докторы,

- биология ғылымдарының кандидаты,

Жетекшi ұйым: - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

университеті

Диссертация “ ” 2007 жылы сағат “ ”

ҚР БҒМ РМК “Қазақстан Республикасы Ұлттық биотехнология орталығы“, Алматы филиалы жанындағы Д. 53. 50. 01. диссертациялық кеңесiнiң мәжiлiсiнде қорғалады.

Мекен-жайы: 050060, Алматы қаласы, Тимирязев көшесі, 45.

Автореферат “” 2007 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестiң

ғалым хатшысы, биология

ғылымдарының докторы С. С. Кенжебаева

КIРIСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi . Қазақстан флорасы экономикалық тұрғыдан маңызды өсімдік түрлеріне өте бай. Қазақстандағы медицина және фармацевтика өнеркәсібіне дәрілік өсімдік түрлерін анықтау аса маңызды. Медицина саласын жаңа дәрілік заттармен толықтырудың негізгі жолдарының бірі - биологиялық белсенді қосылыс көзі болып саналатын дәрілік өсімдіктерді жан-жақты зерттеу. Өсімдіктердің емдік түрлерінің химиялық құрамында маңызды биологиялық белсенді қосылыстардың болуы, өсімдіктің дәрі-дәрмектік құндылығын айқындайды.

Зерттеу еңбегімізге арқау болып отырған кенепшөп (Cannabіs L. ) - Қазақстанның өсімдіктер әлемінде маңызды техникалық дақылдар қатарына жатады. Кенепшөп өсімдігін 1998 жылы Санкт-Петербургте өткен Халықаралық кеңесте XXI ғасырдың дақылы деп атап, бидай, соя дақылдарымен қатар қойды. Сарапшылардың пікірі бойынша, кенепшөптен медицина, тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп және т. б. өндірістің салаларында 30 мыңға жуық өнім түрлерін алуға болады [Г. С. Степанов, А. П. Фадеев, 2005] .

Соңғы жылдары кенепшөптің құрамы биологиялық белсенді заттарға бай, 400-ге жуық химиялық қосылыстар бар екендігі, оның 62 түрі каннабиноидтар тобына жататындығы анықталды [В. П. Ситник, А. Ф. Стельмах, 1999] . Қазіргі кезде кенепшөпті медицина саласында дәрілік өсімдік ретінде қолдану ісі артып келеді. Сондықтан бұл өсімдікке байланысты зерттеу жұмыстарының маңызы зор.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерi. Жұмыстың мақсаты Шу өңірінде өсетін кенепшөптің (Cannabіs L. ) жабайы түрі мен мәдени сорттарының биохимиялық, морфо-физиологиялық ерекшеліктерін анықтау және тиімді сорттарды өндіріске ұсыну.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылды:

1. Шу өңіріндегі кенепшөп экотиптері мен мәдени сорттарының биологиялық өнімділігі мен талшық шығымын анықтау.

2. Кенепшөптің жапырақ тақтасындағы безді, жай түктердің сандық көрсеткіштеріне талдау жасау.

3. Биологиялық белсенді қосылыстар - каннабиноидтардың сандық және сапалық мөлшеріне сипаттама жасау.

4. Есірткілі кенепшөптен медициналық препаратқа қажет шикізат алудың қарапайым, арзан әдістерін дайындау.

5. Жабайы кенепшөптен алынған препараттардың биологиялық белсенділігін анықтау.

6. Өндіріс үшін тиімді кенепшөп сорттарын таңдап алу.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы

Қазақстанда алғаш рет Шу өіңіріндегі кенепшөптің мәдени сорттары мен әртүрлі экологиялық типтерінің морфо-физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері анықталды. Шу өңірінде жабайы кенепшөптен басқа Европалық мәдени сорттарын өсіріп, өнім алу мүмкіндігі көрсетілді. Жабайы кенепшөптің құрамынан каннабиноидтарды бөліп алудың қарапайым, әрі арзан әдістері (електен өткізу, суықта экстракциялау) жасалды. Жабайы өскен кенепшөп құрамынан биологиялық белсенді заттары - тетрагидроканнабинол (ТГК), каннабидиол (КБД), каннабинол (КБН) бар екі препарат алынды. Алынған перпараттардың биологиялық белсенділігі анықталып, нәтижесінде, ТГК-ның антитотықтырғыш және мембрана тұрақтандырушы қасиеті бар екендігі, сондай-ақ, мембрананың резистенттілігін арттыратындығы дәлелденді. Кенепшөптің мәдени сорттарына (Felina 34, Fedora 17, Futura 75 және Lovrin 110 ) жерсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өнімділігі мен төзімділік қабілеті жоғары болғандықтан шаруашылыққа ең тиімдісі ретінде Fedora 17, Felina 34 сорттары анықталды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар

1. Шу өңірінде өсетін кенепшөп (Cannabis L. ) өсімдік популяциялары өзінің морфологиялық құрылысы мен физиологиялық және биохимиялық қасиеттері бойынша әркелкі.

2. Жабайы өскен кенепшөп экотиптеріне ортақ ерекше қасиет-есірткілі заты тетрагидроканнабинол мөлшерінің мәдени сорттарға қарағанда жоғары болуында. Каннабиноидтардың жинақталу мөлшері қоршаған ортаның экологиялық жағдайларына тәуелді.

3. Кенепшөптің мәдени сорттарының өсіп-өну қабілеті Шу өңірінде жоғары, әрі құрамынан сапалы талшық алуға болады.

4. Мәдени сорттардың құрамында есірткілі заты төмен болғандықтан оларды есірткілі жабайы өскен кенепшөпті биологиялық жолмен ығыстырудың тиімді әдісі ретінде ұсынуға жол ашады.

5. Тетрагидроканнабинол жапырақ эпидермисіндегі безді түктерде жинақталады. Сонымен қатар өсімдік жапырағындағы түктердің шоғырлануы ярус бойынша, яғни жапырақтың сабақта орналасу тәртібіне қарай өзгереді.

Диссертацияның теориялық және практикалық құндылығы. Ұзақ жылдар бойы тиым салынып келген кенепшөп өсімдігін зерттеу жұмыстарына жаңа қырынан жол ашылды. Тұңғыш рет Қазақстанның Шу өңірінде өсірілген Еуропалық сорттардың ішінен өндіріс үшін тиімдісі анықталды. Зерттеу жұмысының нәтижесінде каннабиноидтарды бөліп алудың тиімді механикалық әдістері ( електен өткізу, суықта экстракциялау) жасалынды. Бұл әдістердің басқа белгілі әдістерден артықшылығы: қарапайымдылығы мен органикалық еріткіштерді аз мөлшерде пайдалануында. Осы әдістердің көмегімен Шу өңірінде өсетін жабайы кенепшөптің құрамынан екі препарат алынып, олардың мембрана тұрақтандырушы және мембрананы оттегінің белсенді формаларынан қорғайтын антиоксиданттық қасиеті бар екендігі анықталды.

Диссертацияның негізгі зерттеу нәтижелері өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы және ботаниканың зерттеу жұмыстарын тереңдетуге септігін тигізеді. Зерттеу материалдарын жоғарғы оқу орындары биология факультетінде және медициналық жоғарғы оқу орындарының фармацевтика факультетінде дәрістер оқу барысында пайдалануға болады. Сондай-ақ, фармакологияда, наркология, криминалистік арнаулы жұмыстар жүргізу үшін және сот медициналық сараптау орталықтары мамандарына қосымша мағлұмат ретінде қолдануға болады.

Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысының нәтижелері М. С. Байтеновты еске алу құрметіне арналған “Изучение растительного мира Казахстана и его охрана” атты ІІ Халықаралық ботаникалық конференцияда (Алматы, 2003), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен “Қазіргі заман биологиясы мен биотехнологиясының өзекті мәселелері” атты жас ғалымдар мен студенттердің 58-ші Республикалық ғылыми конференциясында (Алматы, 2004), Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы, Орталық ғылыми кітапхана және “Жас ғалым” қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырған Жас ғалымдар мен мамандардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Алматы, 2003), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министірлігі, фармация, фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп комитеті мен медициналық техника мен медициналық дәрі-дәрмек белгілеу ұлттық сараптау орталығы бірлесіп өткізген “Использование конопли в производстве лекарственных средств” атты ғылыми конференцияда (Алматы, 2004), Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогтік институтында ұйымдастырылған “Актуальные проблемы науки и образования в области химии и биологии“ атты ғылыми конференция-да (Алматы, 2005) баяндалып, талқыланды және баспа беттерінде жарық көрді.

Диссертациялық жұмыстың әртүрлi халықаралық және мемлекеттiк бағдарламалар мен басқа да ғылыми зерттеу жұмыстарымен байланысы . Диссертациялық жұмыс 2002 жылдың қаңтар айында бекітілген Қазақстан Үкіметінің “Есірткі заттарды бөліп шығаратын өсімдіктерді өндіріске ендіру мен қайта өңдеудің кешенін құру” (мемлекеттік тіркеу саны № 0103РК00306), 2005 жылдың маусым айында бекітілген Қазақстан Үкіметінің Есірткі құрамды өсімдіктерді өнеркәсіптің түрлі салаларында өңдеудің технологиялық ғылыми негіздерін жетілдіру (қорытынды есеп) (мемлекттік тіркеу саны № 012005РК012С) іргелі ғылыми-зерттеу бағдарламасының шеңберінде жасалды.

НЕГIЗГI БӨЛIМ

1 Кенепшөптің жабайы экотиптері мен мәдени сорттарының зерттелуі

Бөлімде кенепшөптің мәдени сорттары мен жабайы экотиптерінің ботаникалық және биологиялық даму ерекшеліктері, сабақ құрамындағы талшық, жапырақтағы биологиялық белсенді заттардың мөлшері мен құрамы сипатталып, қазіргі таңда аталған өсімдіктің қолданылу мүмкіндіктері жаңа қырынан шетел және ТМД елдерінің ғылыми мақалалары негізінде шолу келтіріліп, зерттеліп отырған мәселенің өзектілігі мен ғылыми-практикалық құндылығы ашылған.

2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

2. 1 Зерттеу әдістері

Зерттеу жұмыстары 2001-2005 жылдар аралығында егістік, далалық және лабораториялық жағдайда атқарылды. Егістік және далалық жұмыстар Шу өңіріндегі жабайы кенепшөп өсімдігі қаулап өскен бірнеше елді мекендер мен мәдени сорттары өсірілген Жамбыл облысының Мерке ауданына қарасты “Тәтті” елді мекенінде жүргізілді. Мәдени кенепшөп сорттарының тұқымдарын себу, өсімдіктің өсуі және дамуына фенологиялық бақылаулар [И. Н. Бейдеман, 1974], тамыр жүйесін анықтау [М. С. Шалыт, 1960] әдістемелері бойынша жасалынды. Егу жұмыстары егістікке себілу тереңдігі 5 см, тұқымдардың бір-бірінен ара қашықтығы 5-10 см, ал жүйек аралық қашықтық 15 см және 30 см тәртіпті сақтай отырып жүргізілді. Осыншама үлкен территорияға орналастырғанда, ол дақылдардың биологиялық ерекшеліктері мен аймақтың табиғи, топырақ жағдайлары ескерілді.

Кенепшөптің жапырақ эпидермисіндегі жай және безді түктер санын есептеуде [Л. Н. Пермяков, 1960; Г. И. Москалева, 1989; М. Л. Прозина, 1960] әдістері қолданылды. Ол үшін өсімдіктің гүлдену кезеңіндегі төменгі, ортаңғы және жоғарғы ярустарда орналасқан жапырақтары 70 %-дық этил спирті ертіндісінде фиксацияланып, уақытша препараттар жасалынды. Түктердің санын анықтауда торлы окуляр-микрометрді қолдана отырып, МБИ-6 микроскопының көмегімен 1мм 2 эпидермис бетінің ауданында есептелініп, кескіні фотосуретке түсірілді.

Кенепшөптің тұқымы мен жас өскіндерінен полипептидтерді ДДС-натрий мен [И. К. Лэмли, 1970] әдісі арқылы, суда ерігіш белоктарды полиакриламидті гельде бөліп, [Б. У. Дэвис, 1964] әдісі, пероксидазаны, арнайы емес эстеразаны [С. Ригли, 1981] изофокустау әдісі арқылы, амилаза [О. В. Фурсов, 1979] әдісімен анықталды. Каннабиноидтардың мөлшерін анықтау тәсілі “Perkin Elmer” фирмасының (АҚШ) газды хроматографында жүргізілді. Біркелкі үгітілген үлгілерді этанолда экстракциялап (100 мг/10мл, каннабиноид концентрациясын 1 мг/мл-ге дейін жеткізілді), 70 0 С температурада 1 сағат немесе 24 сағат бөлме температурасында тұндырылып, тұнбадан жоғарғы сұйықтықты жанып тұрған ионды детекторға (1мкл) ендірілді.

Каннабиноидтардың биологиялық белсенділігін анықтау*.

Каннабиноидтардың биологиялық белсенді қасиетін анықтау жұмыстары in vitro жағдайында өсірілген салмағы 150-200 грамм ересек ақ егеуқұйрықтардың бауыр микросомалары мен эритроциттеріне жасалынды.

Эритроциттердің осмостық төзімділігі NaCL-нің гипотониялық ертінділеріндегі (0, 9-0, 35 г/100 мл) гемолиз деңгейінің көрсеткіштері бойынша анықталды. Na 2 CO 3 -тің 0, 1 г/100 мл концентрациялы ертіндідегі эритроциттердің толық гемолиз деңгейін 100 %-ға бағалап, қанның қызыл клеткасының гемолиз деңгейі пайыздық қатнаста есептелінді.

Эритроциттердiң асқын тотықтық гемолизi (ЭАТГ) Н 2 О 2 -нің 1М-лық ертіндісін қолдана отырып, [А. А. Покровский, А. А. Абрарова, 1964] әдісін өңдеп, жетілдіру барысында анықталды. Алынған нәтижелердің арифметикалық ортақ көрсеткіші, ортақ квадраттық ауытқуы және ортақ арифметикалық қатесі есептелініп, Microsoft Excel бағдарламасымен өңделдi. Фишер-Стьюденттiң критерийi ескерiлдi, параметрлер сенімділігі Р≤ 0. 05.

* Тәжірибелер Адам және жануарлар физиологиясы институтының мембрана физиологиясы лабораториясының қызметкерлерімен бірге жүргізілді.

2. 2 Шу өңірінің табиғи жағдайы мен өсімдіктер дүниесі. Бұл тарауда Шу алқабының жер бедері, географиялық орны, топырақ ерекшеліктері мен гидрологиясы, жауын-шашын мөлшері, ауаның орташа температурасы және өсімдіктер дүниесі жөнінде ғылыми әдебиеттер негізінде шолулар келтірілген.

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ

3. 1 Кенепшөптің жабайы экотиптерінің морфо-физиологиялық ерекшеліктері мен өнімнің құрылымдық сипаты

Отандық ғылыми әдебиет көздерінде, зерттеліп отырған Шу өңіріндегі кенепшөп жайындағы деректер өте аз. Себебі, бұл өсімдік бойында есірткілі заттардың жинақталуына байланысты зерттеу жұмыстары Кеңестер Одағы кезінде ΧΧ-ғасырдың 60-жылдарынан бастап құпия түрде жүргізілді. 70-80 жылдары Ботаника институты мен Қазақ ССР Ғылым Академиясының кейбір ғылыми зерттеу институттары және Ауыл шаруашылық және Ішкі Істер Министрліктері бірлесіп жүргізген Жуалы, Қордай аудандарындағы зерттеу жұмыстарында кенепшөп өсімдігінің өнімділігі мен потенциалдық қоры жөніндегі мәліметтермен шектелген. Алайда, бұл аудандар Шу өңіріне жатпайды. Сондықтан біз кенепшөп өсімдігі жөніндегі зерттеулерімізді табиғи жағдайда өскен жабайы экотиптердің биологиялық өнімділігі мен морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін анықтаудан бастадық.

Cannabis ruderalis J . тұқымдары жұмыртқа тәрізді, мөлдір жарғақты, қара-ала тұқым қабықшасымен қапталған. Тұқым көлемінің ұзындығы 3, 7-4 мм, ені 1, 0-2, 5. 1000 дәннің салмағы орташа есеппен 2, 66-5, 5г. (1-кесте) . Тәжірибе барысында табиғи жағдайдан жиналған тұқымдарды өсіру үшін белгілі бір қиындықтар орын алғаны белгілі. Себебі, табиғатта бұл процесс “ тыныштық күйде“ өтеді, ал тұқымды лабораториялық жағдайда өсіру үшін арнайы температурамен өңдеу, яғни стратификация қажет. Оның үстіне жабайы кенепшөптің тұқымының көлемі майда, тұқымдардың өнгіштігі де соғұрлым төмен болды. Стратификацияланбаған, бірақ толық дамып жетілген кенепшөптің тұқымына жүргізілген тәжірибе нәтижелері, оның тұқымдарының лабораториялық жағдайда өспейтінін және өну белсенділігі өте төмен 1-3 % екендігін көрсетті. Тұқымдардың өну белсенділігін арттыру мақсатында тұқымдарды -5ºС температуралық жағдайда 20 тәулік стратификациядан өткіздік. Алайда, жабайы кенепшөптің тұқымдарының лабораториялық жағдайда өну белсенділігі төмен 5-7% көрсеткішке ие болды. Табиғи жағдайда өскен кенепшөптің жабайы экотиптерінің өнімділігі зерттелініп, түсіміне жүргізілген талдаулар 1-кестеде көрсетілген. Табиғи жағдайда өскен Cannabis ruderalis жапырақтарының морфологиясы мәдени кенепшөп сорттарының жапырақтарына ұқсас, бірақ көлемі жөнінен айтарлықтай кіші, жіңішке болып келеді. Өсімдіктің қарқынды өсуіне байланысты тамыз айларында өсімдіктің өркендер саны 16-33-ке, жерүсті мүшелерінің салмағы 54, 4 г-ға жетті. Ал, сабағының салмақ көрсеткіші 3, 1-ден 35, 0 г. болды. Талдап отырған сандық белгілердің мәні зор. Өйткені өсімдіктің өнімділігін сипаттайтын бірден-бір көрсеткіш жапырақ пен сабақтың салмақ бірліктері.

1 кесте − Шу өңірінде өсетін кенепшөптің жабайы экотиптерінің биологиялық өнімінің құрылымдық көрсеткіштері

Елді менедер: Елді менедер
Биіктігі, см: Биіктігі, см
Өркен-р саны: Өркен-р саны
Жер үсті мүше-ң салм., г.: Жер үсті мүше-ң салм., г.
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.:

1-өсімдік сабағы-

ның салм., г.

1-өсімдік жапырақ салм., г.: 1-өсімдік жапырақ салм., г.
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,
Тұқым салм., г.: Тұқым салм., г.
Елді менедер:

1-өсімдік

тұқым салм., г.

Биіктігі, см: 1000 тұқым салм., г.
Елді менедер:
Биіктігі, см: 82, 3±7, 8
Өркен-р саны: 33, 1±2, 7
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 61, 2±3, 2
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 21, 2±1, 8
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 33, 2±2, 7
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 0, 6
Тұқым салм., г.: 6, 8±0, 3
4, 6±0, 3
Елді менедер: Бос - бай ауылы
Биіктігі, см: 71, 2±6, 5
Өркен-р саны: 19, 3±2, 0
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 25, 3±1, 6
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 8, 4±0, 6
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 13, 3±1, 1
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 0, 6
Тұқым салм., г.: 3, 65±0, 2
4, 32±0, 27
Елді менедер: Амангелді совхозы
Биіктігі, см: 80, 3±7, 2
Өркен-р саны: 28±1, 8
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 29, 2±1, 7
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 12, 3±1, 1
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 12, 3±0, 8
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 1, 0
Тұқым салм., г.: 4, 6±0, 3
3, 26±0, 2
Елді менедер: Бетон база
Биіктігі, см: 93, 0±9, 2
Өркен-р саны: 29, 7±2, 5
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 40, 3±2, 2
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 16, 6±1, 4
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 15, 1±1, 0
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 1, 1
Тұқым салм., г.: 8, 6±0, 6
4, 77±0, 08
Елді менедер: Коммунизм елді мекені
Биіктігі, см: 69, 7±7, 0
Өркен-р саны: 22, 7±2, 0
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 29, 7±1, 9
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 13, 5±1, 0
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 14, 0±0, 5
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 0, 96
Тұқым салм., г.: 2, 25±0, 1
4, 06±0, 35
Елді менедер: Тахар орман шаруа-ғы
Биіктігі, см: 100±8, 0
Өркен-р саны: 30, 7±2, 9
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 34, 1±2, 1
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 15, 6±1, 3
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 15, 1±0, 5
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 1, 03
Тұқым салм., г.: 3, 45±0, 2
4, 73±0, 4
Елді менедер: Абай кеншары
Биіктігі, см: 99±10, 0
Өркен-р саны: 25, 7±2, 3
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 20, 6±1, 5
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 9, 3±0, 7
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 9, 2±0, 6
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 1, 01
Тұқым салм., г.: 2, 08±0, 1
4, 46±0, 29
Елді менедер:

Ит Өлген

Елді мекені

Биіктігі, см: 68±5, 6
Өркен-р саны: 16, 7±1, 5
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 28, 1±2, 0
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 11, 2±0, 9
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 13, 6±1, 0
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 0, 82
Тұқым салм., г.: 3, 3±0, 22
2, 66±0, 7
Елді менедер: Қорғанды ой ауылы
Биіктігі, см: 72±7, 0
Өркен-р саны: 18±0, 9
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 31, 1±2, 4
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 19, 6±1, 5
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 10, 1±0, 8
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 1, 94
Тұқым салм., г.: 1, 45±0, 1
2, 95±0, 17
Елді менедер: Ой құдық елді мекені
Биіктігі, см: 88, 7±8, 0
Өркен-р саны: 20, 7±1, 8
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 19, 4±1, 6
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 10, 6±0, 6
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 7, 6±0, 5
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 1, 39
Тұқым салм., г.: 1, 2±0, 08
3, 56±0, 25
Елді менедер: Ай казы елді мекені
Биіктігі, см: 80±8, 0
Өркен-р саны: 18, 5±1, 8
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 7, 5±0, 7
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 3, 1±0, 2
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 3, 8±0, 1
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 0, 81
Тұқым салм., г.: 0, 6±0, 03
3, 7±0, 2
Елді менедер: Ала бала ауылы
Биіктігі, см: 84, 7±8, 2
Өркен-р саны: 20, 7±2, 0
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 15, 4±1, 1
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 6, 7±0, 4
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 6, 8±0, 6
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 0, 98
Тұқым салм., г.: 1, 9±0, 1
5, 56±0, 41
Елді менедер: Аспара, өзен жағасы
Биіктігі, см: 104±9, 1
Өркен-р саны: 28, 7±2, 3
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 40, 1±2, 8
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 21, 9±2, 0
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 15, 1±1, 0
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 1, 45
Тұқым салм., г.: 4, 1±0, 3
3, 42±0, 28
Елді менедер: Аспара, қалашық
Биіктігі, см: 125±11, 8
Өркен-р саны: 32, 7±3, 0
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 57, 0±4, 2
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 27, 2±2, 3
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 24, 7±1, 5
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 1, 10
Тұқым салм., г.: 5, 08±0, 4
4, 56±0, 27
Елді менедер: Аспара, биік өскен өсімдіктер
Биіктігі, см: 150±14, 0
Өркен-р саны: 32±3, 0
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 112, 0±5, 7
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 35, 0±2, 6
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 59, 7±4, 0
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 0, 58
Тұқым салм., г.: 17, 3±1, 2
5, 12±0, 36
Елді менедер: Сеиіл ауылы
Биіктігі, см: 119, 7±12
Өркен-р саны: 30, 3±2, 7
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 46, 0±3, 1
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 19, 5±1, 0
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 22, 9±2, 0
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 0, 85
Тұқым салм., г.: 3, 6±0, 2
3, 78±0, 25
Елді менедер: Тасөткел
Биіктігі, см: 93, 3±6, 2
Өркен-р саны: 23±2, 1
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 21, 8±1, 4
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 10, 7±1, 0
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 8, 7±0, 6
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 1, 23
Тұқым салм., г.: 2, 4±0, 1
4, 36±0, 32
Елді менедер: Амангелді елді мекені
Биіктігі, см: 96±7, 4
Өркен-р саны: 20±1, 6
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 25, 3±1, 9
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 8, 4±0, 6
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 15, 0±1, 0
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 0, 56
Тұқым салм., г.: 1, 9±0, 1
4, 1±0, 25
Елді менедер: Бетон база №3
Биіктігі, см: 80, 3±6, 8
Өркен-р саны: 24, 7±2, 2
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 41, 8±3, 8
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 18, 2±1, 2
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 23, 0±1, 4
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 0, 79
Тұқым салм., г.: 1, 6±0, 1
4, 16±0, 3
Елді менедер: Талды-Алға
Биіктігі, см: 91±8, 0
Өркен-р саны: 22±2, 0
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 29, 8±2, 2
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 14, 8±0, 9
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 13, 9±1, 1
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 1, 06
Тұқым салм., г.: 1, 1±0, 1
4, 03±0, 35
Елді менедер: Коммунизм, өзен бойы
Биіктігі, см: 85, 3±8, 0
Өркен-р саны: 30±3, 0
Жер үсті мүше-ң салм., г.: 49, 7±3, 9
1-өсімдік сабағы-ның салм., г.: 21, 3±1, 8
1-өсімдік жапырақ салм., г.: 23, 3±1, 7
Сабақ-ң жапырақ қа қатнасы,: 0, 91
Тұқым салм., г.: 5, 1±0, 3
5, 73±0, 37

Бір өсімдіктің бойынан алынған дәнінің салмағы 0, 6-дан 17, 3 г., ал 1000 дәннің салмағы 2, 6-дан 5, 7 г. тартады. Осы көрсеткіштерді кенепшөптің мәдени сорттарындағы 1000 дәннің салмағымен салыстырғанда, Шу өңірінде өскен жабайы кенепшөптің дәндері майда, ұсақтығымен, әрі мөлшерінің төмендігімен айқын ерекшеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық шаруашылық маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі, сорттары
Вирустық аурулар туралы мәлімет
Қазақстанның оңтүстік - шығыс аймағындағы алма бақтарына зиянкестердің әсері
Жануарлардың бруцеллезі
Жұғымтал эктима ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік шикізаттар
Үрмебұршақтың сорт үлгілерін белоктық мөлшері, аминқышқылдық құрамына қарай сипаттау және жоғары белсенді антиқоректендіруші компоненттері бар үлгілерді анықтау жолдары
Фитопатогендік микроағзалар және олардың анатгонисттері
Trichoderma жүйесінің дамуы және морфологиялық сипаттамасы
Етқоректілердің құтыру ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz